ЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының




НазваниеЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
страница1/9
Дата конвертации18.12.2012
Размер1.67 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9







ҚРӘМ № 5331 30.09.2008ж. тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН

ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы



өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 250 29.12.2008ж.

2.ҚҚА № 90 29.04.2009ж.

3.ҚҚА № 198 28.08.2009ж.

4.ҚҚА № 238 30.11.2009ж.

5.ҚҚА № 22 01.03.2010ж.

6.ҚҚА № 146 03.09.2010ж.
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы қоса берілген Нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері осы қаулының қосымшасына сәйкес өздерінің күшін жойды деп танылсын.

3. Осы қаулы Нұсқаулықтың 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 39, 41-тармақтарын қоспағанда 2008 жылғы
1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары 2009 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өз активтерін әртараптандырудың нормативтерін осы Нұсқаулықтың 39, 41-тармақтарының талаптарына сәйкес келтірсін.

Осы Нұсқаулықтың 40, 41- тармақтарының шарттарына сәйкес келмейтін қаржы құралдарына орналастырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қаржы құралдарын 2009 жылғы 1 шілдеге дейін сатсын.

5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.

6. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) «Сақтандыруды қадағалау» автоматтандырылған жұмыс орнын Нұсқаулықтың 39, 40-тармақтарына сәйкес жетілдіруді 2009 жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде қамтамасыз етуді қоспағанда, 2008 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде «Сақтандыруды қадағалау» автоматтандырылған жұмыс орнын жетілдіруді қамтамасыз етсін.

7. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

Төрайым Е.Бахмутова

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының

2008 жылғы 22 тамыздағы

№ 131 қаулысының

2-қосымшасы

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

 

1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 87 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4216 тіркелген).

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 87 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 212 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4447 тіркелген, 2006 жылғы 13 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 215 (1195) санында жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 87 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 37 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4588 тіркелген).

4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 87 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 132 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4713 тіркелген).

5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 87 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 182 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4845 тіркелген).

6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 87 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 30 қарашадағы № 252 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5065 тіркелген).

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының

2008 жылғы 22 тамыздағы

№ 131 қаулысымен бекітілген

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық
нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі,
пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі
есепті беру нысандары мен мерзімі туралы
Нұсқаулық

      Осы Нұсқаулық «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 43, 46, 74-баптарына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5, 9-баптарына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәнін және әдістемесін, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы туралы есепті беру нысандары мен мерзімдерін белгілейді.

Осы Нұсқаулықта көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғалары бөлігіндегі нормалар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызына тура иелік етуі (банктер бойынша – жанама) нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирленген болып табылатын заңды тұлғаларға және олардың аффилиирленген тұлғаларына қатысты қолданылмайды.

1-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері
1. Жаңадан құрылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері мыналарды құрайды:

«жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензия алған кезде – 1 100 000 000 (бір миллиард жүз миллион) теңге;

«өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензия алған кезде – 1 200 000 000(бір миллиард екі жүз миллион) теңге;

«жалпы сақтандыру» саласы бойынша және қайта сақтандыру бойынша лицензия алған кезде - 1 200 000 000(бір миллиард екі жүз миллион) теңге;

«өмірді сақтандыру» саласы бойынша және қайта сақтандыру бойынша лицензия алған кезде - 1 300 000 000(бір миллиард үш жүз миллион) теңге;

қайта сақтандыруды айрықша қызмет түрі ретінде жүзеге асыру арқылы қайта сақтандыру бойынша лицензия алған кезде – 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге.

2. «Ипотекалық сақтандыру» сыныбының «жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензия алатын жаңадан құрылған сақтандыру ұйымының жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері 1 600 000 000 (бір миллиард алты жүз миллион) теңге болады.

3-ТАРМАҚ АЛЫНЫП ТАСТАЛСЫН.


       2-тарау. «Жалпы сақтандыру» саласы және қайта сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын
сақтандыру
ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының
барынша төмен мөлшері
4. «Жалпы сақтандыру» саласы және қайта сақтандыру
ұйымдары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері осы Нұсқаулықтың 5 және 6-тармақтарына сәйкес әдістермен есептелген шектердің бірінің барынша жоғары мәніне тең шекті білдіреді.

5. Төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерін «сыйлықақы әдісін» пайдалана отырып есептеу тәртібі мынадай:

1) есеп осының алдындағы қаржы жылы үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының сомаларын немесе есеп үшін барынша жоғары шегі алынған осының алдындағы қаржы жылы үшін еңбек сіңірілген жиынтық сақтандыру сыйлықақыларын негізге алып жүзеге асырылады;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру сыныбы бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 50 пайызға өсірілуі тиіс;

3) осының алдындағы қаржы жылы үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының (еңбек сіңірілген жиынтық сыйлықақыларының) сомасы сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлемінің шығыстар сомасына, сондай-ақ негізгі қызметтің корпоративті табыс салығының сомасына кемиді;

4) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларына сәйкес 1 500 000 000 теңгеден аспайтын мөлшерде есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 18 %-ға көбейтіледі, қалған артық сомасы 16 %-ға көбейтіледі. Алынған нәтиже осы тармақтың 5) тармақшасына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне жинақталады және түзетіледі;

5) түзету коэффициенті осының алдындағы үш қаржы жылында есептелген сақтандыру төлемдеріндегі қайта сақтандырушының үлесін шегергендегі сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасының осының алдындағы үш қаржы жылы үшін есептелген сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Осы қатынас 0,5-тен төмен болуы тиіс емес. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шек 0,5-тен кем болса, онда есептеу үшін 0,5 алынады.

Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осының алдындағы үш қаржы жылы үшін сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаған болса, ұйымның төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерін есептеу кезінде түзету коэффициенті қолданылмайды.

6. Төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерін «төлем жасау әдісін» пайдалана отырып есептеу тәртібі мынадай:

1) осының алдындағы үш қаржы жылында есептелген сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасы есеп айырысу үшін пайдаланылады;

заңның 6-бабының 3-тармағының 13), 14) тармақшаларында көрсетілген, тек қана сақтандыру тәуекелдерімен айналысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осының алдындағы жеті қаржы жылындағы сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасын есеп айырысу үшін пайдаланады;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру сыныбы бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасы 50 пайызға өсірілуі тиіс;

3) сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасы осының алдындағы қаржы жылының соңында жарияланған, бірақ реттелмеген шығындардың резерв сомасына өседі және мыналарға кемиді:

есепті қаржы жылының алдындағы үш жыл үшін қаржы жылының соңында жарияланған, бірақ реттелмеген шығындардың резерв сомасына;

осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген ұйымдар үшін - есепті қаржы жылының алдындағы жеті жыл үшін қаржы жылының соңында жарияланған, бірақ реттелмеген шығындардың резерв сомасына;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің есебі үшін мыналар пайдаланылады:

осы тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацына сәйкес алынған соманың үштен бір бөлігі;

осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген сақтандыру
ұйымдары үшін - осы тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес алынған соманың жетіден бір бөлігі;

5) осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларына сәйкес есептелген 1 000 000 000 теңгеден аспайтын мөлшердегі сақтандыру төлемдерінің сомасы 26 %-ға көбейтіледі, қалған артық сома 23 %-ға көбейтіледі. Алынған нәтиже осы Нұсқаулықтың 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес есептелген түзету коэффициенті бойынша жинақталады және түзетіледі.

Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаған жағдайда, төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің есебі «төлем жасау әдісін» пайдаланбай жүзеге асырылады.

7. «Ипотекалық сақтандыру» сыныбындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері есепті кезең соңындағы сақтандыру сомасындағы қайта сақтандырушының үлесін шегере отырып, «ипотекалық сақтандыру» сыныбындағы есепті кезең соңында қолданыста болған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сомасының бес пайызына өседі.

Заңның 3 және 26-баптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары болып табылатын тұлғалармен, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қомақты қатысы бар болып табылатын не Заңның 32-бабына сәйкес еншілес ұйымы болып табылатын тұлғалармен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған «ипотекалық сақтандыру» сыныбындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері қайта сақтандырушының есепті кезең соңындағы сақтандыру сомасындағы үлесін шегере отырып, «ипотекалық сақтандыру» сыныбындағы есепті кезең соңында қолданыста болған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сомасының он пайызына өседі.

8. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері осының алдындағы қаржы жылындағыдан кем болған жағдайда, есепті кезең ішіндегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері осы Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес есептелген резерв коэффициенті бойынша түзетілген өткен жылдың осы кезеңіндегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшеріне тең болады.

Егер резерв коэффициенті бойынша түзетілген өткен жылдың осыған ұқсас кезеңіндегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінен төмен болған жағдайда, есеп айырысу үшін есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері пайдаланылады.

9. Резерв коэффициенті қайта сақтандырушының осының алдындағы қаржы жылының соңындағы үлесін шегергендегі жарияланған, бірақ реттелмеген шығындар резерві сомасының осының алдындағы қаржы жылының басындағы қайта сақтандырушының үлесін шегергендегі жарияланған, бірақ реттелмеген шығындар резервінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Осы қатынас 1-ден артық болуы мүмкін емес. Егер есептеу нәтижесінде алынған резерв коэффициентінің шегі 1-ден асса, онда есептеу үшін 1 алынады.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

ЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚРӘМ №6763 01. 02. 2010 ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру)...
ЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының Қаулысы
Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен...
ЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Агенттік Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір...
ЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігі басқармасының
Инвестициялық қорлар туралы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын...
ЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Азақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008 жылғы...
ЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚРӘМ №5755 20. 08. 2009ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
ЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconБанктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы»
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
ЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік...
ЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын және қаржылық Ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы...
ЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚРӘМ №4175 04. 04. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница