Неонатология кафедрасы




НазваниеНеонатология кафедрасы
страница4/4
Дата конвертации10.11.2012
Размер0.58 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4

Тапсырма:

1) Қоздырғыштың берілуінің мүмкін жолдарын атып өтіңіз.

2) АИТВ-инфекциясының сатыларын және олардың шамамен созылатын ұзақтығын атаңыз. Бұл әйелде аурудың қай сатысы болжанып отыр?

3) Баланы АИТВ-инфицирленген деп санауға бола ма?

4) Нәрестелерде АИТВ-инфекциясының бар екендігін қандай лабораторлық диагностика әдістерімен анықтауға болады?

5) Нәрестелердегі АИТВ-инфекциясының ағымының ерекшеліктері қандай?


7 есеп


Перзентханаға АИТВ-инфицирленген әйел толғақпен түсті. Алғаш рет АИТВ-инфекциясы жүктілік кезде анықталған. Жүктіліктің мерзімі мерзіміне жеткен.


Тапсырма:

  1. Жүктілік кезінде инфицирленудің алдын қалай алуға болады?

  2. Интранаталдық кезеңдегі АИТВ-инфекциясының алдын алу жолдары.

  3. Баладағы АИТВ-инфекциясының диагностикасы.


8 есеп


Нәрестеде туылған кезде орта ауырлықтағы асфиксия болды. Бірінші күнінен бастап ОНЖ жағынан тежелу басым. Соматикалық статусында: сол жақта 2-4 қабырға аралықта органикалық сипаттағы дөрекі систолалық шу естіледі. Сонымен қатар, нәрестеде катаракта және қабақтарының толық дамымағаны анықталды. Скрининг-тестте кереңдіктің белгілері бар. ЖҚА-да – лейкоциттер 15 мың, Эр – 4,0 млн, Нв – 145 г/л, тромбоциттер – 75 мың. Қанның б/х анализі – қалыпты.


Тапсырма:

  1. ЖҚА мәліметтерін талдаңыз

  2. Болжам диагнозды негіздеңіз

  3. Ажырату диагнозын жүргізіңіз.


№9 есеп


23 жасар әйелде жүктіліктің 8-10 аптасында 3 жасар баласы қызамықпен ауырды.


Тапсырма:

  1. Қандай салдарын күтуге болады?

  2. Жүкті әйелге қызамықтың алдын алу қалай жүргізіледі?

  3. Бұл жағдайда жүкті әйелге қандай кеңес беруге болады?


№10 есеп


Жүкті әйел жүктіліктің 22 аптылық мерзімінде қызамықтың белгілерімен дәрігерге келді.


Тапсырма:

  1. Бұл әйелде диагнозды қалай анықтайсыз?

  2. Қандай шараларды ұсынасыз?

  3. Қандай салдары болуы мүмкін?





№11 есеп


1. Нәресте ұл балада фебрилді қызба, тәбетінің нашарлауы (емшектен бас тартты), құсу, енжарлық, тежелу байқалады. Терісінде дақты-папулезді бөртпе. Ауыз қуысының кілегей қабықтарында энантема. Гепатомегалия, сарғаю, трансаминазалар белсенділігінің, билирубин концентрациясының жоғарылауы, диспротеинемия (жалпы белок, альбуминдер концентрациясы төмендеген, γ-глобулиндердің концентрациясы жоғарылаған).

Мейілінше жуық диагнозды таңдаңыз:

    1. цитомегалия

    2. герпес-инфекция

    3. іштен біткен листериоз +

    4. вирусты гепатит

    5. хламидиоз


№12 есеп

2. Нәресте ұл балада фебрилді қызба, тәбетінің нашарлауы (емшектен бас тартты), құсу, енжарлық, тежелу байқалады. Терісінде дақты-папулезді бөртпе. Ауыз қуысының кілегей қабықтарында энантема. Гепатомегалия, сарғаю, трансаминазалар белсенділігінің, билирубин концентрациясының жоғарылауы, диспротеинемия (жалпы белок, альбуминдер концентрациясы төмендеген, γ-глобулиндердің концентрациясы жоғарылаған). Іштен біткен листериоз диагнозы қойылды. Листериоз қоздырғышын бөліп алуға арналған материал:

  1. қан, зәр

  2. ликвор, көз жасы

  3. аңқадан жағынды, тер

  4. меконий, кіндік қаны +

  5. лимфа түйіндерінен материал



ЭЛЕКТИВТЕРДІҢ ЕМТИХАНЫНА АРНАЛҒАН СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

(КЕЙС-СТАДИ)

№1 есеп


Бала ІІІ жүктіліктен, І туыттан. ІІ жүктілік түсікпен аяқталған. 38 аптада 1850 г салмақпен туылды, Апгар шкаласы бойынша 6 балл. Табиғи тамақтандырылады. Туылғанына 20 күн болғанда дене қызуының 38,50С дейін жоғарылауына, катаралды белгілеріне байланысты ауруханаға түсті. Диагнозы: ЖРВИ, жедел обструктивті бронхит, ТЖ І.

Салмағы 2000 г, терісі мен склерасының сарғыштығы. Бас шеңбері 29 см, үлкен еңбегі 0,5х1,0 см. Бауыры, көкбауыры пальпацияланбайды. Зәрі сыра түстес, нәжісі түссіз.


  1. ҚІИ-ң мейілінше мүмкін этиологиясын көрсетіңіз:

а. жай герпес вирусы

б. хламидия

в. қызамық вирусы

+ г. цитомегаловирус

д. бозғылт трепонема


  1. Мына симптомокомплекстердің біреуінің айтарлықтай диагностикалық маңызы бар:

а. дене қызуы 38,50С, катаралды белгілер

+ б. терісі мен склерасының сарғыштығы, бауыры пальпацияланбайды, зәрі сыра түстес, нәжісі түссіз.

в. гестация мерзімі 38 апта, салмағы 1850 г

г. Апгар шкаласы бойынша 6 балл, гестация мерзімі 38 апта

д. бас шеңбері 29 см, үлкен еңбегі 0,5х1,0 см.


  1. Баладағы сарғаюдың мейілінше мүмкін себебі:

а. эритроциттердің гемолизі

б. ТШҚҰ-синдромы

в. бауырдың конъюгациялық функциясының төмендеуі

г. А вирусты гепатиті

+ д. бауыр ішілік атрезия


№2 есеп


Балаға 28 күн, салмағы 3900 г. Мерзіміне жетіліп туылды, туылғандағы салмағы 3100 г, табиғи тамақтандыруда. ЦМВИ, жайылған формасы анықталды:

а) энцефалопатия ликворлық гипертензиямен және жоғары қозғыштықпен

б) құрсақ ішілік гепатит

в) кардит, ҚАЖ І

г) иммун тапшылық жағдай


  1. ЦМВИ-ң диагностикасы үшін мына зерттеудің айтарлықтай диагностикалық маңызы бар:

а. ЖҚА, ЖЗА

+ б. ЦМВ-ң ПТР әдісімен ДНҚ-н анықтау

в. антиЦМВ IgG болуы

г. бауырлық сынама

д. бас миының компьютерлік томографиясы


  1. Арнайы ем жүргізуге көрсеткіш болып табылады:

а. лейкоцитоз, нейтрофилез және жоғары ЭТЖ

б. антиЦМВ IgG

+ в. антиЦМВ IgМ болуы

г. иммун тапшылық жағдай

д. бауырлық санымада АЛТ мен АСТ-ң жоғары көрсеткіші


  1. Баладағы ЦМВИ-ң емінде көрсетілген:

а. виферон

б. интерферон

+ в. цитотект

г. ацикловир

д. пегинтрон


№3 есеп


Мерзіміне жетіліп туылған бала, салмағы 3500 г, өмірінің 3-ші күнінде бетінің, денесінің, ауыз қуысының кілегей қабығы мен аңқасында бірлі-жарым везикулалар пайда болды. Анасының жыныс жолдарының шырышты қабығында көпіршікті бөртпе.


1) Мейілінше мүмкін клиникалық диагнозды көрсетіңіз:

а. құрсақішілік жел шешек

б. хламидиоз

в. токсоплазмоз

+ г. герпес-вирусты инфекция

д. мерез


2) Балаға мына препараттың біреуі көрсетілген:

а. сумамед

+ б. ацикловир

в. преднизолон

г. роцефин

д. рибоксин


3) Жұқтырудың мейілінше мүмкін жолы:

а. антенаталды

б. интранаталды

в. постнаталды

г. фекалды-оралды

д. ауа-тамшылы


№4 есеп


Бала гестацияның 32 аптасында туылды. 10 күн болғанда герпес-вирусты инфекция, жайылған формасы анықталды:

1) Осы патологияға тән кеш асқынуды көрсетіңіз:

а) жүректің қақпақшалы ақауларының дамуы

+ б) соқырлық, кереңдік

в) өт жолдарының атрезиясы

г) гломерулонефрит

д) сигмоидит


2) Жай герпес вирусының антигенін анықтау үшін қолданады:

а. қан

б. ликвор

в. зәр

+ г. тері мен кілегейдегі везикулалардың қабырғасынан жағынды

д. нәжіс


3) Мына аурумен ажырату диагностикасын жүргізу қажет:

а. Фалло тетрадасымен

+ б. сепсиспен

в. нәрестенің гемолитикалық ауруымен

г. нәрестенің геморрагиялық ауруымен

д. өңештің атрезиясымен


№5 есеп


5 күндік мерзіміне жетіп туылған нәресте, участелік педиатрмен үйінде қаралды. Қабақтарының ісініп тұрғаны анықталды, көздерінен іріңді бөліністер. Емуі белсенді. Дене қызуы қалыпты, нәжісі сұйық, жасыл түсті, шырышы бар, тәулігіне 6 рет.

1) Сіздің жорамал диагнозыңыз:

а. энтеровирусты инфекция

б. соз (гонорея)

в. листериоз

г. хламидиоз +

д. токсоплазмоз


2) Дұрыс тактиканы таңдыңыз:

а. пенициллин бұлшық етке + 0,5% левомицетин ерітіндісі (көз тамшылары)

б. сульфадимезин + хлоридин

в. ацикловир + көзге физ.ерітіндімен примочкалар

г. эритромициндік көзге арналған жақпа май

+ д. эритромициндік көзге арналған жақпа май + эритромицин 14 күн + виферон


3) Балада мына арнайы процесстің дамуы мүмкін:

а. энтероколиттің

+ б. пневмонияның

в. гаймориттің

г. менингиттің

д. абсцесстің


№6 есеп


Бала ІІ мерзіміне жеткен жүктіліктен, II физиологиялық туыттан. Жүктіліктің соңына қарай әйелде кольпит көріністері болды. Бала табиғи тамақтандырылуда. Перзетханада күнтізбелік жоспар бойынша егілді. Өмірінің 5-ші күнінде ауруханаға мынадай шағымдармен түсті: тұрақты ұстама тәріздес жөтел, субфебрилді температура, мазасыздық, ентігу, қабақтарының ісінуі, конъюнктиваның гиперемиясымен. Жағдайы орта ауырлықта, болмашы интоксикацияеского:

ей + виферон раз . Тыныс актісіне көмекші бұлшық еттер қатысып тұр. Жауырын арасы аумағынан оңға қарай тынысы әлсіреген, крепитация.

1) Сіздің жорамал диагнозыңыз:

а. Жедел ауруханадан тыс пневмония

б. Құрсақ ішілік пневмония, орта ауырлықтағы. ТЖ 1 дәр. Конъюнктивит.

в. Көкжөтел. Конъюнктивит. Пневмония, орта ауырлықтағы. ТЖ 1 дәр.

+ г. Жедел хламидиоз: конъюнктивит, оң жақты пневмония, орта ауырлықтағы, ТЖ 1 дәр.

д. Жедел листериоз: конъюнктивит, оң жақты пневмония, орта ауырлықтағы, ТЖ 1 дәр.


2) Диагностикалық маңызы бар:

а. тұрақты ұстама тәріздес жөтел, субфебрилді температура

б. жедел басталуы, ентігу, жөтел, әлсіреген тыныс, крепитация

в. босану алдындағы кольпит, қабағының ісінуі, тұрақты ұстама тәріздес жөтел, әлсіреген тыныс, крепитация

г. табиғи тамақтануы, жедел басталуы, субфебрилді температура, ентігу, тұрақты ұстама тәріздес жөтел, әлсіреген тыныс, крепитация

д. ІІ беременность, босану алдындағы кольпит, қабағының ісінуі


3) Этиологиялық емі мына препараттармен жүргізіледі:

а. пенициллин + бисептол

б. цитотект

в. эритромицин

г. виферон

д. гентамицин


№7 есеп


Өмірінің 3-ші күнінде ұл балада кіндік жарасының қабынуының белгілері байқалды, бірінші күні серозды, кейіннен іріңді бөлініс бөлінді. Учаскелік педиатрға қаралды, жергілікті емнен тиімділік болмады. 5-ші тәулікте балада дене қызуының 38,50 дейін жоғарылады, жиі лоқсыды, содан кейін құсты, емшектен бас тартты. Дене салмағының 9% жоғалтты. Кешке қарай клоникалық-тоникалық сипаттағы тырысулар қосылды, есін жоғалтты. Жедел жәрдем бригадасын шақырды. Объективті: терісі боз-сұр түсті, санында геморрагиялық бөртпе. Өкпесінде екі жағында да ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек шекарасы солға қарай кеңейген, үндері кереңделген. Үлкен еңбегі – 3х3 см, кернеліп тұр. Іші кебіңкі. Нәжісі сұйық, патологиялық қоспалармен, жиі. Бауыры қабырға доғасынан төмен 3,0х3,0х1,5 см-ге пальпацияланады. Көкбауыры 0,5-1 см-ге қабырға доғасынан шығып тұр.

Бала акушерлік анамнезі қолайсыз әйелден туылды (1-ші мерзіміне жеткен жүктілік, жүктілік токсикоз, жүктіліктің үзілу қаупі фонында өткен, анамнезінде – жүктіліктің 1-ші триместрінде лакунарлы ангина). Босану ынталандырумен өткен. Апгар шкаласы бойынша – 7 балл.

  1. Сіздің жорамал диагнозыңыз?

  2. Осы аурудың дамуына әкелген себептерді көрсетіңіз

  3. Негізгі клиникалық синдромдарды көрсетіңіз

  4. Емдеу тактикасы.


№8 есеп


Реанимация бөлімшесіне аса ауыр жағдайда 17 күндік нәресте қыз түсті. Түскен кездегі шағымдары: дене қызуының 390 дейін жоғарылауы, клоникалық-тоникалық сипаттағы тырысулар.

Өмір анамнезінен: бала 1-ші жүктіліктен, жүктілік созылмалы пиелонефриттің өршуі, предэклампсия фонында өткен. Туыт мерзімінен бұрын, 36 аптада, дене салмағы 2100 г. Бірден айғайламады, шырыш сорылғаннан кейін Апгар шкаласы бойынша 6-7 балл. Кіндік қалдығы 10-шы күні түсті.

Anamnesis morbi: Жедел ауырған. Емшектен бас тартты, айқан енжарлық, дене қызуы 390 дейін жоғарылады, тырысулар. Перзентханаға келген, ол жерде тырысуға қарсы, антибактериалды ем алған, емнен тиімділік болмаған, жағдайының нашарлауына байланысты реанимация бөлімшесіне аса ауыр жағдайда келіп түскен.

Жағдайы күрт нашар. ЖТЖ ІІІ дәр., ЖЖҚЖ ІІІ дәр. белгілері. Есі коматозды. Рефлекстері жоқ. Жалпы бұлшықеттік гипотония. Қарашықтары тарылған, реакциясы жоқ. Гипотермия. Тері жабындылары боз-сұр, акроцианоз. Табиғи қатпарларда – іріңді элементтер, көзі мен кіндігінен – іріңді бөліністер. Өкпесінде ылғалды әртүрлі калибрлі сырылдар. ЖҚЖ – жүрек үндері кереңделген, тахикардия, ЖЖЖ – минутына 180 рет. ТЖ – 60-80, аритмиялық тыныс. Аяқ-қолдарында геморрагиялық бөртпе, инъекция орындарынан қан ағады. Іші кебіңкі. Гепатолиеналді синдром.

ЖҚА: лейкоц – 33,8-79,6 мың, Нв – 179 г/л. Эритроциттер – 6 млн. Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок – 48 г/л, билирубин – 350 мкмоль/л, тікелей билирубин – 25 мкмоль/л.

Ликворограмма: цитоз – 3 жасуша, лимфоциттер 100%, белок – 0,58%, мочевина 12,8 ммоль/л, қалдық азот – 35,6 ммоль/л.

  1. Сіздің жорамал диагнозыңыз?

  2. Осы аурудың дамуына әкелген себепті көрсетіңіз

  3. Тағы қандай қосымша диагностика әдістерін жүргізу керек?

  4. Емдеу тактикасы.



№8 есеп


Нәресте ұл балада фебрилді қызба, тәбетінің нашарлауы (емшектен бас тартты), құсу, енжарлық, тежелу байқалады. Терісінде дақты-папулезді бөртпе. Ауыз қуысының кілегей қабықтарында энантема. Гепатомегалия, сарғаю, трансаминазалар белсенділігінің, билирубин концентрациясының жоғарылауы, диспротеинемия (жалпы белок, альбуминдер концентрациясы төмендеген, γ-глобулиндердің концентрациясы жоғарылаған). Іштен біткен листериоз диагнозы қойылды. Емдеу үшін тағайындалады:

  1. ампициллин + гентамицин +

  2. кефзол + микосист

  3. ровамицин + ацикловир

  4. бисептол + линкомицин

  5. виферон + ацикловир

№9 есеп


Нәресте ұл балада екінші тәулікте дене қызуы жоғарылап, геморрагиялық компоненті бар папулалар түріндегі экзантема пайда болды. Баланың жағдайы бірнеше сағаттың ішінде үдемелі түрде нашарлады, мазасыздық, ентігу, цианоз пайда болды, тыныс жеткіліксізідігі өршіді, тырысулар пайда болды. Ауру сепсис тәріздес сипат алды. Мейілінше жуық диагнозды таңдаңыз:

    1. цитомегалия

    2. герпес-инфекция

    3. іштен біткен листериоз +

    4. вирусты гепатит

    5. хламидиоз


№10 есеп


Нәресте ұл балада екінші тәулікте дене қызуы жоғарылап, геморрагиялық компоненті бар папулалар түріндегі экзантема пайда болды. Баланың жағдайы бірнеше сағаттың ішінде үдемелі түрде нашарлады, мазасыздық, ентігу, цианоз пайда болды, тыныс жеткіліксізідігі өршіді, тырысулар пайда болды. Ауру сепсис тәріздес сипат алды. Іштен біткен листериоз диагнозы қойылды. Емдеу үшін тағайындалады:

  1. ампициллин + гентамицин +

  2. кефзол + микосист

  3. ровамицин + ацикловир

  4. бисептол +линкомицин

  5. виферон + ацикловир




беттің беті
1   2   3   4

Похожие:

Неонатология кафедрасы iconПрограмма вступительного экзамена в резидентуру по специальности «Неонатология»
Уход за новорожденными детьми. Первичный туалет новорожденного. Вакцинопрофилактика

Неонатология кафедрасы iconТестовые задания по детским болезням (неонатология ) 5 курс
Прогноз новорожденного при гипотрофическом варианте задержки внутриутробного развития

Неонатология кафедрасы iconАномалии конституции, неонатология
Диатез, характеризующийся генетически детерминированными нарушениями ряда ферментов, принимающих участие в пуриновом обмене и синтезе...

Неонатология кафедрасы iconСиндрома дыхательных расстройств, врожденной пневмонии, сепсиса новорожденного, тяжелой церебральной патологии новорожденного
Виды высокотехнологичной медицинской помощи по профилю «Неонатология и неонатальная хирургия»

Неонатология кафедрасы iconҰйымдастырушылар
«Демеу» студенттер кәсіподақ ұйымы, Әскери дайындық кафедрасы, Қазақстан тарихы және филосифия кафедрасы, Университет кітапханасы,...

Неонатология кафедрасы iconНеонатология пәні бойынша 6 курс студенттеріне мек-не арналған тест сұрақтар
Нәрестеде туғаннан кейін 3 сағаттан соң сарғаю көрінді. Бауыры қабырға доғасынан + 2 см, көк бауырдың шеті сезіледі. Анасында қан...

Неонатология кафедрасы iconЛ. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Еуразиялық зерттеулер кафедрасы Әлем тарихы және археология кафедрасының базасында құрылды. 2010 жылдан бастап кафедра сапалық тұрғыда...

Неонатология кафедрасы icon№1 хирургиялық аурулар кафедрасы

Неонатология кафедрасы iconИнформатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы

Неонатология кафедрасы iconИнформатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница