Қарағанды облысы әкімдігінің
2008 жылғы «___» ________
№ _____ қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Жалпы ережелер
Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру – қорғаншылық және қамқоршылықтағы балаларға әлеуметтік қолдау, әлеуметтік-тұрмыстық, дәргерлік-әлеуметтік, әлеуметтік-пегагогикалық қызмет көрсетуге қатысты мәліметті немесе хабарламаны растайтын құжат.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқорлық органдарының Ережесі, патронат және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» №1346 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті қалалық және аудандық білім бөлімдері (әрі қарай-Бөлімдер) және поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері аппараттары көрсетеді. Бөлімдердің және поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері аппараттарының толық атаулары мен мекенжайлары осы стандарттың 1, 2-қосымшаларында көрсетілген.
Осы қызметті көрсетудің нәтижесі болып қорғаншылық және қамқоршылық органның анықтамасын беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету уақыты бойынша шектеу мерзімдері:
тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырғаннан бастап мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі –15 күн ішінде.
қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 40 минуттан көп емес;
қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 40 минуттан көп емес.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты мемлекеттік органдар сайтында, бөлімдердің және поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері аппараттарының ақпараттық стендтерінде орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет тұтынушыларға күн сайын, сенбі және жексенбі күнінен басқа, 09.00 сағаттан 18.00 сағат аралығында көрсетіледі, үзіліс 13.00 ден 14.00 сағатқа дейін. Қабылдау алдын-ала тіркелусіз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарында азаматтарды қабылдау үшін телефоны мен факсималдық байланысы бар, компьютермен жабдықталған жеке кабинеттері, күту залы, құжат үлгілері ілінген стенд бар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының ауызша немесе жазбаша өтініші қажет.
Мемлекеттік қыметті алу үшін арнайы бланкілерді Бөлімдерде немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) әкімдер аппаратында тегін беріледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті өтініш пен басқа да құжаттар 1, 2-қосымшада көрсетілген Бөлім мамандарына немесе поселкелік, ауыл (село), ауылдық (селолық) әкім аппаратына тапсырылады.
Тұтынушының мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғандығы туралы растау құжаты болып құжаттарды қабылдау туралы талон болып табылады, бұл талонда мемлекеттік органның атауы, өтінішті қабылдаған қызметкердің лауазымы, аты-жөні және тегі, қабылдау күні мен уақыты көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі тұтынушыға Бөлімге немесе поселкелік, ауыл (село), ауылдық (селолық) әкім аппаратына өзі барған кезінде көрсетіледі.
Осы мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тартуға негіздеме заңнамада қарастырылмаған:
3. Жұмыс қағидалары
Осы қызметті тұтынушыға қатысты мемлекеттік органдардың басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары: адамдардың конститутциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау; қызметтік парыздарын орындауда заңдылықты сақтау; сыпайылық; тұтынушыға көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру; тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын және тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
4. Жұмыс нәтижесі
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
Қызметтер көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділігінің нысаналы көрсеткіштерін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
Бөлімдердің немесе поселкелік, ауыл (село), ауылдық (селолық) әкім аппараттарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібіне түсініктемені, сонымен қатар шағымды дайындауда көмекті жоғары тұрған мемлекеттік органдардан – қала және аудан әкімдері аппаратынан алуға болады.
Шағым қала және аудан әкімінің атына пошта бойынша ауызша және жазбаша түрде, немесе электрондық түрде беріледі. Қала және аудан әкімі аппаратының мекенжайлары, телефондары, электрондық поштасының мекен-жайлары, сонымен қатар әкімдер мен олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестелері осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген.
Шағымды қабылдағандығы туралы растама құжат ретінде құжаттарды қабылдағандығы туралы талон болып табылады, ол талонда мемлекеттік органның атауы, өтінішті қабылдаған қызметкердің аты-жөні мен тегі, қабылдау күні мен уақыты, телефоны көрсетіледі. Шағым Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңында көрсетілген мерзімде қарастырылады.
6. Байланыс ақпараты
Осы мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органдар мен олардың жоғарыда тұрған органдарының байланыс мәліметтері:
Бөлімдердің, поселкелік, ауыл (село), ауылдық (селолық) әкім аппараттарының электрондық поштасы және заңды мекен-жайы мен телефондары стандарттың 1, 2-қосымшасында көрсетілген.
қала және аудан әкімдері аппаратының веб-сайты, электрондық пошталарының мекен-жайы, заңды мекен-жайы, телефондары, сонымен қатар әкімдер мен олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестелері осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша қосымша ақпараттарды тұтынушылар «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде, мына мекен-жай бойынша: 100008, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 19, электрондық пошта мекен-жайы: karodo@mail.kz, байланыс телефоны: (7212) 41 13 19 ала алады.
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
1-қосымша
Қалалық және аудандық білім бөлімдерінің байланыс мәліметтері
№
| Мемлекеттік органның атауы
| Заңды мекенжайы,
телефон нөмірлері
| Веб-сайт,
электрондық пошта
|
| «Балқаш қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
| 100300,
Қарағанды облысы,
Балқаш қаласы,
Уәлиханов көшесі, 5
тел.(71036) 41994, 46236, 46237,
факс (71036) 46238
| www.obrazovan.balkhash.kz oobalkhash@mail.ru
|
| «Жезқазған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
| 100600
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
Алаш алаңы, 1
тел. (7102) 733048,
факс (7102) 733052
| www. edu.jezkazgan.kz zhez_goo@krg.gov.kz
_zhezgoo@mail.ru
|
| «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
| 1000019,
Қарағанды қаласы,
Мичурин көшесі, 1/3,
тел/факс (7212) 415079
| www.kargoo.kz kargoo@kargoo.kz
|
| «Қаражал қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
| 100700,
Қарағанды облысы, Қаражал қаласы,
тел. (71032) 26900,
факс (71032) 26902
| www.obrazovanie.karajal.kz karaz_oo@mail.ru
|
| «Приозерск қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
| 101100,
Қарағанды облысы,
Приозерск қаласы, Космонавтов көшесі, 2,
тел. (71039) 54190,
факс (71039) 53092
| www.priozersk-otdelobrazovanija.kz/ prio_oo@krg.gov.kz
|
| «Саран қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
| 101200,
Қарағанды облысы,
Саран қаласы,
Жамбыл көшесі, 65
тел/факс (72137) 40555
| www.saran.kz sarаgoo@mail.ru
|
| «Сәтбаев қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
| 101301,
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
Қ.И. Сәтбаев даңғылы, 111 тел. (71063) 36514,38701
| www.satpaev.kz satpgoo@mail.ru
|
| «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
| 101401,
Қарағанды облысы,
Теміртау қаласы, Димитров көшесі, 11/1
тел. (7213) 980290,
факс (7213) 985482
| zhilcom.temir-tau.kz тemidoo@mail.ru
|
| «Шахтинск қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
| 101600,
Қарағанды облысы,
Шахтинск қаласы,
Қазақстан көшесі, 101
тел. (72156) 55257, 52730, 55283,
факс. (72156) 55095
| www.shahtinsk.kz metod@ok.kz.
|
| «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
| 100100,
Қарағанды облысы,
Абай ауданы,
Абай қаласы,
К. Маркс көшесі, 43
тел. (72131) 43769,
факс (72131) 44260
| www.abay-akimat-karaganda.kz abairoo@mail.ru
|
| «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
| 100200,
Қарағанды облысы,
Ақтоғай ауданы,
Ақтоғай селосы,
К.Байсейітова көшесі, 26
тел/факс (71037) 21399
|
|
| «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
| 100400,
Қарағанды облысы,
Бұқар жырау ауданы,
Ботақара кенті,
Аблай хан көшесі, 36
тел: (72154) 21216
факс (72154) 21143
| www.obrazovanie.buhar-zhirau.kz raioometod@mail.kz
|
| «Жаңаарқа ауданының білім бөлімі»мемлекеттік мекемесі
| 100500,
Қарағанды облысы,
Жаңаарқа ауданы,
С.Сейфуллин көшесі, 14 тел (71030) 28445,
факс (71030) 27498
| www.zhanaarka-akimat.kz ghadira-h@mail.ru.
|
| «Қарқаралы ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
| 100800,
Қарағанды облысы,
Қарқаралы ауданы,
Қарқаралы қаласы,
Бөкейханов көшесі, 55,
тел.: (72146) 32922,
факс (72146) 31375
| www.karkaraly.kz karkroo@mail.ru
|
| «Нұра ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
| 100900,
Қарағанды облысы,
Нұра ауданы,
Киевка кенті,
Тәуелсіздік көшесі, 41
тел. (72144) 22640
| www.nurinsk.kz. nurametod@mail.ru.
|
| «Осакаров ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
| 101000,
Қарағанды облысы, Осакаровка кенті, Целинная көшесі, 36
тел. (72149) 41373, 41394 факс (72149) 41373, 41573
| roos@mail.kz.
|
| «Ұлытау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
| 101500.
Қарағанды облысы,
Ұлытау ауданы,
Ұлытау селосы,
Бұлқышев көшесі, 19,
тел. (71035) 21295
| ulytau_sh@mail.ru
|
| Шет ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
| 101700,
Қарағанды облысы,
Шет ауданы,
Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай көшесі, 69
тел (71031) 21441,
факс (71031) 21511
| www.shet-audany.kz shetuo@mail.ru
| |