6М050508 Есеп және аудит мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан бағдарламасы «Бухгалтерлік есеп принциптері»




Скачать 256.7 Kb.
Название6М050508 Есеп және аудит мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан бағдарламасы «Бухгалтерлік есеп принциптері»
Дата конвертации21.12.2012
Размер256.7 Kb.
ТипДокументы
6М050508 - Есеп және аудит

мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан
БАҒДАРЛАМАСЫ

«Бухгалтерлік есеп принциптері» пәні
Бухгалтерлік есептің теориясы

Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектісі. Бухгалтерлік есептің анықтамасы және оның мэні мен маңызы, міндеті. Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау. Экономикалық ақпараттың көзі ретінде бухгалтерлік есеп беру және оны пайдаланушылардың жіктелінуі. Бухгалтерлік есепті жетілдіруге (дамытуға) әсер ететін факторлар. Қазақстан Ресапубликасында бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі және оның дамуы. Бухгалтерлік есептегі этика. Қазақстан Республикасының заңы бойынша ұйымдардың түрлері.

Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі. Қаржылық есеп берудін, элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері. Бухгалтерлік есептің негізін қалаушы принциптері: толассыздық, есептеу принципі, Үздіксіз қызмет ету принципі, екі жақгы жазу ақшалай елшеу принципі, құпиялылық принципі. Қаржылық және шаруашылық процестері. "Шаруашылық операциялары" жайлы түсінік.

Бухгалтерлік баланстың ролі мен мағынасы. Бухгалтерлік баланстың түрлері. Бухгалтерлік баланстың құрыльшы мен мазмұны. Негізгі бухгалтерлік тендеу. Бухгалтерлік балансқа деген екі көзқарас. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік балансқа әсері.

Бухгалтерлік шоттар жайлы түсінік. Бухгалтерлік шоттардың құрылымы мен мазмұны. Бухгалтерлік есеп шоттарының экономикалық мазмұны бойынша құрылымы және атқаратын қызметі бойынша жіктелуі (негізгі, реттеуші, калькуляциялық, қаржылық нәтижелік, баланс сыртындағы және т.б.). Екі жақты жазу жүйесі. Шоттар корреспонденциясы. Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы. Топтамалық (синтетикалық) және талдамалық (аналитикалық) шоттар мен олардың өзара байланысы. Талдамалық (аналитикалық) және топтамалық (синтетикалық) есеп. Айңалым ведомосттері, олардың мәні мен оларды құру, толтыру тәртібі. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары.

Есептік цикл. Шаруашылық операцияларын бағалануы мен жіктелінуі. Кіріспе бухгалтерлік баланс. Шаруашылық операцияларын тіркеу мен талдау және олардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі. (Шаруашылық операцияларын тіркеу журналы). Журналдағы бухгалтерлік жазуларды бас кітаптың шотта-рына кешіру. Айналым ведомосты-бухгалтерлік іс-әрекеттердін бақылаушы құралы. Мерзімдік шоттардың жобылуы. Сынама (тексеру) балансы. Трансформациялық кестелерді құру кезеңдері. Қорытынды баланс.

Бухгалтерлік қүжаттар, олардың атқаратын қызметі мен жіктелінуі. Есеп регистрлері. Бухгалтерлік есепке енгізу формалары. Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері. Түгендеу. Есеп саясаты.
Активтердің есебі.

Ағымдағы активтердің анықтамасы мен олардың жіктелуі. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі. Кассалық кіріс және ордерлері, оларды құру, толтыру және рәсімдеу тәртібі. Касса кітабы, оның енгізілуі. Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары және олардың сипаттамасы. Банктердегі есеп айырысу шоты мен арнайы шоттардағы ақшалардың есебі, ақша эквивалентерінің есебі. дқшалардың қозғалысын бақылаудың ішкі жүйесі. Есеп берілетін сомалардың есебі (кіші касса). Этика мәселесі.

Дебиторлық борыштын танылуы мен бағалануы. Күдікті дебиторлық борыштардың есебі. Дебиторлық борыштарды инкассациялау (жинау). Алынуға тиісті вексельдердің есебі. Басқадай дебиторлық борыштардың есебі. Жұмысшылардың дебиторлық борыштарының есебі. Алынуға тиісті қосылған құн салығы сомасы. Қаржылық есеп беруді ашып көрсету.

Тауарлық-материалдық қорлар жайлы түсінік. Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі. Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері (орташа есептік құны бойынша, ФИФО және арнайы үқсастық әдістері). Әдістерді салыстыру. Тауарлық-материалдық қорлардың кіріс етілуі мен шығыс етілуінің құжаттық рәсімделуі. Кәсіпорындағы тауарлық-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі. Қорларды есептеудің үзіліссіз және кезендік жүйелерін қолдану. Төменгі құны бойын-ша және өзіндік құны мен нарықтық құны бойынша бағалануы. Тауарлық-материалдық қорлардың келіп түсуі, қозғалысы және босатылынуы.

¥зақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелінуі. Негізгі қүралдардың анықтамасы мен сипаттамасы. Негізгі құралдардың жіктелінуі. Инвентарлық объект. Негізгі құралдардың бағалануы. Негізгі қүралдардың бастапқы құны, ағымдағы құны, баланстық құны, өткізу құны және жойылу құны. Бастапқы құнның құрамы. Анықтау мен өзгерту тәртібі. Айналыстан тыс құралдарды сатып алу есебі мен оның бағалануы. Жердің, үйлер мен ғимараттардың, жабдықтардың құндарындағы шығьщдар, элементтёрі. Негізгі құралдарды қабылдау-өткізу актісі, үлгілі түрі НҚ-1 (ОС-1). Оны құрастыру мен өңдеудің тәртібі. Негізгі қүралдарды есептейтін инвентарлық карточкалар, олардың атқаратын қызметі. Негізгі қүралдардың амортизациясы (тозуы). Негізгі құралдардың табиғи және сапалық тозуы. Амортизаци» аударымдар мен оларды есептеудің әдістері. Құнын біркелкі (түзу сызықты) есептен шығару әдісі. Құнын атқарылған жүмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару (өндірістік әдіс). Амортизацияны жедел есептеу әдісі: қалдық қүлының кемуі әдісі, сандардың жиынтығы бойынша қүлын есептен шығару әдісі (кумулятивтік әдіс). Негізгі құралдардың шығыс етілуі мен олардың түрлері. Негізгі құралдардың жойылуы мен басқадай шығыс етілуі Негізгі құралдарды есептен шығару актісі (үлгілі түрі НҚ-3; НҚ-4 (ОС-3. ОС-4), толтыру, бекіту мен бухгалтерлік рәсімдеу тэртібі.
Міндеттемелер мен капиталдың есебі

Міндеттемелердің анықтамасы. Міндеттемелердің жіктелуі. Ұйымның міндеттемелер бойынша әртүрлі заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысуының түрлері. Міндеттемелерді есептеу. Бюджетпен есеп айырысу. Еңбекақы төлеу бойынша жұмысшы-қызметкерлермен есеп айырысудың есебі. Қаржылық есеп беруді ашып көрсету.

Капитал туралы түсінік. Теориялық негіздеме. Серіктестіктердің мәні. Жарғылық капиталдың есебі, оның қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібі. Жарғылық капиталдың қалыптасуы тәртібі мен ұйымдардың қызметінің түріне байланысты оның көлемі. Резервтік капитал. Резервтік капиталды құру және пайдалану (жұмсалыну) тәртібі. Бөлінбеген кіріс және есепті кезеңнің шығыстары. Қаржылық есеп беруде ақпараттарды ашып көрсету.

Есеп беру, Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесін, оның қаржылық, мүліктік жағдайын анықтайтын көрсеткіштер жүйесі ретінде. Кіріс және шығыс туралы есеп берудің ұсынылуы. Бухгалтерлік балансты құру. Ақшалардың қозғалысы жайлы есеп берудің тікелей және жанама әдісі. Ақшалардың қозғалысы жайлы есеп беруді тікелей әдіспен даярлау. Меншікті капиталдағы өзгерістер бойынша есеп беру. Қорытынды есептердің өзара байланыстылығы. Қаржылық есепті ашып көрсету.

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі


  1. Қазақстан Республикәсының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы-Алматы, 2007ж.

  2. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі-Алматы 2009.

  3. Международные стандарты финансовой отчетности

  4. Национальные стандарты финансовой отчетности №1,2

  5. Типовой план счетов бухгалтерского учета-Нормативные акты для бухгалтеров выпуск№19, 2007т.

  6. Байболтаева Н.Ә. Бухгалтерлік есеп принцилтері оқулық-Қаз¥АУ, 2006 ж.

  7. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері-оқу кұралы Алматы, зкономика, 2003 ж.

  8. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есебі Бухгалтерлік есептің принциптері-Алматы, экономика-2005 ж.

  9. Тулешова Г.Ш. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1)-Алматы: Бизнес информация, 2005

  10. Байболтаева Н.Ә., Юсупжанова А.Х, Аграрлық жоғарғы оқу орындарының «Есеп және аудит» мамандығы үшін «Бухгалтерлік есеп принциптері» пәні бойынша Практикум, Алматы-2002 ж.



«Қаржылық есеп 1» пәні
Ағымдағы активтердің есебі.

Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің есебі. Кассадағы қолма-қол ақшалар есебі. Банктертегі ақша каражатттарының есебі. Аккредетивтегі, чек кітапшасындағы ақшаның есебі. Жлда,ы ақша есебі.Ақша эквиваленттері.

Дебиторлық борыштарға түсініктеме және олардың түрлері. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі. Күмәнді дебиторлық борыштар есебі және оны бағалау әдістері.

Қорлардың түрлері мен жіктелуі. Тауарлы-материалдық босалқылардың бағалануы. Тауарлы-материалдық босалқылардың кіріс және шығыс операцияларын құжаттау. Дайын өніммен оны сатудың есебі.
Ұзақ мерзімді активтердің есебі
Негізгі құралдардың есебі(ҚЕХС 16, ҚЕХС 36).Негізгі құралдардың түсінігі және олардың жіктелуі. Негізгі құралдардың бағалануы. Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері. Негізгі құралдарды түгендеу.

Материалдық емес активтер есебі (ҚЕХС 38). Материалдық емес активтер туралы түсінік және олардың түрлері. Материалдық емес активтердің бағалануы. Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі.
Міндеттемелердің, капиталдың, табыстар мен шығыстардың есебі
Меншікті капиталдың құрылымы. Жарғылық капитал жайлы түсінік және оның қалысптасу тәртібі. Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) есебі. Резервтік капиталдың қалыптасуы мен пайдаланудың есебі.

Міндеттемелер есебі(ҚЕХС 19, ҚЕХС23, ҚЕХС37).Міндеттемелер туралы түсінік және олардың жіктелуі. Зайымдар есебі. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есебі. Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі.

Табыстар мен шығындарды тану(ҚЕХС18). Табыстар мен шығындарды анықтау, тану критерийлері. Өнімдерді сатудан (жұмыс, қызмет) түскен табыстар мен шығындар есебі. Негізгі қызметтің табыстары мен шығындарының есебі. Кезең шығындарының есебі

Қаржылық есеп беруді ұсыну(ҚЕХС1). ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп беруді дайындау және құрастыру тұжырымдамасы. Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп берудің құрамы мен құрылымы.
Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі


  1. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы 26 желтоқсан 1995 № 2732; 2007 жылғы өзгертулер және толықтырулармен бірге.

  2. Ұлттық және халықаралық қаржылық есеп стандарттары. «БИКО», 2008 ж.

  3. Байболтаева Н.А. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы-2006 ж.

  4. Радостовец В.К және басқалар. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп». Алматы,2002.

  5. Назарова В.Л.. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Алматы, 2003.

  6. Кеулімжаев К.К., Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері», Алматы-2006 ж.


«Басқару есебі» пәні
Басқару есебінің негіздері

Басқару есебінің мәні мен маңызы, мақсаты мен міндеттері. Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар. Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы. Шешімдер қабылдауда басқару есебінің ролі.

Басқару (менеджмент) үдерісі: жоспарлау, бақылау мен реттеу, ұйымдастыру жұмысы ынталандыру . Шығындар, пайда және жауапкершілік орталықтары – басқару есебінің аса маңызды объектілері ретінде. Талдаушы бухгалтердің басқару үдерісіндегі: жоспарлаудағы, бақылау мен реттеудегі ролі. Өндірістік есеп және оның басқарудағы ролі. Өндірістік есептің мәні мен мақсаты мен міндеттері.

Өндірістік есеп - өнімнің өзіндік құнын басқарудың негізгі ретінде.
Басқару есебіндегі щығындардың жіктелуі

Шығындар туралы жалпы ұғым және олардың жіктелуі. Шығындардың жіктелуі, оның мақсаты мен маңызы. Шығындарды жіктеудің негізгі бағыттары. Өнімнің өзіндік құнын, табысты анықтау және босалқыларды (қорларды) бағалау үшін шығындарды жіктеу. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындардың құрамы.

Шешімдер қабылдау және жоспарлау үшін шығындарды жіктеу. Бақылау мен реттеу үдерісін жүзеге асыру үшін шығындарды жіктеу. Кәсіпорында өндірісті және есепті ұйымдастыру. Негізгі өндіріс шығындарының есебі, өндірістік есептің шоттар жүйесі (аналитикалық синтетикалық). Калькуляция баптары бойынша өндіріс шығындарының есебі; материалдық шығындардың есебі; есептеулерімен бірге еңбек ақы шығындарының есебі; көмекші өндіріс шығындардың, болашақ кезең шығындарының есебі және оларды бөлу. Аяқталмаған өндірісті, өндірістегі материалдарды түгендеу және олардың есебі.

Өндіріс шығындарының жиынтық есебі. Негізгі өндіріске қызмет көрсетудегі көмекші өндірістердің ролі мен маңызы. Өндірілетін өнімнің, атқарылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен құрамы бойынша көмекші өндірістердің типтері. Көмекші өндірістердегі шығындар есебінің объектілері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау объектілері. Құрал-саймандық, жөндеуші, қуат-күш беруші және көліктің өндірістердегі шығындар есебінің ерекшеліктері және өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын калькуляциялау. Көмекші өндірістердің өзара қызмет көрсетуіндегі шығындары мен көрсеткен қызметтердің есебі. атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді тұтынушылар арасында бөлу. кезең шығындарының есебі.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың мәні. калькуляциялау объектілері және калькуляциялық бірліктер. Калькуляциялаудың түрлері. Калькуляциялаудың әдістері мен тәсілдері. Процестік калькуляциялаудың мәні мен қолдану аясы.

Өнімді натуралдық және эквиваленттік бірліктермен шығарудың есебі. Эквиваленттік өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу. Кезеңнің соңында шығындарды дайын өнімдер, жартылай фабрикаттар және аяқталмаған өндірісарасында бөлі. Кезеңдер ұғымы, есеп және калькуляциялау объектілері.

Шығындар есебінің кезеңдік әдісінің қолдану аясы. Өндіріс шығындары есебінің кезеңдік әдісінің жартылай фабрикаттық және емес нұсқалары. Жартылый фабрикаттар мен дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау. Әдістің артықшылықтар мен кемшіліктері. Шығындар есебі мен өзіндік құнды калькуляциялудың тапсырыстық жүйесі, қолдану аясы. Шығындар есебінің объектілері, калькуляциялау объектілері. Шығындар есебі мен өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісімен үстеме шығындарды бөлу.

Тапсырыстың өзіндік құнын калькуляциялау. Әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері. Шығындар есебі мен калькуляциялаудың нормативтік әдісінің мәні мен принциптері (қағидалары). Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісінің шығындары жоспарлаудағы, есепке алудағы, бақылаудағы, шешімдер қабылдаудағы, талдаудағы ролі, қолдану аясы.

Нормалар, нормативтік калькуляциялар. Нормалардың өзгеруінің есебі.

Тікелей және жанама шығындар бойынша нормалардан ауытқудың есебі.

Нормалардың өзгеруін, есеп объектілері бойынша нормалардың ауытқуды бөлудің әдістері. Берілген әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері

Кешенді өндіріс шығындарының есебі және жанама өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау. Шығындардың толық үлестірілуі бойынша және өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құн калькуляциясы. Табыстың көлеміне екі әдістің әсерін салыстырмалы талдау. Кешенді шығындарды бірлесіп өндірілетін өнімдер арасында бөлудің әдістері: натуралдық көрсеткіштердің көмегімен және өнімдердің нарықтық құнына сәйкес. Зиянсыздық және оның модельдері: экономикалық модель, бухгалтерлік модель, зиянсыздықты талдаудың математикалық жолы, қауіпсіздік нүктесі. Өндірістің зянсыздығын талдауда жіберілетін қателер. Болашақ кезеңдегі релеванттық шығындар мен табыстарды анықтау. тауарларды өткізу (сату) бағасы бойынша арнайы шешімдер қабылдау және шектеуші факторлар. Өз (меншікті) өндіріс немесе сатып алуы жөнінде шешімдер қабылдау. Бюджеттеудің сипаттамасы, оның артықшылықтары, мақсаты мен міндеттері. Кәсіпорынның бас және операциялық бюджеті.

Икемді бюджеттер: бюджетті құру және олардың ауытқуы. Бюджетті құрудың әрекет ету аспектілері. Бюджеттеу және жауапкершілік орталықтарының қызметін бақылау. Субъектінің қызметін бақылау мен талдауда икемді бюджеттің маңызы.
Қазіргі жағдайдағы басқару есебі, функциясы мен ерекшелігі

Басқару есебінің функциялары. Баскару есебін ұйымдастыру мен әлеуметтік аспетілері. өнім циклі мен бәсекелестік отрасының өзгерісі. Тұтынушылар қажеттілігін қанағаттандыру және менеджментке жаңа жолдар. Орта өзгерісінің басқару есебіне жүйесіне әсері.

Шығындар функцияларын анықтаудағы жалпы қстанымдар. Ең аз квадратты әдіс. Оқыту қисық сызығы. Көптеген регрессия талдауы. Шығындар функциясын бағалаудағы қткен мәліметтерді пайдалануда ескертетін факторлар. Қосалқы қызметтер шығындарын өндірістік бөлімшелерге бөліп тарату. Қадамдық әдіс. Теңестіру әдісі. Өңдірістегі жоғалтулр есебі. Өзіндік құнның функционалды калькуляциясы. Қоралардың тиімді мөлешрін есетеу. Дәл мерзімде жүйелері. Тапсырыс мөлшерін анықтау. Стратегиялық басқару есебі. Теңестірілген есеп тізімдемесі.

Бюджеттік жүйе түрлері. өзіндік құнды функционалды калькуляциалау. Негізінде сметалар құру. Нөльдік нүкте бюджеті. Ауытқуды талдау: шығындар бойынша, сату көлемі бойынша, өндірістік негізгі материалдар ассортименті және өнімнің шығыны бойынша. Жауапкершілік орталықтары есебі. Трансферттік бағаның құрылуы. Бөлімшелер қызметінің қаржылық көрсеткіштері: қаржы салымдары пайдасы, қалған пайда, экономикалық қосылған құн(EVA). Шешімдер қабылдауды талдау.
Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі


  1. Аксененко А.Ф., Бобижанов М.С., Таримбаев Ж.Ж. Управленческий учет на предприятиях в условиях формирования рыночных отношений.- М.: ООО «Нонпарель», 1994г.

  2. Апчерч Алан Управленческий учет: принципы и практика / Пер. с англ. И.А.Смирновой. М., Финансы и статистика, 2002. - 952с.

  3. Би Вандер Вил. Управленческий учет ( с элементами финансового учета)

  4. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет (перевод с англ. Под. Ред. Н.Д. Эрнашвили) М. Аудит, ЮНИТИ,2000

  5. Дюсембаев К.III., Сатенов Б.И. «Директ-костинг»: теория, методология и практика. Алматы, 2002г. - 190с.

  6. Карпова Т.П. Управленческий учет. М. Аудит. ЮНИТИ, 1998

  7. Керимов В.Э. Управленческий учет. М., Изд.-торг.корпорация «Дашков и К», 2003. -416с.

  8. Кеулимжаев К.К. Отдельные вопросы учета производственных затрат// ББ -Отраслевые и иные особенности налогообложения и учета. 2004г. - №7.- с.4-11.

  9. Кондратова И.Г. Основы управленческого учета. - М.:Финансы и статистика, 1998. -756с.

  10. Нидлз. Б. И др. Принципы бухгалтерского учета (перевод с англ. Проф. Я.В. Соколова)


«Қаржылық есеп 2» пәні
Бизнестің бірігуінің есебі

Кәсіпорындарды біріктіру. Сатып алу әдісі (ҚЕХС 3). Бірлескен кәсіпорындарды бірегейлендіру. Ортақ бақылаудағы ұйымдар мен кәсіпорындарды қамтитын кәсіпорындардың бірігуін қарастыру. Есептеу әдісі. Сатып алу әдісін қолдану. Ұйым сатып алушының бірегейлендіру. Кәсіпорындарды біріктіру құны. Болашақтағы оқиғалармен негізделген кәсіпорындарды біріктіру құндарын түзету. Кәсіпорындарды біріктіру құнын сатып алынған активтерге, қабылданған міндеттемелерге және шартты міндеттемелерге бөліп тарату. Сатып алынатын ұйымның бірегейлендірілген активтері мен міндеттемелері. Сатып алынатын ұйымның материалдық емес активтері. Сатып алынатын ұйымдардың шартты міндеттемелері. Іскерлік бедел.

Ұйым-сатып алушының бірегейлендірген активтердің, міндеттемелердің және шартты міндеттемелердің таза әділ құнындағы үлесінің артуы. Кәсіпорындарды кезең бойынша біріктіру.

Алдын-ала негіздегі бастапқы есеп. Бастапқы есепті аяқтаған кездегі түзету. Бастапқы есепті аяқтау бойынша кейінге қалдырылған салықтық талаптарды тану.

Біріктірілген қаржылық есептілікті ұсыну. Біріктірілген қаржылық есептілікті қолдану аясы. Шоғырландыру процедуралары.

Еншілес, бірлесіп бақыланатын және тәуелді ұйымдарға инвестициялардың бөлек қаржылық есептіліктердегі есебі. Жиынтық бухгалтерлік балансты дайындау.

Таза активтердің әділ құны, іскерлік бедел және азшылық үлесін анықтау. Пайда мен залал туралы жиынтық (шоғырландырылған) есептілік.

Бірлескен қызметке қатысу (ҚЕХС 31). Біріккен қызмет нысандары. Бірігіп атқарылатын бақылау. Шарттық келісім. Бірігіп бақыланатын операциялар. Бірігіп бақыланатын ұйымдар. Кәсіпкердің қаржылық есептілігі. Пропорциональды шоғырландыру. Үлестік қатысу бойынша есептеу әдісі. Пропорциональды шоғырландыру және үлестік қатысу әдісін қолдануды есептеп шығару. Кәсіпкердің бөлек қаржылық есебі. Кәсіпкер мен бірлескен қызмет арасындағы операциялар. Инвестордың қаржылық есебіндегі бірігіп басқаруға қатысу үлесін бейнелеу. Біріккен қызмет басшылары. Ақпараттарды ашып көрсету.

Байланысқан тараптар (ҚЕХС 24). Байланысқан тараптар туралы ақпараттарды ашып көрсету. Анықтамалары. Байланысқан тараптармен қарым-қатынастар және операциялар. Ұйымдар мен байланысқан тараптар арасындағы өзара есеп айырысулардың өтелмеген қалдығын идентификациялау.
Инвестицияларды бағалау және оның есебі

Ақша ағынын дисконттау. Пайыздар мен болашақ құн. Ағымдағы (дисконтталған) құн. Аннуитеттер.

Мерзімдері, шарттары және есеп саясаты. Пайыздық мөлшерлеме тәуекелі. Несиелік тәуекел. әділетті құн. Ашып көрсетілуге тиісті басқа да талаптар. Тануды тоқтату. Кепілдік. Көптеген туынды эементерден тұратын құрама қаржылық құралдар. Пайда және зиян арқылы әділетті құн бойынша бағаланатын қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер. Пайда және зиян жөніндегі есеп және капитал. Құнсыздану. Міндеттемелерді орындау және бұзу. Активтерді беру. Қаржылық активтерді типтік сату немесе сатып-алу. Қаржылық міндеттемелерді тануды тоқтату.

Қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді бағалау.

Қайта жіктеу. Пайда мен зиян. Қаржылық активтер бойынша борыщтардың құнсыздануы. Амортизацияланған құнмен есепке алынатын активтер. өзіндік құн бойынша есептелетін қаржылық активтер. Сатуға арналған қаржылық активтер. Хеджирлеу. Хеджерлеу құралдары. Жіктелетін құралдар. Жіктелінетін құралдар. Хеджерлеу құраладрын анықтау. Хеджерлендірілінуші баптар. Жіктелінуші баптар. Хеджерлендіру сапасындағы қаржылық және қаржылық емес баптарды анықтау. Хеджерлеуді есепке алу. әділетті құнды хеджерлеу. Ақша ағымдағы мен таза инвестицияны хеджерлеу.

Инвестициялық меншік (ҚЕХС 40). Инвестициялық меншік түсінігі. Инвестициялық меншік ретінде активтерді жіктеу жолдары. Инвестициялық меншікті есептеудің балама әдістері. Ақпараттарды ашып көрсетуге қойылатын талаптар.
Жалдаудың есебі. Табысқа салынатын салық. Валюта бағамы өзгеруінің әсері. Шетелдік қызмет

Жалдаудың есебі (ҚЕХС 17). Жалдаудың жіктелуі. Жалға алушылардың қаржылық есебінде жалдаудың бейнеленуі. Қаржылық жалдау. Бастапқы тану. Кейінгі бағалау. Операциялық жалдау. Жалға берушінің қаржылық есебіндегі жалдаудың есебі. Кері жал бойынша сатып-өткізу операциясы.

Табысқа салынатын салық (ҚЕХС 12). Салық базасы. Ағымдағы салықтық міндеттемелерді және ағымдағы салықтық активтерді тану. Салық салынатын уақытша айырмашылықтар. Кәсіпорындарды біріктіру. әділетті құн бойынша есептелінетін активтер. Іскерлік бедел. Шегерілетін уақытша айырмашылықтар. Кері іскерлік бедел. Активті немесе міндеттемені бастапқы тану.

Пайдаланылмаған салықтық зияндар және салықтық несиелер. Танылмаған кейінге қалдырылған салықтық талаптарды қайта бағалау. Еншілес компанияларға, филиалдарға және ассоция-цияланған компанияларға инвестициялар. Біріккен қызметке қатысу үлесі. Бағалау. Ағымдағы және кейінгі қалдырылған салық-тарды тану. Пайда және зиян жөніндегі есеп. Кәсіпорындарды біріктіру нәтижесінде пайда боалтын кейінгі қалдырылған салықтар. Ақпараттарды ұсыну. Салықтар бойынша шығыстар. Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер мен талаптар бойынша бағамдық айырмашылықтар. Ақпараттарды ашу.

Валюта бағамы өзгеруінің әсері. Шетелдік қызмет (ҚЕХС 21). Функционалды валюта. Шетелдік қызметке таза инвестиция. Ақшалай баптар. Шетел валютасындағы операцияларды функ-ционалды валютада бейнелеу. Бастапқы тану. Кейінгі есепті мерзімдерге есеп беру. Бағамдық айырмашылықтарды тану. Функционалды валютаны ауыстыру.

Функционалды валютадан ерекшелінетін ұсыну валютасын қолдану. Ұсынылатын валютаға қайта есептеу. Шетелдік қызмет жөніндегі қаржылық есептілікті қайта есептеу. Кез-келген бағамдық айырмашылықтың салықтық салдарлары.
Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі:


  1. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы

  2. ҚР салық кодексі

  3. ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы

  4. ҚР «Бағалы қағаздар туралы» заңы

  5. Международные стандарты финансовой отчетности. М.: Аскери, 1999.

  6. Национальные стандарты финансовой отчетности №1,2

  7. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары

  8. Нидлз Б., Андерсон X. И др. «Принципы бухгалтерского учета». М.: 1996.

  9. Глушков И.Е. «Бухгалтерский учет на современном предприятии» М.: 2001.

  10. Назарова В.А. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есебі» Алматы, 2005

  11. Байболтаева Н.Ә. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, 2006.

  12. Радостовец В.К. және т.б. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003.

  13. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет» Алматы «Экономика», 2005.

  14. Финансовый учет на предприятии Под ред. Рахимбековой Р.М., Алматы-2003.

  15. Тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1, 2), Алматы-2005

  16. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. және т.б. Қаржы есебі -Оқу құралы. Алматы-2003.



«Аудит» пәні
Аудит негіздері

Аудиттің мәні, мақсаты және маңызы. Аудиторлық қызмет және оны нормативтік-құқықтық реттеу. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың аудиторлық қызметті аттестациялау және лицензиялау. Аудиттің стандарттары мен аудиторлардың мамандық этикасы. Қателер мен алаяқтық, олардың елеулілігін бақылау. Аудиторлық тәуекелдік. Аудиторлық дәлелдеулер. Аудитордың жұмысының сапасын бақылау. Жоспарлаудың қағидаттары мен кезеңдері. Аудиттің жалпы жоспарын дайындау. Бақылау тәсілдерінің тестісін және аудит бағдарламасының тәсілдерін маңыздылық тарапынан қалыптастыру. Сұрыптауды пайдалану. Клиенттің ішкі бақылау жүйесі. Электрондық дайындалған көрсеткіштер аудиті

Компьютермен дайындалған көрсеткіштер аудитіне қойылатын талаптар. Компьютер жүйесімен дайындалып өңделген ақпараттарды дайындау. Аудиторлық қорытынды: жасау тапсыру тәртібі. Аудиторлық қорытынды құрылымы мен түрлері сөзсіз, тексерусіз жасалған аудиторлық пікір.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі аудит
Аудиттің ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар. Қаржылық есеп элементтер аудитінің мақсаты. Қаржылық есептіліктің бөлшектеу кезеңдері. Аудит жүргізудегі объект бойынша және циклдік амалдар.

Сатып алу кезеңінің шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары. Сатып алу кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Сатып алу кезеңінің шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар. Тәуекелділіктің бастапқы деңгейін анықтау үшін жүргізілетін бақылау тестілері.

Өндіріс кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары. Өндіріс кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Өндіріс кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудитор-лық тұжырымдар. Тәуекелділіктің бастапқы деңгейін анықтау үшін жүргізілетін бақылау тестілері.

Сату кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудиттің бағыттары. Қаржылық қорытынды есептің қалыптасуы мен сату кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі.

Қаржылық қорытынды есептің қалыптасуы мен сату кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар. Аудит жүргізу барысында тексеруге арналған негізгі тұжырымдар. Дебиторлық қарыздар аудиті. Бақылау құралдарын тексеру тестері.

Кассадағы ақша қаражаттарының аудиті. Банктегі және басқа да шоттардағы ақша қаражаттарының аудиті. Есеп беруге міндетті сомалардың аудиті. Аудит жүргізілгенде тексерілетін негізгі аудиторлық тұжырымдар. Бақылау құралдарын тексеру тестер.

Материалдық емес активтердің аудиті. Негізгі құрал – жабдықтардың аудиті. Ұзақ мерзімді активтердің тозуы мен амортизациясының аудиті. Аудит жүргізгенде тексерілетін негізгі аудиторлық тұжырымдар. Бақылау құралдарын тексеру тестілері.
Инвестициялау кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудиттің бағыттары. Инвестициялау кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Инвестициялау кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар.

Капиталдардың аудиті. Қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айыры-су аудиті. Басқа да кредиторлық қарыздар аудиті.

Тест жүргізгенде қолданылатын аналитикалық әдістер. Аудиттің іс құжаттарында және қаржылық есепте талдауды пайдалану. Коэффициенттерді талдау және шешім қабылдау.

Аудиттің қорытынды кезеңінде пайдаланылатын аудит тәсілдері. Клиентке ұсыныстар беру. Аудиторлық қорытындыларды бағалау. Кейінгі болатын уақиғалар.

Қоршаған ортаның аудиті. Ішкі аудит. Операциялық аудит. Басқа да ілеспе қызметтер.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:


  1. «Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заң 25 желтоқсан 1995 (өзгертулер мен толықтырулар есепке алынған).

  2. Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 15 қаңтардағы №139-11 Заңы (2006.05.05 №139-11 берілген өзгерістермен, толықтырулармен).

  3. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Джумагалиева Ж.Г. «Аудит», 2006.

  4. Ержанов М.С. «Аудит-1» Алматы, 2005.

  5. Национальные стандарты финансовой отчетности №1,2

  6. Дюсенбаев К.Ш., Егембердиев С.К., Дюсембаев З.К. «Қаржылық есептің талдауы мен аудиті» Алматы, 1998.

  7. Аудиттің халықаралық стандарттары – 1,2 т Алматы, 2001Конституция Республики Казахстан – Алматы: Адилетт-прес, 1997 г.

  8. Абленов Д.О. «Аудит» Экономика, 2005.

  9. Люсенбаев К.Ш. «Теория аудита» Алматы 1995.

  10. Абленов Д.О. «Аудит негіздері», Алматы, 2006.



«Қаржылық және басқаруды талдау» пәні
Экономикалық талдаудың негіздері
Экономикалық талдау және теориялық таным. Экономикалық талдау және диалектиканың маңызды категориясы. Экономикалық талдау және экономикалық теория. Экономикалык талдаудың жүйелілігі және кешенділігі.. Экономикалық талдаудың пәні, мақсаты және түрлері. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері. Детерминациялық талдаудағы факторлар әдістерін өлшеу тәсілдері. Талдаудың экономика- математикалық тәсілдері. Резервтерді анықтау мен есептеу әдістемесі
Қаржылык талдау түсінігі, мәні, міндеттері және ақпараттык қамтамасыз етілуі
Қаржылық талдау, басқару шешімдерін қабылдау базасы ретінде. Қаржылық талдау әдістері және толардьщ жіктелуі. Кәссіпорынның қаржылык есептілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық базасы ретінде. Баланстың өтімділігін және өтімділігін талдау. Қаржылық коэффициентті талдау. Қаржылық нәтижелерді талдау. Маржиналдық талдау негізінде басқару шешімдерін негіздеу әдістемесі.

Ресурстарды пайдалануды және өнімнің өзіндік құнын талдау

Өнімдерді өндіру мен сатуды талдау. Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құның талдау. Негізгі құралдарды пайдалануды талдау. Материалдық ресурстарды пайдалануды талдау. Еңбек ресурстарын пайдалануды талдау. Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:


  1. Баканов М.И, Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник-М: Финансы и статистика, 1997г

  2. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник. Под.общ.ред. Стражева В.И – Минск:Высш.шк,1998г

  3. Ветров А.А. Операционный аудит-анализ – М.:Перспектива, 1996г

  4. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебн.пособие – Алматы: Экономика, 1998г

  5. Пешкова Е.П. Маркетинговый анализ в деятельности фирмы – М, 1996

  6. Ришар Ж., Аудит и анализ хозяйственной деятельности. Пер.с франц. Под.ред.Л.П.Белых – М, Аудит, ЮНИТИ, 1997

  7. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия – Минск: ИП «Экоперспектива»,1998

  8. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа – М:Инфра –М,1996

  9. Хеддервик К. Финансово-экономический анализ деятельности предприятия – М: Финансы и статистика, 1996.

Похожие:

6М050508 Есеп және аудит мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан бағдарламасы «Бухгалтерлік есеп принциптері» iconМамандықтың шифрі мен атауы: 5В050800 Есеп және аудит
Постреквизиттер:«Бухгалтерлік есеп принциптері», «Қаржылық есеп», Аралық қаржылық есеп», «Тереңдетілген қаржылық есеп», «Бухгалтерлік...
6М050508 Есеп және аудит мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан бағдарламасы «Бухгалтерлік есеп принциптері» icon050508 “Есеп және аудит” (күндізгі және сырттай оқыту нысаны) мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған өндірістік іс-тәжірибе бағдарламасы
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының ғылыми -әдістемелік семинары отырысында талқыланып, бекітілген
6М050508 Есеп және аудит мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан бағдарламасы «Бухгалтерлік есеп принциптері» iconБухгалтерлік есепке заңнамалы- нормативтік құжаттардың әдістемелік жинағы 0705002 «Бухгалтерлік есеп және аудит»
«Бухгалтерлік есеп және аудит», 0703002 «Қыржы салалар бойынша» мамандықтарға арналған
6М050508 Есеп және аудит мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан бағдарламасы «Бухгалтерлік есеп принциптері» iconСтуденттерге арналған курстың ОҚу бағдарламасы
Курстың оқу бағдарламасын «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының оқытушысы Жолаева Рита Ахантаевна 050508 «Есеп және аудит»...
6М050508 Есеп және аудит мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан бағдарламасы «Бухгалтерлік есеп принциптері» iconҚаржылық есеп-1 ПӘнінен 050508 мамандығы бойынша
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының ғылыми әдістемелік семинар отырысында талқыланып, бекітілген
6М050508 Есеп және аудит мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан бағдарламасы «Бухгалтерлік есеп принциптері» iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік – техникалық академиясы
Бухгалтерлік есеп принциптері курсы бухгалтерлік есептің негізі және ол курс қаржылық қорытынды есеп беруді дайындау мен бухгалтерлік...
6М050508 Есеп және аудит мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан бағдарламасы «Бухгалтерлік есеп принциптері» iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
Бухгалтерлік есеп принциптері курсы бухгалтерлік есептің негізі және ол курс қаржылық қорытынды есеп беруді дайындау мен бухгалтерлік...
6М050508 Есеп және аудит мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан бағдарламасы «Бухгалтерлік есеп принциптері» iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
Бухгалтерлік есеп принциптері курсы бухгалтерлік есептің негізі және ол курс қаржылық қорытынды есеп беруді дайындау мен бухгалтерлік...
6М050508 Есеп және аудит мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан бағдарламасы «Бухгалтерлік есеп принциптері» icon6М050600- экономика мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан бағдарламасы микро-макроэкономика Микроэкономика Макроэкономика пәні. Ұлттық есеп жүйесі
Кірістер мен шығыстардың ауыспалы айналымы. Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономиканың мемлекеттік және жеке меншік секторлары....
6М050508 Есеп және аудит мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан бағдарламасы «Бухгалтерлік есеп принциптері» icon6М0501800 Жобаларды басқару мамандығы бойынша магистратураға қабылданушылар үшін қабылдау емтиханының бағдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізбесі «Макроэкономика»
М0501800 Жобаларды басқару мамандығы бойынша магистратураға қабылданушылар үшін қабылдау емтиханының
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница