«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте




Название«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте
страница1/11
Дата конвертации21.12.2012
Размер1.56 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

салыстырмалы кесте



р/н

Құрылымдық элементтің атауы

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Кодекс

(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93- құжат)



3 баптың 1-тармағының 14)- тармақшасы

14) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті орган – республикалық бюджеттi және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөнiнде бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттік есептiлiктi жүргізуді атқару бойынша функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

14) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті орган – республикалық бюджеттi және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөнiнде бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттік есептiлiктi жүргізуді, бюджетті атқару бойынша функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

Редакцияны нақтылау



3-бап 1 тармағының 17)-тармақшасы

17) бюджеттiк инвестициялық жоба – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

17) бюджеттік инвестициялық жоба - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

Редакцияны жетілдіру мақсатында



3-баптың 1-тармағының 18)- тармақшасы

18) бюджеттік қамтамасыз етілу - тиісті бюджеттер қаражаты есебінен мемлекеттік басқару органдары ұсынатын, осы көрсетілетін қызметтерді алушылардың бірлігіне есептегендегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер құны;

18) бюджеттік қамтамасыз етілу - тиісті бюджеттер қаражаты есебінен ұсынылатын, осы көрсетілетін қызметтерді алушылардың бірлігіне есептегендегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер құны;


Мемлекеттік қызметтерді тек мемлекеттік органдар ғана көрсетпейтіндігіне байланысты (34, 41-баптың 2-тармағы)



3-баптың 1-тармағын 31)-тармақшысы

31) квазимемлекеттік сектор субъектілері – ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды, басқа да акционерлік қоғамдарды, мемлекеттік кәсіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қамтитын жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұйымдар;

31) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, оның ішінде жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ осы заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді және аффилиирленген заңды тұлғалары;

Редакцияны нақтылау



3-баптың 1-тармағын 48)-тармақшысы

48) мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш – мемлекет кепілгерлігімен тартылған, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген қарыз сомаларының сомасы;


48) мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш – мемлекет кепілгерлігімен тартылған, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыз сомаларының сомасы;


Редакцияны нақтылау мақсатында



4-баптың 3)- тармақшасы

3) реалистiк принципi – бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің, мемлектетік органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекiтiлген (түзетiлген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуi;

3) реалистiк принципi – бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамудың, мемлектетік органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекiтiлген (түзетiлген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуi;


Қазақстан Республикасы Президентінің 2009ж.18.06. №827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендеру мақсатында



4-баптың 8)- тармақшасы

8) сабақтастық принципi – өткен кезеңде бекітілген әлеуметтiк-экономикалық даму және бюджеттік параметрлер, базалық шығыстар болжамдарына, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау;

8) сабақтастық принципi – өткен кезеңде бекітілген әлеуметтiк-экономикалық даму, базалық шығыстар болжамдарына, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау;



4-баптың 13)- тармақшасы

13) жауапкершілік принципі – тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы;

13) жауапкершілік принципі – тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектор субъектілер басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы;

Түзетуі нақтылау мінезді болып табылады




11- баптың 4- тармағы

4. Салықтық түсімдер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып табылады.

4. Салықтық түсімдер Қазақстан Республикасының Салық және Кеден кодекстерінде белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып табылады.


Кедендік төлемдердің тізбесі Кеден кодексінің 290-бабымен айқындалғанына байланысты



19- баптың 6- тармағының екінші бөлігі

Жоқ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе оның орынбасарларының (әкімнің) резервтен ақша бөлу туралы тапсырмасы болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) шұғыл шығындарға арналған резервінен ақша бөлу туралы шешімін дайындау жүзеге асырылады.


Премьер-министр К. Мәсімовтің 2009ж.30.06. № 20-20/3535 тапсырмаға сәйкесті



20-баптың 1-тармағы

1. Төтенше резерв Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервi Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуiне де пайдаланылуы мүмкiн.

1. Төтенше резерв Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми ізгілік көмек көрсетуіне пайдаланылады.

Осы норманың мазмұны екіжақты түсінік беретінін негізге ала отырып, тармақтың редакциясын жаңа редакцияда жазу қажет




20-баптың 6- және 6-1-тармақтар

6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бөлiнген ақша қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған немесе iшiнара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкiмшiсi бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiн ағымдағы қаржы жылының соңына дейiн тиiстi бюджетке қайтаруды қамтамасыз етедi.
6-1. Жоқ.

6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бөлiнген ақша қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған немесе iшiнара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкiмшiсi бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiн ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейiн тиiстi бюджетке қайтаруды қамтамасыз етедi.

6-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның резервінен тиісті қаулыларда көрсетілген мақсаттарға бөлінген қаражатты пайдалануға, сондай-ақ түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешіміне сәйкес қаражат алған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы жауапты болады.

ҚРҮ немесе ЖАО резервінен бөлінген қаражатты тиімді пайдалану және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін. .



29-баптың 1-тармағы

1. Функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджеттiк қаражаттың жұмсалу бағыттарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, Қазақстан Республиканың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыруды көрсететін барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.


1. Функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджеттiк қаражаттың жұмсалу бағыттарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, Қазақстан Республиканың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, мемлекеттік органдардын стратегиялық жоспарлардын іске асыруды көрсететін барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009ж.18.06. №827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендеру мақсатында



34-баптың 1-тармағы


1. Мемлекеттік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен көзделген функцияларға, өкілеттіктерге негізделген, бюджет қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге және қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет болып табылады.

1. Мемлекеттіл қызметтер көрсету – мемлекеттік тапсырыс негізінде тартылатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де тұлғалардың мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, жеке сипаттағы әрі жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтініші бойынша жүзеге асырылатын қызметі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен регламенттері шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы және ақысыз негізде көрсетіледі.

«Мемлекеттік функция» және «мемлекеттік қызмет көрсету» ұғымдарының аражігін ажыратудың қажеттілігіне байланысты Президент Әкімшілігінің ескертулеріне байланысты ұғымды нақтылау.


Қолданыстағы заңнамада берілген осы ұғымдардың мазмұны құқықтық қолдану тәжірибесінде осы терминдердің ерекшелерін анықтауға мүмкіндік бермейді, бұл әкімшілік реформаны іске асыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді кезең-кезеңмен бәсекелі ортаға беру туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін қажет, сондай-ақ Үкіметке Бюджет кодексінің 34-бабында көзделген өзінің өкілеттігін толық көлемде және дұрыс жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.



34-баптың 2-тармағы

2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының, мазмұнының және нәтижесінің сипаттамалары кіретін мемлекеттік қызметтер көрсету талаптарын айқындайды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын орталық мемлекеттік органдар әзірлейді, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Алып тасталсын.

Осы норма «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңында көзделгенен байланысты



34-баптың 3-тармағы

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Мемлекеттік қызметтерді алушыларды, оларды көрсетуді қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен ұйымдарды және олардың басқа да сипаттамалары көрсетіле отырып, республикалық және жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үнемі жаңартылатын тізбесінен тұратын нормативтік құқықтық акті мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімін білдіреді.

Алып тасталсын

Осы норма «Әкімшілік рәсімдер тұралы» заңда қарастырылғанына байланысты
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте iconСалыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ювеналдық әділетті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте iconСалыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте icon«Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан республикасы заңының жобасына салыстырмалы кестесі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте iconСалыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасынң кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте iconСалыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасынң кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте icon«Кейбір заңнамалық актілерге білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница