Медициналық биофизика және информатика кафедрасы Студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар Тақырыбы: Биологиялық пробалардың талдаудың компьютерлік аспапты жүйесі




Скачать 66.97 Kb.
НазваниеМедициналық биофизика және информатика кафедрасы Студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар Тақырыбы: Биологиялық пробалардың талдаудың компьютерлік аспапты жүйесі
Дата конвертации20.12.2012
Размер66.97 Kb.
ТипДокументы


ФФ КГМУ 04/3-07/01

ПП КГМУ 04/01

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Медициналық биофизика және информатика кафедрасы

Студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар

Тақырыбы: «Биологиялық пробалардың талдаудың компьютерлік аспапты жүйесі»


Пән Денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялар

Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Курс: ІІ

Құрастырушы:

Оқытушы Культенова М.Т.

Қарағанды, 2010

Кафедра отырысыда талқыланып бекітілген

Хаттама №_____ «____»______ 200__ ж.
Кафедра меңгерушісі __________________ Койчубеков Б. К.

Тақырыбы: «Биологиялық пробалардың талдаудың компьютерлік аспапты жүйесі»
Мақсаты: Студенттерді медико-биологиялық ақпаратты өңдеу бойынша қазіргі заманғы бағдарламалық техникалық кешендерімен таныстыру.

Оқыту мақсаты:

Тақырыпты оқу нәтижесінде студент:

  • Компьютерлік аспапты жүйелерге қойылатын негізгі талаптарды білуі керек.

  • Медицина мен медико-биологиялық компьютерлік аспапты жүйелердің негізгі компоненттерін білуі керек.

  • Физиологиялық функциялардың электр сигналдарына түрлендіруінің жалпы принципін білу керек.

Өткізу формасы: Практикалық сабақ.

Тақырып бойынша тапсырмалар: Биологиялық пробаларды талдаудың компьютерлік аспапты жүйелердің біреуі бойынша материал дайындау

Таратылатын материал: Қосымша 1.
Әдебиеттер:

  1. ИНФОРМАТИКА: Учебник для 10 – 11 классов общеобразовательной школы. Базовый курс / Н. Ермеков, Н. Стифутина, В. Криворучко, Л. Кафтункина. Алматы: Атамұра, 2003 – 432 с.

  2. Гельман В.Я. Медицинская информатика: практикум (2-е изд.). – СПб: Питер, 2002. – 480 с.

  3. 30 уроков по информатике. Экспериментальный учебник для старших классов общеобразовательных школ / Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. – Алматы: 1999 – 443с.: ил.

  4. Информатика. Базовый курс / Симонович В.Б. и др. – СПб: Пит2001- 640с.

Бақылау

    1. Бастапқы білім деңгейінің тест-бақылауы.

    2. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:

  1. Медициналық аспапты компьютерлік жүйе дегеніміз не?

  2. Медициналық практикада МАКЖ-нің қандай түрлері қолданылады?

  3. МАКЖ-нің негізгі мақсаты не?

  4. Функционалдық зерттеулерге арналған МАКЖ дегеніміз не?

  5. Мониторлы МАКЖ-нің негізгі ерекшеліктері неде?

    1. Өтілген материал бойынша тест бақылау.

Қосымша 1.

МАКЖ программалық қамсыздануы


МАКЖ-нің программалық қамсыздануы маңызды орынға ие. Қазіргі заманғы құрылғылар интегралданған программалық қамсызданумен қамтамасыз етілген, осы арқылы дәрігер ммәліметтерді дайындау, өңдеу және зерттеулерді өткізу кезеңдерінен тұратын тұтас жүйені алады. Осындай ПҚ-да 6 негізгі функционалді модульдерді ажыратады:

  1. Зерттеуді дайындау;

  2. Зерттеуді өткізу;

  3. Жазбаларды қарау мен өңдеу;

  4. Есептеу талдауы;

  5. Қорытынды шығару;

  6. Мұрағатпен жұыс.

Зерттеуді дайындау. Бұл модульде әдетте ауруды зерттеу әдістемесін таңдау жүзееге асырылады. Мысалы, реографиялық жүйе үшін келесі әдістемелердің бірін таңдайды: тетра-полярлы, Кубичек бойынша, Тищенко бойынша және т.б. Берілген зерттеуде тіркелген ақпараттардың келіп түсетін каналдар саны таңдалады. Кейін канал сипаттамаларын, олардың күшею коэффициенттерін, калибрларын, дискретизация жиіліктерін орнатады. Датчиктерді адамға орнатып оны жүйеге қосады. Зерттеулердің орындалу режимдері, функционалді пробалардың сипаттамалары, буферге жазу режимдері, мәліметтердің монитор экранында бейнелену режимдері орнатылады. Сонымен қатар зерттелушінің паспорттық бланкісі жасалады. Осының барлығы дисктік файлд сақталып автоматты түрде орындалады.

Зерттеулерді жүргізу. Дәстүрлі түрде берілген модульде биоэлектрлік сгналдардың жазылуы визуалді түрде бақылау үшін экран маниторында бейнеленуі параллель жүреді.Сонымен қатар, көптеген жүйелер сигалдарды жазу мен көруді қолен бақылайтын құралдарын қолдайды. Ең жетілген жүйлерінде экспресс-талдау және алынған нәтижелерді нақты уақыт режимінде визуалдау құралдары бар, бұл зерттеушіге сигнал өзгерісінің бірегей, стационар немесе конституционалдық сегменттерін бөліп алуға, сонымен қатар, қажет болған жағдайда биологиялық кері байланыстың терапевтикалық әдістемелерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жазбаларды көру мен өңдеу. Зерттеу аяқталғаннан кейін әрі қарай талдау үшін қажетті сегменттерді қарау мақсатында алынған жазбаларды көру қажеттілігі туындайды.

Әдетте бұл мақсаттар үшін жазбаның баппен қозғалысы, каналдардың масштабталуы мен позициялануы, сонымен қатар, жазбалардың бір бөлігін бөліп алу немесе жою үшін амплитудалар мен уақыттық интервалдарды есептеуге арналған қозғалмалы визерлер қолданылады.

Жетідірілген жүйелер қосымша жабдықтарды ұсынады: артефактілерді автоматты түрде іздеу, сигналдың филтрленуі, экстремумдарының бөлінуі, сигналдарды екі канал бойынша қосу немесе азайту, сипаттамалық учаскілердің ауданың бағалау және т.б.
Есептеу талдауы. Бұл модульдің құрамына жазбаларды талдаудың әртүрлі әдістері мен алынған нәтижелердің графикалық түрде бейнеленуі жатады. Мысалы, динамикалық физиологиялық көрсеткіштердің бірі ЭЭГ болып табылады. Базалық математикалық әдіс ретінде Фурье-талдау қолданылады, бұл жерде әртүрлі жиіліктік сипаттамалар мен жиілік диапазондарындағы жалпыланған параметрлерді есептеу жүргізіледі. Нәтижелердің көрсетілуінің дәстүрлі әдісі әр түрлі диаграммалар мен түрлі түсті карталар болып табылады.

ЭКГ талдау кезінде дәрігердің қызығушылығы уақыттық эволюция мен құрылымдық параметрлердің үйлестіруілу статистикасы болып: уақыттық интервалдар(RR, PQ, QRS, ST) мен амплитудалар (Р, R, ST, Т), уақыттық графиктер, гистограммалар және диаграммалар.

Реограмма (РГ), электромиограмма (ЭМГ), терілік-гальваникалық реакция(КГР), спирограмма сияқты физиологиялық көрсеткіштерді талдау кезінде дәрігерді негізінен әртүрлі құрылымдық қатынастардың көрсеткіштері, латенттілік, сигналдың өзгеру диапазоны, оның жылдамдығының артуы немесе кемуі, интегралды сипаттамалары және т.с.с қызықтырады. Осындай типті сигналдар үшін әдетте негізгі амплитудалық және интервалдық параметрлерді жекелеген толқындар бойынша немесе толқын серияларының орташаланып олардың ішкі массивте жинақталуының нәтижелері бойынша қолмен есептеу визерлері қолданылады. Әрі қарай енгізілген формулалар арқылы әртүрлі индекстер мен туынды сипаттамалар есептелуі және де әртүрлі алгебралық түрлендірулер орындалуы мүмкін, сонымен қатар, әртүрлі тәуелділіктердің графиктері салынып статистикалық бағалаулар жүргізілуі мүмкін.

Қорытынды жасау. СлТалдау нәтижесінде жасалатын қорытынды жүргізілген зерттеудің құжаттық түрде аяқталуы үшін керек. Алайда қорытынды жасауды автоматтандыру экспорттық жүйелерді құрастыру кезінде айтарлықтай қиыншылықтарды тудырады.

Сондықтан да МАКЖ қорытынды шығару зерттеушінің өзімен қандай да бір экспорттық жүйелерді қолданбай жасалады. Қорытынды жасауды автоматтандыру алгоритмдері жүзеге асырылған жасалған қорытындылар зерттеушінің көңілін зерттелген параметрлердің физиологиялық нормалардан ауытқуларына аудару масатында алдын ала жасалған қорытынды деп есептеледі. Осылай жасалған қорытындыларды әрі қарай түзетіп жетілдіру керек.

Мұрағатпен жұмыс істеу. Физиологиялық зерттеулердің нәтижелерінің құрылымдық түрде сақталуы әртүрлі уақыт мезетінде тіркелген динамикасын талдауға, сонымен қатар, есептік және статистикалық материалдарды жылдам алуға мүкіндік береді. Бұл өте маңызды мәселе, себебі функционалдық диагностика дәрігерінің сақтайтын ақпаратының көлемі өте тез өседі Сондықтан да осы модульдің ең негізгі функциясы жазбаларды спецификалық сипаттамалары бойынша ізду жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.

Қоланушы интерфейсі. Қазіргі заманғы ПҚ қолданушының «достық» интерфейсін қамамасыз етуі керек. Достық интерфейс дегеніміз ақпараттың монитор экранында көрнекі бейнеленуі, «меню» қатары мен «тышқан» онипуляторының қолданылуы, контексті тәуелді анықтамалық жүйесінің бар борлуы, қолданушы қателеріне сезімталдығы, командаларды орындау кезінде құптау талаптарының бар болуы және де жүйемен жұысты жеңілдететін басқа да мүмкіндіктер.

МАКЖ бойынша кейбір практикалық нұсқаулықтар.


МАКЖ нарығында таңдау қаржы мүмкіндіктері мен қолданушы талаптарына байланысты болады.

МАКЖ табысты қолданылуының басты шарты алынып жатқан жүйенің дұрыс таңдалуы болып табылады. Жүйенің қолданушының медициналық есептерін шешу мүмкіндігін шамадан тыс бағалауының қажеті жоқ. АҚ таңдау кезінде жіберілген қателерді қосымша шығындар арқылы түзетуге болады. ПҚ таңдау кезіндегі қателер жүйемен жұмыс істеу кезіндегі кейбір ыңғайсыз жағдайларға алып келеді. как правило, влекут за собой существенные неудобства в работе с системой.

Сипаттамалары бірдей отандық және шетелдік МАКЖ арасында таңдау жасаған кезде алдымен отандық МАКЖ таңдау керек. Отандық жүйелердің тағы да бір маңызды жетістігі мемлекеттік тілдегі құжаттардың бар болуы болып табылады.

Отандық жүйені сатып алу кезінде қолданушыға жақын орналасқан шығарушы фирмаларды таңдау керек, ол оқытуды жеңілдетуге, консультацияларды алуға және кепілдік қызмет етуді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, сертификатталған және өзін өзі жақсы көрсеткен жүйелерді алу керек және осы жүйемен қандай да бір уақыт аралығында жұмыс істеп көрген дұрыс.



Похожие:

Медициналық биофизика және информатика кафедрасы Студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар Тақырыбы: Биологиялық пробалардың талдаудың компьютерлік аспапты жүйесі iconОқытушы басшылығымен жасалатын студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау 3 Тақырыбы
Оқытушы басшылығымен жасалатын студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау 3
Медициналық биофизика және информатика кафедрасы Студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар Тақырыбы: Биологиялық пробалардың талдаудың компьютерлік аспапты жүйесі iconОқытушы басшылығымен жасалатын студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау 2 Тақырыбы
Оқытушы басшылығымен жасалатын студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау 2
Медициналық биофизика және информатика кафедрасы Студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар Тақырыбы: Биологиялық пробалардың талдаудың компьютерлік аспапты жүйесі iconОқытушы басшылығымен жасалатын студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау 7 Тақырыбы
Тақырыбы: Ішкі аурулар пропедевтикасы клиникасындағы жедел жағдайлар: анафилактикалық шок
Медициналық биофизика және информатика кафедрасы Студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар Тақырыбы: Биологиялық пробалардың талдаудың компьютерлік аспапты жүйесі iconОқытушы басшылығымен жасалатын студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау 6 Тақырыбы
Тақырыбы: Ішкі аурулар пропедевтикасы клиникасындағы жедел жағдайлар: бронхиалды демікпе ұстамасы
Медициналық биофизика және информатика кафедрасы Студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар Тақырыбы: Биологиялық пробалардың талдаудың компьютерлік аспапты жүйесі iconСтуденттердің өзіндік жұмысы үшін арналған әдістемелік нұсқаулар Тақырыбы: «Медициналық-профилактикалық зерттеулердегі ямр және эпр-ң қолданылуы»
Мақсаты: Медициналық тәжірибеде электромагнитті алаңдардың қолданудың негізгі бағыттарын көрсету
Медициналық биофизика және информатика кафедрасы Студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар Тақырыбы: Биологиялық пробалардың талдаудың компьютерлік аспапты жүйесі iconМедбиофизика және информатика кафедрасы ОҚытушының жетекшілігімен студенттердің Өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұСҚау тақырыбы
Тақырыбы: «ms access мәлімет базасын басқару жүйесі» тақырыбына берілген тапсырманы орындау
Медициналық биофизика және информатика кафедрасы Студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар Тақырыбы: Биологиялық пробалардың талдаудың компьютерлік аспапты жүйесі iconҚарағанды мемлекеттік медицина академиясы Медициналық биофизика және информатика кафедрасы
Тақырыбы: «Биологиялық ұлпалардың дыбыспен әрекеттесуінің физикалық негізі. Медицинада ультрадыбыстық зерттеулерді қолдану.»
Медициналық биофизика және информатика кафедрасы Студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар Тақырыбы: Биологиялық пробалардың талдаудың компьютерлік аспапты жүйесі iconМедбиофизика және информатика кафедрасы ОҚытушының жетекшілігімен студенттердің Өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұСҚау тақырыбы
Тақырыбы: «Деректер базасын басқару жүйесі. Ms access. Запрос құру. Есеп генерациясы. Стандарттық макросты қолдану»
Медициналық биофизика және информатика кафедрасы Студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар Тақырыбы: Биологиялық пробалардың талдаудың компьютерлік аспапты жүйесі iconМедициналық биофизика және информатика кафедрасы студенттердің Өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұСҚау буль алгебрасы. Логигалық схемалар және логикалық машиналар. Компьютердің жадысын ұйымдастыру тақырыбы Мамандығы
Буль алгебрасы. Логигалық схемалар және логикалық машиналар. Компьютердің жадысын ұйымдастыру тақырыбы
Медициналық биофизика және информатика кафедрасы Студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар Тақырыбы: Биологиялық пробалардың талдаудың компьютерлік аспапты жүйесі iconГистология кафедрасы Студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық Тақырыбы: «Аталық және аналық жыныс жүйесін зерттеу. Балаларда аталық және аналық жүйесі мүшелерінің гистологиясы.»
Мақсаты: Егде жастағы, балалардағы, нәрестелердегі аталық және аналық жыныс жүйесінің құрылысын микроскопиялық оқу
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница