Қазақстан республикасы ұлттық банк басқармасының Қаулысы алматы қ. 2012 жылғы 25 мамыр №195




НазваниеҚазақстан республикасы ұлттық банк басқармасының Қаулысы алматы қ. 2012 жылғы 25 мамыр №195
страница1/12
Дата конвертации18.12.2012
Размер1.2 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНК
БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

Алматы қ. 2012 жылғы 25 мамыр № 195
Қазақстан Республикасының кейбір

нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің және жинақтаушы зейнетақы қорларының

мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің және жинақтаушы зейнетақы қорларының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды (бұдан әрі - Өзгерістер мен толықтырулар) осы қаулының қосымшасына сәйкес енгізілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3. Өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының қырқыншы абзацы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.


Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко

* Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 05-ші лдедегi № 7789 тіркелген.
Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы «25» мамырдағы

№ 195 қаулысына қосымша


Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің және жинақтаушы зейнетақы қорларының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есептi қарау ережесiнің:

1 және 1-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Эмитент облигациялардың (облигациялық бағдарламаны) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.

Эмитент агенттік облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сәйкес қаржы агенті ретінде экономика салаларында белгіленген мемлекеттік инвестициялық саясатын іске асыруға оның өкілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.

     Жай акцияларына айырбасталатын облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін акционерлердің жалпы жиналысының шешімінде айырбасталатын бағалы қағаздардың түрі, саны, облигациялары айырбасталатын акцияларды орналастыру бағасы, сондай-ақ айырбастау нәтижесінде сатып алынған облигация қайта орналастыруға жатпайтыны туралы ақпарат көрсетіледі.

Облигациялар (облигациялық бағдарламаның) шығарылымының проспектiсi осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта (мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде) және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдауышта мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда) екі данада жасалады. Екi дананың әрқайсысында мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегi облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектiсi бар.

Мыналар  облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының ажырамас бөлігі болып табылады:

аудиторлық есептермен расталған соңғы екi қаржы жыл үшін эмитенттің (қайта құрылған эмитентті қоспағанда) жылдық қаржы есептілігінің көшірмелері, сондай-ақ аудиторлық есептердің және эмитенттің есептік саясатының көшірмелері (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады);

облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсан аяғындағы жағдай бойынша эмитенттiң қаржылық есептiлiгiнің көшірмелері (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады);

облигацияларды ұстаушылар өкiлдерiмен жасалған шарттардың көшірмелері;

эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және сонда болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен бірге жасалған, облигацияларды ұйымдастырылмаған нарықта орналастыруды жоспарлайтын эмитенттерге арналған шарттардың көшірмелері (егер осындай ұйымдармен шартты жасау Заңның талаптарында көзделсе);

жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық құқықтық нысанында құрылған эмитенттер үшін эмитенттің кірісін оның қатысушылары арасында бөлу тәртібі.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, концессиялық шарттың және кепiлдiк шарттың көшiрмелерi инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң ажырамас бөлiктерi болып табылады.

Оригинатордың соңғы жыл үшiн аудиторлық есебi, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған секъюритилендiрудiң осы мәмiлесi бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

  Облигациялар (облигациялық бағдарламаның) шығарылымының проспектiсiндегi мәліметтер, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды берер алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептілікке сәйкес көрсетiлетін эмитенттiң қаржылық жай-күйi туралы ақпаратты қоспағанда (осы Ереженiң 1 және 2-қосымшаларының 5-тарауында көрсетiлген), уәкiлеттi органға құжаттарды тапсыру күнiнiң алдындағы айдың соңғы күнiне келтiрiледі.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтар мен 1 маусым аралығындағы кезеңде аяқталған қаржы жылы үшiн аудит жасалған қаржылық есептілік болмаған жағдайда (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады) қоғам соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екi жыл үшiн аудит жасалған қаржылық есептілікті уәкiлеттi органға ұсынады (аяқталған қаржы жылы үшiн аудит жасалған қаржылық есептілікті қоғам акционерлердiң жалпы жиналысы аудит жасалған жылдық қаржылық есептілікті бекiткен күннен бастап бiр ай iшiнде ұсынады).

Осы тармақтың талаптары дауыс беруші акцияларының жүз пайызын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі иеленетін екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның (бұдан әрі - екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйым) облигациялар (облигациялық бағдарламалар) шығарылымына қолданылмайды.

1-1. Облигациялар (облигациялық бағдарламаны) шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент (банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) левереджiнiң мөлшерi 2-ден аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес).

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның облигацияларын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге арналған левередж шамасы 5-тен аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептілік деректеріне сәйкес).»;

Мынадай мазмұндағы 2-4-тармақпен толықтырылсын:

«2-4. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның облигациялар (облигациялық бағдарламаны) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін эмитент Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның облигациялар (облигациялық бағдарламаның) шығарылымының проспектісі осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта (мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде) және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдауышта мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде (қоғамның қаржылық есептілігiн қоспағанда) екі данада жасалады. Екi дананың әрқайсысында мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегi облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектiсi бар. Бұл ретте осы Ереженiң 1-қосымшасының 8, 10, 22, 23, 26, 27, 28, 29, 36-1 және 36-4-тармақтарында көрсетілген ақпарат екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның облигацияларын (облигациялық бағдарламаны) шығару кезінде толтырылмайды.

2. «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген, 2008 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағының № 9 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 және 1-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы қаулы мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін оның пайдасына талап ету құқығы берілетін, «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын заңды тұлға;

2) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі өзінің жеке құрылтайшысының (қатысушысы, акционері) – осы немесе басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілдігіне, оның ішінде борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен қаржы тарту болып табылатын заңды тұлға;

3) борыштық бағалы қағаз – шығарылым талаптарымен белгіленген мөлшер мен мерзімде оның иесінің эмитенттен негізгі борыш сомасын алуға құқығын растайтын бағалы қағаз;

4) жергілікті атқару органдарының облигациялары – республика дәрежесіндегі қаланың, астананың жергілікті атқару органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

5) индекстік қор – активтері осы инвестициялық қор үшін базалық болып табылатын белгілі бір қор индексінің өкілдік тізіміне кіретін ұқсас қаржы құралдарынан тұратын инвестициялық қор;

6) индекстің өкілдік тізімі – параметрлері қор биржасының сол не басқа индикаторларын есептеу мақсатында пайдаланылатын бағалы қағаздар тізімі;

7) исламдық бағалы қағаздар – исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;

8) қаржылық емес ұйым - қаржылық ұйым болып табылмайтын ұйым;

9) қор биржасының ресми тізімі (ресми тізім) – енгізілуі және болуы үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттерінің белгіленген талаптарға сәйкес келетін қор биржасының тізімі;

10) листингтік компания – бағалы қағаздары ресми тізімге енгізілген заңды тұлға;

11) маркет-мейкер – қор биржасы маркет-мейкер ретінде таныған және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздар бойынша баға белгілеуді тұрақты хабарлап отыру және қолдау көрсету жөнінде өзіне міндеттеме қабылдаған қор биржасының мүшесі;

12) ресми тізім секторы – белгіленген талаптарға сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілген қор биржасының ресми тізімінің бөлігі;

13) рұқсат беру бастамашысы – бастамасымен бағалы қағаздар қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (жіберілетін) эмитент не қор биржасының мүшесі;

14) сауда алаңы – ресми тізімге енгізілген (қор биржасында айналымға жіберілген) қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен мәмілелер жасалатын қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешенінің бөлігі;

15) үлестік бағалы қағаз – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда мүліктің белгілі бір үлесіне оның иесінің құқығын растайтын бағалы қағаз;

16) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – эмитенттің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңында белгіленген тәртіпте бекітілген қайта құрылымдау жоспары және «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіпте бекітілген оңалту жоспары негізінде іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушы-техникалық және басқа да іс-шаралары мен рәсімдерінің кешені.

1-1. Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (кіретін) эмитенттердің қаржылық есептілігіне аудитті жүргізетін аудиторлық ұйымдар «Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 қазандағы № 04.2-44/172 бұйрығымен бекітілген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қаржы құралдарын кіргізу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5927 тіркелген).

Осы тармақтың талаптары мынадай жағдайлардың бірінде қолданылмайды:

1) бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитент халықаралық аудиторлық ұйымдарының Deloitte Touche Tohmatsu, PricewaterhouseCoopers, Ernst & Young немесе KPMG біреуінде жасалған, осы эмитенттің орналасқан елінде тіркелген аудиторлық есеп беру;

2) Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттің Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (кіретін) бағалы қағаздары Дүниежүзілік биржалар федерациясы (The World Federation of Exchanges) құрамына кіретін шетел қор биржасында еркін айналыста болған, сондай-ақ осы шетел қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың бірі жасаған аудиторлық есепті ұсыну.»;

4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Эмитент акцияларын қор биржасының ресми тізімінің бірінші санаты (ең жоғарғы) бойынша "акциялар" секторына енгізу және онда қалдыру үшін осын бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның акцияларын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейінгі үш жыл ішінде жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитентті құрылған ұйымның (ұйымдардың) жұмыс істеу мерзімін есептеу жүргізіледі.

Егер қор биржасының ішкі құжаттарында жүз пайыздық акциялары мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін қызмет ету мерзіміне қойылатын талап кем дегенде үш жыл болса, онда осы тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың нақты жұмыс істеу мерзіміне байланысты қолданылады;

2) эмитент қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards) (бұдан әрі - ҚЕХС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын стандарттарға (International Accepted Accounting Principles) (бұдан әрі - АҚШ ҚЕС) сәйкес жасайды;
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Қазақстан республикасы ұлттық банк басқармасының Қаулысы алматы қ. 2012 жылғы 25 мамыр №195 iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы №137 Қаулысы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы»
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан республикасы ұлттық банк басқармасының Қаулысы алматы қ. 2012 жылғы 25 мамыр №195 iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы 2012 жылғы 30 қаңтар №8 Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі»
Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің...
Қазақстан республикасы ұлттық банк басқармасының Қаулысы алматы қ. 2012 жылғы 25 мамыр №195 iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы 2012 жылғы 26 наурыз №133 Алматы қ. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде тарату жөніндегі нұсқаулық
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Қазақстан республикасы ұлттық банк басқармасының Қаулысы алматы қ. 2012 жылғы 25 мамыр №195 iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы 2011 жылғы 26 желтоқсан №202 Алматы қаласы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін...
Қазақстан республикасы ұлттық банк басқармасының Қаулысы алматы қ. 2012 жылғы 25 мамыр №195 iconҚазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №87 Қаулысы
Қазақстан республикасы ұлттық банк басқармасының Қаулысы алматы қ. 2012 жылғы 25 мамыр №195 iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының
Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы...
Қазақстан республикасы ұлттық банк басқармасының Қаулысы алматы қ. 2012 жылғы 25 мамыр №195 iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы
Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан республикасы ұлттық банк басқармасының Қаулысы алматы қ. 2012 жылғы 25 мамыр №195 iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы
Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан республикасы ұлттық банк басқармасының Қаулысы алматы қ. 2012 жылғы 25 мамыр №195 iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 25 мамырдағы №194 Қаулысы
Банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан республикасы ұлттық банк басқармасының Қаулысы алматы қ. 2012 жылғы 25 мамыр №195 iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы №2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы
Республикасының Заңына сәйкес және ұлттық валюта ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды айналыстан алу жөнінде...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница