Садыкбекова айжаркын абдразаккызы




НазваниеСадыкбекова айжаркын абдразаккызы
страница3/4
Дата конвертации10.11.2012
Размер0.56 Mb.
ТипАвтореферат
1   2   3   4


Сурет 11 - Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасындағы орталықтандырылған бухгалтерлік есептің артықшылықтары
Ескерту - Автор құрастырған
12-ші суретте біз ұсынған орталықтандырылған есеп-қисап бөлімінің құрылымы келтірілген.



Сурет 12 – ОҚО ЖҚҮӘБ Басқармасындағы орталықтандырылған есеп-қисап бөлімінің ұсынылған құрылымы
Ескерту - Автор құрастырған
Нарықтық экономика және еңбек нарығының дамуы жағдайында халыққа қызмет көрсетуді жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін еңбекпен қамтуды қаржылық қамтамасыз етудің оңтайлы үлгісін іздеу маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Осы мәселені шешу, біздің пікірімізше, сақтандыру ісін ұйымдастыруға және жетілдіруге байланысты. Мәжбүрленген жұмыссыздықтың қауіптері мен салдарынан халықты сенімді әлеуметтік қорғау үшін еңбек нарығына сәйкес келетін әлеуметтік сақтандыру жүйесін белгілеу жөн деп есептейміз.

Жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру жүйесін құру еңбек қатынастарын реформалаудың, тиімді еңбекпен қамтуға өтудің және орталықтандырылған еңбек нарығын қалыптастырудың қажетті шарты болып отыр.

Жұмыспен қамтуға бөлінген бюджеттік қаржыларды, бірінші кезекте, еңбек нарығындағы қайта құруларға, жұмысшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жүргізілетін іс-шараларға және олардың жастарға, мүгедектерге, дағдарысты аймақтардағы жұмыссыздықпен күресуге арналған арнайы, әлеуметтік маңызды бағдарламаларға қатысуға жұмсау ақталатыны анық. Бұл қорытындыны біз 2007-2008 жж. ОҚО еңбекпен қамтудың белсенді саясатының іс-шараларына жұмсалған қаржыларды талдай келе жасадық.

Жұмыссыздықты әлеуметтік қамсыздандыру қаржыларының түсу, жұмсау операциялары және бюджеттік шығындарды жыл соңында жабу бойынша ұсынылған бухгалтерлік жазбалар 4-кестеде келтірілген.
Кесте 4 – ХЖҚММ-нің ақша қаражаттарымен жүргізілетін операциялардың бухгалтерлік өткізбелерінің ұсынылған сызбасы


№ р/р

Шаруашылық операциялардың мазмұны

Шоттардың корреспонденциясы

Дебет

Кредит


1

2

3

4


1.



Ақша қаражаттарының түсуі

100 «Міндеттемелерді қабыл-дау бойынша мемлекеттік мекеменің рұқсаттамасы»

140 «Мекеме шығындарын және басқа да іс-шараларды қаржылан-дыру бойынша есеп айырысулар»

2.


Еңбекпен қамту сала-сында белсенді саясатты жүзеге асырумен байла-нысты шығындарды есептеу: - оқытушыларға еңбек ақы есептеу;

200 «Бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде мемлекеттік мекемені ұстауға бөлінетін бюджет бойынша шығындар»

180 «Жұмысшылар мен қызметкерлермен есеп айырысулар»


- еңбек ақы қорынан әлеуметтік салықты есептеу;



200 «Бекітілген қаржылан-дыру жоспары шегінде мемлекеттік мекемені ұстауға бөлінетін бюджет бойынша шығындар

195 «Мемлекеттік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік төлем-дер бойынша есеп айырысулар»,

198 «Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті жарналар бойынша есеп айырысулар»

- оқушыларға стипендияларды есептеу;

200 «Бекітілген қаржылан-дыру жоспары шегінде мемлекеттік мекемені ұстауға бөлінетін бюджет бойынша шығындар»

181 «Стипендиаттармен есеп айырысулар»





-элект қуаты, коммуналдық және басқа қызметтер үшін төлемдерді есептеу

200 «Бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде мемлекеттік мекемені ұстауға бөлінетін бюджет бойынша шығындар»

178 «Бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде басқа да дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар»

3.


Бюджеттік жылдың аяғында нақты шығындарды есептен шығару (субшоттарды жылдың соңында жабу)

140 «Мекеме шығындарын және басқа да іс-шараларды қаржыландыру бойынша есеп айырысулар»

200 «Бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде мемлекеттік мекемені ұстауға бөлінетін бюджет бойынша шығындар»

Ескерту - Зерттеу нәтижелерінің негізінде автор жасаған


Келесі бағыт, біздің пікірімізше, экономикалық жіктеме баптарын зерттеу және талдау болып табылады. Осы зерттеуді жүргізу барысында оның жекелеген баптары нақтылауды және қайта өңдеуді қажет етеді деген қорытындыға келдік.

159 сыныптама ерекшелігінің шығындарын толық талдау, біздің пікірімізше, бюджеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарылатудың жасырын резервтерін анықтауы тиіс. Сондықтан 159 «Өзге де ағымдағы шығындар» сыныптама ерекшелігін шығындарды топтастыру жолымен нақтылап, оларға жеке код берген жөн (кесте 5).
Кесте 5 – Бюджет шығыстарының экономикалық жіктемесіндегі жұмыспен қамту іс-шараларына жұмсалатын шығындарды көрсетудің ұсынылған нұсқасы



Шоттың шифры

Баптардың аталуы

Сыныптама

шифры

159

Өзге де ағымдағы шығындар

- бос орындардың жәрмеңкелері мен оқу орындарын ұйымдастыру

159.041

- еңбек нарығындағы жағдай туралы халық пен жұмыс берушілерді хабардар ету

159.042

- қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

159.043

- әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа орналасуын ұйымдастыру

159.044

- 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерді уақытша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру

159.045

- жұмыссыз азаматтардың еңбек нарығында әлеуметтік бейімделуі

159.046

- халықтың өз бетінше жұмыспен қамтылуына ықпал ету

159.047

- жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқыту

159.048

- кәсіби бағыт беру

159.049

Ескерту - Автор құрастырған


№6 «Түрлі ұйымдармен аванстық төлемдер тәртібімен есеп айырысулардың жинақтаушы тізбесі» мемориалдық ордерінде жұмыссыз азаматтарды қайта оқыту, бос орындар жәрмеңкесін өткізу, қоғамдық жұмыстарды, жазғы каникул кезеңінде кәмелетке толмаған азаматтар үшін уақытша жұмыстарды ұйымдастыру және т.б. бойынша есеп айырысулар туралы ақпарат көрсетіледі.

Сонымен қатар осы регистрде жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекеменің коммуналдық қызметтері мен сатып алынған шаруашылық материалдарының есебі жүргізіледі. Бір айға құрастырылған №6 мемориалдық ордер көлемді болып келеді, сондықтан жекелеген есеп айырысулардың түрлері бойынша қарыз сомасын анықтау қиын.

Мемлекеттік мекеменің жұмысын, талдамалы есепті ұйымдастыруды ыңғайлы ету, есептерді құрастыру және қарыздарды уақытылы төлеу жөніндегі шешімдерді қабылдау үшін жоғарыда аталған есеп айырысуларды жекелеген субшоттарға бөлу жөн деп есептейміз. Ол үшін әр есеп айырысудың түріне нақты субшоттарды және атауларын белгілеу қажет. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, басқа да бюджеттік мекемелердегідей, бухгалтерлік есеп субшоттар бойынша жүргізіледі. Екі таңбадан тұратын субшот кодын ұсынамыз, мұндағы екінші сан тұрақты болып, шоттардың типтік жоспарындағы номіріне сәйкес келуі тиіс. Ұсынылған нұсқада бұл «8» саны. Бірінші сан – дебиторлардың немесе кредиторлардың топтары бойынша есеп айырысулар. Осы жағдайда типтік нөмірлену бұзылмайды (кесте 6).
Кесте 6 – Синтетикалық шоттардың және өзгеде дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар бойынша субшоттардың ұсынылған атаулары


Синтетикалық шоттың аталуы

Шоттың шифры

Субшоттың аталуы мен номері

Субшоттың жаңа шифры



Басқа да кредиторлармен және дебиторлар-мен есеп айырысулар


178

0 – еңбекпен қамту қызметін ұстау шығындары бойынша ұйымдармен есеп айырысулар;

178.08

I – бос орындар жәрмеңкелері мен оқу орындарын ұйымдастыру бойынша шығындар;

178.18

2 - еңбек нарығындағы жағдай туралы халық пен жұмыс берушілерді хабардар ету бойынша ұйымдармен есеп айырысулар;

178.28

3 - қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша есеп айырысулар;

178.38

4- әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа орналасуын ұйымдастыру бойынша есеп айырысулар;

178.48

5 - 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерді уақытша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру бойынша есеп айырысулар;

178.58

8 – жұмыссыз азаматтарды оқыту бойынша оқу орындарымен есеп айырысулар;

178.88

9 – жұмыссыз азаматтарға кәсіби бағыт беру бойынша есеп айырысулар.

178.98

Ескерту - Зерттеу нәтижелері негізінде автор жасаған


Жоғарыда көрсетілген синтетикалық шоттар мен субшоттардың атауларына сәйкес, біздің пікірімізше, есепте ақпаратты жүйелі түрде көрсету үшін бухгалтерлік есептің типтік регистрлерін толықтыру қажет. Атап айтқанда, есеп айырысулардың талдамалы есебін ұйымдастыру үшін №6 мемориалдық ордерде ұсынылған синтетикалық шоттар мен субшоттарға сәйкес бөліп, сәйкес атаулармен толықтыру ұсынылып отыр (кесте 7).

Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметі қазіргі уақытта қолданылатын барлық есеп түрлерін қамтиды: бухгалтерлік (қаржылық және басқару); салық есебі; статистикалық; әлеуметтік және бухгалтерлік есеп нысандары.

Қазақстандағы мекемелер мен ұйымдардың мүліктік және қаржылық жағдайы туралы толық және шынайы ақпаратқа мүдделі тұлғалар шеңберінің кеңеюіне байланысты бухгалтерлік есептің ролі мен маңызы қайта қаралып, оны қалыптастыру мен жоғары тұрған ұйымдарға ұсыну тәсілдері өзгеріске ұшырап отыр.

Экономиканың әлеуметтік саласы халықтың рухани және материалдық қажеттіліктеріне қызмет көрсетіп, әлеуметтік көмек және басқа да әлеуметтік сипаттағы қызметтерге кеткен шығындардың жиынтығын қамтиды. Әлеуметтік есеп – бұл бухгалтерлік есептегі жаңа құбылыс. Ол туралы айту әлеуметтік есеп ролінің өсуін, шұғыл бухгалтерлік есептің маңыздылығын, жаңа зерттелмеген мәселелердің орын алуын көрсетеді.
Кесте 7 – ХЖҚММ-дегі мемориалдық ордерлердің ұсынылған номерлері мен атаулары, синтетикалық шоттар мен субшоттардың атаулары


Мемо-риалдық ордер №

Мемориалдық ордердің аталуы

Шифр

Синтетикалық шоттардың аталуы

Шифр

Субшоттардың аталуы

6/0

Еңбекпен қамту қызметін ұстау шығындары бойынша ұйымдармен есеп айырысулардың жинақтаушы ведомості;

178

Басқа да кредиторлар-мен және дебиторлармен есеп айырысулар

08

Еңбекпен қамту қызметін ұстау

6/1

Бос орындар жәрмеңкелері мен оқу орындарын ұйымдастыру бойынша есеп айырысулардың жинақтаушы ведомості

178

Басқа да кредиторлар-мен және дебиторлармен есеп айырысулар

18

Бос орындар жәрмеңкелері мен оқу орындарын ұйымдастыру

6/2

Еңбек нарығындағы жағдай туралы халық пен жұмыс берушілерді хабардар ету бойынша ұйымдармен есеп айырысулардың жинақтаушы ведомості

178

Басқа да кредиторлар-мен және дебиторлармен есеп айырысулар

28

Еңбек нарығы туралы ақпаратты ұйымдастыру

6/3 және т.с.с.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша есеп айырысулардың жинақтаушы ведомості

178

Басқа да кредиторлар-мен және дебиторлармен есеп айырысулар

38

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

Ескерту - Зерттеу нәтижелерінің негізінде автор жасаған



Жұмыспен қамту қызметі бюджеттік мекеме болғандықтан, оның әрекет етуінен алынатын тиімділік оны ұстау шығындарынан жоғары болады, себебі мұнда қоғамдық пайдалылық орын алады. Басқаша айтқанда, мұндай ұйымның болуы әлеуметтік тұрғыда ақталады. Әлеуметтік есепті ендіру белгілі бір қызметкердің, бөлімнің бүкіл мекеме жұмысына қосқан үлесін өлшеуге мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда, мекемеде басты назар мәліметтерді санау тұрғысынан талдауға емес, бақылау мен тіркеуге аударылады. Осыған байланысты біз ұсынған есептіліктің айлық нысаны 8-кестеде келтірілген.
Кесте 8 – Жұмыспен қамту қызметтеріне өтініш білдірген және жұмыспен қамтылғандардың саны туралы есептіліктің ұсынылған нысаны
Жұмыспен қамту орталығы маманының аты-жөні _______________




Көрсеткіштің аталуы

Саны (адам)

1.

Қызметке өтініш білдіргендердің саны - барлығы олардың ішінде:

145

-еңбекпен қамтылған, жұмысын ауыстыруға қалауын білдіргендер

20

-бұрын жұмыс істемеген, алғаш рет жұмыс іздеп жүргендер

45

-қызметте есепте тұратын жұмыссыздар

80

2.


Еңбекпен қамтылғандар – барлығы, олардың ішінде:

42

- еңбекпен қамтылған, жұмысын ауыстыруға қалауын білдіргендер;

5

- бұрын жұмыс істемеген, алғаш рет жұмыс іздеп жүргендер;

-

- орталықта есепте тұратын жұмыссыздар

37

Ескерту - Нормативтік-құқықтық құжаттардың және зерттеу нәтижелерінің негізінде автор жасаған


Жұмыссыздықтың қаржылық шығындары жұмыс күшін тиімсіз пайдалану салдарынан салықтарды толық көлемде алмауымен және жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында бюджеттен бөлінетін қосымша шығындармен байланысты болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізілген диссертациялық зерттеу жұмысының нәтижелері төмендегідей теориялық және тәжірибелік қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:

1.Еңбек нарығын зерттеу барысында оның ақпараттық функцияларының аса маңыздылығына көз жеткіздік. Ақпараттық қамтамасыздандыру арқылы бөлімшелер арасындағы байланыс орнайды, әрбір бөлімшенің құқықтары мен әкімшілік алдындағы жауапкершіліктері, белгілі бір мақсатқа жетудегі жекелеген қызмет түрлерінің арақатынасы қалыптасады.

Есептік талдау функцияларының мазмұнын анықтаудағы біздің ұсыныстарымыз халықты жұмыспен қамту мекемелерінің жұмыссыздармен есеп айрысуының толықтығы мен уақтылылығын және бюджеттік заңдылықтарды сақтауды қамтамасыз етуді бақылауға қажетті есептік-талдау ақпараттарына деген қажеттілікті анықтауға мүмкіндік береді.

2.Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік және шұғыл есеп жүйесін реттеуші нормативті-құқықтық деңгейлері жасалды

3.Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру мен әдістемесінің қазіргі жағдайын талдау негізінде аталған мекемелердегі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы бір орталықтан басқарылмауы облыстық және аудандық бөлімшелердегі бірнеше қызмет түрлерінің қайталанып отырғаны анықталды.

4.Халықты жұмыспен қамтумен айналысатын мемлекеттік мекемелерді тиімді басқару үшін бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептік ерекшеліктері анықталып, нақтыланды.

5.Қызмет бағыттары бойынша шығындардың мақсатты бөлінуін негіздеуде, біз халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің шұғыл және бухгалтерлік есеп тәжірибесіне жүргізілген талдау нәтижесінде, осы мекеменің облыстық, аудандық және қалалық бөлімшелеріндегі есеп пен мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды элементтерінің ақпараттық-талдамалық негізі ақпаратты жинау, тіркеу және жалпылауды ұйымдастыру болып табылатындығын айқындадық.

6.Мекемедегі бухгалтерлік есеп-қисап бөліміндегі ұйымдастырушылық құрылымды талдап, оның шаруашылық қызметтін құқықтық өзгерістерге және ғылыми техникалық өркендеу жетістіктеріне байланысты өзгертіп отыру қажеттігі негізделді.

7.Мемлекеттік сектордағы мекемелердің бухгалтерлік есеп пен есептілік үрдістерін анықтайтын біркелкі есеп стандарттарының жоқтығы халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есепті жүргізуде бірнеше қиындықтар туғызатындығы анықталды.

8.Зерттеу нәтижесінде анықталған аталған кемшіліктерді толықтыру мақсатында және бюджеттік қаражаттарды мақсатты пайдалану тиімділігін жоғарылату үшін өңдеуге қажетті ақпараттық материалдарды дайындау мен шығындар сметасының орындалуына экономикалық талдау жүргізіп отыру қажеттігі айқындалып, келесідей ұсыныстар жасалды:

- халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі шұғыл және бухгалтерлік есептің мақсаты, міндеттері және функциялары нақтыланып, қалыптастырылды;

- шұғыл және бухгалтерлік есептің басымды объектілері анықталды;

- Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастырушылық құрылымы жасалды;

- облыстық басқарма аясындағы орталықтандырылған бухгалтерия құрылымы берілді;

- халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің есептілік саясаты құрастырылды;

- шығындардың түрлері бойынша талдау жасау үшін пайдалануға болатын ішкі есептілік нысандары жасалды.

Ұсынылып отырған халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің шығындар сметасының орындалуын бағалау мекемелердегі кассалық және нақты шығындардың ауытқу себептерін анықтауға, бюджеттік классификацияның барлық баптары бойынша шығындар нормаларының орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етуге және бюджеттік қаражаттарды мақсатты пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Диссертация тақырыбы бойынша баспаға шығарылған ғылыми жұмыстар тізімі


  1. Оңтүстік Қазақстан облысындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері//Экономикалық журнал «Аль-Пари»№5-6,Алматы,2001.б.53-55.

  2. Совершенствование государственной политики регулирования сельского рынка труда в Республике Казахстан//Сборник трудов Международной научно-практической конференции «ХХІІ Международные Плехановские чтения» РЭА им.Г.В.Плеханова, г.Москва, 2009. с.323-325.

  3. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру мемлекеттік мекемесінің қызметін экономикалық талдауды ұйымдастырудың мәселелері // «Тұран» университетінің хабаршысы. Ғылыми журнал №2 (42).Алматы, 2009. б.59-65.

  4. Еңбек нарығының пайда болуының экономикалық табиғаты//Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің хабаршысы. Ғылыми журнал №1(64), Түркістан қ. 2009. б.259-265 (авторлықта).

  5. Организация бухгалтерской службы в государственных учреждениях по координации занятости населения// Материалы международной научно-практической конференции «Проблемы подготовки специалистов высшего профессионального образования в ХХI веке: прошлое, настоящее, будущее», Том-II. Шымкентский университет. Шымкент, 2009.с.200-202.

  6. Основы организации бухгалтерского учета в государственных учреждениях координации занятости населения и социальных программ//«ҚазЭУ хабаршысы» научно-общественный журнал №3, КазЭУ им. Т.Рыскулова, Алматы, 2009. с.251-254.

  7. Организация учета и оценка исполнения сметы расходов государственных учреждений по координации занятости населения и социальных программ в РК//«Вестник КЭУ: экономика, философия, педагогика, юриспруденция» Республиканский журнал №4(15). Карагандинский экономический университет Казпотребсоюза, Караганда, 2009. с.41-43.

  8. Нормативно-правовые основы деятельности государственных органов занятости населения в Республике Казахстан// Ежеквартальный научно-информационный журнал №3, «Экономика и статистика». Астана, 2009. с.62-64, (в соавторстве).

  9. Совершенствование организации оперативного и бухгалтерского учета в государственных учреждениях по занятости населения РК//Труды Международной научно-практичекой конференции на тему: «Проблемы использования новых инновационных технологий в учебном процессе» Том-III. Шымкентский социально-педагогический университет. Шымкент, 2009. с.7-10, (в соавторстве).

  10. Халықты жұмыспен қамтумен айналысатын мемлекеттік мекемелердегі шығындар есебі және оларды талдау// «Қазақстан экономикасының индустриалды-инновациялық даму механизмін жетілдірудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. – Түркістан: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 2010. б.418-422, (авторлықта).



1   2   3   4

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница