Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар




НазваниеГаз және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар
страница5/12
Дата конвертации09.11.2012
Размер1.35 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

10-параграф. Кен орындарын қазу процестеріндегі газды

горизонттарды қосу
204. Кен орындарын (шоғырлар) қазу үрдістеріндегі газды горизонттарды тіркеу қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі:

1) горизонттарды пайдаланатын бір объектіге біріктірумен;

2) бір ұңғамен бірнеше горизонттарды бірмезгілде, бірақ жеке пайдалану.

205. Газы мол горизонттарды пайдаланатын объектілерге тіркеу олардың ұқсас геология өндіргіш сипаттамасына байланысты болғанда.

206. Ұңғылардың пайдаланылатын объектілеріндегі жаңа өнімді горизонттарды қосу мүмкін болады:

1) ұңғылардағы колонна артындағы цемент тіркелетін қаттан жоғары болғанда және оны берік жауып тұрғанда;

2) пайдаланылатын ұңғалар оңтайлы режимде газдың салыстырмалы түрде болмашы дебитін береді және жаңа қатты қосу сол ұңғының дебитін елеулі ұлғайтуы мүмкін;

3) пайдаланылатын ұңғылар сусыз болса және сол ұңғылардың орналасқан жеріне тіркелген өнімді горизонт суланбаған және алдағы уақытта суланбайды.

207. Ұңғылардағы өнімге жаңа горизонттарды тіркегенге дейін бірқатар арнаулы зерттеулер жүргізу керек:

1) таңдауды белгіленген әдіспен, индикаторлы диаграммаларды құрып, сүзгіш коэффициенттерді және пайдаланылатын объектінің әрқайсысында гидроөткізгіш параметрін анықтау;

2) қат қысымын қалпына келтіру әдісімен;

3) қат қысымын және тіркелетін қаттың температурасын өлшеу;

4) қаттың және қалыпты жағдайындағы оның сипатын анықтау мақсатында газдың пробасын (сынама) таңдау және зерттеу.

208. Ұңғаны оның алдында пайдаланудағы және жүргізілген зерттеулердің нәтижесі негізінде тиісті записка жазылады, онда жаңа қатты тіркеудің дәйектілігі дәлелденеді.

209. Егер тіркеу бекітілген қазу жобасында көзделмесе, онда газы мол қатты пайдаланушыға тіркеу жобаны жасаған ұйыммен келісілгеннен кейін жүргізіледі, сондай-ақ, өкілетті органмен және тіркеуді бекіту – жоғары тұрған газөндіруші ұйыммен келісіледі.

5-тарау. Газ және газоконденсат кен орындарындағы газ өндіруді интенсификациялау
210. Газы мол қатты ашуда пайдаланылатын объектінің ерекшелігіне байланысты, интенсивтендірудің тиісті әдістерін қолданумен бірге жүргізіледі.

211. Қазіргі кезде газды интенсивті өндіруде мынадай әдістер қолданылады:

1) ұңғыны теспелеу және торпедалау арнаулы әдісі және өнімді горизонттарды тіркеумен бірге газ аумағын атқылау жолы;

2) қышқылмен өңдеу;

3) қатты гидравликалық айыру;

4) қаттың забой төңірегіндегі аумағына гидроқұмағынымен өңдеу;

5) үстін активті заттармен өңдеу.

212. Интенсивтендіру әдісін жүзеге асыруды есепке алғанда, өнімді пропласткалардың әрқайсысын немесе көбін ашуды жетілдіру қажет, сөйтіп, ең аз депрессияда пропласталардан барынша дебит алу мақсатымен оны жүзеге асыру керек.

213. Газ және газоконденсат кен орындарын қазуды жобалағанда, сол жағдайда интенсификациялау әдісін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін және қиындық туғызбайтын ұңғылар забойының құрылымын көздеген жөн.

1-параграф. Газды қаттарды ашу
214. Газ жиналған қатты ашқанда қолданылуы мүмкін:

1) атқылау жұмыстарына жатады:

оқпен тесу;

камулятивті тесу;

торпедалық (снарядтық) тесу;

ұңғылар сағасын нығыздаған кездегі тесу (газ ортасында қысыммен тесу);

2) төмен түсірілген бағанадағы фонтан құбырын тесу;

3) гидроқұмайдаумен тесу;

4) жарылыс жұмыстары:

фугастық торпедалау;

бағытталған торпедалау.

215. Атқылау және жарылыс жұмыстарын өз алдына пайдалануға мүмкіндігі бар, оны өзара байланыстырып, сондай-ақ, қат гидроайырылымымен, ұңғы сүзгісін өңдеумен және забой төңірегіндегі қат запасын қышқылмен (тұзды немесе тұздық аралас және ерітіндімен) қисындастырып пайдалануға болады.

216. Атқылау және жару аппаратының әдісі мен түрлерін таңдау ұңғының міндеті мен геологиялық-техникалық сипатына байланысты жүргізіледі, сонымен бірге атқылау жұмыстарының алдына қойған міндеттеріне тиісті.

217. Ұңғылардағы барлық атқылау және жару жұмыстарды арнаулы геофизикалық ұйымдар жүргізеді.

218. Атқылау және жару әдістері мен жару жұмыстары, сондай-ақ, аппаратураларды таңдау жауапкершілігін заказ берген ұйым да және орындаушы ұйым да қатар өтейді.

219. Тесу мен торпедалау интервалдарын сол ұңғыны қазудың нақтылығына сүйене отырып, өндіруші ұйымның геологиялық қызметі анықтайды.

220. Барлау үрдісінде және өндірістік дайындауда әр горизонт үшін экспериментті жолмен тесудің тығыздығын оңтайлы болуын қалаған жөн, ұңғының толық гидродинамикалық жетілуін қамтамасыз етуде, сонымен бірге, жобаланған режимдегі жұмыс процесінде қиындық тудырмай, таңдау қажет.

221. Қатты ашу және газды өндіруді интенсивтендіру мақсатында жағалата оранған ұңғыларды қолдануға болады, кейбір жағдайда тесу әдісі күткен нәтиже бермесе оранған бағананы және жарылу запасындағы цемент сақинасын шамалы бұзуға рұқсат етіледі.

222. Газ ұңғыларын торпедалау және торпедалық тесуді тек таужыныстарында жақсы жарықшақтар пайда болғанда, мықты таужыныстарында пайдалануға болады.

223. Бұрғылауда перфораторлы-торпедалық партиялар жұмысы кезінде кәсіпшіліктің геологиялық қызметтің жауапты өкілінің болуын ұсынады, ол жұмыс аяқталысымен ұңғыдағы тесу немесе жару жұмысының орындалуына және кабельді өлшеу актісіне қол қояды.

224. Ұңғылардағы тесу және жару аппаратураларының жұмысы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылы 19 қыркүйекте № 141 бұйрығымен бекітілген Жарылу жұмыстарын өткізу кезіндегі өндірістік қауіпсіздік талаптарына және РФ Мемлекеттік тау кен қорғауының 1997 жылы 24 желтоқсанда № 53 бұйрығымен бекітілген «Ұңғыларды тесу және жару жұмыстары жөніндегі нұсқауға» сәйкес жүргізіледі.

2-параграф. Ұңғыларды қышқылмен өңдеу
225. Ұңғылардың забой төңірегіндегі аумақтарды қышқылмен өңдеу газды интенсификациямен өндірудің (газоконденсат шоғырларын қазған жағдайда, қат қысымын ұстай отырып, қатқа газ немесе суды жібергенде (закачка) қабылдағыштығы ұлғайғанда) карбонатты және сазды цемент немесе карбонат таужынысының қабаттарымен барлық карбонатты коллекторлар және құмдауыттары үшін ең тиімді әдісі болып саналады.

226. Геологиялық жағдайына байланысты өңдеу үшін 12-15 % тұзды қышқылдан жоғары қышқыл ерітіндісін, 1-2 % сірке қышқылы, 2,6 % ерігіш қышқылына (сазды цемент кезінде) жоғары қышқыл ерітіндісін ингибиторлар, ашылған перфорациялық қуаттағы үстіңгі активті заттар қолданылады. Кейбір жағдайда бұл нормалар өзгеруі мүмкін.

227. Тұзды қышқылды қатқа нығыздау компрессормен берілетін немесе ұңғадан жоғары қысыммен келетін сумен немесе газбен жүзеге асады.

228. Қышқылмен өңдеудің тиімділігіне баға бергенде газ ұңғылары забой төңірегіндегі аумақтары бірден судан тазармайтынын, онда газ қышқыл ерітіндісі болатынын ескерген жөн. Бұл үшін кейде ұзақ уақыт бірнеше апта, тіпті айлар қажет болады.

229. Жағалатпа оралған және тесілген ұңғыларда, қуаттарын ашатын, әсіресе карбонат қаттарын қат-қабат ету, өңдейтін интервалдар араларында жоғары уақытша және төмен орнатумен интервал аралық қышқылмен өңдеуді жүргізу ұсынылады.

230. Технологиялық үрдістерді жобалау, ұңғыларды дайындау және қышқылмен өңдеуді «Мұнай және газ ұңғыларын тұзды қышқылмен өңдеу жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес жүргізіледі.

231. Технологиялық өңдеу схемасына қарамай-ақ қышқылды ерітіндіге арнаулы қосындылар араластырылады, олар:

1) қолданылатын құрал-саймандарды қышқыл басуына жол бермеу;

2) ұңғының забой төңірегіндегі запасынан реакция өнімдерін шығаруды жеңілдетеді.

232. Қышқылды тасымалдау және сақтау, ерітінділерді дайындау, ұңғыға оларды ұңғыларға нығыздап жіберуді «Қаттарды гидравликалық жару кезі және ұңғыларды қышқылмен өңдеудегі қауіпсіз еңбек жөніндегі типтік нұсқаулықта» жазылған қауіпсіз техника ережесін және «Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ өнеркәсібіндегі қауіпсіз талаптарды» қатаң сақтаумен жүргізу керек.

3-параграф. Газ қабаттарының гидравликалық ажыратылуы
233. Пласты гидравликалық ашу ұңғылардың забой төңірегіндегі аумағына өтуді ұлғайтудың ұңғыға қысымның күшімен сұйықты толтыру забой төңірегіндегі зонадағы жарықшаларды құрудың немесе ұлғайтудың тиімді құралы болып табылады.

234. Гидравликалық айырылым орнықты шағын өткізгіш коллекторларда ерекше тиімді. Гидроайырылымның объектілері болып – кен ашудың алғашқы кезіндегі өнімді қаттар болып саналады, олар өте төмен өткізгіштігімен (0,1 d аз) және бастапқыға жақын, жоғары қат қысымымен сипатталады.

235. Өте жоғарғы өткізгіштігі бар өнімді қаттар және ұзақ уақыт кен қазуда болған, бірақ газдан көп запасы бар, бұлар да гидроашуға ұшырауы мұмкін.

236. Кен орындарында, қатқа ұқсас шоғырды пайдаланатын, гидроашуды кез келген ұңғыларда өткізуге болады, егер шоғыр жаңа ғана эксплуатацияға берілсе, ал ұңғылар барлық геологиялық-техникалық талаптарға сай келсе.

237. Кен орындарында, су қалқитын шоғырларға ұқсас, гидроашу үшін ұңғыларды таңдағанда саға жарықшасынан газдысулы контакқа дейінгі қашықтықты ескеру қажет. Саға жарықшасынан газдысулы контакқа дейінгі оңтайлы қашықтық коллектор түріне байланысты және ол тұрақты болмайды. Коллектордың түріне байланысты бұл қашықтық 8 м ден 40 м-ге дейін өзгеруі мүмкін.

238. Қуаты зор өнімді интервалдарда (бірнеше он және жүздеген метр) айналдыра оралған ұңғыларда, тесілген перфорацияларда, интерваларалық, бағытталған, көпреттік қатты гидроашу оған пакерлер немесе басқа оңашаландырылатын тетіктер және материалдар (мысалы АМГ-1 аппаратын қолданумен) немесе төменгі, өңделген интервалдарды құммен көму жүргізіледі.

239. Егер гидроашуға ұшыраған ұңғылар бастапқыда жоғарғы дебиті болса және салыстырмалы түрде пайдаланудың қысқа мерзімінде дебиті төмендесе, мұндай жағдайда гидроашуды қайталауға болады.

Ескертпе: егер газдың жұмыс дебитінің төмендеуі қат қысымының төмендеуіне және қаттағы газ запасының азаюына байланысты болса, онда гидроашуды қайталау тиімді болмауы мүмкін.

240. Қатты гидроашудың барлық жұмыстары бойынша осы операция көздеген техника қауіпсіздігінің талабына қатаң сәйкес («Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ өнеркәсібіндегі қауіпсіздік талаптары») өткізу жөн.

4-параграф. Гидроқұмсорғалау перфорациясы
241. Гидроқұмсорғалау перфорация әдісін ұңғыларды ашу үшін қолдану қажет, бұл әдістің кумулятивті перфорация әдісінің алдында экономикалық артықшылығы бар. Әдістің тиімділігіне экономикалық баға берген кезде абразивті және кумулятивті перфорациямен ашылған ұңғылар дебитінің мөлшерін есепке алу керек.

242. Ұңғалардың перфорациясы, төменгі тік өткізгіш шағын қатшалардың өнімді комплексін ашуды аспаптар күшімен, сапталатын жазықтыққа қарай саптамасы 450 бағытталған аспаптар күшімен іске асырады.

243. Қатты гидравликалық ашудың алдында жарықшыларды бағыттау мақсатымен жобаланған жарықшаның жазығында абразивті перфоратор арқылы канал жасау қажет.

244. Қышқылмен өңдеудің алдында қатқа қышқылды нығыздауда қысымды азайту мақсатымен белгіленген интервалды гидроқұмшашқыш перфорация әдісімен ашу қажет.

245. Гидроқұмшашқыш перфорациямен ашу үрдісін төменнен жоғары қарай жүзеге асыру ұсынылады.

246. Үрдіс үшінгі жабдық және оның технологиясы «Перфорация және қатты ашу гидроқұмшашқыш әдісі жөніндегі нұсқаулықта» анықталған. Ұңғаларды гидроқұмшашқышпен өңдеудің барлық жұмыстары қатты гидравликалық ашу үшін көзделген «Қазақстан Республикасында мұнай және газ өнеркәсібәндегі қауіпсіз талабы» өндірістік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі.

5-параграф. Іркілдек газ коллекторларындағы забой төңірегіндегі аумақтарды шайырлармен бекіту
247. Қатты бекіту мақсатымен забой төңірегіндегі аумақтарды шайырмен өңдеу ұңғыларды пайдалану кезінде қаттан құмның шығуына тосқауыл құрал болып саналады. Құмды тоқтатуда басқа әдістер (сүзгілер, қиыршық таспен толтыру және басқалары) тиімді болмағанда немесе шайырмен өңдеумен салыстырғанда көп қаржыны қажет еткенде, өңдеу үшін шайырды қолданады.

248. Забой төңірегіндегі аумақтарды шайырмен өңдеуге, бұрғыланған және сынақтан өтпеген ұңғыларды, сондай-ақ, бұдан бұрын пайдалануда болған ұңғыларды өңдеуге әбден болады. Жаңа бұрғыланған және сынақтан өтпеген ұңғыларды өңдеу тікелей перфорациядан соң өткізілуі мүмкін. Өңдеудің қажеттілігі көрші ұңғылардағы өңделетін қатты пайдалану негізінде анықталады. Қаттан сұйық немесе газ ағынын өңдеуге дейін келтіру (мысалы ұңғыларды сынаған кезде) болмайды, өйткені бұл қаттың жұмсақ таужынысының тепе-теңдігін бұзуға әкеп соқтырады және өңдеу нәтижесін нашарлатады.

249. Шайырмен өңдеу үшін көзделген ұңғылар саңылаусыз болуы және өңделетін қаттың интервалында сапалы цементпен жасалынған сақина болуы керек. Өңделетін интервалдан төмен ұңғының герметикасы болмаса, өңдеуге дейін цемент көпірін орнату керек немесе пакер-тығын, төменгі герметикасыз аумақта өңделетін интервалдан бөліп тастау қажет.

250. Ұңғының забой төңірегіндегі аумағын өңдегенде, одан эксплуатация кезінде көп мөлшерде құм шыққанда, бекіту жөніндегі жұмысқа дейін забой төңірегіндегі аумаққа кварцты ірі түйіршікті құмды немесе басқа қиыршық құммен толтыру керек. Толтырғышты таңдағанда, қолданылатын шайырдың түйіршік материалдармен жақсы адгезиясын қамтамасыз еткен жөн.

251. Көзделген ұңғыларды шайырмен өңдеуді жүргізу үшін забойдың таза болғаны қажет.

252. Ұңғыны өшіру, қатты ашу, забой төңірегіндегі аумаққа толтырғышты кавернаға және басқа да дайындық жұмыстарын қатты ластамайтын немесе келесі өңдеуде тез кететін сұйықтармен өткізу керек. Осы көрсетілген жұмыстар кезінде қолданыстағы сұйық ретінде сазды ертіндіні пайдалануды ұсынбаймыз, өйткені өңделетін аумақтың кейбір бөліктері бітеліп қалуы мүмкін, соның салдарынан бұл бөлік шайырмен өңделмей қалады.

253. Фенол-формальдегілі шайырды таңдау, қаттың белгіленген нұсқауға сәйкес температурасына байланысты анықталады.

254. Өңдеуді жүргізу кезінде шайырды нығыздағанға дейін қаттың қабылдағышын анықтауды көздеу қажет, сонымен бірге өңделетін интервалдан, шайырдың қоюланғанына дейін құбырды шығаруды ескеру керек.

255. Шайырды нығыздағанда, қаттың гидроашылуын болдырмайтын қысымда өткізу керек. Егер қаттың гидроашылу қысымы белгісіз болса, оны шартты тұрде Р = 0,2 Н, мұнда өңделетін зонаның метрдегі тереңдігі, Р – см2/кг қысым бойынша анықтау қажет.

256. Ұңғыға шайырды, қышқылды және басқа реагенттерді қысыммен нығыздау алдында барлық нығыздағыш жерүсті құбырлары және ұңғы саласындағы арматура герметикалық опрессовкамен және насостағы күтілген ең көп қысымнан 1,5 есе артық қысымның астындағы беріктік тексерілуі керек.


6-тарау. Газды және газоконденсат ұңғаларын пайдалану

1-параграф. Газды және газоконденсаттық ұңғыларды пайдаланудың жағдайы мен тәсілдері
258. Газды және газоконденсаттың ұңғылардың пайдалану тәсілдерін бірқатар геология-техникалық тәсілдер және фактілермен анықтайды.

Оған жататындар:

1) қат қысымының көлемі және ұңғылардың жұмыс дебиті;

2) газдың физикалық-химиялық және тауарлық сипаттамасы (буға айналғыш ылғалдың, конденсаттың, күкіртқышқылы, көмірқышқылы, органикалық қышқылдар және тағы басқаларының сандары);

3) өнімді қаттың коллектор-таужынысының сипаттамасы (цементтелмеген, нашар цементтелген, қалың және тағы басқалары);

4) ұңғы бағанасының термодинамикалық жұмыс жағдайы және бағанада гидраттың пайда болу жағдайы;

5) бір ұңғымен пайдаланылатын қаттар саны және өнімді горизонттарды ашу жағдайы;

6) өндірістік өңдеу және газды тұтынушыларға жеткізу үшін қат қысымын көтеруді пайдалану жағдайы;

7) ұңғылардың ГВК (немесе РНК) қатынасы бойынша орналасады.

259. Осы аталған жағдайлар және факторларға байланысты газды және газоконденсатты ұңғыларды пайдаланудың келесі тәсілдерін қолдануға болады:

1) фонтан құбыры бойынша пайдалану (пакерсіз немесе құбырдың сыртын пакерсіздендіру);

2) екі немесе бірнеше өнімді қаттарды фонтан құбырлары және пакерлер арқылы бірге және жеке пайдалану.

260. Пайдаланылатын колонналарға фонтан құбырларын жібермей қуаты шамалы (10-15 м ), төменгі қат қысымы (90-60 кг/см2) және гидрокоррозиялық компоненттері жоқ, дөңес және дөңеске қосылған бөлігі бар жоғарғы дебитті ұңғыларда конденсаттың сұйығы толық шығатын газ ұңғыларын пайдалануға болады.

261. Фонтан құбырларын түсіру:

1) газда болатын қатты қоспалар және агрессивті компоненттері бар эксплуатациялық бағанасы коррозиядан және эрозиядан сақтау;

2) ұңғы забойынан жоғарыға сұйықтарды және механикалық қоспаларды шығару, сөйтіп, оның өнімділігін жақсарту;

3) кездесетін қиындықта ұңғыны басқаратын жағдай тудыру;

4) ортақ бағана арқылы бірнеше өнімді горизонттарды бірмезгілде және бөлек пайдалану пакердің көмегімен бөлінген (фонтан құбыры және сақина кеңістігі бойынша).

262. Газда агрессивті компоненттер болған кезде (күкіртқышқылы, көмірқышқылы, органикалық қышқылдар және тағы басқалары) және қатты жоғары қысым болып, эксплуатациялық бағананың іріп-шіру мүмкіндігі сақталғанда, газ және газоконденсат ұңғыларын пайдалану фонтан құбырлары бойынша жүзеге асады.

263. Нақты жағдайларға байланысты құбырдың сыртқы жақ кеңістігі пакерлердің көмегімен оқшаулануы мүмкін және тұнбасы болмайтын немесе оқшауланбайтын және бейтарап сұйық жайылатын.

264. Оқшауланбаған құбырлар арасындағы антикоррозиялық ингибаторларды жіберуге болатын эксплуатациялық бағаналардың герметикасы болған жағдайда, фонтан құбыры бойынша ұңғыларды пайдалануға болады.

265. Фонтан құбырлары диаметріне байланысы анықталады:

1) ұңғылардың ең көп жұмыс дебиті күтілгенде;

2) оқпанда барынша болатын қысымның өзгеруі;

3) фонтан құбырларында қажетті шапшаңдықтарды алу (фонтан құбырының башмагындағы шапшаңдық 5-10 м/с болуы керек), ұңғылар забойынан сұйық және қатты қосындыларды шығаруды қамтамасыз ететін;

4) пайдаланылатын колонналардың (оқпандардың диаметрі тұрған ұңғыларда);

5) газда агрессивті компоненттердің болуы немесе жоқтығы.

266. Газ және газоконденсат ұңғалары забойынан сұйық және механикалық қоспаларды жою үшін плунжерлі лифтіні қолдану ұсынылады. Забойдағы суды құрғату үшін басқа да әдістерді қолдануға болады – кезеңдік пайдалану, көпіретін сұйықтарды пайдалану және коллекторды автоматпен үрлеуді пайдалану және тағы басқалары.

267. Құмның үнемі шығуы жағдайында құбыр сыртындағы кеңістік пен фонтан құбырларын бір мезгілде пайдалануға болмайды.

268. Ұңғыларды қысқа мерзімді зерттеу: нақты жағдайға байланысты газ және газоконденсат ұңғыларын жоғарыда келтірілген кез келген әдіспен жүргізу рұқсат етіледі.

269. Фонтан құбырлары (пакермен) бойынша бір ұңғының бірнеше горизонттарын бірмезгілде және жеке пайдалану құбыр сыртындағы кеңістікте құбыраралақ кеңістікте өндірілген газда агрессивті компоненттердің болмауы, интенсивті коррозияны тудыратын және фонтан құбырларын ұстап тұру мүмкіндігінің жоқтығында жүзеге асуы қажет.

270. Фонтан арматурасы ұңғы сағасындағы температуралар және газ қысымын өлшеуді пайдаланудың қай әдісінде болмасын қамтамасыз етеді, сондай-ақ, ұңғылардың жұмыс істеп тұрған кезінде оған тереңдік приборларын түсіру мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – мгк) объектілерін жобалау,...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconМұнай және газ кен орындарын іздеу, барлау және қазу кезіндегі маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар бойынша
Здеу, барлау және қазу процесінде бұрғылау ұңғымаларын салу кезінде, теңіздік кен орындарын қазуды қосқанда, маркшейдердік түсірімдер...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconКөзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының
Нұсқауда тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын және деформациялануын, сондай-ақ рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде қорғауға...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconҚазақстан Республикасында мұнай-газ саласын дамытудың
Анабай, Жарқұм, Айрақты, Барханная (Сұлтанқұдық), Қосқұдық (шығыс Құмырлы) кен орындарын, Амангелді газ кен орны тобын жете барлауға...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқау
Нұсқауда тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын және деформациялануын, сондай-ақ рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде қорғауға...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconТау жыныстарының беріктік қасиеттерін анықтауға жалпы нұсқаулар
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconТау жыныстарының жарықшақтығын зерттеу бойынша жалпы нұсқаулар
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconМұнай газ кен орындарын өңдеу объектілерінің құрылыстары мен сыртқы қондырғыларын жарылыс өрт және өрт
БӨҚжА құралдарын қоректендіру үшін ауаны компрессорлау блогы, ұңғыма өнімін қыздыру блогы, реагентті шаруашылық блогы, коррозия ингибиторларын...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconРудалы кен орындарында тау жыныстарының жер бетінің жылжу процесінің негізгі ұғымдары және анықтамалары
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница