Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07




Скачать 295.9 Kb.
НазваниеПрограмма дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
страница1/3
Дата конвертации26.12.2012
Размер295.9 Kb.
ТипПрограмма дисциплины
  1   2   3
Программа дисциплины Форма

для студентов Ф СО ПГУ 7.18.2/07

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика жєне µнер факультеті

«Шетел әдебиеті» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған
ПЄН БАЃДАРЛАМАСЫ

Павлодар 2007




Лист утверждения Форма

к программе дисциплины Ф СО ПГУ 7.18.2/11

для студентов
БЕКІТЕМІН

ФЖи¤ факультетініњ деканы
_________ Ж.Т.Сарбалаев

« ___» ___________2007 жыл

Құрастырушы: аға оқытушы Тасболатова Қ.Т.

Қазақ филологиясы кафедрасы
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПЄН БАЃДАРЛАМАСЫ
«Шетел әдебиеті» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері үшін
Студенттерге арналѓан пєн баѓдарламасы «___»_________ 2007 жылы бекіген ж±мыс баѓдарламасы негізінде дайындалды

Ќазаќ филологиясы кафедрасының « » 2007 ж. мәжілісінде ұсынылды. Хаттама №

Кафедра меңгерушісі: _____________ Жүсіп Қ.П. «___» ________ 2007 ж.

Филология, журналистика және өнер факультетінің 2007 жылғы «___»_______ әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №


ӘК төрайымы:________________ Семенова М.В.

Оқытушы туралы мәлімет :

Аға оқытушы Тасболатова Қымбат Темірханқызы

Тел. 60-60-35

Қабылдау уақыты: бейсенбі, сағат 9-00, ауд. №324

Оқытушы Пазылов Әділет Қажымұқанұлы

тел. 50-79-85, сот. 8-705-204-65-63

Қабылдау уақыты: жұма сағат 14-00, ауд. №324
Пән туралы мәліметтер :
«Шетел әдебиеті» пәні 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандыѓында 3 семестрде 15 аптада оќылады. Жалпы саѓат саны- 135 с., дєріс- 30 с., тєжірибешілік-15 с., С¤ЖО- 22,5 с., С¤Ж- 67,5 с.
Ұлттық рухани құндылықтарымызды тереңдете меңгерту үшін әлем халықтарының сөз өнері шығармаларын салыстыру, шығармашылық, ғылыми ізденістерге сабақтастыру мұраттары игеріледі.

Пәннің қысқаша аннотациясы:

  • антикалық әдебиет кезеңдеріне тарихи-нақты талдау, тұңғыш әдеби жанрлардың қалыптасуына, даму жолына талдау, көрнекті авторлар шығармашылығының көркемдік шеберлік үлгілерін ашу;

  • ежелгі үнді әдебиетінің жанрлық ерекшеліктерін ашу;

  • ежелгі иран әдебиетінің қалыптасу ерекшеліктерін ашу;

  • орта ғасырдағы әдебиеттердің жанрлық ерекшеліктеріне шолу;

  • Қайта Өрлеу дәуіріндегі әдебиеттің даму бағыттарын айқындау;

  • ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. әлем әдебиетінің дамуына шолу;

  • ХІХ-ХХ ғғ. әлем әдебиетіне шолу.


Пәннің мақсаты:

«Шет елдер әдебиетінің тарихы» пәнін оқыту барысында қазіргі заманғы әдебиеттану ғылымындағы жеке халықтардың әдебиеттерін дүниежүзілік әдеби-мәдени даму аясында қарастыруды басты назарымызға аламыз.
Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:

  1. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдар. –А.,1992.

  2. Қасым Б. Қазақ тілдегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. –А., 2001.

  3. Қасым Б. Күрделі зат атауларының мағыналық құрылымы және сөзжасамдық үлгілері. –А., 2000.

  4. Қасым Б. Сөзжасам: семантика, уәждеме. –А., 2003.

  5. Қалиева Б., Жылқыбава А. Сөз мағыналарының негіздері. –А., 2002.

  6. Қазақ тілінің грамматикасы. –Астана. 2002.

  7. Оразов М.О. Қазақ тілінің семантикасы. –А., 1991.

  8. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. –А., 2002.

  9. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект. –А., 1999.

10. Хасанов Б. Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы. –А.,1964.
Ќосымша:

11. Барлыбаев Р. Қазақ тілінде сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы. –А., 1968.

12. Кеңесбаев І., Мүсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. –А., 1962.

13. Тіл білімінің негіздері. –А., 1978.

14. Новиков Л. Семантика русского язка. –М., 1982




Тематический план Форма

дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07

3 Пәннің мазмұны


3.1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

Күндізгі бөлім

ҚТӘ-21

Дәріс

Тәж

СӨЖ

1

Антикалық әдебиет

2

1

7

2

Өте ежелгі замандық поэзия

2

1

7

3

Аттикалық кезең

2

1

7

4

Рим әдебиетінің ежелгі дәуірі

2

1

7

5

Ежелгі қытай әдебиеті

2

1

7

6

Ежелгі үнді әдебиеті

2

1

7

7

Ежелгі иран әдебиеті

2

1

7

8


Классикалық үнді әдебиеті. Орта ғасырлық үнді әдебиеті.

2

1

7

9

Таяу Шығыс пен Орта Азия әдебиеттері.

6

3

10

10


Орта ғасырдағы араб әдебиеті. Андалусиядағы араб әдебиеті

4

2

10

11

Орта ғасырлық Еуропа әдебиеті

2

1

7

12

Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиет

2

1

7




Барлығы:

30

15

90



3.2Теориялық курс мазмұны
1-тақырып

Грек әдебиеті. Әдебиетке дейінгі кезең. Мифтік шығармашылық және мифология. Гомерлік эпос. Троя соғысы туралы мифтер. «Илиаданың» мазмұны; әскери-батырлық эпопея. Поэма композициясының ерекшеліктері. Сюжетті құрайтын екі желі – Ахиллдің қайраты және Зевстің қаһары.

«Одиссеяның» мазмұны. Ертегілік, шым-шытырық оқиғалы эпопея; Одиссей және оның достары мен жаулары. Эпопеядағы авторлық позиция.

Гесиод. «Теогония», «Жұмыстар мен күндер», «Еңбек», «Әділеттілік идеялары». Адамдар мен құдайлар әлемі.
2-тақырып

Өте ежелгі замандық поэзияның басқа да түрлері. Элегиялық, ямбылық, меликалық, эпиграмматикалық поэзия.

Архилок поэзиясы.Мимнерм элегияларының тақырыптары. Солон – афиналық тұңғыш ақын. Оның шығармашылығындағы дүниетаным, бейнелілік пен поэтикалық тіл мәселелері.

Меликалық поэзия; Алкейдің өлеңдері – еркектің достық жырлары (аристократиялық гетерия); қарсыластармен күресу тақырыбы.

Сапороның өлеңдері - әйелдің достастық поэзиясы, оның халық мерекелерімен, үйлену, салт-жоралғылармен байланыстары.
3-тақырып

Аттикалық кезең (б.д.д. Ү-ҮІ ғғ.). Драма, оның пайда болу тегі, негізгі түрлері (трагедия, сатиралық драма, комедия).

Эсхил – «трагедия атасы». «Парсылар», «Бұғауланған Прометей», «Орестея» трилогиясы.

Софокл шығармашылығы. Еврипид трагедиялары. «Медея», «Ипполит», «Геракл». Аристофан. «Құрбақалар», «Байлық».

Б.д.д, Ү-ҮІ ғғ. проза. Геродот – грек тарихшысы, прозашысы, «тарихтың атасы». «Тарих» атты әйгілі еңбегі. Геродот – скифтердің өмірінің, тұрмыс-салтының толық сипаттамасын тұңғыш жазушы.

Шешендік өнердің негізгі түрлері. Демосфен – ұлы шешен, оның шешендігінің стилі. Демокрит. Пәлсапалық проза. Сократ шығармаларындағы этикалық мәселелер, моральдық ар-ұждан мәселесі. Платон шығармаларындағы идеализм.

Эллинистикалық кезең – А. Македонский жорықтарынан бастап, римдіктер Египетті жаулап алғанға дейінгі кезеңнің шартты түрде атауы. Афины – пәлсапа мен комедиографияның орталығы.
4-тақырып

Рим әдебиетінің ежелгі дәуірі. әдебиетке дейінгі кезең. Рим фольклоры. Римдік эпос, трагедия, комедия. Шешендік сөз – саясат құралы. Цицерон – шешендік сөз өнерінің теоретигі. Горацийдің пәлсапалық көзқарастары, сатиралары, одалары. Гораций - әдебиеттің теоретигі, сыншысы.
5-тақырып.

Ежелгі Қытай әдебиеті. Б.э.д. ІІ мыңжылдықтан б.з. ІІІ ғ. дейінгі үш кезең. Б.з.д. Қытай патшалығының тарихы - өркениеттің тез дамуының тарихы. Конфуций – адамды сүю гуманизмінің өкілі. «Луньюй» (тұжырымдар мен сұхбаттар) – қытай ойшылдығындағы адамды ардақтау туралы. «Дао-цзы» (дао және табиғаттың болмысы туралы). Хань империясы тұсындағы Қытай әдебиеті.

6-тақырып.

Б.з. І мыңжылдығындағы ежелгі үнді әдебиетіндегі драмалық, лирикалық поэзияның, прозаның дамуы. Веда әдебиеті («веда» - «білім»).

«Махабхарата» - ұрпақтар туралы жыр. Екі тармақтық блоктан тұратын жүз мың жолдық шығарма. «Махабхарата» - моральдық, саяси, әлеуметтік өмір энциклопедиясы. Үндінің классикалық эпосы – «Рамаяна» («Деяния Рамы, екі тармақтық 24 мың жолдық шығарма.
7-тақырып.

Ежелгі иран әдебиеті. Б.з.д. ІІ мыңжылдықтағы Еуразия кеңістігіндегі иран тайпаларының мәдениеті.

«Гаттар» («Жыр жырлау») – 17 мінәжат дұғаларының жинағы, «Авестаның» көне бір бөлігі. Авторы – ежелгі иран дінінің негізін салушы Заратуштра (грекше Зороастру).

«Авеста» - ежелгі иран жазба ескерткіші.
8-тақырып.

Классикалық үнді әдебиеті. Б.з.д. І ғ. санскрит әдебиеті. Ежелгі үнді драмасы.

Б.з.д. ІҮ-ҮІІІ ғғ. санскрит әдебиеті.

Калидастың «Шакунтала» драмасы – бүкіл үнді мәдениетінің үздік табысы.

Санскриттік романдар. Әдеби эпостық прозалық нұсқалар.

Орта ғасырлық үнді әдебиеті. ҮІІІ-Х ғғ. үнді халықтарының негізгі әдеби бағыттары. Драмалық шағын жанрлар – бхана (пьеса-монолог).

9-тақырып.

Таяу Шығыс пен Орта Азия әдебиеттері. ҮІІІ ғ. соңына дейінгі араб шапқыншылығы.

Ежелгі ауызша араб поэзиясы (өсиет, мақал-мәтел, шешендік өнер).

ҮІІ ғ. араб жазба әдебиетінің пайда болуы.

Ежелгі арабтардың сөз өнері.

«Құран» - араб әдебиетінің классикалық ұлы ескерткіші. Ислам дінінің пайда болуы. Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) . Құранның 114 сүреден тұратындығы, Құранның ең ұзақ (екінші сүре «Бахара», 286 аят), ең қысқа сүрелері (103, 109, 110, үш аяттан).

«Құран» кітабының ішіндегі тарихи естелік тәрізді оқиғалы көркем әңгімелер. Осы көркем әңгімелердегі Адам ата мен Хауа анадан бастап, ең соңғы Мұхаммед пайғамбарға дейінгі адамзат тарихының елеулі оқиғаларының суреттелуі.
10-тақырып.

Орта ғасырдағы араб әдебиеті (ҮІІғ. соңы мен ХІІ ғ.). Мұхаммед (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейінгі халифа (орынбасар) деген лауазымдық басқару.

Классикалық араб әдебиетінің гүлденуі.

Андалусиядағы араб әдебиеті (ҮІІІ-ХҮ ғғ. әдебиеті). Әл-Закир ад-Дин Бейбарыс сұлтан басқарған мамлюктер мемлекеті тұсындағы араб мәдениеті. Халықтық әдебиеттің шарықтауы. Софылық поэзияның концепциясы, көрнекті өкілдері. Ибн-әл-Фарид, оның жырлары.

«Мың бір түн» - араб тілінде жинақталған әлем әдебиетінің үздік үлгісі. «Мың бір түн» - араб, үнді, түркі, парсы халықтарының әр ғасырда туған ертегілер жиынтығы.

Халық романдары («Сираттар»). Қыпшақ ұланы, Отырар жерінің перзенті сұлтан Бейбарыс туралы аңыз, қисса, әңгімелер.
11-тақырып.

Орта ғасырлық Еуропа әдебиеті. Христиандық және антикалық мұра. Немістің батырлық эпосы. «Нибелунгтар туралы дастан».

Серілер романы. «Тристан мен Изольда» туралы роман және оның көркемдік сипаты.

Орта ғасырдағы қалалық әдебиет. Қалалық дидактикалық әдебиет. «Роза туралы романдағы» серілік идеологич.

Джеффи Чосер – Англиядағы Ренессанстық әдебиет өкілі. Оның «Кентеберийлік әңгімелеріндегі» реалистік әдіс.

Діни театрдың дамуындағы негізгі кезеңдер. Адам де ля Али шығармашылығы.

12-тақырып

Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті. Итальян әдебиеті. Петрарканың өмірі мен шығармашылығы.Француз әдебиеті. Рабленің өмірі мен шығармашылығы. «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романының әдеби генезисі мен жанрлық негізі. Бес кітаптық роман желісіндегі тақырып, идея, композиция, тіл, стиль мәселелері.

Испан әдебиеті. Сервантестің өмірі мен шығармашылығы. «Дон Кихот» романындағы пародиялық астар. Лопе де Веганың өмірі мен шығармашылығы. «Шалғындағы ит» комедиясы.

Ағылшын әдебиеті. Шекспир шығармашылығы. «Ромео мен Джульетта», «Гамлет», «Отелло», «Король Лир».
3.3 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны
1-тақырып.

Гомер эпостары. Қаһармандары, жанрлық, көркемдік ерекшеліктері. Троя соғысындағы тарихи, мифологиялық элементтер. Лирика түрлері. Драманың дамуы.
2-тақырып.

Симонид Кеоский – грек-парсы соғысының тұңғыш ақыны. Эпиграммалары мен эпитафиялары.

Әдеби прозаның пайда болуы. Ауызша прозалық шығармашылықтың түрлері(мақал-мәтелдер)
3-тақырып.

Эсхил – «трагедия атасы». «Парсылар», «Бұғауланған Прометей», «Орестея» трилогиясы.

Софокл шығармашылығы. Еврипид трагедиялары. «Медея», «Ипполит», «Геракл». Аристофан. «Құрбақалар», «Байлық».
4-тақырып.

Латын тіліндегі жазба әдебиет және оның ерте замандық орта ғасыр мәдениетіндегі орны.
5-тақырып.

Лю Сян – ескі жазбаларды жинаушы, зерттеуші, жариялаушы, әдебиетші-тарихшы жазушы. Шығармалары : («Үш заң туралы кітап және табиғаттың бес құбылысы туралы», «Басқарудың ұлы заңы»)
6-тақырып.

Үндінің классикалық эпосы – «Рамаяна» («Деяния Рамы, екі тармақтық 24 мың жолдық шығарма.
7-тақырып.

«Авеста» - ежелгі иран жазба ескерткіші.
8-тақырып.

Орта ғасырлық үнді әдебиеті. ҮІІІ-Х ғғ. үнді халықтарының негізгі әдеби бағыттары. Драмалық шағын жанрлар – бхана (пьеса-монолог).
9-тақырып.

«Құран» - араб әдебиетінің классикалық ұлы ескерткіші. Ислам дінінің пайда болуы. Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) .
  1   2   3

Похожие:

Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 iconПрограмма дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
«Түркі халықтары әдебиетінің тарихы» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған
Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 iconПрограмма дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
«Қазақ жазуының тарихы» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған
Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 iconПрограмма дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
«Ежелгі дәуір және Орта ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы» пәні бойынша 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне...
Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 iconПрограмма дисциплины для студентов Лист утверждения к программе дисциплины для студентов
Бағдарлама 200 ж бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде әзірленді
Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 iconПрограмма дисциплины для студентов Лист утверждения к программе дисциплины для студентов
Бағдарлама 200 ж бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде әзірленді
Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 iconПрограмма дисциплины для студентов Лист утверждения к программе дисциплины для студентов
Бағдарлама 200 ж бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде әзірленді
Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 iconПрограмма дисциплины для студентов Лист утверждения к программе дисциплины для студентов
Бағдарлама 200 ж бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде әзірленді
Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 iconПрограмма дисциплины для студентов Лист утверждения к программе дисциплины для студентов
Бағдарлама 200 ж бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде әзірленді
Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 iconУчебной программе дисциплины пс тупд п2 тематика и структура оценки кр/кп приложение 1 Наименование дисциплины: Конституционное право зарубежных стран Для студентов специальности/направления (очная, очно-заочная, заочная форма обучения)
Для студентов специальности/направления (очная, очно-заочная, заочная форма обучения)
Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 iconПрограмма дисциплины для студентов дисциплины «Ботаника» для специальности 050801 «Агрономия»
Программа разработана на основании рабочей учебной программы, утвержденной 2009 г
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница