Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы




Скачать 169.89 Kb.
НазваниеПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Дата конвертации26.12.2012
Размер169.89 Kb.
ТипДокументы


Ф КГМА 4/3-07/02

ПП КГМА 4/02



ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы


Тақырыбы: Вакциналар. Жіктелуі, дайындау жолдары, әсер ету механизмдері. Иммундық сарысулар.
Микробиология пәні
051101 «Мейірбике ісі»

Курс II
Құрастырғандар: доц. Абдулина Г.А.

оқытушылар: Котенева Е.Н.,Қабдуова Ә.Қ.




Қарағанды 2009 ж




Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

«24» 03. 2009 ж. № 9 Хаттама


Кафедра меңгерушісі, доцент м.а. ________________ Ахметова С.Б.
Тақырыбы: Вакциналар. Жіктелуі, дайындау жолдары, әсер ету механизмдері. Иммундық сарысулар.

Мақсаты: Иммунопрофилактика және иммунотерапия әдістерінің пайда болуына байланысты дүние жүзінде кейбір инфекциялық аурулар бірден төмендеді.Инфекцияға қарсы иммунитетті қалыптастыру механизміне байланысты профилактикалық жұмыстарды дұрыс және нақты ұйымдастыру.

Сабақ мақсаты:

Студент білуге тиіс:

- жаңа вакциналық препараттар, иммунды сарысулар, иммуноглобулиндер,оларды алу принциптері

- инфекциядан қорғаныштың арнайы және арнайы емес механизмін талдау; вакцинадан кейінгі иммуниттетің эффективтілігін бақылау әдісі.

Студент істей алуға тиіс:

- инфекциялық аурулардың емдеуі, алдын-алу және диагностикасында инфекцияға қарсы иммунитетті қолдана білу.

Лабораторлық жұмысты орындау түрі

Тақырып бойынша сұрақтар:

Вакциналық препараттардың демонстрациясын қарау, мысалын альбомға жазу.

Препараттар-вакциналар (демонстрация):

а) тірі - туберкулездің арнайы алдын-алуы үшін (БЦЖ); полиомиелит (Сэбин 1, 2, 3 серотиптері); оба (Е, В); сібір түйнемесі (СТИ); Ку-қызбасы (М-44); грипп; қызылша (Л-16);

б)өлі көкжөтел (АКДС), лептоспироз, грипп, кенелі энцефалиттердің алдын-алу үшін;

в) химиялық вакциналар (протективті антигендер экстракциясы) менингококкалы инфекция; іш сүзегі, грипптің алдын-алуы үшін (грипп вирусының гемагглютинині, нейраминидазасы);

г) анатоксиндер: стафилококкалы, адсорбирленген сіреспелі, адсорбирленген анатоксиндер перфрингенс А және т.б..; ботулиндік варианттар А, В және Е; күлдік. Ассоцирленген және комби­нирленген вакциналар: АКДС-вакцинасы.
Тарату материалы

Иммунобиологиялық препараттар деп-иммундық жүйеге әсер ететін және әсері иммундық реакцияларға негізделеген препараттарды атайды. Осы қасиеттеріне байланысты оларды инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың профилактикасы, диагностикасы және емдеуі үшін қолданады.

Иммунобиологиялық препараттарты табиғаты, шығу тегі, және қолдану жолдарына байланысты топтастыруға болады, оларға жатады:

1. вакциналар;

2. тірі микроорганизмдерден немесе микроб өнімдерінен дайындалған препараттар (фагтар, эубиотиктер);

3. иммундық сарысулық препараттар;

4. иммуномодуляторлар;

5. диагностикалық препараттар, сонымен қатар аллергендер, иммунобиологиялық препаратгар иммундық жүйе әрекетін белсендіру немесе қалыпқа келтіру үшін қолданады.

Иммунобиологиялық препараттар иммундық жүйеге белсенді (активті)

белсенсіз (пассивті) жөне арнайы , арнайы емес әсер көрсетеді. Белсенді

өсер деп препараттың иммундық жүйені тікелей белсендіруі ( мысалы: вакцинация);

Белсенсіз әсер деп — препараттық иммундық жүйе әрекетіне әсерін атайды

(иммуноглобулин, иммуномодуляторларды енгізу).Егер белгілі әсер деп -аталады

( мысалы көкжөтел, тұмауга қарсы вакцинация: сіреспеге қарсы иммундық сарысу). Ал иммундық жүйенің қорғаныш функциясын жоғалтатын әсерді-арнайы емес деп атайды (мысалы фагоцитозды белсендіретін - иммуномодуляторлар).

Иммундық жүйені қалыпқа келтіру жөне белсендіру үшін иммунологиялық препараттарды, бірінші реттік және екінші реттік иммунодефицитте, инфекциялық ауруларға қарсы тұрушылықты арттыру үшін, ісік жасушаларының өсуін тежеу үшін, аллергиялық аутоиммундық ауруларды емдеу үшін қолданады.

Иммунологиялық препараттардың иммундық жүйе әрекетін төмендету қасиетін мүшелер мен ұлпалар трансплантациясында, кейде аутоиммундық, аллергиялық ауруларды емдеуте қолданады.

Иммундық жүйе организмге сырттан түскен немесе функциональдық өзгерістер нәтижесінде түзілген патогендік агент әсеріне арнайы және арнайы емес жауап береді.

Бүл жауап реакциялары гуморальды жөне торшалық сипатта болады. Осы реакциялар негізінде көптеген диагностикалық препараттар ашылған. Белсенді арнайы иммуиитетті тудыру үшін қолданылатын иммунобиологиялық препараттар вакциналар деп аталады, оларды негізінен инфекциялық ауруларды алдын алу жөне емдеу үшін қолданады. Вакцинаның өсерлі бастамасы болып арнайы антиген табылады. Антиген ретінде қолданады: а) тері немесе инавтиктелінген микроорганизмдер (бактерия , вирустар); б) микроорганизмдерден бөлініп алынған арнайы антигендер; в) микроорганизмдер түзетін антигендік заттар (екінші реттік метаболиттер), токсиндер; в) микроорганизмдер түзетін антигендік заттар (екінші реттік метаболиттер), токсиндер; г) табиғы антигендерге үқсас химиялық жасанды жолмен алынған антигендер; д) гендік инженерия өдісінің көмегімен алынған-антигендер.

Осы антигендерінің бірінің негізінде вакцина жасалып шығарылады. Вакцинаға антигеннің табиғатына қарай консервант, стабилизатор, активатор, адъювант) қосады.

Консервант ретінде препаратты сақтау кезінде бөгде микрофлораны болдырмау мақсатында мартиолат (1:10000) натрииазиді; формадельгия (0,1-0,3%) қосады.

Стабилизаторды лабильді антигендер бұзылып кетпес үшін қосады. Мысалы , тірі вакциналарга сахарозажелатин агары немесе адам альбумині қосылады. Антигеннің вакцинаға әсерін жоғарлату үшін кейде арнайы емес стимулятор - адьювант қосады. Адъювант ретінде минералды коллоидтар (АІ(ОН)з, А1Р04) , полимерлі заттар қолданылады( мегополисахаридтер, полисахаридтер, синтетикалық полимерлар).

Олар анитигеннің физико-химиялық күйін өзгертіп, енгізген жерінде антигеннің қорын құрайды. Адъювантпен қосылған вакцинаны адъювантты қорға жиналған вакциналар деп аталады.

Вакциналар табиғатына, физикалық күйіне, алыну жолына қарай тірі және өлі немесе инактивтелінген болып бөлінеді.

Вакциналарды топтастыру.

Тірі вакциналар:

• аттенуирленген;

• дивергентті;

• векторлық рекомбинантты

• тірі емес вакциналар;

молекулярлы:

• биосинтез жолымен алынған;

• химиялық жолмен алынған;

• гендік инженерия өдісімен алынған.

корпускулярлы:

• тұтас жасушалық (жасушаға көзделген немесе бағытталған);

• тұтас вириондық (вирионга көзделген);

• субжасушалы субвирионды;

• синтетикалық жартылай синтетикалық, ассоциирленген.

Тірі вакциналар

Тірі аттенуирленген вақциналар вируленттігін жоғалтып, антигендік қасиеттерін сақтаған, микроорганизмдердің әлсіреген штамдарынан алынады. Ондай металлдарды селекция немесе генді инженерия әдістерімен алады. Кейде антигені бойынша адамға патогенді емес микроорганизмдерге ұқсас штаммдарды қолданып, дивергентті вакциналар алынады. Мысалы, шешек ауруына қарсы сиыр шешегінен алынған. Мысалы шешек ауруына қарсы сиыр шешегін тудыратын вирусын қолданады. Тірі вакциналар организмге енгізілген соң көбейіп, вакциналық процессті, патогенді микроорганизмге қарсы арнайы иммунитетті тудырады. Тірі вакциналарды аттенуиленген штаммдарды оптимальды жағдай жасап, қоректік ортаға өсіру жолымен алады. Бактериальды штамдарды суық немесе қатты қоректік ортада; вирусты штамдарды тауық эмбрионында, бірінші трипсинделінген орталарда өсіреді. Процесс асептикалық жағдайда жүргізіледі. Аттенуирленген штаммның биомассасын концентрлеп, құрғатып, микроорганизм саны бойынша стандарттап, ампула мен флакондарға құйып, жабады. Тірі вакцинаға консервант қоспайды. Негізінде вакцинаның бір реттік дозасында микроорганизмдер саны — ЮМО6 . Сақталу мерзімі 1-2 жыл және оларды төменгі температурада сақтап, тасымалдау керек. ( +4 тен 8° С-қа дейін).

Тірі вакциналарды негізінен бір мәрте ғана қолданады және оларды теріге, тері астына немес бұлшықетке, ал кейбір вакциналарды пероральды (полиомиелит) ингаляция жолымен қолданады.Тірі вакциналар практикада қолданылатын вакциналардың жартысын кұрайды. -

Бактериальды тірі вакциналарға жатады: туберкулездік (БЦЖ штаммынан алынған А.Кальметт, К.Герен); обалық ЕV штаммынан алынған Г.Жирар, Ж.Робик); туляремиялық ( 15 штамнан алынған Б.Я.Эльберт, Н.АГайский); сібір түйнемелік (СТИ —1 штамынан алынған Н.Н.Гинзбург Л.А.Тамарин , Р.А.Самыков); бруцелездік (19-ВА штамынан алынған П.АВершилов), Ку-қызбасына _ (44 штаммнан алынған В.АГенич, П.АЗдрадовский.

Вирустық тірі вакциііалар : шемек ауруына қарсы вакцина (сиыр шешегін тудыратып вирустың негізівде); қызылшаға қарсы (А.А.Смородинцев және М.П.Чумаков ашқан Л-16 жэне Эдмонстон 16 штаммдарынан алынған); нолиомелиттік (1,2,3 типті А.Сөбин штаммынан алынған); сары қызбаға қарсы (17-Д штамынан алынған); тумауға қарсы (В.м. Жданов ашқан лабораторлы штаммдардан алынған); жылқылардың венесуэла энцефаломиелитіне ,қарсы (В.А.Андреев және АА.Воробьев ашқан 230- штаммнан алынған); наротиттік (А.АСмородинцев пен Н.С. Клячко ашқан металлардан алынған).

Қазіргі кезде басқа да көптеген вирусты және бактиериальды инфекцияларды алдын алу үшін жаңа, вакциналар жасалып шығарылуда. ( аденовирустық, легионеллез-дік). Тірі вакциналарға гендік инженерия өдісімен алынған векторлы рекомбинатты вакциналар жатады. Векторлы вакциналық штаммдарды вирустың немесе бактерияның вакциналық штаммының геномына (ДНҚ) бөгде антигеннің генін салу арқылы құрастырады. Оның нөтижесінде иммунизациядан кейін векторлы вакциналық штамп тек қана вакциналық реципиент — штаммына ғана емес, сондай —ақ жаңа бөгде антигенге қарсы иммунитет тудырады.

В гепатит вирусының антигенін енгізген. Мұндай векторлы вакцина біруақытта шешекке де, В гепатитке де қарсы иммунитет тудыра алады. Осы уақытта шешек вакцинасы негізінде кұтыру вирусына қарсы векторлы вакцинаға зерттелуде.

Өлі (инактивтелінген) вакциналар.

Мүндай вакциналарға корпускулярлы бактериальды, вирусты вакциналар, корпускулярлы субклеткалық, суббірлікті, сонымен қатар, молекулярлы вакциналар жатады.

Корпускулярлы вакциналар. Бүл вакциналар бактериялар мен вирустардың патогенді немесе вакциналы штаммдарының физикалық және химиялық өдістерімен инактивтелінген түрі. Микроорганизмдердің тіршілікке қабілеттілігін жоғалтып антигендік қасиеттерін сақтау мақсатында инактивацияны оптимальды жағдайда жасайды (инактивтейтін доза, температура, микроорганизмдер концентрациясы). Тұтас бактериалардан алынған корпускулярлы вакциналар толық жасушалы деп, ал бұзылмаған вириондардан алынған толық вирионды деп аталады.

Инактивтелінген вакциналарды микроорганизмдердің таза өсіндісінің негізінде, асептикалық жағдайда дайындайды. Дайын, микроорганизмдер концентрациясы бойынша мөлшерленген вакциналарға консервант қосады. Вакциналар суық немесе құрғақ күйде болуы мүмкін. Вакцинацияны 2-3 рет, теріге, тері астына, бұлшық етке, ауыз арқылы (пероральды), тыныс алу жолдары (аэрозольды) арқылы енгізеді. Корпускулярлы вакциналар көкжөтел, тұмау. А гепатиті, герпес, кене энцефалитінің алдын алуы үшін қолданады.

Корпускулярлы вакциналарға субжасушалық жөне субвириондық вакциналар жатады. Бұл вакцииаларды дайындауда бактериялар мен вирустарды бұзу нәтижесінде алынған антигенді комплекстер қолданылады. Субжасушалық, субвириондық вакциналарды дайындау толық жасушалы және толық вириондаға қарағанда күрделі.

Бұрын субжасушалық, субвириондық вакциналарды химиялық деп атаған, өйткені вакцина дайындау' үшін микроорганизмнен антигенді бөліп алу химиялық әдістермен жүргізілген. Бірақ, бұл термин химиялық синтез жолымен алынған вакциналарға тән.

Қазіргі кезде субжасушалы инактивтелінген вакциналарды іш сүзегіне, дизентерияға, тұмауға, сібір түйнемесіне қарсы қолданады. Мұндай вакциналарды, өдетте, адъювант қосып қолданады.

Молекулярлы вакциналар. Оларға биологиялық, химиялық синтез, генді инженерия жолымен алынған молекула пішінді арнайы антигендер жатады. Биосинтез әдісінің қағыдаты — микроорганизмнен молекула пішінді протективті антиген алу. Мысалы, шынайы токсиндержасушалардан олардың өсуі кезінде алынады (дифтерия, сіреспе, ботулин токсині).

Токсин молекулаларын формамен заласыздандырғанда уыттылығын (токсичность) жоғалтып, антигеңцік қасиеітерін сақтап, анатоксин молекулаларына айналады.

Яғни, синатоксиидер молекулярлы вакциналардың типті өкілі болып табылады.

Анатоксиңцерді ( сіреспеге, дифтерияға, ботулизмге, газды гангренаға қарсы), сіреспе, дифтерия, ботулизм т.б. қоздырғыштардың ферментаторында, тереңдетілген әдіспен өсіру арқылы алады, нәтижесінде өсу суйықтығында токминдер жинақталып қалады. Сепарация жолымен микроб клеткаларын бөліп_ алған сөң, өсу суйықтығын (токсин( 3-4 апта бойы , 37° С, 0,3-0,4% концентрациядағы формалинмен заласындандырады. Уыттылығын жоғалтып, антигендік қасиеттерін сақтаған анатоксиңді тазалап, концёнтрлеп, стандарттап, ампула мен флакондарға жабады (фасовка).Тазартылған анатоксинге консервант пен адъювант қосады. Анатоксинді антигенді бірлікпен өлшейді. ( ББ-байланыстыру бірлігі. ЛФ — флокуляционды бірлік). Анситоксивді тері астына, бұлшық етке салады. Иммунизация кестесі соңынан ревакцинация жасалатын 2-3 ендірудің (прививкадан) тұрады.

Микроорганизмдерден молекулярлы пішінді протективті антигендерді алу -өте күрделі жұмыс сондықтан молекулярлы вакциналарды дайындау әдістері эксперимент шегінен шыққан жоқ. Генді инженерия тәсілі болып табылады, оның көмегімен антигендерді молекула пішінінде бөліп шығаратын рекомбинатты штаммдар алынған.

Мұндай антигендер негізінде вакциналарды дайындап шығаруға болады. Қазіргі уақытта өвдірілген ашытқылардыц рекомбинатты клеткаларымен өндірілетін щрамывда В гепатиті вирусының антигені бар молекулярлы вакцина шығарылуда.

Химиялық синтез өте күрделі болғандықтан кең қолданады. Бірақ, химиялық синтез жолымен кёйбір төменгі молекулалы антигендер алынған (Петров Р.В., Иванов В.Т. т.б.). Бұл бағыт сөзсіз дамып, жалғасын табады.

Синтетикалық және жартылай синтетикалық вакциналар Балласты заттармен вакциналардың өәерлілігін (эффективность) жоғарлатып,кері әсерлерін азайту мақсатында, қазіргі уақытта жасанды вакцина құрастыру мәселесі шешілуде. Мұндай вакциналардың кұрама бөлігі болып антиген немесе антигенге макромолекулалық күй беретін полимерлі жоғары молекулалы тасығыш-детерминант, сонымен қатар антигеннің белсенділігін жоғарлататын адьювант табылады.

Тасығыш ретінде антигенді өзіне . байланыстырып алатын полиэлектролитгер (виниллпиролидон, декстрон) қолданылады.

Ассоцирленген вакциналар.Бір қатар инфекцияға қарсы бір мезгілде иммунизация жүргізу үшін поливалентті немесе ассорцирленген вакциналар қолданады. Олар біртекті антигендермен -қоса (мысалы, анатоксиндер) бірнеше текті антигендерден түруы мүмкін (корпускулярлы, молекулярлы, тірі жөне өлі).

Бірінші типті ассоцирлеиген вакцинаның мысалы болып, сіреспеге, газды гангренаға, ботулизмге қарсы қолданылатын секстоанатоксин, екінші типті ассоцирленген вакцинаға мысал болып, қүрамына сіреспе, дифтерия анотоксиндері, көкжөтелдің корпускулярлы вакцинасы кіретін АКДС-вакцинасы табылды. Тірі поливалентті ассоцирленген полиомиелит вакцинасының нолиомиелит вирусының 1, 2, 3 типті вакциналы штаммдары кіреді.

Ассоцирленген вакциналарға бәсекелестікті тудырмау үшін, вакцина құрамына кіретін антигендердің барлығына иммунитет тузелу үшін антигедерді мөлшерлеп қосады.

Жаппай вакцинация. Вакциналарды теріге, тері астына, булшық етке, ауыз арқылы, тыныс алу жолдары арқылы ендіреді. -Вакцинаны ендіру әдісі препаратқа және вакциналық процесске байланысты. Терісшілік, мұрын және ауыз арқылы ендіру жолдары тірі вакциналарды қолдану қауіпсіз жол болып табылады. Ал сорбирленген вакциналарды тек тері астына және булшық етке енгізеді. Әр тәсіл вакцинаның иммуногеиді қасиеттерінің кушеюін қамтамасыз етіп, поствакцинальды реакцияларды тудырмауы керек.

Препараттарды еигізу кезінде үнемдеп енгізуге тырысу керек, әсіресе эпидемия кезінде. ү




Әдебиеттер

  1. Тец В.В. Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии – М.:Медицина, 2002. - 352 с.

  2. Медицинская микробиология под ред. Покровского В.И. //М. ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1998, 1184 С.

  3. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 1998. – С.159-176.

  4. Борисов Л.Б., Смирнова Л.Н. Микробиология // М: Медицина, 1996, уч.пособие., 192с.

  5. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: Учеб.для вузов /О.К.Поздеев; под ред. В.И. Покровского.-2-е изд.испр.-М.:ГЭОТАР-МЕД, 2004.-768 с

  6. Лабинская А.С. Микробиология с техникой микробиологических методов исследования // М: Медицина, 1968, 466с.

  7. Справочник по микробиологическим и вирусологическим методам исследования / под. ред. М.О.Биргера // М: Медицина, 1973., 456с.

  8. Красильников А.П., Романовская Т.Р. Микробиологический словарь –справочник // Минск: Асар, 1999. – 399с.

  9. Стейнер Р., Эдельберг Э., Ингрэм Дж. Мир микробов // М: Мир. - 1979, Т.1. - 317с.

  10. Определитель бактерии по Берджи (в 2-х томах)// М: Мир, 1997.



Бақылау

Сұрақтар:
1. Инфекцияға қарсы қорғаныш механизмдерін атаңдар.

2. Активті иммунизация принципі неден тұрады

3. Пассивті иммунизация кезінде қандай мәселелер туындайды.

4.Біріншілік және екіншлік антимикробты иммунологиялық жауап кезіндегі антидененің әртүрлі класстарының синтезінің кинетикасы.

5.Антитоксикалық және антибактериальды иммунитетті құру

6.Вакциналар. Жіктелуі.

7.Тірі вакциналар.

8. Химиялық вакциналар.

9.Анатоксиндер.

10.Қазіргі кездегі вакцинология.

11.Молекулярлы, векторлы рекомбинантты вакциналар.
Тесттер:

1.Тірі вакцина:

а) АКДС

б) БЦЖ

в) көкжөтелдік

г) менингококкалы

д) іш сүзекті

2.Өлі вакциналарға жатады:

а) көкжөтелдік

б) сібір түйнемелік

в) обалық

г) күлдік

д) туберкулездік

3.Анатоксиндерді қоздырғышқа иммунитет қалыптастыру үшін қолданады:

а) туберкулездік

б) тұмауға

в) сіреспе

г) көкжөтелдік

д) полиомиелиттік

4.Вакцинаның иммуногенділігін жоғарлату үшін енгізеді:

а) адъювант

б) антибиотик

в) бактериофаг

г) сарысу

д) пробиотик

5.Иммуногенділік қасиеті жоғары вакцина:

а) тірі

б) анатоксин

в) химиялық

г) өлі

д) барлығының иммуногенділігі бірдей

6.АКДС вакцинасының құрамына барлығы кіреді, мынадан басқасы:

а) сіреспе анатоксині

б) қызылша вакцинасы

в) көкжөтел вакцинасы

г) күл анатоксині

д) алюминийдің қостотығы

7.Молекулярлы вакцина:

а) өлі бактериялар

б) қоздырғыштың протективті антигені

в) антидене

г) аталғандардың барлығы

д) аталғандардың ешқайсысы емес

8.Адъюванттар:

а) микробты липополисахаридтер

б) минералды коллоидтар

в) полиэлектролиттер

г) аталғандардың барлығы

д) аталғандардың ешқайсысы емес

9. Вакцина мінездемесіне жатпайды:

а) активті жасанды иммунитет пайда болуына қажет

б) микробтық токсиндердін токсигендігінен айырып дайындайды

в) ферментативті активтігі бар

г) жетілген антигенді комплекс

д) иммуногенділігі жоғары

10 Вакцина түрі:

а) тірі

б) сары сулар

в) аллергендер

г) гаптендер

д) диагностикумдар

11. Вакцина алуға арналған штаммның қасиеті:

а) ферментативті активтілігі

б) иммуногенділігі жоғары

в) анаэробтар

г) вируленттілігі жоғары

д) сенсибилизация активтігі жоғары

12. Антитоксикалық иммунды сары су:

а) емге және алдын алуға қажет

б) өлі микробтық клеткаларды иммунизациялап алады

в) формалинмен нейтрализацияланған токсиндер

г) дозасы антимикробтық бірлікпен есептелінеді

д) құрамында бактериолизиндер бар.

13. Иммуноглобулинді неден алады:

а) антитоксикалық сары судан

б) бактериалді антигендерден

в) нативті антимикробты сары судан

г) аллергендерден

д) тірі вакцинадан

14.Иммуноглобулин препараты дайындауға қолданбайды:

а) иммунизацияланған донордың сары суы

б) лейкоцитарлы масса

в) иммунизацияланған жануарлар сары суы

г) реконвалесценттің сары суы

д) қан плазмасы

15.Адам қанынан дайындалған иммуноглобулин:

а) тырысқаққа қарсы

б) дифтерияға қарсы

в) сіреспеге қарсы

г) менингококке қарсы

д) қызылшаға қарсы

16. Диагностикалық сары суды қай кезде қолданады:

а) емдеуге

б) микроорганизмдер индикациясы

в) алдын-алу

г) серологиялық реакция қою

д) микробтарды сыртқы ортада анықтау

17.Интерферон - бұл:

а) клеткадан тыс вирусты жояды

б) клеткаға токсин

в) вирусқа қарсы әсері кең спектрлі

г) клетка ішінде вирустың РНҚ синтезін блокадалайды

д) лейкоциттермен синтезделмейді

18. Иммундық сары су мінездемесіне жатпайды:

а) жасанды иммунитет құрайды

б) иммунитет құралмайды

в) серотерапияда қолданады

г) жедел профилактика жүргізіледі

д) антиденелер белокты токсинді нейтрализациялайды
Жауап кілттері:

1.Б, 2.В,3.А, 4.А,5. Б, 6.Б, 7.В, 8.А, 9.А,10Д,11.В,12.А,13.Г,14.А,15.Б,16.Д,17.В,18.Б.



Похожие:

Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Коллоквиумды өткізу түрі – тәжірибелік дағдыларды бағалау, тесттер, ауызша сұрау, жағдайлық есептер
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Коллоквиумды өткізу түрі – тәжірибелік дағдыларды бағалау, тесттер, ауызша сұрау, жағдайлық есептер
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Микробиологиялық зерттеу әдістері. Микроскопиялық әдіс. Жұғынды дайындау және оны микроскоптан қарау техникасы. Қарапайым...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Дезинфекция, стерилизация, асептика, антисептиканың микробиологиялық негіздері. Дезинфекция және стерилизация әффективтілігін...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Бруцеллез, сібір түйнемесі, оба, туляремияның микробиологиялық диагностикасы. Бөртпелі және қайталама сүзектер, мерез,...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Іріңді-қабыну ауруларының микробиологиялық диагностикасы. Зерттеу кезеңдері. Патогенді және шартты-патогенді кокктар. Көкіріңді...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: жрви вирусологиялық зерттеу әдістері. Аденовирусты инфекция. Вирустық гепатиттер. Құтыру, герпесвирусты инфекциялардың...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconФ кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Реаниматологиямен лор, көз аурулар кафедрасының мәжiлiсiнде талқыланған және бекітілген
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconФ кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы: сезімталдықтың нейрогендік бұзылыстары, олардың түрлері және механизмдері
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconФ кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Мақсаты: Асқазан-ішек трактысының секреторлық, моторлық және сіңіргіш қызметтерінің типтік бұзылыстарын игеру
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница