Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар




НазваниеГаз және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар
страница2/12
Дата конвертации09.11.2012
Размер1.35 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

5-параграф. Гидрогеологиялық зерттеулер
57. Барлау кезінде газ және газоконденсат шоғырларының байланысы бар сусақтағыш горизонттарды зерттеу және оның гидрогеологиялық параметрлерін анықтау керек.

58. Өнімді горизонттардың ең маңызды гидрогеологиялық параметрлеріне, гидрогеологиялық зерттеу кезінде анықтауға жататындар:

1) жерасты сулардың статикалық деңгейі, оның алаң бойынша – өзгеру заңдылығы:

2) жеке ұңғылар бойынша индикаторлық сипаттамалары;

3) гидрохимиялық көрсеткіштер-еріген тұздыион жиынтықтары, олардың жиналған көмірсутегімен, су сиғызатын таужынысы мен гидродинамикалық литологофациальды ерекшеліктердің өзара байланысы;

4) жерасты сулар газының қоюлығы және газ құрамы;

5) температуралық сипаттамасы.

59. Ұңғаларды дайындау, белгіленген параметрлерді анықтау үшін тиісті зерттеулерді жүргізу және түсіндіруді ғылыми-зерттеу жобалау институты жасаған гидрогеологиялық зерттеу әдістемесі бойынша жүзеге асырады.

60. Гидрогеологиялық зерттеулердің негізгі объектісі болып сынақ кезінде су шыққан өнімді ұңғылардың сутұтқыш аралығы, контурланған ұңғылар, сондай-ақ, шоғырларды пайдалану кезінде суланған ұңғылар (егер қатқа су тарту жүргізілмесе).

61. Барланған барлық ұңғыларды, ең соңғы сынақтан өткен сутұтқыш аралығын, онда арнайы гидрогеологиялық сынақтар өткізу үшін арнайы шоғырбас тетікпен жабдықтау керек. Ұңғыларды жоюға болмайды.

6-параграф. Геологиялық барлау жұмысының нәтижесі бойынша өндірістік запастарды ҚР ПМК бекітуі
62. Кен орнындағы газ запасы, сондай-ақ, шығарылған газдың деңгейі мемлекеттік сараптамаға және Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар запасы жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының бекітілуіне жатады.

63. Геологиялық барлау жұмысының нәтижесі бойынша, пайдаланғаннан кейінгі кеңейтіп бұрғыланған кен орнын алғашқы жобалық құжат бойынша қазу керек (мұнай кен орнын технологиялық схема бойынша қазу және газ кен орнын тәжірибелік-өндірістік жобамен пайдалану) және бұрын бекітілген запас 20 % аса өзгерген жағдайда запасты бекітуге мемлекеттік сараптама жүргізеді.

64. Өндірістік маңызы бар ерітілген газдың, конденсаттың және сондағы болатын компоненттердің шығарылатын запастары және шығару коэффициенттері технологиялық және техникалық-экономикалық есептердің негізінде анықталады, мұнайды шығару коэффициентінің техникалық-экономикалық нұсқасын жасағандағы дәлел, мемлекеттік сараптамаға ұсынылады.

65. Мемлекеттік сараптама, салалық ведомостволардың қорытындысын есептей келе технологиялық, экономикалық және экологиялық талаптарға толық жауап беретін нұсқа бойынша газ шығару коэффициентін бекітеді.

66. Мұнайдың, газдың және газоконденсаттың запасын бекіту тәртібі қағидалармен және нұсқаулармен реттеледі.

7-параграф. Газ және газоконденсат кен орындарын (шоғырлар) тәжірибелі-өндірістік пайдалану
67. Істеп жатқан газ құбырлары аумағында орналасқан газ және газоконденсат кен орындарында барлауды тездету және кен орнын игеру үшін тәжірибелі-өндірістік пайдалану, газ, конденсат және басқа компоненттердің запасы есептелінеді және қазу мен кәсіпшілікті игеру жобаларын жасау үшін жүргізіледі.

68. Газ және газоконденсат кен орындарында тәжірибелі-өндірістік пайдалануды жүргізу үшін бастапқы деректерді алуды қамтамасыз ететін, тәжірибелі-өндірістік пайдалану жобасын жасау үшін саны шамалы қажетті ұңғыларды бұрғылау керек.

Осы ұңғылар бойынша:

1) барлау ұңғылары бойынша геологиялы-өндірістік және геофизикалық жұмыстар толық өткізіледі және өнімді горизонттардың негізгі физикалық-литологиялық сипаттамасы алынады;

2) газ ұңғыларын зерттеу бойынша нұсқаулыққа тиісті барлау ұңғыларын сынау бойынша зерттеудің толық кешенді жұмысы орындалады;

3) газ және газоконденсат құрамбөлігі зерттеледі;

4) өнімді горизонттардың газоконденсаттық сипаты анықталады;

5) өндірістік мұнай жиегінің жоқтығы белгіленеді;

6) газдың, конденсаттың және басқа компоненттердің жедел бағасы жүргізіледі.

69. Газ және газоконденсат кен орындарын тәжірибелі-өндірістік пайдалануға беруге болады, егер:

1) өндірістік мұнай жиегінің жоқтығы анықталса;

2) қат қысымын қолдамай-ақ, қордың таусылуы газоконденсат кен орындарын (шоғырларды) қазу мақсаты дәлелденсе;

3) тәжірибелі-өндірістік пайдалану жобасы жасалынады және бекітіледі;

4) қолданыстағы қағидалар мен нұсқауларға тиісті жұмысты жүргізуге өкілетті органның аумақтық бөлімшесінен жерді айналып өтуі рәсімделеді және рұқсат алынады;

5) кәсіпшілікті игеру жобасы жасалынады және бекітіледі, газды, конденсатты және басқа компоненттерді пайдалануды қамтамасыз ететін қажетті өндірістік және басқа құрылыстар салынады;

6) өндірістік сарқынды суды ағызу мәселесі шешіледі.

70. Газдық және газоконденсаттық кен орындарын (шоғырлар) тәжірибелі-өндірістік пайдалану газдық және газоконденсаттық кен орындарын қазу бірінші кезең болып саналады.

71. Тәжірибелі-өндірістік пайдаланудың мерзімі жобаны жасау сәтіндегі қолданыстағы жобалар-қағидалар және нұсқаулармен анықталады.

72. Кен орындарын тәжірибелі-өндірістік пайдалану, барлауы және пайдаланатын ұңғылармен жүзеге асады. Соңғысының орналасу жерін болашақ қазу кестесін ескере отырып таңдаған жөн.

8-параграф. ТӨП нәтижесі бойынша көміртегі шикізатының қорын (запасын) қайта есептеу
73. Тәжірибелі-өндірістік пайдаланудың нәтижесі бойынша газ бен газоконденсаттың запасын (қорын) қайта есептеу өндірістік қазуға кен орындарын (шоғырлар) қазу мен іске қосу жобасын жасау үшін негіз болады, мемлекеттік сараптама бұрын бекіткен запасы өзгеріп, ол 20 % асатын болса, запас категориясы арақатынасын қолданыстағы қағидалар және нұсқаулармен өзгерту қажет.

74. Кен орындарын (шоғырлар) қазу кезінде пайдалану бұрғылауының деректерін есептей келе және жеке жағдайларда қосымша бұрғыланған барлау ұңғыларын газ және газоконденсат запастарын қайта есептеу мен дәлдеу запастарды өте жоғары категорияларға ауыстыру мақсатымен жүргізіледі.

75. Кәсіптік және лабораториялық зерттеулерді запас категорияларын дәлелдеу үшін қажет геологиябарлау жұмыстарының көлемін газ және газоконденсат запастарын қайта есептеу жөніндегі материалдардың ұсыну тәртібі мазмұны мен рәсімделуі запасты есептеу кезіндегі қолданыстағы нұсқаулар бойынша анықталады.

76. Қайта есептеуді тексеру үшін қажет газ және газоконденсат запастарын қайта есептеу жөніндегі материалдарда барлық бастапқы деректерді сақтау керек.

77. Газоконденсаттық кен орындары үшін қат газында сақталатын тұрақты конденсаттың (пентандар + жоғарылары), запастары да есептелінеді. Тұрақты конденсаттың баланстық запасын есептеу үшін бастапқы деректер болып газдың баланстық запасы және ондағы С5 + жоғары көмірсутегі болып саналады.

78. Тұрақты конденсатты шығару коэффициентін ғылыми-зерттеу институттары анықтайды.

79. Өндірістік маңызы бар газ және газоконденсат запастарын қайта есептеу және есепке алу, зерттеудің барлық стадиясында, айырықша көлемді әдістерді қажет болғанда және мүмкіндігінше басқа белгілі және жасалынатын әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі.

80. Шағын көлемді газ шоғырларын тексеріп пайдаланудың деректері болса, барлау стадиясындағы газ запасын бағалау зерттелінетін шоғырлар запасының көлемін анықтау мақсатымен қат қысымын төмендету әдісімен жүргізіледі.

81. Газдың геологиялық запасын қайта есептеу мен есепке алу, қазудағы алғашқы құжаттың жобасы бойынша, шоғырларды кеңейтіп бұрғылаудан кейін зоналар бойынша әртүрлі қоюлығымен, әртүрлі өнімді учаскелердің шығаруымен және әр қаттың қатшалары бойынша түрлі зоналардың шеңберінде жүргізіледі.

82. Конденсаттың, этанның, пропанның және бутанның запастары мың тонна деп есептелінеді, еркін газдың-млн.м3, гелий және аргонның-мың м3, (0,1 МПа және 200С) стандарттық жағдайға сай.

83. Газ және газоконденсат запастарын қайта есепке алу, қарау және бекіту тәртібі қағидалар және нұсқаулармен реттелінеді.

9-параграф. Газ және газоконденсат кен орындарын өндірістік қазуға енгізу. Ұңғыларды пайдалануға беру
84. Газ және газоконденсат кен орындарын (шоғырлар) өндірістік қазуға беруге болады, егер:

1) барлау жобасы бойынша анықталған геологиялық барлау кешені аяқталса;

2) алынуға жататын шикізаттың жиынтық құрамы зерттелсе, мазмұны мен саны анықталса;

3) газ қаттарында мұнай шоғырларының жоқтығы анықталса, запасы және экономикалық маңызы жағынан мұнай бөлігінің алдын ала қазуын қажет ететін және шоғырдың газ бөлігі уақытша консервацияланса;

4) барлау ұңғыларын зерттеу жүргізілсе;

5) барлау бұрғылануының нәтижесі туралы есеп жасалынса;

6) запастар бекітілсе;

7) кен орындарын (шоғырлар) өндірістік қазу жобасы жасалынып, бекітілсе;

8) таулық және жерлік бұрылыстық құрылысы рәсімделсе;

9) өндірістік кәсіпорын құрылысын салуды көздейтін игеру жобасы жасалынса;

10) қажетті құрылыстың жобасына сәйкес, ұңғыдан алынатын газды, конденсатты және басқа да ілеспе компоненттерді толық пайдалануды қамтамасыз ететін құрылыс аяқталса;

11) іздестіру жүргізіледі және ағын лайланған судың лықсыма жері анықталады.

85. Газ және газоконденсат кен орындарынан (шоғырлар) кен шығаруға болмайды, егер ұңғыны пайдаланғаннан бастап конденсатты және басқа ілеспе компоненттерді пайдалану қамтамасыз етілмесе.

86. Газ және газоконденсат кен орындарынан кен алуға кірісуді рәсімдеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 745 1996 жылдың 18 маусымындағы қаулысымен бекіген Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ кен орындарын қазудың бірегей Талаптарына сәйкес жүргізіледі.

87. Таулы бұрылыстар құрылысына рұқсат алу үшін газ өндіру ұйымдары жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі өкілетті органға газөндіруші кәсіпорынның бірінші басшысы қол қойған өтінімді ұсынады.

88. Өтінімге қоса түсініктемеде таулық бұрылыс құрылысын алу үшін, көрсетіледі:

1) газөндіруші басқарманың атауы мен мекен-жайы;

2) жобалық өндірістік бірліктің атауы, оның өндірістік қуаты және қызмет ету мерзімі;

3) кенорнының атауы;

4) таулы бұрылыстың тұрған жері және оның көлемі;

5) таулы бұрылыстың геологиялық сипаттамасы, өнімдік горизонты, түрлері және газ шоғырының көлемі, пайдалы кеннің өндірістік сипаттамасы;

6) горизонт бойынша көзделген шамадағы газ, конденсат және мұнай қорының жағдайы;

7) бұрылыстың және талап етілген бұрылыстың қажеттілік шегін дәлелдеу;

8) бұрылу жобасындағы жер учаскесі кімнің қарамағында екенін көрсету;

9) аралас кәсіпорындардың таулы бұрылыстар жөніндегі мәліметтері;

10) өндірістік маңызы бар басқа да пайдалы қазбалар және таулы бұрылыстар қойнауындағы кен туралы мәліметтер;

11) нақты пайдалы қазбаларды жиынтық өндіру жөніндегі пікірі.

89. Мұнай жиегі болғанда газ және газоконденсат шоғырларын қазуды енгізу, сол кен орнының нақты жағдайын ескере және келісімнің негізінде қаралады.

90. Кен орнын қазуға беру үшін беруші және қабылдаушы жақтардың өкілдерінен сонымен бірге өкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрылады, ол барланған кен орындары жөнінде берген және қабылдаған актіні рәсімдейді.

91. Құзырлы орган талап қоя алмайды, ал мердігер табиғи газ өндіруді бастай алмайды, табылған кен орындарынан табиғи газды жеткізу жөніндегі келісім жасалмайынша.

4-тарау. Газ және газоконденсат кен орындарын қазу

1-параграф. Газ және газоконденсат кен орындарын қазу жобасын жасаудың, бекітудің және түзеу тәртібі
92. Газ және газоконденсат кен орындарын қазу тәжірибелі-өндірістік пайдаланудан басталады. Ол газ және газоконденсат кен орындарын жобалаудың алғашқы стадиясы болып саналады және жүргізіледі:

1) қызмет жасап тұрған магистральді газ құбырларының аумағындағы кен орындарында және іздестіру стадиясы аяқталғаннан кейін дамыған инфрақұрылымы бар және барлауды тездету және кен орындарын игеру мақсатымен кен орны бағаланған өндірістік категориясы бойынша газ, конденсат және басқа компоненттер запастары есептелінген, кен алудың және кәсіпшілікті игерудің жобасын жасау үшін бастапқы деректерді алу қажеттігі;

2) ірі және бірегей кен орындарында пайдаланылатын ұңғылардың әртүрлі бөліктеріндегі дебит динамикасының бағасы, қат қысымы бойынша нақты деректерді алу үшін сондай-ақ, қажетті кен алу жобасын жасау үшін басқа деректерді дәлелдеу керектігі;

3) мұнайгазконденсат кен орындарында мұнай жиектерінің өндірістік құндылығын дәлелдеу үшін және олардың одан әрі кен қазу мүмкіндік жолдарын қарастыру үшін.

93. Тәжірибелі-өндірістік пайдалануды жүргізу үшін жерқойнауын пайдаланушылар мұнай өндіруге лицензиялары болу керек.

94. Тәжірибелі-өндірістік пайдалану жобасы түгелдей кен орындары үшін немесе жеке шоғырлар үшін, тіпті олардың учаскелеріне (блоктары) жасалынуы мүмкін.

95. Мұндай жобаларды ғылыми-зерттеу институттары немесе осындай жұмыстарды атқаратын тиісті тәжірибелері және газ бен газоконденсат кен орындарын қазу құқығын жобалайтын лицензиясы бар кез келген мамандар ұжымы жасай алады және ол өкілетті органмен келісіледі.

96. Газ және газоконденсат кен орындарын тәжірибелі-өндірістік пайдалануға беруге болады, егер:

1) мұнайдың жиегі бар болса, оның өндірістік маңызын бағалайтын және шоғырдағы газ бөлігінің байланыс сипаты бағдарламасы жасалған және бекітілген;

2) белгіленген тәртіппен тәжірибелі-өндірістік пайдалану жобасы бекітілген;

3) таулы және жер бұрылысы алынған;

4) қажетті кәсіптік құрылысы салынған;

5) қат қысымын қолданбай-ақ тәжірибелі-өндірістік пайдалануға газоконденсат кен орнын енгізу қажеттігі дәлелденген.
2-параграф. Тәжірибелі-өндірістік пайдалану жобасы
97. Тәжірибелі-өндірістік пайдалану жобасы сол пайдалану кезеңінде кәсіпшілікті игеру жобасын жасау үшін негіз болып саналады.

98. Бұл жоба келесі бөлімдерден тұрады:

1) 1 бөлім қамтиды - «Геологиялы-кәсіптік мәліметтер»:

геологиялық зерттелімдердің қысқаша деректері;

стратеграфия, тектоника және өнімді горизонттардың сипаттамасы туралы қысқаша деректер (тиімді қалыңдығы, өткізгіштігі, литология және басқалары);

барлау ұңғыларының тексерілуі мен зерттелуі;

газ бен конденсат құрамының деректері;

1 және С2 категориялы) газ және конденсаттың запасы туралы мәліметтер;

ұңғылардың жұмыс мүмкіндігінің дебиті туралы есептер;

кен орындарын қосымша барлау жөніндегі ұсыныстар;

2) II бөлімге жатады: «Тәжірибелі-өндірістік пайдаланудың негізгі көрсеткіштері»:

кен қазу жүйесін таңдау;

ұңғылардың технологиялық жұмыс режимін таңдау;

тәжірибелі-өндірістік пайдалану кезеңіндегі түрлі есептеу нұсқалары, пайдаланылатын ұңғылардың санын және орналасқан жерін есептеу;

лицензия берілген уақытты қамтитын, ұзақ мерзімнен асатын болжау есебі;

пайдаланылатын ұңғылардың құрылымы бойынша ұсыныстар;

өнімді горизонттар мен газды өндіру интенсификациясы жөніндегі ұсыныстар;

кәсіпшілікті игеру жөніндегі, игеруді жобалайтын ұйыммен келісілген негізгі қағидалар;

газды көлікпен тасу және оны мүмкіндігінше тұтыну жөніндегі ұсыныстар;

3) III бөлім «Техникалы-экономикалық есептер» қамтиды:

кен орнын игеру үшін қажетті инвестицияның есебі;

кен орындарын тәжірибелі-өндірістік пайдаланудың шығыны;

салық және басқа да төлемдер;

тәжірибелі-өндірістік пайдаланудың кірісі мен шығысының есептері;

4) IV бөлімше «Зерттеудің бағдарламасы мен көлеміне» 4,3 ЕПР бөлімінде көзделген жағдайлар жатады;

5) V бөлімше «Жер қойнауы және қоршаған ортаны қорғауға» 6 ЕПР бөлімінде көзделген жағдайлар жатады;

6) VI бөлімше «Графикалық қосымшаларға» жатады:

шолу карталары;

өнімді горизонттар бойынша құрылымдық карталарға тәжірибелі-өндірістік пайдалануға берілетін жобаланып пайдаланылатын және барланып бұрғыланған ұңғыларды түсіру;

гелогиялы-геофизикалық тілік пен сұлба.

99. Тәжірибелі-өндірістік пайдалану жобасы жер қойнауын пайдаланушыларға бекітуге ұсынылады.

100. Бұл жобаны орындау барысы әдеттегіңдей жобаны орындаған ұйымға жүктеледі. Егерде бұл ұйымның бақылауды орындай алмауға байланысты себептері болып жатса, онда жобаны бекіткен орган бақылаудың басқа тәртібін анықтауы керек. Жер қойнауын пайдаланушылар бақылауды жасаушы ұйымдарға барлық қажетті материалдарды береді.

101. Тәжірибелі-өндірістік пайдалану жобасы бекітілгеннен кейін, белгіленген тәртіп бойынша құжат болып саналады, соның негізінде сол күйінде пайдалану жүзеге асады.

102. Бақылауды жүзеге асыратын ұйым, кенді пайдаланушылардың осы жобаны негізсіз бұзғаны анықталса, онда осы жобаны бекіткен тиісті органға хабар беру керек.

103. Газда 20 дан 100 м3 асатын күкіртсутегі мен күкірторганикалары анықталса, кен орнын тәжірибелі-өндірістік пайдалуға беру, тазарту қондырғысын бірге орнатумен қатар жүргізілуі тиіс.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – мгк) объектілерін жобалау,...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconМұнай және газ кен орындарын іздеу, барлау және қазу кезіндегі маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар бойынша
Здеу, барлау және қазу процесінде бұрғылау ұңғымаларын салу кезінде, теңіздік кен орындарын қазуды қосқанда, маркшейдердік түсірімдер...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconКөзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының
Нұсқауда тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын және деформациялануын, сондай-ақ рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде қорғауға...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconҚазақстан Республикасында мұнай-газ саласын дамытудың
Анабай, Жарқұм, Айрақты, Барханная (Сұлтанқұдық), Қосқұдық (шығыс Құмырлы) кен орындарын, Амангелді газ кен орны тобын жете барлауға...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқау
Нұсқауда тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын және деформациялануын, сондай-ақ рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде қорғауға...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconТау жыныстарының беріктік қасиеттерін анықтауға жалпы нұсқаулар
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconТау жыныстарының жарықшақтығын зерттеу бойынша жалпы нұсқаулар
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconМұнай газ кен орындарын өңдеу объектілерінің құрылыстары мен сыртқы қондырғыларын жарылыс өрт және өрт
БӨҚжА құралдарын қоректендіру үшін ауаны компрессорлау блогы, ұңғыма өнімін қыздыру блогы, реагентті шаруашылық блогы, коррозия ингибиторларын...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconРудалы кен орындарында тау жыныстарының жер бетінің жылжу процесінің негізгі ұғымдары және анықтамалары
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница