Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс




НазваниеОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс
Дата конвертации27.12.2012
Размер69.1 Kb.
ТипДокументы
Ф КГМУ 4/3-07/01

ПП КГМУ 4/01




ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Патологиялық физиология кафедрасы

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын

жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс


Тақырыбы: Антибластомды резистенттілік
Мамандығы: 5B110400 «Медициналық-профилактикалық іс»
Пән: Патологиялық физиология
Курс: ІІ
Құрастырушы: оқытушы Иманбаева Г.Н.

Қарағанды 2011


Кафедра мәжілісінде талқыланған және бекітілген.
№ ____ хаттама ___ ________ 2011 ж.
Кафедра меңгерушісі _____________ Жәутікова С.Б.

  • Тақырыбы: Антибластомды резистенттілік.

  • Мақсаты: антибластомдық резистенттіліктің анқытамасын, түрлерін және механизмдерін студенттердің игеруі.

  • Оқыту мақсаты:

    1. антибластомдық резистенттілік туралы көзқарас қалыптастыру

    2. антиканцерогендік антибластомдық резистенттіліктің әсер ету механизмін білу

    3. антитрансформациялық антибластомдық резистенттіліктің әсер ету механизмін білу

    4. антицеллюлярлық антибластомдық резистенттіліктің әсер ету механизмін білу

    5. антибластомдық, антитрансформациялық, антицеллюлярлық резистенттіліктерді ажырата білу

  • Өткізу түрі: үй тапсырмаларын орындауға арналған консультациялар, тақырыпты тәжірибелік сабақ түрінде игеру.

  • Тақырып бойынша тапсырмалар:

    1. Антибластомдық резистенттілік, анықтамасы

    2. Антибластомдық резистенттілік түрлері

    3. Антиканцерогендік, антитрансформациялық, антицеллюлярлық антибластомдық резистенттіліктің негізгі ерекшеліктері

    4. Антиканцерогендік антибластомдық резистенттіліктің механизмі

    5. Антитрансформациялық антибластомдық резистенттіліктің механизмі

    6. Антицеллюлярлық антибластомдық резистенттіліктің механизмі

  • Таратылатын материал: кестелер, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептер кешені.

  • Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Патофизиология: учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., 2008. – 469с.

  2. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., О.И. Уразовой –М: ГЭОТАР.2 т.- 2009– 640 с.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006.- 712с.

Қосымша:

  1. Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – 635с

  2. Патофизиология. Основные понятия Под ред. А. В. Ефремова. М: ГЭОТАР.- 2008.-256 с.

  3. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф. М.: Гэотар-Медия. -2004.- т. 1.- 731

  4. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006.

  5. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004.- 245

  6. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Патофизиология. Том 1 – Общая патофизиология. Том 2 – Основы патохимии – Санкт-Петербург, 2005




  • Бақылау:

Сұрақтар:

  1. Антибластомдық резистенттілік дегеніміз не?

  2. Антиканцерогенез механизміндегі антибластомдық резистенттіліктің ролі қандай?

  3. Антибластомдық резистенттіліктің негізгі түрлері қандай?

  4. Антиканцерогендік антибластомдық резистенттіліктің механизмі қандай?

  5. Антитрансформациялық антибластомдық резистенттіліктің механизмі қандай?

  6. Антицеллюлярлық антибластомдық резистенттіліктің механизмі қандай?

  7. Антиканцерогендік, антитрансформациялық, антицеллюлярлық антибластомдық резистенттілік арасындағы ерекшелік неде?

  8. Қандай антиоксиданттар сіздерге белгілі?

  9. Антиканцерогендердің элиминация механизмі қандай?

  10. Антицеллюлярлық антибластомдық резистенттіліктің қандай факторларын білесіз?


Тесттік тапсырмалар:

1. Антибластомдық резистенттіліктің қандай механизмдерін ажаратады?

А. антиканцерогендік

Б. антиноцицептивтік

В. антитіндік

Г. трансформациялық

Д. целлюлярлық

2. Антибластомдық резистенттіліктің қандай механизмдерін ажаратады?

А. канцерогендік

Б. антиноцицептивтік

В. антитіндік

Г. трансформациялық

Д. антицеллюлярлық

3. Антибластомдық резистенттіліктің қандай механизмдерін ажаратады?

А. канцерогендік

Б. антиноцицептивтік

В. антитіндік

Г. антитрансформациялық

Д. целлюлярлық

4. Антибластомдық резистенттіліктің антиканцерогендік механизміне не жатады?

А. канцерогендерге қарсы антиденелер

Б. ДНК репарациясы ферменттері

В. ДНК ген-супрессорлары

Г. макрофагтар

Д. кейлондар

5. Антибластомдық резистенттіліктің антитрансформациялық механизміне не жатады?

А. ДНК репарациясы ферменттері

Б. киллерлер

В. сенсибилизацияланған Т лимфоциттер

Г. иммуноглобулин

Д. ісіктер некрозы факторы

6. Антибластомдық резистенттіліктің антицеллюлярлық механизміне не жатады?

А. канцерогендерге қарсы антиденелер

Б. антиоксиданттық жүйе

В. канцерогендердің инактивациялану реакциясы

Г. апоптоз гендері

Д. макрофагтар және олардан бөлінетін интерферондар

7. Антибластомдық резистенттіліктің қандай механизмдері ісіктік өсу жасушаларын тежеуге бағытталған?

А. апоптоз гендері

Б. супрессор гендер

В. антиоксиданттық жүйе

Г. өт құрамында канцерогендердің элиминациясы

Д. NK-жасушалар

8. Антибластомдық резистенттіліктің қандай механизмдері қалыпты жасушалардың ісіктікке ауысуына кедергі жасайды?

А. канцерогендерге қарсы антиденелер

Б. антиоксиданттық жүйе

В. онкогендік вирустарды жою

Г. макрофагтар және интерферондар

Д. сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер

9. Антибластомдық резистенттіліктің қандай механизмдері канцерогендерге қарсы әсер етеді?

А. ДНК репарациясы ферменттері

Б. апоптоз гендері

В. ісіктер некрозы факторы

Г. киллерлер

Д. онкогендік вирустарды жою

10. Антибластомдық резистенттілік механизміндегі NK киллерлердің рөлі қандай?

А. ісіктік жасуша өсуін тежеу

Б. сау жасушалардың ісіктікке ауысуына кедергі жасау

В. канцерогендерге қарсы әсер ету

Г. канцерогендік әсерге ие

Д. ісіктік жасушалардың өсуін күшейту
Жағдайлық есептер:

1.

Асқазандағы карциномасын хирургиялық жолмен алып, химиотерапиялық ем жүргізгеннен кейін 7 ай өткенде науқаста сол жақ бұғана үсті аймағында лимфа түйіндерінің ұлғайғандығы анықталған. Биопсияларды тексеру кезінде олардың бірінен рактық жасушалар және алынып тасталған ісік жасушаларына морфологиялық ұқсас жасушалар табылған.

    1. Лимфа түйіндерде рактық жасушалардың пайда болуын ісіктік прогрессия феноменінің нәтижесі деп санауға болады ма? Осы феноменге сипаттама беру арқылы жауабыңызды түсіндіріңіз.

    2. Лимфа түйіндерде рактық жасушалардың пайда болуына байланысты мынандай тұжырымдар жасауға болады ма: - асқазан ісігінің метастазасы; - біріншілік полифокальдық ісіктік өсу; - асқазан карциомасы рецидиві; - басқа жаңа ісіктік өсу.

    3. Бұл жағдайда антицеллблярлық ісікке қарсы қорғаныстың қандай факторлары нәтижесіз болған?

    4. Бұл факторлардың депрессиясының мүкін болатын механизмі қандай?

2.

Тышқандардың тері астына химиялық қосылыстардың енгізілу кезектілігінің 3 нұсқасы берілген:

  1. ДМБА (диметилбензантрацен) → скипидар → кротонов майы

  2. ДМБА → кротонов майы → скипидар

  3. Кротонов майы → ДМБА → скипидар

    1. Тышқандарда қатерлі ісіктердің даму мүмкіндігі жоғары болуы үшін берілген үн нұсқаның қайсысын таңдаған тиімді болып табылады? Таңдауыңыздың кезектілігін түсіндіріңіз.

    2. Химиялық канцерогенездің кезеңдері қандай?

    3. Канцерогенездің бірінші кезеңінде қандай ішкі және сыртқы орта факторлары маңызды болып табылады?

3.

45 жасар әйел кісі хирург-мамологқа сол жақ сүт безінің ауырсынатынына шағымданып келген. Науқас мамандығы бойынша менеджер, соған байланысты стресстік жағдайларға көп ұшырайды. Сүт безінің УЗИ жасағанда – фиброзды-кистозды мастопатия анықталған. Дәрігер этиопатогенездік терапияға қосымша, науқасқа жеміс-жидектерді пайдалануды ұсынған.

  1. Бұл аурудың табиғаты қандай?

  2. Дәрігер науқасқа неге жеміс-жидектерді пайдалануды ұсынды?

4.

30 жасар науқас дәрігер-эндокринологқа басының айналуына, тұншығу сезімінің болуына шағымданып келген. Тексерген кезде: қалқанша безі ұлғайған, оң жағында көлемі кептер жұмыртқасындай болатын, қозғалғыш, жұмысақ түзіліс анықталған. Дәрігер тироксинмен гормондық терапияға қосымша антиоксиданттарды қабылдауды ұсынған.

  1. Науқаста қандай ауру дамыған?

  2. Дәрігер неге антиоксиданттарды қабылдауды ұсынған?

5.

Апитерапевтке қаралуға ер кісі жиі және ауырсынумен кіші дәретке баратынына, зәр қабында түйін барлығына шағымданып келген. УЗИ жасаған кезде зәр қабының алдынғы қабырғасында көлемі 0,2 мм – 0,3 мм болатын түзіліс анықталған. Апитерапевт науқасқа прополистің, жатыр сүтінің үлкен мөлшерін тағайындады және зәр қабы аймағына прополистің майлы ертіндісін жағуды ұсынды.

  1. Ара өнімдерінің антиканцерогендік әсері неге негізделген?

Похожие:

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconОҚытушының жетекшілігімен студенттердің Өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұСҚау статистикалық көрсеткіштерді есептеу. Деректерді графика түрінде кескіндеу
ОҚытушының жетекшілігімен студенттердің Өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұСҚАУ
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау «Ежелгі Грекия және Ежелгі Римде медицинаның дамуы»
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс
Мақсаты: Организмге төменгі атмосфералық қысымның әсерінің патогенетикалық механизмінің қазіргі таңдағы көзқарастары жайлы студенттердің...
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс
Тақырыбы: Гипокинезияның және химиялық факторлардың (ауыр металл тұздары) организмге ауру туындатушы әсері
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс
Тақырыбы: Механикалық әсерлердің (созылу, соғылу, қысылу, ұзақ жаншылу синдромы) организмге ауру туындатушы әсері
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс
Мақсаты: шоктық жағдайлардың және команың себептерін,түрлерін және жалпы өзгерістерін игеру
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница