Терең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі Жалпы талаптар




Скачать 191.07 Kb.
НазваниеТерең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі Жалпы талаптар
Дата конвертации09.11.2012
Размер191.07 Kb.
ТипДокументы


Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға

7-қосымша

Терең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі

1. Жалпы талаптар
Терең қада белгілер станциясы бір немесе бірнеше ұңғымалардан тұруы мүмкін, олар бетінен ұңғыланған немесе терең қада белгілер салынған тау қазбаларынан ұңғыланған. Станцияны салу мен оларда бақылауды кәсіпорынның бас инженері бекіткен жоба негізінде өткізеді. Терең қада белгілер станциясын салуға арналған жоба графикалық бөліктен және түсіндірме хатынан тұрады. Жобаның графикалық бөлігі мыналарды қамтиды:

ұңғымалардың жобадағы күйі мен олардың «байланыстары» бар тау- кен қазбаларындағы немесе жер үстіндегі бақылау станцияларының және тау-кен жұмыстарының бірлескен жоспары (масштабтар 1:1000, 1:500);

терең қада белгілерді салу орындары мен ұңғымалардың жобадағы орналасу күйі бар геологиялық қималар (масштабтар 1:500, 1:200);

таңдап алынған қада белгі мен тіркеуші құрылғының жұмыс сызбалары;

материалдар шығыны мен жұмыс көлемінің кестесі.

Түсіндірме хатта мыналар көрсетіледі: бақылау мақсаты мен міндеттері; станция салу сәтіндегі бақылау учаскесінің қысқаша тау-кен техникалық сипаттамасы; жұмыс және бақылау қада белгілері, ұңғымаларды болжау; таңдап алынған жұмыс және бақылау қада белгісінің типінің, тіркеуші құрылғының, байланыс типінің, қада белгілерді салу тәсілінің, қажетті қосалқы жабдықтардың негіздемесі мен сипаттамасы; бақылау жиілігі мен кезеңі.

2. Жұмыс және бақылау қада белгілері мен жабдықтарының типтерін станцияның орнын қалауды таңдау
Станцияны тұрғызу орнын қысқа уақытта қажетті ақпарат алу есебімен бақылау міндеттеріне сәйкес анықтайды. Кешенді бақылау станцияларының жобаларында ұңғымалар жылжу тән орындарда орналасады, негізінен кен қазбалары мен жер үстіндегі тұрғызылатын кескінді желілермен бір қиылыста орналасады.

Бақылауды қою қажеттігіне байланысты едәуір тереңдікте әртүрлі горизонтта, жоғарыға және төменге бағдарлай отырып, ұңғымаларды ұңғылайды. Ұңғымалардың саны бақылау деректерінің қажетті бөлшектерімен, жылжу процесінің әртүрлі шығуымен және басқа факторлармен анықталады.

Жұмыс қада белгілері мен оларды тұрғызу орындарын анықтаған кезде тау жыныстарының құрылымын, тау жыныстарының дамуын, болжамды жылжу сұлбасын ескерген дұрыс. Ұңғымадан біршама қашық қада белгілерді забойда немесе одан 1,0-1,5 м, келесілерін-біршама тән тау жыныстарының қабаттарында салады. Бір текті массивте қада белгілерді мақсатқа сай бірдей аралықта орналастырады. Тұрғызылатын массив деформациясын бақылауды жобалағанда ең кем дегенде екі қада белгі қоршаған тау жыныстарында (жоғары және төмен) орналасады, ал басқалары-тұрғызылатын массивте. Қосарланған ұңғымаларда қада белгілер «шахматты» тәртіпте (бір ұңғымада қада белгі басқадағы қада белгілер арасындағы аралықтың ортасында) орналасады. Қарама-қарсы ұңғымаларда қада белгілерді салғанда бірінші қада белгілер шамамен бірдей деңгейде орналасады; ал жақындары қазба аймақтарының артынан орналастырылады. Егер көрсетілген аймақ өлшемдері орнатылмаған болса, онда ұңғыма сағасынан бастап жақын қада белгіге дейінгі қашықтық 3 а кем болмайды, мұндағы а-қазбаның жартысынан көп көлденең өлшемінің жартысы.

Жер үстінен ұңғыланған ұңғымаларда, сағасына жақындар механикалық байланыспен 5-10 м мүжілген тау жыныстарының шекарасынан төмен орналасады. Терең қада белгілер арасындағы ең жақын аралық 1,5-2 м тең алынады.

Бақылау қада белгілерін қазба топырағында сағаға жақын (0,5-1 м), ал шығатын ұңғымаларда-сағадан тік (жабында бекітілген тіркеуші құрылғы). Еңіс шығатын ұңғымада оның осінің жалғасында қосымша бақылау қада белгісін тұрғызады.

Жұмыс қада белгісінің типі таңдау ұңғыманың тереңдігімен және бағдарлануымен, бекіту орнымен, тау жыныстарының құрылымымен және механикалық қасиеттерімен анықталады. Қада белгінің тіркеуші құрылғымен байланысы механикалық, механикалық емес те болуы мүмкін. Механикалық емес байланыстар ұңғымадағы қада белгінің күйін белгілейтін аспаптардың қолдануын қарастырады. Осы приборларды қайта-қайта ұңғымада орын ауыстырғанда прибордың беретін сигналы бойынша тіркеуші құрылғыға ұңғыманың сағасынан бастап қада белгіге дейінгі қашықтықты өлшейді.

Механикалық байланыстар икемді, қатты және үйлестірілген болуы мүмкін. Икемді байланыс ретінде 0,5-2,5 мм диаметрлі титан сымды немесе коррозияға төзімді болат сымды қолданады. Қатты байланыстар жеңіл балқытылған құбырлар немесе диаметрі 8-12 мм болатты және бұрандалы қосылыспен жалғанған 1,0-1,5 м әрбір штангы ұзындығын береді. Үйлестірілген байланысты түтікті тіркеуші құрылғысы бар ұңғымаларда қолданады. Олар созылған құрылғы функциясын атқаратын қатты бірнеше элементтері бар икемді байланыс үйлесімділігін білдіреді.

3. Қада белгілер мен тіркеуші құрылғылардың типтері, оларды бекіту тәсілдері

1-параграф. Терең қада белгілер
Орташа берік және төзімді тау жыныстарында 1-суретте көрсетілген қада белгілерді қолданады, оларды жер үстіндегі сияқты кен қазбаларында да тұрғыза беруге болады.

1-суретте көрсетілген қада белгілер, а, құрғақ тығыз ағаштан, бетоннан, металдан жасайды. Ағаш қада белгі корпусының 3 ұзындығы 0,5-1 м, металл 0,3-0,6 м, ұңғыма диаметрінен төменгі жақ диаметрі 10-15 мм кіші, ал жоғарғы жақ диаметрі төменгінің 0,6 диаметрін құрайды. Қада белгі осі бойынша металдан ортаңғы төлкесі 7) бар бойлық саңылау жасайды. Төлкені ұңғыма диаметрінен 10-15 мм үлкен резина шайбаның 2) төменгі бұрандамасымен 5) бекітілген. Қада белгілерді шықпайтын ұңғымаларда ғана қолданады.

Қада белгі өзінің салмағымен немесе білдіктің көмегімен ұңғымадағы бекітілетін орнына дейін, соңғы жағдайда қада белгі байланысына дейін барады.

а) б) в) г)


1-сурет. Орташа берік және төзімді тау жыныстары үшін терең қада белгілер типтері.



2-сурет. Қада белгінің эскиз-үлгісі (мм):

a - d = 75-90, t =15-20; б - d = 60—75, t = 10-15; в - d = 55-60, t = 10
ол жұмсақ сыммен қада белгіге бекітілген арнайы жеткізгішпен 6)-ұңғылағыш штангылар арқылы қамтамасыз етіледі. Қада белгі корпусы мен ұңғыма арасындағы кеңістік қада белгі корпусының биіктігінен үйілген баған биіктігі ұзын болмайтын есеппен қатты тау жыныстарынан 4)-қатты шарық тастармен жабылады. Ұңғылағыш құбырларды жоғары сілтегенде шиыршық тас корпусты алып тастайды, бекіту сымы үзіліп, ұңғымадағы жібергіш шығарылады. Төменгі қада белгілердің байланыс сымдары 1 ортаңғы төлке арқылы өткізіледі немесе оның көлденең қиығы арқылы корпус ішіне өткізіледі.

1, б)-суреттегі көрсетілген қада белгі шығатын және шықпайтын ұңғымалар үшін де қолданылады. Қада белгіні 3) үлгі-эскиз бойынша қалыңдығы t = 10-20 мм болат табақтан жасайды (2-сурет). Қада белгіде үш саңылау 2 теседі (1, б-суретті қараңыз). Екі шеткі саңылауда байланыс (4) сымы мен салмағы 8-10 кг болатын жүкті бекітеді, орталық саңылауда-төменгі қада белгілердің байланысын өткізуге арналған ілмек. Саңылау арқылы шықпайтын ұңғымаға жүкті бекіткен қада белгіні тұрғызғанда, байланыс сымын шамамен көлденең желіге бекітеді. Қада белгі өзінің салмағымен бекітілген орынға дейін түседі, байланыспен қосалқы сымды үзеді де, жүк қада белгінің корпусын бұрады. Осы қада белгі типін қолданғанда шығатын ұңғымада жеткізгіштің орнын шанышқылы жеткізгіші бар штангылар атқарады, көлденең баған цапфаларында ұшында екі сақинасы бар сымды оське салады. Жүкті алып тастайды. Байланыс сымы бекітіліп тұрған саңылау осьтен жоғары болады. Қада белгіні жеткізілген орнында ұстап тұрып, орталық ось бойында айналдырады, содан кейін жеткізгіштегі штангыларды алып тастайды.

Қада белгі (1, в-сурет) 1)-түтікті корпустан тұрады, оның бүйірлік саңылауларында осьтеріне 4) «сырғалары» бар 6)-зәкірді бекітеді. Зәкір «сырғалары» 5)-тартқыштармен 4)-сақиналарға бекітеді, ал оған 2)-байланыс сымын қосады. Зәкір өлшемдері мен корпус диаметрі ұңғыма диаметріне байланысты болады, мұнда ұңғыма қабырғаларымен ілінісу бұрышы шамамен 30-50° болады да, ал зәкірдің «сырғалары» 70° жоғары бұрыла алмайтындай болады. Төменгі қада белгілердің байланыс сымдарының корпусында бірдей орын алмастыру үшін тісті 3)-қақпақ бар.

1, г-суретте көрсетілген қада белгіні әр түрлі бағдарланған ұңғымаларда қолмен немесе механикалық жеткізгішпен қатты, икемді байланыс үшін қолданады. 2-корпустың ұзындығы 30-60 см болатын құбыр су тесігінен жасайды, ал тегіс серіппелерді 1-серіппелі болаттан және оны біліктермен немесе екі-үш қабатты жонып дәнекерлейді. Серіппелердің төменгі қабаттарын 45°, серіппелердің иілу бұрыштары шамамен 30-50о болады, ол серіппенің қажетті қаттылығын қамтамасыз ететін корпус диаметрін анықтаудан шығады. Қатты байланыспен қада белгіні тұрғызғанда байланыс штангысының ауырлығынан, не болмаса жарылым әсерлерінен сусып кетпес үшін серіппенің төменгі бөлігін жеткізгіш 3 бағытына қарсы бос ұштармен бекітеді. Осы серіппелердің ұштарына серіппесі бар қаптама кигізеді (түбі бар құбыр кесіндісі), ол жеткізгіш 4 жүрісі бойынша бекітілген. Қада белгі жеткеннен кейін қаптамаға дейін оны штангамен ұрады да, қада белгіні ұңғымада мықтап бекітеді. Икемді байланысты қолданғанда қада белгі жеткізгішін бірге өткізеді. Соңғысы қада белгімен айырымды, ол жеткізу барысында қада белгінің бұрылуына мүмкіндік береді.

Тығыз тау жыныстарында 3-суретте көрсетілген ұңғыма қабырғаларымен ілінісу аймағы үлкен қада белгілерді пайдаланады. 3, а-суретте көрсетілген қада белгіні кез келген байланыс типінде және бағдарлау ұңғымаларында қолданады. Қада белгі секциялы немесе 2)-тегіс пластиналары бар дөңгелек немесе 1)-тегіс корпустан тұрады, пластинаның бірін мықтап корпусқа бекітсе, ал басқасын 4)-белдіктерде орналасқан 3)-серіппелерге қысады. Қада белгіні тұрғызғанда қысылған күйде серіппені конусты шплинтпен ұстап тұрады, олар қосалқы кішкентай тростармен жалғанған. Қада белгіні орнына жеткізгенде шплинттер троспен көтереді, серіппені босатады, олар ұңғыма қабырғасына қада белгіні қатты бекітіп тұрған. Төменгі қада белгілердің байланыстарының сымдары корпус ішінде өткізеді. Қада белгі (3, б-сурет) аз (10-15 м) ұзындықтағы кез келген бағдарланған ұңғымада қатты байланысқа қолданады. Қада белгілердің саны берілген диаметрдегі ұңғыма ішіндегі байланыс штангысының орналасу мүмкіндігімен шектеледі.


3-сурет. Берік массивті тау жыныстары үшін үлкен ілінісу аймағы бар терең қада белгілер типтері.
Корпусқа 3) тісті 1) пластинаны бекітеді. Корпустың ортасына шынжырлы бұрандасы бар 2) бұранданы бекітеді, ол тісті ілгекпен 5) осьте 4) бекітіледі. Бұрандалы қосылысы бар бұранданы штангылы байланыспен бекітеді. Қада белгіні байланыс штангыларымен бекіту орнына дейін жібереді, олар бұрандалы қосылыс орындарында штифтермен жалғанған. Ілгектерді бекіту орындарында штангының айналуымен ұңғыма қабырғасына дейін бұрады. Қада белгіні шығатын ұңғымаларды салғанда ілінісуді қайта салады. Қада белгілерді бірнеше рет қолданады. Тұрғызғанда ұңғыма диаметріне дейін жіктестіру мүмкін, сол себепті бірнеше рет қада белгіні тез ауыстырады, штангыны айналдыру тоқтатылмайды.

3, в-суретте көрсетілген қада белгі топсалы қада белгілерге жатады. Корпус 4 ретінде құбыр кесіндісін қолданады немесе корпусты ұңғыма радиусына дейін жазықтығы дөңгелектелген болат табақтан жасайды. Корпустың бағандарында 1) еркін айналатын бұранда 3) орналасқан, оған муфта 2) жалғанған. Муфта мен төменгі бағанға топсалы түрде рычагтар 5) жалғанған, олар да өзара топсалы қосылған. Бұрандалы қосылыс қатты байланыс штангыларымен бекітіледі. Қада белгіні бекіткен жерде штангыны айналдырады. Бұрандаға қоса бұралған муфта ұңғыма қабырғасына тіреп рычагтарды жылжытады. Бірнеше рет жай бекітілген қада белгіні суырып алу керек, ол ұңғыманың диаметрлі жазықтығында бекіту үшін жасалады. Қада белгіні қайта қолдану штифтердің штангыларын қосымша қайта қосқанда мүмкін. Қада белгі икемді байланыспен де қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда қада белгілерді орынға дейін жібереді де, оларды штангылармен бекітеді. Оларды содан соң алып шығады, олардың орнында қиып алады.

3, г-суретте көрсетілген қада белгі кез келген азғана (15-20 м) тереңдікте ұңғыманы бағдарлағанда кез келген байланыс типімен қолданылады,. Қада белгі конус тәрізді 1) металдан және кесілген 3-4 ағаш төлке 2) тұрады. Қада белгіні штангының көмегімен бекіту орнына дейін жіберіп, содан кейін жеткізгіш соққысымен оны басады.

Жай тау жыныстарында ұңғыланған ұңғымаларда герконды қада белгілерді қолданған жөн, себебі олар 2-5 еніндегі металл сақинаны білдіреді, олар керамикалық немесе пластика құбырларда арнайы 0,5-1 м енді паздарда бекітілген. Осы сақина-қада белгілердің орналасу орны ұңғымада арнайы прибордың көмегімен анықтайды-ол магнитті герметикалық түйіспе (геркон), ол ұзындық өлшегіш ДА-2 атты өлшегіш таспамен ұңғымаға түсіріледі немесе өлшегіш штангылармен түсіріледі. Геркон өткен сәтте сақина қада белгі бойында тұйықталу болады да, ол арнайы аппаратураға түсіріледі. Жай ауысатын тау жыныстары жағдайында, ұңғыма қабырғасын ұстап тұру үшін құбырлар қолдану керек немесе ұңғымаға еркін қатынау керек болған жағдайларда радиоактивті қада белгілерді қолданады. Оларды әдетте жер бетінен ұңғыланатын ұңғымаларға тұрғызады. Олар бронды өтпейтін түрде жасалған гамма-сәулелену көзін білдіреді, ұңғыма қабырғасына 50-100 мм оқты заряд пен арнайы перформатор көмегімен атылған. Қада белгінің күйін радиографикалық прибордың көмегімен анықтайды, оны ұзындық өлшегіштің өлшегіш сымымен ұңғымаға түсіреді. Радиограф-бұл автоматты фотокамера, ал оларға гамма-сәуле түскенде фототаспаны шығара алатын люминиформен жабдықталған.

2-параграф. Тіркеуші құрылғылар
Тіркеуші құрылғының құрылымына қарамастан, құрылғы жинақтаушы рамадан, созылатын құрылғыдан, ауысу датчиктерінен және приборлардан тұрады. Икемді байланысы бар тіркеуші құрылғы мыналарға ажыратылады: рамалы-блокты; барабанды (фрикциялық); рычагты (иінді) серіппелі. Қатты және үйлесімді байланыс үшін тіркеуші құрылғылар ашық және жабық (құбыр) типті болуы мүмкін.

Жер үстінде орналасқан станциялар үшін немесе жеткілікті түрде кең қазбалардағы станциялар үшін, аз болатын орындарда, сенімді оқшаулану мүмкіндігінде қазба бөліктері рамалы-блокты тіркеуші құрылғылар жақсырақ келеді, олар рамадан (тегіс, шеңберлі, төрт тағанды) көлденең осьтерде салынған бос блоктардан, созылмалы жүктер мен санаушы құрылғылардан тұрады.

4, а, б, в-суреттерде төрт таған типті (ВНИМИ әзірлемесі) рамасы бар тіркеуші құрылғының ықтимал нұсқалары көрсетілген. Дәнекерленумен жалғанған рама 2) жақтаулары 0,3-0,5 мм тереңдікке бетондалған, ал 1)-тартқыштар дәнекерлеумен бекітілген. Ось 3)-блоктарды салғаннан кейін бағандарда блоктарды 4) бекітеді.

4-сурет. Ұңғымалар үшін рамалы типті тіркеуші құрылғылар типтері:

а- шығыңқы; б – көлденең; в - басыңқы.
Қада белгілер көп болған жағдайда блоктар 2-3 осьтерде орналасуы мүмкін. Блоктар жеңіл металдардан, аз фрикциялық төлкелерден (мойынтіректерден) және диаметрі 200 мм кем болмайтын футеревкадан жасалады. Байланыс сымының бос ұшын блок арқылы тастап, соған 6)-жүкті үнемі бекітеді. Рамада жылжымайтын 5)-индекс бекітілген, ал сымда-жылжитын 7)-индекс. Рамаға жақын бақылау 8)-қада белгісі бетондалады.

Шығыңқы ұңғымалар үшін үстіңгі беттен немесе кен қазбаларынан 5-суретте көрсетілген барабанды немесе рычаг типті тіркеуші құрылғылар қолданылады.

5, а-суретте көрсетілген тіркеуші құрылғылар жинақтаушы білдектен 1), ол ұңғыма сағасына мықты бекітілген, бір қатарға оралған, сым қоры бар 4-6 блоктардан тұрады. Блоктарды жинақтаушы бағандарға 2) бекітеді. Оған сонымен қатар серіппелі пластиналар 5) мен тежегіш дискілер 3 бекітілген. Блокты тежеу күші гайкамен 6) реттеледі. Өлшеуді кез келген прибормен білдектің белгіленген нүктесінен бастап байланыс сымының индексіне дейін немесе қосымша орнатылған айналымдар санауышы бойынша жасайды. Ұңғымада қада белгілер санын арттыру үшін барабандары бірнеше осьтерге бекітілген рамалы білдекті қолданады.




5-сурет. Тіркеуші құрылғылардың типтері:

а, б – барабанды (а – алмасуды тікелей өлшеу арқылы, б – қашықтан алмасуды өлшеу); в – герметикалық қаптамасы бар рычагты
5, б-суретте көрсетілген тіркеуші құрылғы санау жағынан үлкен дәлдігі (1 мм) мен 7)-барабанды жетекпен қосылған реостатты датчиктің көмегімен қашықтан бақылау мүмкіндігінен тұрады.

5, в-суретте көрсетілген тіркеуші құрылғы басыңқы ұңғымалар үшін ғана қолданады, әсіресе агрессивті орта жағдайларында. Ол конусты түтікшесі бар 1)-платформадан 2)-пирамидалы тіреулерден 4-6 тұрады, оларға салмағы жағынан қарама-қарсы дискісі 7) бар рычагтарды тұрғызады. Рычагтардың өлшейтін алаңдары 5) байланыс бекітпесінің 9) нүктесінде ортасымен шар сегменті пішінінде жасалған. Платформа қаптамамен 8) жабылған, оның өлшеу терезелері 3)-арқылы қада белгілердің ауысуын өлшейді; терезелер пердешелермен 4 жабылған.

Шектелген кеңістік жағдайында, адамдар мен көліктің қарқынды қозғалысында, тіркеуші құрылғыларды жабық күйде орналастыру қажеттілігінде серіппелі типтегі жинақтаушы тіркеуші құрылғыларды қолданады. Созылу құрылғысының ролін атқаратын серіппеге байланыс сымы бекітілетіндігінде құрылым жағынан ерекше болып табылады. 6-суретте серіппелі типтегі тіркеуші құрылғылардың әр түрлі құрылымдары көрсетілген. 6, а-суретінде көрсетілген құрылғыны агрессивті емес орта үшін қолданады.

Ол 8)-платформадан, 6)-тіреулерден тұрады, олар платформамен мықты бекітілген, 3)-жоғары және 1)-тіреуші бағандар платформасы, олардың саңылауларында 5)-итергіштері бар 4)-штоктар орналасқан. Штоктар мен плита 1) арасында қысуға жұмыс істейін 2)-серіппелер орналасқан. Байланыс сымын штокқа бекітеді. Орын ауыстыруды өлшеуді платформаның белгіленген нүктесі мен сым индексінің арасында не болмаса қойғышы бар 9) сағат типті 7) индикатор көмегімен жасайды. Біршама күрделі жағдайларда гильзасында серіппесі жабық тіркеуші құрылғыны қолданады [8].


6-сурет. Тіркеуші құрылғы типтері:

а - серіппелі; б - поршеньді; в – поршеньді құрылғы датчигі.
6, б-суретте көрсетілген тіркеуші құрылғы оның орналасуын жасыру қажет болғанда және агрессивті орта жағдайларында қолданады. Датчиктерді 1) ұңғыма сағасына бекітілетін тіркеуші құрылғының 2) түтікті корпусында жөндейді. Датчик пісірілген түбі 12) мен 5) қақпағы бар 4)-түтікті қаптамадан (6, в-сурет) тұрады, саңылау бойымен 11)-түтікті шток мықты бекітілген 10)-поршені бар. Поршень мен қақпақ созылуға жұмыс істейтін серіппемен 9) байланысқан. Байланыс сымдарын өлшеуші тереземен 8) бірге қақпақпен 6) жабады. Поршень мен қақпақ жазықтықтарының арасындағы алмасуды өлшейді. Ерекше агрессивті орта жағдайларында датчик қаптамасын сұйық маймен толтырады, ал түбінде 3)-сальнигі бар төменгі тығындауышты 13) бұрайды.

ВНИМИ әзірлеген қатты байланысқа арналған тіркеуші құрылғы 7-суретте көрсетілген. Тіркеуші құрылғы (7, а-сурет) конусы 1) бар дискіден 2) тұрады, онда қатты байланыс 5) үшін штангыны өткізу үшін саңылау 4) тесілген. Диск жазықтығына қарай (белгіленген нүктеге дейін) салыстырмалы түрде байланыстың (қада белгілердің) штангыларының ұштарының ауысуын өлшейді. Қажет болғанда платформаны қаптамамен 3) жабады.

Тіркеуші құрылғы (7, б-сурет) құбырлары әр түрлі ұзындықтағы қаптамасы 2) бар түтікті дәнекерленген корпустан 1) (қада белгілері бойынша) тұрады. Олардың сыртқы жақтарында 3)-паздар бар. Олар штангенциркульдің айналуын орнатуға мүмкіндік береді. Әр түрлі бағыттарға бағдарланған серіппелер 4) болғанда батыңқы ұңғыма жабдықтары үшін қолданады. Ұңғыма сағасында тіркеуші құрылғы жеткізгішін серіппелерді босата отырып, серіппелердің төменгі жағынан орынға құрылғыны орнатқаннан кейін 5)-саптаманы қолдану арқылы жасайды.





7-сурет. Қатты байланыстың қада белгілерімен жабдықталған шығыңқы (а,б) және басыңқы (в) ұңғымалар үшін тіркеуші құрылғылар типтері.
7, в-суретте көрсетілген тіркеуші құрылғы 7, б-суретте көрсетілген құрылғыға ұқсас, серіппелер бірдей бағытталған, бірақ шығыңқы ұңғымаларда қатты және үйлесімді байланыста қолданылуы мүмкін. Осы жағдайдың өзінде де агрессивті орта үшін байланыс штангылары керек, олар тіркеуші құрылғылармен түйіседі, оқшаулайтын (жылтыр бояу, бояу, оқшаулағыш таспа мен басқа да материалдар).

Аталған тіркеуші құрылғылардан басқа қатты және үйлесімді байланыс үшін арнайы әдебиетте көрсетілген басқа құрылғылар, тіркеуші құрылғылар типтері де қолданылады.

4. Қада белгілерді тұрғызғанда қолданылатын қосалқы жабдықтар, айлабұйымдар
Қада белгілердің көптеген типтерін тұрғызғанда жеткізгіші бар 50-60 штангыдан тұратын жиынтық болу керек, олар қолданылатын қада белгі типіне құрылымы жағынан сай болады. Штангыларды 20-25 мм диаметрде жеңіл балқытылған құбырлардан жасайды, олардың ұзындығы 1,0-1,5 м болу керек, бұрандалы төлкелермен немесе муфталармен жалғайды.

Бухтадан сымды орап алу үшін қарапайым барабанды қолданады, ол тік осьте айналып тұрады. Бухтадан сым сақиналарын лақтыруға болмайды. Сымның бос ұштарын қада белгілерді тұрғызғанда және тіркеуші құрылғыны жөндегенде қысқыда (8, а-сурет) жасайды. Ілмегі бар крест тәрізді корпусты қазба қабырғасына бекітеді. Қысқыш 1)-пластиналар резина төсемдерімен, тесіктері 2) бар, бұрамалармен бекітеді. Әрбір пластинаны нөмірмен маркалайды. Қада белгілерді тұрғызу шамасына қарай байланыс сымдарын сай маркалаумен пластина астына салады да, бұрамалармен созылған күйде қысады. Тіркеуші құрылғыны жөндегенде байланыс сымдарын ұқсас қысқыштарға (3-4 сымға) қысады, олар ұңғыма сағасында орнатылады.


8-сурет. Қада белгілерді салғанда және бақылауды өткізгендегі қосалқы жабдықтар: а - қысқыш; б – қосалқы жүк; в - динамометр.
Бақылау өлшеулерінде қосалқы жүкті (8, б-сурет) 10-12 кг салмақта қолданады немесе қысқыш бұрамалары бар (жұмсақ металдан жасалған жоғары пластина) екі металл пластинасы бар динамометр (8, в-сурет) қолданады. Тіркеуші құрылғылар үшін негізгі жүк рама-блокты типте табақты немесе дөңгелек болаттан жасап шығарады. Терең емес ұңғымалар үшін жүк салмағын сым диаметріне қарай (50 м дейін) таңдап алу ұсынылады [9]:
d, мм 0,5 0,8 1,0 1,2

G, кг 3 5 8 12
Біршама тереңірек ұңғымалар үшін диаметрі 1,0-2,5 мм сымдарды қолданса, ал тұрақты жүк салмағы қада белгі-блок учаскесінде сым салмағынан 7-10 кг артық болады. Серіппенің болжамды созылуы 60-120 Н болады.

5. Қада белгілерді салу, бақылау станциясының жабдықтары
Ұңғыманы ұңғылап болғаннан кейін геологиялық сипаттамасы бойынша немесе шламның шығу сипатына қарай тау жыныстарының бұрғылануына байланысты тау жыныстарының бұрғылану аймақтарын, баған құрылымын, тектоникалық бұзылуларды, карстты және басқа бос орындарды, сонымен қатар жарықшақтылыққа бейімділік қарқындылығын дәл анықтап, терең қада белгілер мен басқа өлшеу құралдарының жобасына қажет өзгерістерді енгізеді. Қада белгілерді ұңғыма бұрғыланғаннан кейін 2-3 күннен кеш емес мерзімде өткізеді. Қада белгілерді тікелей салмас бұрын бірқатар дайындық жұмыстары жасалады: кондукторды орнатады; тіркеуші құрылғыларын монтаждау үшін шпураны бұрғылайды; сымды орауға арналған айлабұйымды орнатады; қысқыштарды бекітеді; тіркеуші құрылғыға біртіндеп монтаж жасайды, қада белгілерінің нөмірлері бар таңбашаларды дайындайды; бақылау қада белгісін салады және тағы сол сияқты. 8-10 орамасы бар қада белгі корпусының саңылауында байланыс сымының бойымен тығыз бос сым ұшын бекітеді.

Қатты байланыстың штангысын қайта пайдалану мүмкіндігі үшін бірінші бұрамалы қосылысты штифтемейді және көп қою техникалық жаққышпен майлайды. Жібергіш штангыларды қолданғанда қада белгіні жібергішпен байланыстырып бекітеді. Қада белгіні икемді түрде ұңғымаға жібергенде штифті бұрама қосылыс бар штангыны біртіндеп көбейтеді. Ұңғыма сағасына қатысты қада белгі күйін штанг санымен немесе оралған сым ұзындығымен анықтайды. Бекіту орнына қада белгіні жеткізгенде, ол ±0,1 м дәлдікпен анықталады, оны бекітіп, жеткізгішті ағытып, оны алғанда салу тереңдігін соңғы рет өлшейді. Қада белгінің қозғалмайтынына сенімді болғаннан кейін, сымды кесіп тастайды да, 2-3 м кейінге қалдырады, сымға маркаланған таңбашасын іліп, созылған күйдегі қысқышқа сай пластинамен бекітеді.

Келесі қада белгілерді салуды осыған ұқсас етіп жасайды, мұнда алғашқы қада белгілердің байланысы салынатын қада белгінің корпусының ішіне салады, не болмаса арнайы айлабұйымға орналастырады (ілмек, рамалар немесе басқа айлабұйымдар). Қатты байланыста штангтың бос ұштарын барлық қада белгілердің барлығын салғаннан кейін кесіп тастайды. Мұнда штанг ұштары әр түрлі деңгейде жылжымайтын индекстен 3-5 м шамасында орналасады. Барлық қада белгілерді салып болғаннан кейін тіркеуші құрылғының соңғы жабдығына көшеді:

байланыс сымдарын басқа қысқышта бекітеді де, кондукторға (сағасына) орнатады;

раманы, созылғыш құрылғыны, қозғалмайтын индекстерді және тағы сол сияқты соңғы рет жинақтайды;

бұрын жасалмаған болса, созылатын құрылғыларды маркалайды;

корпусты бекітуге ұқсас түрде бір ізбен байланыс сымын сағаға имей, созылатын құрылғыға бекітеді және созылу байланыстарының қажеттісін қамтамасыз етеді;

қада белгілердің ауысуын өлшеудің қозғалмайтын индекстерін бекітеді немесе тұрақты өлшеу приборлары;

күштің өзгеруімен (қолдан, қосалқы жүкпен) әрбір қада белгі бойынша жүйе жұмысын тексереді, (жүк, блок) индекстер бастапқы күйіне келетіндей.

Аяқталғаннан кейін ұңғыма жабдықтары рама-блокты және серіппелі типтегі тіркеуші құрылғылар үшін жүйе жүрісінің шамасын анықтайды, ол өлшеу приборымен («өлі» жүріс) белгіленіп отырмайды. Оны мына тәсілмен анықтайды:

созылу жүйесін (қолдан да болады) жүктеп алып және жүкті алып тастап, қозғалмайтын индекске қарап қозғалатын индекс күйін өлшейді. Жүкті көтерумен немесе байланыс созылуын әлсіздендірумен жүйеге жүктейді де, қайта жүктеп алып қозғалатын индекстің екінші күйін өлшеп алады. Өлшеу айырмашылықтары жүйе инерттілігін сипаттайды. Өлшеуді екі-үш рет жасайды және жүйенің «жансыз» жүрісінің орташа мәнін станция карточкасына енгізіп, бақылау дәлдігін бағалауда қолданады. Қатты байланыспен қада белгіні салғанда мына ретті сақтаған дұрыс:

бір ізбен барлық қада белгілерді салады;

әрбір қада белгінің соңғы штангысына бойлық саңылау арқылы маркаланған таңбашаны бекітеді;

тіркеуші құрылғының құбырларын (саңылауларын) маркалайды және оларға сай штангы ұшын әкеледі;

тіркеуші құрылғыны соңғы рет бекітеді және қорғаныс қаптамасын (егер қажет болса) бекітеді.

6. Бақылауды өткізу
Бастапқы бақылауларды терең қада белгілерді салғаннан кейін 2-3 күннен соң жасайды, олар екі тәуелсіз бақылау сериясын қамтиды. Әрбір серия мыналардан тұрады: бақылау қада белгісінің биіктікті байланысынан; тіркеуші құрылғы (қозғалмайтын индекс) мен бақылау қада белгісінің арасындағы арақашықтықты өлшеу; қозғалмайтын индекспен салыстырғанда қозғалатын индекс күйін анықтау.

Ұңғымалардың осьті орналасуында басыңқы және шығыңқы ұңғымалардың қозғалмайтын индекстерінің арасындағы аралықты өлшейді. Бастапқы мәліметтерге өлшенген шамалардың орташа арифметикалық мәндерін алады. Сымды байланыспен жабдықталған станцияларда өлшеу мен бақылау нәтижелерінің дәлдігін арттыру үшін, ұңғымада сымдардың әрбір қысылуында әрбір бақылаған сайын екі түрлі сымның созылуы кезінде жасайды. Бақылау процесінде қосымша созылу есебінен сымның тұрақты ұзару мәні-терең қада белгілер мен өлшеу нүктесінің арасында сымның ілініп кеткендіні болмағандығының белгілі бір кепілі. Осы мән өзгерген жағдайда сымның шамамен ілінген жерін мына формула бойынша анықтауға болады:
Нз = НR,

мұнда HR-терең қада белгіге дейінгі аралық; Δlо-бастапқы бақылау сериясында сымның ұзаруы; Δli-бұл да келесі бақылау серияларында.

Бастапқы бақылау сериясында сымның ұзару мәнін мына өрнек арқылы бақылауға болады:

Δlо = ,

мұнда ΔР – жүктеменің артуы; Е – сым материалының серпімділік модулі; S-сымның көлденең қиылысу ауданы.

Терең қада белгілер станциялары бойынша бақылау нәтижелерін өріс журналына жазады. Күдік тудыратын өлшеу нәтижелерін алғанда 2-3 күннен кеш қалмай бақылауды қайталаған дұрыс. Нәтижелерді өңдеуді арнайы журналда жүргізеді. Қада белгінің ұңғыма осінің бойында орын ауыстыруын ұңғыма осінің бойынан қашық қозғалмайтын индекс пен қозғалмайтынға қарағанда қозғалатын индекстің қосындысы ретінде есептейді. Есептелінген орын ауыстырулар бойынша әрбір қада белгінің, ұңғымада ауысу жылдамдығы мен деформация жылдамдықтары, қада белгілер арасындағы абсолют және салыстырмалы деформация аралықтарын есептейді. Алынған мәліметтерді әрі қарай тау жыныстарының жылжу аймақтарын анықтау үшін және жылжу процесінің параметрлерін анықтау үшін қолданады.

_____________________


Похожие:

Терең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі Жалпы талаптар iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Терең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі
Терең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі Жалпы талаптар iconТау жыныстарының беріктік қасиеттерін анықтауға жалпы нұсқаулар
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Терең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі Жалпы талаптар iconБақылау станцияларына арналған қада белгілерді орнатудың типтері мен тәсілдері Жер бетіндегі бақылау станциялары
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Терең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі Жалпы талаптар iconТау жыныстарының жарықшақтығын зерттеу бойынша жалпы нұсқаулар
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Терең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі Жалпы талаптар iconБеттің және тау жыныстарының жылжуын бақылауға арналған приборлар мен құрылғылар Тіктеуіштер
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Терең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі Жалпы талаптар iconБақылау станциясының қада белгілерін тригонометриялық нивелирлеу Жарық-қашықтық өлшеуішпен арақашықтықтарды өлшеу
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Терең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі Жалпы талаптар iconБақылау станциясының қада белгілерін тригонометриялық нивелирлеу Жарық-қашықтық өлшеуішпен арақашықтықтарды өлшеу
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Терең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі Жалпы талаптар iconТау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша жұмыстар туралы жылдық есептің мазмұны Кіріспе
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Терең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі Жалпы талаптар iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша жұмыстар туралы жылдық есептің мазмұны
Терең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі Жалпы талаптар iconКөзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница