Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды




Скачать 486.24 Kb.
НазваниеРеттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды
страница1/5
Дата конвертации28.12.2012
Размер486.24 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5



Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидасын бекіту туралы

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-4-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы ___________

№ ______ қаулысымен

бекітілген

Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидасы

1. Жалпы ережелер
1. Осы Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтiк сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзiрлендi және реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алуды өткiзу тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Қағидада көзделген талаптар:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне;

акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі табиғи монополия субъектілеріне;

Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес білікті энергия өндіруші ұйымнан электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алуды жүргізу жағдайларына;

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған сауда-саттықтарда, спот нарығында теңгерiмдеушi электр энергиясын, электр энергиясын сатып алуды жүргізу жағдайларына, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне және өңірлік электр желілік компанияларға қолданылмайды.

3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуетті өнiм берушi – сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер заңды тұлға, жеке тұлға немесе дара кәсiпкер;

2) әлеуетті өнiм берушiнiң аффилиирленген тұлғасы - аталған әлеуетті өнім берушінің шешімдерін жанама айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде шарттың немесе өзге де мәміленің күшіне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты аталған әлеуетті өнім берушінің осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;

3) бiртекті тауарлар, жұмыстар, қызметтер – бірдей болмаса да, белгілі бір функцияларды орындауына және өзара алмастыруға мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер;

4) құзыреттi орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн табиғи монополия субъектiсi сатып алатын тауарлардың, жұмыстар және қызметтердiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) - сатып алудың өлшем бiрлiктерi, көлемдерi, мерзiмдерi, тәсiлдерi, сондай-ақ бiр жылдың iшiнде тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң әрбiр түрiн сатып алуға жұмсалатын сомалардың ең жоғары мөлшерi көрсетілген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн табиғи монополия субъектiсi бір жыл ішінде сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң номенклатурасы;

6) сатып алу - реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi тапсырыс берушiнiң осы Қағидада белгiленген тәртiппен және тәсiлмен сатып алуы;

7) тапсырыс берушi - осы Қағидаға сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiсi;

8) тапсырыс берушiнiң аффилиирленген тұлғасы - табиғи монополия субъектісінің шешімдерін тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде ауызша шартты қоса алғанда, шарттың немесе өзге де мәміленің күшіне орай ықпал ету мүмкіндігі бар тұлға (берілген өкілеттік шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ өзіне қатысты табиғи монополия субъектісінің осындай құқығы болатын кез келген тұлға;

9) тендер - әлеуетті өнiм берушiлердiң арасында бәсекелестiктi көздейтiн және сатып алу шартының барынша пайдалы талаптарын анықтауға бағытталған сатып алу тәсiлi;

10) тендерлiк комиссия - осы Қағидада белгiленген жағдайларда және тәсiлдермен тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асыру үшiн тапсырыс берушiнің қызметкерлерiнің iшiнен қалыптасатын комиссия;

11) тендерлiк құжаттама - тендер өткiзу шарты мен тәртiбiн қамтитын тендерлiк өтiнiм дайындау үшiн тапсырыс берушi әлеуетті өнiмді берушiге ұсынатын құжат;

12) тендерлiк өтiнiм - тендерлiк құжаттамаға сәйкес жасалған әлеуетті өнiм берушiнiң тендерлiк ұсынысы;

13) тендерлiк өтiнiмдi кепiлдi қамтамасыз ету - тендерге қатысуға ниет бiлдiрген әлеуетті өнiм берушi ұсынған ақша кепiлзаты немесе банк кепiлдiгi;

14) уәкiлеттi орган - табиғи монополиялар салаларында және реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

4. Тендердi табиғи монополия субъектiсi мынадай қағидаттарды сақтай отырып өткiзедi:

1) тендер рәсiмдерiн өткiзудiң ашықтығы және жариялылығы;

2) барлық әлеуеттi өнім берушiлерді тендерге қатысу үшiн тең мүмкiндiктермен қамтамасыз ету;

3) әлеуеттi өнім берушiлер арасындағы адал бәсекелестiк;

4) отандық тауар өндірушілерді және жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушілерді қолдау.

5. Табиғи монополия субъектiсi тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді осы Қағиданың талаптарын сақтамай сатып алған кезде, уәкілетті орган осы шығындарды реттелiп көрсетілетін қызметтер тарифінде ескермейді.

2. Әлеуеттi өнім берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары
6. Сатып алуға қатысу үшiн әлеуеттi өнім берушi мынадай бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болуға тиiс:

1) кәсiби бiлiктiлiкке, сондай-ақ сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң нарығында кемiнде бiр жыл жұмыс тәжiрибесiне ие болуға тиiс. Сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң нарығында жұмыс тәжiрибесiнiң болу қажеттiлiгi туралы талаптар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне және мүгедектер қоғамдық бiрлестiктерiнiң ұйымдарына қолданылмайды;

2) сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындауға қажеттi қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары болуға тиіс;

3) сатып алу туралы шартты жасасу үшiн құқықтық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін) әрекетке қабiлеттілігi (жеке тұлғалар үшін) болуға тиіс;

4) төлемге қабiлеттi, сатып алуды жүргiзу сәтiнде таратылуға жатпауы тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылуға тиiс емес.

7. Әлеуеттi өнім берушi өзінің бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшін тапсырыс берушiге нотариалдық куәландырылған аттестаттарының, куәлiктерiнiң, патенттерiнiң, лицензияларының, сертификаттарының, дипломдарының, анықтамаларының өзге де құжаттарының көшiрмелерiн ұсынады.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде мiндеттi түрде аудит жүргiзу белгiленген заңды тұлғалар «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес соңғы қаржылық жылға аудиторлық есеп бередi.

8. Табиғи монополиялар субъектiсiне мердiгерлiк құрылыс жұмыстарына және оларға байланысты қаржылық қызметтер ұсынуға бiр жылдан астам кезеңге шарттар жасасуға рұқсат етiледi.

Шарт жасасу үшiн мынадай қосымша құжаттар:

1) жобалау алдындағы және/немесе жобалау-сметалық құжаттама;

2) құрылысқа арналған техникалық құжаттама қажет.

9. Табиғи монополия субъектiсi ұзақ мерзiмдi кезеңге сатып алуды осы Қағидада белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

10. Ұзақ мерзiмдi кезеңге сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер Тiзбеде шартты қолдану мерзiмiмен көрсетiлуге тиiс.

3. Сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
11. Сатып алу процесi:

1) Тiзбені күнтiзбелiк жылға қалыптастыруды;

2) өнім берушіні таңдауды, онымен шарт жасасуды;

3) шартты орындауды қамтиды.

12. Табиғи монополия субъектiсi бiрiншi басшының бұйрығымен бекiтiлген, оның қолы мөрмен расталған келесi күнтiзбелiк жылға Тiзбенi жыл сайын 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде қалыптастырады және құзыреттi мен уәкiлеттi органдарға мәлiмет үшiн жiбередi. Құзыреттi және уәкiлеттi органға ұсынылатын Тiзбе тiгiлуге және нөмiрленуге, соңғы парағы тапсырыс берушінің бiрiншi басшысының немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның қолымен және тапсырыс берушінің мөрiмен расталуға тиiс.

Табиғи монополия субъектiсi Тiзбеге өзгерiстер мен толықтыруларды күнтізбелік жыл ішінде енгiзе алады. Тiзбеге өзгерiстер мен толықтырулар осы Қағиданың 3-тармағының 5) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс және құзыреттi мен уәкiлеттi органдарға олар қабылданған кезден бастап 10 жұмыс күнінен кешiктiрілмей ұсынылады.

13. Осы Қағиданың 14-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеліп көрсетілетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алуы тендер нысанында және Тiзбеге сәйкес жүзеге асырылады.

14. Осы Қағидада белгіленген жағдайларда табиғи монополия субъектісі бір көзден алу, жабық тендер, екі кезенді рәсімдер қолданылатын тендер, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыра алады.

Табиғи монополия субъектісі тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тендер өткізбестен сатып алуды, егер бір жылда сатып алынатын көлем құндық көріністе осы Қағиданың 84-тармағында белгіленген шекті мөлшерден аспаған жағдайда жүзеге асырады.

15. Ашық және жабық тендерлер екi кезеңдiк рәсiмдер қолданыла отырып өткiзiлуi мүмкiн.

16. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы табиғи монополия субъектiсi қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыратын тендерлерге байқаушы ретiнде қатыса алады.

Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы уәкiлеттi органға тапсырыс берушінің, тендерлiк комиссияның, тендерлiк комиссия хатшысының (хатшылығының), техникалық сарапшылардың заңсыз iс-әрекеттерiне шағым жасай алады.

17. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң аффирлиирленген тұлғалары үшiн тендердi бiрыңғай ұйымдастырушы ретiнде бола алады.
3.1. Тендер өткiзу туралы хабарландыру (хабарлама)
18. Тендер өткiзу туралы хабарландыру (хабарлама) мынадай мәлiметтердi қамтуға тиіс:

1) тапсырыс берушiнiң атауы мен мекенжайы;

2) сатып алудың атауы (сатып алудың атауы Тiзбеде көрсетiлген сатып алудың атауына сәйкес келуге тиiс), көлемi, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң бесеуден кем болатын атауы, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жеткiзу орны. Бір тендерде тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бес немесе одан көп атауын сатып алған жағдайда, тендер өткізу туралы хабарлама тапсырыс берушінің тендерлік құжаттамасында көрсетілген сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің толық тізбесі туралы сілтемені қамтиды. Тапсырыс берушіде тұрақты жұмыс істейтін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын тұлғаға тиесілі интернет-ресурс болған жағдайда, тапсырыс беруші сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң толық тiзбесiн интернет-ресурста көрсетедi;

3) сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi жеткiзудiң талап етiлетін мерзiмi;

4) тендерлік құжаттаманы алу тәсiлдері мен орны және оның құны, егер осындай көзделсе;

5) тендерлiк өтiнiмдерді ұсыну орны мен соңғы мерзiмi;

6) тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнi, уақыты мен орны;

7) тапсырыс берушiнің сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлген сомасы;

8) конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілгені үшін әлеуетті өнім беруші төлемақы енгізуге тапсырыс берушінің деректемелері, егер осындай төлемақы конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда.

3.2. Тендерлiк комиссия
19. Осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ашық тендер өткiзу туралы жарияланатын хабарландыру жарияланғанға немесе жабық конкурс өткiзу кезiнде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған хабарламалар әлеуеттi өнім берушiлерге жiберілгенге дейін тапсырыс берушi тендерлiк құжаттаманы, сондай-ақ тендерлiк комиссияның құрамын, тендерлiк комиссияның хатшысын бекiтедi, ал қажет болған жағдайда тауалардың, жұмыстар мен қызметтердің тендерлік құжаттамаға сәйкес қажетті техникалық ерекшелікті, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, техникалық және сапалық сипаттамаларға сәйкестігін анықтау үшін техникалық сарапшыларды белгiлейдi.

Осы тармақта көрсетiлген барлық шешiмдерді тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы тұлға қабылдайды.

Тендерлiк комиссия тендерлiк комиссияны құру және сатып алуды өткізу туралы шешiмдi тапсырыс берушi бекiткен кезден бастап және сатып алу туралы шарт күшiне енгеніне дейiн iс-қимыл жасайды.

Тендерлiк комиссия мүшелерiнiң саны тақ болуға және бес адамнан кем болмауға тиiс.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн тендерлiк комиссия мүшелерiнiң саны тақ санды құрауға және үш адамнан кем болмауға тиiс.

Тендерлік комиссияның құрамына конкурстық комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері кіреді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын оны алмастыратын тұлға орындайды.

Тендерлiк комиссияның отырысында тендерлiк комиссия мүшесi өндiрiстiк және өзге де себептермен болмаған жағдайда, тендерлiк комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебi және осы фактiнi растайтын құжатқа сiлтеме көрсетiлуге тиiс.

Тапсырыс берушi барлық қаржы жылына тұрақты құрамы бар тендерлiк комиссия құра алады.

20. Тендерлiк комиссияның хатшысы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мерзiмдi баспасөз басылымдарында ашық тендер өткiзілетіні туралы хабарландыру жариялайды;

2) әлеуеттi өнім берушiлерге жабық конкурс өткiзілетіні туралы хабарламалар жiбередi;

3) тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердiң сақталуын қамтамасыз етедi;

4) тендерге қатысушыларды тендер қорытындысы туралы жазбаша хабардар етедi.

21. Тендерлiк комиссияның отырысы тендерлiк комиссияның жалпы санының кем дегенде үштен екi мүшелерi қатысқан жағдайда өткiзiледi.

Тендерлiк комиссияның шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады және ол қабылданды деп есептеледi, егер оған тендерлiк комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе. Дауыс тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.

Тендерлiк комиссия мүшесі ерекшe пiкiр айта алады, ол жазбаша баяндалуға және ашу немесе тендердiң нәтижелерiн шығару хаттамасына қоса берiлуге тиiс.

22. Тендерлiк комиссияның хатшысы тендерлiк комиссияның мүшесi болып табылмайды және тендерлiк комиссия шешiмдер қабылдаған кезде қатыспайды.

Тендерлiк комиссияның хатшысы әлеуеттi өнім берушiлерге тендерлiк құжаттаманы ұсынады, тендерлiк құжаттаманы алған әлеуеттi өнім берушiлердi тiркеу журналын жүргiзедi, әлеуеттi өнім берушiлерден тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi қабылдайды, тендерлiк комиссия отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және тендерлiк комиссия отырыстарының олар өткеннен кейiн хаттамаларын ресiмдейдi, келiп түскен тендерлiк өтiнiмдер мен конверттердi ашу рәсiмiне қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнім берушiлердi тiркеу журналын жүргiзедi, онда тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердiң ұсынылған уақыты мен күнi, әлеуеттi өнім берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң (тендерлiк өтiнiмi салынған конверттi ұсынған және тендерге қатысушы тұлғаның) тегі, аты, әкесінің аты көрсетiледі.

Тендерлiк құжаттаманы алған әлеуеттi өнім берушiлердi тiркеу журналы және тендерлiк өтiнiмдер мен тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмiне қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнім берушiлердi тiркеу журналы тiгiлуге, нөмiрленуге, соңғы парағы бiрiншi басшының қолымен және тапсырыс берушінің мөрiмен расталуға тиiс.

Тапсырыс беруші қажет болған жағдайда хатшының жұмысын орындау үшiн хатшылық құра алады, ол тапсырыс берушінің тендерлiк комиссия құру туралы бұйрығында осы Қағидада белгiленген жағдайларда хатшылық атынан құжаттарға қол қоюға уәкiлеттi жауапты тұлға көрсетіле отырып жазылуы тиiс.

Әлеуеттi өнім берушiлердi тiркеу журналы мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

1) тендердің атауы мен оны өткізу мерзімі;

2) әлеуеттi өнім берушiнің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты;

3) әлеуеттi өнім берушінің толық атауы және пошталық мекенжайы;

4) конкурсқа қатысуға арналған өтінімі салынған конверттi тіркеу күні мен уақыты;

5) әлеуеттi өнім берушi конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмге енгiзген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы ақпарат.

Тапсырыс беруші конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдерді тiркеу журналында тендерге қатысуға өтінімдері тіркеуге қабылданбаған әлеуеттi өнім берушілерді осындай қабылдамау себептерін жаза отырып көрсетеді.

23. Техникалық сарапшылар тендерлiк комиссия құрамына кiрмейдi және олардың тендерлiк комиссия шешiм қабылдаған кезде дауыс құқығы жоқ.

Техникалық сарапшылар әлеуеттi өнім берушiлер ұсынған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тендерлiк құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi жөнiнде қорытынды бередi. Сараптамалық қорытынды жазбаша ресiмделедi және тендерлiк комиссия отырысының хаттамасына қоса берiледi.
  1   2   3   4   5

Похожие:

Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды...
Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды iconТабиєи монополиялар субъектiлерiнiѕ реттелетiн ќызметтерiне (тауарларына, жўмыстарына) арналєан тарифтерді (баєаларды, алымдар ставкаларын)
Немесе олардыѕ шекті деѕгейлерiн бекiтуге берiлген ґтiнiмдерді ќарау кезiнде жария тыѕдаулар ґткiзу ережесiн бекiту туралы
Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды icon«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі ережені бекіту туралы»
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы №82-НҚ...
Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды iconТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ереженi бекiту туралы
Азақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы...
Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын...
Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды iconКарьерлердегі беткейлердің, кертпештер қиябеттерінің, үйінділердегі деформацияларын бақылау және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу бойынша
Шекті қалыптағы кертпештерді арнайы жайпақтау кезінде бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу әдістемесі Х
Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды iconШекті қалыптағы кертпештерді арнайы жайпақтау кезінде бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу әдістемесі Х
Карьерлердегі беткейлердің, кертпештер қиябеттерінің, үйінділердегі деформацияларын бақылау және олардың орнықтылығын қамтамасыз...
Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды icon«6М060200 информатика»
Сандық тізбектер. Бұл тақырыпта сандық тізбектің ұғымы беріледі: тізбектерге математикалық амалдар қолдану, шекті және шексіз тізбектер,...
Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды iconІрі салық төлеушілер мониторингі Жалпы ережелер
Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын...
Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды iconМемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница