Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған




Скачать 449.9 Kb.
НазваниеАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
страница1/4
Дата конвертации10.11.2012
Размер449.9 Kb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4
ЭОЖ 371:796/799 Қолжазба құқығында


КУБИЕВА СВЕТЛАНА СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

Студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану әдістемесі
13.00.04 – Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертация
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010


Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған

Ғылыми жетекші педагогика ғылымдарының докторы

Б.М. Досқараев
Ресми оппоненттері педагогика ғылымдарының докторы

С.І. Қасымбекова
педагогика ғылымдарының кандидаты

Е.Ә. Әлімханов

Жетекші ұйым С. Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті


Қорғау 2010 жылы «11» маусым, cағат 16.00 Қазақтың спорт және туризм академиясының жанындағы Д.14.41.03 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 050022, Алматы қаласы, Абай данғылы. 83/85, факс: 87272926805

Диссертациямен Қазақтың спорт және туризм академиясының кітапханасында танысуға болады

Автореферат 2010 жылы « » мамырда таратылды

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы,

педагогика ғылымдарының докторы Ө.Е. Бектұрғанов

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Еңбек нарығы болашақ маманнан қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық бағыттарда орын алатын тез құбылмалы жағдайларда әрекет ете білуді талап етеді. Мұндай жағдайда дене қуаты қабілетін кешенді дамытуға және сабақтан куммулятивтік әсер алуға мүмкіндік беретін оқытудың қарқынды әдісін қолдану қажет. Осындай әдістер ішінде айналмалы жаттығу әдісі маңызды орын алады.

Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау барысы көрсеткендей, жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы (КҚДД) мәселесі көптеген ғылыми жұмыстарда зерттеу тақырыбы болғаны мәлім. В.И. Ильинич [1978], Г.Д. Иванов [1992], Б.И. Загорский [1986], М.Я. Виленский, Р.С. Сафин [1989], В.В. Белинович [1967], Л.С. Дворкин, К.Д. Чермит, О.Ю. Давыдов [2008], Л.Н. Рютина [2005], Н.А. Рыбачук [2002], С.С. Коровин [1996], В.М. Меньщиков [1989], Л.П. Матвеев, В.П. Полянский [1996] өз жұмыстарында КҚДД жалпы әдіснама мәселесі жөнінде қозғаған.

Дене тәрбиесі практикасында айналмалы жаттығу әдісін қолдану мәселесіне М. Шолих [1986], В. Чунин [1971], И.А. Гуревич [1980], К.Е. Ахметов [1996], В.А. Романенко, В.А. Максимович [1986] назар аударған.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке ие болғаннан бері және дене тәрбиесі бойынша республикалық типтік бағдарламаға көшуге байланысты жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы процесін оңтайландырудың әртүрлі жолдары ұсынылған болатын. Студенттердің дене тәрбиесі процесінің қазіргі даму кезеңінен олардың жеке дене тәрбиелеу мәдениетіне деген талаптарының күшею беталысы байқалады. Білім беру саласындағы өзгерістер, студенттердің қабылдайтын ақпараттар легінің көбеюіне байланысты, студенттердің дене тәрбиесі процесіндегі дәстүрлі әдістемелік тәсілдердің сәйкес келмеуі мен студенттердің «дене тәрбиелеу мәдениетін» қалыптастыру мемлекеттік стандарт талаптары арасындағы қарама-қайшылықтар өсті.

Жоғары оқу орнында дене тәрбиелеу мәдениеті сабақтары қолданылатын дәстүрлі әдістер студенттердің дене қабілеттерінің қолайлы дамуына мүмкіндік беретін, машықтандырушы әсер бере алмайды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, студенттерге сабақтың сауықтыру әсері болатын, функционалдық, дене дайындығын, дене даму деңгейлерін арттыратын міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды оңтайландыру, ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша ғылыми ізденіс қажет.

Зерттеу мәселесі болашақ маманнан өзгермелі нарық талаптарына байланысты олардың кәсіптік-психофизикалық дайындығын қамтамасыз ету қажеттілігі мен кредиттік оқу жүйесінде оқыту жағдайлары арасындағы қарама-қайшылықтар арқылы, оқытудың белсенді әдістерін (соның ішінде айналмалы жаттығу әдісі) енгізу және студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында осы әдісті жүзеге асыруда ғылыми-әдістемелермен жеткіліксіз қамтылғаны анықталады.

Зерттеу нысаны – студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы процесі.

Зерттеу пәні – биология мамандықтары бойынша студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналмалы жаттығу әдісін қолдану әдістемесі.

Зерттеу мақсаты биология мамандықтары бойынша студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналмалы жаттығу әдісін қолдану әдістемесін теориялық және эксперименттік түрде негіздеу.

Зерттеудің болжамы. Биолог студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналмалы жаттығу әдісін қолдану әдістемесінің дайындалуы айналмалы жаттығу әдісін студенттердің дене тәрбиесі практикасында қолдану проблемаларын ғылыми-теориялық алғышарттар анықтамасында негіздеу; олардың оқу және өндірістік қызмет сипаты мен мазмұн ерекшеліктерін; дене тәрбиесі бойынша оқу процесін құру ерекшеліктерін; дене дайындығы, ақыл-ой жұмысына қабілеттілігін анықтау қажеттігі туралы болжам жасалды. Бұл әдістемені енгізу студенттердің дене, психологиялық дайындығына, ақыл-ой жұмысының қабілеттілікттеріне, дене тәрбиесі мәдениеті және спорт сабақтарына деген олардың мотивациялық деңгейлерін жақсартуға мүмкіндік туғызады.

Зерттеудің міндеттері:

- айналмалы жаттығу мәселелерінің ғылыми-теориялық алғышарттары мен оның студенттердің дене тәрбиесі практикасында қолдануылын анықтау;

- биология мамандықтары бойынша студенттердің оқу және өндірістік қызметтерінің негізгі мазмұны мен сипатын зерттеу;

- биолог студенттердің дене тәрбиесі бойынша оқу процесі құрылымы жағдайын зерттеп білу және оны жүзеге асыру;

- биолог студенттердің дене дайындығының, ақыл-ой қабілеттілігі мен психикалық процестер көрсеткіштерінің деңгейін анықтау;

- биолог студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы барысында «айналмалы жаттығу әдісін» жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу және оның тиімділігін ғылыми-тәжірибеде негіздеу.

Зерттеу әдістері. Ғылыми жұмысты орындау барысында мынадай әдістер іске асырылды: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, педагогикалық бақылау, педагогикалық эксперимент, сауалнама жүргізу, құжаттық материалдарды талдау, ақыл-ой жұмысы қабілеттілігін анықтау, психологиялық зерттеу, бақылау сынақтары және математикалық статистика әдістері.

Зерттеудің жетекші идеясы. Биолог студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналмалы жаттығу әдісін қолдану әдістемесін енгізу жүзеге асқаннан кейін дене қабілеті дамуын нәтижеге жеткізеді және ұсынылған бағдарлама материалдарын меңгеру дене тәрбиелеу мәдениеті мен спорт сабақтарының уәждемесін жетілдіруге мүмкіндік туғызады және жалпы алғанда, студенттің дене қуаты жетілуін оңтайландырады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- айналмалы жаттығу мәселелерінің ғылыми-теориялық алғышарттары және оны студенттердің дене тәрбиесі практикасында қолдану, нәтижесінде кәсіптік-қолданбалы дене дайындығын оңтайландыру бойынша оларды тәжірибелік зерттеудің нақты бағыттары анықталды;

- биология мамандықтары бойынша студенттердің оқу және өндірістік қызметінің сипаты мен мазмұнының ерекшеліктері айқындалды;

- биолог студенттердің дене тәрбиесі бойынша оқу процесін нақты құру қажеттілігі дәлелденді;

- биолог студенттердің дене дайындығы, ақыл-ой жұмыс қабілеттілігі, психикалық процестердің бастапқы деңгейі анықталды;

- биолог студенттердің ККДД-да «айналмалы жаттығу әдісін» жүзеге асыру әдістемесі дайындалып, тәжірибеде негізделді.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы:

- жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналмалы жаттығу әдісін енгізу теориялық жағынан негізделді;

- зерттеу нәтижелері кәсіптік-қолданбалы дене дайындығын жүзеге асыру кезінде дене тәрбиесі емес мамандықтар студенттеріне, жоғары оқу орындарының дене тәрбиесі оқытушыларына арналған семинарларда, лекция курстарында қолдануға болады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы Ақтөбе, Ақтау қалалары жоғары оқу орындарының, Маңғыстау облысы Біліктілікті арттыру институтының жұмыс практикасында келесі нәтижелер енгізілді:

- «Жоғары оқу орнында студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану» тақырыбы бойынша облыстық біліктілікті арттыру институтындағы курстарда жоғары оқу орындарының дене тәрбиесі оқытушыларына арналған семинар бағдарламасы;

- Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік технология және инженеринг университеті студенттерінің ККДД-да «айналмалы жаттығу әдісін» қолдану бағдарламасы.

Қорғауға ұсынылған қағидалар:

1. Болашақ мамандардың дене дайындығы, жаттыққандығы, жұмыс қабілеттілігі, кәсіби тұрғыдан маңызды дене және психомоторлық қабілеттерінің дамуы оларды күнделікті өмірде әрі қарай да пайдалану үшін кәсіби дайындығының қажетті дәрежесімен қамтамасыз ету және осы талаптарды дене тәрбиесінің дәстүрлі әдістерін қолдану барысындағы белсенді әдістердің, соның ішінде студенттердің кәсіби-қолданбалы дене дайындығында айналмалы жаттығу әдісін енгізудің өзектілігіне қол жеткізу мүмкін емес қайшылықтардың болуы.

2. Экурскурсия кезінде жүргізілген байқаулар кезіндегі, ширыққан ақыл-ой еңбегі, есте сақтауды үйлестіру және мойын, бас пен иық белдеуі бұлшық еттерінің статикалық ширығуы, әрбір дыбысқа, сыбдырға жедел түрде әсер етуіге биолог мамандардың бойында статикалық төзімділік, ептілік, күш, көру өткірлігі, ойлау жылдамдығы, қажетті зер салу мен назардың тұрақтылығы, оның мөлшері мен үйлесімі, одан басқа есте сақтау, көргенін есте сақтау, жедел есте сақтау сияқты дене қабілеттері мен психика қасиеттерін қалыптастыру алғышарттары қажет болып табылады.

3. Студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналмалы жаттығу әдісін қолданбау, ол арқылы іске асыру сабақтарының қимыл (моторлық) тығыздығының жоғары көтермеуі, оқытушылардың жеткілікті дәрежеде әдістерді меңгермеуі және дене жаттығулары бойынша дербес сабақтарын жеткілікті дәрежеде қолданбау студенттердің дене дайындығын арттыруға шекті ыкпалдары болып табылады.

4. Жалпы білім беретін мектептерді бітірушілердің дене дайындығы деңгейінің нашарлауы, мектептердегі дене тәрбиесі сабақтарының қанағатсыз төмен дәрежеде жүргізілуі, оқушылардың спорт секцияларында көп шұғылданбауы, талапкерлердің мектептегі жарыстарға аз қатысуы студенттердің дене дайындығы төменгі деңгейінің басты себептері болып табылады. Осы аталған факторлар студенттердің ақыл-ой және психикалық жұмыс қабілеттілігіне едәуір түрде әсер етеді.

5. «Айналмалы жаттығу әдісін» биолог студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында іске асырудың жасалынған әдістемесін енгізу олардың кәсіби тұрғыдан маңызды дене және психика қасиеттерінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері: дене тәрбиесі мәдениетінің теориясы [Л.П. Матвеев, 1991; В.М. Выдрин, 1980]; айналмалы жаттығу теориясы [М. Шолих, 1986]; кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы теориясы [Б.И. Загорский, 1986]; дене тәрбиесінің кәсіптік бағыты [М.Я. Виленский, Р.С. Сафин, 1989]; спорт жаттығу теориясы [В.Н. Платонов, 1984]; А.Н. Леонтьевтің [1977] қызмет және қажеттілік теориясы; В.С. Ледневтің [1989] білімді қамтамасыз ету теориясы; тестілеу теориясы [П. Благуш, 1982]; білімнің игерілуін басқару, әрекет пен түсінікті қалыптастыру аспектілері [П.Я. Гальперин, 1965]; оқу мотивациясының теориясы [А.К. Маркова, Т.А. Матис, А.Б. Орлов, 1990]; ағзаның дене күш жүктемесіне бейімделу теориясы [Л.П. Матвеев, Ф. Меерсон, 1984]; қозғалыс әрекеттерін оқыту теориясы [М.М. Боген, 1985]; педагогикалық процесті модельдеу теориясы [А.Н. Дахин, 2001]; студенттердің дене тәрбиесі тұжырымдамасы [Л.И. Лубышева, 1993].

Зерттеу кезеңдері. Зерттеуді ұйымдастыру 4 кезең бойынша жүзеге асырылды. Бірінші іздестіру (2004-2005 оқу жылы) кезеңінде зерттеудің ғылыми аппараты анықталды. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер қарастырылды, дене тәрбиелеу мәдениеті оқытушыларының озық тәжірибелері жинақталып, қорытындыланды, зерттеудің бағыттары белгіленді. Бұл кезеңде негізінен зерттеудің алғашқы міндеттері шешілді. Екінші – констатациялау (2005-2006 оқу жылы) зерттеу тақырыбын құрайтын зерттеудің бастапқы жай-күйімен байланысты болды. Биолог студенттердің өндірістік, оқу қызметтерінің мазмұны мен сипаттамасының негіздері; олардың дене тәрбиесі бойынша оқу үдерісі құрылу жағдайы мен оның жүзеге асырылуы; олардың дене дайындығы, ақыл-ой жұмысына қабілеттілігінің дамуы, психикалық процестердін деңгейлері анықталды. Үшінші – қалыптасу кезеңінде (2006-2007 оқу жылы) биолог студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы кезінде айналмалы жаттығу әдісін іске асыру әдістемесі дайындалды. Ол қалыптасқан әдістеме педагогикалық экспериментте апробациядан өтті. Төртінші – енгізу кезеңі (2007-2008 оқу жылы) біз әзірлеген әдісті Ақтөбе және Ақтау қалаларындағы жоғары оқу орындарында оқитын биолог студенттер арасында кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін жүзеге асыру әдістемесін қолдануға байланысты болды. Сонымен қатар эксперименттік тәжірибе жұмыстарының нәтижелерін қорытындылау және жүйелеу бойынша жұмыстар, диссертация мен жарияланымдарды дайындау, қорытындылар және ғылыми-практикалық нұсқаулықтарды әзірлеу жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу базасы. Зерттеу мерзім ішінде эксперименттік-сынақ жұмыстарының барлығы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Ақтөбе мемлекеттік педагогика институты, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік инжиниринг және технология университеті, мұғалімдердің білімін жетілдіретін Маңғыстау облыстық институты базаларында өткізілді.

Зерттеуде дене мәдениетінің 30 оқытушысы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің, Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтының, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік инжиниринг және технология университетінің 400 студенті қатысты.

Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі. Қорытынды нәтижелерде теориялық және әдіснамалық негізде дәлелденуі, зерттеудің ғылыми аппаратына мазмұнының сай болуы, кешенді әдіс-тәсілдерді пайдалану, ғылыми-тәжірибелік эксперимент жұмысының жоспарлы және кезеңдер бойынша ұйымдастырылуы қамтылған.

Автордың жеке үлесі жоғары оқу орны студенттердің ККДД-да айналмалы жаттығу әдісін енгізуде және енгізу алғышарттарын теориялық негіздеуден; биология мамандығының студенттерімен «дене тәрбиесі» пәні бойынша оқу процесінде айналмалы жаттығу әдісін қолдану жөнінде бағдарламалар дайындаудан; биология мамандығының студенттерімен «дене тәрбиелеу мәдениеті» пәні бойынша оқу процесінде айналмалы жаттығу әдісін қолдану жөніндегі дайындалған бағдарламаларды эксперимент ретінде дәлелдеуден; диссертация жұмысын дайындап, зерттеу тақырыбы бойынша әдістемелік құралдар мен ғылыми мақалалар жазудан тұрады.

Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы. Зерттеудің негізгі материалдары келесі халықаралық конференцияларында апробациядан өтті (мақұлданды): Мектептегі білім беру сапасы: жағдайы, даму беталысы мен болашағы: халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Алматы, 2000); Кәсіптік білім берудің жаңа ақпараттық технологиялары: II халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Алматы, 2001); Қазіргі олимпиадалық спорт және баршаға арналған спорт: VIII халықаралық ғылыми конгресс (Алматы, 2004); Қазіргі олимпиадалық спорт және баршаға арналған спорт: XIII халықаралық ғылыми конгресс (Алматы, 2009).

Диссертация тақырыбы бойынша 18 ғылыми еңбек, соның ішінде электронды оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал, екі әдістемелік нұсқаулық, 14 ғылыми мақала, соның ішінде 5 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда, сондай-ақ 5 халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарында жарық көрген. Зерттеу қорытындылары Ақтөбе, Маңғыстау облыстарындағы жоғары оқу орындарында және Маңғыстау біліктілікті арттыру институтында практикаға енгізілді және 3 қолдану актісімен расталды.
  1   2   3   4

Похожие:

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жаттығушылардың спорт түрлеріне бейімділігін анықтау
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Дене тәрбиесі мен спорт мамандарын дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендірудің рөлі
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Дене шынықтыру сабақтарында 10-11 жастағы оқушыларды баскетбол ойыны техникасына үйретуді оңтайландыру
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында орындалған

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ұлттық ақпараттандыру орталығында орындалған
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру)
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ұлттық ақпараттандыру орталығында орындалған
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Диссертациялық жұмыс: Қазақстан республикасының ауыл шаруашылық министрлігі «ҚазАгроИнновация» АҚ «Қазақ өсімдік қорғау және карантин...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница