Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының




Скачать 300.93 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының
страница1/3
Дата конвертации10.11.2012
Размер300.93 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3





Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі төрағасының

міндетін атқарушының

2012 жылғы «19»шілдедегі № 192 бұйрығымен бекітілді





Статистикалық көрсеткіштер жіктелімінің және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ақпараттық-талдамалық жүйесінде оларға қолданылатын талдау түрлерінің әдіснамасы


Астана, 2012

Кіріспе



Осы әдіснама статистикалық көрсеткіштер және
оларға қолданылатын «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту шеңберінде әзірленген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) ақпараттық-талдамалық жүйесінде (бұдан әрі – АТЖ) пайдаланылатын талдау түрлерінің топтарын анықтау мақсатында әзірленді.

Осы әдіснама екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде статистикалық көрсеткіштердің жіктелімі анықталады. Екінші бөлімде «Талдау» АТЖ-ның модулінде қолданылатын әр түрлі статистикалық көрсеткіштерді талдаудың әр түрлі түрлері сипатталады.

Осы әдіснама статистиканың уәкілетті органына қолданылады.

Мазмұны





Жалпы ережелер...................................................................

4

1-бөлім.

Статистикалық көрсеткіштердің жіктелімі.............................

5

1-ішкі бөлім.

Абсолюттік көрсеткіштер.…………………..………..............

5

2-ішкі бөлім.

Салыстырмалы көрсеткіштер…………………………....…...

7

3-ішкі бөлім.

Орташа көрсеткіштер.…………………………………….......

9

2-бөлім.

Ақпараттық-талдамалық жүйеде қолданылатын талдамалық үлгілер..……………………...…………………..


10

4-ішкі бөлім.

Серпінді қатарларды талдау..………………………………..

11

5-ішкі бөлім.

Көрсеткіштердің өңірлік бөлінісін талдау...…………………

16

6-ішкі бөлім.

Көрсеткіштердің салыстырмалы талдауы…………………

18

7-ішкі бөлім.

Оқиғаларды, көрсеткіштердің оң өзгерістерін айқындау.....

21




Қосымша............……………………….....……………………

23




Қолданылған әдебиеттер тізімі.............………………….....

24


Жалпы ережелер


  1. Осы құжатта қолданылатын қысқартулар:

  1. А – Абсолюттік көрсеткіштер;

  2. АЕК – Абсолюттік еңбек көрсеткіштері;

  3. АҚК – Абсолюттік құндық көрсеткіштер;

  4. АНК – Абсолюттік натурал көрсеткіштер;

  5. АО – Арифметикалық орта мәні;

  6. АТЖ – Ақпараттық-талдамалық жүйе;

  7. АШК – Абсолюттік шартты көрсеткіштер;

  8. ГаО – Гармониялық орта мәні;

  9. ГО – Геометриялық орта мәні;

  10. КО – Квадраттық орта мәні;

  11. ҚСК – Қарқындылық салыстырмалы көрсеткіші;

  12. ҚұСК – Құрылым салыстырмалы көрсеткіші;

  13. О – Орташа көрсеткіштер;

  14. СК – Салыстырмалы көрсеткіштер;

  15. ССК – Серпін салыстырмалы көрсеткіші;

  16. ҮСК – Үйлестіру салыстырмалы көрсеткіші.

1-бөлім. Статистикалық көрсеткіштердің жіктелімі


  1. Статистикалық көрсеткіш – әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, экологиялық құбылыстар мен үдерістердің сандық, сапалық, кеңістікті-уақыттық сипаттамасы.

  2. Статистикалық көрсеткіштер әр түрлі белгілер бойынша біртекті топтарға бөлінеді. Статистикалық көрсеткіштің зерттелетін жиынтықты қалай сипаттайтынына байланысты статистикалық көрсеткіштерді мынадай топтарға бөлінеді: абсолюттік, салыстырмалы және орта мәндер.

  3. Абсолюттік көрсеткіштер зерттелетін құбылыстың ауқымын, көлемін сипаттайды.

  4. Салыстырмалы көрсеткіштер – екі және одан да көп статистикалық сипаттамалардың қатынасын көрсетеді, коэффициенттермен, пайыздармен өлшенеді.

  5. Орта мән – бұл белгілі бір шарттардағы санды және сапалы біртекті жиынтықтың жалпылама сипаттамасы.

  6. Осы құжатта статистикалық көрсеткіштердің мынадай жіктелімі белгіленген:

1) Абсолюттік көрсеткіштер:

Абсолюттік натурал көрсеткіштер;

Абсолюттік шартты көрсеткіштер;

Абсолюттік құндық көрсеткіштер;

Абсолюттік еңбек көрсеткіштері.

2) Салыстырмалы көрсеткіштер:

Серпін салыстырмалы көрсеткіші;

Құрылым салыстырмалы көрсеткіші;

Үйлестіру салыстырмалы көрсеткіші;

Қарқындылық салыстырмалы көрсеткіші.

3) Орташа көрсеткіштер:

Арифметикалық орта мәні;

Гармониялық орта мәні;

Квадраттық орта мәні;

Геометриялық орта мәні.

1-ішкі бөлім. Абсолюттік көрсеткіштер


  1. Абсолюттік көрсеткіштер – әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың, олардың сипаматтамаларының өлшемін (абсолюттік) ұзындық, аудан, масса (салмағы) және тағы сол сияқты бірліктерде, уақытты есептеу бірліктерінде, ақша бірліктерінде немесе осы массалық құбылысты құратын элементтер (бірліктер) саны түрінде тікелей сипаттайтын статистикалық көрсеткіштердің сандық тұлғалау нысаны.

  2. Абсолюттік көрсеткіштер олар бейнеленетін өлшем бірліктерге сәйкес мынадай түрлерге бөлінеді: натуралды, шартты, құндық және еңбек.

  3. Абсолюттік натурал көрсеткіштер объектілерді натуралдық өлшем бірліктерінде сипаттайды: тонна, дана, сағат, ампер және т.б. Олар жай (мысалы, электр станциялардың қуаты киловатпен өлшенеді, ал тасымалданған жүк көлемі – тоннамен) және құрамалы (мысалы, өндірілген электр энергиясының мөлшері киловатт-сағатпен өлшенеді, ал жүк айналымы – тонна-километрде) болуы мүмкін.

Абсолютті натурал көрсеткіштерге мынадай көрсеткіштер жатады: қоймалардың пайдалы ауданы (ш.м); облыс ішілік ауысулар бойынша көші-қон – келгендер (адам); халық саны (адам); жыл соңындағы есепте тұратын науқастар саны (адам); жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны (бірлік).

  1. Абсолюттік шартты көрсеткіштер, егер бірнеше түрі бар өнім арнайы коэффициенттер арқылы шартты өнімге ауыстырылуы қажет болса, объектілерді шартты өлшем бірліктерінде сипаттайды (шартты отын, норма-ауысым). Мысалы, құрамы әр түрлі кілегейлі негізден тұратын сүт өнімдері; май қышқылдарының әр түрлі құрамынан тұратын сабын; отынның алуан түрлерін жану жылуы 7000 ккал/кг деңгейінде қабылданған шартты отын тоннасында қайта есептейді; ал сыйымдылығы бойынша түрлі консерві құтыларын 353,4 куб. см. сыйымдылықты шартты құтыларға ауыстырады; энерготасымалдауыштардың жалпы массасы (отын, шымтезек, тас көмір, мұнай өнімдері, табиғи газ) шартты отын тоннасында — ш.ж.т. өлшенеді, себебі оның әр түрі түрлі жылу шығарушы қасиетке ие, стандарт ретінде 29,3 мДж/кг қабылданған; осыған ұқсас мектеп дәптерлерінің жалпы саны көлемі 12 беттік шартты мектеп дәптерлерінде — ш.м.д. өлшенеді.

  2. Абсолюттік құндық көрсеткіштер ақшалай өлшемде тұлғаланады және ағымдық бағалардағы сияқты, сондай-ақ салыстырмалыда да көрсетіледі.

Абсолюттік құндық көрсеткіштерге мынадай көрсеткіштер: атаулы ақшалай табыс (теңге); қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындар (мың теңге); негізгі капиталға салынған инвестициялар (мың теңге); тауарлар мен қызметтер импорты (миллион АҚШ доллары); жалпы шығарылым (миллион теңге); көрсетілген қызмет көлемі (мың теңге) жатады.

  1. Абсолюттік еңбек көрсеткіштері еңбек шығынын, еңбек өнімділігін, жұмыс уақытының шығынын өлшеу үшін қолданылады (мысалы, орындалған жұмыстың еңбек сыйымдылығы адам-күнмен немесе адам-сағатпен).

Еңбек өлшем бірліктері еңбек шығынын бағалауға мүмкіндік беретін, еңбек ресурстарының болуын, бөлінуі мен пайдаланылуын бейнелейтін көрсеткіштерді сипаттау үшін қолданылады.
2-ішкі бөлім. Салыстырмалы көрсеткіштер


  1. Салыстырмалы көрсеткіш – статистикалық көрсеткіштердің сандық қатынасының өлшемі және әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың салыстырмалы өлшемдерін бейнелейтін статистикалық шама. Мысалы, құбылыстардың түрлі жиынтықтарының, олардың бөлек белгілерінің, сол жиынтықтың әр түрлі белгілерінің өлшемдерінің қатынасы; көрсеткіштің жоспарлы және нақты шамасының немесе қазіргі және бұрынғы уақыттағы шамасының қатынасы.

  2. Салыстырмалы көрсеткіштер мынадай түрлерге: серпін, құрылым, үйлестіру және қарқындылық салыстырмалы көрсеткіштерге бөлінеді.

  3. ССК – бұл көрсеткіштің қазіргі уақыттағы шамасы мен осыған ұқсас салыстыру негізіне алынған оның алдыңғы уақыттағы шамасына қатынасы.

Серпін салыстырмалы көрсеткішін есептегенде және басқа да салыстырмалы көрсеткіштерді есептегенде салыстыру негізін таңдауға аса назар аударылады, себебі бұған алынған нәтиженің тәжірибелік құндылығы едәуір байланысты.

ССК ағымдағы деңгейдің алдыңғы деңгейден қаншалықты артқанын көрсетеді. Егер бұл көрсеткіш еселенген қатынаспен көрсетілсе, ол өсім коэффициенті деп аталады, ал бұл коэффициентті 100 %-ға көбейткенде өсу қарқыны алынады. Өсу қарқыны есемен немесе пайызбен көрсетілуі мүмкін.

ССК-ға мынадай көрсеткіштер: инновациялық өнім көлемінің өсу қарқыны (пайыз); технологиялық инновациялар жалпы шығынының өсу қарқыны (пайыз); тұтыну бағаларының индексі (пайыз); негізгі капиталға салынған инвестицияның нақты көлемінің индексі (пайыз) жатады.

  1. ҚұСК – бұл бір бүтіннің қандай да бір бөлігінің шамасының осы бүтіннің шамасына қатынасы. ҚұСК жиынтықтың құрамын, құрылымын сипаттайды, жиынтықтың жалпы көлемінде бөліктің үлесін (үлес салмағын) анықтайды.

ҚұСК жиынтық бөлігі көлемінің барлық жиынтықтың абсолюттік шамасына қатынасы ретінде есептелінеді, осылайша жиынтықтың жалпы көлемінде бөліктің үлес салмағын анықтайды. ҚұСК %-бен өлшенеді.

ҚұСК-ға мынадай көрсеткіштер: өнеркәсіп өнімінің республикалық көлемінде өңірлердің үлес салмағы (пайыз); шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың жалпы халық санындағы үлесі (пайызы) жатады.

  1. ҮСК — бұл бүтіннің жеке бөліктерінің өзара қатынасы. Ол бір бүтіннің қанша бірлігі оның басқа бөлігінің 1; 100; 1000 және т.б. бірліктеріне келетінін көрсетеді.

Сонымен бірге, ең үлкен үлес салмағы бар немесе басымды болып табылатын бөлігі салыстыру негізі ретінде таңдалады. Нәтижесінде әр құрылымдық бөліктің қанша бірлігі базистік құрылымдық бөліктің 1 бірлігіне (кейде 100, 1000 және өзге бірліктерге) келетіні шығады (бүтін бөліктерінің қатынасы). Мысалы, елде 1000 ер адамға қанша әйел адам келеді; 100 ауылдық тұрғынға келетін қала тұрғындарының саны.

Бүтіннің жеке бөліктері арасындағы қатынасын сипаттай отырып, ҮСК оларға көрнекілік береді. Үйлестіру салыстырмалы шамаларының алымы мен бөлімі бірдей өлшем бірлікке ие болғандықтан, бұл шамалар атаулы сандармен емес, пайызбен, промиллемен немесе еселенген қатынаспен көрсетіледі.

  1. ҚСК бұл екі сапа жағынан әр түрлі құбылыс өлшемдерінің қатынасы. Олардың бірі – қандай да бір үдерістің, құбылыстың дамуы жүретін немесе онымен туындайтын ортасы (оның өлшемі), екіншісі – зерттелетін үдеріс, құбылыс (олардың шамасы). ҚСК белгілі бір ортада қандай да бір үдерістің, құбылыстың даму (таралу) дәрежесін сипаттайды. ҚСК осы құбылыстың абсолюттік шамасының ол дамитын орта өлшеміне қатынасы ретінде есептеледі.

Мысалы, халық санының олар тұратын ауданға қатынасы, қор қайтарымы, халықтың дәрігерлік көмекпен қамтылуы (10 000 халыққа шаққандағы дәрігерлер саны), еңбек өнімділігі (заттай немесе құндық көріністегі өндірілген өнімнің оны өндіруге кеткен еңбек шығындарына қатынасы).

ҚСК әр түрлі ресурстарды (материалдық, қаржылық, еңбек) қолдану тиімділігін, мемлекет халқының әлеуметтік және мәдени тұрмыс деңгейін, қоғам өмірінің көптеген аспектілерін сипаттайды.

ҚСК әр түрлі атаулы абсолюттік шамалар өлшемдерін салыстыру арқылы есептеледі, олар бір-бірімен белгілі бір байланыста болады және басқа салыстырмалы көрсеткіштер түрлеріне қарағанда әдетте атаулы сан болып табылады, сонымен бірге өздері тұлғаланатын қатынастағы абсолюттік көрсеткіштердің өлшемділігіне ие. Алайда, алынған есеп нәтижелері тым аз болғанда, оларды көрнекілік үшін 1000 немесе 10000-ға көбейтіп, промилле және продецимилледегі сипаттама алынады.

ҚСК-ға мынадай көрсеткіштер жатады: әуе көлігінің жолаушылар айналымы (млн.пкм); жан басына шаққандағы бөлшек сауда тауарайналымы көлемі (теңге); барлық ағымдар бойынша көші-қон айырымы (адам); жан басына шаққандағы ЖІӨ (өндіріс әдісімен алынған) (мың теңге); 1000 тұрғынға ШК-ның белсенді кәсіпорындарының саны (бірлік); 100 адамға шаққандағы ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы (бірлік); нәресте өлім-жітімінің коэффициенті (промилле – 1000 адамға шаққанда); нақты жалақы индексі (пайыз) (себебі нақты жалақы индексі атаулы жалақы индексінің тауарлар мен қызметтердің тұтыну бағалары индексіне қатынасы арқылы анықталады, бұған қоса екі индекс те бір уақыт кезеңіне жатады.)
3-ішкі бөлім. Орташа көрсеткіштер


  1. Статистикада орташа шама қандай да бір сандық түрленетін белгі бойынша біртекті құбылыстар жиынтығының жалпы сипаттамасы болып табылады. Орташа шама жиынтықтың бірлігіне жатқызылған осы белгінің деңгейін көрсетеді.

  2. Орташа шаманы дұрыс пайдаланудың негізгі шарты ретінде орта мәнге келтірілетін белгі бойынша жиынтықтың біркелкілігі болып табылады. Тек орта мәндерде ғана осындай жиынтықтар үшін әлеуметтік-экономикалық құбылыстар дамуының заңдылықтары, ерекше өзгешеліктері айқындалады.

  3. Орташа шама көмегімен түрленетін белгісі бойынша әр түрлі жиынтықтарды өзара салыстыруға болады (жан басына шаққандағы табыс, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі, әртүрлі кәсіпорындардағы өнім өндірісінің өзіндік құны).

  4. Статистикада қолданылатын орташа шамалар дәрежелік орта мәндер класына жатады, олардың жалпы формуласы мынадай түрге ие:




(1)
мұндағы,

– дәрежелік орта мән;

x – белгінің өзгермелі шамалары (варианталар);

n – орта мән есептелетін варианталар саны;

m – орта мән дәрежесінің көрсеткіші;

– қосындылау белгісі.

Орта мән дәрежесінің көрсеткішінің түрлі мәндерінде (m) орташа шаманың әр түрлі түрлері алынады:

m = 1 – арифметикалық орта мәні;

m = 2 – квадраттық орта мәні;

m = -1 – гармониялық орта мәні;

m = 0 – геометриялық орта мәні (қайта құрудан кейін).

  1. Статистикалық зерттеу нәтижелері орта мәннің түрі қаншалықты дұрыс таңдалғанына байланысты. Бір деректер негізінде түрлі тәсілдермен орындалған орта мәндерді есептеу алуан түрлі нәтижелер береді.

  2. АО – орташа шаманың ең кең тараған нысанының бірі. АО түрленетін белгінің көлемі жиынтықтың жеке бөліктерінде белгі мәндерінің қосындысы ретінде қалыптасқан жағдайда қолданылады. Мысалы, серпінді қатардың орташа деңгейі, орташа республикалық көрсеткіш.

АО-ны есептеу формуласы мынадай түрге ие:



(2)


  1. ГаО түрленетін белгінің көлемі жеке варианталардың кері мәндерінің қосындысы ретінде қалыптасқан жағдайда қолданылады. ГаО өнімнің орташа еңбек сыйымдылығын, қандай бір қызмет түрінің орташа ұзақтығын анықтағанда қолданылады.

ГаО-ны есептеу формуласы мынадай түрге ие:




(3)



  1. КО түрленетін белгінің көлемі квадраттар қосындысы ретінде қалыптасқан жағдайда қолданылады. КО орташа деңгейден белгі вариациясын бағалау үшін, орташа және квадраттық ауытқу мен дисперсияны есептегенде, вариация коэффициентін есептегенде, дисперсияны қосу ережесін тексергенде, дисперсиялық талдауда, асимметрия және эксцесс коэффициенттерін есептегенде қолданылады.

КО-ны есептеу формуласы мынадай түрге ие:

(4)

  1. ГО түрленетін белгінің көлемі жеке варианталардың туындысы ретінде қалыптасқан жағдайда қолданылады. ГО белгінің жеке мәндері салыстырмалы шама түрінде көрсетілгенде, серпінді қатарларға арналған орташа өсу қарқынын (орташа өсу коэффициенттері) анықтағанда өз қолданысын табады, сонымен бірге белгінің минималды және максималды мәндерінің арасында орта мәнін анықтау қажет болғанда жағдайда қолданылады (мысалы, 100 бен 1000000 арасында).

ГО-ны есептеу формуласы мынадай түрге ие:

(5)
  1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы «27» сәуірдегі №97 бұйрығына 4-қосымша «Кәсіпорындарды тікелей инвестициялар бойынша зерттеу сауалнамасы»
Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы «27» сәуірдегі №97 бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының
Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде статистикалық әдіснамаға...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұйрығы 2011 жылғы 2 тамыз №211 Астана қаласы
Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 тамыздағы №233 Көлік статистикасы бойынша жалпымемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы
Көлік статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша Қазақстанның ұлттық тәжірибесі
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының «03» шілде 2010 жылғы
Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімін жүргізуде қолданылатын сыныптамалар тізбесі
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі жауапты хатшысының м а. 2011 жылғы «21» қыркүйек №263 бұйрығымен бекітілген 007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары»
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде серверлік жабдықтың...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Республикасы Статистика агенттігінің Тіркелімдер және сыныптамалар департаменті Әзірледі
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Республикасы Статистика агенттігінің Тіркелімдер және сыныптамалар департаменті Әзірледі
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі жауапты хатшысының 2011 жылғы «23» қыркүйек №267 бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде дербес компьютерлерді...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі вст – 02 ред. 2 Статистикалық нысандар жіктеуіші
Республикасы Статистика агенттігінің Тіркелімдер және сыныптамалар департаменті Әзірлеп енгізді
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница