1. жалпы мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»




Скачать 176.48 Kb.
Название1. жалпы мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
Дата конвертации20.12.2012
Размер176.48 Kb.
ТипДокументы


1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» - деп атап көрсетілген. Сонымен бірге, Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы екендігі де анық жазылған. Сондықтан Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға, барша азаматтардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларын дамытуға міндетті. Осы ретте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесін әзірлеуі мен қолданысқа енгізуі халықаралық тіл білімін бағалаудың танымал TOEFL, IELTS, DALF/DELF, DSH, CELI, TÖMER, ТРКИ және т.б жүйелерінің қағидаттарына негізделген. Аталған жүйелердің тестілеу үрдістерінің өз ерекшеліктері болғанымен, мақсаты ортақ – ол тіл қолданушының коммуникативтік құзыреттілік деңгейін анықтау.

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ тіл қолданушының тілді меңгеру деңгейін сатылы түрде анықтауға бағытталған, және екі түрлі арнамен беріледі: бірі ҚАЗТЕСТ жүйесі қазақ тілін шет тілі ретінде меңгеруді бағалау болса, екіншісі ҚАЗТЕСТ жүйесі қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгеру деңгейлерін анықтау. ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы азаматтардың қазақ тілін меңгеруін 5 деңгей бойынша бағалауға болады. Олар: қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары деңгейлер. Әрбір деңгейдің еуропалық стандартқа сәйкес өзіндік талаптары анықталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйегіндегі № 835 қаулысымен мақұлданған «ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамытудың тұжырымдамасына» сәйкес Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша тіл меңгерудің деңгейлерін анықтаудың өлшеу құралдары қалыптастырылуда. Білім сапасын бағалаудың тестілеу түрі әлемде кең қолданылатын болғандықтан, тіл меңгеру деңгейін бағалауда сөйлеу әрекеттерінің түрлері: тыңдалым, оқылым, жазылым және лексика-грамматикалық құрылымдар бойынша тест тапсырмалары қалыптастырылған. Тест тапсырмаларының мазмұны әрбір деңгейдің жағдаяттарына байланысты анықталған тақырыптар мен тест тапсырмаларын қалыптастырудың спецификациясы негізінде коммуникативтік қабілеттіліктерді анықтауға бағытталған.

Тіл қолданушылардың тілді пайдалану кезінде, өз қорытынды-пайымдауларын, сөз тапқырлығын, ойын анық, толық жеткізу, сұхбаттасу, ойын жазбаша білдіру барысында тілді қолдану ерекшелігі грамматика арқылы жүзеге асатындығы белгілі. Сондықтан тіл меңгеруде лексикалық және грамматикалық минимумдардың маңызы зор. Лексикалық минимумдар негізінде грамматикалық минимумдар әзірленеді. Минимумдарды әзірлеуде жүйенің деңгейлер бойынша айырмашылығы мен ерекшеліктері сақталынады.

«Грамматика» сөзі «grammatik» грек тілінен аударғанда «оқу мен жазудың икемділігі» мағынасын білдіреді. Грамматика дегеніміз – сөйлеу бөліктерін дұрыс құрастырудың заңдылықтарын, тілдің грамматикалық құрылымын зерттейтін тіл білімінің тарауы. Грамматикалық дағдыны қалыптастыруда коммуникативтік құзыреттілік негіздері ашылады.

Тіл білімі ғылымында тілдік тұлғаны қалыптастыру үшін қазақ тілін меңгеру әрекетінің тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, лексика-грамматика түрлері пайдаланылады. Грамматикалық минимумдар ҚАЗТЕСТ жүйесінің осы бөліктерінің тест тапсырмаларын сапалы әзірлеу үшін нормативтік құжат болса, тіл қолданушыларға әрбір деңгейдің жағдаяттарына сәйкес сөйлей білуге, жаза білуге арналған тілдің грамматикалық құрылымын қамтитын минималды қоры болып табылады.

Азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауда ҚАЗТЕСТ жүйесі өзінің функциясын тиімді атқаруы үшін грамматикалық минимумдардың өзектілігі ерекше орын алады. Грамматикалық минимум әр деңгей бойынша тілдік жағдаяттарға қатысты тіл қолданушылардың сөздер мен сөз үлгілерін сұрыптап, сөз тіркестерін дұрыс байланыстыра білу, лексикалық, грамматикалық минимумды дұрыс қолдана отырып, байланыстырып сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруға арналады.
2. ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМДАРДЫ ӘЗІРЛЕУДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсаты: Қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған тілдің грамматикалық құрылымын қамтитын минималды қорын қалыптастыру.
Міндеттері:

- ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1927-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары, тіл меңгерудің деңгейлеріне анықталған тақырыптар мен Тест спецификациясы негізінде қазақ тілінің ерекшеліктерін ескеріп, қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейі бойынша практикалық грамматиканы нақтылау;

- халықаралық тіл меңгеру талаптарына арналып жасалған грамматикалық минимумдармен біріздендіру мақсатында қазақ тілінің меңгеру деңгейлеріне сәйкес практикалық грамматиканың нақтылық сараптамасын жасау;

- қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейі бойынша анықталған практикалық грамматика арқылы үйренудің ережелерін, тапсырмаларын орыс тіліндегі аудармасын әзірлеу;

- қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейі бойынша анықталған практикалық грамматика арқылы үйренудің ережелерін, тапсырмаларын орыс тіліндегі аудармаларының сараптамасын жасау;

- жаттығу жұмыстары жүйесін әзірлеу;

- анықталған грамматикалық тапсырмалардың, жаттығулардың, тест тапсырмаларының деңгейлік тақырыптармен жүйелеп, сараптамасын жасау;

- сөздік қорларды қолдану барысында контексттерді пайдалануына сараптама жасау;

- қазақ тілін меңгеру деңгейлерінің лексикалық тақырыптары бойынша грамматикалық тақырыптарды анықтау.
3. ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМДАРДЫ ӘЗІРЛЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Қазақ тілін меңгерудің деңгейлеріне арналған грамматикалық минимумдар әзірлеу барысында келесі талаптар қойылады:

- грамматикалық минимумдар мен тест тапсырмаларының мазмұны қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттарға, ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларын қалыптастырудың спецификациясына, тіл меңгеру деңгейінің тақырыптарына, лексикалық минимумдарға қатаң түрде сәйкес болуы тиіс;

- грамматикалық минимумдардың құрылымдық бөліктерін сақтау қажет;

- диалект сөздер пайдаланылмауы керек;

- Қазақстан Республикасында құзырлы мемлекеттік органдар ресми мақұлдаған сөздіктер мен анықтамалықтар ғана пайдаланылуы керек;

- шет тілдерін үйренудегі практикалық грамматика құрастырудың тәжірибелері негізге алынуы керек (Мысалы, ағылшын тілінің практикалық грамматикасын үйренудің Cambridge University Press (Raymond Murphy) баспасы әзірлеген оқу-әдістемелік құралдарының озық үлгілері);

- минимумдағы сөздер мен сөз тіркестерінің топтамасы қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне арналған тақырыптардан ауытқымауы және сөйлемдердің күрделілігі деңгейге байланысты болуы қажет;

- сөз немесе сөз тіркесінің қосалқы мағыналары болса, оны толығырақ сілтеме беру арқылы немесе «түсіндірме» арқылы түсіндіруі керек;

- барлық тілдік заңдылықтардың, ережелердің, мысалдардың түсіндірмелерінің, тапсырма орындаудың талаптарының орысша аудармалары болуы қажет;

- аударманың дұрыстығы күмән туғызбауы қажет;

- тіл меңгеруді бағалаудың еуропалық портфелінде анықталған жағдаяттар мен тақырыптарға қосымша әрбір деңгейге сәйкес ұлттық құндылықтар қосылуы қажет. Мысалы, тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер тақырыбындағы сөздер мен сөз тіркестері және т.б;

- қазақ тілінің тілдік обьектілері, грамматикалық тақырыптары жіктеліп берілуі қажет және бөліктер латын әріптерінің бас әріптермен A, B, C, D, E және с.с. белгіленуі қажет;

- тілдік заңдылықтар, ережелер түсінікті тілмен берілуі керек;

- бөлік бойынша мысалдар келтірілуі қажет (1-қосымша үлгіде көрсетілген);

- жаттығу тапсырмалары берілуі тиіс (2-қосымша үлгіде көрсетілген);

- бөлікке тиісті тест тапсырмаларын әдістемелік құралдың соңында келтіру қажет;

- тест тапсырмалары ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған Тест спецификациясы негізінде әзірленуі керек.

Жаттығу тапсырмалар берудің мысалдары келесі түрде болуы мүмкін:

- жаттығу жұмысы;

- тыңдау, қайталау, салыстыру, сөйлемдердің айырмашылығын табу;

- кестені толықтыру, оның ішінде тіл қолданушы қаламды пайдалану арқылы өзін-өзі тексеру мақсатында жазуға болатындай мүмкіндік қарастырылған жаттығулар. Оларды да басқа шрифтпен теру керек;

- үлгілерді пайдаланып, сөйлемдерді ауыстыру;

- үлгідегі кестенің көмегімен сөйлем құрастыру;

- сөйлемді толықтыру;

- оқу құралының соңында жаттығулардың, қосымша жаттығулардың, тест тапсырмаларының жауабы берілуі керек;

- әрбір деңгейге сай грамматикалық минимумның соңында тақырыптың, ереженің емлесін, ерекшеліктерін беру керек;

- пайдаланылған және ұсынылатын әдебиеттердің тізімі берілуі керек;
4. ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақ тілін меңгерудің деңгейлеріне арналған грамматикалық минимумдар төмендегі құрылымдық бөліктерден тұрады:

  1. Титулдық парақ.

  2. Түсіндірме жазба:

- қазақ тілін меңгерудің деңгейлеріне сәйкес грамматикалық минимумдарды қалыптастырудың негізгі мақсаты мен міндеттері;

- еуропалық тіл білімін бағалау жүйелерінің тіл меңгеру деңгейлерінің талаптары мен қазақ тілін меңгеру деңгейлері арасындағы сабақтастығы мен байланысы;

- грамматикалық минимумдарды пайдалану бойынша тіл қолданушыларға ереже.

3. Қазақ тілін меңгеру деңгейлерінің тақырыптық грамматикалық минимумның негізгі мазмұны: грамматикалық тақырып, тақырыпқа сәйкес анықтамалық ереже, мысал, жаттығулар, олардың орыс тіліне аудармасы.

4. Түйін сөз.

5. Қосымшалар (үлгілер, кестелер).

6. Ұсынылатын және пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

7. Мазмұны.

4.1 ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМДАР ЖОБАСЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ НҰСҚАСЫНЫҢ РӘСІМДЕЛУІ
- мысалдарды редакторда теру кезінде грамматикалық минимумның негізгі шрифтінен бөлек, айталық «Tahoma» шрифтімен теру керек;

-жаттығуларды редакторда теру кезінде грамматикалық минимумның негізгі шрифтінен бөлек, айталық «KZ Script» шрифтімен теру керек;

- грамматикалық минимумдар жобасы «MS Word» редакторында өлшемі 14-ші «Times New Roman» қарпінде теріліп, парақ беттерінің параметрлері сол жақтан 3 мм, оң жақтан 1,5 мм, жоғарыдан 2 мм, төменнен 2 мм болуы тиіс;

- титул парағы 2-қосымшаға сәйкес рәсімделеді;

- түсіндірме жазбада тіл меңгеру деңгейін бағалаудың ғылыми негізделген тақырыптарына арналған грамматикалық минимумдардың озық тәжірибелеріне шолу жасау арқылы, қазақ тілін меңгеру деңгейлерін бағалауда, оның ішінде ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған қазақ тілінің грамматикалық минимумдарының өзгешелігін, қажеттілігін, өзектілігін және осы саладағы ғылыми ізденістерді негізге ала отырып, ұсынылып отырған жобаның әлемдік және қойылып отырған талаптарға сәйкестігін ашу қажет;

- қазақ тілін меңгерудің деңгейлеріне сәйкес грамматикалық минимумдарды қалыптастырудың негізгі мақсатын анық беру арқылы сол мақсатқа жетудің міндеттерін нақтылап түсіндіру керек;

- грамматикалық минимумдарды пайдалану бойынша тіл қолданушыларға ережені түсінікті тілмен, шұбалаңқы сөйлемдерді мүмкіндігінше пайдаланбай, ойды нақты-нақты қысқаша түрде түсінікті беруді негізге алу керек;

- тақырыпшаларды бас әріптермен теру керек, ішкі тақырыпшалар сол тақырыпқа сәйкес нөмірленуі керек, мысалы:

1. ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

1.1 Тіл меңгеру деңгейін бағалаудағы грамматикалық минимумдардың маңыздылығы

- қосымшалар мен үлгілерді Ұлттық тестілеу орталығы Мемлекеттік тілді дамыту басқармасымен келісілген түрде ресімдеу қажет;

- грамматикалық минимумдар жобасының қағаздағы нұсқалары 3 данадан көбейтіп басылуы керек;

- грамматикалық минимумдар жобасының электрондық жобасы келісім-шарттар негізінде Ұлттық тестілеу орталығының Мемлекеттік тілді дамыту басқармасына тапсыру керек.
5. ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУДІҢ ДЕҢГЕЙЛЕРІНЕ СӘЙКЕС

ЖАҒДАЯТТАР МЕН ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ ЖОБАСЫ



Қарапайым деңгей

Базалық деңгей

Орта деңгей

Ортадан жоғары деңгей

Жоғары деңгей

1. Танысу

2. Отбасы

3. Тамақ

4. Денсаулық – зор байлық.

5. Киім

6. Көлік

7. Жұмыс

8. Менің күнім

9. Ауа-райы

10. Бос уақыт



1. Менің Қазақстаным

2. Ас-адамның арқауы

3. Сән және талғам

4. Ел болашағы денсаулықта

5. Сапар шегу және туризм

6. Жұмыс

7. Спорт және біз

8. Мен өмір бойы оқимын


1. Мен және менің отбасым

2. Тауар сапасы

3. Менің сүйікті ісім

4. Ас мол болсын!

5. Болашақ ұрпақ денсаулығы

6. Мен жұмыс таңдаймын

7. «Жеті күн»


1. Отбасы сыйластығы

2. Біз қай тілде сөйлейміз

3. Асыңыз дәмді болсын

4. Ғылым және жұмыс

5. Cапар шегу және туризм

6. Мұражайға саяхат

7. Спорт тынысы

8. Ақпараттар әлемі


1. Отбасы, отбасы бақыты

2. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады

3. Дені саудың – жаны сау

4. Өз үйім – өлең төсегім

5. Қолым боста

6. Жеке бағдарламалар мен журналдар




6. ГРАММАТИКАЛЫҚ МИНИМУМДАРДЫ ҚАБЫЛДАП АЛУДЫҢ ЖӘНЕ ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕСТІГІН ТЕКСЕРУДІҢ ЕРЕЖЕСІ
Тапсырыс беруші дайындалған қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес грамматикалық минимумдарды байқаудан, сынақтан өткізу мақсатында мәліметтер әзірлейді. Грамматикалық минимумдарды тәжірибеден өткізудің түрін, құрамын, көлемін және құрамдас бөліктерін әзірлемешілермен келіседі.

Қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес грамматикалық минимумдарды әзірлеудің жеке келісім шарттары әзірленеді. Орындалған жұмыстардың қабылдау-тапсыру актісі екі жақтан қол қою арқылы қабылданады.

Қабылдау-тапсырудың ресімдері кезінде «Тәжірибеден өткізудің актісі» жасалып, қабылдау-тапсырудың құжаттары бекітіледі.
7. ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабы;

2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңы;

3. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен мақұлданған 2007-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мен оның бәсекелестігін арттыру тұжырымдамасы;

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 835 қаулысымен мақұлданған ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы.

6. ҚР СТ 1926-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру».

7. ҚР СТ 1928-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Базалық деңгей. Жалпы меңгеру».

8. Жалпы меңгеру»; ҚР СТ 1929-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Орта деңгей. Жалпы меңгеру».

9. ҚР СТ 1925-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Ортадан жоғары деңгей. Жалпы меңгеру».

10. ҚР СТ 1927-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Жоғары деңгей».

11. ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған тест тапсырмаларын қалыптастырудың «Тест спецификациясы», Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, 2008 жыл;

12. Қазақ тілін оқыту мен тілді меңгеру деңгейін бағалауға арналған коммуникативтік құзыреттілік талаптарының тақырыптары, Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, 2009 жыл;

13. Essential Grammar in Use, Raymond Murphy, Camridge University press, 2007.

14. English Grammar in Use, Murphy, Camridge University press, 2004

15. Практическая грамматика ангийского языка, К.Н.Качалова, Е.Е. Израилевич, LADKOM, Moscow, 2010

16. Ф.Ш. Оразбаева., Т.Т. Аяпова және басқалар, Қазақ тілі (Алты деңгейлік оқыту әдістемелік кешендер), Алматы, Жазушы, 2007 ж.

1-қосымша
Шылау. Жалғаулық шылаулар.

Ыңғайластық, Талғаулықты, Қарсылықты
Алдымен тақырыпты ойша бөліктерге бөліп алу керек, айталық қарастырып отырған жағдайда бірінші бөлікке шылау түрлерін келтіруге болады, сонымен А бөлігі:
А. Шылау түрлері: мен (бен, пен, менен), да (де, та, те) әлде, біресе, я, бірде, болмаса, не, немесе, құй, мейлі, бірақ, алайда, яки, әйтсе де, әйткенмен, әйтпесе, дегенмен, сонда да.
Қысқаша ереже беріледі. Ереже тілге жатық, қазақ тілін меңгеру деңгейіне байланысты түсінікті тілмен берілуі тиіс. Мысалы,

Біз бұл сөздерді – тең дәрежедегі сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді байланыстыру үшін қолданамыз.
Ережеден соң осы бөлікке сай мысал келтірілуі қажет, мысалы, грамматикалық минимум қазақ тілін меңгерудің қарапайым деңгейіне арналғандығын ескеріп, қарапайым деңгейдің тақырыптарын, тапсырма түрінің күрделілігін есте сақтай отырып «Екі сөйлемнен жалғаулықты пайдаланып сөйлем құрастырыңыз» деген тапсырма беруге болады.
А) Ербол ертеңгі сабаққа дайындалды. В) Ауырып бара алмады.
Ербол ертеңгі сабаққа дайындалды, бірақ ауырып бара алмады.


Енді екінші бөлікке көшеміз, яғни B бөлігі.

В. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулық шылаулар: мен (бен, пен, менен), да (де, та, те), және, әрі, әм.
B бөлігінің мысалдары:


Анар мен Бақытжан музейге барды.
Жаңбыр жауды да, саңырауқұлақ шықты.
Әлия батыр қыз және ол мәңгі халық есінде.
Асан ауылға барды, әрі таза ауада дем алды.



Үшінші бөлікке көшеміз:

С. Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, я, бірде, болмаса, не, немесе, құй, мейлі.
С бөлігінің мысалдары:


Мақсат оқуға түсерін, әлде әскерге барарын білмей жүр.
Биыл қыста біресе қар жауды, біресе жаңбыр жауды.
Соңғы ақшасына не кітап аларын, не киноға баратынын білмеді.


Төртінші бөлік:

D. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, яки, әйтсе де, әйткенмен, әйтпесе, дегенмен, сонда да.
D бөлігінің мысалдары:


Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.
Сабақты жақсы оқы, әйтпесе білімсіз боласың.
Күн жылыды, дегенмен сыртқы киімді тастамадық.


Жаттығу тапсырмалар бөлігі.

Тапсырмаларды бөліктерге сәйкестендіріп, нөмірлеу керек. Мысалы, қарастырып отырған жағдайда кесте арқылы кестенің екі бағанына әртүрлі сөйлемдер келтіріледі. Тіл үйренуші ережені, мысалдарды ескеріп, жалғаулықтарды пайдалану арқылы сөйлем құрастырып, дұрыс нұсқасын қаламмен өзін-өзі тексеріп көретіндей тапсырма орындауға мүмкін болатындай бос орындар қалдыру керек.

1.1. Кестелерден сөйлемдерді таңдап, мен (бен, пен, менен), да (де, та, те), және, әрі, әм жалғаулықтарын пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз.


Достарымен кездесті.

Тауға барды.

Кітап оқыды.

Туыстарына келді.

Әлия батыр қыз.

Жаңбыр жауды.

Шомылуға барды.




Саңырауқұлақ шықты.

Теледидар қарады.

Жұмыс іздеді.

Киноға барды.

Табиғатты суретке түсірді.

Жеміс-жидек терді.

Ол мәңгі халық есінде.



Жаттығу тапсырмасын орындау үшін келесі бос орынды қалдырамыз. (Жаттығу орындау мысалы келтірілген.)
1. Достарымен кездесті де, киноға барды.

2. ....................................................................................................................................................................................

3. ....................................................................................................................................................................................

4. ....................................................................................................................................................................................

5. .....................................................................................................................................................................................

6. ....................................................................................................................................................................................

7. .....................................................................................................................................................................................
1.2. Сөйлемді әлде, біресе, я, бірде, болмаса, не, немесе, құй, мейлі жалғаулықтарын пайдалана отырып толықтырыңыз.
1. Мақсат оқуға түсерін, әлде әскерге барарын білмеді.

2. Әсел біресе күлді, ......................................................................................................................................

3. Қазір үйге бару керек ..............................................................................................................................

4. Тауға барсам ба, ..........................................................................................................................................

5. Биыл қыста біресе қар жауды, .........................................................................................................
1.3. бірақ, алайда, яки жалғаулықтарын пайдаланып, кеше не жасағаныңды жаз.
1. (бірақ) Арман кеше үйге кеш келді, бірақ ол маған ештеңе айтқан жоқ.

2. (алайда)

3. (әйткенмен)

4. (сонда да)

5. (яки)
1.4. Қайсысы дұрыс?
1. Биыл қыста біресе қар жауды, бірақ/біресе жаңбыр жауды.

2. Күн жылыды, дегенмен/және сыртқы киімді тастамадық.

3. Асан мектепке жүгіріп келді, сонда да/не кешігіп қалды.

4. Аңсар мен/немесе Таңат театрға барды.

5. Сая сабаққа дайындалды, бірақ/мейлі мұғалім одан сұрамады.
Келесі тақырыпты қарастырайық. Айталық қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгеруге арналған Есімдік тақырыбына тоқталайық.

Есімдік
А. Заттың, құбылыстың атын, сынын, санын білдірмейтін, бірақ солардың орнына қолданылатын сөз табын есімдік деп атайды.
Мысал:

Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бірде шал сол ұлдарын жинапты.
В. Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар.


Жақ

Жекеше

Көпше


І

Мен студентпін.

Біз студентпіз.

ІІ

Сен сөйлейсің.

Сендер сөйлеңдер.

ІІІ

Ол – оқыған азамат.

Олар – оқыған азаматтар.


С. Сілтеу есімдіктері нұсқау, көрсету мағыналарын білдіреді. Сілтеу есімдіктеріне бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, мынау, әне, міне деген сөздер жатады.
Мысалдар:

Бұл менің үйім.

Осы кітапты бір ай іздедім.

Ана кілтті алып беріңізші.
D. Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі деп аталады. Сұрау есімдіктері: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы?


Мысалдар:

Бірінші келген кім?

Нешінші пәтерде тұрасыз?

Жұмыстан қашан қайтасыз?

1.1. Сөйлемдер дұрыс жазылған ба? Керек жерін дұрыстаңыз.
1. Мен оқушысың. .Сен оқушысың...............................................

2. Біз оқимыз. ..дұрыс.................................................................................

3. Біз – оқыған азамат. ........................................................................................................

4. Сен сөйлеймін. ........................................................................................................

5. Сендер жассыңдар. ..........................................................................................................

6. Олар білесіңдер. .........................................................................................................
1.2. Сұраққа сөйлемнің түрін ауыстырмай жауап беріңіз.
1. Сенің үйің осы ма? .Иә, менің үйім осы.....................................................

2. Осы кітапты оқыдың ба? .......................................................................................................................

3. Анау келе жатқан сенің әжең ба? ...................................................................................................

4. Бұл мысалды сен келтірдің ба? ........................................................................................................
1.3. Сөйлемге сұрау есімдіктерін пайдаланып сұрақ қойыңыз.

1. Менің анам – дәрігер. .Менің анам кім?........................................................

2. Біз үйде төртеуміз. .....................................................................................................................................

3. Мен алты кітап сатып алдым. ............................................................................................................

4. Сая сабақты жақсы оқиды. ..................................................................................................................

5. Апам кеше келді. ........................................................................................................................................

6. Құрбым жетінші қабатта тұрады. ...................................................................................................

2-қосымша
«Жоба»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ


Қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгеру бойынша

ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналаған грамматикалық минимумы


Орындаушы

__________________________________

(Тегі, аты, жөні)

__________________________________

(Ұймының атауы)

__________________________________
(Орындаушы туралы мәліметтер)

__________________________________

Астана, 2011 жыл


Похожие:

1. жалпы мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» icon1. жалпы мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
Азтест те тіл қолданушының тілді меңгеру деңгейін сатылы түрде анықтауға бағытталған, және екі түрлі арнамен беріледі: бірі Қазтест...
1. жалпы мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймардановтың облыс әкімдігінің отырысына қарауға енгізілген «Қала және аудан әкімдіктерінің «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
«Қала және аудан әкімдіктерінің «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Тілдерді дамыту мен...
1. жалпы мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» iconҮгіт баспасөз материалдары ілінетін орындарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 4,6-тармақтарына және Қазақстан Республикасындағы 2001...
1. жалпы мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» iconСайлау науқандары кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңынын 28-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы...
1. жалпы мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» iconҚазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы бойынша тестілеу сұрақтары
Тілдік белгілері бойынша кемісітушіліктің алдын алу үшін қандай шаралар қолданылады?
1. жалпы мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» iconЖеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасындағы заңнаманы сақтауда тексеру парағының нысанын бекіту туралы
«Тауарлық биржалар туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабының 3-1 тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы...
1. жалпы мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» iconРешение жарма ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы...
1. жалпы мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2006 жылғы 3 тоқсандағы жұмысы туралы АҚпарат
Жылғы 11 шілдедегі №151-i қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы” Заңын орындау мақсатымен Шығыс қазақстан...
1. жалпы мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» iconМемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия туралы ереже Жалпы ережелер
Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан...
1. жалпы мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» iconҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар және сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 4,6-тармақтарына және Қазақстан Республикасындағы 2001...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница