Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»




Скачать 87.31 Kb.
НазваниеҒылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»
Дата конвертации10.11.2012
Размер87.31 Kb.
ТипДокументы
М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.

Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө.С.

«Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
КЕДЕЙШІЛІК - ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
Кедейшілік – бұл терең әлеуметтік-экономикалық және мәдени-психологиялық тамырлары болатын күрделі құбылыс. Кедейшілік уақыт пен кеңістікте салыстырмалы болады. Оны бағалау мен өлшеуді әрбір елдің дамуының тарихи жағдайларын ескеріп өткізу керек.

Кедейшілікті бағалау мен өлшеудің бірнеше ыңғайлары бар: абсолютті, салыстырмалы және субъективті. 1997 жылғы адамның дамуы туралы Баяндамада БҰҰ-ның даму бағдарламасы кедейшілікті адам әлеуетінің даму тұрғысынан қарастыруды ұсынды. Бұл кезде табыстар деңгейі, күнкөріс минимумы, сатпы алу қабілеті сияқты кедейшіліктің дәстүрлі көрсеткіштерімен қатар адамның даму индикаторлары қолданылады (өмірдің күтілетін ұзақтығы, жұмыссыздық, жасөспірімдер мен аналардың өлімі және т.б.). Адам дамуының индикаторлары мыңжылдық дамуының Мақсаттары мен міндеттерін қамтиды. Сәйкесінше, есеп беруде Қазақстанда кедейшілікті өлшеу үшін индикаторларының кеңейтілген тізімі ұсынылады.

Күнкөріс минимумы – бұл мемлекеттік әлеуметтік саясаттың маңызды құралы. Әлемдік тәжірибеде ол абсолютті кедейшілік ретінде қолданылады және «кедейшілік шегі» деп аталады. Кдейшілік шегі – бұл адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті табыстың минималды деңгейі. Қазақстанда да кедейшілік деңгейін өлшеу үшін күнкөріс минимумы қолданылады. Бірақ экономикалық теңсіздікпен тығыз байланысты болатын кедейшілік қоғамның барлық таптарының әл-ауқат деңгейімен қоса қарастырылуы керек. Есепке сәйкес, Қазақстанда кедейшілік деңгейін төмендетуге бағытталған мемлекеттік саяст тек абсолютті кедейшілік жағдайындағы адамдарға ғана емс, кедейшілікке душар болу тәуекелін болдырмауға да бағытталуы керек. Абсолютті кедей болу тәуекел қапі төнген адамдарды анықтау үшін күнкөріс минимумының екі мөлшеріне тең табыс деңгейінің шекті мөлшерін пайдалану ұсынылады. Табыстардың мұндай дңгейі минималды деңгеден жоғары болса да, қалыпты өмір сүру деңгейін қолдауға қажетті адамның физикалық және ойлау қабілеттерін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Сонымен, кедейшілік – бұл халықтың белгілі бір топтары конституционалды түрде бекітілген құқықтар мен бостандықтар шеңберінде қоғамның өміріне толық қатысу мүмкіндігінен айырылып, өмірге деген құқықтарын жүзеге асыруда алғашқы кезектегі физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты қиыншылықтарға душар болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Кедейшілік мәселесі экономикалық және әлеуметтік аспектілерді және бақылау аспектісін қамтиды.

Табыстар юойынша негізгі критерийлер – бұ лкүнкөріс минимумы және кедейшілік шегі. Күнкөріс минимумы кедейшілік деңгейін анықтаудың негізі болып саналады жәнеминималды тұтынушылық қоржыны негізінде есептелінеді, ол 701 пайызға азық-түліктік және 30 пайызға азық-түліктік емес тауарлар мен қызметтерден тұрады.

Кедейшілік шегі күнкөріс минимумының бір бөлігін құрайды. Бұл көрсеткіш, ең алдымен, адрестік әлеуметтік көмекті көрсетуде мемлекеттің мүмкіндіктерін сипаттайды. Табыстар бойынша кедейшілік индикаторлары – бұл табыстары күнкөріс минимумнан төмен болатын халықтың үлесі, кедейшілік алшақтығы мен өткірлігі.

Табыстық емес кедейшілікті бағалаудың негізгі критерийлері – бұл негізгі әлеуметтік игіліктер мен қызметтердің қол жетерлік минималды деңгейі. Денсаулық сақтау сферасында – бұл жан басына шаққандағы медициналық ұйымдары жоқ қоныстардың саны; білім беруде – бұл балаларды оқумен қамту, мектептері жоқ қоныстардың осаны, білім беру мекемелерінде материалдық көмек көрсетілгендер; әлеуметтік көмек жүйесінде – халықтың осал топтарына көрсетілген көмекпен қамту және оның мөлшері.

Кедейлер үшін әлеуметтік инфрақұрылымның қол жетерлігінің жанама индикаторлары болып денсаулық, білім, өмірдің орташа ұзақтығы, әлеуметтік деградация (алкоголизм, нашақорлық, жезөкшелік, қылмыстық) көрсеткіштері, сондай-ақ халықтың көші-қонысының көрсеткіштері табылады. Бірақ бар индикаторлар кедейшіліктің барлық аспектілерін толық көрсетпейді. Физикалық инфрақұрылымның қол жетерлігінің индикаторлары кедейшіліктің коммуникациялардан алшақтық, табиғи немесе энергетикалық ресурстардың шектеулігі сияқты факторларын ашып көрсетеді, бірақ олар қажетті шараларды жасауда жеткіліксіз көлемде қолданылады.

Кедейшілік профилі – бұл кедейшіліктің ең айқын көріністерінің сандық және сапалық сипаттамасы.

Соңғы жылдары қазақстандық экономика тез қарқынмен дамуды, сондықтан ол елдегі кедейшілік деңгейінің төмендеуіне оң әсерін тигізді. Алайда Қазақстан халқының үлкен бөлігі абсолютті кедей, олардың табыстары күнкөріс минимумынан төмен. Сонымен қатар республика халқының жартысына жуығы кедейлер тобына түсу тәуекеліне ие, себебі олардың табыстары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге жеткіліксіз (күнкөріс минимумнан жоғары, бірақ күнкөріс минимумның екі мөлшерінен төмен). Кедейшілік деңгейі аймақтан аймаққа қарай түрленеді. Ауылдық кедейшіліктің деңгейі қалалықпен салыстырғанда екі есе жоғары. Әйелдер, әдетте, ер адамдарға қарағанда кедейлеу. Табыстары тұтыну қоржынның құнынан төмен болатын халықтың үлесі баяу төмендейді, бұл барабарлы емес тамақтану қаупінің болуын көрсетеді.

Кедейшіліктің негізгі себептері болып жұмыссыздық пен халық табыстарының төмен деңгейі табылады. Еңбек нарығындағы жағдай шиеленісті болып тұр, және ол жұмысбастылық пен табыстардың жалпы өсуіне құарамастан кедейшілік масштабтарының қысқаруына әкелмейді. Қазақстанда жұмысшылардың 44 пайыздан астамы олардың қалыпты өмір сүру деңгейлерін қамтамасыз етпейтін төмен жалақыны алады. Ал табыстары төмен жұмысшылардың үлесі жылдан жылға өзгермейді. Экономика секторыларының көбінде жалақының сатып алу қабілеті төменнен орташаға қарай ауытқиды. Жалақының жоғары сатып алу қабілеті тек қаржылық секторда және мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібінде тіркелген. Өздігінен жұмыспен қамтылғандардың төмен жалақысы және өздігінен жұмыспен қамтылғандарды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесімен неғұрлым толық қамту мәселе болып тұр. Мұнда үлкен назарды жастар мен әйелдер арасындағы жұмысбастылық мәселелеріне, сондай-ақ ұзақ мерзімді және ауылдық жұмыссыздық мәселелеріне аудару керек.
Кесте – 1. 2006-2009 жылдардағы кедейшіліктің негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

2006

2007

2008

2009

Адрестік әлеуметтік көмек алушылар

505060

339052

231628

244100

Кедейлер шамасы, %

31,6

18,2

12,7

12,1

Ең кедейлер шамасы, %

5,2

2,7

1,4

1,2

Кедейлер саны

4809296

2802236

1955404

1884152

Адрестік әлеуметтік көмек бағдарламасының меңгерілу деңгейі, %

10,5

12,1

11,8

13,0


Кедейшілік суреті – бұл кедейшілік тұрғысынан халықтың ең осал топатрының тізімі мен сипаттамасы. Қазақстанда халықтың осал топтарына балалар мен балалар саны көп отбасылар, ұзақ мерзімді жұмыссыздар, жалғыз қалған қарт адамдар, мүгедектер, маргиналды топтар (үйлер іжоқ, пенитенциарлы жүйе мекемелерінен шыққандар, еріксіз мигранттар) жатқызылады. Балалар өздерінің жағдайларын жақсартуда ең аз мүмкіндіктерге ие. Кедей отбасыларда тұратын балалрға қатысты әрекетсіздік кедейшілік масштабтарының болашақта мультипликативті түұрде артуына әкелуі мүмкін. Талдау көрсеткендей, балалар саны көп отбасылар оңтүстік және батыс аймақтарда, негізінен ауылдық жерлерде шоғарланған. Ұзақ мерзімді жұмыссыздық жұмыс күшінің белгілі бір бөлігінің еңбек нарығының қажеттіліктеріне, жас, біліктілік, психологиялық параметрлеріне сәйкес келмеуімен байланысты, сонымен қатар ол әрекеттегі кәсіпорындарда жұмыс орындарының қысқаруына, өздігінен жұмыспен қамту мүмкіндіктерінің жоқтығымен байланысты. Жастар (15-19 жас) экономикалық белсенді емес халықтың ең үлкен үлесін (24 пайыз), сондай-ақ жұмыссыз халықтың көлемді үлесін (12 пайыз) құрайды. Оқымайтын және жұмыс істемейтін жастар нашақорлық, қылмыс пен жезөкшелік бойынша тәуекелдің ерекше тобына түседі. Жалғыз қалған қарт адамдар мәселесі коммуналды қызметтерге, емдену және т.с.с. шығындардың артуымен байланысты. Мүгедектер арасында кедейшілік тәуекелі бұл адамдардың шектеулі мүмкіндіктеріне байланысты өте жоғары. Маргиналды топтарға жатқызылатын адамдар санын бағалу жоқ. Қоғамның белсенді мүшелері қатарынан бұл адамдарды жоғалту ерекше уайымды туындатады. Халықтың маргиналды топтары басқа халық топтарына теріс әсер етуі мүмкін, сондықтан оларға ерекше назар аудару керек. Маргиналды хзалықтың саны қалалық өмірге бейміделмеген ауылдық мигранттар, ресми және ресми емес иммигранттар, еріксіз қашқындар есебінен артуы мүмкін.

Қылмыстың өсуі кедейшіліктің ең негізгі теріс салдарының бірі болып табылады. Жалпы қылмыстылық табыстарын заңсыз жолмен алуға мәжбүр болған халықтың табыстары төмен топтары арасында кең таралды.

Кедейшіліктің басқа кері салдары болып девиантты меніз-құлықтың әр түрлі нысандарының өсуі табылады, оның ең ауыр нысандарына алкоголизм жән нашақорлық жатқызылады. Ең осал әлеуметтік топтарға бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан тұлғалар жатқызылады. Олар еңбек және тұрмыстық жақта көмектің көрсетілуін талап етеді, өйткені олардың абсолютті көп бөлігі бостандыққа шыққан кезде кедейшілік шегінен тыс қалады. Тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталықтары барлық аймақтарда қызмет көрсетпейді. Қазіргі кезде елде мұндай орталықтардың тек 11 ғана жұмыс істейді. Ашылу кезінен бастап әлеуметтік бейімделуден 3,5 мың адам соның ішінде бұрын сотталған адамдар өтті.

Қалалық кедейшілік мәселесі «шағын қалаларда» өте айқын көрінеді. Ол бірқатар себептермен ұлғайтылады: экономикалық белсенді хлық санының қысқаруы, білім берудің төмен деңгейі, кәсіпкерлік дағдылардың болмауы, денсаулық сақтау қызметтерінің төмен сапасы және осы қалалардың тозған физикалық инфрақұрылымы. Қайыршылық пен жеке деградация жастар ішінде пессимистік көңіл-күйді туындатады, олардың жарқын болашаққа үміттерін үзеді.

Жалпы ел бойынша ауылдық кедейшіліктің себептері жұмыссыздықтың жоғары деңгейімен және халық табыстарының төмен деңгейімен шарттасылған. Жағдайды сондай-ақ демографиялық факторлар (асырауындағы адамдардың саны көп болатын отбасылардың үлкен саны) нашарлатады. Жұмысқа орналасу мүмкіндігі, әсіресе жастар үшін ауылда өте шектелген.

Халықтың төмен табыстарын назарға ала отырып, жеке қосалқы шаруашылық ауылдық жерлерде ерекше мінге ие болады. Ауылдағы жолдардың жартылай қираған жағдайы ауылдың экономикалық дамуын шектейді. Мектептер, ауруханалар, мәдениет пен спорт мекемелері санының қысқаруы ауыл тұрғындарының, әсіресе кедей адамдардың адами даму мүмкіндіктерін шектейді.

Ауылды дамытудағы мемлекеттік қолдау, қаржыландыру көлемдерінің артуы ауылдың экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталуы керек. Салқы салу саясаты ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларының дамуы үшін қолайлы болуыға тиіс. Ауыл шаруашылық өнімдлерін мемлекеттік сатып алу жүйесін қайта қарау керек, ауыл тұрғындарының несиелерге, соның ішінде микронесиелеуге қолжеткізу үшін, әсіресе ауыл шаруашылық өнімдерінің өзіндік құнын төмендету мақсатында оның өндірушілері үшін жағдайлар жасау керек. Кеңес беру, зоотехникалық, агрономиялық, маркетингтік және ақпараттық қызметтерді ұсыну қажет.

Кедейшілік деңгейін төмендетуге бағытталған стратегияларды жүзеге асыру керектігі туындауда.

Кедейшілік деңгейін тиімді төмендету үшін маңызды алғышарттар болып мемлекеттік органдарының үйлестірілген күштері мен олардың арасында функцияларды қатаң тарату саналады.

Мемлекет пен қоса кедейшілік мәселелерін шешуде үлкен рөл азаматтық қоғам ұйымдарына, соның ішінде ғылыми-зерттеу институттар, үкіметтік емес және діни ұйымдарға беріледі. Маңызды рөлге әлеуметтік диалог пен кәсіподақтардың дамуы ие болады: әлеуметтік және еңбек қатынастары кәсіподақтар, жұмыс берушілер мен мемлекетпен шешілуге тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары есеп беру мен айқындылығын жоғарылату, сондай-ақ адамдардың өміріне ықпал тигізетін саяси шешімдерді қабылдауда қоғамдастықтың қатысуын қамтамасыз ету құралына айналу керек. Несиелер мен техникалық көмек түріндегі донорлық көмек қаржылық базаның нығаюына, азаматтық қоғам әлеуетінің нығаюына және кедейшілікпен күресу облысында халықаралық тәжірибемен алмасуға жағдай жасайды.

Халықтың жергілікті деңгейдегі әлеуметтік моблиьдігі, жергілікті бастаманың дамуы және өзіндік көмек топтарының құрылуы да кедейшілік мәселелерін шешуде және Қазақстан халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын жоғарылатуда маңызды рөл атқарады.

Похожие:

Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес» iconҒылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»
«Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес» iconҒылыми жетекші: Есенбекова З. Ж. «Микро және макро экономика»
Сапа – нарықТЫҚ экономика жағдайында табысты қызметтің негізгі факторларының бірі ретінде
Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес» iconҒылыми жетекші: Токсеитова А. С. «Микро және макро экономика»
БӘсекелестікке қабілетті елу елдің Қатарына өтудегі жұмыссыздық деңгейінің Өзгеруі
Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес» iconҒылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика»
Республикасы үшін тұрақты экономикалық даму күнделікті қажеттілік болып табылады. Экономикалық өсуді табиғи ресурстар арқылы белгілі...
Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес» iconҒылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика»
Инвестициялық бағдарламада көзделген басымлықтарды іске асыру бұдан былай инфрақұрылым бөлшектерін осы заманғы талаптарға сәкфес...
Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес» iconҒылыми жетекші: Есенгельдинова С. Ж. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы ҚазақстандағЫ «карточкалық бизнесті»
«карточкалық бизнестің» қажеттілігі жылдан-жылға артуда. Қазақстандағы «карточкалық бизнес» банктік операциялардың ішіндегі сұранысқа...
Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес» iconҒылыми жетекші: Дүйскенрва Р. Ж. «Есеп және аудит»
Статистикалық МӘліметтерді жинақтау, топтау, ЖӘне кесте қҰру негізінде ақпараттардың сапасын арттыру
Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес» iconШоманова ботагоз алтынбековна
М050600 – Экономика мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес» iconРефераты Қызылорда 2012 ж
М050600 – Экономика мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес» iconҒылыми жетекші: Зиядин С. Т. «Қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты
Ақшалай жүйенің дамуы – сараптамаға көп түсетіндігімен маңызды. Яғни, ақша жүйесінің тиімді даму тенденциясы мемлекеттің әлеуметтік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница