Жаңа-Құрлыс ауылдық округі әкімінің 2011 жылда атқарылған жұмыстарының есебі




Скачать 38.96 Kb.
НазваниеЖаңа-Құрлыс ауылдық округі әкімінің 2011 жылда атқарылған жұмыстарының есебі
Дата конвертации21.12.2012
Размер38.96 Kb.
ТипДокументы
Жаңа-Құрлыс ауылдық округі әкімінің 2011 жылда атқарылған жұмыстарының

ЕСЕБІ
Құрметті, жиналған қауым, сіздердің назарларыңызға Жаңа-Құрлыс ауылдық округі аппаратының 2011 жылда атқарған жұмыстарының есебін ұсынамын.

Жаңа-Құрлыс ауылдық округінің жалпы аумағы 75900 гектарды құрайды, осы аумақтағы 4 елді мекенде 1030 адам тұрады.

Ауылдық округте 11 фермер және шаруа қожалықтары,1 Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік, 8 жеке кәсіпкер жұмыс жасайды.

Серіктестік пен шаруа қожалықтарының жер көлемі: барлығы 42593 га- осының ішінде-аңыздар 26807 га, жайылым-8608 га, 9233 тыңайған жерлер.

Тұрғындардың әлеуметтік құрамы- еңбекке жарамдылар - 654, зейнеткерлер- 133 адам, мүгедектер- 42 адам, 5-і жастайынан мүгедектікке ұшыраған балалар. Жалғызбасты зейнеткерлердің саны 11 адам.

Ауылдық округтегі 273 үй-аулалардың 12-сінде мал ұстамайды.

2010 жылы есепті кезеңде әлеуметтік көмек алушылардың саны 6 отбасын құрады, 2011 жылғы есепті кезеңде әлеуметтік көмек алушылар жоқ.

«Қамқорлық» акциясы аясында аз қамтылған отбасына 190 мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілді.

Жұмыспен қамту мәселесінде 2020 бағдарламасы бойынша округтің барлық елді мекендерінде тұрғындармен кездесу отырыстарда үш бағыттағы жұмыспен қамту ережелері түсіндірілді, 3 тұрғын өз бизнестерін ашуға тілек білдірді.Осылардың біреуі СТО, 1-і мал шаруашылығын дамытуды, біреуі наубайхана ашуды таңдады

Білім беру саласында: Ауылдық округ аумағында 4 мектеп жұмыс істейді.Оның 2-і негізгі мектеп, екеуі жалпы білім беру мектебі.Осы мектептерде 152 оқушы білім алуда. Биыл орта мектеп бітірушілердің 9-ы Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысты, 1 оқушы мемлекеттік емтихан тапсырды.

Тестілеу қортындысы бойынша Трофимовка орта мектебі 100 балл, Тегістік орта мектебі 89,7 балл алды.Алдымыздағы оқу жылында 11 сыныпта 4 оқушы бар.

8 маусым күні 20 оқушы Павлодар қаласында серуендеп қайтты.Олар облыс орталығының көрнекті жерлерін, музейлер мен аттракциондарды аралап, кемемен Ертіс өзенінде серуендеді.Бұл іс-шараны ұйымдастыруға аудандық «Нұр-Отан» партиясының филиалы мен Покровка Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көп көмек көрсетті.Оқушылардың жазғы демалысында округтің мектептерінің жанынан демалыс орындары ашылды, спорт секциялары, кітапханалар жұмыс істейді.

Медицина саласында: Трофимовка ауылында қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді.Округтің барлық ауылдарының дәрігерлік пункттері медицина қызметкерлерімен қамтылған.
Учаскелік полиция инспекторының жұмысы: өткен кезеңде 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 8-і иттерін ұстаудағы құқық бұзушылық үшін, ішкілік ішіп қоғамдық орындарға келгені үшін 7 адам, бала тәрбиесінде ата-аналық міндетін орындамағаны үшін 4 адам, рұқсатсыз от қаруын ұстағаны үшін 1 адам,қару тәркіленді, жолда жүру ережесін бұзғаны үшін 1 адам жауапкершілікке тартылды. Үй маңайының тазалығын бұзғаны үшін 40 адамға жазбаша ескерту берілді.

Ауыл шаруашылығы саласында: Округ бойынша 2011 жылғы мал басының саны- ірі қара мал – 2512 бас, сиыр-790 бас, жылқы 600 бас, қой -3158 бас. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Ірі қара мал 111 басқа , қой мен жылқы былтырғы жылдың деңгейінде. Мал басының көбейуі тұрғындардың дәстүрлі мал шаруашылығына бет бұрғанын көрсетеді.

Биылғы жылы шаруа қожалықтарыңда 15946 га жерде, 11504 центнер бидай жиналды. ЖШС Покровкада ғана агротехникалык іс-шаралар кеңінен қолданылады. Егіс алдындағы жер өңдеу, химиялық жолмен арам шөптерді отау, уақытымен тұқым себу сияқты іс-шаралар.

Округте жыл бойы тұрғындардан сүт өнімі күн сайын қабылданады.

Қоғамдық ұйымдардың жұмысы: 2011 жылдың өткен кезеңінде округ тұрғындарымен 12 кездесу өткізіліп, көптеген мәселелер қаралды. Оның ішінде көктемгі мал бағуды ұйымдастыру, абаттандыру жайы, басқа да мәселелер.Тегістік және Покровка ауылдарында тұрғындар сумен қамтамасыз ету жайын өздері шешеді. Жиналған қаржыдан қор жинап,су тартқыш қираған жағдайда осы қормен жөндетіледі. Қоғамдық ұйымның көмегімен басқа да көптеген игілікті істер атқарылды.

Мәдениет және спорт саласында: Округ тұрғындары спорттағы іс-шараларға белсене араласады. Наурыз мейрамы, 8 наурыз, 9 мамыр мейрамдарында өткен спорттық іс-шараларда ауылдық округ тұрғындары белсене қатысты. Трофимовка ауылының жасөспірімдері Березов, Воскресен, Коммунар округтерінің жасөспірімдерімен футболдан жолдастық кездесу өткізіп, бәрінде де жеңіске жетті. Қыс айларында қазақша күрес және қол күрестен секциялар өткізіліп тұрады. Калиновка ауылдық округінде өткен аудандық спартакиадада командалық 4-ші орынды жеңіп алды. Округте спортты дамытуда игі істер істелінді, 6 шахмат және дойбы тақталары, футбол, волейбол доптары сатып алынды, стадион жөндеуден өтті.

Тұрғын-үй комуналды -шаруашылық саласында: Тұрғындарды сумен қамтамасыз етуді жақсартуда бірқатар жұмыстар жүргізілді.Өткен кезеңде су жүйесінің зақымдану жағдайлары болған жоқ. Бірақта су жүйесін тартқанда өте көп кемшіліктер болғаны білініп жатыр. 21 колонка қайта жөнделіп іске қосылды, құдықтар тазартылып, суық өтпейтіндей жабылды.Осы істелген шараларға байланысты электр энергиясы да үнемделді.

Ауылдарды абаттандыруда бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Абаттандыру айлығы аясында 7 сенбілік өткізілді. Жұма сайын сенбілік өткізіліп тұрады.170 тонна күл-қоқыс төгілді.Бір жарым мың шаршы метр аумақ тазартылды, бір жарым шақырым ауыл іші жолы тегістелді, 210 түп ағаш әктеліп,142 ағаш көшеттері отырғызылды. 200 шаршы метр гүлзар іске қосылды. Трофимовка ауылының ортасындағы автобус аялдамасы сырланып, әктеліп, орындықтар қойылды.

Ауыл тұрғындары үйлерінің маңайын тазартып,қыстан шыққан күл-қоқыс,көңдерін шығару жұмыстарымен айналысты, 24 үйдің қақпалары мен дуалдарының сыры жаңартылды.

Жер және мүлік салығын 273 үйден 3 адам әлі қарыздар, бұлармен жұмыс жүргізіліп,бәрі де қарыздарын өтейтін болды

Жаңа-құрлыс ауылдық округі әкімі аппаратының басты міндеті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етіп, хал-ахуалын көтеру.


Жаңа-Құрлыс ауылдық округінің әкімі Ж. Бейсебаев

Похожие:

Жаңа-Құрлыс ауылдық округі әкімінің 2011 жылда атқарылған жұмыстарының есебі iconЕгінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары!
Ауылдық округ әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Жаңа-Құрлыс ауылдық округі әкімінің 2011 жылда атқарылған жұмыстарының есебі icon2011 жылға атқарылған жұмыстар туралы Новопокровка ауылдық округі әкімінің есебі. «ШҚо бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппараты»
Мм жұмысы ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қр конституциясын,...
Жаңа-Құрлыс ауылдық округі әкімінің 2011 жылда атқарылған жұмыстарының есебі iconЕгінсу ауылдық округінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар !
Ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Жаңа-Құрлыс ауылдық округі әкімінің 2011 жылда атқарылған жұмыстарының есебі iconБозанбай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2011 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2012 жылы жоспарланған іс- шараларды талқылау үшін кездесіп отырмыз
Жаңа-Құрлыс ауылдық округі әкімінің 2011 жылда атқарылған жұмыстарының есебі iconАйыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Жарлығына сәйкес жыл сайын Республика көлесінде осы мерзімде барлық деңгейдегі...
Жаңа-Құрлыс ауылдық округі әкімінің 2011 жылда атқарылған жұмыстарының есебі iconДайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі әкімі аппараты 2011 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, осы жоспар негізінде жұмыстар атқарылды
Жаңа-Құрлыс ауылдық округі әкімінің 2011 жылда атқарылған жұмыстарының есебі iconБозанбай ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2010 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2011 жылы жоспарланған іс – шаралар талқылау үшін кездесіп отырмыз
Жаңа-Құрлыс ауылдық округі әкімінің 2011 жылда атқарылған жұмыстарының есебі iconТаврия ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
...
Жаңа-Құрлыс ауылдық округі әкімінің 2011 жылда атқарылған жұмыстарының есебі iconДайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі әкімі аппараты 2011 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, осы жоспар негізінде жұмыс жасауда
Жаңа-Құрлыс ауылдық округі әкімінің 2011 жылда атқарылған жұмыстарының есебі iconЕкібастұз ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Жаңа 2010 жылдың табалдырығын аттаған кезеңде кездесіп отырмыз. 2010 жыл Бүтіндей Қазақстан үшін оның ішінде біздің Екібастұздықтар...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница