Атырау облысының Статистика департаментінің 2010 жылғы атқарған қызметі туралы есебі




Скачать 96.95 Kb.
НазваниеАтырау облысының Статистика департаментінің 2010 жылғы атқарған қызметі туралы есебі
Дата конвертации10.07.2014
Размер96.95 Kb.
ТипДокументы
Атырау облысының Статистика департаментінің

2010 жылғы атқарған қызметі туралы есебі

 

Атырау облысының Статистика департаменті Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің аумақтық органы ретінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы №2137 қаулысымен бекітілген «Статистикалық жұмыстар жоспарын», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2311 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Жауапты хатшысымен бекітілген Атырау облысының Статистика департаментінің 2010 жылға арналған жұмыс жоспарын, Статистика департаменті туралы Ережені және т.б. нормативтік құжаттарды басшылыққа алып қызмет атқарады.

Статистикалық жұмыс жоспарының орындалуы

Атырау облысы аумағында 11000-нан аса заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері тіркелген, оның ішінде жұмыс жасап тұрғаны 67%. Статистика департаменті осы жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкілдіктерінен жалпымемлекеттік статистикалық байқауларын жинап, өңдеуді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Статистикалық жұмыстар жоспарының негізінде, Статистика департаментімен барлығы 185 статистикалық байқаулар орындалды.

«Электронды статистикалық есептілік» Ақпараттық жүйесі бойынша барлығы 53, оның ішінде 10 айлық, 9 тоқсандық және 34 жылдық кезеңділіктегі статистикалық байқаулар бойынша статистикалық есеп нысандары жиналып өңделуде. «Ақпараттық есептеу орталығы» Республикалық Мемлекеттік кәсіпорны тарапынан келген барлық бағдарламалық өзгерістер уақытылы жаңғыртылып енгізіліп отырады.

Статистика департаментінің алға қойған басты міндеттерінің бірі статистикалық ақпаратты тарату және пайдаланушылардың қанағаттанушылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Жарияланатын статистикалық материалдардың бекітілген Тізбесіне сәйкес 2010 жылы 22 (2009ж. – 22) атаумен статистикалық жинақтар мен анықтамалар, 297 (304) статистикалық бюллетень және 207 (177) жедел ақпараттар дайындалып жарияланды, сонымен қатар, статистика салалары бойынша 11 (27) талдау жазбалары дайындалып пайдаланушыларға ұсынылды. Бұған қоса, статистиканың барлық салалары бойынша 60-тан аса буклет шығарылды. Барлық жарияланымдық материалдар ҚР Статистика агенттігінің әдістемелік ұсыныстарына сәйкес жасақталды. Статистикалық материалдардың негізгі пайдаланушылары мемлекеттік органдар болып табылады. Статистикалық материалдарды тарату реестріне сәйкес, 2010 жылы 34 (35) мемлекеттік орган статистиканың әр саласы бойынша жарияланымдарды ай сайынғы негізде алып отырды. Атырау қаласының кітапханаларына Департаментпен жарияланатын және Агенттіктен түсетін барлық материалдар табыс етілуде. Бұдан басқа да, ҚР Статистика агенттігінің арнайы тізбесіне сәйкес, ҚР Үкіметінің Кеңсесіне, ҚР Парламенті Палаталарының салалық бөлімдеріне және бірқатар Министрліктердің ұйымдастыру бөлімдеріне тиісті статистикалық материалдар мерзімінде жіберіліп отырды.

Сонымен қатар, статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында 2010 жылдың 1 тоқсанында Статистика департаментінде кітапхана ашылған болатын. Кітапхана қазіргі таңда жүйелі түрде жұмыс жасап, пайдаланушылардың статистикалық материалдарға деген сұраныстарын қамтамасыз етіп отыр.

Бұдан басқа да есепті жылда мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың 1000-ға жуық ресми сұратулары орындалды, жедел статистикалық ақпараттар күн сайын қағаз тасушыда және электрондық түрде жіберіледі. Сонымен қатар, барлық сала бойынша респонденттерге консультациялар беріледі.

Жұмыс сапасын көтеру мақсатында әрбір тоқсан сайын аудандық статистика басқармалары мен салалық басқармалардың жұмыс қортындылары жиналыста қаралып, талқыланып, бағыт-бағдар беріліп отырады.

2010 жылы Статистикалық жұмыс жоспарында қаралған маңызды жұмыстардың бірі Мульти – индикаторлық Кластерлік зерттеу (МИКЗ). Атырау облысындағы зерттеу жұмысы Атырау қаласы мен облыстың барлық аудандары бойынша 800-ге тарта үй шаруашылығын қамтып, әрбіреуі 21 үй шаруашылығынан тұратын 38 кластерге жүргізілуде. Қортындысы, яғни толтырылған сұрақнамалар уақытылы «Ақпараттық есептеу орталығы» Республикалық Мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуде.

Тағы бір аса маңызды жұмыстардың бірі – бұл үй шаруашылығын зерттеудің жаңа желіге көшуі болып табылады. Атырау облысында да, республикамыздың өзге өңірлерімен қатар 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап үй шаруашылықтарын жаңа желіге көшіру іске асырылды. Атырау облысы бойынша жаңа іріктемеге Мақат ауданынан басқа, барлық аудандар мен Атырау қаласы енгізілді. Зерттелінетін үй шаруашылықтарының саны 540 отбасын құрады, оның 300-і қалалық, 240-ы ауылдық жерлерден. Халықты хабардар ету мақсатында екі тілдегі үндеу баспасөз бетіне жарияланып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз маслихаты өткізілді. Бұл жұмысқа 18 интервьюер жұмысқа қабылданып, оларға үй шаруашылықтарын зерттеу жұмыстары жөнінде оқыту семинары өткізілді. Қазіргі таңда, бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары бір қалыпты арнаға түсіп, тұрақты жүргізілуде.

            2010 жылы статистика органдарында өткен айтулы шараның бірі – бұл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистикасының 90-жылдық мерейтойының атап өтілуі. Бұл шараны өткізудегі басты, әрі маңызды мақсат – бұл жалпы қоғамға осы жылдар ішінде мемлекеттік статистиканың қалыптасуы мен дамуы, соңғы 10 жылдықтағы қол жеткізген жетістіктері жөнінде кең көлемде мағлұмат беру болып табылады. Статистика департаменті де статистика саласының ардагерлері мен қызметкерлерін құрметтеп, марапаттаудан қалыс қалған жоқ. Аталмыш шарада статистика саласының ардақты ардагерлеріне және қызметкерлеріне облыс статистикасының дамуы мен қалыптасуы жолындағы тынымсыз еңбектері мен статистика саласының осы күнге дейінгі шарықтап дамуына қосқан зор үлестері үшін Статистика департаментінің естелік сыйлықтары мен мерейтойлық жинақ табыс етіліп, құрмет грамоталарымен марапатталды.

            Интернет

Интернеттегі Статистика департаментінің вэб-сайты пайдаланушыларға статистикалық ақпараттарды жедел ұсынуда үлкен рөл атқарады. Порталды қолданушылар департамент сайтынан әртүрлі сипаттағы статистикалық ақпараттар таба алады, атап айтқанда, статистика саласындағы нормативті-құқытық құжаттар, статистика салалары бойынша әдістемелік материалдар және т.б. «Жарияланымдар» айдарында Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес қалыптастырылатын, пайдаланушыға қолжетімді пішімдегі жылнамалықтар, жинақтар және статистикалық бюллетендер мен жедел ақпараттар орналастырылған. Сайт үнемі жетілдіріліп отырады. Сонымен қатар, қоғамның барлық өкілдерінің статистика саласына қатысты толғандырып жүрген сұрақтарына және сұраныстарына вэб-сайттың «Сұрақ-жауап» айдары арқылы сапалы және дәйекті жауаптар жедел түрде беріліп отырады.

Статистика департаменті, бүгінгі күні компьютерлік техникамен 100 пайыз жабдықталған. Жетілген озық есептеу техникалары кең көлемде қолданылып келеді. Деректер беру желісінде «орталық-облыс-орталық» және «облыс-облыс» тораптары VPN технологиясы бойынша, ал «облыс-аудан-облыс» тораптары VPDN технологиясы бойынша байланыспен қамтамасыз етілген. Көліктік ортаны пайдалануда Қазақтелеком қызмет көрсетеді.

Қоғаммен байланыс

Мемлекеттік статистика саласындағы маңызды міндеттердің бірі – бұл қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қауымдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Статистика департаменті өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы объективті және сапалы ақпаратты мерзімінде ұсынып отырады.

Статистикалық ақпаратты таратудың маңызды арнасы - бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастық болып табылады.

Атырау облысының Статистика департаменті қазіргі таңда жергілікті басылымдармен, атап айтқанда «Атырау», «Прикаспийская коммуна», «Ақ жайық», «Мұнайлы Астана», «Квартал», «Из рук в руки»; республикалық «Тұран» басылымымен, сонымен қатар, облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасымен, облыстық радио және «Тандем» радиоарнасымен, Атырау облысы бойынша «Интерфакс Қазақстан» ақпараттық агенттігінің өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде. Бұқаралық ақпарат құралдарында 2010 жылы департаменттің 150-ге тарта баспасөз-хабарламалары жолданып жарияланды (2009ж. - 85) және департамент қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық даму туралы әртүрлі аспектілердегі 38 (2009ж. – 60 (халық санағын қоса)) сөз сөйлеулері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 2010 жыл ішінде Департамент басшылары облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасының тікелей эфиріндегі «Әлеумет» бағдарламасына әрбір тоқсан сайын қатысып отырады. Бұл бағдарламаларда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындылары, Мульти – индикаторлық Кластерлік зерттеу, 2009 жылғы ұлттық халық санағының қысқаша қортындылары, және де Статистика департаменті мен Ақпараттық есептеу орталығының қызметі мен қазіргі тыныс-тіршілігі сөз болды.

Статистикалық ақпараттарды таратуды жетілдіру бойынша жұмыстар шеңберінде Статистика департаменті жоғары оқу орындарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, сонымен қатар, респонденттер мен статистикалық ақпараттарды пайдаланушылардың қатысуымен «Ашық есік күні» шарасын жыл сайын тоқсандық негізде жүргізіп келеді. 2010 жылдың 1 тоқсаны қортындысы бойынша «Ашық есік күні» шарасы көшпенді түрде Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінде студенттер мен оқытушылар құрамы үшін ұйымдастырылса, 2010 жылдың 2 тоқсаны қортындысы бойынша «Ашық есік күні» шарасы облыстық әкімият ғимаратында жергілікті басқару органдары, яғни мемлекеттік қызметкерлер үшін өткізілді. Осындай іс-шараларда статистикалық өндіріспен, сондай-ақ статистикалық деректерді дұрыс пайдаланумен танысуға кең мүмкіндіктер беріледі. Барлық қатысушыларға түрлі үлгідегі статистикалық жарияланымдар таныстырылады және статистика мәселелері бойынша кеңес беру қызметтері көрсетіледі.

2010 жылдың 3 тоқсанының қортындысына арналған «Ашық есік күні» Дүниежүзілік статистика күніне орай өткізіліп, оған респонденттер, статистикалық ақпаратты пайдаланушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бұл шараның да барлық қатысушыларына түрлі үлгідегі статистикалық жарияланымдар таныстырылды және статистика мәселелері бойынша кеңес беру қызметтері көрсетілді. Бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз мәслихаты өткізіліп, көптеген тақырыптар талқыланды.

Респонденттермен жұмыс

Статистика департаменті кәсіпорындарға жүктемені төмендету жұмыстарын дәйекті түрде жүргізіп келеді. Респонденттерден «бір терезе» қағидаты бойынша статистикалық нысандарды қабылдау және оларға консултациялық қызмет көрсету мақсатында 2009 жылдың аяғында жалпы көлемі 58 шаршы метр құрайтын жаңа бөлме ашты. Бөлме соңғы озық ақпараттық технологиялармен және кеңсе жиһаздарымен қамтылған. Респонденттер үшін ақпаратты-анықтамалық стендтер, сұйық-кристалды монитор орналастырылған. Олар арқылы респонденттер Департаменттің қызметі, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері, статистикалық байқауларды табыс ету жоспарлары мен кестелері, Статистика туралы заңнан үзінділер және т.б. қажетті ақпараттар туралы хабардар бола алады. Барлық ақпараттар қажеттілікке байланысты жаңартылып тұрады.

2010 жылы жоспарға сәйкес, барлық статистика салалары бойынша респонденттерге арналған 11 оқыту-семинары өткізілді. Сонымен қатар, аудандық статистика басқармаларының басшылары мен мамандары үшін «Электронды статистикалық есептілік» Ақпараттық жүйесі» тақырыбында оқу семинары ұйымдастырылды. Семинарда Ақпараттық жүйенің тасымалдау ортасының серверін орнату, мәліметтер базасын жаңарту мәселелері, сервистік функциялармен жұмыс жасау және т.б. ұйымдастыру мәселелері көтерілді. Семинар соңында қатысушылар тестілеуден өткізілді.

Статистика департаменті, сонымен қатар, жергілікті басқару органдарымен де қоян-қолтық қызмет атқарады. Соның ішінде, жергілікті тіркеуші органдармен қарым-қатынас өз деңгейінде жүруде. Мысалы, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңының қабылдануына және кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңына сәйкес, статистикалық карточка беру рәсімінің жойылуына қатысты тіркеу органдарымен, яғни Әділет департаменті, ХҚКО-ры, Салық департаменті өкілдері, сондай-ақ банктік құрылым қызметкерлерімен дөңгелек үстел басында жиналып, ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

2010 жылы мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді ұсынбау, уақтылы ұсынбау, дәйексіз алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға, яғни алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзуға қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 381 бабына сәйкес 84 әкімшілік іс қаралды. 73 заңды тұлға ескерту есебінде, 11 заңды тұлға әкімшілік айыппұл ретінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 226 080 теңгені құрады.

Статистика департаментінің құрылымы және қаржыландырылуы

Атырау облысының Статистика департаментінің құрылымына облыстық деңгейде 9 салалық және 7 аудандық деңгейдегі басқарма кіреді, департамент қызметкерлерінің штаттық саны 111 адамды құрайды, оның 55 (49,5%) аудандық деңгейде. Қызметкерлердің жалпы санынан 69 адамды немесе 62,2% әйелдер құрайды.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің қызметкерлердің біліктілігін арттыру Жоспарына сәйкес, Статистика департаментінің 19 қызметкері статистика салалары бойынша көрсеткіштердің қалыптасуы бойынша өткен семинарларға қатысты. Бұдан басқа, департаменттің 8 қызметкері Оңтүстік-Қазақстан облысының Шымкент қаласында, «Қазақстанда мульти-индикаторлық кластерлік зерттеуді (МИКЗ) ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында өткен семинарда болды.

Облыстық деңгейде департаменттің 11 қызметкері «Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалы ғимаратындағы «Тіл орталығында» қазақ тілін меңгеру бойынша оқу семинарларына қатынасты.

2010 жылы жалпы қаржыландыру сомасы 130,2 млн. теңге құрады, бұл көрсеткіш 2009 жылдан 8,4% жоғары.

 Департаменттің даму перспективалары

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінң 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының орындалуы мақсатында, Статистика департаментімен төмендегілерге баса назар аударылатын болады:

-         жарияланатын статистикалық материалдардың сапасын жоғарлату;

-         респонденттермен және статистикалық ақпараттарды пайдаланушылармен өзара қарым-қатынасты дамыту;

-         оқыту семинарларын өткізу арқылы респонденттердің сауаттылығын арттыру;

-         «Электронды статистикалық есептілік» Ақпараттық жүйесі арқылы статистикалық байқауларды электронды түрде табыс ететін респонденттердің ауқымын кеңейту;

-         Департамент қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарлату;

Статистика саласына қатысты заңнамалық актілерді, оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мемлекеттік органдармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

 

Похожие:

Атырау облысының Статистика департаментінің 2010 жылғы атқарған қызметі туралы есебі iconАтырау облысының Статистика департаментінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы №1424 қаулысымен бекітілген Статистикалық жұмыстар жоспарында және Атырау облысының...
Атырау облысының Статистика департаментінің 2010 жылғы атқарған қызметі туралы есебі iconАтырау облысының Статистика департаментінің 2012 жылға арналған Жұмыс жоспары
Р бп қСжае алу комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына электронды карточкаларды ұсыну
Атырау облысының Статистика департаментінің 2010 жылғы атқарған қызметі туралы есебі iconАлмасай ауылдық округінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар ! Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы №1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстары жайындағы есебі»
...
Атырау облысының Статистика департаментінің 2010 жылғы атқарған қызметі туралы есебі icon«Бекітемін» Атырау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры
...
Атырау облысының Статистика департаментінің 2010 жылғы атқарған қызметі туралы есебі iconАтырау облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының 2010 жылы атқАРҒан жұмыстардан есебі атырау қаласы 2011 жыл
Улысымен «Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімі» болып құрылып, облыс әкімиятының 2006 жылдың 14 қаңтардағы...
Атырау облысының Статистика департаментінің 2010 жылғы атқарған қызметі туралы есебі iconШығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚпарат
Жылғы қызметі Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы...
Атырау облысының Статистика департаментінің 2010 жылғы атқарған қызметі туралы есебі iconАлмасай ауылдық округінің 2009 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар ! Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы №1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстары жайындағы есебі»
...
Атырау облысының Статистика департаментінің 2010 жылғы атқарған қызметі туралы есебі iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаментінің бастығы
Ауданның/қаланың басқармасы (әрі қарай Басқарма) Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаментінің (әрі қарай Департамент) құрылымдық...
Атырау облысының Статистика департаментінің 2010 жылғы атқарған қызметі туралы есебі iconАлмасай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті жерлестер! Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы №1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстар жайындағы есебі»
...
Атырау облысының Статистика департаментінің 2010 жылғы атқарған қызметі туралы есебі iconҚазақстан Республикасының Статистика агенттігі Ақтөбе облысының статистика департаменті
Ақтөбе облысының 2011 жылғы сәуірде ірі және орта кәсіпорындарында жұмыс күшінің қозғалысы туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница