Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02




Скачать 338.78 Kb.
НазваниеФ кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02
страница1/3
Дата конвертации28.12.2012
Размер338.78 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3


Ф КГМУ 4/3-03/02

ПП КГМУ 4/02

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАУНИВЕРСИТЕТІ



Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы


СИЛЛАБУС


«Жұқпалы аурулар иммунопрофилактикасы» элективті пән бойынша
051101- «Мейірбике ісі» мамандығы үшін
Оқу сағатының көлемі 135 сағат (3 кредит)
Курс 3
Семестр 5-6

Қарағанды 2012ж.

Силлабус «Жұқпалы аурулар иммунопрофилактикасы» элективті пән бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде 051101- «Мейірбике ісі» мамандық үшін құрастылған. Хаттама №13 24.02.2011ж.


Силлабус кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді

«____» ____________________ 2012ж. Хаттама№ ____




Кафедрасының меңгерушісі, доцент ______________ Ф.М. Шайзадина


Оқытушылар туралы мәлімет:

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент: Шайзадина Фатима Мейрхановна, пед. стаж– 19 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: Ауруханаішілік инфекциялардын эпидемиологиясы мен профилактикасы. «Хирургиялық стационардағы іріңді-септикалық инфекциялардың эпидемиологиялық сипаттамасы» тақырыбында 2004 ж. Алматы қаласында кандидаттық диссертация қорғады - 14.00.30. – эпидемиология. Ғылыми жетекшілері м.ғ.д., профессор А.Б. Абишева, м.ғ.д., профессор К.Б. Оспанова.

Мемлекеттік тілде дәріс оқиды.

Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Пак Анатолий Сан-Нериевич, пед. стаж 41 жыл. 1995 ж. Алматы қ. «Ірі кәсіби қалалардағы шигеллездердің эпидемиологиясы (Қарағанды қаласының кәсіптік аймақ мысалында) тақырыбында КИЭМИБ кандидаттық диссертация қорғады. мамандығы – эпидемиология – 14.00.30 т: 50 ғылыми еңбектің авторы. Эпидемиология кафедрасының бұйрығы бойынша ассистент, аға оқытушы, доцент болып жұмыс жасады.

Аға оқытушы: Брицкая Татьяна Михайловна, пед. стаж – 30 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: туберкулездің эпидемиологиялық мәселелері мен иммунопрофилактикасы.

Қазір медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесіне арналған кандидаттық диссертация орындауда, тақырыбы: «Орталық Қазақстанда жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайында туберкулездің эпидемиологиялық мәселелері».

Ғылыми жетекшілері: профессор Шпаков А.Е., профессор КИЭМИ Алматы қ. Сыздыков М.С. мамандығы 14.00.30 – эпидемиология. Баспа жұмысы – 26, 4- әдістемелік ұсыныс (баспа).

Орыс тілінде тәжірибелік сабақ жүргізеді және дәріс оқиды.

Аға оқытушы: Анатолий Иванович Лавриненко, пед. стаж- 26 жыл. Ғылыми қызығушылығы: әскери эпидемиологияның сұрақтары, ішек инфекциялардың эпидемиологиялық мәселелері.

Орыс тілінде тәжірибелік сабақ жүргізеді және дәріс оқиды.

Оқытушы Бейсекова Мауза Мараловна Пед. стаж – 7 жыл. Публикация саны – 3. Мемлекеттік және орыс тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Оқытушы: Алышева Несипкуль Орынтаевна Пед. стаж – 15 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: «Эхинококкоз мысалында паразитарлық инвазияларға эпидемиологиялық қадағалау»

Жетекшілері: м.ғ.д., профессор Оспанова К.Б., ғылыми консультант м.ғ.д., профессор Сыздыков М.С. мамандығы – 14.00.30- «эпидемиология»

Баспа жұмысы – 20, 4 - әдістемелік оқу құралы (баспа).

Мемлекеттік және орыс тілінде тәжірибелік сабақ жүргізеді және дәріс оқиды.

Оқытушы: Ташетова Айгул Балабековна. Пед. стаж –7 жыл. Мемлекеттік және орыс тілінде тәжірибелік сабақ жүргізеді.

Медицина ғылымының кандидаты, оқытушы Кантемиров Марат Райханович. Пед. стаж – 22 жыл.

2000 жылы ЖАКӨзЭМЖАҒЗИ «S. typhumurium тудырған сальмонеллез кезіндегі эпидемиялық процестің ерекшеліктері және оларға эпидемиологиялық қадағалауды жетілдіру жолдары (Ташкент қаласы мысалында)» тақырыбына кандидаттық диссертацияны қорғады. 24 ғылыми жұмыстың авторы.

Оқытушы: Камарова Айсулу Макашевна. Пед. стаж – 8 жыл. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде тәжірибелік сабақ жүргізеді және дәріс оқиды.

Ғылыми қызығушылығы: паразитарлы аурулар. Публикация саны – 3, ағылшын тілінде

Оқытушы: Кутышева Айза Тулебаевна. Пед. стаж – 5 жыл. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде тәжірибелік сабақ жүргізеді

Оқытушы: Абуова Ғазиза Темиралиевна. Пед. стаж – 3 жыл. Мемлекеттік және орыс тілдерінде тәжірибелік сабақ жүргізеді.

Оқытушы: Меңдібай Салтатан Танашқызы. Пед. стаж – 5 жыл. Мемлекеттік және орыс тілдерінде тәжірибелік сабақ жүргізеді. Публикация саны – 2.

Оқытушы: Құдайбердиева Салтатан Мамайқызы. Пед. стаж – өтілдік-оқытушы. Мемлекеттік және орыс тілдерінде тәжірибелік сабақ жүргізеді.
Байланыс ақпараты: Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы мына мекен жайда орналасқан: №4 оқу корпусы, Гоголь көшесі 40, тел.51-37-98 (127). epidemiology00@mail.ru.
Пәннің саясаты:

«Жұқпалы аурулар иммунопрофилактикасы» элективті пәнін зерделеген кезде студенттер эпидемиологияны инфекциялық патологияны медициналық биология мен микробиологиядан бастап инфекциялық аурулардың клиникасына дейінгі және тәжірибеде профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырудың мәселелерін біріктіру мүмкіншілігі бар, интегративті, әдістемелік ғылым ретінде көрсетілетін, эпидемиялық процесс туралы ілімді меңгеруі қажет.

Пәнді зерделеу соңғы тәжірибелік сабақта жүргізілетін емтиханмен аяқталады. Емтиханға СӨЖ тапсырған пән бойынша қарыздары жоқ студенттер жіберіледі. Тәжірибелік сабақты босатқан студенттер тақырыпты компьютерлік орталықта тестілік тапсырмалар бойынша өтейді. Студенттерге қорытынды рейтинг рейтингілік жүйе бойынша қойылады, қорытынды рейтингке ағымды үлгерім бағасы, қорытынды тестілеу бағасы және СӨЖ бағасы кіреді.
Кіріспе

Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы – жасанды иммунитетті күшейту немесе құру жолымен тұрғындарды жұқпалы аурулардан жеке немесе жалпы қорғау әдісі.

Жер шарында жылына туылған 130 млн. балалардың ішінен 12 млн-ға жуығы 1 аптадан 14 жасқа дейінгі балалар өледі. 9 млн. балалар жұқпалы аурулардан өледі, дегенмен 3 млн-ы жұқпалы ауруға қарсы вакцинасы бар болса да балалар өледі. Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы - маңызды құрамды бөлік, ал кейбір жағдайларда жұқпалы ауруларды жою және төмендету, алдын алуға бағытталған тиімді шаралардың бірі болып табылады. Тұрғындарды жоспарлы иммунизациялау, төмендегі инфекциялармен: күл, көкжөтел, сіреспе, қызылша, полиомиелит сияқты инфекциялармен күрестегі тиімді және шешуші шаралардың бірі, сонымен қатар нағыз шешек сияқты қауіпті аурудың жойылуын тудырды. Вакцинациялаудың көмегімен сырқаттанушылық пен өлім көрсеткіштері жүз есе төмендеді.

Жоғары білімді медициналық мейірбикеге, болашақ менеджерлер ретінде, бұл тақырыпты білу қажет, себебі, олар педиатр және терапевт дәрігерлерге балалар және ересек тұрғындарға профилактикалық егуді жүргізу мен ұйымдастыруға көмектеседі.
Пәннің мақсаты

  • егу ісінің әдістемелік және ұйымдастырушылық негіздерін, иммунопрофилактиканың сапасы мен тиімділігінің әдістемелік алғы шарттарын меңгеру.


Оқытудың міндеттері

  • алдын алу және эпидемияға қарсы шаралардың мазмұны мен жүйесін зерделеу;

  • дәрігерлік учаскеде арнайы профилактиканы ұйымдастыруды меңгеру;

  • арнайы профилактиканы жүргізудің сапасы мен тиімділігін бағалауды меңгеру.


Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі

Студент білуі тиіс

  • әр түрлі инфекциялардағы эпидемияға қарсы шаралар жүйесіндегі егудің маңызы және алатын орнын;

  • әр түрлі егу препараттарды қолдану сызбасын және иммунопрофилактиканың техникалық құралдарын;

  • егуді жүргізуге көрсетулер мен қарсы көрсетулер, профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесін;

  • егуден кейінгі реакциялар және егуден кейінгі асқынуларды, оларды алдын алу жолдарын;

  • иммунопрофилактиканың ұйымдастырушылық құрылымын;

  • иммунопрофилактиканың және вакцинаның сапасы мен тиімділігін бағалау критерийлері мен әдістерін;


Студент істей алуға тиіс

  • егу шараларының көлемін негіздеу;

  • егу материалдарын есептей білу;

  • егуді жүргізуді ұйымдастыру.


Студент дағдыларды білуге тиіс

  • егуді орындаушылардың жұмысының сапасын анықтау.


Студент сұрақтарда компетентті болуға тиіс

  • вакцинациядан кейінгі асқынулар мен егуден кейінгі реакцияларды мұқият эпидемиологиялық тексеру.


Реквизитке дейінгі пәндер: молекулярлық биология медициналық генетикамен, микробиология.
Реквизиттен кейінгі пәндер: эпидемиология.
Пәннің қысқаша мазмұны: (мәтінді бөлім)

Нақты жұқпалы аурулардың тобы (аэрозольді антропоноздар, ішектік антропоноздар, зооноздар) және әрбір топтың нақты нозологиялық формалары кезіндегі алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жүйесіндегі иммунопрофилактиканың алатын орны. Иммунопрофилактика әдістерімен басқарылатын аурулар. Иммунитет, иммунитеттің түрлері. Активті және пассивті

иммунизациялау, қолданылатын препараттар. Иммунобиологиялық препараттар, оларды алу принциптері. Вакциналарға қойылатын талаптар. Тірі вакциналар. Инактивтендірілген вакциналар. Химиялық акциналар. Анатоксиндер. Жасанды вакциналар. Қансары сулары мен иммуноглобулиндер. Бактериофагтер. Алынатын вакцинаның профилактикалық тиімділік коэффициентін және индексін анықтау; вакцинаның кері әсерінің білінуін зерделеу. Препараттарды енгізу әдістері. Жоспарлы және эпидемиялық көрсетілім бойынша егулер. Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі. Жедел иммунизация. Егуден кейінгі реакциялар: жалпы, жергілікті. Вакцинациядан кейінгі асқынулар, оларды алдын алу жолдары. Иммунопрофилактиканы жүргізуді ұйымдастыру. Вакцинациядан кейінгі асқынуларды мүқият тексеру.

Кредит №1

Дәрістің тақырыптық жоспары:




Тақырыптың аталуы

Өткізу түрі

Ұзақтығы




Кредит 1







1

Алдын алу және эпидемияға қарсы жүйедегі иммунопрофилактиканың алатын орны. Иммунобиологиялық препараттардың жіктелуі.

проблемалық

1 сағат

2

Егуді жүргізуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер. Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі.

проблемалық

1 сағат




Барлығы:




2



Тәжірибелік сабақтардың (және/немесе семинарлық, зертханалық) тақырыптық жоспары:




Тақырыптың аталуы

Өткізу түрі

Ұзақтығы




Кредит 1







1

Жұқпалы аурулар профилактикасындағы иммунизацияның маңызы. Иммунитет туралы түсінік. Иммунитеттің түрлері.

семинар

2 сағат

2

Вакциналық препараттардың типтері, оларды алу принциптері, қолдануға көрсетілімдер.

семинар

2 сағат

3

Активті иммунизация, қолданылатын препараттар.

семинар

2 сағат

4

Пассивті иммунизация, қолданылатын препараттар.

семинар

2 сағат

5

Бактериофагтер. Препарттың жалпы қасиеттері. Тағайындалуы. Интерферон.

семинар

2 сағат

6

Жұқпалы ауруларды диагностикалыу мақсатында қолданылатын аллергендер.

семинар

2 сағат

7

Тарау бойынша қорытынды сабақ




1 сағат




Барлығы:




13 сағат


ОЖСӨЖ-ң тақырыптық жоспары:




Тақырыптың аталуы

Өткізу түрі

Ұзақтығы




Кредит 1







1

Тірі вакциналар, оларға сипаттама.

тәжірибелік

2 сағат

2

Инактивтендірілген вакциналар, оларға сипаттама.

тәжірибелік

2 сағат

3

Анатоксиндер, оларға сипаттама, қолдануға көрсетілімдер.

тәжірибелік

2 сағат

4

Химиялық (суббірлікті) вакциналар және ажыратылған (сплит) вакциналар. Енгізуге көрсетілімдер.

тәжірибелік

2 сағат

5

Рекомбинантты және конъюгирленген вакциналар, қолдануға көрсетілімдер, енгізу тәсілдері.

тәжірибелік

2 сағат

6

Жасанды вакциналар, алу принциптері. Қолдануға көрсетілімдер.

тәжірибелік

2 сағат

7

Комбинирленген вакциналар, алу принциптері. Қолдануға көрсетілімдер.

тәжірибелік

2 сағат

8

Тарау бойынша қорытынды сабақ

коллоквиум

1 сағат




Барлығы:




15 сағат

  1   2   3

Похожие:

Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 iconФ кгму 4/3 – 08/02 пп кгму 4/02
Тақырыбы: XХ ғ басындағы Қазақстандағы ұлттық-демократиялық, реформаторлық қозғалыстар
Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 iconФ кгму 4/3-07/01 пп кгму 4/01
Студенттердің оқытушының жетегімен өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар
Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 iconФ кгму 4/3-08/01 пп кгму 4/01
Тақырыбы: Балалардың церебральды салдануы кезіндегі көру мүшелеріндегі өзгерістер
Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 iconФ кгму 4/03/02 пп кгму 4/02
Аэрозольдер, суспензиялар, ұнтақтар, эмульсиялар және олардың қасиеттері тақырыбы
Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 iconФ кгму 4/3-08/02 пп кгму 4/02
Тақырыбы: «Дәнекер тіндер. Адамның жасына байланысты гистологиясы, регенерациясы»
Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 iconФ кгму 4/3-07/01 пп кгму 4/01
Тақырыбы: Алкадиендер. Гомологтық қатар, номенклатура, изомерия, химиялық қасиеттері
Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 iconФ кгму 4/3-08/02 пп кгму 4/02
Тақырыбы: «Биологиялық ұлпаларға жоғарыинтенсивті лазерлік сәуле әсерінің механизімі.»
Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 iconФ кгму 4/3-07/01 пп кгму 4/01
Студенттердің оқытушының жетегімен өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар
Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 iconФ кгму 4/3-08/02 пп кгму 4/02
Тақырыбы: «Қаңқалық тіндер. Адамның жасына байланысты гистологиясы, регенерациясы»
Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 iconФ кгму 4/3-08/01 пп кгму 4/01
Тақырыбы: «Моизм конфуцишылдыққа альтернативті әлеуметтік-этикалық доктрина ретінде»
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница