«бота» ҚОҒамдық Қорының 2012-2013 ОҚу жылына арналған білім гранттары бағдарламасы




Название«бота» ҚОҒамдық Қорының 2012-2013 ОҚу жылына арналған білім гранттары бағдарламасы
страница1/13
Дата конвертации09.11.2012
Размер1.2 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




«БОТА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ 2012-2013 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН

БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

(жоғары оқу орнының соңғы курсында немесе соңғы курстың

алдындағы курста оқуы үшін)


«БОТА» қоғамдық қорының миссиясы
2008 жылдың мамыр айында құрылған «БОТА» Қоғамдық қоры (бұдан әрі - Қор) әлеуметтік жағдайы төмен балалар мен олардың отбасыларының игілігі үшін қызмет ететін көшбасшы тәуелсіз қоғамдық қорға айналуға ұмтылады. Қордың миссиясы - Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалар мен жастардың әл-ауқатын олардың денсаулығы, білімі мен әлеуметтік жағдайына инвестиция жасау арқылы жақсарту. Біздің басты ұстанымдарымыз жағдайы төмен отбасылар мен жастарға мақсатты көмек пен қолдау көрсетуді қамтамасыз етудегі анықтық пен тиімділік.
БІЛІМ грантТАРЫ бағдарламасына шолу
«БОТА» Қоғамдық қорының Білім гранттары бағдарламасы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алуын тамамдағысы келетін, бірақ оқуын төлеуге қаражаты жоқ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын 29 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматы және тұрғыны болып табылатын жастарға білім гранттарын береді. Әрбір бір жылдық мерзімге ұзарту мүмкіндігімен стипендиаттың академиялық үлгерімі жақсы болған жағдайда жалпы мерзімі 2-жылға дейін беріледі.
2009 жылы Білім гранттары бағдарламасы (БГБ) 87 талапкерге, 2010 жылы – 234 талапкерге, ал 2011 жылы Қазақстанның түгел аймақтарындағы талапкерлерге өздері таңдап алған колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуы үшін 328 грант берілді.
2012 жылы «БОТА» ҚҚ жоғары оқу орындарыстуденттерінің келесідей санаттарына арналған 75 грантқа дейін бөлмек:


  • Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының академиялық үлгерімі жақсы (А, В бағалары), жоғары оқу орындарының ұсынылған тізіміне сай 2012-1013 жылдары оқуының соңғы курсын немесе соңғы курстың алдындағы курсын (күндізгі бөлім, бакалавриат) төлеуге қаржылық қаражаты жоқ студенттері;




  • Жоғары оқу орындарының ұсынылған тізіміне сай 2012-2013жж. оқуының (күндізгі бөлім, бакалавриат) соңғы курсын немесе соңғы курсының алдындағы курсын тамамдауы үшін академиялық үлгерімі жақсы (А, В бағалары), 2010-2011 жж. оқуын төлемегені үшін оқудан шығарылған студенттер.


Грант ҚР-ның аккредитациясының болуына, солай-ақ ұлттық және шетелдік рейтингтердегі позициясының болуына сай жоғары сапалы қызмет көрсететін жоғары оқу орындарында (жоғары оқу орындарының тізбесі тіркелген) оқуының соңғы курсын немесе соңғы курстың алдындағы курсын тамамдап, бакалавр дәрежесін алуы үшін 2012-2013 оқу жылына беріледі. Яғни, БГБ байқауына тек тізімде көрсетілген оқу орындарының студенттері ғана қатыса алатынын білдіреді.
Әлеуметтік салада жұмыс атқаратын «БОТА» ҚҚ Қор миссиясына сай мамандықтарды таңдаған талапкерлерге басымдық береді. Талапкерге ұсынылған жоғары оқу орындарында кез-келген мамандық бойынша оқуға мүмкіндік беруімен қатар, Қор әлеуметтік /техникалық бағыттағы оқуды (мамандықтар тізімі тіркелген) таңдаған талапкерлерге басымдық береді. Осы бағыттарды таңдаған талапкерлерге бағалау барысында бағалау ұпайларының жалпы санының 15% көлемінде қосымша ұпай беріледі. Яғни, егер екі талапкер бірдей бағаланған болса, әлеуметтік/техникалық бағытта оқуды таңдаған талапкер «БОТА» Қорының білім грантын алуға басқа мамандықтар бойынша оқуды таңдаған талапкерге қарағанда басымырақ мүмкіндікке ие болады.
Әлеуметтік жауапкершілікті дамыту мақсатында барлық стипендиаттарға еріктілік жобаға қатысып, соған оқу жылы ішінде кем дегенде 20 сағат бөлуі керек. Ол коммерциялық емес ұйымдардағы ерікті жұмыс болуы, немесе жергілікті балалар үйіндегі, мектепте немесе сол тәріздес мекемелердегі қызмет болуы мүмкін.
Солай-ақ, стипендиаттар Қор ұйымдастырған оқу семинарлары мен кәсіби даму бағдарламаларына қатысып, жылына екі рет сессияларының нәтижелерін көрсететін транскриптіні, академиялық үлгерімі туралы жазбаша есептер мен бөлінген грант бойынша қаржылық есепті (ЖОО-ның шот-фактурасы, кеңсе тауарларын алғанын көрсететін чектер) тапсыруы тиіс.
Гранттың бөлінуінің қаржылық талаптары:
Грант келесі шығыстарды өтейді:


  • Жоғары оқу орнының күндізгі түрінде оқу төлемін жәнеміндетті төлемдерін ;

  • Туған ауылы/қаласы мен жоғары оқу орны арасындағы бару/қайту жолына жұмсалатын жол шығыстарын;

  • Шәкіртақыны;

  • Басқа қаладан келген студенттердің тұрғын жайын;

  • Оқу материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуын және көлік шығыстарын (қала ішіндегі көлік).


«БОТА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАЛАПКЕРЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

«БОТА» Қоғамдық қорының Білім гранттары бағдарламасы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алуын тамамдағысы келетін, бірақ оқуын төлеуге қаражаты жоқ жастарға білім гранттарын береді. Бағдарламаға жынысына, діни және этникалық тобына қарамастан жасы 29 толмаған, Қазақстан Республикасының азаматы және тұрғыны болып табылатын үміткерлер қатыса алады. Бағдарламаға қатысуға Қазақстанның жоғары оқу орындарының академиялық үлгерімі жақсы, бірақ 2012-2013 жылғы оқуының соңғы курсын немесе соңғы курстың алдындағы курс оқуын (күндізгі бөлім, бакалавриат) төлеуге қаржылық қаражаты жоқ немесе академиялық үлгерімі жақсы, бірақ 2010-2011 жж. кезеңінде оқуын төлемегені үшін оқудан шығарылған күндізгі бөлім студенттері (күндізгі бөлім, бакалавриат) шақырылады.
Келесі талапкерлер бағдарламаға қатысуға құқылы:


  • Қазақстан жоғары оқу орындарының академиялық үлгерімі жақсы (А, В бағалары), жоғары оқу орындарының ұсынылған тізіміне сай 2012-1013 жылдары оқуының соңғы курсын немесе соңғы курстың алдындағы курсын (күндізгі бөлім, бакалавриат) төлеуге қаржылық қаражаты жоқ студенттері;

  • Жоғары оқу орындарының ұсынылған тізіміне сай 2012-2013жж. оқуының (күндізгі бөлім, бакалавриат) соңғы курсын немесе соңғы курсының алдындағы курсын тамамдауы үшін академиялық үлгерімі жақсы («А», «В» бағалары), 2010-2011 жж. оқуын төлемегені үшін оқудан шығарылған студенттер


Бағдарламаға қатысу үшін талапкерлер:


  • 2012 жылдың 13 сәуіріне дейін толтырылған сауалнаманы ұсынуы керек (егер сауалнама пошта арқылы жіберілсе, пошталық мөр 2012 жылдың 13 сәуіріне дейін қойылуы тиіс);

  • Академиялық үлгерімі «В» (академиялық транскрипт) бағасынан төмен болмауы тиіс;

  • Отбасының кірісі ҚР-ның ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен болуы тиіс.


Білім гранттары бағдарламасына келесі талапкелер ҚАТЫСА АЛМАЙДЫ:


  • Қазақстан азаматы болып табылмайтын басқа елдің азаматтары;

  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрмайтын тұлғалар;

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім гранттарына немесе өзге көздерден грантқа ие болған тұлғалар;

  • Академиялық үлгерімі «В» бағасынан төмен талапкерлер;

  • 2012 жылдың 13 сәуіріне дейін толық және дұрыс толтырылған сауалнамаларды тапсырмаған талапкерлер.


«БОТА» Қоғамдық қорының және IREX-тің қызметкерлері мен кеңесшілерінің отбасы мүшелері (жұбайлары, ата-аналары, балалары, аға-інілері және апа-сіңлілері) Білім гранттары бағдарламасының байқауына қатыса алмайды.
Сауалнаманы ұсыну тәртібі

«БОТА» қоры сауалнамада көрсетілген барлық мәліметтерді тексеру құқығын сақтайды. Егер сауалнамадағы мәліметтерде қандай да бір қарама-қайшылықтар табылса, немесе олар жалған болса, сауалнама бірден жарамсыз болып танылады. Егер талапкердің бағдарламаға қабылданғанынан кейін ұсынған қандай да бір мәліметі жалған болып танылса, студент гранты жедел кейін қайтарылады. Қор қызметкерлері іріктеу процесінің кез-келген сатысында талапкерлерден отбасының демографиялық және/немесе қаржы жағдайына қатысты жазбаша дәлелдерді талап етуі мүмкін.
«БОТА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАЛАПКЕРЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР МЕН ІРІКТЕУ ПРОЦЕСІ

Талапкерлерді іріктеу процесі және оларға қойылатын талаптар

Білім гранттары бағдарламасы ашық байқау ретінде өтеді, талапкердің қаржылық жағдайы мен академиялық әлеуеті есепке алынады.
Талапкерлерді іріктеудің тоғыз кезеңі:


  1. Барлық қабылданған сауалнамаларды «БОТА» қорының қызметкерлері Білім гранттарының техникалық талаптарына сәйкестігін тексереді (білімі, Қазақстан азаматтығы және т.б.).

  2. Техникалық іріктеуден өткен сауалнамалар үміткерлердің қаржылық жағдайының деңгейлері бойынша бағалау үшін қойылған 22-34 сұрақтарға берілген мәліметке байланысты бөлінеді.

  3. Техникалық және қаржылық іріктеуден өткен сауалнамаларды «БОТА» ҚҚ қызметкерлері бағалайды. Бұл кезеңде эссенің 18-21 сұрақтарына берілген жауаптардың сапасы келесі критерийлері бойынша бағаланады: анықтық, логикаға сәйкестігі және жауаптардың толықтығы.

  4. Байқаудың алғашқы үш кезеңінен өткен үміткерлер БГБ қызметкерлеріне келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

  • Жоғары оқу орнында оқыған жылдарының ресми бланкіде жасалған, жоғары оқу орнының мөрі басылған және барлық қажетті қолдары қойылған транскрипт;

  • 2010 немесе 2011 жж. соңғы курсының немесе соңғы курстың алдындағы курсты аяқтамастан оқуын төлемегені үшін оқудан шығарылғанын дәлелдейтін құжат;

  • Деканның, кураторының немесе ғылыми жетекшісінің ресми бланкіде жасалған, оқу орнының мөрі басылған және ұсыныс жасаушының байланыс деректері көрсетілген ұсыныс хаты.

  • БГБ қызметкерлері жоғары оқу орнының соңғы курста немесе курстың алдындағы курста оқыту үшін тапсырылған құжаттар негізінде үлгерімі ең жоғары және академиялық әлеуеті биік студенттерді іріктеп алады.

  1. Ең жоғары баға алған талапкерлер байқауға қатысуын жалғастырып, тәуелсіз іріктеу комиссиясының мүшелерімен сұхбаттасуға шақырылады. Іріктеу комиссиясы жоғары оқу орнының соңғы курсында немесе соңғы курсының алдындағы курста оқыту үшін әлеуетті талапкерлерді таңдап алады. Талапкерлер БГБ қызметкерлері талап еткен талапкерлердің қаржылық және отбасылық жағдайын дәлелдейтін құжаттарды тапсыруы тиіс.

  2. Талапкерлердің сауалнамада көрсетілген қаржылық және отбасылық ақпаратты тексеру үшін Қор қызметкерлері талапкерлердің құжаттарын тексеріп, олардың үй шаруашылықтарына барады.

  3. Мемлекеттік немесе басқа білім гранттарына ие болған БГБ талапкерлері БГБ байқауынан шығарылады, және «БОТА» ҚҚ гранты балама талапкерге ұсынылуы мүмкін.

  4. Жоғарыда аталған барлық кезеңдерден өткен және мемлекеттік немесе басқа оқу гранттарына ие болмаған талапкерлер «БОТА» Қорының білім грантына ие болады. 2010 немесе 2011 жж. оқуын төлемегені үшін оқудан шығарылған талапкерлер ақылы негізде оқуын қайта қалпына келтіру үдерісін дербес аяқтауы тиіс.

  5. БГБ департаменті «БОТА» ҚҚ, жоғары оқу орны мен студент арасында үшжақты білім беру қызметтерін көрсету келісімшарттын үш данада жасап, бірінші семестрдің құнын төлейді. Басқа қалалардан келген студенттер жоғары оқу орнының жатақханасынан орын алу үшін өтініш тапсырады. Жатақхана болмаған жағдайда, ол жоғары оқу орнының анықтамасымен дәлелденуі тиіс, мұндай жағдайда 2012 ж. БГБ стипендиаты тұрғын жай (бөлме) жалдауға құқылы, оны Қор төлейді.


Іріктеу критерийлері

  • Талапкерлердің қаржылық жағдайы. Жиынтық отбасылық кірісі Қазақстан Республикасы бойынша ең төмен күнкөріс мөлшерінен төмен талапкерлерге басымдылық беріледі;

  • Талапкерлердің академиялық әлеуеттері, академиялық үлгерімінің ең төмен бағасы - «В»;

  • Оқуын төлемегіні үшін оқуының соңғы немесе соңғы курсының алдындағы курсқа дейін 2010-2011 жж. шығарылғанын дәлелдейтін құжаттар;

  • Талапкер деканының/кураторының/ғылыми жетекшісінің ұсыныс хаты.



«БОТА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ САУАЛНАМАСЫН ТОЛТЫРУ ЖӨНІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ

АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Талапкерге арналған сауалнаманы толтыру бойынша жалпы нұсқаулар


  • Сауалнаманы анық етіп қара немесе көк сиямен жазылуы немесе басып шығарылуы тиіс. Түсініксіз немесе толық емес толтырылған сауалнамалар қарастырылмайды;

  • Жауап үлгілері көрсетілген сұрақтарда, таңдап алынған нұсқаның қасына Х әрпін жазу керек;

  • Толық байланыс мәліметтерін, соның ішінде ұялы және үй телефонын қалааралық кодты анықтай отырып көрсетіңіз.Егер үй телефоны немесе ұялы телефоныңыз болмаса, «БОТА» Қорының қызметкерлерін Сізбен байланыстыра алатын адамның телефондарын (мысалы, туыстарыңыздың, достарыңыздың, көршілеріңіздің және т.б. телефондары) көрсетіңіз. Солай-ақ барлық мекенжайларға арналған пошталық индекс, барлық телефондар мен факстерге арналған облыс/қала/аудан кодтары көрсетілуі тиіс.


Ерекше сұрақтарды толтыру бойынша нұсқаулық
8. Мекенжай: Ресми құжаттардағы мекенжайыңыздан өзге болса да, қазіргі кезде тұрып жатқан және хатты қабылдай алатын нақты мекенжайды жазыңыз.
Телефон: Ұялы не үй телефоныңыз бар болса да, кейіннен «БОТА» Қорының қызметкерлерін сізбен байланыстыра алатын адамның ұялы не үй телефонын қосымша жазғаныңыз дұрыс. Оқу орныңыздың телефон нөмірін басқа нөмірлер болмаған жағдайда ғана жазыңыз. Егер Сізде не отбасыңыздың мүшелерінде үй телефоны немесе ұялы телефон болмаса, онда басқа тұлғалардың нөмірін міндетті түрде жазыңыз.
9 - 10. Жеке куәлігіңіздің нөмірі мен жеке сәйкестендіру нөмірі


Егер жеке куәлігіңізде Жеке Сәйкестендіру Нөмірі болмаса, онда тек жеке куәлігіңіздің нөмірін жазыңыз, ал «Жеке Сәйкестендіру Нөмірі» тармағында «0» деп жазыңыз.
11. Салық төлеушінің ТІРКЕУ нөмірі (СТтН): «БОТА» Қорының барлық стипендиаттарында салық төлеушінің тіркеу нөмірі болуы тиіс. Егер СТНН-ңіз болмаса, бұл бағанға «0» санын жазыңыз, бірақ содан кейін салық комитетіне барып, СТТН жасап алыңыз.
13.СІЗ ҚАНДАЙ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ОҚИСЫЗ (ОҚЫДЫҢЫЗ)? Өзіңіз оқып жатқан және оқуыңызды қалпына келтіруді жоспарлап отырған жоғары оқу орнының атауын белгілеңіз (қосымшадағы тізімнен көрсетіңіз). Байқауда тек тізімде көрсетілген жоғары оқу орнында оқитын (оқыған) студенттер қатыса алады. Егер талапкер оқу орнынан оқуын төлемегені үшін шығарылған болса, ол өзінің оқыған жоғары оқу орнына қайта қалпына келтірілуі тиіс.
15. СІЗ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ОҚЫДЫҢЫЗ?

Берілген тізімнен өзіңіздің мамандығыңызды таңдаңыз. Егер сіздің мамандығыңыз тізімде жоқ болса, онда ӨЗГЕ деген бағанда өзіңіздің мамандығыңызды жазып көрсетіңіз.
Білім гранттары бағдарламасы Сізге тізімдегі ұсынылған Қазақстан Республикасы аумағындағы жоғары оқу орындарында және кез-келген мамандық бойынша күндізгі бөлімінде оқуыңызды жалғастыруға мүмкіндік береді.
Талапкерге кез келген мамандық бойынша оқуға еркін таңдау беруімен қатар, Қор әлеуметтік/техникалық бағыттарда оқуды таңдаған талапкерлерге басымдылық береді. Бағалау кезінде аталған бағытты таңдаған талапкерлерге бағалаудың жалпы ұпайы санының 15% көлемінде қосымша ұпай тағайындалады. Яғни, екі талапкер бірдей бағаланған жағдайда, әлеуметтік/техникалық бағытта оқып жатқан талапкердің басқа бағытта оқып жатқан талапкерлерге қарағанда «БОТА» Қорының білім грантын алуға мүмкіндігі басымырақ болады.
17 a. ерекше әлеуметтік мәртебе: егер жетім (әкесі де, анасы да жок) не мүгедектігі бар тұлға болсаңыз, осы нұсқаны таңдаңыз.
17 b. Тұрғын жағдайыңыз: Егер 17 а сұрағына жауап берсеңіз, онда 17 b сұрағындағы сәйкес келетін жауапты таңдаңыз. Сіз кіммен тұрып жатқаныңызды жазыңыз – туысқандарыңызбен, қамқоршыңызбен, жалғыз немесе басқа жерде (мысалы, балалар үйі). Егер сіз балалар үйінде немесе өзге мемлекеттік ұйымДа тұрАТЫН БОЛсаңыз, онда сауалнаманың тек 1-ші сұраҒЫНан 23-ші сұраҒЫНа дейінгі аралығын толтыруыңыз қажет. Алайда, Балалар үйінде немесе өзге мемлекеттік ұйымда тұрмасаңыз, онда сауалнаманың барлық СҰРАҚТАРЫН толтыруыңыз керек.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

«бота» ҚОҒамдық Қорының 2012-2013 ОҚу жылына арналған білім гранттары бағдарламасы iconӘлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы 6 гранттық байқаудың сипаттамасы қазан 2012 «бота» Қоғамдық қорының
«бота» Қоғамдық қорының негізгі миссиясы – Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар мен жастардың әл-ауқатын...
«бота» ҚОҒамдық Қорының 2012-2013 ОҚу жылына арналған білім гранттары бағдарламасы icon2011-2012 оқу жылындағы білім беру гранттары бойынша №6 орта мектеп иегерлерінің тізімі
...
«бота» ҚОҒамдық Қорының 2012-2013 ОҚу жылына арналған білім гранттары бағдарламасы iconАқтөбе қаласының білім бөлімі бойынша БҰйрық Ақтөбе қаласы №857 «21» қараша 2012 жыл
Ақтөбе қаласының білім бөлімінің Үйлестіру жоспарына, «Ақ желкен» аула клубының 2012-2013 оқу жылына арналған жылдық жоспарына және...
«бота» ҚОҒамдық Қорының 2012-2013 ОҚу жылына арналған білім гранттары бағдарламасы iconАқтөбе қаласының білім бөлімі бойынша б ұ й р ы қ Ақтөбе қаласы №702 «09» қазан 2012 жыл
Ақтөбе қаласының білім бөлімінің Үйлестіру жоспарына, Қалалық жас туристер стансасының 2012-2013 оқу жылына арналған жылдық жоспарына...
«бота» ҚОҒамдық Қорының 2012-2013 ОҚу жылына арналған білім гранттары бағдарламасы iconҒылыми кеңестің 2011-2012 оқу жылына арналған
Университеттің 2011-2012 оқу жылына арналған стратегиялық даму жағдайы мен міндеттері туралы
«бота» ҚОҒамдық Қорының 2012-2013 ОҚу жылына арналған білім гранттары бағдарламасы iconАқтөбе қаласының білім бөлімі бойынша б ұ й р ы қ Ақтөбе қаласы №704 «09» қазан 2012 жыл
Ақтөбе қаласының білім бөлімінің Үйлестіру жоспарына, «Қалалық техникалық шығармашылық Орталығының» 2012-2013 оқу жылына арналған...
«бота» ҚОҒамдық Қорының 2012-2013 ОҚу жылына арналған білім гранттары бағдарламасы iconБекітемін оқу жұмысы жөніндегі проректор Б. А. Рскелдиев 2012 ж. 2012/2013 оқу жылына 5В050400 – «Журналистика» мамандығы бойынша элективті пәндердің жиынтығЫ
Пререквизит студенттер мектепте жалпы және кәсіптік білім беретін мемлекеттік стандарт бағдарламасы бойынша: Адам анатомиясы, Биология,...
«бота» ҚОҒамдық Қорының 2012-2013 ОҚу жылына арналған білім гранттары бағдарламасы iconБекітемін оқу жұмысы жөніндегі проректор Б. А. Рскелдиев 2012 ж. 2012/2013 оқу жылына 5В020500 – «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша элективті пәндердің жиынтығЫ
Пререквизит студенттер мектепте жалпы және кәсіптік білім беретін мемлекеттік стандарт бағдарламасы бойынша: Адам анатомиясы, Биология,...
«бота» ҚОҒамдық Қорының 2012-2013 ОҚу жылына арналған білім гранттары бағдарламасы icon2012-2013 оқу жылына 6D080200- «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамндығының Рh. D докторантураға арналған емтихан бағдарламасы
«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамндығының Рh. D докторантураға арналған емтихан бағдарламасы
«бота» ҚОҒамдық Қорының 2012-2013 ОҚу жылына арналған білім гранттары бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы
Жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған «Музыка» оқу бағдарламасы. – Астана, 2010. – 15 б
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница