Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті

Скачать 47.65 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
Дата конвертации10.11.2012
Размер47.65 Kb.
ТипДокументы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті

Баспасөз-хабарламасы

№14

2010ж._15_ақпаны_

2010 жылдың қаңтарындағы Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы
ДЕМОГРАФИЯ

2009 жылы халықтың табиғи өсуінің абсолюттік көрсеткіші 57,8 мың адам болып (2008 жылдың деңгейіне 97,7%), осы кезеңде 73,0 мың (96,6%) – туу, 15,3 мың (92,7%) - өлім оқиғасы тіркелді.

Көші-қонмен 2009 жылы облысқа келген халықтың саны (облыс ішіндегі көші-қонды есепке алмағанда) 13306 адамды (2008 жылы – 11461 адам) құрап, ал облыстан шетке кеткен халықтың саны 23031 адам (20190 адам) болды, көші-қон ағыны бойынша абсолюттік ауытқу айырымы 9725 адамды (теріс) құрады.

ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІ

2009 жылдың қаңтар-қарашасында халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 248046 теңгені құрап, 2008 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы ақшалай табысы 24,2%, нақты ақшалай табысы - 15,0% өсті.

ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ

2009 жылдың ІV тоқсанында жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 71,9 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі белсенді халық санына 6,3% құрады. Жұмыспен қамту органдарына жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2010 жылдың қаңтар айының соңына 12,9 мың адамды немесе экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына 1,1% құрады. Жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 0,2% құрады.

2009 жылы (алдын ала мәліметтер бойынша) қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 48551 теңгені құрап, 2008 жылға қарағанда 16,6% өсті. Осы кезеңде нақты жалақы индексі 108,2% құрады.

БАҒАЛАР

Тұтыну бағаларының индексі 2010 жылдың қаңтарында алдыңғы аймен салыстырғанда 100,7% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 0,8%, азық-түлік емес тауарларына – 0,2%, халыққа ақылы қызмет көрсету 0,9% артты. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2010 жылдың қаңтарында желтоқсан айымен салыстырғанда 0,6% артты.

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА

2009 жылдың қаңтар-қыркүйегінде, жедел деректер бойынша, жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы бағаларда 649209,1 млн. теңгені құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 39,9%, қызмет көрсету – 56,9% құрады.

2010 жылдың қаңтарында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2504,3 млн. теңгені, немесе 2009 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 38,9% құрады.

САУДА

2010 жылдың қаңтарында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 8142,5 млн. теңгені немесе 2009 жылдың қаңтары деңгейіне 119,3% құрады.

2009 жылы облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 2493,9 млн. АҚШ долларын немесе 2008 жылдың деңгейіне 74,0% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 1537,7 млн. немесе 69,4%, импорт – 956,2 млн. АҚШ доллары немесе 82,8% құрады.

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2010 жылдың қаңтарында қолданыстағы бағамен 20294,4 млн. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың қаңтарына нақты көлем индексі 122,6% құрады. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында нақты көлем индексі – 30,0%-ға, өңдеу өнеркәсібінде – 25,0%-ға артты, ал электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 6,3%-ға кеміді.

2010 жылдың қаңтарында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызмет) көлемі (республиканың ағымдағы орташа бағасымен) 5762,5 млн. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 3,4%-ға артық.

Осы кезеңде темір жол көлігінен басқа көліктің барлық түрлерімен (көлік ұйымдарына жатпайтын мекемелер және жеке автокөлік иелері тасымалдаған жүк және жолаушылар көлемін есепке алғанда) 4849,2 мың тонна жүк және 90,7 млн. жолаушылар тасылды. 2009 жылдың қаңтары деңгейіне жүк тасымалдау көлемі 114,1%, ал жолаушылар тасымалдау – 119,1% құрады.

Облыста 11,6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2009 жылдың қаңтарына қарағанда 90,4% құрады.

2010 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша облыста 25766 шаруашылық субьектілері (заңды тұлға) тіркелді, олардың 10816 жұмыс істеп тұрғандар. Тіркелген заңды тұлғалар ішінде шағын заңды тұлғалар саны (50 адамға дейін) - 24261, оның “шағын бизнес” субъектілері – 18611, мұнда жұмыс істейтіндері – тиісінше - 9371 және 6098 бірлік.

Облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктегі белсенді субъектілердің саны 2010ж. 1 ақпанына 111487 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,7% артты.

ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

2009 жылы облыс бюджетінің табыстары 222575,9 млн. теңгені, шығындары – 215458,3 млн. теңгені, бюджет профициті – 4241,7 млн. теңгені құрады. 2008 жылмен салыстырғанда табыстар – 27,8%, ал шығындар – 28,4% өсті.

2009 жылдың IIІ тоқсанында облыстың ірі және орта кәсіпорындарының қаржылық нәтижесі 26386,3 млн. теңге сомасында табыс болып анықталды. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан табысты кәсіпорындардың үлесі 68,2% құрады.

2009 жылы екінші деңгейдегі банктердің облыс экономикасына салған кредит салымының көлемі 70585,0 млн. теңгені құрады. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттер бойынша қарызы 2010ж. 1 қаңтарына 225208,0 млн. теңгені құрады. 2010ж. 1 қаңтарына облыс банктеріндегі салымдар мен депозиттер 53722,0 млн. теңгені құрады, оның ішінде 69,8%, немесе 37494,0 млн. теңгесі – халық салымы.

Орындаған:

Департамент бастығы

Баспа қызметі:

Мекен-жайы:

Өтебаева К.Т.

_Б.Ш. Шайманов___

Өтебаева К.Т.

160012, Шымкент қ.

тел. 8(7252) 30-03-37

тел. 8(7252) 30-03-53

Телефон: 8(7252) 30-03-37

Желтоқсан көшесі 30а

e-mail svodshim@statbase.kz

e-mail svodshim@statbase.kz

ukstat@shym.kz

© Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика Департаменті

Похожие:

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
Жылдың қаңтар-сәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
Жылғы қаңтар-тамыздағы Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
Оңтүстік Қазақстан облысында дәнді және бұршақты (дәнге) дақылдардың жиналған өнімі 295,3 мың тоннаны құрады
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті iconҚазақстан Республикасы Cтатистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті
Республикасы Cтатистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница