Ә. Құсайынова Семей қаласының демографиялық жағдайы Семей, 2012 ббк 81. 2 Қаз Қ 37 Жауапты редакторы




НазваниеӘ. Құсайынова Семей қаласының демографиялық жағдайы Семей, 2012 ббк 81. 2 Қаз Қ 37 Жауапты редакторы
страница1/6
Дата конвертации10.11.2012
Размер1.08 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6



Ә. Құсайынова

Семей қаласының

демографиялық жағдайы

Семей, 2012
ББК 81.2 Қаз

Қ 37
Жауапты редакторы

Филология ғылымдарының кандидаты Қ.Т. Бибеков
Пікір жазған:

Педагогика ғылымдарының кандидаты Қ.Қ. Мұқанова
Құсайынова Ә.Қ.. Семей қаласының демографиялық жағдайы: Көмекші құрал. – Семей, 2012 ж.
Қ 37

Көмекші құрал жалпы білім беретін орта мектепте география пәнін, соның ішінде «Шығыс Қазақстан облысының географиясы» курсы бойынша «Семей каласының демографиялық жағдайы» тақырыбын оқытуда қолдануға арналған. Кітап мектеп мұғалімдеріне, магистранттар мен студенттерге, сондай-ақ жалпы көпшілік қауымға ұсынылады

ББК 81.2 Қаз


Алғысөз
Халықтар географиясы халық санының өсіп өнуін, құрамын, орналасуын және ерекшеліктерін зерттейді. Бұл іргелі ғылым экономикалық және әлеуметтік географияның негізгі бөлігі болып табылады. Халықтар географиясы зерттеу барысында географиялық, экономикалық және әлеуметтік тәсілдер мен әдістер пайдаланады. Халықтар географиясының зерттейтін нысаналары халықпен тығыз байланысты. Халықтар географиясы экономикалық және әлеуметтік географияның ішіндегі географиялық ғылымдармен, сондай-ақ түгелдей географиялық ғылымдармен: физикалық географиямен, елтанумен, картографиямен өте тығыз байланыста дамуда.

Халықтар географиясы халық санының өсіп өнуін, құрамын, орналасуын және ерекшеліктерін зерттейді. Бұл іргелі ғылым экономикалық және әлеуметтік географияның негізгі бөлігі болып табылады. Халықтар географиясы зерттеу барысында географиялық, экономикалық және әлеуметтік тәсілдер мен әдістер пайдаланады. Халықтар географиясының зерттейтін нысаналары халықпен тығыз байланысты. Экономикалық дамыған елдердің университеттерінде қазіргі халыктар географиясы әр түрлі бағытта, әсіресе демографиялық проблемалар, қалалар географиясы, көші-қон географиясы, халық географиясындағы математикалык үлгілер және басқалар бойынша кеңінен оқытылуда. Халықтар географиясы экономикалық және әлеуметтік географияның ішіндегі географиялык ғылымдармен, сондай-ақ түгелдей географиялық ғылымдармен: физикалық географиямен, елтанумен, картографиямен өте тығыз байланыста дамуда. Халықтар геогрфиясымен көптеген қоғамдық ғылымдар да тығыз байланысты:

  1. Антропология - дене табиғаты мен адамның пайда болуы туралы ғылым, сондай-ақ Жер бетіндегі адам нәсілдерінің пайда болуы мен таралуын да зерттейді.

  1. Демография - халықтың ұдайы өсіп өнуін зерттейді.

  1. Этнография - адамдардын белгілі топтарының: тайпалардың, ұлттардың ұлттардың, сондай-ақ олардың мәдениеті мен тұрмыстарын зерттейді.

4. Әлеуметтану - коғамның, адамның өмірі мен еңбектік іс-
эрекеттерінің процесінде адам топтарының арасында пайда болатын
қатынастарының даму заңдары туралы ілім.

  1. Экология - организмдер мен ортаның өзара қарым-қатынастары туралы ілім. Адам экологиясы - ортаның ластануының адамдардың өміріне, халықтың зерігуіне, көліктен шаршауына және тағы басқалар әсер етеуі.

  2. Рекреациялық география - халықтар географиясының, қызмет көрсету географиясының, медициналық және физикалық географияның түйіскен тұстарындағы ілім. Рекреациялық география бальнеологиялық демалысқа қоса демалыстың барлық түрлерін зерттейді.

Онымен бірге, халықтар географиясына тікелей қарым-қатынасы жоқ ғылымдар:

  1. Еңбек экономикасы - еңбек ресурстары мен оларды пайдалану.

  2. Әлеуметтік гигиена - адам денсаулыгының жайын, оған элеуметтік-экономикалық факторлардың әсерін зерттейтін, сондай-ақ халықтың денсаулығын қорғау мен нығайту жөнінде жалпы шаралар әзірлемен айналысатын ілім.

3. Медициналық география - адам денсаулығына табиғи ортаның
әсері, сондай-ак кейбір аурулардың таралу географиясы.

4. Қала салу мен аудандық жоспарлау - әр түрлі типтегі елді мекендерді жоспарлаумен салудың, халық үшін белгілі бір сәулеттік кескін мен өміршең орта құрудың қағидаларын әзірлейтін ғылым.

Мектепте географияны оқытуда оқушылар география пәнінің бірнеше салалардан тұратынын және басқа ғылымдармен тығыз байланыста болатынын білуі аса маңызды болып табылады. Өйткені оқушылар шындық болмыстағы құбылыстардың бір-бірімен байланысты болып, жүйе түрінде өмір сүретінін тани алуы қажет. Геграфия пәнін оқытқанда оқушыларға таныс жайттарды мысалға келтіріп отыру олардың пәнге деген қызығушылығын оятады деп ойлаймын. Осы ретте Қазақстандағы ірі қалалардың бірі, еліміздің рухани-мәдени орталығы болып табылатын Семей қаласының демографиялық жағдайын қарастыруды мақсат еттік.
Халықтар географиясы бір саласы ретіндегі

демография ғылымы
Халықтың ұдайы өсіп-өнуі - бұл адамзат ұрпағының жаңаруымен ауысымын қамтамасыз ететін бала туу, өлім-жітім және табиғи өсім процестерінің жиынтығы.

Демография (грек. Dетоз-халық, gгарһо- жазу) - халықтану ұғымы туралы ұғым. Демография ғылыми тұтастай Жер шарында, жекелеген мемлекеттер мен елдерде, адамдар қауымдастықтарында адамдардың ұрпақ алмасу және өсу заңдылықтарын, тұрғындардың жылжуын, көбеюін, тууы мен өлуін, елді мекендерде орналасуын, отбасын құруын, бала өсіріп тәрбиелеу жағдайларына, жасына, жынысына қарай бөлінуін, және басқада түрлі әлеуметтік топтарда жүріп жататын өзге үдерістерді зерттейді. Қоғамдық ғылымдар тобына енетін, қазір тез дамып келе жатқан демография - салыстырмалы жас ғылым. Тұрғындардың өсіп-өнуі мәселелеріне қызығушылық сонау ерте заманнан басталса да, оларды жүргізудің негізгі заңдылықтары тек XVII ғасырдың соңында қалыптаса бастады. Ал «демография» терминінің ғылыми айналысқа 1855 жылдан бастап қана енді. Айғақты мәліметтер көптеп жиналған сайын оларды жинақтау, қорыту істері де қаркынды жүре бастады. Біртіндеп тұрғындардың сан жағынан өсу заңдылықтары айқындалып, зерттеу жұмыстары тереңдей берді. Өткен ғасырдың екінші жартысында демографиялық зерттеулер кең ауқымда жүргізіле бастады. Қазір демографияны қоғамдық ғылымдар ішіндегі жетекші салалардың бірі деп атауға болады. Халықтың саны және ұдайы өсуі. Адам - планетамыздың басты баға жетпес байлығы. Адамзат факторының қоғам өмірінің барлық саласындағы алатын орны аса маңызды. Сол себепті оны зерттеп білудің де маңызы зор. Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғышарттары, зерттелуі. Тұрғындар географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына - халықтың саны, оның құрамы, таралып орналасуы, ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады. Бұл мәселені демография жэне этнография ғылымдары да зерттейді. Осы ғылымдар негізіндегі географияның зерттейтін шептес саласы «демография» және «этнография» пайда болды. Ал тұргындар географиясы халықты кеңістікте орналасу түрғысынан, оның ерекшеліктерін және дамуын қарастырады. Маман - географтар үшін халықтың құрамын, оның ұдайы өсуін, олардың арасындағы айырмашылықтарын білу арқылы, еңбек ресурсының сан мөлшері мен құрамы жайлы мәліметтерді білу өте маңызды. Сол сияқты бұл ресурстарды зерттеу барысында әрбір халықтың этникалык тобының материалдық және мәдени - рухани жақтары, әдет ғүрпы мен еңбес дағдылары ескеріліп сипатталады. Қазіргі кезеңде адамдар тұруға жарамды жерлерге толықтай қоныстандырылған. Бірақ та барлық тарихи уақытта планетамыздың мекенделуі дәл осылайша болмаған. Осы заманғы адамдар «ойлау қабілеті» бар адам ретінде шамамен бұдан 50 мың жылда ертедегі адам тәрізді маймылдардан пайда болған. Көптеген ғалымдардың пікірінше, адамдар белгілі бір үлкен аумақты алатын географиялық ауданнан шыққан. Соңғы табылған археологиялық жаңалықтарға байланысты алғашқы адам шыққан аймаққа: Солтүстік Шығыс пен Орталық Африка және Оңтүстік - Батыс Азия мен Оңтүстік - Шығыс Еуропаны жатқызып жүр. Әрі қарай адамдар көбейе келе біртіндеп басқа да жерлерге тарала бастады. Шамамен осыдан 30 мың жыл бұрын Еуропаның солтүстік бөлігіне, Оңтүстік - Шығыс және Солтүстік - Шығыс Азияға таралған. Болжам бойынша, одан Беринг бұғазы арқылы Жаңа Дүниеге, ал Оңтүстік - Шығыс Азияның жіңішке бұғаздары арқылы Австралия мен Жана Гвинеяға өткен. Бірақ алғашқы адамдардың санын білу мүмкін емес. Тіптен біздің жыл санауымызға дейінгі кезеңдегі халықтың санын мөлшерлеп айтуға да ешбір деректер жоқ. Ғалымдар болжаммен біздің жыл санауымызға ленінгі VII ғасырларда жер шарында шамамен 10 млн. адам болған дейді. Біздін заманымызға дейінгі төрт мыңыншы жылы егіншіліктің пайда болуы халыктың тез өсуіне әкелді. Біртіндеп егіншілікпен шұғылдану халыктың құрлықтағы коныстану аймақтарының, яғни «ойкумендердің» негізгі факторы болды. Алғашқы егіншілік ошақтары пайда болған жерлері Ніл аңғары. Онтүстік — Батыс және Оңтүстік Шығыс Азия, сол кезден бастап олар халыктың шоғырланып орналасу орталықтарына айналды.

Біздің жыл санауымыздың бас кезінде халыктың санын анықтауға мүмкіндік туды. Оны сол кездегі әскер кұрамы, салық төлемі, т.б. деректерге қарап білуге болады. Осы мәліметтерге сүйене отырып, Рим кмпериясының, Қытай және Үндістан халкының саны анықталды. Біздің жыл санауымыздың басында. жер шары халқының 3/4 бөлігі осы елдерде мекендеді. Ал халыктың жалпы саны сол кезде дүние жүзінің шамамен 230 млн. адамға жетті. Алғашқы ғасырда халык саны соғыстар мен жұкпалы аурулардың таралуы салаларынан көп өспеді. Халыктың өсу қаркыны көбейгенімен. XVII ғасырға дейін ол түраксыз болды. Осы уакытка дейінгі кезеңді адамзаттъщ демографиялык дамуының алғашкы немесе аграрлык өркениет кезеңі деп атаймыз. Бұл кезеңдегі жалпы өсімі біршама төмендігінен сипатталады. Халықтың тұрақты өсуі XVI ғасырдың екінші жартысынан басталады. Өндіріс қолға алынған өнеркәсіптік революция кезеңінде дүние жүзі халқы жылдам өсіп, еселеніп отырды. Халықты санауда әр түрлі әдістер қолданылғандықтан, кейбір мәліметтерде айтарлықтай айырмашылықтар бар. Тек XX ғасырдың 40-жылдарыныц соңында бастап қана мәліметтер бір-біріне сай келеді. Ол БҮҰ-ның жыл сайынғы демографиялық жылнама мәліметіне байланысты мүмкін болып отыр. Халықтың саны туралы айтқанда, жаңа ғасыр басында дүние жүзі халқының жартысы келесі 7 елде түрғандығын білгендерің жөн. Олар: Қытай (1282 млн), Үндістан (1046 млн), АҚШ (280 млн), Индонезия (231 млн), Бразилия (176 млн), Пэкстан (148 млн) және Ресей (145 млн). Ал келесі орында: Бангладеш (133 млн), Жапония (127 млн), Нигерия (130 млн) және Мексика (103 млн) мемлекеттері тұр. Халықты санау әдісі. Алғашқы адамдар санауға деген қажеттілік құл иеленушілік құрылыста туды. Ең тұңғыш халық санағы - Мысыр жерінде, біздің заманымызға дейінгі III ғасырда пайда болды. Біздің еліміз орналасқан Орталық Азия аймағында ол VIII ғасырда Соғдиана мемлекетінде жүргізілді. Ал Киев Русінде санақ XI ғасырда, Мәскеуде халықтың статистикалық есебі XV ғасырда ғана басталды.

Қазақстан, Ресей империясы және т.б. елдер КСРО құрамында болған кезеңде 7 рет жалпы халық санағы өткізілді. Олар: 1897, 1926, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жылдар. Ал 1999 жылғы ақпандағы жаңа санақ -Қазақстанның тәуелсіз мемлекет мәртебесінде жүргізілген алғашқы халық санағы еді. Санақ өткізу уакыты халык қозғалысының ең аз кезі - қыс маусымына сәйкестендірілген. Халыктың жалпы санағы кесімді белгілі бір уақыт аралығында өткізіліп отырады. Мемлекеттер органдар үшін жыл сайынғы халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы туралы мәліметтер аса қажет. Әрі мұндай бір жолғы есеп — халыктъң тууы, өлуі, некелесуі, т.б. осы тәрізді мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Сондыктан бір орталыққа бағынған мемлекеттер кұрыла бастағаннан кейін халықтың күнделікті күнкөріс есебін жүргізу кажеттігі туды. Бұл міндетті бас кезінде діни мекемелер жүргізді. Шіркеулердің діни сажт-жораларын іске асыруда, одан түскен пайда - түсімдерін есептеу мақсатында, алдымен. XVI ғасырда Швецияда, кейіннен баска елдерде туу мен өлім, некелесу мен ажырасу сияқты рәсімдерді тізімдеу колға алынды. Кейіннен бұл тіркеме есептеулер міндетті түрде жүргізілетін болды. 1940 жыддардың соңынан бастап дүние жүзі мен оның жеке аймақтары тұрғын халкының есебін Б¥¥-нын экономикалық және әлеуметтік кеңсесіне қарасты Халыктын орналасуын зерттеу комиссиясы жүргізілді. І949 жылдан бастан. бұл Комиссия жыл сайын «Демографиялык жылнама» басып шығарып отырды. Мүнда жарияланып отыратын материаддарда дүнне жүзінін халкы туралы өте кең мәліметтер берілді. Сот сиякты дүние жүзі халқының өсіміне байланысты болжамдар туралы көп жұмыстар жүргізілді. Әрбір елде халык санағы әр кезеңде әр түрлі бағдарлама бойынша жүргізілгендіктен, жарияланып отыратын мұндағы материалдардыц бәрі бірыңғай емес. Көптеген елдерде қазірге дейін халыктың ұлттық немесе нәсілдік кұрамы және халықтың күнделіктері есептері дүрыс жолға қойылмаған. Ал кейбір елдерде халықтың жыныстық (мысалы. Жаңа Гвинея, Филиппин) немесе діни (мәселен, бұрынғы социалистік жүйе елдерінде) кұрамының есебі жүргізілмейді. Сондықтан есептеу мәліметтері шын мәніндегі жағдайға дәл келмеуі де мүмкін. Комиссия елдерді жіктеп топқа бөлгенде, олардыц экономикалық -әлеуметтік белгілеріне емес, демографиялық негізіне, әсіресе халықтың табиғи өсімі тұрғысынан карап бөлуде. Соған қарамастан, БҰҰ-ның осы Комиссияның жарияланьш отыратын материалдары - халықтар туралы біршама толык деректер көзі болып табылады. Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары. Халыктың ұдайы өсуі - адамдардың ұрпақ ауысуы нәтижесінде жүзеге асып, оның саны жастық және жыныстық құрамы өзгереді. Халыктың ұдайы өсуін ықтималдап екі негізгі топқа бөлеміз. Оның бірінші типінде ұрпактар ауысуы нәтижесінде халықтың санының өзгермеуі немесе кемуі байқалады. Бұл құбылыс көбінесе дамыған елдерге тән. Онда халықтың тууы мен оның өлімі аз болуы себепті халықтың табиғи өсу көрсеткіштері төмен болып келеді. Халықтың ұдайы өсуінің екінші типінде келесі ұрпақтың санының алдынғысына қарағанда көп болуы тән. Бұл елдерде туу мен табиғи өсім жоғары немесе аса жоғары болып келеді. Бұндай жоғары деңгейлі көрсеткіш Африка, Азия, Оңтүстік және Оңтүстік - Батыс Азия, Латын Америкасы мен Мұхиттық аралдар елдерінде байқалады. Адамзат қоғамының ілгері дамуы дүние жүзі халқының көбеюі нэтижесінде жүзеге асып, оның саны жастық және жыныстық құрамы өзгереді. Осы кезге дейін жер шарында халықтың ұдайы өсуіне соңғы тип басым болып келеді. «Әрі қарай қалай болады?» деген занды сұрақ туады. Дүние жүзіне халықтың шамадан тыс артық көбею қаупі төнбей ме? Өйткені біздің планетамыздағы ресурстар шексіз емес қой! Осы саулнамалық сұрактарға жауап іздеу үшін тек қана жер шарының ресурсын ғана біліп коймай, сонымен бірге халықтың табиғи өсуінің заңдарын да білу қажет. Халықтың ұдайы өсуі туу мен өлімінің мөлшеріне байланысты олардың арасындағы айырма табиғи өсім деп аталады. Оның сан- мөлшері 1000 адамға шаққандағы промиле (%) көрсеткішімен есептеледі. Дүниежүзілік орташа есеп: туу - 28%, өлім - 10 %, ал табиғи өсім - 18 %. Халықтың ұданы өсуіне бірнеше факторлар әсер етеді. Бұл факторлар, негізінен, 5 топқа біріктіріледі:

І.Табиғи - биологиялык фактор. Адамдардың тууы мен өлуі -биологиялық құбылыс. Сол сияқты халыктың ұдайы өсуіне әр түрлі климат және табиғат жағдайларына үлкен әсер етеді. Ал өлімге келсек, бұл -қайтымсыз процесс. Көбінесе адамдор физиологиялык қартаюдан емес, негізінен, олар аурудаң немесе басқа да себептерден өледі. Аурудың таралуы әрбір жердің табиғи ортасына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, батпақты жерлерде - безгек ауруы, тропикада—ұйқы ауруы т.б.

2. Әлеуметтік - экономикалық фактор. Бұған жататындар: халықтың тұрмыстық хал-ахуал деңгейі, денсаулықты сақтау шараларының дамуы, әйелдердің қоғамдық жағдайы, халықтың мәдени және білім деңгейі, шүғылданатын кәсібі, т.б. Мәселен, жыл сайын жер шарында 14 млн адам, оның ішінде 6 млн сәби

3. Табиғи өнімнің мөлшеріне әсер етуші факторлардың келесісі -демографиялық топка біріктіріледі. Бұларға: халықтың жастық және жыныстық құрамы, некелесу және ажырасу факторлары да жатады.

4.Табиғи өсімге үлкен әсер етуші негізгі факторлар тобының бірі - ол мәдени элеуметтік және психологиялық факторлар. Мысалы, көп балалы болу, әдет-ғүрыптарынын сақталуы, мүндай жағдай демографиялық дәстүр деп аталады. Діннің әсеріне келсек, ислам, индус, католик, т.б. діндер көбеюді қолдайды. Кейбір діндердің тууға онша әсері жоқ, мысалы, будда, протестант, провославие діндері.

5. Халыктың табиғи өсіміне әсер етуші факторлар арасында ерекше орынды соғыс пен стихиялық апаттар алады. Әсіресе соңғы екі дүниежүзілік соғыстың зардабы аса көп. Бірінші дүниежүзілік соғыста шамамен 10 млн— нан аса адам көз жұмса, Екінші Дүниежүзілік соғыста 50 млн-ға жуық адам қаза тапты. Соғыстың зардабы сонымен бірге адамдардың тұрмыс ахуалының төмендеуіне, аш-жалаңаштыққа, түрлі ауруларға шалдықтырады. Әрі қосымша шығындарға ұшырады. Мысалы, некеге тұрушылар санының

азаюы, халықтың жыныстык кұрамы бұзылуы, еркектердің біраз бөлігінің соғыста шығынға ұшырауы туудың мөлшерінің азаюына алып келді. Табиғи апаттардың - жер сілкіну, су тасу, дауыл, құрғақшылық, температуралық режимдердің шұғыл өзгерісі, т.б. жыл сайын мыңдаған адам өмірін қиюда. Демографиялық саясат және халыктың өсуін реттеу. Жалпы демографиялық хал-ахуалға кейінгі жарты ғасыр ішінде мемлекеттер тарапынан жүргізіліп отырған демографиялық саясат әсер етіп отыр. Бұл жүйелі түрде - халықтың ұдайы өсу процесіне, әсіресе оның туу мөлшеріне әсерін тигізу мақсатында жүргізіледі. Ол екі түрлі бағытта ыкпал ету аясында, халықтың өсіп-өнуіне әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік, үгіт-насихат және басқа да шаралар жүйесінде жүргізілуде. Мысалы, халыктың ұдайы өсуінің бірінші типінде тууды қолдауға бағытталған демографиялық саясат белсенді түрде жүргізілсе, екінші типінде керісінше. оны шектеу саясаты колға алынуда. Әсіресе отбасы мөлшерін жоспарлау жөнінен.көптеген дамушы елдерге ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылуда. Біздің елімізде де демографиялық ахуалды тұрақтандыруға және ондағы жағымсыз тенденпияларды болдырмауға бағытталған қолдау саясаты жүргізілуде. Осы орайда оған үкімет тарапынан ерекше көңіл бөліп, 2000 жылғы 17 тамызда «Қазакстан Республикасының мемлекеттік демографиялық концепциясы туралы», ал 2001 жылғы 30 қазанда «КР-ньң 2001 – 2005 жылдарға арналған демографиялық даму бағдарламасы жайлы қаулылар кабылданды. Республикамыздың демографиялык хал — ахуалын сауықтыру барысында және оны жүзеге асыруда, «Көші - қон және демография жөніндегі агенттік» ауқымды іс-шаралар жүргізілуде. Дамушы елерде 1950-1990 жылдар арасында, халық өлімінің күрт азаюы мен олардағы туудың дәстүрлі деңгейінің сақталуы нәтижесінде халыктың өсімі жоғары болады. Бұл құбылыс «демографиялық жарылыс » деп аталды. Оның нәтижесінде , мұнда тұратын жер шары халкының 23 бөлігі жылына 25-30%о шамасында өсіп, дүние жүзі халқың соңғы 40 жылдай уақытта екі еседен аса өсірді. Мысалы, дүние жүзі халкы 1960 жылы 3 млрд. Шамасында болса, ал 2000 жылы оның саны 6 млрд.-тан асты. Халыктың ұдайы өсуінің екі түрлі: дамыған және дамушы елдердегі типтерінен басқа олардың аралығында бірнеше өтпелі түрлері де бар. Осы халықтың ұдайы өсуінің бір типінен екінші типіне өтуін француз демографы А. Ландри «демографиялық төңкеріс» деп атады. Сонымен бірге «демографнялык дағдарыс» ұғымы көптеген Еуропаның дамыған елдеріне тән болып отыр. Бұл елдерде халықтың өсуі емес, керісінше оның кемуі байқалады. Мысалға: Германия, Чехия, Венгрия, Скандинавия елдерінде халыктың көбею қарқынында жеке дүние бөліктері мен елдер арасында өзгерістерге әкелді. Мысалы, 1960-2000 жылдар арасында: Еуропа халқы 25% -ға көбейсе, ол Азияда - 114% -ға, Африкада 211%-ға, Солтүстік Америкада 147%-ға көбейді. Халықтың ұдайы өсуінің өтпелі түрлеріне келсек, олар туудың орташа мөлшерімен, өлімнің аздығымен және халықтың бірыңғай өсуімен сипатталады. Халықтың ұдайы өсуінің бір түрден екінші түрге ауысуының негізгі себебіне қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жатады. Ол өз кезегінде демографиялық процестердің нәтижесінде тууға әсер ете отырып, халықтың құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Мәселен, адамзат қауымдастығы өз басынан табиғи өсімнің аса жоғары деңгейін өткерді. Ендігі жерде әлем тұрғындарының, әсіресе дамушы елдердегі халықтың күрт өсуін болдырмай тұрақтандыру қажет. Алайда планетамыздың халқы жыл санап көбею үстінде. Осыған байланысты тұрактандыруға жетудің тура жолы бірінші кезекте - дамуы кенжелеп қалған елдер халқының өмір сүруі мен мәдени деңгейін көтеру, ғылым мен білімді дамыту. Бұл жерде осы тұрғыдағы көптеген дамушы мемлекеттердің ұстанып отырған демографиялық саясатының маңызы зор [58].

I ғасырда Страбонның «Географиясы» (17 кітап), II ғасырда Птоломейдің «Географиясы» пайда болды. Олар тек геогрфиялық ғана емес, онымен бірге этнографиялык мәлімет көздері болып табылады. Әлем халықтарына көп көңіл бөлген мұндай кешенді әмбебап географиялық баяндаулар орта ғасырларда да болды.

XVIII гасырдың басында халықты зерттеуде саралау жұмысы басталды да демография мен этнография ұғымдары пайда болды. XIX ғасырдың соңына қарай антропогеография (негізінен Германияда) бөлініп шықты. Оның негізінде географиялык детерминизмнің ережелері «жеке адам мен халықтың рухы мен денесіне» табиғи орта басым әсер етеді деген ұғым жатыр.

«Демография» термині ең алғаш 1855 жылы А.Питяра атты француз ғалымының «Адам статистика элементтері» немесе «Салыстырмалы демография» атты кітаптарында пайда болды. Орыс тіліне бұл термин 1870 жылдан бастап халықаралық статистикалық конгрестің (Петербург, 1872ж.ж) 8-сессия жұмыстарынан бастап пайдаланыла бастады. Халықтар географиясын зерттеумен айналысқан орыс ғалымдарының ішінен «Ресей империясы қалаларының гидрографиялық – статистикалық баяндауы» (1832) және «Ресейдің статистикалык очерктері» (1848) атты еңбек жазған Константин Иванович Арсеньевті; 1897 жылғы Ресей халқының бірінші халық санағын ұйымдастырушылардың бірі, бес томдық «Географиялық -статистикалық сөздіктің» басылуын басқарған Петр Петрович Семенов Тянь-Шанский (1885); XX ғасырдын бас кезінде «Табиғат жағдайлары мен адамның іс-қимылына байланысты Жер халқының таралуы» еңбегін жазған Александр Иванович Воейковты (1906), «Еуропалық Ресейдің қаласы мен деревнясы» атты монографняның авторы Вениамип Петрович Тянь-Шанскийді (ұлын) (1910) және «Еуропалық Ресей халқының тығыздығы» атты бірінші ірі масштабты картаны атап өтуге болды. Қазақстан халықтар географиясы жөнінде зерттеу жасаған ғалымдарға: Мақаш Тәтімов («демографиялық үрдістер»), Ұ.М.Ысқақов («қалалар, қоныстану проблемалары»), Г.Д.Москвина («еңбек ресурстары, көші-қон үрдістері»), М.Х.Асылбеков, А.Н.Алесеенко («тарихи демография») жатады.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Ә. Құсайынова Семей қаласының демографиялық жағдайы Семей, 2012 ббк 81. 2 Қаз Қ 37 Жауапты редакторы icon2012-2013 оқу жылындағы Семей қаласы білім беру мекемелеріндегі
«Семей қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм бұйрығы негізінде 4 сыныптарда қазақ тілі, орыс тілі және математика...
Ә. Құсайынова Семей қаласының демографиялық жағдайы Семей, 2012 ббк 81. 2 Қаз Қ 37 Жауапты редакторы icon«Семей инжиниринг» АҚ 2012 жылға көмірді сатып алу бойынша ашық тендер өткізу туралы хабарландыру 071400, Қазақстан Республикасы, Семей қаласы, Батыс өнеркәсіп торабы, №1 мекенжайы бойынша орналасқан «Семей инжиниринг»
Республикасы, Семей қаласы, Батыс өнеркәсіп торабы, №1 мекенжайы бойынша орналасқан «Семей инжиниринг» АҚ (бұдан әрі – Компания)...
Ә. Құсайынова Семей қаласының демографиялық жағдайы Семей, 2012 ббк 81. 2 Қаз Қ 37 Жауапты редакторы iconДемографические характеристики Красноярского края 2
Доля малообеспеченных семей, меры социальной поддержки семей с детьми, изменение уровня жизни семей с детьми
Ә. Құсайынова Семей қаласының демографиялық жағдайы Семей, 2012 ббк 81. 2 Қаз Қ 37 Жауапты редакторы iconСписок молодых семей-участников программы «обеспечение жильем молодых семей» на 2012 год

Ә. Құсайынова Семей қаласының демографиялық жағдайы Семей, 2012 ббк 81. 2 Қаз Қ 37 Жауапты редакторы iconШығыс Қазақстан облысының Семей қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2009 2012 жылдарға арналған кешендi жоспары
Семей Қайнар автомобиль жолының 0 8 км учаскесiн реконструкциялауды қамтамасыз ету
Ә. Құсайынова Семей қаласының демографиялық жағдайы Семей, 2012 ббк 81. 2 Қаз Қ 37 Жауапты редакторы iconСписок молодых семей участников долгосрочной целевой программы «Обеспечение жильем молодых семей в Красноярском крае» на 2012-2015 годы
«Обеспечение жильем молодых семей в Красноярском крае» на 2012-2015 годы (далее программа)
Ә. Құсайынова Семей қаласының демографиялық жағдайы Семей, 2012 ббк 81. 2 Қаз Қ 37 Жауапты редакторы iconСписок молодых семей участников долгосрочной целевой программы «Обеспечение жильем молодых семей в Красноярском крае» на 2012-2015 годы
Список молодых семей участников долгосрочной целевой программы Обеспечение жильем молодых семей
Ә. Құсайынова Семей қаласының демографиялық жағдайы Семей, 2012 ббк 81. 2 Қаз Қ 37 Жауапты редакторы iconОрганизация труда и его совершенствование на предприятии (на материалах тоо «Семей Құс» г. Семей)
2012 г в 00 часов на заседании государственной аттестационной комиссии Казахской финансово-экономической академии на соискание академической...
Ә. Құсайынова Семей қаласының демографиялық жағдайы Семей, 2012 ббк 81. 2 Қаз Қ 37 Жауапты редакторы iconСемей мемлекеттік педагогикалық институты
Семей Мемлекттік педагогикалық институты Сіздерді 2012 жылдың 19-20 сәуірінде өткізілетін «Жоғары оқу орындарының білім үрдісіне...
Ә. Құсайынова Семей қаласының демографиялық жағдайы Семей, 2012 ббк 81. 2 Қаз Қ 37 Жауапты редакторы iconСемей мемлекеттік педагогикалық институты
Семей Мемлекттік педагогикалық институты Сіздерді 2012 жылдың 17-18 мамырда өткізілетін «Жоғары оқу орындарының білім үрдісіне көптілділік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница