Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар




НазваниеГаз және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар
страница3/12
Дата конвертации09.11.2012
Размер1.35 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

3-параграф. Газ және газоконденсат кен орындарын өндірістік қазу жобасының негізгі қағидалары (мазмұны)
104. Газ және газоконденсат кен орындарының өндірістік қазу жобасы кен орындарын қазудың барлық мерзіміне жасалынады және барлық негізгі өнімді горизонттарды қамтуы тиіс. Егер кен орындарында болмашы шоғырлар болып, запасы дереккөздері шамалы дәрежеде анықталса және С 2 запас категориясы (70 % асса) запас мөлшері шоғыр запасының көлемінде көптеп сипатталса, онда экономикалық сәйкестігіне сай негізгі объектінің қазу жобасымен бірге, тәжірибелі-өндірістік пайдаланудың жобасы да жасалынады.

105. Газ және газоконденсат кен орындарын өндірістік қазудың жобасында газ, газоконденсат және ілеспе компоненттерді барынша алуға байланысты, негізгі технологиялық және техника-экономикалық мәселелердің кешенді шешуін де көрсету керек.

106. Өндірістік игеруге геологиялы барлау жұмыстарының барлау-пайдалану барысында негізгі мәселелері шешілген кен орындары жатады, газ, негізгі және ілеспе компоненттердің запасы анықталған және белгіленген тәртіппен бекітілген, қажет болғанда тәжірибелі-өндірістік пайдалану жүргізілген.

107. Шоғырларда, кен алуды енгізуге белгіленген, өндірістік маңызы бар мұнай жиегі болғанда, газ және мұнай бөліктерін ретімен немесе бір мезгілде пайдалану, олардың мүмкін болған байланыс сипатын ескере отырып, мәселені шешу қажет.

108. Өндірістік қазуды жүргізу үшін жерқойнауын пайдаланушылар мұнай шығаруға лицензиялары болуы керек.

109. Газ және газоконденсат кен орындарын өндірістік кен алу жобаларын ғылыми-зерттеу институттары немесе осындай жұмыстарды атқаратын тиісті тәжірибелері және кен орындарын қазу жобасын іске асырудағы лицензиясы бар кез келген мамандар ұжымы жасай алады.

110. Газ және газоконденсат кен орындарын өндірістік қазуға болады, егер:

1) өндірістік қазуды жобалау үшін қажетті геологиялы-техникалық деректері болса;

белгіленген тәртіппен бекітілген газ, сондай-ақ, пайдалы және ілеспе компоненттердің запастары;

барлау жұмыстар және тәжірибелі-өндірістік пайдаланудың нәтижелері жөнінде, егер соңғысы өткізілсе, шоғырдың (шоғырлар) бір мағыналы геометриясын, оның өнімділігін және мүмкін болатын қысымның өзгеру динамикасын анықтауға мүмкіндік беретін;

2) ұңғыны пайдаланудан бастап қазу кезінде алынатын газды, конденсатты және ілеспе компоненттерді толық пайдалану;

3) газ және газоконденсат кен орындарын өндірістік қазу жобалары белгіленген тәртіппен бекітілген;

4) мұнай операцияларын жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану кезінде кен шығаруға лицензия алу.

111. Газ және газоконденсат кен орындарын өндірістік қазу жобасы лицензия берілген уақытты қамтиды, егер осы мерзім ішінде шығарылатын запастардың 90 % шығарылса, егер кен шығару аз мөлшердің шамасын құраса, онда есептеп таңдап алу 90 % жеткенше жүргізіледі.

112. Бұл жоба келесі бөлімшелерден тұрады:

1) I бөлімше «Бастапқы геологиялы-өндірістік деректерге» жатады:

геологиялық зерделенудің қысқа мәліметтері;

өнімді горизонттардың стратиграфия, тектоника және сипаттамалары туралы қысқаша мәліметтер;

тәжірибелі-өндірістік пайдаланудың нәтижесі, егер ол өткізілмесе, онда барлау ұңғыларын тексеру және зерттеу нәтижелері;

газ және конденсат құрамы жөнінде деректер;

газда болатын газ, конденсат және басқа компоненттер запастары туралы мәліметтер;

шоғырлардың гидрогеологиялық сипаттамасы және мүмкіндігінше жұмыс режимі;

пайдалану үшін бұрғылау кезіндегі кен орнының геологиялық құрылымын дәлдеу міндеті, осы мәселелер қажетті шешімін тапқан жағдайда; барлау ұңғыларын бұрғылау және сейсмикалық түсіруді жүргізу;

2) II бөлімше «Өндірістік қазуды жүргізудегі негізгі көрсеткіштерге» жатады:

кен орындарын қазу жүйесін дәлелдеу және таңдау;

ұңғыларды әртүрлі нұсқалар және пайдаланудың жылдар бойынша газды, пайдалы және ілеспе компоненттерді қазу есебі;

газоконденсаттың пайдалы әсері;

ұңғылар жұмысының технологиялық режимін таңдау;

айдауыш ұңғының қажетті санын, сондай-ақ, бұрғылау мерзімін анықтау. Есеп бұрғыланатын әр объект және түгелдей кен орыны бойынша жүргізіледі, көлденең ұңғыларды бұрғылау жөнінде мәселелер қаралады және шешімдер шығарылады;

бұрғылау жүйесін, тәртібін және реттілігін таңдау, түгелдей ұңғылар қорын-пайдаланылатын, резервті, бақылайтын, пьезометрикалық пайдалануға қосу;

ұңғылар құрылымы жөніндегі ұсыныстар;

өнімді горизонттарды ашу жөніндегі ұсыныстар және газды шығаруды интенсивтендіру;

түгелдей жоспарланған қаттық, забойлық және сағалық қысым кезеңінің есебі, газ және конденсат дебиті, сондай-ақ, осы игеруді жоспарлайтын ұйыммен келісілген қажетті өндірістік құрылыстарды іске қосу және орналасу мерзімі;

газды тасымалдау және оны мүмкіндігінше пайдаланушылар жөніндегі ұсыныстары;

газда болатын пайдалы және ілеспе компоненттерді кешенді пайдалану жөніндегі ұсыныстар;

3) III бөлімше «Техникалы-экономикалық есептерге» жатады:

газ және газоконденсат кен орындарынан әртүрлі нұсқа бойынша кен өндіру жөніндегі кен орындарын толық дамыту үшін қажетті инвестицияның есебі;

газ және газоконденсат кен орындарын қазудың жоспарлау кезеңіндегі кен орнын пайдаланудың есебі;

салық және басқа да төлемдер;

газ және газоконденсат кен орындарын қазудың жоспарлау кезеңіндегі кіріс және шығыс есебі;

4) IV бөлімше «Зерттеу бағдарламасы мен көлемі» 4.3 ЕПР бөлігі көздеген қағидалар жатады;

5) V бөлімше «Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау» 6 ЕПР бөлігі көздеген қағидалар жатады;

6) VI бөлімше «Графикалық қосымшаға» жатады:

шолу карталары;

өнімді горизонттар бойынша құрылымдық карталарға барлық өнімді горизонттар бойынша бұрғыланып және жобаланған ұңғыларды түсіру;

геологиялы-геофизикалық кесінділер және сұлбалар;

кен қазу нұсқалары жөніндегі карталар;

газ және конденсатты кәсіпшілікпен өңдеудің принципті схемасы;

жер үсті құрылыстарда орналасқан газжинағыштың принципті желісі.

113. Газ және газоконденсат кен орындарының өндірістік жобалануы өкілетті органмен келісіледі.

114. Оның орындалуына бақылау жасау, жобаны жасаған ұйымға жүктеледі. Егер бұл ұйымның бақылауды орындауына кедергі себептер туындап жатса, онда жобаны бекіткен орган бақылаудың басқаша тәртібін анықтауы керек. Жер қойнауын бақылаушы ұйым жоба жасаушы ұйымға барлық қажетті материалдарды береді.

115. Газ және газоконденсат кен орындарын өндірістік қазу жобасы белгіленген тәртіппен белгіленгеннен кейін, соның негізінде кен қазуды жүзеге асыратын, негізгі құжат болып саналады.

116. Бақылауды жүзеге асыратын ұйым, жер қойнауын пайдаланушының жоба талабын негізсіз өрескел бұзғаны анықталса, осы жобаны бекіткен тиісті органға хабар беруі тиіс.

117. Газ және газоконденсат кен орындарын өндірістік қазу жобасын жүзеге асыруды бастағанда, кездесетін күкіртсутегі мен күкірторганикасынан күкірттазартудың немесе осы газдарды пайдаланғандағы экологиялық қауіпсіздіктің барлық мәселелерін шешу қажет.

118. Осы жобаны жүзеге асыруды бастағанда, этан, пропан-бутан, қостотық көміртегіні, гелий және табиғи газдың басқа да компоненттерін пайдаланудағы мақсаты мен бағытын анықтау керек.

119. Конденсаттың төмен құрамында (5 г/м3 кем) болса, оны кәсіпшілікте кәдеге жаратудың мақсатқа сәйкес мәселесін шешу қажет.

120. Газоконденсат құрамында 100 г/м артатын болса, газоконденсат кен орындарын жобалағанда қат қысымын ұстап қазу әдістемесін міндетті түрде қарау керек. Әр жағдайда қазу әдістемесін таңдау гидродинамикалық, термодинамикалық және техникалық-экономикалық есептердің негізінде анықталады. Бұл есептер келесі параметрлерге негізделеді:

1) газ, тұрақты конденсаттың және сұйық газдың бастапқы баланстық запасының мөлшері;

2) тұрақты конденсатты қазу әдістемелеріне байланысты кезең және жылдар бойындағы құрамының өзгеруі;

3) қазу әдістемелеріне байланысты кен қазу аяқталуға қарай, қаттағы тұрақты конденсаттың жиынтығының кемуі;

4) газ және газоконденсаттың кезең және жылдар бойындағы кен алу мүмкіндігі, қазу әдістемелеріне байланысты олардың тауарлық сипаттамасы.

121. Газ және газоконденсат кен орындарын қазу әдістемелерін қараған кезде, қысымды ұстай отырып, конденсат тазартылып алынған (сайклинг-үрдіс) газды, суды, түтінді газды және басқаларын кері шайқалту шайқалған агенттің көлемін есептеу келтіріледі, шайқалту ұңғыларының саны мен орналасқан жері, олардың қабылдағыштығы шайқалған агенттердің бұзып кету мүмкіншілігінің уақыты және онан алынған өнімдегі құрамы, қысымды ұстаудың жалпы кезеңі, қат қысымының толық немесе бірен-саран өтелу нысандары.

122. Егер газоконденсаттың кен орнында өндірістік маңызы бар мұнай жиегі және қаттың газ жинау бөлігінде мұнай қоюлығы жоғары болса, онда мұнай жиегін алу нұсқасын қатқа технологиялық әрекет етумен бірге қарау керек, ондай жағдайда мұнайды алу газбен және газ бөркімен ілесе шығарылу жүргізіледі.

123. Газ және газоконденсат кен орындарын қазу кезінде жаңа ұңғыларды бұрғылау және сол кен орнын қазу барысындағы қадағалау есебінен ақпарат үнемі толығып отырады. Кейбір жағдайда, бұдан бұрын кен қазу жобасы көптеген өзгерістер енгізуді қажет етуі мүмкін. Мұндайда кен қазу жобасына түзетулер немесе қосымшалар жасалынады, оны бұрын жоба жасаған органда бекітуге ұсыну қажет.

124. Кен орнын қазуды жобалаудағы негізгі кезек, газ және конденсаттың өндірістік запастары бекітілген, 50 % кем болмайтын уақытты қамтитын кезеңге жасалынған негізгі кен қазу жобасы деп саналады. Осы кезеңдегі жобалануға, жобаның тиімділігіне баға беру қажет, яғни сондағы барлық пайда мен шығынға баға беру қажет. Бұл үшін дүниежүзілік тәжірибеде жобалық талдау әдісі қолданылады, елдің табиғи ресурстарын ұтымды игерудегі ақылға қонымды шешімнің тетігі болып саналады. Осы әдістің көмегімен жобаның құндылығы есептелінеді, жалпы оң нәтижелердің айырмашылығы немесе пайдалы және теріс нәтижелері немесе шығыны анықталынады.

125. Бастапқы запасынан 50 % артық таңдап алынғанда және кен орнының өнімділігі төмендей бастағанда, кен орнын қайта қазу жобасын жасау керек, оған қоятын талап өндірістік қазу жобасындағы талаппен сай келеді.

126. Қайта қазу жобасын жасағанда, кен орнының жерасты қоймасы – газ немесе реттегіш кен орнына айналу мүмкіншілігі қарастырылады, егер маусымға байланысты газды пайдалану мүмкіндігі біркелкі болмаса.

127. Жобаның құрылымы келесі бөлімшелердің болуын көздейді. Экономикалық, қаржылық, коммерциялық, әлеуметтік, жобаның тәуекелділігін бағалау, соның ішінде экологиялық.

128. Экономикалық бөлімше жобасы жалпы елдің халық шаруашылық секторы ретіндегі газ өнеркәсібінің дамуына ықпал етуін зерттейді, яғни жобамен байланысты нәтижелер мен шығындардың қоғамдық бағасын сараптайды.

129. Қаржылық бөлімше сол объектінің нарықтық тиімділігін анықтайды, мұндайда өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтегі нарықтық бағаның тікелей пайдаланылуы, сондағы нақты қаржыландыру көздері және пайыздық ставкалар, қолданыстағы салық салу жүйесі және оның параметрлері.

130. Коммерциялық бөлім-болжам сұраныс жүйесін, өнімді өткізу маркетингін, жобаны жүзеге асыру үшін қажетті материалдар мен басқа ресурстарды жеткізуді қарастырады.

131. Әлеуметтік бөлім кейбір жоба нұсқаларының болжамдары бүкіл халықтың топтық көзқарас мүдделеріне жарамдылығын анықтайды. Жобаны жүзеге асыру стратегиясында ол халықтың қолдауын ескереді. Жобаның негізгі бөлімшесі – ол қаржылық және экономикалық болып саналады.

132. Қаржы бөлігінің жобасы кешенді сипаты бар және ол қамтиды:

1) жобаның қаржылық рентабельділік бағасы немесе инвестицияның тиімділігін;

2) қаржыландырудағы қажеттіліктің талдауы, қаржы жоспарын жасау;

3) жобаны жүзеге асырушы ұйымның қаржылық талдауы.

133. Осы жобаның қаржылық тиімділігін бағалау үшін келесі техникалық-экономикалық көрсеткіштерді анықтайды: сатудан түскен кіріс (пайда); күрделі салым; пайдалану шығындары; салық төлемдері; қолдағы ақша ағыны; күнделікті таза құн; рентабельділіктің ішкі нормасы; капиталдың орнын толтыру мерзімі.

134. Техникалық-экономикалық көрсеткіштердің осы жүйесінде жобадағы қаржылық инвестицияның бағасындағы негізгі белгі: күнделікті таза құн және рентабельділіктің ішкі нормасы болып саналады.

135. Экономикалық баға беру ұлттық экономиканың көзқарасымен жүргізіледі. Экономикалық бағаның пайдасы мен шығысының негізінде осы жобада анықталуды қажет ететін көлеңкелі құн жатыр. Экономикалық талдауда ерекше роль трансферлік төлемге жатқызылады.

136. Қаржы және экономикалық критерийлердің негізгі құрамы газ ресурстарын жылдар кезеңі бойынша игерудің негізгі жобасын жасағандағы келесі геологиялы- техникалық ақпараттың базасында жүзеге асады: газ және конденсат шығарудың көлемі, кен орнын игерудің жүйесі, одан әрі тасымалдауға газды дайындау, компрессорлар станцияларының сығымдау қуаты және одан басқалары.

137. Жобалаудың жылдар бойындағы кезеңіндегі күрделі және пайдалану шығындарын анықтау үшін кен орнын игерудегі құндық баға мен объектілердің бағасының нормативті базасы, кен орнын пайдаланудағы құрылым шығыны қалыптасады, газ ресурстарын игеруге байланысты елдің салық және заңдық жүйесі зерттеледі.

138. Әдістемелерді пайдалана отырып, жобаның тәуекелділігін бағалау жүзеге асады.

139. Осы жобаны қаржыландыру көздері анықталынады, «қарызға қызмет ету» есептеу жоспары жүргізіледі. Жобаның шығынсыздығы есептелінеді, яғни өндірістің ең төменгі көлеміне жеткенде, жобаны іске асырушы ұйымның қызметі тиімсіз (зиянды) деп саналу керек.

140. Газ және газоконденсат кен орындарын пайдалануды өндірістік объектінің қауіпсіздік Декларациясына сәйкес жүргізу қажет.

141. Өндірістік объектінің қауіпсіздік Декларациясы жобаны жасау құрамында іске асады.
4-параграф. Газ және газоконденсат кен орындарында бірнеше қаттарды бірлесіп пайдалану үшін объектілерді бөлу
142. Көпқатты газ және газоконденсат кен орындарын қазу жүзеге асады:

1) әр қатты ұңғының дербес торымен бөліп пайдалану;

2) бір ұңғыдағы бірнеше қаттарды бір мезгілде және бірлесіп пайдалану;

3) бір ұңғыдағы бірнеше қаттарды қаттар арысындағы оқшауларды бір мезгілде және жеке пайдалану.

143. Көпқатты кен орындарын пайдалануды ұйымдастырғанда геологиялық-техникалық кешеннің түгелдей көрсеткіштерін, сондай-ақ, жеке қаттардан газды, конденсатты және ілеспе компоненттерді таңдап алуда техникалық және экономикалық жағдайларды есептеу қажет.

144. Көпқатта кен орындарын қазуды жобалаған кезде қаттарды, әрқайсысын өзінше, бірлесіп пайдалану үшін пайдаланылатын объектілер таңдап алынады. Мұндайда пайдаланылатын объектілердің саны аз болғаны жақсы болар еді, алайда жалпы кен орындарын немесе жеке қаттарды пайдалану жағдайын төмендетпегені жөн.

145. Бірлесіп пайдалану үшін қаттарды біріктіргенде жеке қаттарды қазудағы бақылау жұмысын шешкен жөн: қаттағы және забойдағы қысымдардың өзгеруін, газдың бір қаттан екіншісіне ауытқуын, құмның шығуын, судың жылжуын бақылау және тағы басқалары.

146. Осы мақсатпен жеке қаттарда (немесе бұрғылану есебінен) қысым өлшеуін және басқа зерттеулерді жүргізу үшін байқау ұңғыларын бұрғылауды қарастыру қажет.

5-параграф. Газоконденсат кен орындарын қазу әдісін таңдау
147. Газоконденсат кен орындарын (шоғырлар) қазған кезде ауыр көміртегілердің (С5Н12+жоғарғы), болуына, газ және конденсат запасының мөлшеріне, шоғырдың геологиялық құрылымы мен пайдалану жағдайына байланысты екі негізгі әдісті жүзеге асырады:

1) қазу әдісі - қордың таусылуына, яғни қат қысымын қолдамай - ақ;

2) қазу әдісі – қат қысымын қолдаумен.

148. Газоконденсат кен орнын қазу әдісін таңдау гидродинамикалық, термодинамикалық және техникалық-зкономикалық есептердің негізінде әр жағдайға байланысты анықталады.

149. Газоконденсат кен орындарында қазу әдістерін таңдауға байланысты техникалық-экономикалық есептердің жүргізілуінде мынадай негізгі бастапқы технологиялық параметрлерді анықтау қажет:

1) газдың, тұрақты конденсаттың (С5Н12+ жоғарғы) және сұйықталған газдың бастапқы запасының көлемі;

2) кен орындарын пайдалану әдістеріне байланысты тұрақты конденсаттың кезеңдер және жылдар бойындағы құрамының өзгеруі;

3) кен орындарын қазудың аяқталуына таман кен орындарын пайдаланудың түрлі әдістеріндегі тұрақты конденсаттың жиынтық шығыны;

4) кен орындарын пайдалану әдістеріне байланысты газ және конденсатты кезең және жылдар бойындағы өндіру мүмкіндігі;

5) ұңғылардың (газ және конденсат) кезеңдер және жылдар бойындағы дебиті, сондай-ақ, қажетті кен орындарын пайдаланудың түрлі әдістеріндегі пайдаланылатын, айдаушы (газдық) және пьезометрикалық ұңғылардың саны;

6) үрдісті жүргізу үшін қажетті айдаушы ұңғылардың қабылдағыштығы және нығыздалған газдың саны;

7) кен орындарын қазудағы кезең және жылдар бойындағы қаттан шығарылатын конденсаттың физикалы-химиялық құрамының және тауарлық сипатының өзгеруі.

150. Газоконденсат кен орындарын кез келген әдіспен қазғанда алым жүйесін, сүзгіні және газды өңдеуде ең оңтайлы экономикалық көрсеткіштер кезінде өндірілетін газдан конденсатты және басқа компоненттердің толық тұтылуын қамтамасыз ету керек.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – мгк) объектілерін жобалау,...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconМұнай және газ кен орындарын іздеу, барлау және қазу кезіндегі маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар бойынша
Здеу, барлау және қазу процесінде бұрғылау ұңғымаларын салу кезінде, теңіздік кен орындарын қазуды қосқанда, маркшейдердік түсірімдер...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconКөзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының
Нұсқауда тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын және деформациялануын, сондай-ақ рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде қорғауға...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconҚазақстан Республикасында мұнай-газ саласын дамытудың
Анабай, Жарқұм, Айрақты, Барханная (Сұлтанқұдық), Қосқұдық (шығыс Құмырлы) кен орындарын, Амангелді газ кен орны тобын жете барлауға...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқау
Нұсқауда тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын және деформациялануын, сондай-ақ рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде қорғауға...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconТау жыныстарының беріктік қасиеттерін анықтауға жалпы нұсқаулар
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconТау жыныстарының жарықшақтығын зерттеу бойынша жалпы нұсқаулар
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconМұнай газ кен орындарын өңдеу объектілерінің құрылыстары мен сыртқы қондырғыларын жарылыс өрт және өрт
БӨҚжА құралдарын қоректендіру үшін ауаны компрессорлау блогы, ұңғыма өнімін қыздыру блогы, реагентті шаруашылық блогы, коррозия ингибиторларын...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconРудалы кен орындарында тау жыныстарының жер бетінің жылжу процесінің негізгі ұғымдары және анықтамалары
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница