Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекіту туралы




Скачать 165.28 Kb.
НазваниеТабиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекіту туралы
Дата конвертации09.11.2012
Размер165.28 Kb.
ТипДокументы
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 08.05.2010 13:31:12
Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының м. а.

2007 жылғы 13 шілдедегі № 233 бұйрығы

 

2006 жылғы 7 шілдедеғі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6) тармақшасына және 26-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекітілсін.

2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  

Төрағанын м. а.           

И. Коваль

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

төрағасының м. а.

2007 жылғы 13 шілдедегі

233 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарымен бес жылдық кезеңге арналған осы ерекше қорғалатын табиғи аумақты басқару міндеттері және оларды орындау жөніндегі іс-қимыл жоспары айқындалады. Құжатта қажетті табиғат қорғау іс-шараларын өткізуге жұмсалатын материалдық шығындар негізделеді, қызметтің күтілетін нәтижелері айқындалады және ерекше қорғалатын табиғи аумақты (бұдан әрі – ЕҚТА) басқару тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін мониторинг бағдарламасы белгіленеді.

3. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеуді қарауына табиғат қорғау ұйымы жататын мемлекеттік орган қамтамасыз етеді және тиісті сарапшыларды, мамандандырылған жобалау-іздестіру және ғылыми-зерттеу ұйымдарын тартып, өзі жүзеге асырады.

4. Жоспарды нақтылау және түзету жыл сайын табиғат қорғау ұйымының келесі қаржы жылына арналған бюджетін түзету кезінде жүзеге асырылады.

5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрудың (кеңейтудің) жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемесі, орман орналастыру жобасы, мемлекеттік орман қорын есепке алу деректері, аңшылық ісін ұйымдастыру материалдары, Табиғат жылнамасын, жануарлар санын есепке алу жоспарды жасау үшін бастапқы деректер болып табылады.

 

 

2. Басқару жоспарының құрылымы

және оның мазмұнының сипаттамасы

 

6. Басқару жоспары осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес құрылымға сәйкес әзірленеді.

 

§ 1. Басқару жоспары бөлімдерінің сипаттамасы

 

7. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың мәртебесі мен ерекшелігі:

1) орналасқан жері, көлемі және барып-келу:

ЕҚТА географиялық координаттары, көлемі, әкімшілік облыс (аудан) шегінде оның орналасқан жері көрсетіліп, ЕҚТА шекарасының орналасқан жері сипатталады. ЕҚТА бірнеше жекелеген учаскелерден құрылған жағдайда әрбір учаскенің орналасқан жері көрсетіледі;

елді мекендерге дейінгі қашықтық, барып-келу жолдары (жол инфрақұрылымы);

заңдық мекенжайы көрсетіледі.

осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес картографиялық материал қоса беріледі;

2) ЕҚТА-ның құқықтық мәртебесі және оның құрылу тарихы:

ЕҚТА құрылғаннан бастап мәртебесі (мәртебесінің қайта құрылуы) туралы мәліметтер, оның құрылу тарихы және дамуының негізгі кезеңдері келтіріледі;

3) ЕҚТА-ға таяу аумақтың жерін пайдалану:

ЕҚТА-ға таяу жатқан жерді пайдалану, жерді пайдаланушылардың тізбесін қоса бере отырып, оларды мақсатты пайдалану сипаты туралы мәліметтер келтіріледі;

4) ЕҚТА-дың инфрақұрылымы;

ЕҚТА инфрақұрылымының (коммуникациялар мен көлік, байланыс, ат пен жаяу жүріс бағыттары, кордондар мен бекеттердің, кемпингтердің, қонақ үйлердің, демалыс үйлерінің болуы) сипаттамасы келтіріледі;

5) физикалық ерекшеліктері (климат, рельеф, геология, топырақ, гидрология):

климаттың жалпы сипаттамасы, жыл сайынғы және ай сайынғы (ең жоғары және ең төмен) температура көрсеткіштері, орташа жылдық және орташа айлық жауын-шашын көрсеткіштері;

жергілікті жер рельефінің қысқаша сипаттамасы, биіктіктердің абсолютті белгілері;

геологиялық құрылымы, аумақтық бөлінуі және геологиялық қыртыстар мен аналық кен қабаттарының арақатынасы туралы базалық мәліметтер;

жалпы геологиясының қысқаша сипаттамасы, байырғы үстіңгі топырақ қабатының түрлері, екі жаққа айырылып  кеткен басты жарықтар мен сызаттардың пайда болуы және геологиялық уақытша құрылымы, сондай-ақ орналасқан жері.

әртүрлі тастақ жерлердің болуы, олардың жасы, пайда болуы және орналасқан жері;

аумақтың гирографикалық желісінің жалпы сипаттамасы беріледі: негізгі су объектілері мен олардың морфометрикалық сипаттамасы туралы ақпарат. Сулы-батпақты жерлер үшін жыл сайынғы су тасу режимі немесе судың деңгейі жөніндегі мәліметтер бойынша келтіріледі. Негізгі өзендерді, көлдер мен басқа да су қоймаларын, бақылау пунктері мен мониторинг нүктелерін көрсететін гидрографикалық карта беріледі. Сол сияқты судың сапасы мен мөлшері жөніндегі гидрологиялық зерттеулердің нәтижелері келтіріледі;

топырақ қабатының негізгі түрлері, құрылымы мен қуаты туралы ақпаратты қамтитын топырақтың қысқаша сипаттамасы. Топырақтың химиялық құрамы, оның ішінде РН жөніндегі мәліметтер көрсетіледі. Топырақ зерттеулері болған кезде топырақтың барлық түрлерінің тізбесі мен топырақ қартасы қоса беріледі;

6) биологиялық әртүрлілігі (өсімдік әлемі және жануарлар дүниесі, биологиялық зерттеулерге шолу):

биікте және төменде өсетін өсімдіктер флорасының биологиялық әр түрлілігінің және олардың зерттелуінің жай-күйінің сипаттамасы; аборигендер, интродуциенттер; Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына және Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының тізіліміне енгізілген түрлер, эндемикалық түрлер;

өсімдіктердің негізгі түрлерінің және негізгі өсімдіктер қауымдастықтарының қысқаша сипаттамасы. Олардың бұзылуы және мұның негізгі себептері туралы мәліметтер.

омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың әртүрлі таксонометрикалық дәрежелерінің жай-күйі және зерттелу деңгейі туралы жалпы мәліметтер. жабайы жануарлар туралы ақпарат топтар бойынша келтіріледі – омыртқалы (сүтпен қоректенушілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер және балықтар) және омыртқасыз жануарлар;

бейімделген және бөгде түрлері және олардың аборигендік фаунаға әсері, елеулі шаруашылық және/немесе әлеуметтік маңызы бар түрлері, ұдайы және маусымдық кқпшілік тптануын құрайтын түрлері туралы мәліметтер;

фондық, эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлер, олардың жай-күйі бойынша ақпарат.

ЕҚТА-ны ұйымдастырғанға дейінгі зерттеулерді қоса алғанда, өткізілген биологиялық зерттеулердің тарихы, олардың жүйелілігі мен сабақтастығы, қол жеткен нәтижелер туралы қысқаша ақпарат. Басқару мәселелерінде практика жүзінде қолданылған зерттеулер неғұрлым егжей-тегжейлі көрсетіледі;

5) әлеуметтік-экономикалық жағдайлар (ЕҚТА орналасқан ауданның әкімшілік шекарасы, көлік жүйесі, халқы, жер пайдалануы):

облыс пен ауданның әкімшілік бөлінісі, ЕҚТА-ның жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимылы көрсетіледі.  ЕҚТА-ның орналасуы көрсетіліп, әкімшілік шекараның картасы қоса беріледі.

ЕҚТА шегіндегі әртүрлі елді мекендерге барып-келу, жолдардың жай-күйі және тасымалдаудың негізгі маршруттары. Қызмет көрсетудің көлік құралдары, халыққа қоғамдық көлікпен қызмет көрсету кестелері.

Халықтың ЕҚТА-ға тікелей жақын маңда тұруының қысқаша тарихы (елді мекендер, халықтың саны мен тығыздығы, демографиялық ахуал, этникалық құрам. Еңбек ресурстары, салалар құрамындағы олардың үлесі, халықтың жұмыспен қамтылуы және табыс көздері).

Картографиялық материалды қоса тіркеп, ЕҚТА төңірегіндегі жер ресурстарын пайдалану сипаты;

6) қолданылып жүрген басқару бағдарламалары:

ЕҚТА басқару жөнінде қолданылып жүрген бағдарламалар туралы қысқаша ақпарат (аумақты браконьерлік пен өрттерден қорғау жөніндегі, мекендеу ортасын қалпына келтіру жөніндегі жоспарлар, ғылыми зерттеулер мен мониторинг бойынша, жұртшылықпен жұмыс бойынша бағдарламалар), атқарылған қызмет түрлерінің тиімділігі;

7) туризм:

экологиялық туризмнің түрлері және оның даму деңгейі. Туристік және экологиялық маршруттардың болуы, олардың түрлері және жолға қойылуы.

Экотуризм мен экоағарту бойынша мамандардың болуы.

ЕҚТА мен оның күзет аймағының аумағына жұрттың келуі, экотуризмді өткізу үшін жергілікті халықты тарту деңгейі. ЕҚТА мен жергілікті халық үшін экологиялық туризмнен түсетін экономикалық пайда.

8. Ағымдағы жай-күйді бағалау және жалпы қорытындылар:

1) ЕҚТА-ның танымалдылығы мен экологиялық маңызы:

осы ЕҚТА-ның неғұрлым маңызды және елеулі ерекшеліктерін және басымдықтарды айқындау мақсатында осының алдындағы бөлімде баяндалған мәліметтерді бағалау;

2) басқарудың ағымдағы мақсаттары:

ЕҚТА-ны басқару жөніндегі ағымдағы мақсаттардың сипаттамасы;

3) табиғат қорғау мекемесінің осының алдындағы кезеңдегі қызмет бағалау (еңбек ресурстары, инфрақұрылым және жабдықтар, негізгі проблемалар):

ЕҚТА қызметшілеріне қысқаша талдау жасау, білімі мен дайындығының жалпы деңгейіне, өз өкілеттіктерінің ауқымын орындаудағы біліктілігіне қатысты түсініктемелер қоса беріледі.

Қолда бар инфрақұрылым мен материалдық-техникалық құралдардың негізгі түрлері туралы сандық деректер бойынша ЕҚТА инфрақұрылымының жалпы талдамасы.

Бүкіл инфрақұрылымның егжей-тегжейлі тізбесі және орналасқан жеріне байланысты олардың жай-күйі (орталық кеңсе, кордондар, визит-орталық немесе табиғат мұражайы, кемпингтер, тынығу аялдамалары, мотельдер, автотұрақ орындары, туристік және экологиялық соқпақтар мен маршруттар).

ЕҚТА-ның ағымдағы қызметінің тиімділігін бағалау (бұл ретте ұйымдық, кадрлық және материалдық-техникалық тұрғыдан алғанда жекелеген бағыттар бойынша ЕҚТА қызметінің жеткілікті дәрежеде тиімді болмауының себептері анықталады.

Аумақты қорғау мен табиғи және тарихи-мәдени объектілерді сақтау және қалпына келтіру жөнінде қолданылған шараларға байланысты ЕҚТА табиғат қорғау қызметін талдау. Осы бағытта ЕҚТА алдында тұрған міндеттердің ойдағыдай шешілуін бағалау.

Талдау барысында мыналар қаралады және бағаланады:

қолданылып жүрген аумақты қорғау режимінің және оны сақтау жөніндегі шаралардың тиімділігі;

табиғи кешендер мен объектілерді, тарихи-мәдени мұра объектілерді сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шаралардың толымдылығы, баламалылығы және тиімділігі.

Экологиялық-ағарту қызметін ЕҚТА мақсаттарымен және міндеттерімен сәйкес бағалау, оның ішінде:

мектеп оқушыларымен және студенттермен жұмыс жүргізу;

қоғамдық экологиялық бірлестіктермен өзара іс-қимыл;

бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізу;

жарнамалық-баспа өнімін шығару, кино және бейнекөрініс өнімін түсіру;

мұражай ісі, ақпараттық визит-орталықтардың, тұрақты және жылжымалы экспозициялардың болуы;

туристік және рекреациялық қызметті бағалау:

инфрақұрылымды  дамытудың бас жоспарының болуы;

туристік маршруттар мен соқпақтар, олардың саны, ұзақтығы, рекреациялық сиымдылық, көркейтілу деңгейі;

ЕҚТА-ды аралау, оның ішінде шетелдіктер топтарының болуы, аралау мезгілі, осы топтардың мөлшері және саны;

ЕҚТА аумағында демалыс түрлерінің таралуы, демалушылар мөлшері, олармен жүргізілетін жұмыс.

Ғылыми қызметті бағалау:

ғылыми өнімнің толымдылығы (түгендеу, мониторинг және қолданбалы ғылыми зерттеулер);

ғылыми деректерді басқару жүйесінің тиімділігі, ғылыми мұрағаттың болуы, онда бастапқы материалдардың (далалық байқау журналдары, есепке алу карточкалары, далалық күнделіктер, фенологиялық байқаулар), ғылыми өнімнің (Табиғат жылнамасы, ғылыми есептер, диссертациялар, дипломдық жұмыстар, ғылыми мақалалар, алынған ұсыныстар, әдістемелік құралдар) болу толымдылығы, ғылыми фото және бейне көріністер топтамасының, ғылыми коллекциялардың болуы және олардың мазмұны, коллекциялық қорлардың көлемі, мамандар үшін пайдалану сипаты мен қолжетімділігі, электронды деректер базасы жүйесінің болуы, деректердің келіп түсу және оларды сақтау тәртібі, электронды кітапхана деректерінің болу толымдылығы;

шектеулі шаруашылық қызметті бағалау:

өткізілетін іс-шаралардың аумақтың аймақталуына сәйкестігі, бұл ретте мыналар айқындалады:

шаруашылық қызметтің ЕҚТА табиғи кешендері мен тарихи-мәдени мұра объектілеріне теріс әсер етуінің орын алуы;

шектеулі шаруашылық қызметтің жергілікті халықтың мүдделерін ескере отырып ЕҚТА дамуына қосқан үлесі;

жұмыс орындарын беру, тауарлар ұсыну мен қызметтер көрсету арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық өмірі үшін ЕҚТА-дың маңызы;

4) негізгі қатерлер мен басқару проблемалары:

сыртқы және ішкі табиғи факторлар;

сыртқы және ішкі антропогендік факторлар;

заңнама және жергілікті дәстүр қызметімен байланысты факторлар;

басқару проблемалары;

9. Басқару жоспарын іске асыру тетіктері:

1) табиғи ресурстарды басқару:

Басқару мақсаттары ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді (жедел) мақсаттар болып бөлінеді:

ұзақ мерзімді – ЕҚТА қызметінің барлық аспектілерін ескере отырып қалыптасады. Бұл ретте ландшафт, жануарлардың мекендеу орындарын сақтау, таралымдарды басқару, келушілер санына бақылау жасау мәселелері, ЕҚТА-ның рекреация, шаруашылық мақсатта пайдалану проблемалары, ғылыми және экологиялық-ағарту мәселелері қаралады;

қысқа мерзімді – белгілі бір мерзім өткен соң қол жеткізуге болатын жедел мақсаттар қалыптасады. Жедел мақсаттарды дұрыс айқындап алудың өлшемдері мыналар болып табылады:

жағдай мен проблемаларды білу;

алға қойылған мақсаттардың өлшемдерін сандық өлшеу мүмкіндігі;

түпкілікті нәтижені айтарлықтай айқын елестету;

нақты мерзімдердің болуы;

реалистік сипатта болу;

қажетті іс-шараларды көре білу;

табиғи кешендерді қорғаудың және оларды ұтымды пайдаланудың жалпы принциптеріне сәйкестігі;

2) адам ресурстарын басқару;

3) ғылыми зерттеулер мен мониторинг;

4) бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен жұмыс жүргізу;

5) ЕҚТА-ды басқару жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қажетті қаражат, оның ішінде мемлекеттік  бюджеттен бөлінетін қаражат, өз қаражаты, қаржыландырудың өзге де көздері.

 

 

3. Жоспарды бекіту, оны іске асыру және

оның орындалуын бақылау

 

10. Мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтіп, әзірленген Жоспарды қарауында табиғат қорғау ұйымы бар мемлекеттік орган бекітеді.

11. Белгіленген тәртіппен бекітілген Жоспар ЕҚТА-ны басқару және ағымдағы жоспарлау үшін міндетті нормативтік акт болып табылады.

12. Жоспардың орындалуын бақылауды қарауында табиғат қорғау ұйымы болатын мемлекеттік орган жүзеге асырады.

 

 

Табиғат қорғау ұйымын басқару

жоспарын әзірлеу ережесіне

1-қосымша

 

Басқару жоспарының құрылымы

 

Кіріспе

 

І. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың мәртебесі және ерекшелігі

1.1. Орналасқан жері, көлемі және оған барып-келу мүмкіндігі.

1.2. ЕҚТА-ның заңдық мекен-жайы және оның құрылу тарихы.

1.3. ЕҚТА-ға таяу орналасқан аумақтардағы жерді пайдалану.

1.4. Инфрақұрылым.

1.5. Әкімшілік-аумақтық бөлініс және мемлекеттік басқару.

6. Физикалық ерекшеліктері (геология; рельеф; климат; гидрология; топырақ)

1.7. Биологиялық әртүрлілігі:

1) өсімдіктер дүниесі: (аласа өсімдіктер; биік өсімдіктер; аборигендер мен интродуценттер бөгде түрлері және олардың өзара ықпалы; өсімдіктер қауымдастықтары);

2) жануарлар дүниесі: (омыртқалы жануарлар, омыртқасыз жануарлар, жерсіндендірілген түрлері және олардың аборигендік фаунаға ықпалы, елеулі шаруашылық және/немесе әлеуметтік маңызы бар түрлер, тұрақты және маусымдық топтасып жиналатын түрлер;

3) өткізілген ғылыми зерттеулер және биологиялық әр түрліліктің зерттелу дәрежесі.

1.8. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар:

1) халық (демография, жұмыспен қамтылу және басқалар);

2) ЕҚТА орналасқан ауданның экономикалық жағдайлары;

3) экологиялық туризм

1.9. Қолданылып жүрген басқару бағдарламалары

 

2. Ағымдағы жағдайды бағалау және жалпы қорытындылар

2.1. ЕҚТА репрезентаттылығы және экологиялық маңызы

2.2. Ағымдағы басқару мақсаттары

2.3. Алдыңғы кезеңге табиғат қорғау мекемесінің қызметін бағалау

2.4. Басқарудың негізгі қатерлері мен проблемалары

 

3. Басқару жоспарын іске асыру тетіктері

3.1. Басқару Бағдарламалары:

1) Табиғи ресурстарды басқару;

2) адам ресурстарын басқару: (жергілікті халықтың тұрмыс жағдайларын жақсарту бағдарламасы; күзет қызметі бөлімінің жұмыс тиімділігін арттыру бағдарламасы; ғылыми зерттеулер және мониторинг; экоағарту бөлімі жұмысының тиімділігін арттыру бағдарламасы).

3.2. Қаржы қаражатына қажеттілік.

 

Табиғат қорғау ұйымын басқару

жоспарын әзірлеу ережесіне

2-қосымша

 

 

Тақырыптық карталардың тізбесі

 

1. ЕҚТА орналасқан жер көрсетілген әкімшілік карта

2. Қазіргі ЕҚТА аумағының картасы

3. ЕҚТА шекарасын өзгерту жөніндегі карта

4. Топырақ картасы

5. Өсімдіктер дүниесінің картасы

6. Экологиялық жүйелер картасы

7. Жануарлар дүниесінің картасы

8. Жер пайдалану картасы

9.  ЕҚТА аумағын аймақтау жөніндегі карта

10.  Туристік соқпақтар (маршруттар) мен туристік және рекреациялық мақсаттағы басқа да объектілердің картасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Похожие:

Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекіту туралы iconЖәне қолайсыз табиғат құбылысы фактісі бойынша зерттеу актісінің нысанын бекіту туралы
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған егістік алқаптар...
Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекіту туралы icon2011 жылғы 28 ақпан №11-2/94 Астана қаласы Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңы 6-бабының
Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекіту туралы icon«Алматы облысының құрметті азаматы» атағын беру Ережесін бекіту туралы
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының...
Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекіту туралы iconКодексінің 62 бабына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы»
Солтустік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Рузаев селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014...
Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2011 жылға арналған Операциялық Жоспарын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі 2010 жылғы 31 тамыздағы №166 бұйрығымен бекітілген операциялық жоспарын...
Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекіту туралы iconКачир ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарын бекіту туралы
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Занының 31-бабына, Қазақстан Республи- касы Президентінің...
Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекіту туралы iconКачир ауданы ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарын бекіту туралы
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Занының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің...
Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекіту туралы iconТабиғатты қорғау іс-шаралары
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен 2012 жылы табиғат қорғау іс-шараларының қатары орындалуда
Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекіту туралы icon2010-2014 жылдарға арналған “Песчан ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің Стратегиялық даму жоспарын бекіту туралы
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің...
Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекіту туралы iconАтырау облысы шегінде Жем, Сағыз, Ойыл өзендері мен Қамыскөл көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы
«Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, жерүсті суларының ластануын, қоқысталуы мен...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница