Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 2




Скачать 149.05 Kb.
НазваниеIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 2
Дата конвертации10.11.2012
Размер149.05 Kb.
ТипДокументы


(IFRIC) ХҚЕСТК (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 2

КООПЕРАТИВТІК ҰЙЫМДАРДАҒЫ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ ЖӘНЕ ОСЫҒАН ҰҚСАС РАСТАУ

СІЛТЕМЕЛЕР________________________________________________________________

  • IAS 32 Қаржы құралдары: ақпаратты ашып көрсету және ұсыну* (2003 жылғы редакция)

  • IAS 39 Қаржы құралдары: тану және бағалау (2003 жылғы редакция)



БАСТАПҚЫ АҚПАРАТ_______________________________________________________


  1. Кооперативтік ұйымдар және басқа осыған ұқсас ұйымдар тұлғалардың топтарымен ортақ экономикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін құрылады. Ұлттық заңдар әдетте кооперативке өз мүшелерінің экономикалық дамуын бірлескен ұйымдар жұмыстары арқылы (өз-өзіне көмектесу қағидасы) алға бастыруға тырысатын қауым деп анықтама береді. Мүшелерінің кооперативке акциялары көбіне мүшелер үлесі, бірліктері немесе тағы басқа ұқсас атаулармен сипатталады, және осы Түсіндірмеде «қатысушылардың үлесі» деп аталады.

  2. 32 (IAS) ХҚЕС қаржылық құралдарды қаржылық міндеттемелер немесе меншікті капитал ретінде жіктеу қағидаттарын бекітеді. Атап айтқанда, сол қағидаттар иесіне сол құралдарды эмитентке ақша қаражаты немесе басқа қаржылық құрал орнына ұсынуға мүмкіндік беретін мерзімінен бұрын өтеуге құқығы бар құралдарды жіктеуге қолданылады. Осы қағидаттарды кооперативтік ұйымдағы қатысушылардың үлесіға және осыған ұқсас құралдарға қолдану қиындық туғызады. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша кеңестің кейбір сайлаушылары 32(IAS) ХҚЕС-ындағы қағидаттарды белгілі бір сипаттамалары бар қатысушылардың үлесіға және осыған ұқсас құралдарға қалай қолданылатынын және сол сипаттамалар құралдардың міндеттемелер немесе меншікті капитал ретінде жіктелуіне әсер есетін жағдайларды түсінуге көмек сұраған.

ҚОЛДАНУ АЯСЫ____________________________________________________________


  1. Осы Түсіндірме мүшелердің меншік үлесінің дәлелі болатын кооперативтік ұйымдардың мүшелеріне шығарылған қаржылық құралдармен қоса, 32 (IAS) ХҚЕС-ының шегіндегі қаржылық құралдарға қолданылады. Осы Түсіндірме ұйымның меншікті үлестік құралдарымен есеп айырысатын немесе есеп айырысуы мүмкін қаржылық құралдарға қолданылмайды.

МӘСЕЛЕ____________________________________________________________________


  1. Мүшелік үлестермен қоса, көптеген қаржылық құралдар, дауыс беру құқықтары және дивидендтерді үлестіруге қатысу құқықтарымен қоса, үлестің сипаттамаларына ие болады. Кейбір қаржылық құралдар иелеріне ақша қаражаты немесе басқа қаржылық актив орнына өтеу мүмкіндігін сұрауға құқық береді, бірақ қаржылық құралдардың өтелуі бойынша шектеулермен бірге болуы немесе шектеуге бағынуы мүмкін. Сол өтеу шарттары қаржылық құралдарды қаржылық міндеттемелер ретінде немесе үлес ретінде жіктеуді анықтау кезінде қалай бағалануы керек?

КОНСЕНСУС________________________________________________________________


  1. Қаржылық құрал иесінің өтеуге өтініш жасауға келісімшарттық құқығы (кооперативтік ұйымдағы қатысушылардың үлесімен қоса), өз алдына, қаржылық құралдың қаржылық міндеттеме ретінде жіктелуін талап етпейді. Оның орнына, ұйым оның қаржылық міндеттемелер немесе меншікті капитал ретінде жіктелуін анықтауда қаржылық құралдың барлық шарттар мен талаптарын ескеруі тиіс. Сол шарттар мен талаптарға жіктеу күнінде заңды күші бар тиісті жергілікті заңдар, құқықтық ережелер және ұйымның басқару жарғысы жатады, бірақ оларға сол заңдарға, ережелерге немесе жарғыға енгізілуі мүмкін болашақ түзетулер жатпайды.

  2. Егер мүшелердің өтеуді сұрауға құқығы болмаса, меншікті капитал ретінде жіктелетін мүшелер үлесі, егер 7 және 8 тармақтарда сипатталған шарттардың екеуі де болса немесе мүшелер үлесінің 32 (IAS) ХҚЕС-тың 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес барлық белгілері болса және барлық талаптарға сай болса, меншікті капитал болады. Талап еткенге дейінгі депозит, ағымдағы шотты, депозиттік шотты және мүшелер тұтынушы ретінде әрекет еткенде туындайтын ұқсас келісімшарттармен қоса, ұйымның қаржылық міндеттемелері болады.

  3. Егер ұйым қатысушылары үлестерді өтеу туралы өтінішті қабыл алмауға сөзсіз құқығы болса, онда қатысушылардың үлесі меншікті капитал болып табылады.

  4. Жергілікті заңдар, құқықтық ережелер және ұйымның басқару жарғысына қатысушылар үлестерін өтеуге түрлі тыйымдар салынуы мүмкін, мысалы, сөзсіз тыйымдар немесе ликвидтік нормативтеріне негізделген тыйымдар. Егер жергілікті заңдар, құқықтық ережелер және ұйымның басқару жарғысы өтеуге шүбәсіз тыйым салынса, қатысушылардың үлесі акционерлік үлесі болып табылады. Алайда, тек өтемпаздық шектеу сияқты – шарттар орындалғанда ғана (немесе орындалмағанда) өтеуге тыйым салатын жергілікті заңдар, құқықтық ережелер және ұйымның басқару жарғысындағы ережелер қатысушылар үлестерінің меншікті капитал ретінде жіктелуіне әкелмейді.

  5. Сөзсіз тыйым абсолютті болуы мүмкін, яғни, барлық өтеулерге тыйым салынады. Сөзсіз тыйым жартылай болуы мүмкін, онда ол егер өтеу мүшелер үлес санының немесе мүшелер төленген меншікті капитал мөлшерінің нақты көрсетілген деңгейден төмен түсуіне алып келетін болса, мүшелер өтеуге тыйым салады. Өтеуге қарсы тыйым салынғаннан көп мүшелер үлесі егер ұйымның өтеуден бас тартуға 7 тармақта сипатталғандай шүбәсіз құқығы болмаса немесе мүшелер үлесінің 32 (IAS) ХҚЕС-тың 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес барлық белгілері болмаса және барлық талаптарға сай болмаса міндеттемелер болады. Кейбір жағдайларда өтеуге тыйым салынатын үлес саны немесе төленген ұйымдағы меншік мөлшері өзгеруі мүмкін. Өтеуге тыйымның осындай өзгерісі қаржылық міндеттеме мен үлес арасында ауысуларға әкеледі.

  6. Бастапқы тану кезінде, ұйым өзінің қаржылық міндеттемесін әділ құны арқылы өтеу бойынша бағалауы тиіс. Қатысушылар үлестерінің өтелу сипаттамалары болғанда, ұйым қаржылық міндеттемесінің өтеу бойынша әділ құнын басқару жарғысының немесе қолданыстағы заңның өтеу шарттары бойынша төленетін соманың төленуі талап етілетін бірінші күннен бастап дисконтталған максималды мөлшерінен кем емес шамада бағалайды (3-мысалды қараңыз).

  7. 32 (IAS) ХҚЕС-ының 35-тармағында талап етілгендей, үлестік құралдарды иелерге үлестіру тікелей барлық табыстық салық пайдалары шегерілген үлес арқылы танылады. Қаржылық міндеттемелер ретінде жіктелген қаржылық құралмен байланысты пайыз, дивидендтер және басқа түсімдер, сол төленген сомалар заңды түрде дивидендтер, пайыз немесе басқаша сипатталған-сипатталмағанына қарамастан, шығыстар болып табылады.

  8. Осы Түсіндірменің ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшада осы консенсусты қолдану мысалдары берілген.

АҚПАРАТТЫ АШЫП КӨРСЕТУ______________________________________________________________


  1. Өтеуге салынатын тыйымға енгізілген өзгерістер нәтижесінде қаржылық міндеттеме мен меншікті капитал арасында қайта бөлуге әкелгенде, ұйым осы өткен сома, өту мерзімі және себебі туралы ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ__________________________________________________________


  1. Осы түсіндірменің күшіне ену күні және өтпелі кезең талаптары 32 (IAS) (2003 жылғы редакция) ХҚЕС-ындағымен бірдей. Ұйым осы Түсіндірмені 2005 жылдың 1 қаңтарында немесе бұдан кейінгі күннен басталатын жылдық кезеңдер ішінде қолдануы тиіс. Егер ұйым осы түсіндірмені 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін басталатын мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс. Осы Түсіндірме ретроспективті түрде қолданылуы тиіс.

14А. Осы 6, 9, А1 және А12 тармақтарындағы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Егер ұйым 2008 жылдың ақпанында шығарылған Жоюдан соң туындайтын мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар қаржы құралдары және міндеттемелер (32 (IAS) ХҚЕС-қа және 1 (IAS) ХҚЕС-қа түзетулер) құжатын ертерек мерзім ішінде қолданса, 6, 9, А1 және А12 тармақтарындағы түзетулерді сол ертерек мерзім ішінде қолдануы тиіс.

Қосымша

Осы консенсусты қолданудың мысалдары

Осы қосымша Түсіндірменің ажырамас бөлігі болып табылады.

А1. Осы қосымша (IFRIC) ХҚЕСТК консенсусты қолданудың жеті мысалын баяндайды. Бұл мысалдар тізімі толық емес; басқа факт үлгілері болуы мүмкін. Әрбір мысал мысалдың факілерінде баяндалғаннан басқа қаржылық құралды қаржылық міндеттеме ретінде жіктеуді талап ететін шарттар жоқ және қаржылық құралдың 32 (IAS) ХҚЕС-тың 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес барлық белгілері болмайтындығын және барлық талаптарға сай емес екендігін ескереді.

Өтеу өтінішін қабыл алмауға сөзсіз құқық (7-тармақ)_____________________________

1-мысал

Деректер

А2. Ұйымның жарғысы өтеу тек ұйымның қолдауымен жасалатындығын мәлімдейді. Жарғыда қолдау жөнінде басқа дәлірек мәлімет немесе шектеу берілмеген. Ұйымның жұмысы барысында, басқарушылар кеңесінің қатысушылар үлестерін өтеу жөніндегі өтінішті қабыл алмауға құқығы болса да, ұйым ешқашан өтеуге тыйым салмаған.

Жіктеу

А3. Ұйым өтеу жөніндегі өтінішті қабыл алмауға шүбәсіз құқығы бар және қатысушылардың үлесі меншікті капитал болып табылады. 32 (IAS) ХҚЕС қаржылық құралдың мерзімдері негізделген жіктеу үшін қағидаттар бекітеді және еркін төлемдер бұрын жасалғандығы немесе жасау ниеті міндеттеменің жіктелуіне түрткі болмайтынын ескертеді. 32 (IAS) ХҚЕС-ының AG26 тармағында баяндалған:

Артықшылықты акциялар төленбейтін болып табылғанда, тиісті жіктеу оған бекітілген басқа құқықтармен анықталады. Жіктеу негізін келісімшарт мәмілелерінің мәнін бағалау және қаржы міндеттемесінің және үлестік құралдың анықтамалары құрайды. Жиынтықты немесе жиынтықты емес артықшылықты акциялардың иелеріне табыстарды төлеу эмитенттің қарауына қарай жүзеге асырылған кезде акциялар үлестік құралдар болып табылады. Осылайша, үлестік құралдар немесе қаржы міндеттемесі ретінде артықшылықты акцияларды жіктеу мынадай факторларға тәуелді емес, мысалы:

(а) табыстарды төлеудің бұрынғы тәжірибесі;

(b) болашақта табыстарды төлеу ниеті;

(с) табыстың төлемдері болмағанда эмитенттің әдеттегі акцияларының бағасына мүмкін болатын теріс әсері (егер артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленбесе, әдеттегі акциялар бойынша дивидендтерді төлеуге қойған шектеулерден);

(d) эмитент резервтерінің сомасы;

(е) кезең ішіндегі эмитенттің пайданы немесе шығынды күтуі; немесе

(f) кезең ішіндегі пайданың немесе шығын шамасына эмитенттің әсер ету қабілеттілігі немесе қабілетсіздігі.

2-мысал

Деректер

А4. Ұйымның жарғысы өтеу тек ұйымның қолдауымен жасалатындығын мәлімдейді. Алайда, жарғыда әрі қарай, ұйым ликвидтік немесе резервтік қорға қатысты жергілікті заңдарды бұзбай төлемдер жасауға қабілетсіз болмаса, өтеу өтінішін қолдау бірден жасалатындығы айтылған.

Жіктеу

А5. Ұйым өтеу жөніндегі өтінішті қабыл алмауға сөзсіз құқығы жоқ және қатысушылардың үлесі қаржылық міндеттеме болып табылады. Жоғарыда сипатталған шектеулер ұйымның өз міндеттемесін өтеу қабілетіне негізделген. Олар, тек егер ликвидтік немесе резервтік қорға қатысты талаптар орындалмайтын болса ғана және тек олар орындалғанша ғана, жергілікті заңдарды бұзбай төлемдер жасауға қабілетсіз болмаса өтеулерді шектейді. Осылайша, олар, 32(IAS) ХҚЕС-ында бекітілген қағидаттар бойынша, қаржылық құралды акционерлік үлес ретінде жіктеуге әкелмейді. 32 (IAS) ХҚЕС-ының AG25 тармағында баяндалған:

Артықшылықты акциялар әртүрлі құқықтармен шығарылуы мүмкін. Тартылған акцияларды міндеттеме немесе үлестік құрал ретінде жіктеген кезде ұйым қаржы міндеттемесінің негізгі қасиеттеріне қаншалықты жауап беретіндігін анықтау үшін акциялармен расталатын нақты құқықтарды бағалайды. Мысалы, белгілі бір күні, немесе иеленушінің қарауы бойынша өтеуді қамтамасыз ететін тартылған акция, егер эмитенттің қаржы активтерін акцияларды иеленушіге жіберу міндеттемесі болса, қаржы міндеттемесінің анықтама талаптарына жауап береді. Қаражаттың жетіспеу салдарынан, не әкімшілік тарапынан болған шектеулерден шарт бойынша талап етілген кезде эмитент міндеттемені орындауға және тартылған акцияны өтеуге қабілетті болмай қалу ықтималдылығы осы міндеттемені тоқтатпайды. [курсив қосылған]

Өтеуге тыйым салу ( 8-ші және 9-шы тармақтар)

3-мысал

Деректер

А6. Кооперативтік ұйым өз мүшелеріне әртүрлі күндерде және әртүрлі сомаларға төмендегідей акциялар шығарған:

  1. 20Х1 жылдың 1 қаңтарына әрқайсысы 10 ВБ (валюта бірлігі) болатын 100,000 акция (1,000,000 ВБ);

  2. 20Х2 жылдың 1 қаңтарына әрқайсысы 20 ВБ болатын 100,000 акция (тағы 2,000,000 ВБ, шығарылған акциялардың барлығы 3,000,000 ВБ-ін құрайды);

Үлестер өтініш бойынша олардың шығарылған құнымен өтеледі.

А7. Ұйымның жарғысы жиынтықты өтеу оның мүшелерінің айналымдағы үлестердің ең көп санының 20 пайызынан артық болмауы тиіс екендігін мәлімдейді. 20Х2 жылдың 31 желтоқсанында ұйымның 200,000 айналымдағы үлестері болды, бұл – оның мүшелерінің айналымдағы үлестерінің ең көп саны және өткен уақытта ешқандай үлес өтелмеген. 20Х3 жылдың 1 қаңтарында ұйым өзінің басқару жарғысына түзетулер енгізген және жиынтықты өтеудің рұқсат етілетін деңгейін оның мүшелерінің айналымдағы үлестерінің ең көп санының 25 пайызына көбейткен.

Жіктеу

Басқару жарғысына түзетулер енгізілгенге дейін

А8. Қатысушылар үлестерінің өтеуге тыйым салынған мөлшерінен артық мөлшері қаржылық міндеттеме болып табылады. Кооперативтік ұйым осы қаржылық міндеттемені бастапқы тану кезінде әділ құны бойынша бағалайды. Бұл үлестер өтініш бойынша өтелетін болғандықтан, кооперативтік ұйым осындай қаржылық міндеттеменің әділ құнын 39 ХҚЕС-ының 49 тармағында талап етілгендей анықтайды, онда баяндалған: «Талап ету құқығы бар қаржы міндеттемелерінің (мысалы, талап ету бойынша депозиттің) әділ құны талап ету бойынша төленетін сомадан аз болмауы тиіс...» Осыған сәйкес, кооперативтік ұйым өтеу талаптары бойынша өтініш бойынша төленетін максималды мөлшерді қаржылық міндеттемелер ретінде жіктейді.

А9. 20Х1 жылдың 1 қаңтарында өтеу талаптары бойынша төленетін максималды сома әрқайсысы 10 ВБ болатын 20,000 ВБ акцияға тең болды және осыған сәйкес, ұйым 200,000 ВБ-ін қаржылық міндеттемелер ретінде және 800,000 ВБ-ін меншікті капитал ретінде жіктейді. Дегенмен, 20Х2 жылдың 1 қаңтарында, әрқайсысы 20 ВБ үлестердің жаңа шығарылымы болғандықтан, өтеу талаптары бойынша төленетін максималды мөлшер әрқайсысы 20 ВБ болатын 40,000 акцияға көбееді. Әрқайсысы 20 ВБ болатын қосымша үлестердің шығарылуы бастапқы тану кезінде әділ құны бойынша бағаланатын жаңа міндеттеме туындатады. Осы үлестер шығарылғаннан кейін міндеттеме шығарылымдағы әрқайсысы 20 ВБ болатын бағаланған үлестердің жалпы санының (200,000) 20 пайызына, немесе 800,000 ВБ -не тең. Бұл 600,000 ВБ болатын қосымша міндеттемені тануды талап етеді. Осы мысалда ешқандай кіріс немесе шығыс танылмайды. Осыған сәйкес, ұйым енді 800,000 ВБ -ін қаржылық міндеттемелер ретінде жіктейді және 2,200,000 ВБ-ін меншікті капитал ретінде жіктейді. Осы мысал осы сомалардың 20Х1 жылдың 1 қаңтары мен 2002 жылдың 31 желтоқсаны арасында өзгермегендігін болжамдайды.

Басқару жарғысына түзетулер енгізілгеннен кейін

А10. Басқару жарғысы өзгертілгеннен кейін, енді кооперативтік ұйымның өзінің айналымдағы үлестердің максималды 25 пайызын өтеуі немесе әрқайсысы 20 ВБ болатын максималды 50,000 үлесті өтеуі талап етіледі. Осыған сәйкес, 20Х3 жылдың 1 қаңтарында кооперативтік ұйым 39 (IAS) ХҚЕС-ының 49 тармағына сәйкес анықталатын 1,000,000 ВБ болатын өтеу талаптары бойынша өтініш бойынша төленетін максималды мөлшерді қаржылық міндеттемелер ретінде жіктейді. Сонымен, ұйым 20Х3 жылдың 1 қаңтарында 200,000 ВБ сомасын акционерлік үлестен қаржылық міндеттемелерге ауыстырады, 2,000,000 ВБ меншікті капитал ретінде қалады. Осы мысалда ұйым осы ауыстыру бойынша кіріс немесе шығыстарды танымайды.

4-мысал

Деректер

А11. Егер қатысушылардың үлесінен алынатын төленген меншікті капитал мөлшерінің төленген меншікті капиталдың мөлшерінің ең көп мөлшерінің 75 пайызынан төмен азайып кетуіне әкелетін болса қатысушылар үлестерін өтегенде, кооперативтердің қызмет етуін реттейтін жергілікті заңдар, немесе ұйымның басқару жарғысының шарттары қатысушылар үлестерін өтеуге тыйым салады. Нақты кооператив үшін ең көп мөлшері 1,000,000 ВБ болып табылады. Есепті кезеңнің соңында төленген меншікті капиталдың қалдығы 900,000 ВБ болады.

Жіктеу

А12. Бұл жағдайда, CU750,000 үлес ретінде жіктеледі және CU150,000 қаржылық міндеттемелер ретінде жіктеледі. Аталған тармақтарға қоса, 32 (IAS) ХҚЕС-тың 18(b) тармағының бір бөлігінде төмендегілер баяндалады:

иесіне эмитентке ақша қаражаты немесе басқа қаржылық актив орнына қайтаруға құқық беретін қаржылық құрал («мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құрал») 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес үлестік құралдар ретінде жіктелген құралдардан басқасы қаржылық міндеттеме болып табылады. Қаржылық құрал, тіпті ақша немесе басқа қаржылық активтерінің мөлшері көбею немесе азаю мүмкіндігі бар индекс немесе басқа бірлік негізінде анықталғанда да, қаржылық міндеттеме болып табылады. Құралдың иесінің оны эмитентке ақша қаражаты немесе өзге де актив орнына қайтару мүмкіндігінің болуы мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құрал, 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес үлестік құралдар ретінде жіктелген құралдардан басқасы қаржылық міндеттеменің анықтамасына сай келетіндігін білдіреді.

А13. Осы мысалда сипатталған қатысушылар үлестерін өтеуге салынған тыйым 32 (IAS) ХҚЕС-ының 19 және AG25 тармақтарында сипатталған шектеулерден ерекшеленеді. Бұл шектеулер ұйымның қаржылық міндеттеме бойынша төлеуге тиісті соманы төлеу қабілетінің шектелгендігі болып табылады, яғни олар міндеттемені төлеуге тек аталған шарттар орындалса ғана кедергі жасайды. Керісінше, осы мысал аталған сомадан тыс өтеуге, ұйымның қатысушылар үлестерін (мысалы, оның ақша ресурстары, табысы немесе үлестірмелі резервтері болса) өтеу қабілетіне қарамастан салынатын шүбәсіз тыйымды сипаттайды. Іс жүзінде, қатысушылар үлестерін өтеуге салынған тыйым ұйымға төленген акционерлік капиталдың белгіленгеннен артық мөлшерін өтеуге қаржылық міндеттемені қабылдауға кедергі жасайды. Сондықтан, өтеуге тыйым салынған акциялардың бөлігі қаржылық міндеттеме болып табылмайды. Әрбір мүшенің акциялары жеке өтелетін болғанмен, айналымдағы акциялардың жалпы санының бір бөлігі, ұйымның жабылуынан басқа, барлық жағдайларда өтелмейді.

5-мысал

Деректер

А14. Осы мысалдың деректері 4-мысалда баяндалғанмен бірдей. Сонымен бірге, есепті кезеңнің соңында, жергілікті билік органдары қойған ликвидтік талаптары ұйымға қатысушылар үлестерін өтеуге, ақша резервтері және қысқа мерзімді инвестициялары белгіленген сомадан көбірек болмаса, кедергі жасайды. Осы ликвидтік талаптардың есепті кезеңнің соңындағы әсері–ұйым қатысушылар үлестерін өтеу үшін 50,000 ВБ-нен артық төлей алмайды.

Жіктеу

А15. 4-мысалдағыдай, ұйым 750,000 ВБ-ін акционерлік үлес ретінде және 150,000 ВБ-ін қаржылық міндеттемелер ретінде жіктейді Себебі, міндеттеме ретінде жіктелген сома ұйымның өтеу өтінішін қабыл алмауға сөзсіз құқығына негізделген және өтеуге, тек ликвидтік немесе басқа шарттар орындалмағанда ғана және олар орындалғанша ғана кедергі жасайтын шартты шектеулерге негізделмеген. 32 (IAS) ХҚЕС-ының 19 және AG25 тармақтарындағы ережелер осы жағдайда қолданылады.

6-мысал

Деректер

А16. Ұйымның жарғысы, алдыңғы үш жыл бойы қосымша қатысушылар үлестерін жаңа немесе бар мүшелер үшін шығарудан қабылданған түсім шамасындағыдан басқа, қатысушылар үлестерін өтеуге тыйым салады. Қатысушылар үлестерін шығарудан түскен түсім мүшелер өтелуін өтінген акцияларды өтеуге қолданылуы тиіс. Алдыңғы үш жыл бойы қатысушылар үлестерін шығарудан түсетін түсім 12,000 ВБ-ті құраған және ешқандай қатысушылардың үлесі өтелмеген.

Жіктеу

А17. Ұйым қатысушылар үлестерінің 12,000 ВБ-ін қаржылық міндеттеме ретінде жіктейді. 4-мысалда сипатталған қорытынды бойынша, өтеуге шүбәсіз тыйым салынатын қатысушылардың үлесі қаржылық міндеттеме болмайды. Осындай өтеуге шүбәсіз тыйым алдыңғы үш жылға дейін шығарылған акциялардың түсіміне тең сомаға қолданылады және осыған сәйкес, осы сома меншікті капитал ретінде жіктеледі. Дегенмен, алдыңғы үш жылда шығарылған үлестерден түсетін түсімге тең болатын сома өтеуге шүбәсіз тыйымға бағындырылмайды. Осылайша, қатысушылар үлестерінің алдыңғы үш жылдағы шығарылымынан түсетін түсім, олар бұдан былай қатысушылар үлестерін өтеу үшін мүмкіншілікті болуын тоқтатқанша, қаржылық міндеттемелерді туындатады. Осының нәтижесінде, ұйымның алдыңғы үш жылда шығарылған үлестерден түсетін түсімге тең сол кезеңдегі барлық өтеулері шегерілген қаржылық міндеттемесі болады.

7-мысал

Деректер

А18. Ұйым кооперативтік банк болып табылады. Кооперативтік банктердің қызмет етуін реттейтін жергілікті заңдар ұйымның жалпы «өтелмеген міндеттемелерінің» (құқықтық ережелерде мүшелер үлестерінің шотын қосатын деп анықталған термин) ең кемінде 50 пайызы мүшелермен төленген капитал түрінде болу керек деп мәлімдейді. Осы ереженің әсері – егер кооперативтің барлық өтелмеген міндеттемелері мүшелердің үлестері түрінде, ұйым олардың барлығын өтей алады. 20Х1 жылдың 31 желтоқсанында ұйымның өтелмеген міндеттемелерінің жалпы саны 200,000 ВБ болды, оның 125,000 ВБ-і мүшелердің үлестерінің шоттары болып табылады. Мүшелердің үлестерінің шоттарының шарттары иелерге оларды өтініш бойынша өтеуге рұқсат береді және ұйымның жарғысында өтеуге ешқандай шектеулер қойылмаған.

Жіктеу

А19. Осы мысалда, қатысушылардың үлесі қаржылық міндеттемелер ретінде жіктеледі. Өтеуге салынған тыйым 32 (IAS) ХҚЕС-ының 19 және AG25 тармақтарында сипатталған шектеулерге ұқсас. Бұл шектеулер ұйымның қаржылық міндеттеме бойынша төлеуге тиісті соманы төлеу қабілетінің шартты шектелуі болып табылады, яғни олар міндеттемені төлеуге тек аталған шарттар орындалса ғана кедергі жасайды. Нақтырақ айтқанда, егер ұйым өзінің барлық басқа міндеттемелерін (75,000 ВБ) өтеген болса, ұйымның қатысушылар үлестерінің толық сомасын (125,000 ВБ) өтеуі талап етілуі мүмкін. Сонымен, өтеуге салынған тыйым ұйымға қатысушылар үлестерінің белгіленген санынан немесе төленген капитал мөлшерінен артық мөлшерді өтеуге қаржылық міндеттемені қабылдауға кедергі жасамайды. Ол ұйымға, шартты орындағанша, яғни басқа міндеттемелерді орындағанша, өтеуді кейінге қалдыруға ғана мүмкіндік береді. Осы мысалдағы қатысушылардың үлесі өтеуге салынатын сөзсіз тыйымға бағынбайды және сондықтан қаржылық міндеттемелер ретінде жіктеледі.

______________

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-ына авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.

* 2005 жылдың тамызында, 32 (IAS) ХҚЕС-қа 32 (IAS) ХҚЕС Қаржылық құралдар: Ұсыну деген түзету енгізілді. 2008 жылдың ақпанында IASВ арқылы 32 (IAS) ХҚЕС-қа құралдардың 32 (IFRS) ХҚЕС-тың 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес барлық белгілері болса және барлық талаптарға сай болса, үлес ретінде жіктелуін талап етіліп түзету енгізілді.





Похожие:

Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 2 iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4 Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау Сілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 2 iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 2 iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 1
Пайдалануды тоқтату, Қалпына келтіру және осыған ұҚсас міндеттемелердегі өзгерістер
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 2 iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 7
Гиперинфляциялық экономикадағы қаржы есептілігі ХҚес сәйкес қаржылық есептілік баптарын қайта есептеу тәсілін қолдану
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 2 iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 12
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 2 iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 15
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 2 iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 2 iconҚондырылған туынды құралдарды қайта анықтау
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 2 iconОрнықтырылған туынды қҰралдарды қайта анықтау
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 2 icon2 (ifric) Қехстк (Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірмесі
Ехстк (Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірмесі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница