Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №670 Қаулысы «Ғылым туралы»




Скачать 42.22 Kb.
НазваниеҒылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №670 Қаулысы «Ғылым туралы»
Дата конвертации09.11.2012
Размер42.22 Kb.
ТипДокументы
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 670 Қаулысы
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 20 маусымдағы

№ 670 қаулысымен

Бекітілген
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық

қаржыландыру нормалары
1. Базалық қаржыландыру ғылыми инфрақұрылымды және мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдық пен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналға еңбекақы төлеуге, сондай-ақ мемлекеттік ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары оқу орындарының, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары оқу орындарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға тиесілі жоғары оқу орындарының ғылыми-техникалық қызметін ақпараттық сүйемелдеуге арналған базалық қаржыландыру нормалары бойынша шығыстарды қамтиды.

2. Заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын ғылыми инфрақұрылымды және мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдық пен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналға еңбекақы төлеуге, сондай-ақ ғылыми-техникалық қызметті ақпараттық сүйемелдеуге арналған шығыстар ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормалары болып табылады.

3. Ғылыми инфрақұрылымды және мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдық пен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге арналған шығыстар:

1) коммуналдық қызметтерге (су, газ, электр энергиясы, жылу, кәріз, желдету) ақы төлеуді;

2) байланыс қызметтеріне (телефонға абоненттік төлемақы, пошта-телеграф шығындары, факс, электрондық пошта, радио) ақы төлеуді;

3) көлікті жалға алуды;

4) міндетті сақтандыру жарнасын;

5) негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алуға, өзге тауарларды сатып алуға арналған шығындарды, басқа да ағымдағы шығындарды, күзетке (әскерилендірілген қызметтерге) арналған шығындарды, күзет сигнализациясына арналған шығындарды;

6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметте пайдаланылатын негізгі құралдардың тозуын (амортизация), ғимаратты, жабдықты ағымдағы жөндеуді қамтиды.

Бұл шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің:

1) «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118;

2) «Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335;

3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663;

4) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288;

5) «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулыларына сәйкес айқындалады.

4. Әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналға еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар мемлекеттік ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары оқу орындарының, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары оқу орындарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға тиесілі жоғары оқу орындарының әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналының еңбекақысын, оның ішінде өтемақы төлемдерін төлеуді (сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеуді) қамтиды.

Бұл шығыстар «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес айқындалады.

5. Ғылыми-техникалық қызметті ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі шығыстар нақты шығындар бойынша қалыптастырылады.

6. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес есептеледі.

Похожие:

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №670 Қаулысы «Ғылым туралы» iconҒылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы «Ғылым туралы»
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №670 Қаулысы «Ғылым туралы» iconҒылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы №645 Қаулысы «Ғылым туралы»
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 4 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №670 Қаулысы «Ғылым туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі №833 қаулысы «Ғылым туралы»
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми -техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді...
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №670 Қаулысы «Ғылым туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі №833 Қаулысы «Ғылым туралы»
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді...
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №670 Қаулысы «Ғылым туралы» iconМемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы №891 Қаулысы «Ғылым туралы»
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 9 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №670 Қаулысы «Ғылым туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 13 мамыр №511, Астана, Үкімет Үйі Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 11 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №670 Қаулысы «Ғылым туралы» icon«Мемлекеттік ұлттық ғылыми техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі №831 Қаулысы «Ғылым туралы»
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №670 Қаулысы «Ғылым туралы» iconҰлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі №785 Қаулысы
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 6 тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан...
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №670 Қаулысы «Ғылым туралы» iconҚаржыландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 Қаулысы
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №670 Қаулысы «Ғылым туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №140 Қаулысы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница