Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар




НазваниеГаз және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар
страница7/12
Дата конвертации09.11.2012
Размер1.35 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

6-параграф. Гидрат пайда болуымен күрес
323. Гидратты-табиғи газ және судан жасалынған қатты кристалдың қосындысы деп атайды. Гидраттың пайда болуы жағдайын анықтайтын негізгі факторлар, газ қысымы, оның температурасы мен судың болуы.

324. Кәсіпшілік жағдайда гидраттар пайда болады: ұңғылар оқпандарында, фонтан арматураларында және орап байлауда, шлейфтерде, газжинағыш пункттердің орамдарында, газжинағыш коллекторларда және технологиялық жабдықтарда.

325. Пайда болған гидраттар, құбырлар, фитингтер, тиектер және реттеуші аппараттардың ішінде және одан басқа да пайда болып, оның өткізгіш қималарын кішірейтіп, бітеліп қалуына дейін әкеледі, бұл өндіру және газды тасымалдау режимінің бұзылуына және ұңғыларды, сондай-ақ, газжинағыш жүйесінің жеке учаскелерінің де істен шығуына әкеп соғады.

326. Гидраттармен күрес жөніндегі шаралардың бөлінуі:

1) гидрат пайда болуын ескерту жөніндегі шаралар;

2) пайда болған гидрат түзілімдерін жою жөніндегі шаралар.

327. Екі жағдайда да қажетті шаралар температура, қысым режимдерін, сондай-ақ, газ құрамын (әсіресе ылғалдың, конденсаттың болуы) оның забойдан бастап кәсіпшіліктен шыққанға дейінгі барлық жолын мұқият зерттеуге негізделеді.

328. Ұңғылар оқпанындағы гидратпайда болуын болдырмау мынадай тәсілмен жүзеге асады:

1) ұңғылардың тиісті жерасты жабдықтарын таңдау және ұңғалардың тиісті (оңтайлы) технологиялық жұмыс режимін бекіту;

2) забойға антигдраттық ингибиторларды үздіксіз және кезеңмен беріп тұру;

3) айналдыра оранған бағаналар және құбырларының ішкі беттерін гидраттардың түзілімдеріне кедергі болатын заттармен қаптау (эпоксидалық шайырлармен, полимер пакеттерімен және тағы басқалар);

4) забойда жиналған сұйықтарды үнемі құрғатып тұру;

5) ұңғылар оқпанында газдың пульсациясын болдыратын себептерді жою;

6) газ ұңғыларында жылумен оқшауланатын құрылымды жасау, яғни жоғары термоқарсылығы бар құрылымдар.

329. Ұңғылар оқпанындағы гидрат түзілімдерін жоюға болады:

1) айналадағы таужынысының жылуымен гидраттарды ыдырату мақсатымен қажетті алдын-ала ұңғыларды жабық күйінде ұстап, газды атмосфераға үрлеп шығару керек;

2) сағадағы сальник нығыздамасы арқылы ұңғыға түсірілетін сифон түтікшелері бойынша антигидраттық ингибиторларды циркуляциялау;

3) қысым арқылы ыстық тұзды ерітіндімен шаю.

330. Фонтан арматурасында және ұңғы орамдарында, сондай-ақ, әртүрлі учаскелерде жинау жүйесі мен тасымалдауындағы гидраттың пайда болуының алдын алу келесі шаралардың көмегімен жүзеге асады, кейде жекеше, сонымен бірге кешенді нақты жағдайларға байланысты:

1) гидраттың пайда болу мүмкіндігі тепе-тең температурадан жоғары газ температурасын көтеру үшін кейбір түйіндер мен учаскелерді жылыту;

2) гидраттың пайда болуындағы тепе-тең температураны төмендететін газ тасқынына антигидраттық ингибиторларды қосу;

3) қысымның деңгейінің күрт өзгеруін жою, (газдың температурасының төмендеуін және гидраттың пайда болуына себепші) газдың сальник арқылы шығып жатқанын жою жолымен арматураның саңылауы арқылы және бір диаметрден екіншісіне байыппен көшуді пайдалану арқылы жүзеге асады;

4) газды жинау мен тасымалдаудағы қысымның төмендеуі гидраттың пайда болуындағы тепе-тең қысымнан төмен;

5) газ бен сұйықты араластыру қарқынын төмендету мақсатымен газ тасқынынының құйындық дәрежесін азайту;

6) жинау жүйесінің төменгі жерінде жиналған және газды ішкікәсіпшілікпен тасымалдау, сондай-ақ, конденсатжинағыштың немесе сорғыту келте құбырының көмегімен сұйықты ұдайы кетіру.

331. Антигидраттық ингибиторлардың орнына метанол, гликоли (этиленгликоль, диэтильенгликоль, триэтиленгликоль) және басқалары бола алады.

332. Газды жинау және тасымалдаудың жүйесінде және ұңғы орамындағы пайда болатын гидрат түзілімдерін жою үшін қолдануға болады:

1) гидраттың пайда болу жерлерін сыртынан тікелей қарқынмен жылыту немесе тікелей гидрат тығынына ыстық агентті жіберу;

2) антигидраттық ингибитордың көп бөлігін енгізу жолымен гидраттарды ыдырату;

3) қысымды біржақты кенет төмендету жолымен гидраттық тығынды бұзу;

4) гидрат тығынының екі жағынан қысымды азайтумен гидратты ыдырату, содан кейін атмосфераға үрлеп жіберу;

5) төңіректегі топырақтың жылуымен гидратты ыдырату үшін жеткілікті белгілі бір уақыт кезеңіне газды беруді тоқтату, содан кейін атмосфераға үрлеп жіберу.

333. Егер штуцердегі қысым гидраттың пайда болуына себепші болса, онда бұл келесі әдістермен жойылады:

1) штуцер орнатылған түйінді ыстық сұйықпен жылыту жолымен және штуцерден учаскенің соңына дейінгі шығарып тастау сызығы, штуцердегі қысымның асқақтауының нәтижесінде салқындатылады;

2) көпсатылы оқып үйренуді қолдану;

3) штуцерді орнатылған жердің тікелей алдында антигидраттық ингибиторларды шығарып тастау сызығына жеткізу. Ингибиторды беру жоғары қысымды сыйымдылықпен жүзеге асады, оның есептік жұмыс қысымы ұңғыдағы ең көп қысымнан жоғары болуы керек. Ингибитордың шығыны жоғары қысымды шектеулі сорғыштың көмегімен автоматты түрде, реттелетін инелік вентильмен және тиісті автоматпен реттеледі.

334. Жылуалмастырғышта гидраттың пайда болуы жағдайында салқындататын газдың температурасын гидрат пайда болудың тепе-тең температурасынан артатын мөлшерге дейін немесе ингибиторды жоғары қысымды газ сызығына беруді жүзеге асыру керек.

7-параграф. Жерасты және жерүсті жабдықтарының

беттеріндегі коррозиямен күрес
335. Газ және газоконденсат кен орындарындағы ұңғылар өнімінің негізгі агрессивті компоненттері, жабдықтардың ішкі беттерінің коррозиясын болдыратын, одан әрі «ішкі коррозия» деп аталады, ылғалда қышқыл газдар (күкірт қышқылы және көмірқышқылы) болып саналады, ол әртүрлі қатынаста қат суымен араласқан сұйық газ болады. Ішкі коррозия үрдісіндегі ұңғылар өнімінде тұз ретінде немесе бос түрде кездесетін органикалық қышқылдар басты роль алады. Газ және газоконденсат кен орындарында ең жиі кездесетін органикалық қышқылдар санына ең бірінші құмырсқалар, сірке, пиондық (таушымылдық), қымызық жатады.

336. Күкірт қышқылы уақыт күттірмейтін қауіпті біртіндеп ұлғаятын порциялдық абсолютті қысымда 0,0015 кг/см2 және одан жоғары болған кезде коррозияны болдырады, сондықтан коррозияны жеткілікті түрде төмендетуін қамтамасыз ету үшін газды тазартқан кезде осы мөлшерге жетуге тырысу қажет. Алайда, осы Н2 S концентрация кезінде күкіртқышқылы коррозиясының қарқыны әртүрлі болуы мүмкін, коррозия үрдісіне көптеген басқа да факторлар әсер етеді.

337. Егер парциальды қысым 2 кг/см2 және одан артық болса, көмірқышқыл газының болуы, сөзсіз қауіпті деп саналады, мұндай парциальды қысым көтерілсе коррозия шапшаңдығы арта түседі.

Парциальды қысым кезінде СО2 коррозияның 0,5 кг/см2 аз болуы әдетте байқалмайды. Парциальды қысым кезінде 0,5 деп СО2 2 кг/см2 дейін коррозия мүмкін болады.

338. Коррозияның қарқыны көп жағдайда келесі факторларға байланысты: су және көмірқышқылының сұйық фазасының химиялық құрамы, рН су ортасы, су және көмірқышқылды сұйық фазаның сандық ара қатынасы, сұйықгаз ағынының қысымы мен температурасы, оның жылжу шапшаңдығы, механикалық жабдықтар қуатының көлемі мен сипаты және басқалары.

339. Ұңғылар мен жабдықтардың ішкі коррозиясының даму мүмкіндігі жөніндегі алғашқы деректерді газ берген барлау ұңғыларын алғашқы сынақтар мен зерттеулер өткізгенде, сұйықты таңдап алу және талдау жолымен алуға болады, ол агрессивті компоненттердің санын, температурасын және ортаның қысымын анықтайды.

340. Егер талдау нәтижесі газда қауіпті концентрациялар Н2S немесе СО2 болуын анықтаса, онда сұйық газ ағынында шын мәнінде коррозиялық агрессияларды анықтау жөнінде алдын ала зерттеу жүргізу қажет.

341. Бұл зерттеулерді барлау ұйымдарының орындауына (кен орнын қазуды жүргізетін өндірушы кәсіпорын) «Газ газоконденсат кен орындарындағы жабдықтардың ішкі беттеріндегі коррозиялық беріктікті бақылау жөніндегі нұсқаулықта» жазылған әдістеме бойынша ұсынылады.

342. Коррозиялық даму қаупі анықталысымен дереу арнаулы коррозиялық зерттеулерді жүргізу керек (ғылыми-зерттеу ұйымдарын тартумен) коррозия үрдісінің сипаттамасын анықтау, кәсіпшіліктің бүкіл жабдықтар жүйесін, сондай-ақ, оның жеке элементтерін коррозиядан қорғаудың тиімді әдістерін таңдау үшін.

343. Кәсіпшілік жабдықтарын коррозиядан қорғау әдістерін таңдаудағы шешімді кен орындарын қазуды жүзеге асырып жатқан ұйым, тиісті арнаулы ғылыми-зерттеу ұйымдарын қатыстырумен қабылдайды. Коррозиядан қорғау амалдарын таңдау кен орындарын өндірістік қазуға дайындық кезінде (кен орындарын өндірістік барлау және ұңғыларды тәжірибелік пайдалануды жүргізу кезінде) жүзеге асырылады.

344. Жерасты және жерүсті жабдықтарды ішкі коррозиядан сақтау шаралары ретінде қазіргі кезде белгілі бірнеше амалдардың ішінде біреуін немесе бірнеше әдістердің комбинациясын таңдауы мүмкін:

1) коррозияның ингибиторларын пайдалану;

2) коррозияға шыдамды арнаулы болат жабдықтарын пайдалану;

3) арнаулы қаптауды қолдану;

4) өнімнің коррозиялық белсенділігін азайтудың технологиялық әдісін қолдану.

345. Сондай-ақ, қолданылатын жабдықтар, күкіртқышқылымен, көмірқышқылымен газбен және басқа зиянды заттармен аспаптар, тиек арматурасын дайындайтын (жеткізіп тұрушы фирма), жобамен белгіленген параметр кезінде осы ортада пайдалану мүмкіндігін куәләндіретін төлқұжаты болу керек.

346. Ұңғалар өніміндегі жоғарғы коррозиялық агрессиялы кен орындарында осы кен орындарын қазу және пайдаланудың бүкіл кезең бойындағы таңдаған қорғаныс әдістің қолданылуын, оның тиімділігін және ұңғылардың кәсіпшілік жабдықтарының жағдайын бақылау.

347. Ұңғыларды пайдалану кезінде коррозияның сипаты мен бөлінуіне ықпал ететін көптеген факторлар (температура, қысым, су мен көмірқышқылды конденсат, олардың химиялық қасиеті және басқалары) өзгеруі мүмкін екенін назарда ұстау керек, бұл өз кезегінде коррозияның бөліну және қарқынды сипатының өзгеруіне ықпал етуі, сондай-ақ, қолданылатын қорғаныс шараларының тиімділігіне де әсер етуі мүмкін.

348. Бақылау «Газ және газоконденсат кәсіпорындарындағы жабдықтардың ішкі беттеріндегі коррозиялық беріктікті бақылау жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес жүргізіледі.

349. Коррозияның жоғарғы қарқыны байқалатын кен орындарындағы қауіпті коррозияның бұзылуын және апатты болдырмауды уақытында табу үшін, газ өндіретін ұйымдар бекіткен кесте бойынша ұңғылар мен жабдықтарды кезеңдік ревизия және алдын ала жөндеулерін үнемі өткізіп тұру керек. Кезекті екі ревизияның мерзімі коррозияның қарқынына, коррозиядан қорғауда қолданылатын амалдардың тимділігі мен сенімділігіне байланысты тағайындалады.

350. Коррозиямен күрес жөніндегі жүзеге асырылатын шаралар бойынша және коррозияның қарқыны байқалатын кәсіпшілдіктердегі осы шаралардың тиімділігін бақылау жұмыстарын жүргізу үшін коррозиямен күресетін арнаулы бригадалар құрылады.

351. Кәсіпшіліктің жабдықтарында қарқынды ішкі коррозия сипат алған жағдайда, тіркейтін арнаулы журнал болуы тиіс:

1) агрессивті компоненттері бар газдың, судың және конденсаттың көмірқышқылын үнемі талдау нәтижелері;

2) ұңғылар және жабдықтарды байқағанда, ревизиялағанда алдын алу және апатты жөндеу жүргізгенде табылған деректер коррозия басқан жабдықтардың тұрған жерін көрсету, оның жұмыс жағдайы, қызмет мерзімі, бұзылу сипаты және басқа да мәліметтерді «Газ және газоконденсат кәсіпорындарындағы жабдықтардың ішкі беттеріндегі коррозиялық беріктікті бақылау жөніндегі нұсқауларға» сәйкес беру;

3) ұңғылар мен жабдықтарды коррозиядан қорғау мақсатымен өткізілетін шаралардың мәліметтері және осы шараларды тексеру тиімділігінің нәтижелері.

352. Кәсіпшіліктің жерасты құбыр өткізуін сыртқы коррозиядан қорғау «Кәсіптік мұнайгаз құбырларын жобалау, салу және қайтасалу нұсқаларына» сәйкес жүргізіледі.

8-параграф. Газ және газоконденсат ұңғыарын күрделі жөндеу.

Ұңғыларды жоғары жатқан горизонттарға ауыстыру
353. Ұңғыларды жоғары жатқан горизонттарға (қабаттар) ауыстыруды мұнай және газ ұңғыларын басқа горизонттарға ауыстыру тәртібі жөніндегі қолданыстағы қағидалар мен нұсқаулықтарға сәйес жүргізіледі.

Жоғары жатқан қабаттарға ауыстыруға болады:

1) осы ұңғыдағы пайдаланылатын газ қабатының сарқылған кезінде;

2) осы ұңғыдағы пайдаланылатын газдық горизонттың шетін немесе аяқасты су басқанда;

3) егер техникалық шараларды өткізгеннен кейін газды ұңғыдан өндірістік газ алынбаса немесе қалыпты пайдалануға қол жетпесе;

4) ұңғы мен төмен жатқан горизонтты пайдалану (техникалық себептер бойынша) мүмкін болмағанда;

5) байқау немесе бақылау ретінде ұңғыны пайдалану қажеттігінің болмаған жағдайында;

6) кен орындарын қазу жобасында көзделген жағдайларда.

354. Ұңғыны жоғары жатқан горизонтқа ауыстыруды рәсімдеу үшін газ өндіретін жоғары ұйымдарға мұнай және газ ұңғыларын басқа горизонттарға ауыстыру тәртібі жөніндегі қолданыстағы нұсқаулықта тізімделген құжаттарды ұсыну қажет.

355. Газ өндіретін ұйым ұңғыны ауыстыру жөнінде бастығы, бас геологы, техникалық жетекшісі қол қойған актіні жасайды және оны қорытынды шығару үшін ұлттық компанияға жібереді. Ұңғыларды ауыстыру жөніндегі ұлттық компанияның оң шешімін алғаннан кейін, келісу үшін өкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жіберіледі, содан соң газ өндіретін ұйымның басшысы бекітеді.

356. Егерде ұңғыны басқа өндірістік горизонтқа ауыстырғанда қазу жүйесі елеулі өзгерістерге әкелетін болса, тиісті горизонттарды қазу жобасына сәйкес өзгерістер енгізу қажет.

357. Ұңғы забойларын құм тығындарынан тазарту және сорғыш-компрессор құбырларын ауыстыру ұңғыны жерасты жөндеуіне жатады.

358. Ұңғыдағы қай бір жөндеу жұмыстарын бастамас бұрын жөндеудің техникалық жоспарын жасау керек. Жұмыс жоспарын газ өндіруші ұйымның геологиялық қызметі жасайды және оны ұйымның техникалық жетекшісі мен бас геологы түпкілікті бекітеді.

359. Жөндеу жұмыстарын жүргізудің алдында колоннаның (бағана) бұзылған жерін тексеру, оны түзетуді жалпақ немесе мөрі бар конуспен майысқан колоннаның жөнделген жерін жуу жақтаулы қашау көмегімен жүргізіледі. Коллоннаны түзетуді бітірген соң ол жалпақ мөрмен немесе шаблонмен (қима үлгі) тексеріледі.

360. Күрделі жөндеуге тапсырылатын әр ұңғыға газ өндіретін ұйым күрделі жөндеумен айналысатын арнайы ұйымға, бекітілген жоспардан басқа, белгіленген пішін бойынша міндетті түрде барлық кестелері толтырылған наряд-тапсырыс ұсынады.

361. Наряд-тапсырысқа газ өндіруші ұйымның жетекшісі және бас геологы қол қояды.

362. Техникалық процесс және барлық есеп айырысуларды өңдеумен бірге күрделі жөндеудің геолого-техникалық нарядтарын күрделі наряд-тапсырыс негізінде ұңғының күрделі жөндеумен айналысатын арнайы ұйым жасайды.

362. Терең және өте терең ұңғылардың геологиялы-техникалық нарядын ұлттық компанияның басшысы бекітеді; қалған барлық жағдайларда ұңғыларды күрделі жөндеумен айналысатын арнаулы ұйым жетекшісі бекітеді.

363. Жөндеу-оқшаулау жұмыстарын бастамас бұрын барлық дайындық жұмыстарын өткізу қажет және құю агрегатынан бастап жұмыс қысымы 1,5 есе артатын құйылатын бүркеншегіне дейін барлық жалғанған элементтерді баспалдау керек.

364. Қысыммен құюдың алдында ұңғының сіңіру дәрежесін сынау керек.

365. Цементтелгеннен кейін цементтеудің сапасын және колоннаның герметикасын тексеру үшін әр ұңғы сынақтан өтеді.

366. Сынақ анықтағандай, цементтеу нашар болған жағдайда, оқшаулаудың сәтсіз болуы себептерін алдын ала анықтап, ұңғыдағы жұмыстарды қайта өткізу керек.

367. Ұңғыны цементтеу үшін нұсқауға сәйкес және сапасы қанағаттандырарлық деп табылған, алдын ала лабораториялық сынақтан өткен цементті қолдану қажет.

368. Жоғары жатқан горизонттарға ауысқан ұңғыларда герметикалық сынауды өткізгенде деңгейді төмендетумен немесе баспалау әдісімен жүргізеді.

369. Ұңғылар забойларын тығыннан тазарту жұмыс дебиті қалпына келгенше атмосфераға үрлеумен немесе жуумен сорғыш-компрессор құбырларын ұңғы забойының жобасына дейін түсірумен жүргізеді.

370. Газ немесе газоконденсат ұңғыларының забойындағы тығынды тазарту және жуу тек қана арнаулы жасалынған жоспар бойынша және түсіру-көтеру операцияларын жүргізетін арнаулы бригада ғана іске асырады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – мгк) объектілерін жобалау,...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconМұнай және газ кен орындарын іздеу, барлау және қазу кезіндегі маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар бойынша
Здеу, барлау және қазу процесінде бұрғылау ұңғымаларын салу кезінде, теңіздік кен орындарын қазуды қосқанда, маркшейдердік түсірімдер...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconКөзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының
Нұсқауда тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын және деформациялануын, сондай-ақ рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде қорғауға...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconҚазақстан Республикасында мұнай-газ саласын дамытудың
Анабай, Жарқұм, Айрақты, Барханная (Сұлтанқұдық), Қосқұдық (шығыс Құмырлы) кен орындарын, Амангелді газ кен орны тобын жете барлауға...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқау
Нұсқауда тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын және деформациялануын, сондай-ақ рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде қорғауға...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconТау жыныстарының беріктік қасиеттерін анықтауға жалпы нұсқаулар
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconТау жыныстарының жарықшақтығын зерттеу бойынша жалпы нұсқаулар
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconМұнай газ кен орындарын өңдеу объектілерінің құрылыстары мен сыртқы қондырғыларын жарылыс өрт және өрт
БӨҚжА құралдарын қоректендіру үшін ауаны компрессорлау блогы, ұңғыма өнімін қыздыру блогы, реагентті шаруашылық блогы, коррозия ингибиторларын...
Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар iconРудалы кен орындарында тау жыныстарының жер бетінің жылжу процесінің негізгі ұғымдары және анықтамалары
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница