Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар




НазваниеГаз және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар
страница10/12
Дата конвертации09.11.2012
Размер1.35 Mb.
ТипДокументы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

8-тарау. Газ және газоконденсат кен орындарында

жер қойнаулары мен қоршаған ортаны қорғау

1-параграф. Газ және газоконденсат кен орындарында

жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғаудың жалпы қағидасы
459. Қоршаған ортаны қорғау шаралары ең алдымен қызметкерлер мен халықтың денсаулығы мен өмірін сақтауды, жер мен суды тиімді пайдалануды, су мен жер ресурстарының ластануын болдырмауды, сондай-ақ, ластану зардабын жою және табиғи ресурстарды қалпына келтіруді көздейді. Қоршаған ортаны қоғау Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарына тиісті жүзеге асырылады және халықаралық нормалар мен талаптарға сәйкес келеді.

460. Жер қойнау байлығын қорғау кен орнынан газ газоконденсатты толық шығаруды қамтамасыз ету оларды тиімді және кешенді пайдалану жөніндегі жиынтық шараларды жүзеге асыруды көздейді: кеннің жоғарғы бөлігінің энергетикалық қасиетін сақтау жағдайының дәрежесі техногенді үрдістердің пайда болуын жоққа шығарады: жерсілкінісін, жер көшкінін, су басуын, топырақтың отыруын; қатаралық су мен газды өткізу үрдісі салдарынан жерасты су көзін ластауды болдырмау, ұңғыларды игеру және одан әрі пайдалану, сондай-ақ, өндіріс қалдықтары мен ағынды суды пайдаға асыру.

461. Жер қойнауын қорғау Қазақстан Республикасының «Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына сәйкес қатаң жүзеге асырылады.

462. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар көздейді:

1) жер қойнауын пайдалануға лицензия;

2) газ және газоконденсат кен орындарын қазу мен жайғастырудың жобаалдындағы және жобалық құжаттар;

3) кен орындарын игеру келісім-шарттары;

4) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұйымның перспективалы және жылдық бағдарламалары.

463. Табиғат қорғау шаралары заңды және нормативті актілердің талаптарына, қоршаған орта мен жер қойнауын қорғау жөніндегі мемлекеттік стандарттарға сай келуі және жұмыс жүргізудің ерекше жағдайларын ескеру керек. Талаптарды сақтау және оны жүзеге асыруды бақылау ұйымының экологиялық қызметіне жүктеледі.

464. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау жағдайының жауапкершілігі бірінші басшыларға немесе жерқойнауын пайдаланушы меншік иесіне жүктеледі.

465. Жер қойнауын қорғау, минералдық шикізатты тиімді және кешенді пайдаланудағы мемлекеттік бақылау жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі өкілетті органға, сондай-ақ, газөндіруші ұйымның геологиялық және маркшейдер қызметтеріне жүктеледі. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасы өкілетті органының өкімі газ және газоконденсат кен орындарын іздеу, барлау, эксплуатациялық бұрғылау мен қазуды жүзеге асырып жатқан барлық ұйымдар үшін міндетті болып саналады.

466. Газөндіруші ұйымдардағы еңбектің қауіпсіздігі мен қорғалуы жөніндегі заңдық және нормативті актілердің орындалуындағы мемлекеттік бақылауды өкілетті органдар жүзеге асырады.

467. Ұйымдар газ және газоконденсат кен орындарын барлағанда, кеңейтіп бұрғылағанда және қазу кезіндегі жұмыстарды атқарғандағы Қазақстан Республикасы табиғат-жер қойнауын қорғау заңдары талабын орындаудың мемлекеттік бақылауды жергілікті өкілді органдар және биліктің атқарушы органдары, қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің органдары және Қазақстан Республикасының басқа да бақылаушы органдары жүзеге асырады.

468. Қоршаған орта және жер қойнауын қорғау жағдайының ведомстволық бақылауын қолданыстағы мониторинг жүйесі болған жағдайында жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы экологиялық қызметі жүзеге асырады.

469. Газ және газоконденсат кен орындарын барлағанда, кеңейтіп бұрғылағанда және қазғанда тек қана таза экологиялық технологиялар мен химиялық өнімдер, өте сенімді қазіргі заманғы технологиялар мен жабдықтар болса, соның ішінде күкіртсутегінің жоғары жағдайдағы құрамы үшін, Қазақстан Республикасының стандарттарына немесе әлемдік стандарттарға сәйкес, егер әлемдік стандарттар талабы қазақстандықтан кем болмаса.

470. Мұнай операциясының әр түрі бойынша жобалық құжат қоршаған ортаға ықпал ету бағасының материалдарымен бірге Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігінің органы-мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылады. Экологиялық сараптаманың оң қорытындысы табиғиқорғау органдарының табиғат пайдалануына рұқсат беру үшін негіз болып табылады, онсыз жобаны жүзеге асыру мүмкін болмайды.

471. Аталған жұмыстар тәуелсіз сараптамадан өтуі және қоршаған орта мен жер қойнауын қорғауды қазіргі заманғы технологияларды пайдалануды қамтамасыз етеді. Жобада таңдалған технологиялық параметрлердің экологиялық тәуекел дәрежесі жөніндегі ең озық әлемдік аналогтармен салыстырмалы бағасы келтіріледі.

472. Газ және газоконденсат кен орындары жер қойнауын қорғау міндетіне газдың, конденсаттың және қат энергиясының шығынын болдырмау жатады, сондай-ақ, ілеспе пайдалы қазбалардың, егер олар болса. Бұл міндет кен орындарын барлаудың барлық кезеңдері мен қазуын ұйымдастырулық және геологиялы-техникалық шараларды бірлесіп шешеді.

473. Газ және газоконденсат кен орындарындағы қазба байлықтарын қорғау жөніндегі барлық қажетті және жеткілікті шараларды қабылдау және сақтау міндетін атқаратын негізгі тұлғалар болып, газ және газоконденсат кен орындарын тікелей іздеумен, барлаумен байланысты, қолданыстағы барлау мен кәсіпшіліктердегі ұңғылардың барлық міндетін бұрғылау, пайдалану және жою жолымен жүргізетін газөндіретін ұйымдардың басшы қызметкерлері болып саналады.

474. Қат энергиясын тиімді пайдалану және газоконденсат кен орындарын қазу кезінде конденсатты мейлінше мол алу үшін бүкіл шоғырларды жоспарлы және толық қосып пайдалану үшін барлық жағдай тудырылады, сөйтіп нығыздайтын және пайдаланылатын ұңғылардың бүкіл шоғырға бірмезгілде әсер етуі қазудың бас кезінде басталып, оның толық сарқылғанына дейін тұтастай жалғасады.

2-параграф. Газ және газоконденсат кен орындарындағы барлау мен пайдаланылатын ұңғаларды бұрғылаған кездегі қазба байлықтары мен қоршаған ортаны қорғау
475. Газ және газоконденсат кен орындарын барлау, кеңейтіп бұрғылау экологиялық қауіпті жұмыс болып табылады және олармен бірге:

1) топырақ-өсімдіктің үстіңгі қабатына қол еңбегімен әсер ету, аэрация аймағының топырағы, бұрғылау алаңдарындағы табиғи ландшафтарды және ұңғаларды тұрғызу кезінде салынатын жол бойындағы линиялық құрылыс;

2) жер қыртысын, топырақты, ағынды су горизонттарын, су айдыны мен су ағысын химиялық ластау, скважиналарды ұңғалау кезінде пайдаланылатын заттектермен және химиялық реагенттермен бұрғылау және технологиялық қалдықтармен, сондай-ақ, ұңғаларды сынау үрдісінде алынатын табиғи заттектермен;

3) су ресурстарын алып тастау;

4) экзогенді геологиялық үрдістерде (термокарст, термоэрозия, шөгуі және басқалары) температуралық режимнің бұзылуы оның жағымсыз іс-әрекетінің болуы мүмкіндігі (фонтанның ашылуы, грифонның пайда болуы, ұңға қабырғаларының құлауы) бұрғылау алаңдарындағы техногендік жағдайларда;

5) ішкіқаттық ағынның салдарынан қазбалар және қоршаған ортаның ластануы, жойылған ұңғалардан жарықтағы қабатқа флюиданың шығуы.

476. Қоршаған ортаны ластау мен оған әсер етудің негізгі факторлары:

1) ұңғаны бұрғылаған кезде: бұрғылау және цемент ертіндісін дайындау блогы мен химиялық өңдеу (гидроциклон, вибросито), айналмалы жүйе: үрлегіш блок; ұңға саласы; жуатын сұйықты сқтайтын запас сыйымдылық; мұнара блогы; (саймандарды жуу, саймандарды көтергендегі сифонның көрінісі), бұрғылау қалдықтары (шлам, жерасты суы, бұрғылау ерітіндісі), жану-майлау материалдарының сыйымдылықтары, іштен жану двигательдері, қазандықтар, бұрғылау және тығындау ерітіндісін дайындау үшін пайдаланылатын химиялық заттар, отындар және майлау материалдары, шаруашылық-тұрмыстық ағынды су, тұрмыстық қатты қалдықтар;

2) ұңғаны сынаған кезде: құбыр сыртының кеңістігі бойынша кешенаралық тасқындар және орамды бағаналардың бұзылуы, фонтан арматурасы, үрдейтін бұрылыстар, сепаратор, білте қондырғысы; ұңғаларды сынау кезінде алынатын мұнай, газ, конденсат, минералданған қат суы, апаттағы ұңға шығарған өнімдер (қат флюидтері, тығын қоспалары);

3) ұңғаны жойғанда және консервациялағанда: бағаналардың, орамды құбырлар, фонтан арматурасы, жоғары қысымды ысырмалар, екінші рет ашылғандағы қаттың бітелуі, жерасты суының және газдың газ қалпағынан бұзып шығуы, конденсат, минералданған су.

477. Кен орындарында ұңғаларды бұрғылаған кезде ұңғалардың сенімді өтуі, интервалдардың сіңіру және опырылып құлауы, өнімді горизонттарды оқшаулау, өнімді қаттарды қалыпты ашу, техникалық пайдаланылатын бағаналардың сапалық күйі, ұңғаның үздіксіз жұмысын істеу мақсатымен және ашық фонтандарды, тасқындар мен басқа да апатты газ шығуын болдырмау үшін барлық ұңғаның салалық бөлігіндегі тораптар мен жалғастырулардың бекітілуі тиіс.

478. Ұңға құрылымының сенімділік, технологиялығы және қауіпсіздігі бөлігінде жер қойнауы мен қоршаған ортаны сақтау жағдайын қамтамасыз ету керек, мұндайда ең алдымен ұңға бекінісінің беріктігі мен ұзақмерзімдігі есебінен, орам бағаналарының герметикасын және олардың сақиналы кеңістікті жабуымен, сондай-ақ, тау жыныстарының өтіп кетуінен және күндізгі қабаттардан флюидасы бар горизонттарды бір-бірінен оқшаулау.

479. Ұңғаларды бұрғылау бұрғылау қондырғылардың көмегімен сыртқы электр желілері арқылы жүзеге асады. Егер бұрғылау дизелгенераторлы қондырғымен және дизель жетегімен істелінсе, онда осы қондырғыдан тазаланбаған пайдаланылған газдың атмосфераға шығуы минимумға дейін төмендейді.

480. Бұрғылау қондырғысы үшін алаңды жоспарлағанда жердің табиғи еңісін және ағын судың тұндырғыш сыйымдылық жағына қарай жылжуын қамтамасыз етуді, топырақ жамылғысы және литологиялық құрамы топырақ-қыртысты түріндегі, топырақтың судың түбінде жатуы (әсіресе тұщы), жаңа тектоника деректері бойынша қорғалынатын аумақтардың болуы, территорияның сейсмикалық қауіптілігі, аэрокосмостық мониторинг жобаланатын бұрғы ұңғасының ауыз суына жақындығы немесе балық шаруашылығының су қоймасына жақын болуы, оның категориялылығы.

481. Ұңғаларды бұрғылауды бастағанда буөткізгіштердің, айналмалы жүйені, ұңғы ерітіндісін дайындайтын және тазартатын блокты, химиялық реагенттерді сақтайтын қойма, бұрғы мұнарасы үшін аумақ, жанар-майлау материалдарының сыйымдылығы және басқа да мұнара төңірегіндегі құрылыстар тексеріледі және түзу қалыпқа келтіріледі, токсикалық заттектері бар сұйықтың ағып кету мүмкіндігі болғанда.

482. Бұрғылау жұмыстарын жағалар шеңберіндегі қорғау аумағында жүргізуді табиғи қорғау органдары белгілі тәртіппен беретін арнаулы рұқсаттың болғанында, ал су алу қорықтарды қорғау аймағы шеңберінде осы жұмыстар Қазақстан Республикасының заңдық және нормативті құжаттармен регламенттеледі.

483. Аумақтарда , тасқын су және желкөтерме сулардың басып кету қаупі болғанда, жұмыс арнаулы жоба бойынша жүргізіледі.

484. Құнарлы жерлерде және ауылшаруашылығы үдетпе пайдаланатын жерлерде ұңғаны салған кезде, бұрғылау жабдақтарын монтаждау жұмыстарын дайындауды жүргізу үрдістерінде аумақтағы жерді одан әрі қопсыту үшін құнарлы беті алынады және жеке сақталынады.

485. Ұңғаны салған кезде құрылысқа деп бөлінген учаскелер шетіндегі өсімдік және топырақ беттерін бұзуға болмайды.

486. Бұрғылау қалдықтарының бұрғылау алаңына түсуін болдырмау және токсикалық заттектерінің табиғи объектілеріне көшуін болдырмау үшін оларды ұйымдасқан түрде жинауға, технологиялық алаңшаларда сақтау және гидрооқшаулау инженерлік жүйе көзделінеді.

487. Ұңғаны салуда бұрғылау ерітіндісін амбарсыз тәсілмен дайындау және тазарту көзделінеді. Шламдық амбарды салу тек қана тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша, соның ішінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігімен.

488. Кейбір жағдайларда, ұңға құрылысы ерекше қорғалынатын табиғи аумақтарда жүргізілсе, онда тек амбарсыз бұрғылау әдісін қолдану керек.

489. Бұрғылау қалдықтарын және канализациялық су ағындарын су қоймаларына және суасты сутұтқыш горизонттарға түсіруге болмайды. Мемлекеттік бақылаушы органдарының рұқсатын алған жағдайда, разрезде (қима) тұщы және бальнеологиялық су болмаса, бұрғыланған ағынды суды жерасты терең горизонтқа көмуге мүмкіндік болады.

490. Бұрғылау үрдісінде қайтадан пайдалану үшін өңделген бұрғылау ерітіндісін, ағын судың және кеңейтіліп бұрғыланған таужыныс (шлам) кәдеге жарату және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі, қолданыстағы талаптарға сай қоршаған ортаға қайтаруға, мүмкін оны құрылыс материалдары ретінде пайдалануға болады.

491. Сутұтқыш горизонттарды кеңейтіп бұрғылаған кезде, ол шаруашылық-ауызсу көзі ретінде сумен қамтамасыз ететін, бұрғылау және цемент ерітіндісін дайындау үшін қолданғанда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің органдарымен келісілуі тиіс. Сутұтқыш горизонттың тереңдік интервалы сеніммен оқшауланады.

492. Сіңіру жағдайындағы ұңғаларды бұрғылау кезінде шаруашылық-ауыз суы бар ерітінділер мен материалдардың қатқа түсуіне жол берілмейді. Мұндайда тез қатып, кебетін қоспалар, әртүрлі құрылғылар мен технологиялық үрдістер, соның ішінде аэрирондық ерітінділер, көпіріктер және одан басқалары қолданылады.

493. Ұңғаны сынауды бастамас бұрын тексеріледі, қамтамасыз етіледі: шығарып тастау линиялар жұмысының герметикасы мен сенімділігі, ұңғаны сынау өнімдерін бөлу үшін қондырғылар, (сепаратор), факельдер, өлшеу құрылғылары, сыйымдылықтар; мұнайға деген амбарды оқшаулау; сепаратор астындағы алаңша және оның төңірегіндегі қаптамалар.

494. Ұңғаны сынау үрдісінде мұнай, минералданған су сыйымдылыққа жиналады, содан соң келісіліп, белгіленген тәртіптегі жерге оларды жеткізеді.

495. Кен орындарын қазуға дайындау кезінде газдың барлық қаттарында судың болуын тексеру жөнінде жұмыстар жүргізіледі. Осы қаттарды байқау кезіндегі жағдайда су алынса, онда оның химиялық және газ құрамын анықтау жөнінде зерттеулік жұмыстар жүргізіледі, судың шығу көздерін дәлдейді және қажет болғанда, оқшаулау жұмыстарынан соң оларды қайтадан тексереді.

496. Ұңғаларды игеру және сынау жұмыстары орындалады, егер пайдаланылатын бағаналардың сыртындағы цемент ерітіндісінің жоғары көтерілуі жобаға және жер қойнауын қорғау талаптарына сай келсе.

497. Шығарып тастайтын немесе ашылатын фонтандар қаупі бар жоғарғы қысымды қаттарды ашқанда ұңға саласына шығарып тастауға қарсы жабдықтар орнату кезінде ұңғаны бұрғылаудың техникалық жобасына сәйкес жуу сұйығын қолдану қажет.

498. Күкіртсутегісі бар қаттарды ашу бұрғылау және персоналдың қатты ашуға дайындығын тексеру мен анықтаудан кейін жүзеге асады, газдың (фонтанның ашылуы) апатты шығарып тастау жағдайында газ басып кету мүмкіндігі бар аумақтағы жұмыс істеушілер мен халықты жұмысты жүргізуге жауапты тұлғаның басшылығымен қорғау жөніндегі шаралардың орындалуын тексеру.

499. Газсу анықталған кезде ұңға саласы герметикаланады және одан кейінгі жұмыстар апатты жою жоспары бойынша жүргізіледі.

500. Ұңғада күкірсутегі болған кезде бұрғылау ерітіндісі күкіртсутегін залалсыздандырумен өңделеді.

501. Өнімді кәдеге жарату мүмкіндігі жоқ болса, газды залалдандыруды немесе тұрақты жандыруды қолдау арқылы жағуды бітпейінше, барлау және пайдаланылатын ұңғаны игеру мен зерттеуге болмайды.

502. Күкіртсутегісі бар қат өнімдерін жағу қажеттігінің жағдайлары қамтамасыз етіледі, ондайда, елді-мекендердегі жерге жақын атмосфера қабатындағы газдың қоюлануы (концентрация) санитарлық нормадан аспаса.

503. Ұңғаларды игеру және гидродинамикалық зерттеу жөніндегі жұмыстары аяқталысымен жұмыс аумағында күкіртсутегі болуына бақылау жүргізіледі және саға арматурасынң герметикасы тексеріледі.

504. Газдың шығу белгісі білінсе, ұңғыдағы жөндеу жұмыстары дереу тоқтатылады, ұңғы қайтадан залалдандырып өңделген сұйықпен басылады.

505. Ұңғыларда, техникалық себептермен бұрғылау аяқталмаса (апаттың немесе төменгі сапалы өткізулер салдарынан), өткен разрезде газ суы бар қаттар анықталса, қатаралақ су мен газдың өтуін болдырмау мақсатымен оқшаулау жұмыстары жүргізіледі.

506. Көмірсутегі негізіндегі бұрғылау ерітінділерін қолданғанда (әктік- битумдық, инвертті-эмульсиялық және басқалары) ауа кеңістігін газдың басып кетуін алдын алу жөнінде шаралар қабылданады. Газ басып кетуін бақылау үшін ротордағы, ерітіндіні дайындау блогында, вибросит және үрлеу бөлмесінде ауа кеңістігін өлшеу жүргізіледі, ал газ басуы анықталса, оны жою жөнінде шаралар белгіленеді.

507. Ашық фонтанды жою жөніндегі жұмыс белгіленген тәртіппен құрылған штаб жасаған арнаулы жоспар бойынша жүргізіледі.

508. Бұрғылау қондырғылар бөлмелерін газдың мейлінше қоюлануы шектен тыс асып кеткенде, күкірсутегі датчиктерінен қосылатын сорғыш вентиляциямен жабдықталуы тиіс. Бұрғылау қондырғылар тұрған бөлмелерді вентиляциямен жабдықтау графигі өкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісіледі.

509. Өртену немесе адамдардың улануы мүмкіндігін болдырмау мақсатымен пирофорлы түзілімдерді, шламды және кернді жобаға және жергілікті органдардың санитарлық қызметінің, табиғатты қорғау мен өрт қауіпсіздігінің қызметтерінің келісімі бойынша жүзеге асады.

510. Ұңғыны немесе ұңғы бұтасын пайдалануға беру жобада көрсетілген барлақ экологиялық талаптарды толық көлемінде орындаған жағдайда мүмкін болады.

511. Ұңғыларды бұрғылау, игеру (сынау) аяқталғаннан және жабдықтарды бөлшектегеннен (демонтаж) кейін жоба шешімдеріне тиісті жер учаскелерін қайта қалпына келтіру (қопсыту) жөнінде жұмыстар жүргізіледі.

512. Газ және газоконденсат кен орындарындағы ұңғыларды бұрғылаған кезде қамтамасыз ету шараларын қабылдау керек:

1) фонтанның ашылуын, грифонның пайда болуын, жуатын сұйықтың сіңірілуін, ұңғы қабырғаларының құлауы және өткізу процесі кезінде қатаралық газдың ағуын болдырмау, ұңғыны игеру және одан кейінгі жұмыстар;

2) бұрғыланған ұңғының барлық газды, мұнайды және өткізгіш қаттарды сенімді оқшаулау;

3) ұңғыға төмен түсірілген барлық құбырлардың қажетті герметикасы және бағаналарды жоғары сапамен цеметтеу.

513. Ұңғыларды бұрғылау кезінде газ белгілерімен табылған барлық қаттар деректер бойынша таңдалынған керндер, каротаждар тікелей газ-мұнайы айқындалғанын мұқият зерттеу керек, олардан өндірістік газ немесе мұнай ағынын алу мүмкіндігін анықтау үшін.

514. Газ және газоконденсат кен орындарындағы барлық ұңғылардың өнімді және сулы қаттарды ашу, сондай-ақ, зерттелген алаңшалардағы барлау ұңғыларында «Қазақстан Республикасының мұнай, газ және газоконденсат кен орындарында ұңғыларды салу құрылысын жүргізудегі бірыңғай техникалық» талабына сәйкес сағадан шығындылар шығуына қарсы жабдықтар болғанда жүргізіледі.

515. Өнімді қаттарды ашу үшін жуатын сұйықтың меншікті салмағы қат қысымына және сол талап бойынша қаттың тереңдіктегі жатысына байланысты белгіленеді. Шығындылар шығуына қарсы құрылғы және әрбір аудандағы бұрғылау жұмысының превентерлер саны өкілетті әкімшілік органының аумақтық бөлімшелерімен келісіледі.

516. Ұңғыларды перфорация және торпедалауын «Жерасты жұмыстарын жүргізгендегі өндірістік қауіпсіздіктің талабына сәйкес» жүзеге асыру қажет.

517. Бағаналарды перфорациялағаннан кейін шығындылар шығуына қарсы ысырмасы алынып тасталынады және тиісті арматура орнатылады, соның көмегімен газ ұңғсын игеру жүргізіледі.

518. Газ ұңғыларын игеру жуатын сұйықты суға ауыстырумен, одан соң оның аэрозациясы жүргізіледі. Газдың құйылуын болдыруға рұқсат етілмейді.

519. Барлау ұңғылары, өнімді қаттарды байқау кезінде өндірістік газ (мұнай) құйылуын көрсетсе, одан әрі кен орнын қазуға жаратқанға дейін толық сол жағдай сақталынады. Ұңғыға байланысты көзделген барлық жұмыстарды атқарғаннан кейін, егер оны пайдалану алдағы жылға дейін қолға алынбаса, қолданыстағы қағида мен нұсқауға сәйкес консервацияланады.

520. Ұңғылармен ашылынған газды және мұнайлы қаттарды орам бағаналарын цементтеу жолымен бір-бірінен және басқа өткізгіш қаттардан оқшаулау керек.

521. Ұңғыларды сынауға жататын объектілер анықталмаса, ұңғы бағанасын цементпен немесе сазды ерітіндісімен құю жолымен сіңіру толық аяқталғанша оны жою керек. Ұңғыны жою қолданыстағы қағида мен нұсқауға сәйкес жүргізіледі.

522. Жоспар бойынша, өкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісіп, ұңғыны жою жөніндегі барлық материалдарды белгіленген тәртіппен қарағаннан соң барлау ұңғыларын нақты жою жүзеге асады.

523. Ұңғыда бірнеше өнімді қаттарды «төмен-жоғары» әдісі бойынша ретімен байқағаннан кейін, әр объектіні жеке қарау керек. Байқағаннан кейін қатқа цемент ерітіндісін (көпір қондырғысы) құюмен немесе басқа тығын материалымен қат оқшауланады.

Ескерту: егер қандай бір қатты байқағанда газ немесе сұйық құйылу алынбаса (зерттеу объектісі құрғақ), онда сыналған интервалды оқшаулаудың қажеті жоқ.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Похожие:

Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – мгк) объектілерін жобалау,...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconМұнай және газ кен орындарын іздеу, барлау және қазу кезіндегі маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар бойынша
Здеу, барлау және қазу процесінде бұрғылау ұңғымаларын салу кезінде, теңіздік кен орындарын қазуды қосқанда, маркшейдердік түсірімдер...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconКөзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының
Нұсқауда тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын және деформациялануын, сондай-ақ рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде қорғауға...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconҚазақстан Республикасында мұнай-газ саласын дамытудың
Анабай, Жарқұм, Айрақты, Барханная (Сұлтанқұдық), Қосқұдық (шығыс Құмырлы) кен орындарын, Амангелді газ кен орны тобын жете барлауға...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқау
Нұсқауда тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын және деформациялануын, сондай-ақ рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде қорғауға...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconТау жыныстарының беріктік қасиеттерін анықтауға жалпы нұсқаулар
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconТау жыныстарының жарықшақтығын зерттеу бойынша жалпы нұсқаулар
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconМұнай газ кен орындарын өңдеу объектілерінің құрылыстары мен сыртқы қондырғыларын жарылыс өрт және өрт
БӨҚжА құралдарын қоректендіру үшін ауаны компрессорлау блогы, ұңғыма өнімін қыздыру блогы, реагентті шаруашылық блогы, коррозия ингибиторларын...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconРудалы кен орындарында тау жыныстарының жер бетінің жылжу процесінің негізгі ұғымдары және анықтамалары
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница