Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент




Скачать 110.42 Kb.
НазваниеТарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Дата конвертации10.11.2012
Размер110.42 Kb.
ТипДокументы
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011

З.ЖАНДАРБЕК

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

А.Ясауи атындағы ХҚТУ
М.КЕРІМБАЕВА

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты

ТҮРКІЛІК ДІНИ ДҮНИЕТАНЫМДАҒЫ МАХАББАТ ҰҒЫМЫ
В статье рассматривается понятие категории любви в тюркском религиозном мировоззрении.
The article deals with the notion of love in the Turkic religious world outlook.
Бүгінде мәдени және әдеби мұраларымыздағы ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан діни-рухани дүниетанымдарды пайымдап, тереңдей зерттеп, танудың мүмкіндігі туып отыр. Тәуелсіздікпен бірге туындаған осы мүмкіндік төл мәдениетіміздегі рухани сабақтастықтың алтын өзегін зерделеуге жол ашады. Қол жеткен нәтижелердің еліміздің егемендігінің бауы берік, баянды болуы үшін де маңызы зор.

Ислам дінінің бүгінгі Қазақстан және Орта Азия аймағына енуі түркілік дүниетанымды түбегейлі қайта түлеткені белгілі. Ислам дінінің дәстүрлі түркі дүниетанымына тигізген игілікті ықпалы, оның мифологиясын, аңыз әңгімелерін, жыр-дастандарын мазмұндық тұрғыдан байытып, олардың ақиқат мәнін қайта жаңғыртуымен сипатталады. Исламдық аксиологиялық құндылықтар мен мұсылмандық қағидалар жергілікті салт-дәстүрлермен үйлесіп, жергілікті халықтың жүрегіне жол тапты.

Жалпы дүниетаным туралы қағидалар оның ішіндегі діни дүниетанымды бөлек алып қарастыруға мүмкіндік береді. Дүниетаным - қоршаған ортаға қатынастар мен осы әлемдегі адамның орны мен мақсатына сипаттама беретін тұрақты көзқарастар, принциптер мен түсініктер жүйесінің жиынтығын құрайтын негізгі философиялық ұғымдардың бірі. Ол қоғамдық болмыс пен әлеуметтік шарттар ерекшеліктерімен айқындалады [1].

Тұлғаның дүниетанымы оның ой-пікірін айшықтайды. Адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін оның білім деңгейі емес, дүниетанымын көрсетеді. Сонымен қатар, ол таным, адам, дін және өмір салты философиясының негізгі категорияларының бірі болып табылады және зерттейтін мәселесі болып табылады. Әлем, тұрмыс, әлеумет пен индивид туралы, оның этикалық және эстетикалық жағдайы, адамның объективті әлемдегі рөліне сипаттама береді.

Жалпы дүниетаным адамзат пен қоғамның рухани өміріндегі күрделі құбылыс. Оның қолдауымен адамзат қызметі ұйымдастырылған және реттелген сипатқа ие. Ол көзқарастар, ойлар, идеялар, құндылықтар мен принциптер жиынтығы болып табылады. Сонымен бірге, адамзаттың өмірлік позициялары айқындалып, қызметі мақсатты түрде ұйымдастырылады.
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Жандарбек З., Керімбаева М. Түркілік діни дүниетанымдағы махаббат ұғымы

Ғылымда дүниетанымның төмендегідей үш тарихи түрі көрсетіледі: мифологиялық, діни және философиялық.

Дүниетанымның мифологиялық түрі әлемді танудағы алғашқы қоғам шарттарында қалыптасқан түсініктердің жиынтығын құрайды. Мифология мифтер жиынтығы болғандықтан, ол діни жүйелерден тыс, демек, діни дүниетанымнан бөлек пікірлер қалыптастыра алмайды.

Дүниетанымның діни түрінің мәні дін тұжырымдары негізінде қалыптасып, Құдайға сеніммен байланыстырылады. Мифологиялық және діни дүниетаным бір-бірімен өзара байланысты және оның бірнеше белгілері сәйкес келеді: діни дүниетанымда мифологиялық жүйе жиі орын алады; мифологиялық дүниетаным діни сенімге негізделеді.

Ғалым Досай Кенжетай Исламдық дүниетанымның маңызын өз еңбегінде былай деп атап көрсетеді. «Ислам діні дәстүрлі түркілік дүниетанымдық кеңістікке ендеп кірді. Нәтижеде түркілік дүниетанымдық негізде қалыптасқан мифология, аңыз-әңгімелер желісі, жыр-дастандар, қандық-туыстық шежірелер, жалпы мәдени құндылықтар жаңа рухани түске ене бастады. Жаңа рух, жаңа сана — бұл жаңа сөз. Жаңа исламдық дүниетанымдық тұғыр негізінде түркілік кеңістіктің тіршілік қағидалары жаңа еңбектер, рисалалар, шежірелер, насабнамалар арқылы қайта өмірге келе бастады. Құран түркі тіліне тәржімәланды. Махмут Қашқаридың «Диуани Лүғат-ат-Түрік" атты сөздігі, Жүсіп Баласағұнның "Қут-адғу-Білік", Ахмет Йүгнекидің "Атибату-л Хақаийқ", Иасауидың Хикметтері мен рисалалары, Сүлеймен Бақырғани Хикметтерінің қасында, түркілік көшпенділік негіздегі ауыз әдебиетіндегі жырлар мен "Манас дастаны", Алпамыс т.с.с. Қорқыт Ата аңыздары исламдық желілермен қайта жырланды. Бұл құбылыс - түркілік дүниетанымдық құндылықтар мен тұғырлардың мазмұндық жағынан түлеуіне әкеліп соқты» [2].

Әр нәрсенің күнгейі мен көлеңкесі болатыны тәрізді, Құдайды бар және бір деп танудың жалпы негізі Тәңірінің транцендентті, мекенсіз, жоғары абсолюттік билік иесі, жаратушы сияқты сипаттарын беретін - Көк тәңірі деген ұғымнан туғанымен, ислам діні енгенге дейін түркі халықтарының Тәңірі туралы ұғымы бұрмаланбай қалған жоқ. Сондықтан да «жер тәңірісі», «су тәңірісі», «тау тәңірісі», т.б. тәрізді натурпантеистік түсініктер орын алды. Ал бұны түркі мәдениетінің ерекше құбылысы, елде жоқ табысы қылып көрсету мақсат пе екен? Алланың сүйген құлдары сол замандарда-ақ мұндай бұрмалаулар мен теріс пиғылдарға қарсы күресіп, адамдарды дұрыс жолға салды. «Өлі десе өлі емес, тірі десе, тірі емес - Қорқыт Ата әулие» деп, данагөй бабамыздың құдіретіне бас иген халық ғасырлар бойы Қорқыт Ата жайындағы аңыздарды жадында сақтады. «Аңыз түбі - ақиқат» дегендей, аңыздардың өміршеңдігі - Қорқыт бабамыздың әулиелігінің бір белгісі. Ондай адамдар дүниеге халық күйзеліп, рухани мұқтаждықтарға ұшыраған

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Жандарбек З., Керімбаева М. Түркілік діни дүниетанымдағы махаббат ұғымы

уақытта келетін болған. Олар хақиқи білім әкелетін себепті де ел санасында, қоғам өмірінде тың серпіліс тудырып, елді имандылыққа үндейтін. Ал, елдің иманға ұюы игілікті, бақытты тұрмысқа ұласады.

«Пұтқа, отқа, жеке адам басына, тауға, тасқа, т.б. көзбен көріп, қолмен ұстайтын нәрсеге табынған соқыр сенім — ақылды бұғаулап, рухты басып-жаншып өсірмеудің және қоғамның әлеуметтік күйзелуінің бірден-бір себебі. Соқыр сенімнің халықты тобырлық тасқын күшке айналдырып, арандатар тұстары да белгілі. Иман болса рухтың серпіліп, ақылдың биікке құлаш жаюының кепілі. Адам өскелең рухтың, ұлы аманаттың иесі болғандықтан да, бүкіл ғалам жаратылысының түп негізі [3].

Құран Кәрім мен Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың дінді таратудағы басты ұстанымы зорлық-зомбылықсыз жүректерге жол табу арқылы дінге шақыру болса, осы үдерістің жүздеген асуы, адам жанын ізгілендіріп, таным көкжиегін кеңейтуді мақсат еткен Ясауи ілімімен жүзеге асты. Құран үндеуі адамның жүрегін тірілтуге, ақылын оятуға, рухын серпілтуге бағытталуымен қатар адамның алынуы қиын қамал екендігін де ескеріп, оны еркін сұхбат жолымен тәрбиелеу мүмкіндігін айтқан. Қожа Ахмет Ясауи негізін салған түркілік сопылық мектеп Құран Кәрім мен Пайғамбар хадисін ақиқат ілімнің негізгі қайнары және танымдық өлшемі деп білгендіктен, осы ақиқи ілімді игерудің негізгі методы ретінде тәуил әдісін қолданды. «Менің хикметтерім - Алладан пәрман, Оқып ұққанға бар мағынасы - Құран», «Құдайдың сөзінен шыққан бұл бір хикмет, Естігенге нұрдай жауар рақмет» деген Әзірет Сұлтанның сөздері осының дәлелі болса, осы дәстүр аясындағы Абайдың «Құран рас, Алланың сөзі дүр ол, Тәуиліне жетерлік ғылымың шақ» деген сөздері осы дүниетанымның өміршеңдігінің дәлелі. Тәуил әдісімен қатар рационалды ақылға жүгіне отырып, нақтылы логикалық дәлелдермен, Құдайлық аянға деген сеніммен Құранның мағынасын түсіндіретін тәфсір әдісі де бар.

Ал тәуил әдісі болса, сөздің көп қырлы, астарлы мағыналары арқылы -және бейнелі көркем тілдің сан алуан бояуымен Құранның тылсым сырлы әлеміне жетелейді. Демек, тәуил – тәфсір әдісінің мүмкіндігі жеткен жерден де әрі тереңдеп, Құран Кәрімнің ішкі мәнін, қадір-қасиетін паш етеді. Бұл әдісті қолданатын адамдар рухани кәмәләттікті мақсат еткен, ықылас-ихсанмен Құдайға құлшылығын атқаратын, Хаққа деген махаббатымен, яғни дидар талабымен ерекшеленетін сопылық ілім иелері болды. Себебі олар игерген хал ілімін, жүрек танымын рухани-спиритуалистік тәжірибе барысында иеленетіндіктен, бұл ілкі ілімге жету сәті - әрбір адамның осы халге енген кезде ғана дәмін тататын қайталанбас ерекше күйі болып саналады. Сондықтан осы ахуалды жеткізудің де өзіндік әдіснамасымен ерекшелігі бар.
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Жандарбек З., Керімбаева М. Түркілік діни дүниетанымдағы махаббат ұғымы

Бұл хал ілімін жеткізудің хикмет дәстүрі, сыршылдық әуені ғасырлар бойы жалғастық тауып, бүгінге жетті. Осы дәстүрдің мейлінше дамып, бастау алар кезеңі - орта ғасыр әдебиеті. Осы сопылық әдебиеттен бері жалғастық тауып келе жатқан негізгі тақырыптарға тоқталсақ. Орта ғасырларда, одан кейінгі шығыс мұсылман әдебиетінде махаббат басты тақырып болды. Себебі көптеген онтологиялық, аксиологиялық, гносеологиялық мәселелердің толғауы тоғысар, шешуін табар түйіні осы махаббат категориясы еді. Махаббат ұғымының сырлы әлемін шығармалардың көркемдік, эстетикалық танымымен пайымдайтын жүрек, діл, көкейкөздің үлесіне қалдырып, тылсым, бейсаналық табиғатын мойындағанның өзінде, ғалам жаратылысының мәні, Хақты тану мүмкіндігі, адамның рухани ізденісінің түп мақсаты турасындағы ақыл-ой деңгейіндегі толғаныстарды шешуге де махаббат философиялық категория қызметін атқарды.

Махаббат - адамзат жаралуының, оның рухани жетілуінің, эстетикалық ләззаттануының, этикалық ғибраттануының негізі. Тіптен діни-мистикалық рухани кемелденудің шыңы болып табылар - «дидар талапқа» жеткізер басты күш-қуат. Бұл үрдіс Хазіреті Пайғамбардың хадисінен бастау алған бүкіл ғалам жаратылысының телеологиялық қағидасы, яки себепті мақсаты Жаратушының махаббаты екендігіне сүйенеді. Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбар айтты: «Хазірет Хақ субхана уа тағала: Мен жасырулы тұрған кен-қазына едім. Менің тәңірі екендігімді ешкім білмейтін, өз құдіретімді білдіруге махаббатым ауып, барша ғаламды жараттым».

«Махаббаттың бақшасының бұлбұлы боп,

Таң сахарда зар илеумен қонғым келер,

Сол уақытта тәңірімнің жамалын

Көңіл көзімен анықтап көргім келер».

«Махаббаттың асасын қолға алып,

Бақыт тонын иыққа іліп алып,

Махаббаттың түгімен қанаттанып,

Мағрипаттың бұтағына қонғым келер» [4], -

дейді «Диуани хикмет» кітабында Қожа Ахмет Ясауи. Ғұламаның бүкіл шығармашылығын Хаққа деген махаббат жыры деп қарастырсақ та қателеспейміз. Себебі «арифтердің сұлтаны» «Диуани хикметте» бастан-аяқ өзінің ғашықтық күйін, ғаріптік халін жырлайды.

Осы жолдардан аңғарғанымыздай, ғұлама үшін махаббат Хаққа бастар, тариқат жолына түсушінің жол бастаушы, таянышы болар асасы, жоғарғы ақиқатқа шарықтатар қанаты, мағрипат ілімінің бағына жеткізер күш-қуаты. Бүкіл ғалам Алланың рахмет шуағына бөленген махаббат бағы, ал, таң сәріден махаббат жырын жырлаушы Хақ дидарын талап еткен ғашық -«Ғашық бұлбұл». «Ариф ғашық - тариқаттың дүр данасы» дейді Әзірет Сұлтан. «Ариф» - мағрифат іліміне жеткен ақиқатты танушы. Ол бұл ілімді

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Жандарбек З., Керімбаева М. Түркілік діни дүниетанымдағы махаббат ұғымы

ішкі тәжірибе, өзін-өзі тану, өз тереңіне үңілу арқылы иеленеді. Ғұлама шығармаларындағы ғашық күйінің суреттелуіне, рухани даму жетілу, ақиқатқа жақындау сатысындағы халдерінен хабар аламыз, яғни ғашық халі -арифтің - ақиқат ілімге ұмтылушының танымдық сатыларына сай келеді.

Ғашықтың істеген әрекет, амалдарынан, қауым ішіндегі топырақ сипатты көркем кішік мінезінен және ғалам, жаратылыс сұлулығына ғажаптанып, одан ләззаттануынан, дидар талап етуінен эстетикалық ізденісін көреміз.

Ал, ғашықтың имандылық, адамгершілік, ізгілік, хауф-рижа, яғни қауіп пен үміт жайлы ойларынан - аксиологиялық құндылықтық мәселелерді бағамдаймыз. Ғашықтық отының нәпсі - Һәуәсті өрттей тиер жалынымен тазартар күшін еске алсақ, махаббатты моральдық-этикалық категория ретінде пайымдаймыз.

Махаббат тақырыбын жүйелі жырлаған орта ғасырлық рухани жәдігерліктің бірі - Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасындағы ой пікірлер де «Диуани хикметпен» үндесіп жатыр. Мәселен:

«Бұл иемді қалай ғана сүймеймін,

Тілеуі үшін қалай ғана күймеймін».

«Жұбанышым, сүйенішім, ақтаушым,

Аштықта да, тоқтықта да сақтаушым!»

«Иемді іздеп өзіме ұйқы бермедім

Нышаны бар - көрінбеді, көрмедім».

«Ием сүйсе қайтем өзге сүйгенді,

Жауым - шайтан, әу бастан-ақ түйгем-ді» [5], -деген жолдардан ғалам жаратылысының сырын махаббаттан іздейтін сопылық сарынды көреміз.

Негізгі махаббаттың бастауы Алланы сүюді жан-жақты жырлаған Ясауи адамзатқа сүйіспеншілігін осы махаббаттың құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, өзінің адам баласына риясыз қызметтің «дәнекер болуымен», «топырақ сипат алуымен», тіптен «жол үстінің шаңы» болып, жолаушысы (Хақты қалаған тариқат) «бетіне қонсам» дейді. Ықылас - Хақ әмірін бекем тұту, шариғатқа адалдықтың негізі болса, ихсан - бүкіл амалдарын іждаһатпен, бұлжытпай орындау Ясауидің басты мақсаты. Ол адамдарды имандылыққа шақырса сөз жүзінде емес, іс жүзінде бүкіл құлшылық, ғибадатты ықыласпен орындайды. Өзгеден күтер ізгілікті бірінші өз бойыңнан табу, өзіңе қаламайтын жамандыққа өзгені душар етпеу, өзгеге тілемеу деген - әділет қағидасы оның басты ұстанымы. Ясауидің жалпы орта ғасыр әдебиетінің адамзатқа деген сүйіспеншілікте үлгі тұтар тұлғасы Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) Оның үмбеттерін сүюі мен ғаріп, жетімдер үшін қиыншылық тартуын жүйелі жырлайды.

Махаббат — қозғалыс бастауы, өмір бұлағы, хауф пен рижаның, яки қорқыныш пен үміттің бірлігінен қанаттанған қос қанатты құс іспетті. Олай

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Жандарбек З., Керімбаева М. Түркілік діни дүниетанымдағы махаббат ұғымы

дейтініміз, «Диуани хикметте» бастан-аяқ әулиелердің сұлтанының хақ алдында өзін күнәһар сезіну қорқынышы, сонымен қатар Алланың рахымынан, кешірімділігінен күтер үміті жарыса келеді. Алланың әділ сынағы тұрғысынан шексіз пәктіктің иесі сұбхан Алланың сынағына төтеп берер, рахымына лайықты, күнәдан пәк, онымен достасуға, қауышуға лайықты адам баласы жоқ. Фазылы, яки кешірімділігі тұрғысынан, Құдай адамның таудай күнәларын тәубасын сай, таудан үлкен фазылымен кешіре алады. «Құтты біліктегі»:

«Қорқып тұрғай кәрінен бір Алланың,

Күтіп жүргей содан үміт арманың.

Үміт-хәуіп - осы екеуін қанат қыл,

Арасын да тірілігіңді жәннат қыл

Құлқыңды оңда, Хақ жолынан жаңылма,

Сарайға ұшып кір, сүйініп дамылда!

Үміт, хәуіп - сенер екі қанатың,

Екеуі ұшсаң — көкке де жол табатын

Күнәм көп деп үмітіңді үзбегін

Ғибадат қып, қызметіңді істегін» [5] -деген жолдардан хауф-рижа ұғымының қыр-сырын аңғарамыз.

Исламда Алла тарапынан «бүкіл құлдарым - тамұқтық, тек біреуі жұмақтық» деген пәрмен келе қалса, мен сол жұмақтық болармын ба деген үміт, сондай «бүкіл құлдарым - жұмақтық, тек біреуі - тамұқтық» деген қағида бар. Хауіп, рижа орта ғасыр ғұламаларының шығармаларында шариғатпен ұштаса отырып, ерекше өрілім түзетін екі өзекті желісі. Хауіп пен рижа ариф - ғашықтың мағшұққа деген сезімінің, ішкі аптап халінің, әділінен қорқып, фазылынан үміттенген бақиға байланысты өзін үнемі қыл үстіндегідей сезінген күйінің қозғаушы күші.

ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Философиялық сөздік.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996 .- 142 -143бб.

  2. Кенжетай Д.Т. Қ.А.Ясауи философиясы және оның түркі дүниетанымы тарихындағы орны. Алматы: Арыс, 2007. 9б.

  3. Мейірман А. Қазақ даласының ойшылдары(XVIII- XIX). 4 кітап. Алматы: Жалын, 2004. 71б.

  4. Иасауи А. Диуани хикмет. Алматы: Жалын, 2005. 57 б.

  5. Баласағұн Ж. Құтты білік. Аударған А.Егеубаев. Астана: Аударма. 2003. 477-478бб.

Похожие:

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент iconМ. М. Тастанбеков тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
В данной статье рассматривается период образования четвертой республики и принятия конституции во Франции
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент iconМ.Ә. Жолсейтова тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Хх века. С объективной точки зрения показано участие тюрко-мусульманской студенческой молодежи в таких организациях как “Центральный...
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент iconР. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент iconТехника ғылымдарының кандидаты, доцент Айтбаев Қобланбек

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент iconФизика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Тазабеков Сұлтанғали

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент iconТехника ғылымдарының кандидаты, доцент Әсібеков Әкім Жамалайұлы

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент iconТехника ғылымдарының кандидаты, доцент Альчинбаева Ойчагүл Зайнилқызы

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент iconҚабдолова Жұлдыз Дуғалиқызы Мектеп директорының Оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақытгүл Туғанбаева Хайдарқызы
Болатбекова Назгүл Жоламанқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, Яғалиева Бағдат Есенқызы 2011 жылы Физика – математика ғылымдарының...
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент iconХимия ғылымдарының кандидаты.,доцент Мамырбекова Айжан Көмекбайқызы
Фараби атындағы КазҰУ-нің д 14 01. 03 Диссертациялық Советінде Х.ғ. д., профессор Р. С. Вахидовтың және Х.ғ. к., доцент А. А. Старченконың...
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент iconЭ.Ө. ЗҰлпыхарова тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А. Ясауи атындағы ХҚту ж. И. Сабирова а. Ясауи атындағы ХҚту-нің магистранты 1967 жылғы «Алты күндік соғыс»
В статье дается критический анализ причин и последствий конфликта на Ближнем Востоке и политики международного сообщества по урегулированию...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница