Ұялы байланыс қызметтеріне «Online Payment» (Онлайн төлем) жүргізу ережесі




Скачать 55.34 Kb.
НазваниеҰялы байланыс қызметтеріне «Online Payment» (Онлайн төлем) жүргізу ережесі
Дата конвертации09.11.2012
Размер55.34 Kb.
ТипДокументы
Ұялы байланыс қызметтеріне «Online Payment» (Онлайн төлем) жүргізу ережесі
Онлайн төлем жүргізбес бұрын осы Онлайн төлем жүргізу ережесімен танысуыңызды өтінеміз.

Егер Сіз төменде көрсетілген шарттармен келіссеңіз, осы Ережемен келісетініңізді «Мен осы Ережені оқыдым және Онлайн төлем шарттарымен келісемін» мәтінінің оң жағындағы терезені белгілеу арқылы растаңыз. Ереже мен Шарттарды қабылдау туралы терезеге белгі соғу арқылы Сіз осы Ережемен танысқаныңызды және оны болашақта дауламайтыныңызды растайсыз.
АНЫҚТАМАЛАР:


Төлеуші


тұлға – Абонент пайдасына Онлайн төлем арқылы Оператордың ұялы байланыс қызметтерінің төлемі ретінде Банкке Интернет тапсырма арқылы ақша аударуды бастамалаған банктік төлем карточкасының иегері

Абоненттік нөмір


Абонентті желіде айқындауға бағытталған Абонент атына тіркелген телефон нөмірі.

Дербес шот


Оператордың автоматты есеп айырысу жүйесіндегі Абоненттің Абоненттік нөмір бойынша Оператор Қызметтерін алуға ақшалай қаражаты немесе басқа баламадағы Абонент құқықтарының көлемі туралы ақпаратты қамтитын электрондық файл.

Төлем карточкасы

Visa International, MasterCard International, American Express


Авторизация


Төлеушінің транзакцияны (Онлайн төлемді) жүргізу мүмкіндігін растайтын яғни: а) карт-шоттың болуы мен онда Оператор Қызметтерін төлеу үшін қаржының жеткіліктігін; ә) Төлем карточкасындағы деректемелердің Банк-эмитенттің Карт-шотына сәйкестігін; б) Төлем карточкасының әрекет ету мерзімін растау, сондай-ақ в) Онлайн-төлемді жүргізу сәтінде Төлем карточкасының бұғатталмағандығын растайтын Төлеуші идентификациясының негізінде Банк-эмитенттің (төлем карточкасын шығарған) рұқсаты.

Абонент

Оператор Қызметтерін пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға

Оператор

«GSM Қазақстан ААҚ «Қазақтелеком»» ЖШС

Банк

«Казкоммерцбанк» АҚ


Қызметтер

Оператордың Kcell тауар белгісімен ұсынатын ұялы байланыс қызметтері

«Онлайн төлем» жүйесінің арқасында Сізге (бұдан былай - Төлеуші) Activ қызметтерін Visa International*, MasterCard International және American Express төлем жүйелерінің банктік төлем карточкалары (бұдан былай – төлем карточкалары) арқылы төлеу мүмкіндігі ұсынылады.

*   Visa Electron карточкалары төлемге олардың келесi банктерде шығарылған жағдайында ғана қабылданады: "Казкоммерцбанк, Citibank, Сбербанк России немесе Казинвестбанк.

Бұл мүмкіндік Kcell қызметтерін «Онлайн төлемдер» жүйесі арқылы төлеудің қосымша тәсілі болып табылады. Төлем «Казкоммерцбанк» АҚ авторизациялық сервері арқылы оның қорғалған https://epay.kkb.kz WEB- порталы арқылы жүргізіледі.

Қызметтерді төлеуге бағытталған «Онлайн төлемдер» қазақстандық теңгемен жүргізіледі. Онлайн төлемнің кем дегендегі сомасы 200 теңге, күніне бір Абоненттік нөмірге жүргізілетін Онлайн төлемнің барынша көп сомасы 50 000 теңге.

Kcell Онлайн төлемдерді жүргізгені үшін комиссия немесе басқа да төлемдерді ұстамайды. Сіз таңдаған сома Сіз көрсеткен Абоненттік нөмірдің Дербес шотын толтыруға бағытталады.

! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Төлемді жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төлеушіге өзінің Төлем картасының мәліметтерін және оның идентификация кодын (CVV2/CVC2/CID) ТЕК Казкоммерцбанк АҚ сайтында https://epay.kkb.kz  ғана енгізу қажет.
Онлайн төлемдерді жүргізуге Төлеуші Банкі комиссия алуы мүмкін. Оператор Төлеуші Банкінің немесе халықаралық төлем жүйесінің алған қосымша төлеміне жауапты болмайды. Төлем жүргізбес бұрын Төлеуші өзінің төлем картасының Банк-эмитентімен байланысуы керек.

Интернеттегі төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кейбір банктер 3D Secure кодын сұрайды. Төлем картаңыздың мәліметтерін енгізгеннен кейін Сізден 3D Secure коды сұралуы мүмкін. Егер Сізде 3D Secure коды жоқ болса, Сізге оны банкіңізден сұрау қажет.

Казкоммерцбанк төлем карточкалары бойынша 50 АҚШ долларынан астам қаржы төленген жағдайда (теңгелік баламасы) www.homebank.kz арқылы немесе Төлеушінің тікелей банкке хабарласуы арқылы реттелетін 3DSecure/SecureCode сұралады. Егер төлем сомасы 50 АҚШ долларынан аз болса (теңгелік баламасы), онда 3DSecure/SecureCode сұралмайды.

«Төлеу» пернесін басу арқылы Төлеуші оның бұл жайында ескертілгенін растайды.

www.kcell.kz сайтында:

  1. Төлеуші Дербес шотын толтырғысы келген Абонентті нөмірді енгізеді (бос орынсыз).

Абоненттік нөмір
11-таңбалы нөмір. Мысалы, 77022346783


  1. Төлеуші көрсетілген Абоненттік нөмірдің теңгерімін толтырғысы келген соманы таңдайды (көрсетілген нұсқалардың бірі):

    200

    500

    1000

    2000

    5000

    10000

    20000

    50000

  2. Төлеуші электрондық почта мекенжайын енгізеді.

Электрондық почта мекенжайын көрсету арқылы Төлеуші төлем чектерін немесе қате туралы мәлімдемелерді ала алады.

  1. Егер Төлеуші Kcell абоненті болып, Оператордың жаңа тарифтік жоспарлары мен науқандары туралы ақпаратты алғысы келсе, оған «Мен Оператордың жаңа тарифтік жоспарлары мен науқандары туралы ақпаратты алуға келісемін» мәтінінің оң жағындағы терезені басу арқылы белгілеу қажет.

  2. Төлеуші терезе экранында көрсетілген қорғаныс кодын (secure code) енгізіп, келесі бетке ауысу үшін «Жалғастыру» пернесін басады.

  3. Келесі «Төлемге көшу» бетінде Төлеуші Абоненттік нөмірді және оның алдыңғы бетте көрсеткен теңгерім толтырылатын төлем сомасын көреді. Төлеушіге енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, олармен келіскен жағдайда «Төлеу» пернесін басу қажет.

  4. «Төлеу» пернесін басқаннан кейін Төлеуші «Казкоммерцбанк» АҚ серверінде орналасқан https://epay.kkb.kz электрондық төлемнің қорғалған WEB-порталына ауыстырылады, онда Төлеуші өзінің төлем карточкаларының мәліметтерін енгізуі қажет.

  5. Онлайн төлем Төлеушінің https://epay.kkb.kz қорғалған WEB-порталында Төлем карточкасының мәліметтерін, Төлем карточкасының арнайы динамикалық идентификация кодын енгізгеннен және оның Банктің сәтті авторизациялағанынан кейін жүргізіледі.

  6. Банктің төлем карточкасын сәтті авторизациялаған және транзакция (Онлайн төлем) сәтті жүргізілген жағдайда Төлеушінің теңгерімі толтырылады. Теңгерімді толтыру туралы ақпараттық SMS хабарлама Абоненттік (Онлайн төлем жүргізілген) нөмірге жолданады.

Алаяқтық транзакциялар (төлемдер) тәуекелін азайту мақсатында жекелей алынған бір күнтізбелік күн ішінде кез келген жекелей алынған төлем карточкасының пайдаланылуымен жүргізілген транзакциялар (төлемдер) саны 3 (үш) транзакциядан (төлемнен) асса, Банк авторизация бермейді.

Kcell Төлеушінің қате көрсеткен Абоненттік нөміріне жүргізген төлеміне немесе қате көрсеткен сомасына жауапты болмайды. Қате көрсетілген нөмірге жүргізілген төлем немесе Төлеушінің қате көрсеткен сомасы қайтарылмайды.

Төлем карточкасы жоғалған немесе ұрланған жағдайда Төлеушіге Төлем карточкасының (оны шығарған) банк-эмитентіне хабарласу қажет. Kcell Төлеушінің төлем карточкасын үшінші тараптардың заңсыз пайдалануына жауапты болмайды.

Егер Абоненттік нөмір заңды тұлға атына тіркелген болса, төлем Абоненттік нөмір тіркелген заңды тұлғаға берілген шот-фактурада көрсетіледі.

Онлайн төлемді жүргізген кезде Төлеуші өз әрекеттерінің заңдылығына кепілдік береді. Kcell Төлем карточкасының заңсыз пайдаланылуына жауапты болмайды.

Похожие:

Ұялы байланыс қызметтеріне «Online Payment» (Онлайн төлем) жүргізу ережесі iconЖеке кабинет. Ол үшін: Онлайн тіркелуі керек
Телебанкинг. Қалалық телдефон бойынша немесе ұялы телефон бойынша төлем жасай аласыз. 8 (727) 258-53-33 нөмірі бойынша абоненттік...
Ұялы байланыс қызметтеріне «Online Payment» (Онлайн төлем) жүргізу ережесі iconЭлектрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді
Халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, осы төлем жүйесіне хабарламалар жібермей-ақ, операциялар жүргізілген...
Ұялы байланыс қызметтеріне «Online Payment» (Онлайн төлем) жүргізу ережесі iconҚазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері халыққа ұсынатын бөлшекті төлем қызметтеріне шолу
Республикасының екінші деңгейдегі банктері халыққа ұсынатын бөлшекті төлем қызметтеріне шолу
Ұялы байланыс қызметтеріне «Online Payment» (Онлайн төлем) жүргізу ережесі iconМемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі 1-бөлім. Жалпы ережелер
Осы Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі (бұдан әрі Ереже) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес...
Ұялы байланыс қызметтеріне «Online Payment» (Онлайн төлем) жүргізу ережесі iconСолтүстік Қазақстан облысының барлық елді мекендердің тмс қызметтеріне тарифтері тұтыну нормалары төлем мөлшерлері
Солтүстік Қазақстан облысының барлық елді мекендердің тмс қызметтеріне тарифтері – тұтыну нормалары – төлем мөлшерлері
Ұялы байланыс қызметтеріне «Online Payment» (Онлайн төлем) жүргізу ережесі iconБатыс Қазақстан Облысы бойынша тмс-нің қызметтеріне төлем ақы қабылдайтын пунктілерінің мекен-жайлары және абоненттік қызметтерінің телефондары

Ұялы байланыс қызметтеріне «Online Payment» (Онлайн төлем) жүргізу ережесі iconОнлайн лічильник Коротка інструкція Даний онлайн лічильник створений задля можливості виміряти участь країн у заході «Тиждень відкритих дверей в Інтернет»
«Тиждень Відкритих Дверей в Інтернет – Get Online Week» проводиться в більше ніж 20 європейських державах і має на меті залучення...
Ұялы байланыс қызметтеріне «Online Payment» (Онлайн төлем) жүргізу ережесі iconТің мыңыншы клиенті Қазақстан Республикасы. Алматы. 30. 01. 2012
...
Ұялы байланыс қызметтеріне «Online Payment» (Онлайн төлем) жүргізу ережесі iconАныс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің
Табиғи монополия субъектілерінің телефон кәрізін (кәбілдік кәрізін) пайдалануға ұсыну қызметтеріне арналған тарифтерді есептеу
Ұялы байланыс қызметтеріне «Online Payment» (Онлайн төлем) жүргізу ережесі iconКіші пішіннің әзірлеу, орнату, жөндеу және сақтау (пластиналық урналарды орнату)
Төлем шарты: орындалған жұмыс үшін төлем бюджет қаражатын бөлу шамасы бойынша жүргізіледі, алдын ала төлем 30 %
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница