Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы




Скачать 344.63 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
страница1/3
Дата конвертации10.11.2012
Размер344.63 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ


ФИЗИКА
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
7-9 сыныптар


Аcтана 2010


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ФИЗИКА
жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Астана 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Бағдарлама авторлары: Қазақбаева Д.М., ТоқбергеноваУ.Қ.,

Башарұлы Р., Кронгарт Б.А.

Жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған «Физика» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – 25 б.



© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010



І. ТҮСІНІК ХАТ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Физика» оқу пәні «Жаратылыстану» білім саласына жатады. Физика курсының негізгі орта білім беру деңгейі (7-9 сыныптар) пәнді әрі қарай (10-11 сыныптарда) зерделеу үшін негіз болып табылады. 10-11 сыныптарда физика курсы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша оқытылады.

Бұл жағдайда негізгі орта білім беру деңгейіндегі физика курсы жаңа мәнге ие болады. Ол базалық аяқталған, физика ғылымының негіздері бойынша барлық оқушыларды олардың болашақ мамандығына тәуелсіз іргелі білімдер жүйесімен қамтамасыз етуді көздейді. Сондықтан курс бағдарламасы қазіргі заманғы адамның жалпы мәдениетінің негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін мазмұнға сүйенуге тиіс.

Физика оқу пәні ретінде қоршаған әлемнiң сансыз құбылыстарында орын тебетiн табиғаттың жалпы заңдылықтарын қарастырады, оның ғылыми, техникалық және гуманитарлық әлеуеті бар, ол адамзат мәдениетінің маңызды құраушысы болып табылады.

«Физика» оқу пәнінің негізгі орта білім беру деңгейіндегі мақсаты оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабiлетiн дамыту;

физиканың қазiргi қоғам өмiрiндегi және жалпы адамзат мәдениетiн дамытудағы рөлiн ашу; табиғатқа ғылыми көзқарасты бекiту; адамның дүниеге қатынасына, жеке тұлғаның құндылық жүйесiне, физикадан берiлетiн бiлiмдi түрлi мәселенi шешуге шығармашылықпен қолдануға алғы шарт болатын әлеуметтiк мәнi бар бiлiктер мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру болып табылады.

Оқу пәнінің міндеттері:

- оқушылардың ғылыми дүниетанымы мен ой-өрісін, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту; әлемнің физикалық бейнесі, ондағы адамның орны мен рөлі туралы біртұтас көзқарасын қалыптастыру;

- ғылыми таным әдістерін, ғылыми мәлiметтердi түсiну, ғылыми бiлiмдi өз бетiнше игеру және қолдану, физикалық құбылыстарды бақылау, оны түсiндiру, өз бетiнше зерттеулер жүргiзу біліктілігін қалыптастыру;

- жауапкершілікке, ғылыми және экологиялық мәдениетке, физика ғылымының әлеуметтік рөлін түсінуге тәрбиелеу;

- ғылым мен техниканың, заманауи технологиялардың негізгі даму бағыттары туралы түсінік қалыптастыру.

«Физика» пәні бойынша білім мазмұнын таңдап алудың негізіне төмендегілерді ескеретіндей негізгі тұжырымдық ұстанымдар басшылыққа алынды, яғни негізгі орта білім беру деңгейіне арналған физика курсы:

- логикалық аяқталған және біртұтас, яғни ол бізді қоршаған әлемнің ғылыми бейнесін жасауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы физиканың негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын және теориялық қорытындыларын кешенді түрде қамтиды;

- ғылыми дүниетаным (табиғат, техника, ондағы адамның рөлі, оның түрлендіруші іс-әрекеті, қоршаған ортаны қорғау проблемалары және т.б.) қалыптастыруды қамтамасыз етеді, адамның тұрмыстағы және өндірістегі практикалық қызметі үшін қажетті физиканың қолданбалы мәселелерін, әсіресе, қазіргі заманғы технологиялар жайлы кейбір мәліметтерді қарастырады;

- оқушыларда зерттеудің ғылыми әдістері мен ғылыми танымның әдіснамасы туралы, стандартта көрсетілгендей, жаңа білімдерді өзбетінше меңгеру мен білімді жалғастыру үшін қажетті түсініктер қалыптастыруды көздейді;

- оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес танымдық мүмкіндіктері, сонымен бірге олардың жаратылыстану-математика пәндерінен алған білімдері ескеріледі;

- деңгейлік (ішкі) саралауға бағдарланған, яғни оқу материалы оқушылардың басым көпшілігіне түсінікті болуымен қатар, физиканы тереңдете оқуға қабілеті мен қызығушылығы бар оқушылардың да талап-тілектерін ескереді.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының типтік оқу жоспарына сәйкес негізгі орта білім беру деңгейіндегі (7-9 сыныптар) «Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі: аптасына 6 сағатты, оқу жылында 204 сағатты, оның ішінде:

7 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты,

8 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты,

9 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі оқушылардың бағдаралды дайындығын ұйымдастыруға бағытталған әрі оларды дамытудың сараланғандық сипатын қамтамасыз етеді және балалар мен ата-аналардың талап-тілектері ескеріле отырып құрылады.

ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
7 - сынып

(Барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)
Физика және астрономия – табиғат туралы ғылымдар (7 сағат)
Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым. Физикалық ұғымдар. Физика және техника. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым. (Орталық Азия ғалымдарының ғылымды дамытудағы рөлі. Ежелгі дүниедегі халық астрономиясы.) Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент. Физикалық теория.

Физикалық шамалар. Шамаларды өлшеу. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. Өлшемдердің метрлік жүйесі. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу.

Көрсетілімдер:

1. Шардың көлбеу жазықтық бетімен домалауы.

2. Электр ұшқыны.

3. Судың қайнауы.

4. Линзадан алынатын кескін.
1-лабораториялық жұмыс. Өлшеуiш цилиндр (мензурка) бөлiктерiнiң құнын анықтау. Дененiң көлемiн өлшеу.
Зат құрылысы (4 сағат)
Атомдар және молекулалар. Заттың молекулалық құрылысы. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия құбылысы. Дене температурасының оның молекулаларының қозғалыс жылдамдығына тәуелділігі. Заттың әр түрлі агрегат күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық түсінік негізінде түсіндіру.
2-лабораториялық жұмыс. Кіші денелердің өлшемін анықтау.
Қозғалыс (9 сағат)
Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы. (Планеталардың қозғалысы.) Күннің жылдық қозғалысы. Ежелгі ғалымдардың Күн жүйесінің құрылысына көзқарасы. Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі.

Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орын ауыстыру. Бiрқалыпты және бiрқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. (Бiрқалыпты емес қозғалыс кезiндегi орташа жылдамдық.) Бiрқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигi.

Инерция. (Кеңістік және уақыт.)
Көрсетілімдер:

1.Қозғалыстың салыстырмалылығы.

2.Траектория.

3. Бірқалыпты қозғалыс.

4.Инерция құбылысы мен денелердің өзара әрекетін иллюстрациялайтын тәжірибелер.
Масса және күш (11 сағат)
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененiң массасы. Зат тығыздығы.

Күш. Деформация. Гук заңы. Динамометр. Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу. Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші. (Басқа планеталардағы ауырлық күші.) Дененің салмағы. (Салмақсыздық.) Үйкеліс күші. (Үйкеліс әрекетін техникада ескеру.)
Көрсетілімдер:

1. Денелердің массасын таразының көмегімен өлшеу.

2. Көлемдері бірдей әртүрлі денелердің массаларын және массалары бірдей әртүрлі денелердің көлемдерін салыстыру.
3 лабораториялық жұмыс. Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау.

4 лабораториялық жұмыс. Серпімді деформацияларды зерделеу.
Қысым (16 сағат)
Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы. Гидравликалық машиналар. Газдың қысымы. Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым. Қатынас ыдыстар. Су құбыры.

Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі. Барометр. Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі. Манометрлер. Сорғылар. Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары. (Ареометрлер.) Су көлiгi. Ауада ұшу.

(Беттік керілу.) Жұғу. Қылтүтіктік құбылыстар.
Көрсетілімдер:

1. Қатты дененің тіреуге түсіретін қысымының әрекет етуші күшке және тіреу ауданына тәуелділігі.

2. Қысымның сұйықтар және газдар арқылы берілуі.

3. Гидравликалық престің, тежеуіштің құрылысы мен жұмысы.

4. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымы.

5. Сұйық ішіндегі қысымның тереңдікке байланысты өзгеруі.

6. Қатынас ыдыстар.

7. Манометрдің құрылысы.

8. Сорғылардың құрылысы мен жұмысы.

9. Ауа шарын сорғы қалпағының астында үрлеу.

10. Сұйық және газ ішіндегі денеге архимед күшінің әрекет етуі.

11. Архимед күшінің ығыстырылып шығарылған сұйықтың салмағына тең болатындығы.

12. Денелердің жүзуі.
5 лабораториялық жұмыс. Архимед заңын тексеру.

6 лабораториялық жұмыс. Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау.
Жұмыс. Қуат. Энергия (11 сағат)
Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат. Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары. (Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы.) Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.

Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдігі. Иінді таразы.

Жай механизмдер. Көлбеу жазықтық. Механиканың «Алтын ережесі». Механизмдердің пайдалы әрекет коэффициенті.
Көрсетілімдер:

1. Дене орын ауыстырған кездегі жұмысты өлшеу.

2. Жерден жоғары көтерілген дененің және деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы.

3. Дененің кинетикалық энергиясы есебінен істелінетін жұмыс.

4. Механикалық энергияның бір түрден екінші түрге өтуі.

5. Су турбинасының жұмысы (моделі мысалында)

6. Күш моменті. Моменттер ережесі.

7. Иіндік пен біліктің құрылысы мен жұмысы.

8. Жай механизмдерді қолдану кезіндегі жұмыстардың теңдігі.
7 лабораториялық жұмыс. Денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтау.

8 лабораториялық жұмыс. Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау.

Уақыт қоры (10 сағат)
8 - сынып

(Барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)
Жылу құбылыстары (22 сағат)
Жылулық қозғалыс. Температура, оны өлшеу тәсілдері. (Термометрлер. Температуралық шкалалар.)

Iшкi энергия. Iшкi энергияны өзгерту тәсiлдерi. Жылу берілу түрлері – жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару. Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу. Жылу мөлшері. Жылу мөлшерін есептеу. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Отынның меншікті жану жылуы. Отынның энергиясы.

Қатты денелердiң балқуы және қатаюы. Балқу температурасы. Меншiктi балқу жылуы. Балқу және қатаю кезiндегi iшкi энергияның өзгеруi. Булану және конденсация. Қанықпаған және қаныққан булар. Қайнау. (Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау.) Меншiктi булану жылуы.

Ауаның ылғалдылығы. Ылғалдылықты өлшеуге арналған құрал. (Айдағы, Марстағы, Шолпандағы термодинамикалық жағдайлар.)

Термодинамиканың бiрiншi заңы. Газдың және будың жұмысы. Жылу қозғалтқыштары. Іштен жану қозғалтқыштары. (Бу және газ турбиналары. Тоңазытқыш.) Жылу қозғалтқыштарының п.ә.к.-ті. (Жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдары.) Жылу қозғалтқыштарының энергетиканың дамуындағы рөлi. Жылу машиналары және табиғатты қорғау.
Демонстрациялар:

1. Түрлі денелердің жылу өткізгіштігі.

2. Металдардың жылу өткізгіштігіндегі айырмашылықтар.

3. Сұйықтар мен газдардағы конвекция.

4. Әртүрлі сұйықтардың булануы.

5. Будың конденсациясы кезіндегі энергияның бөлінуі.

6. Қаныққан булардың қасиеттері.

7. Судың қайнауы.

8. Судың төменгі қысымда қайнауы.

9. Жұмыс атқарғанда және жылу берілу кезінде дененің ішкі энергиясының түрленуі.

10. Әртүрлі металдардың жылу сыйымдылықтарын салыстыру.

11. Колориметр және онымен жұмыс істеу.

12. Термостың құрылысы.

13. Будың жұмысы.

14. Бу турбинасының құрылысы (моделі).

15. Төрт тактілі іштен жану қозғалтқышының құрылысы мен жұмысы (моделі).

№ 1 лабораториялық жұмыс. Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау.

2 лабораториялық жұмыс. Температуралары әртүрлi суды араластырғандағы жылу балансын анықтау.

3 лабораториялық жұмыс. Ауаның ылғалдылығын анықтау.



Электр құбылыстары (22 сағат)
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Элементар электр заряды. Қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi. Кулон заңы.

Электр өрiсi. Электр өрісінің кернеулігі. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер мен диэлектриктер. Потенциал және потенциалдар айырымы. Электрстатикалық өрiс кернеулiгi мен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс. Конденсаторлар.

Электр тогы. Ток көздері. Ток күшi. Кернеу. Амперметр. Кернеу. Вольтметр. Өткiзгiштiң электр кедергiсi. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы. (Электр кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізгіштік.) Өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi. Электр тізбектері. Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу.

Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы. Қыздыру шамы. Электр қыздырғыш құралдар. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар.

Әртүрлi ортадағы электр тогы. Электролит ерiтiндiлерiндегi электр тогы. (Электролиз заңы.) Шала өткiзгiштер және олардың электрлік қасиеттері. (Шала өткізгішті диод және оны қолдану.)
Көрсетілімдер:

1. Әртүрлі денелердің электрленуі. Электрленген денелердің өзара әрекеттесуі.

2. Электрометрдің құрылысы мен жұмыс істеуі.

3. Электр зарядының бөлінгіштігі.

4. Кулон заңының дұрыстығын иллюстрациялау.

5. Ток көздері.

6. Амперметрдің жұмыс істеу принципі.

7. Ток күшін амперметрмен өлшеу.

8. Вольтметрдің жұмыс істеу принципі.

9. Кернеуді вольтметрмен өлшеу.

10. Электр тізбегін құрастыру.
4 лабораториялық жұмыс. Электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшiн өлшеу.

5 лабораториялық жұмыс. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңын тексеру.

6 лабораториялық жұмыс. Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосуды зерделеу.

7 лабораториялық жұмыс. Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау.
Электромагниттiк құбылыстар (6 сағат).
Магнит өрiсi. Түзу токтың магнит өрiсi. Тогы бар катушканың магнит өрiсi. Электр-магниттер және олардың қолданылуы. Тұрақты магниттер. (Жердің магнит өрісі. Аспан денелерінің магнит өрісі.) Тогы бар өткiзгiшке магнит өрiсiнiң әсерi. Электр қозғалтқышы. Электр өлшеуіш құралдар. Заттың магниттiк қасиеттерi. (Ақпаратты магнит арқылы жазу.)

Электр-магниттiк индукция. (Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясын алыс аралықтарға жеткiзу.)

Көрсетілімдер:

1. Тогы бар өткізгіштің магнит өрісін бақылау.

2. Тогы бар түзу өткізгіш пен раманың магнит өрісіндегі қозғалысы.

3. Тұрақты ток электр қозғалтқышының құрылысы мен жұмысы.
8 лабораториялық жұмыс. Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу.

9 лабораториялық жұмыс. Электр-магниттi құрастыру және оның әсерiн сынау.
  1   2   3

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы технология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы жаратылыстану оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы геометрия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница