Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті




Скачать 117.69 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Дата конвертации10.11.2012
Размер117.69 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Бекітемін


МСЭБК төрағасы

__________А.Белоног

«___»_______2007 жыл

«Полисепт» ЖШҚ (Ресей) өндірген «Экобриз-антисептик»

тері антисептигін қолдану жөніндегі
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

АСТАНА – 2007 жыл



«Полисепт» ЖШҚ (Ресей) өндірген «Экобриз-антисептик»

тері антисептигін қолдану жөніндегі

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Әдістемелік нұсқаулық Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ.д. К.С.Оспанов, орындаушы – профилактикалық және ошақты дезинфекция, дезинсекция, дератизация бөлімінің меңгерушісі – О.А.Хасенова).

«Экобриз-антисептик» дезинфекциялайтын затын талдаудың физикалық-химиялық және талдамалық әдістері» бөлімін өндіруші фирма ұсынған.

Әдістемелік нұсқаулық емдеу-профилактикалық ұйымдарының персоналына, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне (басқармаларына), санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталықтарына және дезинфекциялық қызметпен айналысуға құқығы бар басқа да мекемелерге арналған.


  1. Жалпы мағлұмат




  1. «Экобриз-антисептик» заты ерекше иісі бар түссіз мөлдір сұйықтық түріндегі қолдануға дайын тері антисептигі болып табылады. Әрекетті зат ретінде құрамында изопропилді спирт, төртеселік аммоний тұздарының комплексі, сондай-ақ ылғалдандыратын және басқа да қосымша компоненттер бар.

  2. «Экобриз-антисептик» затының грамоңтайлы (туберкулез микробактерияларын қоса алғанда) және грамтеріс бактерияларына, вирустарға (В гепатиті, АИТВ), Кандида тектес ашытқы тәріздес саңырауқұлақтар қатысты микробқа қарсы белсенділігі бар.

  3. Аталмыш зат МЕСТ 12.1.007-76 сәйкес жіті уыттылық параметрлері бойынша теріге салу және асқазанға енгізу барысында орташа қауіпті заттардың 4 класына жатады. Заттың жергілікті тітіркендіргіш, тері-резорбтивті және сенсибилизиттейтін әрекеті жоқ.

Жұмыс аумағының ауасында изопропанол үшін ПДК – 10 мг/м3 , қауіптіліктің 3 класы (бу). Жұмыс аумағының ауасында ЧАС үшін ПДК 1мг/м3 (аэрозоль) – қауіптіліктің 2 класы, тері мен көзді сақтау қажет.

  1. Зат сыйымдылығы 0,1дм3; 0,2дм3; 0,5дм3; 1дм3 және 5дм3 полимерден жасалған ыдыста немесе тапсырыс берушіге қолайлы басқа да ыдыста шығарылады.

Заттың жарамдылық мерзімі дайындаушының герметикалық ашылмаған қаптамасында 5 жылды құрайды.



  1. Қолдану аясы




  1. Емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі және жедел медициналық жәрдем персоналының, зертхана жұмыскерлерінің (соның ішінде бактериологиялық, вирусологиялық, микологиялық, иммунологиялық, клиникалық және т.б.) қолдарын гигиеналық өңдеу. Мектепке дейінгі балалар мекемелері мен мектеп, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері жұмыскерлерінің, парфюмерлі-косметикалық кәсіпорын, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары мен тамақ өнеркәсібі (ет, сүт, құсты өңдеу және т.б.) жұмыскерлерінің қолдарын гигиеналық өңдеу; коммуналдық қызмет объектілері (соның ішінде шаштараздар мен косметикалық салондар, сән салондары), тұрмыс жүргізу барысындағы халық;

  2. Хирургтардың, операциялық медбибілердің, акушеркалардың және операция жүргізу, сондай-ақ туу барысында қатысатын басқа да тұлғалардың қолдарын өңдеу;

  3. Теріні, соның ішінде катетер енгізу және буын пункциясын алу барысында теріні өңдеу, донор шынтағының иілетін жері мен инъекциялық аумақты өңдеу.


3. «Экобриз-антисептик» затын қолдану
8. Қолды гигиеналық өңдеу: «Экобриз-антисептик» затының 3мл қолға жағып, кеуіп кеткенге дейін теріге сіңдіру қажет, 30 секундтан кем емес. Туберкулез бен вирусты жұқпаның алдын алу үшін қолды екі рет өңдеу қажет, әр ретте заттың 3мл қолдану керек, өңдеудің жалпы уақыты – 60сек.

9. Қолды хирургиялық өңдеу – затты қолданар алдында қолды сабындап ағын сумен 2 минут бойы жуып, стерилді салфеткамен сүртіп, кептіру қажет. Содан кейін құрғақ қолға затты 5мл порциямен екі мәрте жағу керек, 5 минут бойы қолды ылғалды күйде ұстай отырып, затты саусақтардың арасына да жағу қажет. Стерилді қолғапты зат толығымен кепкеннен кейін ғана кию керек.

10. Операция жасалатын жерді, соның ішінде катетер енгізу және буын пункциясын алу барысында теріні зат ерітіндісінде айтарлықтай суландырылған марліден жасалған стерилді әр түрлі тампонмен екі мәрте сүрту керек. Өңдеу аяқталғаннан кейін 2 минут тосу керек.

11. Донор шынтағының иілетін жерін өңдеу – теріні зат ерітіндісінде айтарлықтай суландырылған марліден жасалған стерилді әр түрлі тампонмен екі мәрте сүрту керек. Өңдеу аяқталғаннан кейін 2 минут тосу керек.

12. Инъекциялық аумақты өңдеу – теріні «Экобриз-антисептик» затымен суландырылған мақтадан жасалған стерилді тампонмен (бір рет және бір бағытта) сүрту керек. Өңдеу аяқталғаннан кейін 1 минут тосу керек.

4. Сақтық шаралары
13. Сыртқы қолдануға ғана пайдалану керек.

14. Ашық жарақат пен сілемейлі қабыққа тигізбеу керек.

15. Зат жанғыш! Ашық от пен тоққа қосылған қыздырғыш аспаптардан алшақ ұстау керек.

16. «Экобриз-антисептик» затын дәрі-дәрмек препараттарынан бөлек, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет.

17. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткеннен кейін затты қолдануға болмайды.
5. Кездейсоқ уланғанда алғашқы көмек беру шаралары
18. «Экобриз-антисептик» заты көзге тиіп кеткенде дереу көзді сумен жуып, натрий сульфацилінің 30% ерітіндісін тамызу керек.

19. Зат кездейсоқ асқазанға түскенде асқазанды бөлме температурасындағы сумен шая отырып, құстырту керек. Зардап шеккен адамға адсорбент қосылған бірнеше стақан су ішкізу керек (мысалы, бір стақан суға активтендірілген көмірдің үгітілген 10-20 таблеткасы). Қажет болған жағдайда дәрігерге бару қажет.
6. Тасымалдау және сақтау
20. Құрамында изопропилді спирт бар жанғыш сұйықтықтарды тасымалдау және зат пен ыдыстың сақталуына кепілдік беретін ережелерге сәйкес затты жерүсті көлік түрлерімен тасымалдауға рұқсат етіледі.

21. Затты ылғал мен күннің көзі түспейтін жабық қойма бөлмелерінде, қыздырғыш аспаптар мен ашық оттан алыс, +300С-ға дейінгі температурада, дәрі-дәрмек препараттарынан бөлек, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет.

22. Зат көп мөлшерде кездейсоқ төгіліп қалған жағдайда – зат төгілген орынды құммен немесе топырақпен жауып, пайдаға асыруға жібереді. Зат қалдығын сумен шайып тастау керек. Зат ерітіндісін канализациялық жүйеге тек араластырылған күйде ғана төгу керек.

23. Заттың ағынды, жер бетіндегі немесе жер асты сулары мен кәрізге түсуін болдырмау қажет.
7.Сапаны бақылаудың физикалық-химиялық және талдамалық әдістері.
24. Бақылауға алынған көрсеткіштер мен нормалар.

Сапа көрсеткіштері бойынша «Экобриз-антисептик» заты 1 кестеде келтірілген талаптар мен нормаларға сәйкес болуы қажет.


«Экобриз-антисептик» дезинфекциялайтын затының сапа көрсеткіштері
1 кесте


№ р/р

Көрсеткіш атауы


Нормасы

6.2

Сыртқы пішіні, түсі, иісі


Ерекше иісі бар, мөлдір түссіз сұйықтық

6.3

Төртеселік аммоний тұздарының массалық үлесі (қосынды түрінде),%

0,15+0,02

6.4

Изопропанолдың массалық үлесі, %

60,0+3,0


24.2. Сыртқы пішіні мен иісін анықтау

24.2.1. «ЭКОБРИЗ антисептик» затының сыртқы пішінін көзбен шолу арқылы анықтайды. Ол үшін түссіз шыныдан жасалған ішкі диаметрі 30-32 мм түтіктің ортасына дейін зат құйылады және оны өтетін немесе шағылысқан сәуледе қарайды.

24.2.2. Иісі органолептикалық тұрғыда анықталады.

24.3. Төртеселік аммоний тұздарының массалық үлесін анықтау (қосынды түрінде)

24.3.1. Жабдық, реактивтер және ерітінділер.

МЕСТ 24104-2001 бойынша жалпы мақсатта қолданылатын өлшеудің ең жоғары шегі 200г құрайтын, дәлдігі 2 класты зертханалық таразылар.

Бюретка 1-1-2-25-0,1 МЕСТ 29251-91 бойынша.

Мөлшерлі колбалар 2-100-2 МЕСТ 1770-74 бойынша.

Тегістелген тығыны бар Кн-10-50 колбасы МЕСТ 25336-82 бойынша.

Тамшуырлар 4(5)-1-1, 2-1-5 МЕСТ 29227-91 бойынша.

Цилиндрлар 1-25, 1-50, 1-100 МЕСТ 1770-74 бойынша.

Натрийдің додецилсульфаты ТУ 6-09-64-75 бойынша.

«Мерк» (Германия) фирмасы шығарған құрамында 99,0% кем емес негізгі заты бар 1-сулы цетилпиридиний хлориді немесе осы тәріздес квалификациялы реактив.

Сыймдылығы 100см3 мөлшерлі колбаның ішінде 100см3 дистилденген суға 0,179г реактивті еріту арқылы хлорид цетилпиридинийінің 0,005 н. ерітіндісі әзірленеді.

Көк түсті Эозин-метиленді индикаторы (Май-Грюнвальд бойынша), ч., ТУ МЗ 34-51.

Хлороформ МЕСТ 20015-88 бойынша.

Құрамында рН 11 бар карбонатты-сульфатты буферлі ерітінді 1дм3 суда 100г натрий сульфаты мен 10г натрий карбонатын еріту әдісімен жасалады. Натрий сульфаты МЕСТ 4166 бойынша.

24.3.2. Талдау жүргізу.

24.3.2.1. Натрий додецилсульфатының 0,005 н. су ерітіндісін әзірлеу: 0,150г натрий додецилсульфатын сыйымдылығы 100см³ мөлшерлі колбаға құйып, дистилденген сумен белгіге дейін жеткізеді.

24.3.2.2. Құрғақ индикаторлық қоспаны әзірлеу.

Көк түсті Эозин-метиленді индикаторды 1:100 қатынаспен МЕСТ 4234 бойынша калий хлоридімен араластырып, фарфорлы ыдыста мұқиятты түрде езеді. Құрғақ индикаторлық қоспаны тығыз жабылатын қақпағы бар бюксте бір жыл бойы сақтайды.

24.3.2.3. Натрий додецилсульфаты ерітіндісінің түзету коэффициентін анықтау.

Түзету коэффициентін 0,005 н. натрий додецилсульфатының ерітіндісімен хлорид цетилпиридиний ерітіндісін екіфазалы титрлеу әдісімен анықтайды.

Сыйымдылығы 50см3 мөлшерлі колбаға хлорид цетилпиридинийінің 10см3 ерітіндісін, хлороформның 10см3 құйып, 30-50мг құрғақ индикаторлық қоспаны қосады және 5см3 буферлі ерітіндіні құяды. Колбаны тығынмен жауып, ерітіндіні араластырады. Цетилпиридиний ерітіндісін натрий додецилсульфаты ерітіндісімен титрлейді. Титранттың кезекті мөлшерін қосқаннан кейін колбадағы ерітіндіні араластырады. Титрлендірудің соңында хлороформ қабатының қызғылт түсі көк түске ауысады. Натрий додецилсульфаты ерітіндісінің К түзету коэффициентінің мәнін есептейді:

К=Vцп/V дс

мұндағы Vцп – 0,005 н. қосындысының көлемі (10 см3),

Vдс – натрий додецилсульфаты ерітіндісінің титрлендіруге өткен көлемі, см3.
24.3.3. Талдау жүргізу.
Талданатын «ЭКОБРИЗ антисептик» затының 0,0002г дәлдікпен өлшенген 0,15г-0,20г мөлшерін сыйымдылығы 100см³ мөлшерлі колбаға ауыстырып, дистилденген сумен белгіге дейін жеткізеді.

Конус тәрізді колбаға, я болмаса тығыз жабылатын тығыны бар цилиндрге 10см3 алынған ерітіндіні құяды, 10см3 хлороформ, 30-50мг құрғақ индикаторлық қоспаны қосып, 5см3 буферлік ерітінді құяды. Алынған екіфазалы жүйені натрий додецилсульфатының ерітіндісімен титрлейді. Титранттың кезекті мөлшерін қосқаннан кейін колбадағы ерітіндіні араластырады. Титрлендірудің соңында хлороформ қабатының қызғылт түсі көк түске ауысады.

24.3.4. Нәтижелерді өңдеу.

Төртеселік аммоний қоспаларының (алкилдиметилбензиламмоний хлорид және дидецилдиметиламмоний хлорид) (Х) массалық үлесі пайызбен келесі формула бойынша есептелінеді:

Х=*100,
мұндағы 0,00177 – нақты концентрациялы натрий додецилсульфаты ерітіндісінің 1см3 сәйкес келетін төртеселік аммоний қоспаларының (алкилдиметилбензиламмоний хлорид және дидецилдиметиламмоний хлорид) (Х) массасы, С (С12Н25SO4Nа) = 0,005 моль/дм3 (0,005 н.), г;

V – С концентрациялы натрий додецилсульфаты ерітіндісінің көлемі (С12Н25SO4Na) = 0,005 моль/дм3 (0,005 н.), титрленуге өткен; см3,

К – С концентрациялы натрий додецилсульфаты ерітіндісінің түзету коэффициенті (С12Н25SO4Na) = 0,005 моль/дм3 (0,005 н.);

V1 – «ЭКОБРИЗ антисептик» затының мөлшері ерітілген көлем (100 см3);

V2 – титрлеуге таңдалынып алынған талданатын ерітіндінің аликвотты бөлігі (10 см3)

m – талданатын сынаманың массасы, г.

Талдау нәтижесі ретінде екі анықтаманың орташа арифметикалық нәтижесін алады, олардың арасындағы абсолюттік алшақтық рұқсат етілген 0,5%-ға тең алшақтықтан аспауы тиіс.

Сенімді ықтималдылық 0,95 тең болғанда талдау нәтижесінің рұқсат етілген салыстырмалы жиынтық ағаттығы +3%.


24.4. Изопропанолдың массалық үлесін өлшеу
Изопропанолдың массалық үлесін өлшеу әдісі сынама ерітіндісін отты-иондау детектірлеу жолымен капилярлы газды хроматографиялау, изометрлі хроматографиялау және ішкі стандарт әдісімен сандық бағалау әдісі негізінде жасалған.

24.4.1. Өлшеу құралдары, жабдықтар:

  • отты-иондау детекторы, капилярлы колонка, хроматографиялық деректерді жинақтайтын және өңдейтін компьтерлік жүйемен жабдықталған талдамалық газды хроматограф

  • ұзындығы 50м, ішкі диаметрі 0,32мм, Карбовакс 400 жабылған, қабаты 0,2мкм хроматографиялық колонка;

  • жалпы мақсатта қолданылатын өлшеудің ең жоғары шегі 200г құрайтын, дәлдігі 2 класты зертханалық таразылар;

  • сыйымдылығы 1мкл микрошприці;

  • сыйымдылығы 50 және 250 см3 колбалар.


24.4.2. Реактивтер.

  • изопропонал, ч.д.а.- талдамалық стандарт;

  • ацетонитрил, ч.д.а. – ішкі стандарт;

  • дистилденген су;

  • газ тәріздес гелий;

  • газ тәріздес сутегі;

  • сығылған ауа, баллонда немесе компрессордан.

24.4.3. Ерітінділер.

Негізгі градуирлеу ерітіндісін әзірлеу.

Сыйымдылығы 100см³ мөлшерлі колбаға талдамалық дәлдікпен өлшеніп алынған 60г изопропанолды салып, сумен белгіге дейін жеткізеді.

Әзірленген ерітінді герметикалық қалыпта 15 ай бойы сақталына алады.

Жұмыс жасауға арналған градуирлеу ерітіндісін ішкі стандартпен әзірлеу:

Сыйымдылығы 25см³ колбаға ішкі стандарт ретінде талдамалық дәлдікпен өлшеніп алынған 6г ацетонитрил салынады, белгіге дейін негізгі градуирлеу ерітіндісі қосылғаннан кейін нақты салмағы анықталады. Араласқаннан кейін жұмыс жасауға арналған градуирлеу ерітіндісін хроматографиялау керек. Алынған хроматограммалардан хроматографиялық шың ауданы мен жұмыс жасауға арналған градуирлеу ерітіндісінде байқалатын спирт көлемі анықталады.


Өлшеу шарттары:

  • газ-тасымалдаушы: азот (немесе гелий);

  • колонканың кіреберісіндегі қысым 2,1бар;

  • колонка температурасы 60°С; буландырғыш - 250°С; детектор - 270°С;

  • енгізілетін доза көлемі 0,2мкл;

  • ұстау уақыты: 2-пропанол – 5,9 мин., ацетонитрил – 6,6мин.

Хроматографтың сезімділігін хроматографиялық шыңдардың биіктігі толық шкаланың 80-90%-ын құрайтындай етіп таңдау қажет.

24.4.4. Өлшеуді орындау:

Сыйымдылығы 25см³ колбаға ішкі стандарт ретінде талдамалық дәлдікпен өлшеніп алынған 6г ацетонитрил салынады, белгіге дейін сыналатын үлгіні қосып, нақты салмақты анықтау қажет. Араласқаннан кейін ерітіндіні хроматографиялау керек. Алынған хроматограммалардан ацетонитрилдің хроматографиялық шың ауданы мен байқалатын пропанол-2 анықталады.




24.4.5. Өлшеу нәтижелерін өңдеу:

Салыстырмалы градуирлеу К коэффициентін келесі формула бойынша есептейді:
M×Sіш.ст.

K= ───────,

S×Mіш.ст.
мұндағы S – жұмыс жасауға арналған градуирлеу ерітіндісіндегі изопропанолдың хроматографиялау шыңының ауданы;

Sіш.ст. - жұмыс жасауға арналған градуирлеу ерітіндісіндегі ацетонитрилдің хроматографиялық шың ауданы (ішкі стандарт);

M – негізгі градуирлеу ерітіндісіндегі изопропанолдың массалық үлесі, %.

Mіш.ст. – жұмыс жасауға арналған градуирлеу ерітіндісіндегі ацетонитрилдің массалық үлесі, %.

Х изопропанолының массалық үлесін (%) келесі формула бойынша есептейді:
K•S•M âí.ñò

X= ─────────

S âí.ñò.
мұндағы S – сыналатын ерітіндідегі изопропанолдың хроматографиялық шыңының ауданы;

Sіш.ст. – сыналатын ерітіндідегі ацетонитрилдің хроматографиялық шың ауданы (ішкі стандарт);

Mіш.ст. – сыналатын ерітіндіге қосылған ацетонитрилдің массалық үлесі, %;

K – изопропанолға арналған салыстырмалы градуирлеу коэффициенті.

Жұмыс жасауға арналған градуирлеу ерітіндісі мен сыналатын сынама ерітіндісін әр қайсысын 3 реттен енгізеді. Сәйкес шың астындағы аудан интегрирлеу жолымен анықталады, ал есептеу үшін орташа арифметикалық шама қолданылады.


Похожие:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті icon«Бекітемін» Комитет төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Бекшин
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басшыларының 2012 жылғы 3-4...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті icon62538С сериялы, Диана 35 жалған препарат туралы ақпарат: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті «Байер каз»
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті «Байер каз» жшс ұсынған ақпаратқа...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
О. М. Хильченко әзірленген («Мир дезинфекции» аақ). «Миродез мусс» дезинфекциялау затын талдаудың «Физикалық-химиялық және талдамалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница