Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы




НазваниеҚазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
страница1/15
Дата конвертации09.11.2012
Размер1.3 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 қаңтардағы N 43 Қаулысы
"Казахстанская правда" от 12.02.2011 г., № 52-53 (26473-26474); "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 13 сәуiрдегi № 145-146 (26548); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 15, 182-құжат

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 4 тамыздағы № 795 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 47, 428-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 4 тамыздағы № 795 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1344 қаулысы.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2011 жылғы 29 қаңтардағы
№ 43 қаулысымен    
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

1. Миссия және пайымдау

      Миссиясы – ақпарат, байланыс және ақпараттандыру саласында қолжетiмдi және сапалы қызметтердi ұсынуға, инфокоммуникациялық инфрақұрылымды, отандық ақпараттық кеңiстiктi дамыту үшiн жағдай жасауға бағытталған мемлекеттiк саясатты тиiмдi iске асыру.
      Пайымдауы – қазiргi заманғы стандарттарға сай және әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке толыққанды кiрiгудi қамтамасыз ететiн дамыған, қолжетiмдi инфокоммуникациялық инфрақұрылым және қазiргi заманғы жалпыұлттық ақпараттық орта.

2. Ағымдағы жағдайды талдау және даму үрдiстерi

Мультимедиялық қызметтердi ұсынуға бағытталған, қазiргi заманғы технологияларға негiзделген қызметтердi, өндiрiстердi және АКТ инфрақұрылымдарды дамыту

Дамудың негiзгi параметрлерi

      Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын (бұдан әрi – АКТ) дамыту «болашақ экономика салаларының» аясындағы мемлекеттiк үдемелi индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы басымдықтарының бiрi болып табылады, бұл оның қазiргi заманғы Қазақстан экономикасы үшiн маңызды екенiн көрсетедi.
      АКТ Қазақстан экономикасының дербес секторы ретiнде ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және телерадиодыбыс тарату саласындағы қызметтер және өндiрiс салаларын қамтиды. Бұл көзқарас байланыс технологиясының телерадиохабар таратудың және ақпараттық технологиялардың бiр-бiрiне өтуi салдарынан, соңғы онжылдықта бүкiл әлемде байқалады.
      Осы саланы дамытуда, АКТ-ны тұтынуды және қолдануды айтарлықтай көбейту елiмiздiң көп жылдық бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында АКТ-да қазақстандық қатынас үлесiн жоғарылату бойынша тапсырма тұр. Сөйтiп, 2009 жылы елiмiздiң жалпы iшкi өнiмiндегi (бұдан әрi ЖIӨ) АКТ секторының үлесi 3,7 %-ды құрады.
      Ақпараттық технологиялар секторында 2009 жылдың қорытындысы бойынша кәсiпорындардың жалпы кiрiсi 2008 жылмен салыстырғанда 7 %-ға төмендеген және 90 млрд теңгенi құрады, бұл әлемде қалыптасқан макроэкономикалық жағдай салдарының әсер етуi. Сонымен бiрге экономика салаларында ақпараттандыру үдерiсi жалғасуда, ол компьютерлiк және жүйелiк қондырғыларға деген ұдайы сұранысты қамтамасыз етуде, олар қазiргi кезеңде ақпараттық технологияларға деген барлық шығыстардың 75 %-нан астамын құрайды.
      Телекоммуникация саласында кәсiпорындардың құрамдас жиынтық кiрiсi 2010 жылдың бiрiншi жартыжылдығында 226,1 млрд теңге көрсеткiшiне жеттi, ол 2009 жылдан 5,2 %-ға артық. Сала кiрiсiнiң өсуi елiмiзде халықтың және бизнестiң ұсынылатын қызметтерге деген сұранысының өсiп келе жатқанын көрсетедi. Сала динамикалы даму үстiнде және инвестия үшiн тартымды болып табылады.
      Телекоммуникация саласының беталысы жоғары жылдамдықта оптикалы және сымсыз технологияларға негiзделген инфроқұрылым, халыққа және ұйымдарға мультимедиалық қызмет ұсыну, сондай-ақ жергiлiктi телефон байланыстарын цифрландыру деңгейiн көтеру болып табылады.
      Байланыс операторлары жұмыс iстеп тұрған қалалық талшықты-оптикалық инфрақұрылымның негiзiнде қалалық мультисервистiк қолжетiмдiлiктi және Metro Ethernet көлiк желiсiн құруды жүзеге асырады, ол ADSL негiзiндегi интернетке кең жолақты бұқаралық қолжетiмдiлiк, қалалық жоғары жылдамдықтағы арналар сияқты жаңа қызмет түрлерiн енгiзудi ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Елдi мекендерде CDMA 450 технологиясын пайдаланып, телефонизациялау және интернеттендiру үшiн байланыс желiсiн салу және NGN технологиясы негiзiнде жаңа буын жүйесiн салу бойынша жұмыстар жалғасуда.
      Азаматтық мақсаттағы радиожиiлiктердiң жолақтарын босату бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Радиожиiлiктер жөнiндегi комиссия 2009 жылдың 24 желтоқсанында № 17-5/007-812, UMTS/WCDMA үшiншi буынның ұялы байланыс стандартын енгiзу үшiн «GSM Қазақстан «Қазақтелеком ААҚ» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк (бұдан әрi ЖШС), «Кар-Тел» ЖШС-гi және «Мобайл – Телеком Сервис» ЖШС-терi арасында 1920-1980 МГц, 2110-2170 МГц-тен 20 МГц (қабылдау/тасымалдау) аралығында ақылы негiзде қосымша лицензиялық мiндеттемелер мен жиiлiктер бөлу туралы шешiм қабылданды.
      Қазiргi уақытта Байланыс және ақпарат министрлiгiмен ұялы байланыс операторларына Алматы және Астана қалаларында 3G байланыс стандартының қызметтерiн көрсету мақсатында радиожиiлiк спектрiн пайдалануға уақытша рұқсат берiлдi. Ұялы байланыс операторларымен 5 млрд. теңге көлемiнде бiржолғы ақы төлегеннен кейiн Байланыс және ақпарат министрлiгiмен 3G байланыс стандартының қызметтерiн Қазақстан Республикасының барлық аумағында көрсету үшiн рұқсат берiледi.
      Министрлiк байланыс саласындағы мемлекеттiк саясатты тиiмдi iске асыру мақсатында ведомстволық бағынысты кәсiпорын «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi – «ТСТСТО» РМК) арқылы радиоэлектрондық құралдардың және радиожиiлiк тағайындаулардың, радиожиiлiк спектрiнiң және радиоэлектрондық құралдардың мониторингi жүйесiн тиiмдi сүйемелдеу қамтамасыз етедi.
      Телекоммуникациялық салаларын дамыту жөнiндегi өткiзiлiп жатқан iс-шаралар елiмiздiң әр 100 тұрғынына есептегенде 2010 жылы мынадай нәтижелерге қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi:
      - тiркелген телефон жолағының тығыздығы – 24,1;
      - ұялы байланыс абоненттерiнiң тығыздығы – 120;
      - интернет желiсiне кең жолақты қолжетiмдiлiктi пайдаланушылардың тығыздығы – 12,1;
      - жергiлiктi телекоммуникация желiсiн цифрлау деңгейi – 91%.
      Пошта байланысы саласында қызмет көрсету нарығының негiзгi жеткiзушiсi Ұлттық оператор болып табылатын «Қазпошта» акционерлiк қоғамы болып қалып отыр. Қызмет көрсетулердi елiмiздiң барлық аумағын қамтитын 2800 пошта байланысы бөлiмшелерi жүзеге асырады.
      Хат-хабарларды жiберу секторында, iрi қалаларда, баламалы жеткiзгiш қызметтердiң пайда болуы (жергiлiктi пошта байланысы) байқалады. Осы нарықта бәсекелiктiң пайда болуы, дәстүрлi желiлермен салыстырғанда неғұрлым арзан хабарламалар, жарнама материалдарын жеткiзу бойынша қызметтердiң пайда болуына ықпал етедi.

Негiзгi проблемаларды талдау

      Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы негiзгi проблемалар:
      1) интернет желiсiне кеңжолақты қолжетiмдiлiктi дамытудың жеткiлiксiздiгi;
      2) елiмiзде үй шаруашылықтарын телефон байланысы және интернет желiсiне кеңжолақты қолжетiмдiлiк қызметтерiмен қамтудың жеткiлiксiздiгi;
      3) ауылды елдi мекендердiң пошта байланысы бөлiмшелерiмен жеткiлiктi қамтамасыз етiлмеуi;
      4) халықтың компьютерлiк сауаттылығы деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi;
      5) халықты компьютерлiк техникамен қамтамасыз етудiң жеткiлiксiздiгi;
      6) АКТ құралдарының отандық өндiрiсi деңгейiнiң төмендiгi және оның импортқа тәуелдiлiгi болып табылады.

Негiзгi iшкi және сыртқы факторларды бағалау

      Iшкi факторлар:
      1) телекоммуникация саласын дамыту, шектеулi ресурстарды (радиожиiлiк спектрi, нөмiрлеу ресурсы) пайдаланумен тiкелей байланысты;
      2) ұялы байланыстың бекiтiлген желiлермен конвергенциясының дамуымен жаңа телекоммуникация қызметтерi пайда болады;
      3) тiркелген және мобилдi байланыс нарығының дамуымен бiрге олардың ақпаратты технологиялармен конвергенциясы негiзiнде қызметтердiң жаңа түрлерi пайда болуда;
      4) қазiргi заманғы ақпараттық коммуникация құралдарының дамуы тұтынушылардың дәстүрлi пошта қызметтерi түрлерiне деген сұранысының төмендеуiне әкеп соқтырады;
      5) IТ-қызметтерi нарығының негiзгi кiрiсi мемлекеттiк тапсырыс есебiнен құралады;
      6) Қазақстанда бағдарламамен қамтамасыз ету нарығында үстемдiк ету жағдайына шетелдiк өндiрушiлердiң өнiмi ие;
      7) Қазақстандық кәсiпорындар негiзiнен белгiлi халықаралық өндiрушiлердiң қондырғыларын iске асырумен және компьютерлiк техниканы жинаумен айналысады.
      Сыртқы факторлар:
      1) байланыс кәсiпорнының кiрiсiне халықтың саны, орналасу тығыздығы және қозғалысы әсер етедi;
      2) телекоммуникациялық нарықтың жағдайы елiмiздегi экономикалық белсендiлiкке тiкелей байланысты;
      3) АКТ секторының импортқа тәуелдiлiгiнiң жоғарылығы;
      4) «Алатау» ақпараттық технологиялар паркi Арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылымының дамымауы;
      5) халықтың және бизнестiң сатып алу қабiлеттiлiгiнiң төмендiгi.

Мемлекеттiк қызметтердi ұсыну үдерiсiн автоматтандыру, электрондық үкiметтiң ақпараттық жүйелерiне техникалық сүйемелдеу және жоғары бiлiктi IT-мамандар даярлау

      Ескерту. Кiшi бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.03 № 1009 Қаулысымен.

Дамудың негiзгi параметрлерi

      Бүгiнгi күнi АКТ ақпараттық қоғамды қалыптастыруға арналған маңызды құрал болып табылады, ал мемлекет пен халық қатынастарында «өткiзушi» «электрондық үкiмет» болды.
      Бұл ретте, АКТ-ны мемлекет органдарында қолдану бiрiншi кезекте халыққа және бизнеске электронды нысанда қызмет көрсетуге, мемлекеттiк органдардың мөлдiрлiгiн және есептiлiгiн жоғарылатуға бағытталған болуы керек.
      Қазiргi уақытта халыққа және ұйымдарға мемлекеттiк электрондық қызметтер ұсынудың хал-күйi мынадай деректермен сипатталады:
      1) орталық және жергiлiктi атқару органдар интернет-ресурстар арқылы халыққа және бизнеске интерактивтi қызметтер көрсетедi (басшылық блогы, электрондық мемлекеттiк сатып алу, интерактивтiк сауал және т.б.) және транзакциялық қызметтер көрсетуге ауысуды жүзеге асырады;
      2) «электрондық үкiмет» инфрақұрылымы құрылуда, оның аясында өнеркәсiптiк пайдалануға 20 IT-ден астам жоба енгiзiлген;
      3) «электрондық үкiмет» веб-порталында 1700-ден астам ақпараттық қызметтер ұсынылады, 70 электронды қызмет көрсетiлiп және 750 000-нан астам электрондық анықтамалар берiлдi;
      4) электрондық лицензиялау жүйесi арқылы 500-ден астам өтiнiш қаралды және 147 электрондық лицензия берiлдi;
      5) жергiлiктi мемлекеттiк органдарды Бiрыңғай электрондық құжат айналымы жүйесiне және Мемлекеттiк органдарды куәландырушы орталыққа қосу жүргiзiледi;
      6) «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы азаматтарды мемлекеттiк және жергiлiктi атқару органдарының басшыларына электрондық өтiнiш беру жүйесi құрылды. Пилотты жобаның аясында Павлодар облысының негiзiнде бес жоғары сұранысқа ие мемлекеттiк электрондық қызметтер енгiзiлдi;
      7) «электрондық үкiмет» аясында көрсетiлетiн қызметтер үшiн on-line режимiнде қолма-қол ақшасыз төлеудi автоматтандыруға арналған «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi жұмыс iстейдi. Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң порталы арқылы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң 120 түрiн төлеуге болады.
      Қазiргi уақытта Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрi – ХҚО) қызметiн жақсарту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. ХҚО-ның жұмыс iстеуiне қажеттi нормативтiк база құрылды, халыққа және бизнеске қызмет көрсету бойынша рәсiмдер жеңiлдетiлдi, сыбайлас жемқорлық деңгейiн төмендету бойынша оң үрдiс бар.
      Барлық мемлекеттiк қызметтердi ақпараттық қамтамасыз етудiң толыққанды жүйесi бар ХҚО-ға көшiру, ХҚО кадр құрамының бiлiктiлiк деңгейiн арттыру, мемлекеттiк қызмет көрсету мониторингiсiнiң бiрыңғай құралын жасау және оның жұмыс iстеуi мен мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету сияқты мәселелердi шешу қажеттiгi туындайды.
      Азаматтарға және бизнеске қызметтер көрсету үдерiсiн одан әрi жетiлдiрудi қамтамасыз ету үшiн "жалғыз терезе" қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк қызметтердi көрсету жөнiнде ХҚО қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi функцияларды жергiлiктi атқарушы органдардан ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органға берудi Мемлекет басшысы қолдады. Осыған байланысты ХҚО мемлекеттiк қызмет көрсетулердiң сапасын жақсартуға бағытталған кешендi iс-шаралар жоспары әзiрленетiн болады.
      Инфрақұрылым саласында бiлiмдi дамыту мақсатында мынадай iс-шаралар жүргiзiлуде:
      1) «Ақпараттық технологиялар халықаралық университетi» АҚ-да (IT-Университет) Carnegie Mellon Америка университетiнiң бағдарламалары бойынша мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде ағылшын тiлiнде 600 студент оқып жатыр;
      2) «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша бакалавриат және магистратура 4 (төрт) жаңа мамандықтар ашылды;
      3) IT-Университетi үшiн, Малайзия, Сингапур, Корея және Ресей жоғарғы оқу орындары арасынан қосымша шетелдiк әрiптестерге iрiктеу жүргiзiлуде;
      4) мамандандырылған IT-колледждерiн ашу мәселесi пысықталуда.
      Бұдан басқа, Министрлiк ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында «ТСТСТО» РМК-сы арқылы компьютерлiк қақтығыстарға мемлекеттiк деңгейде әрекеттер жасау мәселелерiн Қазақстан Республикасы ақпараттың бiрiгетiн ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелердi техникалық сүйемелдеуге қатыса отырып реттеуде.

Негiзгi проблемаларды талдау

      Электрондық қызмет көрсетулердi дамытуды тежейтiн негiзгi проблемалар:
      1) ақпараттық-коммуникациялық жүйелердiң, ақпараттық жүйелердiң және мемлекеттiк органдардың ресурстарының қорғалуы деңгейiнiң төмендiгi;
      2) электронды түрде мемлекеттiк қызмет көрсетуге бағытталған мемлекеттiк органдардың бизнес-үдерiстерiн автоматтандырудың төмен қарқыны;
      3) «бiр терезе» қағидасымен электронды нысанда мемлекеттiк қызмет көрсетулер деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi.
      Ақпараттық коммуникациялар саласында бiлiм берудi дамытудың негiзгi проблемалары:
      1) ақпараттық коммуникация саласындағы басым мамандықтар бойынша талаптар бар бiлiктiлiк анықтамалығының болмауы;
      2) отандық жоғарғы оқу орындарының жаңа бiлiм беру технологиясы мен (және) IT- бiлiм беру халықаралық стандарттарын трансферлеу мақсатында шетел университеттерiмен ынтымақтастықтың төмен деңгейде дамуы;
      3) елiмiзде ақпараттық инфрақұрылым құру үшiн бiлiктi мамандардың жетiспеуi болып табылады.

Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау

      Iшкi факторлар:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсетулердi электрондық нысанда ұсыну үшiн мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйесiн дамыту;
      2) ақпараттық коммуникация саласында бiлiм беру қызметтерiне сұранысты тұрақты арттыру;
      3) электрондық және «электрондық үкiмет» мемлекеттiк қызметтердi алға жылжыту.
      Сыртқы факторлар:
      1) ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамытудың жедел қарқыны;
      2) ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға қарай жылжу;
      3) халықаралық нарықта IT-мамандар даярлаудағы жоғары бәсекелестiк.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Похожие:

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Азақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2011 ж., N 18, 213-құжат; "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №601-605 (26997)
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница