БҰҚар жырау ауданының 2012-2016 жылдарғА Әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы ботақара к. – 2011ж. Мазм ұ н ы




Скачать 340.23 Kb.
НазваниеБҰҚар жырау ауданының 2012-2016 жылдарғА Әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы ботақара к. – 2011ж. Мазм ұ н ы
страница1/2
Дата конвертации21.12.2012
Размер340.23 Kb.
ТипДокументы
  1   2


Бұқар жырау ауданы

әкімдігінің қаулысымен

мақұлданған

«____»____ 2011 ж. № __

БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНЫҢ

2012-2016 ЖЫЛДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ

БОЛЖАМЫ


Ботақара к. – 2011ж.

М А З М Ұ Н Ы



Кіріспе


3

1. Бұқар жырау ауданының экономикалық даму тенденциялары


3

1.1. 2009-2010 жылдардағы экономикалық өсуі

3

- Инфляциялық үрдістер

6

- Бюджет

6

- Жұмыспен қамту

7

- Негізгі капиталға инвестициялар

7

- Әлеуметтік сала


7

    1. 2011 жылға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының тенденциялары




8

  1. 2012-2016 жылдардағы Бұқар жырау ауданы экономикасының даму жағдайлары және факторлары




10

3. 2012-2016 жылдардағы аудан экономикасының әлеуметтік –экономикалық даму болжамы және мақсатты индикаторлары



14

4.Ауданның бюджеттік параметрлер болжамы


18

    1. Салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары




18

    1. Кірістер түсімдерінің болжамы




19

    1. Аудандық бюджеттің шығындар болжамы




20

Қосымша 1. Бұқар жырау ауданының 2012-2016 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштер болжамы

22

Приложение 2. 2012-2016 жылдарға аудандық бюджеттің параметрлер болжамы

24



Бұқар жырау ауданының 2012-2016 жылдарға әлеуметтік –экономикалық даму болжамы

Кіріспе


Бұқар жырау ауданының 2012-2016 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму болжамы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IY Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» қаулысына, ҚР экономикалық даму және сауда Министрлігінің 2011 жылғы 24 наурыздағы №59 Бұйрығына сәйкес жасалған.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бес жылдық кезеңге ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін және мақсатты индикаторларын, тенденциялары мен басымдылықтарын, үш жылға бюджеттік параметрлер болжамын қамтиды және бес жылға жергілікті мемлекеттік органдар дамуының Стратегиялық жоспарын, үш жылдық кезеңге жергілікті бюджетті және аумақтың даму бағдарламасын жасау негізі болып табылады.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы келесі негізгі бөлімдерден тұрады:

- аудан экономикасының экономикалық даму тенденциясы;

- аудан экономикасының даму факторлары мен шарттары;

- 2012-2016 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және мақсатты индикаторлары;

- 2012-2014 жылдарға ауданның бюджеттік параметрлер болжамы;

- ауданның бюджеттік параметрлер және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштер болжамы (қосымша түрінде);

1. Бұқар жырау ауданының экономикалық даму тенденциясы


    1. 2009-2010 жылдардағы экономикалық өсуі


Өнеркәсіп салаларының дамуы. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағасы ауданның негiздi өнеркәсiп салаларының iлгерлемелi дамуымен сипатталады.

2010 жылы Бұқар жырау ауданының өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуі 2009 жылдың деңгейіне 25,5% немесе 15082,0 млн. теңгені құрайды, жеке көлем индексі – 116,4%, облыстың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемінде аймақтың жеке салмағы - 1,5%.

Өнеркәсіптің негізгі салалары тау-кен өндіру және өңдеу салалары болып табылады. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде салалардың жеке салмағы 9,6 % және сәйкесінше 90,3 % құрайды.

Тау-кен өндіру өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2010 жылы 2009 жылдың деңгейіне 3 есе өсті және 1444,1 млн.теңгені құрады, сала бойынша өндірістің ЖКИ 410,4% құрады.

Өндеу өнеркәсіп көлемі 2009 жылдың деңгейіне 17% өсті және 13626,4 млн.теңгені құрайды.

2005-2009 жылдар ағымында экономикалық өсудің оң тенденциялары аймақ экономикасының құрылымында түбегейлі жылжуларға әкелемеді, экономика үшін өндіріс көлемдеріндегі өндеу өнеркәсібінің өсу бөлігі тән. Бірақ осылармен қатар оң жылжулардың бірі деп жаңа өндірістік учаскелерде өндіру және дайындауға байланысты, тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемінің шынайы өсуін атауға болады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы. 2011 жылдың 1 қаңтарына 1649 шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне 100 % тіркелген.

Шағын кәсіпкерлікте жұмысбастылардың саны 5628 адамды құрайды, былтырғы жылдың кезеңіне 56,8%. Шағын бизнесте және аймақтың экономикалық белсенді халықта жұмысбастылардың бөлігі 10% құрайды немесе 2009 жылмен салыстырғанда 1,0% өсті.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 5592,1 млн. теңгені құрайды, былтырғы жылдың кезеңіне 58,1% өсті.

2010 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қайта құрылу есебінен 55 жұмыс орны құрылды.
Сауда. Шағын бизнес субъектілерінің қызмет және тауарларды жүзеге асыруынан кірістің өсуі 2010 жылда 2009 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 116,3 % жетті және 815,6 млн.теңгені құрады.

Бөлшектік тауар айналымның негізгі көлемін жеке саудалық әрекетті іске асыратын, жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олармен 707,1млн.теңге сомасына тауар жүзеге асырылды, бөлшектік тауар айналымның жалпы көлемінен 86,7%.

Ауданның көтерме нарығында 2010 жылы 292,3 млн.теңгеге тауар сатылды, 2009 жылға қарағанда 2 есе көп.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2010 жылы 14366,7 млн.теңгені құраған. ЖКИ 83,7% құрады.

Аудан бойынша астықты жинау аумағы 115,1 мың гектарды құрады, 2009 жылдың жинау аумағына 102,5 % құрады, оның ішінде бидай 91,9 мың.га (2009 жылдың деңгейіне 101,9 % ), арпа 22,2 мың.га (107,3 %), сұлы 1,0 мың.га ( 76,3 %).

Картоп 1300 гектар жиналды немесе жалпы жинағы 103,0 % 22,9 мың тоннаны құрады; аумақта көкөністер 300 гектар, жалпы жинағы - 5,5 мың. тонна, 2009 жылдың деңгейіне өсуі 1,8 %.

2010 жылы барлық меншік форма шаруашылықтарымен өндірілді; еттің барлық түрлері - 21,4 мың.тонна; сүт - 58,3 мың.тонна; жұмыртқа 123,2 млн.дана; жүн – 72,8 мың.тонна.

2010 жылдың қорытындысы бойынша негізінде мал мен құстың саны құрады: ІҚМ 47,8 мың.бас; 58,4 мың.бас қой мен ешкі, бұл 2009 жылдың деңгейіне 109%; жылқы 14,2 мың.бас немесе 100%; шошқа 55 мың.бас, 2009 жылға 2,6% өсті; құстың саны 1269,5 мың.басты құрады, 2009 жылдың деңгейіне өсуі 29,9% құрады.

2010 жылы ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілері «АӨК тұрақты дамуының аймақтық бағдарламасы» бойыша жалпы сомасы 664,2млн.теңгеге мемлекеттік көмек алды.

2009-2010 жылдар кезеңіне жеке қаражаттар есебінен және қаржы институттары арқылы лизингке 521,5 млн.теңге сомасына 59 бірлік ауыл шаруашылық техникасы алынды.

Ауданда 968 шақты ауыл шаруашылық құрылымдары, оның ішінде 925 шаруа қожалығы, 28 – ЖШС, 5 - өндірістік кооперативтер, 1 – акционерлік қоғам қызмет етеді, 9 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтер ұйымдстырылған.
Көлік. 2010 жылға тасымалданған жүктер көлемі 20,7 мың тоннаны құрайды, 2009 жыл деңгейіне 5,7 есе көп (2009 ж – 3,6 мың тонна).

Жүк айналымы 68,7 мың.ткм құрайды, 2009 жылдың деңгейіне 1,9 есе көп.

2010 жылы көліктің барлық түрлерімен жолаушыларды тасымалдау 2010 жылдың қорытындысы бойынша 9,3 мың адамды құрады, 2009 жылға қарағанда 4,3 мың адамға көп.

Жолаушылар айналымы 2010 жылдың қорытындысы бойынша 194,2 мың. пкм құрады, 2009 жылдың деңгейіне 121,4% құрайды.
Байланыс. АТБ станциясының жалпы жөндеу сыйымдылығы 2010 жылдың қорытындысы бойынша 12637 нөмір құрады, іске қосылғаны 12087 немесе 95,6%. 100 тұрғынға телефон тығыздығы 16,03 бірлік 2009 жылдың аналогиялық кезеңімен салыстырғанда өсу 109,7% құрады.

Мегалайн қызметін пайдаланушылар саны өсті, олардың саны 1157 адамды құрады (2009 ж. - 219).
Құрылыс. 2009-2010 жж. барлығы аудан бойынша 15 960,7 ш.м. тұрғын үй енгізілген.

2009 жылы тұрғын үй құрылысына инвестициялар 460,0 млн. теңгені құрады, оның ішінде жеке құрылыс 354,2 млн.теңге. 2010 жылы инвестиция көлемін 262,6 млн.теңге құрады, былтырғы жылдың кезеңіне сәйкес 57% .

2010 жылға 5783 ш.м. тұрғын үй енгізілді, бұл жоспарға 129%. Құрылыс жұмыстарының көлемі 1672,0 млн.теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының ЖКИ 121,2% құрады.

Бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысы жандандырылады. Осылайша, бюджет қаражаты есебінен, 2009ж.- 2010 жылдар аралығында ауданда 26 пәтер пайдалануға берілді (2009 ж - 13, 2010 ж – 13).
Электр қуаты және жылумен қамсыздандыру. Аудан аумағында электр тасымалдау желілерінің жалпы ұзындығы 2517,8 км құрады.

Аудан тұтынушыларының жылумен қамсыздандырылуы 1 орталық қазандығы қызмет ететін, Қушоқы к. іске асырылады. Қуаттылығы 23 Гкал/сағ ДКВР-20 4 қазандығы бар қазандық ғимараты « «Қазақмыс» Корпорациясы» Қушоқы көмір қимасы балансына жатады және өнеркәсіптік нысандарымен 228 тұрғын үй секторына жылу береді.

Жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 21 км құрайды, оның ішінде 18 км пәтер ішілік желі және 3 км магистральді желі.

Сумен қамсыздандыру. «Ауыз су» Бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2009 жылы аудан елді мекендерінің ауыз сумен қамсыздандыру нысандарын қайта құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді жалпы сомасы 71,4 млн. теңге (Ақбел с. - 21,4 млн. теңге, Новоузенка с. - 20 млн. теңге, Заречное с. - 30 млн. теңге.)

2010 жылы «Ауыз су» аймақтық Бағдарламасын орындауға сәйкес бөлінді:

- 425,1 млн. теңге республикандық бюджеттен мына елді мекендерде су құбырының қайта құрылысына: Центральное, Бұқар-Жырау, Белағаш, Байқадам және Чкалово;

- 41,0 млн. теңге облыстық бюджеттен Ботақара к 4 кезекке.;

- 30,0 млн. теңге аудандық бюджеттен Ақбел с. 15,0 млн. теңге және Новоузенка с. 15,0 млн.теңге 2-кезектік су құбырының жұмысына;

Су құбырының нысаедары қайта құрылыс жұмыстары жүргізілгеннен кейін қажетті арнайы техникамен және штатпен жабдықталған «Ботақара Су Қожалығы» КМК қызмет етуге берілді. Облыстық бюджеттен 2007-2009 жылдарға жарғылық капиталын (арнайы техника алуға) нығайтуына 75 588 тыс.теңге бөлінді, 20 бірлік техника және құралдар алынды.

2010 жылы 865,0 тыс. теңге бөлінді және 2 бірлік техника алынды.
Инфляциялық үрдістер

Негізгі тауарлар мен қызметтерге бағаны тежеу сұрақтары жергілікті атқарушы органдардың үнемі бақылауында болады.

Ауданда инфляциялық үрдістерді тежеу бойынша аудан әкімінің өкімімен құрылған, аудандық бөлім және басқарма басшылары кіретін, жұмыс тобы әрекет етеді. Кент және селолық округ әкімдерімен сауда нүктелерінде бағаның негізсіз өсуін болдырмау бойынша үнемі жұмыстар жүргізіледі.

Кент және селолық округ әкімдері және азық-түлік дүкендерінің иелері арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумы 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін мерзімін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бүгінгі күнге дейін саудалық үстеме бағаның көтерме бағасына 5-10% есебімен, оның ішінде 1 сұрып нанына төмен саудалық үстеме бағамен (1-2 теңге) немесе ерекшелігі туралы, азық-түлік тауарларының әлеуметтік-маңызды тобына жататын тауарларды жүзеге асыру туралы 261 мемонрандум жасалды.
Бюджет

2010 жылы мемлекеттік бюджетке салық түсімі және басқа да міндетті төлемдері 1490,7 млн. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджетке – 258,4 млн. теңге; облыстық бюджетке – 287,3 млн. теңге; жергілікті бюджетке – 945 млн. теңге.

Жергілікті бюджетке кіріс бөлігі 134,6% орындалды (жоспар – 816,5 млн.теңге). Басқа жылдармен салыстырғанда кірістер 30,3% өсті.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Экономикалық белсенді халықтың саны 38,5 мың.адамды құрады, 2009 жылға қарағанда 2,3% көп (36,8 мың.адам). Экономикалық белсенділік деңгейін 79,4% құрайды, 2009 жылдың деңгейінен 1,8% жоғары.

Экономикалық белсенді халықтың жалпы санының өсу бейнесінде жұмысбасты халықтың өсуі оң динамикасы, жұмыссыз халықтың төмендеу тенденциясы сақталады.

Жұмыссыздық деңгейі 2009 жылмен салыстырғанда 0,5% төмендеді және 5% құрады (2009 ж - 5,5%).

Жұмыссыз халық санының біртіндеп төмендеуі байқалады. 2010 жылы бұл көрсеткіш 60 адамға төмендеді және 2027 адамды құрады.

Экономикада жұмысбастылардың саны жалпы тұрғындар санынан 57,5% құрады немесе 35,5 мың.адам.

2010 жылы 2118 адам жұмысқа орналастырылды. Тіркелген жұмыссыздар саны 24 адамды құрады. 364 жұмыссыздар курстан өтті, 596 жұмыссыздар қоғамдық жұмысқа қатысты. Кедейлер саны 1462 адамды құрады, былтырғы жылдың деңгейінен 15 адамға аз.

2010 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген кедейшілік деңгейі жалпы аудан бойынша 1,8% құрады, 2009 жылдың деңгейіне 0,3% төмен.

Жалпы 2010 жылы әлеуметтік жәрдемақы төлеміне 109,1 млн. теңге бюджеттік қаражат жұмсалды, оның ішінде республикалық бюджеттен 44,9 млн.теңге.
Негізгі капиталға инвестициялар

2010 жылы негізгі капиталға инвестициялар 11212,3 млн.теңгені құрады, 2009 жылдың деңгейіне 88,9% құрады.

Былтырғы жылдың деңгейіне инвестиция көлемінің төмендеуі былай түсіндіріледі, 2009 жылы «Карагандацветмет» ЖШС 6038,4 млн.теңге (Нұрқазған байыту фабрика нысанының пайдалануға берілді), «Орталық жүйе аралық электрлік желі» ақционерлік қоғамының Филиалы «Электрлік желіні басқару бойынша Қазақстандық компания» «KEGOC» 1637,2 млн.теңге (Екібастұз ГРЭС силициум заводына жоғарғы вольтті сым құрылысы), «Индустриальный парк» ЖШС металлургия және металл өндеу 1199,9 млн.теңге есебінен біржолғы инвестиция салымы болды.
Әлеуметтік сала

Денсаулық саласында мемлекетіміздің Басшысымен қойылған, міндеттердің шешімі бойынша қарқынды жұмыста жүргізілді.

2009 жылы ауданда 70 кереуетке жаңа орталық аудандық аурухана ашылды.

Денсаулық саласында жеңілдікпен және тегін дәрілермен қамтамасыз етуге қаржыландырудың өсуімен, денсаулық сақтау нысандарының материалды-техникалық базаларының жақсаруымен, туудың өсуімен және әлеуметтік-маңызды аурулармен аурудың төмендеуімен белгіленеді.

«Жол картасы» бағдарламасы аясында 2010 жылы жалпы сомасы 29,6 млн. теңгеге 10 денсаулық сақтау нысандарына жөндеу жүргізілді.

Мәдениет нысандарының желісіне 75 мәдениет нысандары кіреді, оның ішінде 68 мемлекеттік, оның ішінде кітапхана – 40, клуб – 28, 1 – «Аудандық тарихи-өлке тану мұражайы» КМҚК, басқа ведомствалардағы 6 клуб және 2 жылжымалы мәдени-бос уақыт нысандары – «Зерде» видеомобилі.

Тарихи-мәдениетті мұраны қорғау бойынша облыстық инспекцияның тізіміне сәйкес, біздің ауданда 66 ескерткіш есептеледі, оның ішінде 46 – археологиялық, 20 – тарихи, оның ішінде 12 – жауынгерлік даңқтың ескерткіштері.

2010 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 98,6 млн.теңгеге 8 мәдениет нысандары жөнделді. Ботақара к., Ғ.Мұстафин к. Мәдениет үйлеріне, Ақтөбе с., Шалқар с., Ақбел с., Центральное с., Урожайное с. клубтарына ағымдық жөндеу жүргізілді, Бұқар жырау мемориалдық кешені жөнделді.



    1. 2011 жылға ауданның әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясы


Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясы 2011 жылдан бастап аудан экономикасының жоғарлауы туралы куәландырады.

2011 жылда өнеркәсіптік өндіріс көлемін 15637,2 млн.теңгеге дейін жеткізу жоспарланады, оның ішінде салалара бойынша: тау-кен өндіру – 1745,8 млн.теңге, өндеу 13861,2 млн.теңге. Өнеркәсіптік өндірістің өсуі пайызда 2010 жылдың деңгейіне 25,6 құрайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 14% өседі және 1880 бірлік жұмысбастылар санымен 5748 адам.

Шағын бизнес субъектілерінен өнеркәсіптік өндіріс көлемі 7390,2 млн. теңгені құрайды немесе былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне 132%. Бөлшектік тауар айналым 987,9 млн. теңгені құрайды, көтерме тауар айналым 645 млн. теңгені құрайды.

2011 жылдың соңына жалпы өнім көлемін 14682,7 млн. теңгеге жеткізу жоспарлануда.

2011 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 7124 ш.м. тұрғын үй тұрғызу жоспарлануда, оның ішінде: жалдамалы тұрғын үй 1274 ш.м., жеке үй 2700 ш.м., «2020 Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша жалдамалы тұрғын үй 3150 ш.м.

Қарағанды облысының индустриализация Картасына енген – «Здоровые продукты» ЖШС, «К.Маркс атындағы құс фабрикасы» ЖШС жобаларын жүзеге асыру жалғастырылуда.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемін 11355,4 млн.теңге деңгейіне орындау жоспарлануда, жоспарланған өсу 2010 жылдың деңгейіне 1,3% құрайды.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемін орындау индустриализация Картасына енген, және кәсіпорынның жеке меншік қаражат есебінен, сонымен қатар «2020 бизнестің Жол картасы» бағдарламасы бойынша қарыз қаражат есебінен жүзеге асырылып жатқан, аудан аумағындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу есебінен инвестицияларды қатыстыру жолымен жету жоспарлануда.

Осы уақытта экономиканың даму потенциалының жоғарлауы мақсатында даму қорының қаражаты және кәсіпорынның жеке қаражаты есебінен белгіленген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда ауданда ЖИИД және қоғамдық – маңызды жобаларды анықтау бойынша Үйлестіру Кеңесі құрылды. Үйлестіру Кеңесімен қарастырылғандардың ішінен 30 инвестициялық жоба, 9 жоба облыстық Үйлестіру Кеңесіне қарастыруға бағытталды, «2020 бизнестің Жол Картасы» бағдарламасы бойынша қаржыландыру мүмкіндігі және әрі қарай индустриализация Картасына енгізу үшін.

Алдағы 2011-2012 жылдар жылыту кезеңіне жылумен қамсыздандыру және тұрғын үй нысандарының суқұбыры және канал жүргізу желілерін, электр тасымалдау сымдарын және подстанция дайындығы бойынша шаралар жасалған. 2011-2012жж. жылыту кезеңінде 1 орталықтандырылған қазандық және 72 АСО әрекет ететін болады. Жоспарланған шаралар жоспарына сәйкес 7150,0 мың теңгеге 21 км жылыту желісін жөндеу жоспарланған, оның ішінде 18 км тоқсан желілері ішінде және 3 км магистральді желілері, 17 тұрғын үйлердің қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындығы.

Ағымдағы жылда 167,3 км электр тасымалдау желісін күрделі жөндеу, 86 электроподстанцияны жөндеу жоспарланған.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жүзеге асыру аясында әлеуметтік бағдарланған алғашқы медицина-санитарлық көмектің (АМСК) басым дамуына негізделген медициналық көмекті қаржыландыру және басқаруды жетілдіру жалғастырылады.

«Балапан» мемлекеттік бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда, басты мақсаты мектепке дейінгі білім алуға тең рұқсатты қамтамасыз ету болып табылады. «Балапан» бағдарламасын орындау 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен толық қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осылайша, ағымдағы жылда жобалық қуаттылығы 160 орынмен «Ақбота» балабақшасы пайдалануға берілді, 610 баланы жалпы қамтуымен 14 шағын-орталықтары ашылды.

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру барысында жалпы контингенттен қамту пайызы 76,4% құрайды.

Орта білім беру саласында 12-жылдық оқуға ауысуға дайындық жалғастырылады, сапалы білім беруді қол жетімді қамтамасыз етуге.

Осы уақытта 50 мектеп (89,2%) кең тарлаған Интернет желісіне қосылған. Білім беру порталын және білім берудің бірыңғай телекоммуникациялық желісін құру бойынша, «Білімал» АСУ енгізу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Электрондық балабақша. Электрондық мектеп. Оқудың онлайн жүйесі енгізілуде.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әрекеті халықтың әлеуметтік-төмен қабатын қолдауға және мүгедектерді қажетті оңтайландыру құралдармен қамтамасыз етуге бағытталған.

2011 жылы мүгедектерді әлеуметтік қолдауға бөлінді:

- гигиеналық құралдарды алуға 7 млн. 251 мың теңге;

- жеке көмекші қызметін ұсынуға 14 млн. 533 мың теңге.

Ағымдағ жылда протез-ортопедиялық көмекпен 43 мүгедек қамтылған. 20 мүгедек есту аппараттарымен қамтамасыз теліген. 2011 жылда 8 мүгедекті арнайы қозғалыс құралдарымен қамтамасыз ету жоспарланған, соқырлар үшін 25 бағдарлау тросттері бөлінді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін санатория-курорттық емделуге 117 мүгедек пен зейнеткерлерді бағыттау жоспарлануда.

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметіне 11 млн. 486 мың теңге қарастырылған.

Жалғыз басты қарттарға және мүгедектерге әлеуметтік қызмет ұсынуға 10 263,7 мың теңге бөлінді.

Сонымен қатар 2011 жылда шамамен 1860 адамды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың әртүрлі шараларымен қамту жоспарланған, оның ішінде:

- 1030 адамды жұмысқа орналастыру;

- 640 адамды қоғамдық жұмыстарға бағыттау;

- 190 жұмыссыз азаматтарды кәсіби дайындыққа.

Мәдениет нысандарының материалды–техникалық базаларын жақсарту, кітапханаларды компьютерлермен жабдықтау бойынша жоспарлы жұмыстар жалғастырылуда.

Самарканд с., Ботақара с., Ростовка с. Мәдениет үйлеріне ағымдық жөндеу жүргізілді, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Ғ.Мұстафин к. күрделі жөндеуді аяқтау жоспарланады.

2. 2012-2016 жылдарда Бұқар жырау ауданының экономикасының даму жағдайлары және факторлары
Аймақта әлеуметтік-экономикалық үрдістер дамуының сапалық және сандық болжамдық бағасы ішкі және сыртқы факторлар ықпалында болады.

Аудан экономикасының даму перспективасына белгілі ықпалды көрсетуге қабілетті, сыртқы факторлар санына әлемдік экономиканың даму перспективалары жатады.

Ішкі факторлар экономикасының өсуін қамтамасыз ету үшін неғұрлым маңызды топтарға жатады: экономиканың жаңғыртуы және өнеркәсібінде құрылымдық қайта құрулар, кәсіпорынның инновациялық әрекеті, олардың ғылыми және инженерлік-техникалық потенциалы және т.б.

Орта мерзімдік кезеңде экономикалық саясаттың негізгі мақсаты жыл сайын 5% деңгейінде экономика саласының базалық өсу теңгерімділігін қамтамасыз ету болады. Тұрақты және теңгерімделген өсуді қолдау салалардың таукен өндіру және өндеу сияқты даму жолымен қамтамасыз етіледі.

Сыртқы даму шарттары есебімен, өндіріс келесі ішкі факторлар ықпалында дамуы қажет:

- қолайлы инвестициялық ахуалды, бұрын басталған инвестициялық жобаларды іске асыруды сақтауы;

- кәсіпкерліктің несиелендіру деңгейіне жеткендігін қолдау;

әлемдік нарықта бағаның өсу деңгейін көрсететін, тұтынушы және инвестициялық сұраныстың кеңеюімен, экономикаға инфляциялық қысымның төмендеуі;

- экономикалық тұрақтылықты сақтауы.

Орта мерзімдік келешекте дамудың басты бағыты экономиканың базалық салаларының шынайы өсуін қамтамасыз етуге, әрі қарай аймақтағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолымен басты капиталға инвестициялардың құюлуына мүмкіндік беретін, Қазақстанның жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламаны жоспарлы және сапалы жүзеге асыру болады.

Облыстың индустриалды Картасына жалпы сомасы 5,6 млрд. теңгеден аса аймақтың 5 инвестициялық жобалары кіреді.

Олардың ішінен 2010 жылы 230 аса жаңа жұмыс орнының құрылуымен, жалпы сомасы 2 млрд.теңгеден аса 2 жоба («Майқұдық ҚФ» ЖШС, және « «KAZTHERM ЖШС» ЖШС) пайдалануға берілді. Ағымдағы жылда Қарағанды облысының индустриалды Картасын жүзеге асыру аясында маусым айында «ТехноИндустрия» ЖШС жобасы жіберілді – заводтың құрылысы фракциялық қиыршық тасты шығару бойынша, жоба Новоузенка с. аумағында жүзеге асырылады. Жобаның жалпы құны 672 млн.теңге, жобалық қуаттылығы жылына 1 млн.тонна қиыршық тас. Пайдалануға беру кезеңінде 130 жұмыс орнын құру жоспарланады.

Ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында «К.Маркс атындағы құс фабрикасы» ЖШС жобасын жіберу жоспарланады – жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасының дамуы мен жаңартылуы – Үштөбе с. аумағында, жобаның құны 1000,0 млн.теңге, құрылатын жұмыс орнының саны 150, жобалық қуаттылығы жылына 130 млн.дана жұмыртқа.

2012 жылы Доскей а. «Здоровые продукты» ЖШС инвестициялық жобасын жіберу жоспарланады, ет бағытындағы құс фабрикасының құрылысы жылына 5000 тоннаға дейін қуаттылығымен. Жобаның құны – 1 млрд. 619 теңге. Жобаны қаржыландыру «КазАгроФинанс» АҚ қаражат есебінен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпорындардың тұрақты өндіріс параметрлері және әрі қарай кәсіпорынның жобалық қуаттылыққа шығуы, аймақтың өнеркәсіптік өндіріс өнімінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Осы уақытта қоғамдық маңызы бар жобаларды анықтау және жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуы бойынша Үйлестіру Кеңесімен кәсіпорынның меншікті қаражатынан, даму қорының қаражат есебінен белгіленген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда экономика дамуы потенциалын жоғарлату мақсатында жылдың басынан әр түрлі бағыттағы 29 инвестициялық жобалары қарастырылған. 2012 жылға аймақтық индустриалды Картасына кірістіру үшін 315 жаңа жұмыс орнының құрылуымен, жалпы сомасы 2,5 млрд. теңге 9 жоба бағытталған. Бұл жобалардың қаржыландырылуы мен жүзеге асырылуы «2020 бизнестің Жол картасы» Бағдарламасының құралдары есебінен жоспарланады.

Бұл жылда аудан аумағында индустриалды Карта жобаларымен қатар «Қызылшоқы-Көктал кен алаңын барлау (іздеу жұмыстары)» ірі жобаны жүзеге асырылуын бастау жоспарланады, жобаның бастамашысы «Алтай полиметаллы» ЖШС. Жобаның жалпы құны 4 млрд. 672 млн.теңге. Байыту фабрикасының жобалық қуаттылығы 1 млн. тонна кені, 16 мың тонна ұнтақ тәрізді мысты алумен. Қазіргі уақытта бұл жобаны жүзеге асыру бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді, 2 тоқсанда геолог-барлау жұмысын жүргізу жоспарланады.

Сонымен қатар Барлау жобасының туған жері Үштөбе және "Достау - Литос" ЖШС барит концентратының 120 мың тоннасын өндіру, жоба құны 180 млн. теңге. Аудан экономикасының дамуына оң ықпал ету ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда болады.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында экономикалық белсенділіктің артуымен «2020 бизнестің Жол картасы» Бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын шараларына мүмкіндік туғызады.

Шағын және орта бизнесті тиімді қолдаудың құрылуы топшылайды: әкімшілік тосқауылдардың төмендеуі, әрі қарайғы инфрақұрылымның дамуы және ақпараттық қамтамасыз ету, несие қорларына шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын қамтамасыз ету.

Бүгінгі күнге Бұқар жырау ауданынан «2020 бизнестің Жол картасы» бағдарламасы бойынша 4 кәсіпорын қаржыландырылған, оның ішінде бағыттар бойынша:

Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші бағыты мемлекеттік қолдау көрсетуді қарастырады, «Қарағанды Құс» ЖШС жобасын жүзеге асыру үшін банк несиелері бойынша субсидияландыру пайыздық мөлшерлемесінде жасалады, «Банк цент кредит» банкінің субсидияландыру пайыздық мөлшерлемесі 7% мөлшерінде, қаржыландыру сомасы - 365 млн.теңге.

«К.Маркс» ЖШС – құс фабрикасының құрылысы. «АТФ» банкінің субсидияландыру пайыздық мөлшерлемесі 750,0 млн. теңге сомасына.

«Апрель» ШҚ - «Банк Центр - Кредит» банкінің субсидияландыру пайыздық мөлшерлемесі 149,0 млн. теңге сомасына.

«Айхан» ШҚ - «АТФ банк» субсидияландыру пайыздық мөлшерлемесі 40,0 млн. теңге сомасына.

«Здоровые продукты» ЖШС- өндірістік (индустриалды) инфрақұрылымының дамуына, автожолдың құрылысы, ЭТЖ, канал жүргізу, су құбырын өткізу, 467 млн.теңге сомасына (104 млн. теңге 2010 жылда, 363 2011 жылда).

Осы уақытта үшінші бағыт бойынша қаржыландырылды:

  • «Береке» ШҚ 14 млн. теңге сомасына электр тасымалдау желісін өткізуге және трансформаторлық подстанцияның орнатуына.

  • «К.Маркс ат. ҚФ» ЖШС- өндірістік (индустриалды) инфрақұрылымының дамуына, 226 млн. теңге сомасына автожолдың құрылысы.

«Возрождение» АӨК және «Айхан» ШҚ электр өткізуге және «Морская Империя» ЖК субсидияландыру пайыздық мөлшерлемесіне ЖСҚ дайындалуда.

Ауыл шаруашылық өнім өндірісіне сыртқы фактормен әсері, азық-түлік бидай бағасының тұрақсыздығына – ықпал етеді.

Несие берудің жетілмеген әдісі және Қазақстан банктерінің жоғары сыйлық беру мөлшерлері үшін әлемдік стандарттар технологияларының төмен енгізілуі, сонымен қатар тежегіш сипатта болады.

Ауыл шаруашылығының ішкі факторы болып ұсақ тауарлар өндірісінің үстем болуы, ауыл шауашылық техникасының ескі паркі, мал өнімділігінің төмен деңгейі, ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру тетігінің жоқтығы және егіс-жарамды жерлердің толық пайдаланылмауы, аграрлық саладағы мамандандырылған кадрлердің жетіспеушілігі табылады, бұл барлық көрсеткіштер ауданның ауыл шаруашылық өндіріс тиімділігін төмендетеді.

Сонымен қоса, ауданның үлкен аумағы, ауыл шаруашылық жайылымдарының үлкен қоры мамандандырылған асыл тұқымды фермаларды ашуға мүмкіндік береді.

Айтарлықтай автомобиль жолдарының күйі экономикалық белсенді халықтың деңгейіне әсер етеді және ауыл тұрғындарында өркениеттен қол үзгендіктің сезімін тудыра отырып, кері әлеуметтік эффект көрсетеді. Қазақстан халқына Президент Жолдауының міндеттеріне сүйене отырып, автокөлік тасымалдауларында ел экономикасын және селолық елді мекен тұрғындарының қажеттіліктерін жоғары қанағаттандыру үшін кент ішілік село ішілік жолдардың техникалық қалпын жақсарту қажет.

Жергілікті бюджет есебінен кент ішілік жолдар және кіре беріс жолдарды жөндеуге 2009 жылы 34,6 млн. теңге қажеттілігіне 10,8 млн.теңге (31%) бөлінді, 2010 жылы 13,3 млн.теңге бөлінді және Жол картасы аясында 34,5 млн.теңге бөлінді, жыл сайын 80 млн.теңге және одан көп бөліну қажеттілігінде.

Құрылыс дамуына әсер ететін, басты ішкі фактор тұрғындар табыстары болып табылады, өйткені тұрғын үй құрылысы негізінен тұрғындардың меншік қаражат есебінен жүзеге асырылады. Ауданда нысандардың құрылысы бюджет қаражатынан инвестиция есебінен жүзеге асырылады, осылайша нысандар құрылысына қаржыландыру әсер етеді.

2012 жылы бюджет қаржыландыру есебінен 5450 ш.м. енгізу жоспарланады, тұрғындар қаражат есебінен 2900 ш.м. аумағындағы тұрғын үйді енгізу жоспарланған. 2016 жылы - 4 760 ш.м. тұрғындар қаражаты есебінен 6 100 ш.м. аумағындағы тұрғын үй енгізу жоспарланған, тұрғын үйді енгізудің өсімі 2011 жылдың деңгейіне 52,4% құрайды.

2012-2016 жылдары тұрғындарға тұрғын үйдің қол жетімдігін қамтамасыз ету үшін келесі бағыттарды дамыту қажет:

1. Тұрғын үй жалдамалы секторын дамыту;

2. Тұрғын үй құрылыс аудандарының инженерлі-коммуникационды инфрақұрылымдарын дамыту;

3. Отандық құрылыс материалдар бөлігінің ұлғайтылуы;

4. Тұрғын үй құрылысының сапасын жоғарылату;

5. Ипотекалық несиелендіру жүйесін жетілдіру.

Ауданда тұрғындардың демографиясына және көші-қонына әсер ететін басты факторлар болып табылады: аудан аумағында тұратын тұрғындардың жағдайы, ақшалай кірістер, және де әлеуметтік мәдени тұрмыс нысандарымен және өмірге қажетті инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі.

Демографияға әсер ететін, маңызды фактор жәрдемақы және бір жолғы төлемдер түрінде көрсетілетін, мемлекеттік қолдау болып табылады.

Білім беру дамуына әсер ететін, факторлар болып табылады:

  1. материалды-техникалық базаның нығайтылуы;

  2. оқу үрдісіне жаңа оқу әдістерін енгізуі;

  3. оқыту құрамының біліктілігін жоғарылатуы.

Денсаулық сақтау дамуына әсер ететін, ішкі факторлар болып табылады:

  1. әлеуметтік-маңызды аурулар бойынша жағдайдың тұрақталуы;

  2. ауданның емдеу-алдын алу ұйымдарын дәрімен қамтамасыз етілуін жақсарту;

  3. денсаулық сақтаудың кадрлермен қамтамасыз етілуін жақсарту;

  4. диагностика және емделудің қазіргі заманға сай әдістерін тиімді қолдануы және медициналық құралдарды оңтайлы пайдалану;

  5. алғашқы медициналық-санитарлық көмек (поликлиникалық) қызметінің басым дамуымен қамтамасыз етілуі;

  6. әрдайым дәрігерлердің және орта медициналық қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату;

  7. алдын ала қарауды сапалы өткізу.

Сыртқы факторлар болып табылады:

  1. аудандық денсаулық сақтаудың мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыру әлеуметтік-маңызды аурулардың төмендеу облысында;

  2. денсаулық сақтау нысандарының күрделі жөндеуіне және құрылысына қаражаттың бөлінуі;

  3. ауданның емдеу – алдын алу ұйымдарының материалды-техникалық базаларын нығайту.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелеріне әсер ету мүмкіндігі бар факторларға жатады:

1) биліктің атқарушы органдарымен, жұмыс берушілер арасындағы әлеуметтік серіктестік механизмінің дамуы;

2) ауданның жұмыссыз тұрғындарын қайта дайындау және жастардың кәсіби дайындық бағдарламасының дамуы;

3) жұмыссыздарды қайта дайындау үшін олардың материалды-техникалық базасын пайдалану сұрағында жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестіктің дамуы;

4) медицина-әлеуметтік мекемелерде (МУМ) арнайы әлеуметтік қызметті толық көлемде ұсыну үшін жағдай жасау;

5) медициналық қызметтерді ұсынуды жетілдіру.


  1. 2012-2016 жылдарға аудан экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы және мақсатты индикаторлары


2012-2016 жылдар кезеңінде жергілікті атқарушы органдар әрекетінің басты бағыты әрі қарай экономиканың сапалы және теңгерілімді өсімін қамтамасыз ету және қалпына келтіру болып табылады.

Экономика диверсификация және жаңартуының басты құралы болып табылатын, 2010-2014 жылдарға жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жалғастырылады.

Күштер өнеркәсіптің әрі қарайғы жаңаруы және экономиканың диверсификациясы бойынша жобаларды жүзеге асыру бойынша міндеттердің шешіміне бағытталады.

Негізінде, ауданның экономикалық жағдай келешегін кәсіпорынның тұрақты жұмысы және олармен инвестициялық және инновациялық жобаларды енгізу, және ерекше маңызды – жаңа технологиялар анықтайды.

Инфрақұрылым –бизнес дамуы жалғастырылады, әрі қарай шағын бизнестің дамуына және нығаюына мүмкіндік береді, біріншіден экономиканы жандандырады, нақты ортаны, жұмыс орындарын құрады және бюджетті толықтырады.

Кәсіпорын деңгейінде күштер бағытталады:

- шығарылатын өнім және қызметтің бәсекеге түсу қабілетінің артуына;

- ішкі қорлардың мобилизациясына;

- консалтинг құралдарының пайдалануына және дамуына;

- даму институттарының қызметін тиімді пайдалануына;

- халықаралық стандарт, қауіпсіздікті және сапаны (ISO) басқару жүйесі бойынша енгізуге және сертификацияға.

Аймақтың дамуы белгілі дәрежеде инвестициялық ағындарды оған қатыстыру үшін құрылған жағымды ортаға байланысты. Мұндай ортаның қалыптасуы бизнес-үрдістер үшін жоғары тиімді инфрақұрылымды құратын, нарықтағы компаниялардың бар болуына, оның дамуына ықпал ететін, мемлекеттік органдардың өнімдік жұмысына, сонымен қоса бизнестің дамуы үшін жаңа қорларды іздеп жүрген, жергілікті копаниялар мен кәсіпорындардың белсенділігіне байланысты.

Экономиканың жедел өсуін және басқаруын жетілдіру мақсатында мыналар бойынша шаралар қолданылады:

- инвестицияны индустриалды-инновациялық жобаларды жүзеге асыру затына, кәсіпорынның басты қорларының жаңаруына, жаңа нысандардың қайта қалыптасуы мен құрылысына, әлеуметтік саланың дамуына тартуы;

- қызмет, жұмыс және тауар өндірісінің тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін жағымды инвестициялық ахуалды құруы;

- потенциалды инвесторларды іздеуде аймақтың кәсіпорындарына көмек көрсетуі;

- бизнес–форум өткізуі,

- өнделетін және қайта өндейтін өенркәсіпте, тұрғын-үй құрылысы, туризм, машина жасау, энергетика, коммуналдық шаруашылықта әр түрлі инвестициялық және қаржы институттарын тартуы;

-экономиканың басым секторының инвестициялық тартымдылығының артуы.

2012-2016 жылдар кезеңіне өндіріс саласы дамуының кілттік индикаторлары өнеркәсіптік өндіріс өнімі көлемінің 2012 жылда 3,5 %-дан 2016 жылға 5,5%-ға дейін өсу болып табылады.

Өнеркәсіптік өнім көлемінің өсуі таукен өндіру секторында, өнделетінде өндіріс көлемінің өсуіне мүмкіндік туғызады.

Таукен өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсу темптері 2012 жылы 104,7%-дан 2016 жылы 105,5%-ға дейін артады.

Өнделетін өнеркәсіптік өндірісі 2012 жылы 0,6%-дан 2016 жылы 5,5%-ға дейін өсуі болжанады.

Ауданда бар индустриалды-инновациялық жобалардың жүзеге асырылуы негізгі капиталға 2012 жылы 101,3%-дан 2016 жылы 105,5%-ға дейін инвестиция көлемінің өсуіне мүмкіндік береді.

Шағын кәсіпкерлік субъектлерінің саны 2012 жылы 2011 жылдың деңгейіне 2% өседі және 1918бірлікті құрайды, 2016 жылы - 1975, 2011 жылға өсуі -5%.

Шағын бизнес саласындағы жұмысбастылардың саны 2012 жылы 2011 жылға 2,4%-ға өседі және 5888 адамды құрайды; 2016 жылы - 6398, 2011 жылға өсуі 11,3%-ға.

Шағын бизнес субъектілерімен өндірілген өнімнің (жұмыс, қызмет) көлемі 2012 жылы 2011 жылға 5,% өседі және 7760 млн.теңгені құрайды, 2016 жылы – 9432 млн.теңге, 2011 жылға өсуі 27,6% .

Шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің өсу саны алдағы жылдың пайыздық қатынасына 1% құрайды.

Ауыл шаруашылық саласында жоспарланады:

1) ауыл шаруашылықтың жалпы өндіріс өнімі 2016 жылға 17,2 млрд. теңгеге жеткізу (2010 ж – 14,4 млдр. теңге);

2) аграрлық секторда еңбек өнімділігі 2016 жылға 2 есеге арттыру;

3) 2016 жылға етті өндіру үлесін 14%-ға дейін (2010 ж- 5,7%) және сүтті 3,8%-ға дейін (1,9%) өсіру;

4) аграрлық саланың экспорттық потенциалын 2016 жылға 3,9% дейін аудан экспортының жалпы көлемінде (2010 ж - 1,7%);

5) өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі 2016 жылы 115,4%-ға;

6) 2016 жылға мал санын жеткізу керек: ІҚМ 61,0 мың басқа дейін (, қой мен ешкі 72,5 мың басқа дейін, жылқы 18,6 мың басқа дейін, шошқа 58,2 мың басқа дейін;

7) мал шаруашылық өнімі дейін: ет – 29 мың тонна, сүт – 69 мың тонна, жұмыртқа – 230 млн.дана, жүн – 74,8 тонна;

8) астық өнімін 99 мың тоннаға дейін жеткізу, картоп - 39,5 мың тонна, көкөніс – 8,2 мың тонна.

Ауыл шаруашылық жалпы өнім көлемінің орташа жылдық өсуі 2012-2016 жылдарда 2% құрайды.

Құрылыс жұмысы көлемінің өсу темптері 2012 жылы 116,8% және 2016 жылы 107% құрайды. Барлық қаржыландыру көздері есебінен алдын ала мәліметтері бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланады: 2012 жыл – 8 350 ш.м., 2013 жыл – 8 850 ш.м., 2014 жыл – 9 250 ш.м., 2015 жыл - 10 150 ш.м., 2016 жыл - 10 860 ш.м..

Негізгі капиталға инвестицияның көлемі 2016 жылға 13519,4 млн. теңгені құрайды, немесе 119% 2011 жылдың күтілетін деңгейіне.

2012-2016 жылдары ауданның елді мекендерін қамтамасыз ететін, жаңа автобустық маршруттардың құрылуы есебінен жолаушыларды тасымалдау көлемі 2 % артады, жүк айналымы 4 % өседі.

Телефон байланысы қызметінің көрсеткіштері өзгереді. Электрондық станцияға ауыстырылуына және орнатылуына байланысты 100 тұрғынға телефон тығыздығы 5% артады және 2010 жылы 14,41 бірлікті және 2014 жылы 21,1 бірлікті құрайды.

Халықтың жағдайының өсу есебімен Интернет пайдаланушылар саны өседі және 2009 жылы 100 адамға 0,4 қолданушылардан 2014 жылы 0,64 қолданушыларға дейін құрайды.

2010-2014 жылдары аналогтік станцияны электрондыққа толығымен ауыстыру жұмысы жоспарланады. Сонымен қатар телефон орналастыру өтінімі 100 % қанағаттандырылады.

2010-2014 жылдары жыл сайын облыстық бюджеттен 60 млн.теңгеден аса қаражаттың бөлінуімен ауыл ішілік жолдардың күрделі жөндеуі бойынша жұмыс өндірісі жолымен ауданның елді мекендерінің ауыл ішілік жолдарын қалпына келтіру.

Олардың нормативтеріне жолдарды көлік–пайдалану қалпына жеткізумен, қажетті қаражаттар шегінде облыстық және аудандық маңызы бар автомобильді жолдардың күрделі және орта жөндеуін әрі қарайғы жүргізуі.

Жұмысты орындау ауыл ішілік жолдар және көпірлердің жалпы көлік–пайдалану қалпының жақсаруына және қиратылған жамылғыларымен учаскелерді қайта қалпына келтіруіне мүмкіндік береді.

Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту облысында шешу үшін қойылған міндеттер болжанады:

  • 6190 жұмыссызды жұмысқа орналастыру ( 2012 ж. - 1130 адам, 2013 ж.- 1200 адам, 2014 ж.- 1230 адам, 2015ж.- 1300 адам, 2016 ж.- 1330 адам;

  • 4000 жұмыссызды қоғамдық жұмысқа бағыттау, оның ішінде 2012 ж.- 700 адам, 2013 ж.- 750 адам, 2014 ж.– 800 адам, 2015 ж.- 850 адам, 2016 ж.- 900 адам;

  • 1100 жұмыссызды жұмыспен қамту қызметі арқылы қайта оқыту, жыл сайын 200 адам.

Денсаулық сақтауда болжанады:

  • тұрғындардың күтілетін өмір сүру ұзақтығын ұлғайту 2016 жылға 70 жасқа дейін (2009 жыл – 66,9 жас);

  • жалпы өлімді төмендету 2016 жылы 6,6 дейін (2009 жыл – 7,2%);

  • аналардың өлімін төмендету 2016 жылға 0-ге дейін 1000 тірі туғандардан;

  • бала өлімін төмендету 2016 жылға 13-ке дейін 1000 тірі туылғандардан (2009 жыл – 20,1).

Білім беру саласында 2016 жылға, мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен 100% қамтуды қамтамасыз ету жоспарланады. Қамтудың ұлғаюы әрекет етуші шағын-орталықтарының кеңеюімен және жаңа ашылулар есебінен жүзеге асырылады.

Жалпы педагогтер санынан жоғарғы және бірінші санаты бар, жоғары біліктірілген педагогтердің қызметкерлер үлесі 2016 жылға 48,4% құрайды (2012 ж – 47).

«Мәдениет саласының популяризациясы» міндеттерін іске асыру үшін келесі шаралар өткізіледі:

- мәдениетті-бұқаралық ойын-сауық шараларын, халық шығармашылық сайысы, облыстық, аудандық фестивальдарға, конкурстарға қатысуын өткізу;

- халықаралық, республикалық, аймақтық, облыстық, аудандық фестивальдарда, конкурстарда, сайыстарда өзіндік шығармашылық ұжымдардың қатысуы;

- халықаралық шығармашылық конкурстарда жас дарынды қатысушыларын қамтамасыз ету және шығару;

- кiтапханалық қорлардың жүйелi түрде жинақтауын қамтамасыз ету;

- электронды жеткiзушілерде баспа шығарылымы және баспа шығарылымына жүйелi түрде қолдың қамтамасыз ету;

- кітапханаларды телефонизациялау және кітапханалардың әрдайым Интернет желісімен қамтамасыз етілуі.

2012-2016 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы қосымша 1 ұсынылған.



  1. Ауданының бюджеттік параметрлер болжамы
  1   2

Похожие:

БҰҚар жырау ауданының 2012-2016 жылдарғА Әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы ботақара к. – 2011ж. Мазм ұ н ы iconI. 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Бюджет Кодексіне 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлеріне және...
БҰҚар жырау ауданының 2012-2016 жылдарғА Әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы ботақара к. – 2011ж. Мазм ұ н ы icon2012 – 2016 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы Мазмұны
Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің 2012-2016 жылдарға арналған болжамы (бұдан әрі...
БҰҚар жырау ауданының 2012-2016 жылдарғА Әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы ботақара к. – 2011ж. Мазм ұ н ы iconI. 2012-2016 жылдарға арналған Жаңақорған ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ережесіне» сәйкес...
БҰҚар жырау ауданының 2012-2016 жылдарғА Әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы ботақара к. – 2011ж. Мазм ұ н ы iconБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы...
БҰҚар жырау ауданының 2012-2016 жылдарғА Әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы ботақара к. – 2011ж. Мазм ұ н ы iconЖамбыл ауданы әкімінің 2011 жылғы 29 қарашадағы
Жамбыл ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
БҰҚар жырау ауданының 2012-2016 жылдарғА Әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы ботақара к. – 2011ж. Мазм ұ н ы iconШарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша
Шарбақты ауданының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының болжамы (одан әрі-Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...
БҰҚар жырау ауданының 2012-2016 жылдарғА Әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы ботақара к. – 2011ж. Мазм ұ н ы iconШығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Республикасының Бюджет кодексіне, «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
БҰҚар жырау ауданының 2012-2016 жылдарғА Әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы ботақара к. – 2011ж. Мазм ұ н ы iconАқтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған болжамы
Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 – 2015 жылдарға арналған болжамы (бұдан әрі – Болжам) Қазақстан Республикасы...
БҰҚар жырау ауданының 2012-2016 жылдарғА Әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы ботақара к. – 2011ж. Мазм ұ н ы iconӨскемен қаласының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Өскемен қ., 2011 ж. Мазмұны
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша 2012-2014 жылдарға арналған шығыстардың болжамды көлемдері
БҰҚар жырау ауданының 2012-2016 жылдарғА Әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы ботақара к. – 2011ж. Мазм ұ н ы icon2012-2016 жылдардағы Абай ауданы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамыту болжамы Кіріспе
Абай ауданы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамыту болжамы (әрі қарай Болжам) 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница