2011 жылғы 26 тамыздағы №94




Название2011 жылғы 26 тамыздағы №94
страница1/4
Дата конвертации09.11.2012
Размер0.56 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4


2011 жылғы 26 тамыздағы № 94




Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесін бекіту туралы


Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының мына нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 61 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4772 тіркелген);

2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 61 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 189 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5413 тіркелген).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Байланыс және ақпарат министрлігінің

Ақпарат және мұрағат комитеті

Төраға Б.Т. Берсебаев

2011 жылғы «___» _________ _____________________

(қолы, күні, елтаңбалық мөр)





Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 94 қаулысымен бекітілді



Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын

ерікті тарату ережесі
Осы Ереже «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 66, 67, 73-баптарына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру тәртібін, ерікті таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы жұмысының, ерікті таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетін қалыптастырудың және қызметінің ерекшеліктерін, тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру мен бекіту тәртібін, тарату комиссиясының кассалық тәртіпті сақтау талаптарын айқындайды.

Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады.

1-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын

ерікті таратуға рұқсат беру тәртібі
1. Ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтініш Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) беріледі.

Ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса ұсынылады:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының ерікті тарату туралы шешімі;

2) тарату комиссиясының, оның ішінде филиалдарда не өкілдіктерде құрылған оның бөлімшелеріндегі мүшелікке кандидаттардың тізімі;

3) аудиторлық есеппен расталған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерін толық орындауы үшін меншікті қаражатының жеткіліктілігін куәландыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті тарату туралы шешімді акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған күнге барлық шоттарының талдамасы бар баланстық есеп;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті тарату туралы шешімді акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған күні жасалған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндеттемелерінің сомасы туралы мәлімет енгізілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының тізімі;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасаған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін қабылдау-өткізу актісі (осындай өткізу болған кезде);

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелері жоқ болған жағдайда, оны тиісінше растайтын құжаттар;

7) акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз қызметін тоқтатуға дайындығының мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар тізбесі (жоспар және кесте).

2. Ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтініште сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық кредиторларының талаптарын толық қанағаттандыруды қамтамасыз ету туралы міндеттеме көрсетіледі.

3. Уәкілетті орган ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішті барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қабылдайды және ол өтініш берушінің оны алған күнінен бастап күшіне енеді.

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда бұл туралы уәкілетті орган өтініш берушіге жеткізетін дәлелді шешім шығарады.

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беруден бас тартуды Сақтандыру қызметі туралы заңның 68-бабында көзделген негіздемелер бойынша жүргізеді.

2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын

ерікті тарату үдерісінің басталуы
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерікті таратуға рұқсатын алған кезден бастап осының алдында берілген лицензияларының түпнұсқаларын уәкілетті органға осы рұқсат күшіне енген күннен бастап бір апта мерзімінде қайтарады.

8. Ерікті тарату үдерісінің басталуы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының құрылған күні болып есептеледі.

9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру туралы шешімі күшіне енген күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей құрады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының құрамын өзгерту сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы құрылған күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату үдерісі аяқталғанға дейін:

1) ерікті таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының, басқа органдарының және лауазымды тұлғаларының өкілеттіктері, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлікке иелік ету және міндеттемелерін өтеу, сондай-ақ осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару бойынша құқықтары тоқтатылады;

2) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан немесе соның есебінен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер, егер оны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы не төраға осы іс-әрекеттерді жасауға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Жалпы бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхат берген тұлға жасаған жағдайда ғана заңды күшке ие болады;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты мүліктік сипаттағы барлық талаптар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы төрағасының атына ғана ұсынылады да, осы Ережеде және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен қарастырылады;

4) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны есептеу тоқтатылады;

5) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне шара қолдану туралы сұрату жасауға барлық заңнамалық белгіленген шектеулер алынып тасталады.

3-тарау. Тарату комиссиясы
11. Тарату комиссиясы құрылған күннен бастап оған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін және мүлкін басқару бойынша барлық өкілеттіктер беріледі.

Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін аяқтау үшін, соның ішінде оның кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылдайды.

Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан әрекет етеді және өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде дербес жұмыс жасайды.

Тарату комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді.

12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды, оның қызметінің жүзеге асырылуына дербес жауап береді. Тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға тағайындаған орынбасар орындайды.

13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары және (немесе) өкілдіктері болған жағдайда, оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының жергілікті жерде құрылған бөлімшесі (бұдан әрі – бөлімше) таратады.

14. Бөлімшеге тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен тағайындалатын бөлімше басшысы (бұдан әрі – бөлімше басшысы) басшылық жасайды. Бөлімше басшысы өз қызметін оған тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат негізінде жүзеге асырады. Бөлімше басшысы мен бөлімше тарату комиссиясы төрағасының алдында есеп береді.

Бөлімше басшысы бөлімше қызметіне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын не өкілдігін таратуды жүзеге асыруға жауапты болады.

15. Тарату комиссиясы мүшесінің, бөлімше басшысының құқықтары мен міндеттері, еңбекке ақы төлеу талаптарын қоса алғанда, тарату комиссиясының төрағасымен жасалатын еңбек шартында белгіленеді.

Жұмысқа қабылдау сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен ресімделеді.

Жұмысқа тартылған қызметкердің құқықтары мен міндеттері еңбек шартында немесе ақылы қызмет көрсету шартында, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы бекіткен әрбір қызметкердің лауазымдық нұсқаулығында айқындалады.

16. Тарату комиссиясының төрағасы қызметіне жедел басшылық жасауды жүзеге асырады, бөлімше басшыларының жұмысына және бөлімшелердің қызметіне бақылау жасайды.

17. Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату рәсімін тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

Жұмыс жоспары жарты жылдықтарға бөліне отырып, бір жылға жасалады және тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде және кейіннен жоспарланатын кезеңнің алдындағы айдың оныншы күнінен кешіктірмей уәкілетті органға мәлімет үшін ұсынылады.

Тарату комиссиясы жұмыс жоспарының орындалғаны туралы ақпаратты уәкілетті органға жарты жылдықтың нәтижелері бойынша ұсынады.

18. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.

19. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының құрамына «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 88-бабының 3-тармағына сәйкес енгізіледі.

20. Тарату комиссиясы:

1) тағайындалған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде кредиторлардың талап қою тәртібін, мерзімдерін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының өз талаптарын ұсыну мекенжайын міндетті түрде көрсете отырып, Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті тарату туралы ақпаратты жариялайды;

2) тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде мүлікті және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарға, сондай-ақ бағалы қағаздарды тіркеушілерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті тарату туралы ақпарат береді және тарату комиссиясы жасамаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін иеліктен шығару мәмілелерін тіркеуге, сондай-ақ таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кепіл ұстаушысы болып табылатын мүліктен ауыртпалық алуға тыйым салады;

3) салық органдарына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті тарату туралы ақпарат береді;

4) тағайындалған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттары бар банктерге қойылған қолы және мөр бедері бар жаңа құжаттарды ұсынады;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтарын анықтайтын құжаттарды, мөрлерді, мөртабандарды, ақпараттың электронды тасымалдауыштарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, құжаттар мен құндылықтарды қабылдау-өткізу туралы қажетті актілерді жасай отырып, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бланкілерін және барлық басқа да құжаттарын тез арада талап етеді;

6) қабылдау-өткізу актісі бойынша активтерді, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін қабылдайды, сақтандыру агенттеріндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шарттарының (полистерінің) бланкілері мен қолма-қол ақша қалдықтарын алады;

7)  кассаға дереу түгендеу жүргізеді, осы Ереженің 58-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимитін қоспағанда, ақша қалдығын таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шоттарына аударады;

8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының тағайындалған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарын салыстырып тексереді және оларды жабады, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының теңгемен және/немесе шетел валютасымен ағымдағы шоттарын ашады;

9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру туралы шешімінің көшірмелерін, акционерлердің жалпы жиналысының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының тағайындалғаны туралы шешімін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының клиенттері қарауы үшін көрнекі жерге орналастырады;

10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін анықтайды;

11) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылу мақсаттарына сәйкес оның активтерін басқарады;

12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан сотта талап қояды және оның мүддесін білдіреді;

13) тарату комиссиясы құрылған күнгі электрондық түрдегі қолда бар есептік-бухгалтерлік ақпаратты басып шығаруды жүзеге асырады. Мұндай ақпарат электрондық түрде жоқ болған жағдайда, көрсетілген күнге қағазға шығарылған ақпарат негізге алынады;
  1   2   3   4

Похожие:

2011 жылғы 26 тамыздағы №94 iconМемлекеттiк мекемелерде түгендеу жүргiзу қағидасын бекiту туралы
Республикасы Қаржы министрiнiң 2011 жылғы 22 тамыздағы №423 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылғы 22...
2011 жылғы 26 тамыздағы №94 iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы №893 Қаулысы
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға...
2011 жылғы 26 тамыздағы №94 iconҚаулы 2011 жылғы 09 тамыздағы №371 Шевроле Нива 212300 автомашинасын
...
2011 жылғы 26 тамыздағы №94 icon2011 жылғы тамыздағы № қаулысына
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Атырау облысының 2011–2013...
2011 жылғы 26 тамыздағы №94 iconРеспубликалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы «31» тамыздағы №31-П

2011 жылғы 26 тамыздағы №94 iconҚаулы 2012 жылғы 09 қаңтардағы №01 Әкімдіктің 2011 жылғы 26 тамыздағы №391 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы...
2011 жылғы 26 тамыздағы №94 iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 15 желтоқсан №1534 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 тамыздағы №692 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2011 жылғы 26 тамыздағы №94 iconМаңғыстау облысының мектептерінде өткен
Денсаулық сақтау Министрлігінің 2012 жылғы 21 тамыздағы №11-3-5496 хатын негізге ала отырып, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары...
2011 жылғы 26 тамыздағы №94 iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
2011 жылғы 26 тамыздағы №94 iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница