ДӨҢбаев әбіл бекетұлы қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы




Скачать 499.43 Kb.
НазваниеДӨҢбаев әбіл бекетұлы қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы
страница1/5
Дата конвертации25.12.2012
Размер499.43 Kb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4   5


ӘОЖ 796.8: 378.016 Қолжазба құқығында

ДӨҢБАЕВ ӘБІЛ БЕКЕТҰЛЫ
Қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы


13.00.04 – Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алуға дайындалған диссертация
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған

Ғылыми жетекші Педагогика ғылымдарының докторы

Ө.Е. Бектұрғанов

Ресми оппоненттер Педагогика ғылымдарының докторы

Х.Ф. Анарқұлов


Педагогика ғылымдарының кандидаты

Е.Ә. Әлімханов

Жетекші ұйым Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты

Қорғау 2010 жылы «28» желтоқсан сағат 16.00 Қазақтың спорт және туризм академиясы жанындағы Д 14.41.03 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 050022, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 83/85, факс (727) 292-68-05


Диссертациямен Қазақтың спорт және туризм академиясының кітапханасында танысуға болады


Автореферат 2010 жылы « » қарашада таратылды


Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, педагогика

ғылымдарының докторы Ө.Е. Бектұрғанов
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстанда қазақ күресінің кең танымалдығы осы ұлттық спорт түрін сауықтыру мақсатында жаппай айналысуды дамыту үшін маңызды етеді. Қозғалу белсендігінің танымал түрлерін қолдану, көпшіліктің шұғылдануы үшін көптеген секциялар құру, әсіресе, адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың даму мен білім беру жүйесі салдарынан әлсіреген қазіргі таңда өзектілігі зор. Гиподинамия қарқынды өсуі мен дене дамуы кезеңінде, яғни балалық және жасөспірімдік шақта адам денсаулығына айқын кері әсер етеді. Ағзаның тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің, нерв жүйесінің, тіреуіш-қозғалу аппаратының және т.б. қалыптасуы мен дамуы үдерісінде жинақталған кері құбылыстар мен бұзылулар гиподинамияның әсерінен болашақ ұрпақтың, яғни тұқым қуалауда көрініс тауып, адамның барлық кейінгі ғұмырында денсаулықтың нашарлауына жол береді [Я.С. Вайнбаум, 1993; А.А. Виру, 1991; Ө.Е. Бектұрғанов және т.б., 2006 және т.б.].

Қазақ күресінің кең танылуы, түрлі қолданбалы дағдыларды қалыптастырудағы білімдік тиімділігі, дене шынықтыруға енгізілуі, ерік-күші мен басқа да психологиялық сапаларын тәрбиелеу, денсаулықты нығайту тәсілінің сауықтыру тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесі көп жағдайда осы күрес түрінің орта мектептегі дене шынықтыру пәні бойынша оқу және сыныптан тыс сабақтар бағдарламасына енгізілуіне ықпал етеді.

Казіргі жасөспірімдер мен жастардың ұлттық ойындарға қызығушылықтарын ескере отырып, орта мектептер мен колледждерде дене тәрбиесіне және сыныптан тыс қосымша сабақ кезінде тек бағдарламадағы жаттығуларды ғана емес, ұлттық спорт түрлері мен ойындарын оқу жоспарына енгізуге болады.

Кеңестік Қазақстанда қазақ күресінен жарыстар олимпиадалық және халықаралық спорттық күрес түрлерінен бірнеше онжылдық бұрын өткізіле бастады. Әдеби деректерге сілтемелердің өзінде қазақ күрестен мына Бүкілқазақстандық спартакиада бағдарламасымен және жеке республикалық жарыстарды өткізу кезеңдерді атап көрсетуге болады: 1928, 1936, 1938, 1939 жж. [М. Тәникеев, 1957; М.Х. Болғамбаев, 1983; Е. Мұхитдинов, 1999; Е. Әлімханов, 1997, 2008; Б.М. Досқараев, 2009 және т.б.].

Ал грек-рим күресі Қазақстанда тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады (алғашқы Қазақстан біріншілігі 1948 жылы өтті), дзюдо Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізгеннен кейін ғана, 1960 ж. дами бастады, самбо жастар шұғылдануға болатын спорттық күрес түрі ретінде 1949 жылы ғана А.А. Харлампиевтің жұмысынан басталды. Қазақстанда еркін күрестін дамуы 1955 жылы грек-рим күресінен тәжірибелі жаттықтырушы П.Ф. Матущактың еркін күрестін бас бапкерлігіне тағайындалумен байланысты. Самбо мен еркін күрес Қазақстанға бірінші әкелінген уақыты 1950 ж. [Е. Әлімханов, 1997; П.Ф. Матущак, 2009 және т.б.].

Қазақстан жастарының спорттың осы түріне әуестенуі қазақ күресінің даму деңгейінің едәуір жоғарылауына, балуандардың шеберлігінің қалыптасуына, жастардың қазақ күресімен жаппай шұғылдануына септігін тигізеді. Қазақ күресімен шұғылданатың жастар арасынан, өздерінің спорттық кемелденуін спорттық күрестің халықаралық және олимпиадалық түрлерінде жалғастырып, ең жоғары нәтижелерге жеткен көптеген атақты балуандар шыққан.

Сонымен, зерттеу өзектілігі көне заманнан қазақ халқы жастардың дене күшін және әскери дайындауда, мерекелер мен жарыстардың қауіпсіз түрін ұйымдастыруда пайдаланып келген қазақ күрестің Қазақстанның кеңес дәуіріндегі дамуында жастардың дене шынықтыру дербес құралы ретінде қалыптасу тарихын төңкерістер мен қайта құру қарқынды дамыған заманда ұмыт қалдырмай, балуандарды дайындау құралдары мен әдістерінің барлық қажетті де маңызды атрибуттарын зерттеп, оларды сақтап қалу және спортшыларды дайындай әдістемесіне енгізу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінде пайдалану үшін зерттеу қажеттілігімен анықталады.

Зерттеу нысаны – Қазақстанда қазақ күрестің оқу пәні және жастардың дене тәрбиесі құралы ретінде дамуы.

Зерттеу пәні – қазақ ұлттық күресінің заманауи спорт түріне дейін қалыптасу үдерісі.

Зерттеу мақсаты – қазақ күрестің Қазақстанда қазақ ұлттық күресінен мамандар дайындаудағы оқу пәні және жастардың дене тәрбиесі құралы ретінде халықаралық спорт түріне дейін қалыптасу кезеңдерін атап көрсету.

Зерттеу болжамы. Қазақ күрестің осы ұлттық спорттан мамандар дайындаудағы оқу құралы ретінде қалыптасу кезеңдерін, жаттығу үдерісінің әдіснамасын жетілдіруді, жарыстарды өткізу ережелері мен 20-ғасырда халықаралық спорт түріне дейін дамуын зерттеу, қазақ күрестің спорттық күрестің басқа заманауи түрлерінен даму тарихындағы, жеңіске жетудің қолданбалы құралдардың техникасы мен әдістеріндегі, балуандарды дайындау әдіснамасындағы және айналысушыларға тигізетін әсерінің тиімділігіндегі айырмашылықтарын анықтау қазақ ұлттық күресін ұтымды танытып, қазақ күресі бойынша оқу материалдарын жетілдіруге және қазақ күресті оқушы жастардың дене тәрбиесінде пайдалану қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік береді.

Зерттеу міндеттері:

1 Қазақ күрестің оқу пәні ретінде қалыптасу кезеңдерін, Кеңес дәуірі мен тәуелсіздік жылдарында қазақ күресі жөніндегі ғылыми және әдістемелік жұмыстарды жариялау барысын зерттеп-білу.

2 Қазақ күресінің ерекшеліктерің талдап, жарыста қолданылатын әдіс-тәсілдерін тіркеп реттеу.

3 Қазақ күресті дене шынықтыру әдістемесінде, дене тәрбиесінде және Қазақстанның оқушы жастарының салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыруда пайдалану мүмкіншіліктерін зерттеу.

4 Қазақ күресті оқушы жастардың денелерін шынықтыру мен тәрбиелеу және құрама командалар резервін дайындау құралы ретінде пайдалану тиімділігін негіздеу.

Зерттеу әдістері: ғылыми-әдістемелік және тарихи түпнұсқаларды жинақтау, ҚР заңнамалық кесімдеріне, ресми статистика мен құжатнамалық материалдарға талдау жасау, анкеталық сауалнама, педагогикалық бақылау, күрескерлердің жарыстағы әдіс-қимылдарын тіркеу, дене дайындық сынақтары, педагогикалық эксперимент, математикалық статистика әдістері.

Зерттеудің әдіснамалық негіздерін Л.П. Матвеевтің [1991, 2005] дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі, В.Н. Платоновтың [1984] спорт жаттығу теориясы, Л.П. Матвеев пен Ф. Меерсонның [1984] ағзаның дене күш жүктемесіне бейімделу теориясы құрайды, одан басқа спорттық күрес әдістемесі [Г.С. Туманян, 2006; Ю.А. Шулика, 2006 және т.б.], қазақ күресіндегі тарихи және ғылыми зерттеулер мен әдістемелік еңбектер [П.Ф. Матущак, Е.М. Мұхитдинов, 1998; Е. Мұхитдинов, Қ. Байдосов, 1985; М.Х. Болғамбаев, 1983; Е. Әлімханов, 1997, 2008 және т.б.], Қазақстан спорты мен ұлттық спорттың тарихы [М. Тәникеев, 1957, 1983; Б.М. Досқараев, 2009 және т.б.] және басқа ғалымдардың еңбектеріндегі теориялық және әдістемелік жұмыстары құрайды.

Зерттеудің теориялық мәнділігі:

- қазақ күрестің оқу-жаттығу үдерісін, күрес әдістері мен тәсілдерін үйрету үдерісін ұйымдастыруда, қазақ күресінен жарыстар өткізу ережелерін жетілдіру, республикалық және халықаралық жарыстарды ұйымдастыруда оқу пәні ретінде даму кезеңедрін анықтауда;

- қазақ күрестің қазақтың ұлттық күресі бойынша мамандарды дайындау үдерісін жарыстардың алғашқы ережелерін әзірлеу мен дамытудан бастап, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында спорттың осы түрі бойынша мамандықтар ашуға дейін ұйымдастыру үдерісінде оқу пәні ретіндегі қалыптасуы мен дамуын зерттеу, қазақ күресінен әдістемелік құралдарды, қазақтың ұлттық спорт түрлері мен қазақ күресінен мамандар дайындау бағдарламаларын және оқулықтарды әзірлеу кезеңдерін анықтауда;

- Кеңес дәуіріндегі және Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарындағы қазақ күресінің теориялық, әдіснамалық және оқу-әдістемелік негізін қалыптасуы мен жетілу кезеңдерін бөліп көрсетуде.

Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі:

- қазақтың ұлттық күресінің Қазақтанда тұрақты дамып келе жатқан спорттық күрес түрлері арасындағы орнын зерттеп-білу, спорттық күрестің олимпиадалық және халықаралық түрлерінің дүниежүзінде және Қазақстанда пайда болуы мен дамуы кезеңдерін нақтылаунда;

- қазақ күрестің олимпиадалық және халықаралық спорттық күрес түрлерінен жарыстардың даму тарихындағы, техникасындағы және тәсіліндегі, жарыстар ережелері мен балуандарды дайындауындағы айырмашылықтары мен өзара байланыстарын анықтаунда;

- қазақ күрестің жас ұрпақты дене тәрбиесіне баулу, салауатты өмір салтына тарту мен қимыл тапшылығын қозғалыс белсенділігімен толықтыруға қажеттілікті тәрбиелеу құралы ретінде білім беру және сауықтыру әсерін дәлелдеунде.

- қазақ күресі бойынша дене жаттығулары, техника мен тактика айырмашлықтарының даму негіздемесі және әдістемелік жағын қалыптастыруда олардың білімдік, сауықтыру және тәрбиелік жақтарын зерттеп жетілдіруде;

  • қазақ күресі бойынша әдістемелік, әдіс тәсілдік және қимыл-әрекеттің ерекшілектерінің талдау, денсаулықты нығайту мен тұрақтылығын сақтау мақсатында әдістеме сапасын ақтауда.

Зерттеу материалдарын ұлттық спорт түрлері мен қазақ күресінің тарихы, дене шынықтыру және спорттық күрес түрлерінің тарихы бойынша оқу курстарын, қазақ күрестен мамандандыру курсын және спорттық күрес түрлеріндегі оқу-жаттығу үдерістерін жетілдіру үшін, мектептегі дене шынықтырудан оқу және оқудан тыс сабақтарды және жоғары оқу орындарында дене тәрбиесінен факультативтік сабақтарды ұйымдастыруда пайдалануға болады.

Ғылыми жаңалығы:

- қазақ күресінің Қазақстанның кеңес дәуіріндегі және тәуелсіздік кезеңіндегі дамуы жылдары бойынша дамуындағы оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастырудың, оқу-әдістемелік негізінің құрылуы, жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу ережелерінің Қазақстанда дене тәрбиесінің және спорттың олимпиадалық түрлерінің дамуымен қатар кемелдену кезеңдері атап көрсетілді;

- қазақ күресінен оқу пәнінің қалыптасуы мен оны спорттың Қазақстандық жастар арасында танымал осы түрі бойынша мамандарды дайындау үшін жетілдіру динамикасы көрсетілді;

- қазақ күресінің әдісітері мен тәсілі спорттық күрестің олимпиадалық және халықаралық түрлерімен салыстырылып, балуандардың денелік, әдіс-тәсілдік және жарысқа дайындығында қолданылатын құралдар мен әдістердің тиімділігіне талдау жасалды.

Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар.

1 20-ғасырдың басында Қазақстанда қазақ күресінің дамуы (республикалық жарыстардың өткізілуі, Бүкілқазақстандық спартакиада бағдарламасына енгізілуі және т.с.с.) Қазақстандағы спорттық күрестің олимпиадалық және халықаралық түрлеріне баулудың басталуынан бірнеше онжылдыққа озған.

Қазақтың ұлттық күресінің 20-ғасырдағы даму кезеңдері ғылыми-зерттеу, тарихи, оқу-әдістемелік, теориялық еңбектерді, жарыстардың бірыңғай ережелерін әзірлеу мен жетілдіруді, балуандардың салмақ дәрежелері мен жас топтарын бөлуді қоса алғанда, қазақ күресінің әдіснамалық негіздерінің қалыптасуымен байланысты.

2 Қазақ күресінің қалыптасуы мен дамуына Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтында аталмыш мамандықтың енгізілуі мен қазақ күрестің оқу пәні ретінде қалыптасуы, осы пән бойынша бағдарламалардың, оқу құралдарының және оқулықтардың әзірленуі үлкен түрткі болды.

Қазақтың ұлттық күресінің спорттық күрестің басқа түрлерінен айырмашылықтары көне заманнан жарыстардың тарихи қалыптасқан ережелері шектерінде дамып келе жатқан негізгі ережелері ұрпақтан ұрпаққа ауызша тараған қазақ күресінің дербестігін, ерекшелігін сипаттайды.

3 Қазақ күресінің спорттық күрестің басқа түрлерінен еш қалыспайтын, өскелең ұрпақтың дене шынықтыру мен денсаулығын нығайту, дене қабілеттерін дамыту мен қозғалыс дағдыларын қалыптастыру құралы ретіндегі жоғары сауықтырғыш әсері, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі тәрбиелік тиімділігі спорттық күрестің олимпиадалық түрлері тарапынан елеулі бәсеке жағдайында тұрлаулы даму мен жастарды спорт залдарына тартудың маңызды факторы болып табылады.

Сауалнама нәтижелері бойынша анықталғандай , сұралған, әсіресе, ауылдық жерлерде тұратын бозбалалардың көпшілігі қазақ күресімен шұғылдануға тілек білдіреді.

4 Қазақ күресімен шұғылданатын балуандардың дене, әдіс-тәсілдік дайындығын зерттеу нәтижелері киімдегі спорттық күрестің басқа түрлерімен (самбо және дзюдо) шұғылданушылардың нәтижелерінен қалыспайды, қазақ күресі жарыстарында пайдаланылатын әдістер спорттық күрестің басқа түрлерінде де көбінесе табысты қолданылады, ал қазақ күресінен өткізілетін жарыстарда күрестің басқа түрлерінің балуандары табысты өнер көрсетуде, бұл қазақ күресі үшін ғана емес, спорттық күрестің басқа түрлері үшін де резерв дайындаудағы сабақтастықтың тамаша алғышарты болып табылады.

Зерттеу нәтижелердің сенімділігі мен негізділігі теориялық, ғылыми және әдістемелік негізде дәлелденді, алған нәтижелері, корытынды мен тұжырымдары зерттеу ғылыми аппаратына сай болуынан, қойылған міндеттер мен мақсаты кешенді зертеу әдістерін пайдаланып шешуден, ғылыми зерттеу жүргізіп материал жинаудан, педагогикалық эксперимент арқылы дәлелдеуден, математикалық статистика әдістерімен зерттеу нәтижелердің нақтылығы мен шынайлығын есептеумен қамтылды.

Зерттеу ұйымдастру кезеңдері.

Зерттеудің бірінші, теориялық-іздестіру кезеңінде (2006-2008 жж.) ғылыми-әдістемелік және тарихи дереккөздерді жалпылап қорыту, заңнамалық актілерді, қазақ күресі мен спорттық күрестің басқа түрлері бойынша ресми статистикалар мен деректі материалдарды талдау жүргізілді, оқу-жаттығу жұмыстарының мазмұны, жарыстардың ережелері мен қазақ күресі және спорттық күрестің басқа түрлеріндегі жарыс қызметі зерттелді.

Екінші кезеңде (2008-2009 жж.) палуандардың дене шынықтыруға даярлығын, жарысу қимыл әдіс-айлалылық тәсілдерін зерттеу және сауалдама жүргізілді. Оқушы жастардың дене тәрбиесі мен дене шынықтыруға даярлығында қазақ күресімен қолдану тиімділігі, даярлау құралдары сабақтастығы, қазақ күресті қоса алғанда киіммен спорттық күрес түрлеріндегі дене даярлығы, әдістері мен көрсеткіштерінің теориялық және тәжірибелік негіздемесі жасалды.

Үшінші кезеңде (2009-2010 жж.) мыналар өткізілген: алынған нәтижелерді математикалық статистика әдістерімен өңдеу және алынған нәтижелердің дұрыстығы мен сенімділігін тексеру, ертеректе алынған нәтижелермен салыстыра талдау, оқу-жаттығу үдерісін жетілдіру, қазақ күресіне даярлау бағдарламаларын және қорытындылар мен практикалық кепілдемелерді әзірлеу, жастармен оқу-жаттығу жұмыстарында оларды қолдану.

Диссертациялық жұмысты ресімдеу зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізумен, зерттеу нәтижелерін мақұлдау және жариялаумен қатар жүргізілді.

Автордың жеке үлесі ғылыми-әдістемелік және тарихи түпнұсқаларды талдаудан, құжатнамалық материалдар мен заңнамалық кесімдерін, қажетті мәліметтерді жинақтаудан, анкеталық сауалнама жүргізіп, педагогикалық бақылауда күрескерлердің жарыстағы әдіс-қимылдарын тіркеу, дене дайындық сынақтарын қабылдау, педагогикалық эксперимент ұйымдастыру, математикалық статистика әдістерін қолдану, зерттеу нәтижелерін есептеп шығару мен сенімділігін тексеру, диссертация жұмысын дайындап, зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми мақалалар жазудан тұрады.

Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы. Зерттеу нәтижелері келесі конференциялар мен конгресте апробациядан өтті:

- Ұлттық спорт пен ойындардың бүгінгісі мен болашағы: республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция (20-21 мамыр, Алматы, 2010);

- Современные проблемы теории и практики физической культуры и спорта: III халықаралық ғылыми-практикалық конференция (8-10 қырқүйек, Чолпон-Ата, Бишкек, Қыргызстан, 2010);

- Олімпійський спорт і спорт для всіх: міжнародний науковий конгресс (5-8 октября, Киев, Украина, 2010);

- Дене тәрбиесі және еліміздің бәсекелестік мүмкіндігі: халықаралық ғылыми-практикалық конференция (14-16 қазан, Алматы, 2010).

Ғылыми зерттеудің мазмұны бойынша 10 ғылыми енбек жәрияланды: Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бекіткен тізімі бойынша 3 ғылыми мақала, халықаралық және республикалық конференциялар мен халықаралық конгресте 7 тезистер жарық көрді және зерттеу нәтижелері практикалық қолдану актілерімен расталды.

Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. 177 әдебиет пайдаланылды, оның 11 шетелдік әдебиеттер. Диссертация бойынша 17 кесте және 9 сурет жасалынды.

Диссертацияның кіріспесінде ғылыми аппараты берілген: зерттеудің өзектілігі, нысаны мен пәні, деңгейі мен болжамы, әдіснамалық негіздері мен теориялық, тәжірибелік мәнділігі, зерттеу мәселесін шешуге бағытталған мақсаттар мен міндет қойылып, зерттеу әдістері көрсетілген, зерттеу ұйымдастыру кезендері, жарияланған ғылыми жұмыстары мен сенімділігі айқындалып, ғылыми жаңалығына сипаттамасы мен қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар берілді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
«Қазақ күрестің осы спорт түрінен мамандар дайындаудағы оқу пәні ретінде қалыптасу кезеңдері» атты бірінші бөлімінде зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми және әдістемелік деректерге шолу жасалды, мұндағы ең маңызды кезеңдер: ұлттық спорт түрлерінің жастардың дене шынықтыру құралы ретінде танылуы, қазақ күресінен бірыңғай ережелердің қабылдануы, салмақ дәрежелеріне бөлу, Бүкілқазақстандық спартакиадалардың бағдарламасына енгізілу және қазақ күресінен Қазақстан чемпионаттарының өткізілуі, қазақ күрестен дайындау тәжірибесі мен техникасының Қазақстанда еркін күресті дамытуда қолданылуы, қазақ күресінен бастап басқа спорттық күрес түрлерінде жоғары нәтижелерге жеткен атақты Қазақстан балуандары, қазақ күресі жөніндегі ғылыми және әдістемелік жұмыстардың жариялануы, қазақ күресі мамандығының дене шынықтыру және спорт бойынша мамандар дайындау бағдарламасына енгізілуі, осы пән бойынша бағдарламалар мен оқу құралдарының әзірленуі, төсбелгі және куәлік берілетін «қазақ күресінен спорт шебері» нормативінің енгізілуі.

1928 жылға дейін қазақ күресінің бірыңғай ережесі болған жоқ. Жарысқа түсетіндердің салмағыда ескерілмеді. Сондықтан палуандар жарысына көбінесе ірі, салмағы жоғары батырлар қатысады. Біріктіретін ереже болмағандықтан жарыс жергілікті жерде қабылдыңған немесе келсім шартқа сәйкестірілген ереже бойынша өткізіледі. Осы жылы қазақ күресіне тән бүкіл әдіс, тәсілдерін қамтыған бірыңғай ереже жарияланды [М. Болғамбаев, 1985].

М.Т. Тәнекеев [1973] бұл, 1928 жыл, өзін түрлі спорттық оқиғалармен танытқан деп жазған. Ұлттық спорт және классикалық спорт түрлерінен көптеген жарыстар өткізілген. Соған байланысты, Республикалық дене шынықтырудың жоғары кеңесі қазақ күресінің спорттық жарыстарына бірыңғай ереже бекітті.

XX ғасырдың 20-жылдарына дейiн қазақ күресте салмақ дәрежесi мен жас мөлшерiне қарай бөлу болмаған. Салмақ дәрежесiне және жас мөлшерiне қарай бөлiнiп күресу осы кезенде ене бастады деп жеткізеді Е. Әлімханов [2008].

Қүрес ережелері ел арасында ауызша тарап, оның негізгі шарттарын балуандар талассыз мойындаған, бірақ арасында бар айырмашылықтарын алдын ала өзара келісім бойынша белгілеп қабылдаған.

Қазақ халқының әр аймақта күресу тәртіптерінің айырмашылығын алысу киімінен де белгілеуге болады. Мысалы, зертеушілер [Қ.Р. Байдосов, 1987; Е. Әлімханов, 1996 және т.б.] қазіргі еркін күреске ұқсас кеуде жалаңаш белбеусіз күресу түрін, шапан киіп белбеу буынып күресу түрін, белбеуді жалаңаш кеудеге буынып күресу түрін, күртеше киіп күресу түрін және жалаң аяқ отырып (төрттағанда) күресу түрлеріне бөледі.

Қазақ күресінің даму кезеңдері бойынша кеңес дәуіріне тарихи жорыққа аттанатын болсақ, бұл күрес түрінен 1928 ж. [Е. Әлімханов, 2008] және 1936 ж. [Б.М. Доскараев, 2009] бірінші және үшінші Бүкілқазақстандық спартакиадаларында жарыстар өтті, ал 1938 жылы бірінші республикалық колхозшылар спартакиадасында жарыстар өтті [М. Болғамбаев, 1980 және т.б.].

Сайып келгенде, кеңестік Қазақстанда спорттық күрестің барлық халықаралық және олимпиадалық түрлері қазақ күресінен гөрі бірнеше он жылдыққа кешігіп, дами бастады (1 кесте).

Грек-рим (кәсіби француз) күресінің тек бір өкілі ғана 20, 30 және 40-шы жылдарда Қазақстан және Орта Азияның аумағында күшін, өз өнерін белсенді түрде көрсетті, ол Қажымұқан Мұңайтпасов. Бірақ, ең алдымен, қазақ күресі өкілі болғандықтан төрттағандық күрессіз, қарсыласының жауырнын тігізіп бірінші лақтырғанға дейін үстасуларға шыққан, грек-рим күресінен секцияларын ашпаған.



1кесте – Әлемде және Қазақстанда спорттық күрестің дамуы


Күрестің түрі

Әлемде дамуы

Олимпиадалық ойындарының бағдарламасында

Қазақстанда дамуы

грек-рим күресі (француз, классикалық күресі)

19 ғасырдың 90-шы жылдарында Францияда қатты дамыды және Европада таралды Ресейді қоса

Бірінші Олимпиададан 1896 ж. бастап

1940 ж. басы,

Федерацияның негізі 1946 ж. қаланған

еркін күресі

1904 ж. бастап АҚШ, Европада 20-30 жж.


1904 ж. бастап

1950 ж. басы,

Федерацияның негізі 1955 ж. қаланған

самбо

КСРО-да 1938 ж. мемлекеттік тұрғыда танылды, А.А. Харлампиев 1949 ж қолайлы спорттық нысанға айналдырды, 1966 ж. бастап күрестің халықаралық түрі болып есептеледі


енгізілмеген

1950 ж. басы

Федерацияның негізі 1955 ж. қаланған

дзюдо

1882-1884 жж. Жапон.,

1920-1933 жж. Кеңестік Ресей аумағында дамуы, бірақ тыйым салынды, дүниежүзілік бірінші біріншілік 1956 ж. өтті, КСРО-да 60 жылдары қайтадан дамыды

1959 ж. бастап,

XVIII жазғы Олимпиадалық ойындар 1964 ж. (Токио қ., Жапон.)

1960 ж. басы
  1   2   3   4   5

Похожие:

ДӨҢбаев әбіл бекетұлы қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы iconПәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулық І тарау. Мемлекет және құқық теориясы ғылым ретінде
Мемлекет және құқық теориясы ғылыми пәнінің түсінігі. Жалпы мемлекет және құқық теориясының пәні-негізгі заңдылықтардың пайда болу,...
ДӨҢбаев әбіл бекетұлы қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы iconМектептің білім мазмұнында информатиканы оқытудың
«Информатика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың...
ДӨҢбаев әбіл бекетұлы қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы icon“Филология ” факультеті
Арнайы курс” “Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы” пәні бойынша 050117 мамандығының студенттері үшін
ДӨҢбаев әбіл бекетұлы қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы icon«Қазақ тілі-шет тілі немесе екінші тіл ретінде» үздіксіз білім беру моделі арқылы кілтті тапсырмамен қазақ тілін оқытудың типтік оқу-әдістемелік кешенінің стандарт-технологиясын
«Қазақ тілі-шет тілі немесе екінші тіл ретінде» үздіксіз білім беру моделі арқылы кілтті тапсырмамен қазақ тілін оқытудың типтік...
ДӨҢбаев әбіл бекетұлы қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы iconС. Ж. Асфендияров атындағЫ
Патологиялық физиология курсына кіріспе. Патофизиология ғылым және оқу пәні ретінде
ДӨҢбаев әбіл бекетұлы қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы iconС. Ж. Асфендияров атындағЫ
Патологиялық физиология курсына кіріспе. Патофизиология ғылым және оқу пәні ретінде
ДӨҢбаев әбіл бекетұлы қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы iconПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік бағдарламасы астана- 2010 ж
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
ДӨҢбаев әбіл бекетұлы қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы icon«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» пәні бойынша
Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
ДӨҢбаев әбіл бекетұлы қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы iconҚазақ тілі пәні бойынша оқу орнына түсуге 11 сынып оқушыларына арналған

ДӨҢбаев әбіл бекетұлы қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы iconСеминарлық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс
Тақырыбы: Қазақ халқының тәуелсіздік пен мемлекеттік дербестік үшін күресінің негізгі кезеңдері
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница