Қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру ережесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»




НазваниеҚанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру ережесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница1/16
Дата конвертации20.12.2012
Размер1.71 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


Қанды және оның компоненттерін

беру алдында (донация) донорды

медициналық тексеру ережесін

бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 1 тармағындағы 166-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру Ережесі бекітілсін.

  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т.Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

  4. 2005 жылғы 22 қыркүйектің № 464 «Донорды қан мен оның құрамын тапсырар алдындағы медициналық тексеру ережесі» бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3890 тіркелген және «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 24 қарашада № 154) күші жойылды деп танылсын.

  5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице - министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

  6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Министірдің

міндетін атқарушы Б. Садықов
Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрдің

міндетін атқарушы

2009 жылғы «_____» __________

№ ____ бұйрығымен бекітілген

Қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру ережесі
1. Жалпы ережелер


  1. Осы донорды қанды және оның компоненттерін тапсырар (донация) алдында медициналық тексеру Ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және қанды және оның компоненттерін дайындайтын медициналық мекемелерде (бұдан әрі – қан қызметі ұйымдары) донорды қан тапсырар алдында медициналық тексеруден өткізу тәртібін анықтайды.

  2. Осы Ережеге сәйкес міндетті ақысыз медициналық тексеруден өткен және қарсы көрсетілімдері жоқ, қанды және оның компоненттерін медициналық мақсаттар үшін ерікті түрде тапсыруға ниет білдірген, он сегіз жастан жоғары жеке тұлға қанды және оның компоненттерінің доноры бола алады.

  3. Донор:

1) қанды және оның компоненттерін тапсыруды (донацияны) ақысыз іске асыруға;

2) қанды және оның компоненттерін тапсыруды (донацияны) төлем ақыға тапсыру;

3) медициналық тексеру қорытындыларымен танысуға;

4) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мадақталуына болады.

  1. Донор өзіне белгілі немесе бұрын болған аурулары, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар қолданғаны жөнінде мәліметтерді хабарлауға міндетті.



2. Донорларды қабылдау және тіркеу тәртібі


  1. Донорларды қабылдау қан қызметі ұйымдарында жеке басын растайтын куәліктер ( әскери билет) негізінде жүргізіледі.

  2. Жеке басын растайтын куәлікті көрсеткеннен кейін донорға анкета беріледі (Қосымша 1) және донорлық картасының донор (Қосымша 2) өз бетінше немесе медициналық тіркеушінің көмегімен толтырады. Толтырылған анкета донордың тіркеу картасына салынады.

  3. Медициналық тіркеуші донордың төлқұжатын донорлар және донорлыққа жатпайтын тұлғалар туралы электрондық дерекқор мәліметтерімен салыстырып тексереді.

  4. Донорларды тіркеу денсаулық сақтау саласында алғашқы медициналық құжаттама мәліметтері донорлардың электрондық дерекқорында құрылады.

  5. Электрондық донорлар дерекқоры мәліметтері, анкета, алдын-ала зертханалық және (немесе) медициналық тексеру мәліметтері бойынша донорлықтан аластатылған, сондай-ақ қанды және оның компоненттерін тапсыру (донация) процедурасын түрлі себептер бойынша жүргізе алмайтын донорға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыстан босатылғаны жөнінде анықтама беріледі.

  6. Донорлардың электрондық дерекқоры бойынша қарсылықтар болмаса, медициналық тіркеуші донор картасының (ақысыз немесе ақылы) төлқұжаттық бөлігіне донор жөнінде ақпараттың тексерілгені жөнінде белгі соғады.

  7. Алғашқы донорларға қанды және оның компоненттерін тапсырғаннан (донациядан) кейін донор куәлігі беріледі (Қосымша 3).



3. Донорларды медициналық тексеруден өткізу тәртібі


  1. Донорларға әрбір қанды және оның компоненттерін тапсырар (донация) алдында А, В, D, Kell иммуногематологиялық зерттеу, гемоглобин деңгейін анықтау жүргізіледі.

  2. Қосымша алдын-ала зертханалық зерттеулер:

1) иммундық плазма донорларына – спецификалық антител титрін анықтау;

2) тромбоцит донорларына – аферез әдісін қолдану кезінде – тромбоциттер мөлшерін анықтау жүргізеді.

  1. Қанды және оның компоненттерін үнемі тапсыратын донорларға (бұдан әрі – кадрлық донорлар) осы Ережеде көрсетілген мерзім мен мөлшерге сәйкес қанның және оның компоненттерінің клиникалық және биохимиялық көрсеткіштеріне зерттеу жүргізіледі.

  2. Алдын-ала зертханалық зерттеу көлемі қажеттілік жағдайларында донорға медициналық зерттеу жүргізуші дәрігердің шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін.

  3. Кадрлық донорларға қанды трансфузиялық инфекцияларға алдын-ала зертханалық зерттеу қан қызметі ұйымдарында жүргізіледі.

  4. Донор қанына алдын-ала зертханалық зерттеу жүргізу қан тапсыру (донация) күні немесе күні бұрын, бірақ қанды және оның компоненттерін тапсырудың шамаланған мерзіміне дейін қырық сегіз сағат артық емес мерзімде іске асырылады.

  5. Донорларды медициналық тексеруден өткізуді қан қызметі ұйымының трансфузиолог-дәрігері тексеру кезінде алынған ақпаратты құпиялығын сақтай отырып жүргізеді.

  6. Медициналық тексеруге жататындар:

1) донор анкетасының және картасының талдауы;

2) алдын-ала зертханалық зерттеу мәліметтерінің талдауы;

3) анемнез алу және құпия түрде психоәлеуметтік кеңес беру (бұдан әрі – ПӘК);

4) дене қызуын, бойын және салмағын, қан қысымын, тамыр соғу ырғағы мен жиілігін өлшеу, сыртқы лимфа түйіндерін пальпациялау мен құрсақ қуысы органдарын тексеру;

5) тері қабатын және көзге көрінетін жылпылдақ қабықтарды ауру белгілерін алу үшін және есірткі, психотроптық заттар және прекурстарды пайдаланғанын көрсететін белгілерге тексеру.

  1. Медициналық тексеру кезінде анықталған қарсы көрсетілімдер жағдайларында, дәрігер донорлықтан бас тартудың себебін түсіндіреді және донор картасына тиісті жазба жасайды.

  2. Қанды және оның компоненттерін тапсырар (донация) алдында, тексеру жүргізетін дәрігер осы Ереженің 4 Қосымшасына сәйкес донорға берілген ақпаратпен түсінікті түрде донорды таныстыруы тиіс.

  3. Егер медициналық тексеру кезінде донорлыққа қарсы көрсетілімдер анықталмаса, дәрігер қанды және оның компоненттерін тапсыру (донация) түрі мен көлемін белгілейді. Сонымен бірге келесі критерийлерді басшылыққа алады:

1) электрондық дерекқор ақпараттарын;

2) донор анкетасының мәліметтерін;

3) антропометрия және физикалдық зерттеулер мәліметтерін;

4) алдын-ала зертханалық зерттеулер мәліметтерін және осы Ереженің 5 Қосымшасына сәйкес белгіленген, донорлардың перифериялық қан құрамы мен биохимиялық көрсеткіштері нормаларының критерийлерін;

5) осы Ереженің 6 және 7 Қосымшаларына сәйкес белгіленген, донорлықтан тұрақты және уақытша бас тарту критерийлерін;

6) осы Ереженің 8 қосымшасына сәйкес белгіленген қанды және оның компоненттерін тапсыру түрлері арасындағы минималдық интервалдарын;

7) жылына қанды және оның компоненттерін тапсырудың (донацияның) максималды мүмкін мөлшерін;

8) қанды және оның компоненттерін тапсырудың (донацияның) максималды мүмкін көлемін;

9) донордың қанды және оның компоненттерін тапсыруға (донацияға) ерікті түрдегі келісімі.

  1. Қанды және оның компоненттерін тапсырар (донация) алдында донорға қант қосылған кондитерлік өнімдермен бірге шай беріледі, донациядан кейін тегін тамақтандыру және ақшалай эквивалент беріледі.



4. Донорлар қандарын трансфузиялық инфекцияға

зертханалық тексеру тәртібі


  1. Донорлар қандарын ЖИТС-1, 2; В және С гепатиттері, мерез трансфузиялық инфекцияларына зерттеу жүргізу міндетті болып саналады. Зерттелетін инфекциялар тізімдемесі эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттік органның шешімімен кеңейтіледі.

  2. Донорлар қандарына зертханалық зерттеу жүргізу қан қызметі ұйымдарының арнайы зертханаларында жүргізіледі. Донорлар қандарына трансфузиялық зерттеулерді өзге ұйымдарда жүргізуге тиым салынады.

  3. Донорлық қандарды трансфузиялық инфекцияға зертханалық зерттеу үшін иммуноферменттік (бұдан әрі – ИФА), иммунохемилюминисценттік (бұдан әрі – ИХЛА) талдаулар әдісі қолданылады, қанның донорлық компоненттерінің инфекциялық қауіпсіздігін арттыру және инфекциялық процес ағымының серонегативтік кезеңінде қоздырғыштарды ертерек анықтау үшін, қажетті жабдық болған жағдайда полимераздық тізбектік реакция (ПТР) – вирустық геномдық нуклеин қышқылдарын анықтау әдісі қолданылады.

  4. Донорлық қандарды трансфузиялық инфекцияларға зертханалық зерттеу үшін, мемлекеттік стандарттарға сай келетін, жоғары сезімталдық және өзіндік ерекшелік сипаттағы (99,8%-дан төмен емес), және Қазақстан Республикасында тіркелген тест-жүйелер қолданылады.

  5. Зертханалық зерттеулер тест-жүйе өндірушісінің нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

  6. Трансфузиялық инфекцияға зерттеулер үшін донор қаны бөлгіш гелі бар бір рет қолданылатын пробиркаға (вакутейнерге) 10 мл мөлшерінде алынады. Қаны бар пробиркалардың (вакутейнерлер) тексерілуге дейін сақталу уақыты қырық сегіз сағат, +20 - +60С, ал сарысуы бар пробиркалар – 7 күн, - 180С температурадан аспауы керек.

  7. Донор қанын трансфузиялық инфекцияға алғашқы тексерудің жағымсыз немесе күдікті нәтижелерін зертхана донорларды жинақтау бөлімшесіне және қан компоненттерін сақтау және жарамсыз деп тану бөлімшелеріне тапсырады.

  8. Донор қанын трансфузиялық инфекцияға алғашқы тексерудің алғашқы оң немесе күдікті нәтижелері әр инфекция үшін жеке-жеке кейіннен орнын ауыстыру динамикасын көрсетіп «Донорлар қанының алғашқы позитивтік үлгісін тіркеу журналына» тіркеледі.

  9. Трансфузиялық инфекцияға зертханалық тексерудің соңғы қорытындысы донор картасына тіркеледі.

  10. Барлық донорлар қандары сарысуының қалдығын мұрағаттау трансфузиялық инфекцияға зертханалық тексерудің міндетті шарты болып табылады. Донор қанының оң және теріс үлгілерін рұқсат етілген шарттарын сақтай отырып әр қайсысын жеке тоңазытқышта 10 жылдан кем емес мерзімде -400С температурада сақталады.

  11. Донор қандарын трансфузиялық инфекцияға зертханалық тексеру туралы ақпараттың құпиялылығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталады.

  12. Кадрлық донорлардың қандарын трансфузиялық инфекцияға зертханалық тексеру қанды және оның компоненттерін тапсырғанға (донацияға) дейін, ақысыз донорлардың – қан сарысуы үлгілері алынған пробиркадан қанды және оның компоненттерін тапсырғаннан кейін жүргізіледі.

  13. Донор қанын трансфузиялық инфекцияңа зерттеудің теріс қорытындысы кезінде қан компоненттері плазманы препараттарға трансфузиялау, карантиндеу және фракциялау үшін жарамды болып саналады.

  14. Мерезге тексеру ИФА әдісімен жүзеге асырылады. Оң немесе күдікті нәтиже жағдайында қан жарамсыз етіледі және жойылады. Сонымен бірге донордың тұрақты мекен-жайына бойынша тері-венерологиялық диспансерге (бұдан әрі – ТВД) хабарлама жіберіледі. Донор картасына «Абсолютті жарамсыз» деген жазба жүргізіледі.

  15. В гепатитіне зертханалық зерттеу HbsAg-ді ИФА немесе ИХЛА арқылы анықтайтын тест-жүйесімен жүргізіледі.

Зерттеудің күдікті нәтижесі кезінде донор қанының сарысуы anti-HB cor-total-ға зерттеу жүргізіледі. Оң немесе күдікті нәтижелері кезінде басқа өндірушінің тест-жүйесімен және нақты дәлелдейтін тестпен қайта зерттеужүргізіледі.

  1. С гепатитіне зертханалық зерттеу ИФА әдісімен жүргізіледі.

Оң немесе күдікті нәтижелер кезінде басқа өндірушінің тест-жүйесімен және нақты дәлелдейтін тестпен қайта зерттеу жүргізіледі.

  1. Трансфузиялық инфекцияға зерттеудің оң нәтижесі кезінде донор туралы мәлімет халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті іске асыратын ұйымға жіберіледі. Зерттеу нәтижелері донор картасына жазылады.

  2. Донор қанын АИТВ-1,2 инфекциясына тексеру антиген/антитело (бұдан әрі – АГ/АТ) тест-жүйесімен ИФА әдісімен жүргізіледі. Оң немесе күдікті нәтижелер кезінде донор қанының сарысуы жалған-оң нәтижелерді болдырмау ішін басқа сериядағы немесе басқа өндірушінің тест-жүйесімен қайта зерттеу жүргізіледі.

  3. Екі қайтара тексерудің екеуі де немесе үш қайтара тексерулердің екеуінде АТ айқын көрінсе, ол серопозитивті үлгі болып саналады. Серопозитивті үлгінің алғашқы табылған жағдайда донор туралы мәлімет арнайы журналға жазылады, алғашқы үлгі сарысуы ары қарай тексеру үшін аймақтық АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласында қызмет жүргізетін ұйымның зертханасына жіберіледі. Донор картасына «Сарысу үлгісі аймақтық ЖИТС орталығына» деген жазба жазылады.


5. Донорлар қанын иммуногемотологиялық зерттеу тәртібі


  1. Донор қанына иммуногемотологиялық зерттеу екі кезеңде өткізіледі.

1) бірінші кезең (алдын-ала зерттеу) - донор қан немесе оның компонентін әр тапсырар (донация) алдында А, В, D, Kell антигендері бойынша алғашқы иммуногемотологиялық зерттеу моноклональді антиденемен тура реакциялау әдісімен жүргізіледі (стандартты изогемагглютинденген сарысулармен зерттеу жүргізуге болады). Иммуногемотологиялық зерттеулер нәтижесі донор картасына енгізіледі. Kell антигендері анықталған жағдайда донорға плазма тапсыру (донация) ұсынылады. Kell-оң эритроциттер Kell - теріс реципиенттерге трансфузиялау үшін пайдалануылмайды;

2) екінші кезең (түбегейлі зерттеу) - донор қаны тапсыру (донация) кезінде алынған бес миллилитрден кем емес көлемдегі пробиркадан зерттеледі. Зерттеуді зертханашы-дәрігер жазықтықтағы моноклональды антиденесімен тура реакция әдісімен немесе аглютинатты гелімен (колонналы агглютинация) жүргізеді.

  1. А антигенін немесе анти-А1 экстрагглютининін анықтау кезінде әлсіз агглютинацияның болуы, анти -А1 немесе анти- Н реагенттерімен бірге А (А 2 ) антигенінің шағын тобын косымша вертификациялауды талап етеді. Донор қаны үлгісінде анти-А1 экстрагглютинині анықталған плазма трансфузия үшін пайдаланылмайды және қан препараттарын өндіруге жіберіледі.

  2. С, с, Е, е, және Kell эритроциттерінің клиникалық манызды антигендері әрбір қан тапсыру (донация) кезінде түрлі моноклоналдық реагенттер серияларымен анықталады. Зерттеу нәтижелері толығымен үш қайтара сәйкес келген кезде фенотип анықталған болып саналады және келесі донациялар кезінде анықталмайды.

Гельдегі аглютинация немесе колонналық агглютинация әдісімен донор эритроциттерінің түбегейлі фенотипі зерттеу нәтижелерінің толық екі мәрте сәйкес келген кезде анықталған болып саналады. Фенотиптелген донорлардың эритроциттері қан компоненттерін сұрыптау кезінде аллоиммунделген реципиенттерге қонданылады.

  1. Донорлар қаннының резус-құрамы D антигені және оның әлсіз Du варианттарының болуы немесе болмауы бойынша анықталады. D антигендері (соның ішінде әлсіз Du вариантары) анықталса донордың резус-құрамы оң, олардың болмауы – теріс болып саналады

Әрбір қан тапсыру (донация) кезінде орындалатын топтық және резус-құрамына қарамастан, донорлар қанындағы аллоиммундық антиденелерді тексеру міндетті болып табылады. Тұрақты қан тапсыратын (донация) донорларда аллоиммундық антиденелерді тексеру жылына бір рет жұргізіледі. Сенсибилденген донорларға аллоиммундық денелер титрін кезексіз скрининг жұргізеді.

  1. Аллоиммундық антиденелердің өзіндік ерекшелігін анықтау үшін олардың стандарттық эритроциттер панелімен сәйкестендіру жүргізіледі. Донор оның қанында аллоиммундық антиденелердің бар екендігі жөнінде хабарланады, олардың өзіндік ерекшелігі мен трансфузия жағдайында ол үшін қан компоненттерін міндетті түрде сұрыптау жөнінде ұсыныстары көрсетіледі.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Похожие:

Қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру ережесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconАдамдарды аитв-инфекциясының болуына медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 115-бабы 2-тармағының...
Қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру ережесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау ережесін бекіту туралы
Қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру ережесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №736 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама өткізу ережесін бекіту туралы
Қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру ережесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережесін бекіту туралы
Қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру ережесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconТуберкулезге қарсы ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының...
Қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру ережесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №698 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану ережесін бекіту туралы
Қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру ережесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №697 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулерді, медициналық-биологиялық эксперименттерді жүргізу ережесін бекіту...
Қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру ережесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconТемір жол көлігі объектілеріне санитариялық ережелерді бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының...
Қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру ережесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының...
Қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру ережесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconӨзгерістер енгізу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және «Лицензиялау...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница