Қазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің алматы қаласы бойынша тәртіптік кеңес отырысының КҮНТӘртібі




Скачать 57.25 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің алматы қаласы бойынша тәртіптік кеңес отырысының КҮНТӘртібі
Дата конвертации30.12.2012
Размер57.25 Kb.
ТипДокументы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІНІҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ТӘРТІПТІК КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНЫҢ КҮНТӘРТІБІ

Алматы қ. 26 қазан 2010ж.


Алматы қаласы Жетісу ауданы Әкімінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексін сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын орындауы бойынша жұмысы туралы
Тәртіптік Кеңес Жетісу ауданы әкімі Е.Ш.Әліқұловтың ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарының орындалуы бойынша және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексінің сақталуы бойынша есебін тыңдап әрі талқылап, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарының талаптарының орындалуы және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексінің сақталуы бойынша жұмыстар жүргізіліп отырғандығын көрсетті.

2009 жылғы және үстіміздегі жылдың 9 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шағын және орта бизнестің дамуында жағымды тенденциялар сақталғандығын көрсетеді.

Аудан территориясында барлығы 40 ірі және 378 қолданыстағы кіші өндірістік кәсіпорындар қызмет жасайды. Ағымдағы жылдың 9 айында ауданда өндірістік өнім қолданыстағы бағамен 70,5 млрд.теңге. Ағымдағы жылдың 9 айында өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда жеке көлем индексі 75% пайызды құрайды.

2009 жылғы және ағымдағы жылдың 9 айында өнеркәсіпті дамыту бағдарламасына сәйкес аудан кәсіпорындарында өнімдердің жаңа түрін жасап шығару үшін құрал-жабдықтарды және технологияларды модернизациялау жүргізілуде.

Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша атқарылған іс-шаралар өндірістің төмендеуінің азаюына мүмкіндік берді, әлеуметтік мәселелердің және жұмыспен қамтудың оңтайлы шешілуіне себеп болды. Ауданда еңбек нарығы экономикада жұқмыспен қамтудың тұрақты өсуімен сипатталады.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес әкім аппаратында конкурстық, аттестациялық, тәртіптік комиссия және еңбек өтілін бекіту бойынша комиссия құрылған.

18 бос әкімшілік мемлекеттік қызметтерге орналасуға 116 азамат қатысқан 3 конкурс өткізілді. Конкурстардың қорытындысы бойынша 16 жеңімпаз сәйкес лауазымдық орындарға тағайындалды, кадрлық резервке енгізуге 15 байқауға қатысушы ұсынылды.

10 мемлекеттік қызметші атқарып отырған лауазымдық қызметіне сәйкес деген қорытынды көрсетіп, аттестациялаудан өтті.

Тексеруі кезеңінде жеке тұлғалардан 2796, заңды тұлғалардан 4077 өтініш түсті, әкім қабылдауында 152 азамат, орынбасарларында 131 азамат болды.

Тәртіптік жауапкершілікке аппараттың 36 қызметкері тартылған.

Мемлекеттік және жергілікті басқару Институтында квалификациясын көтеру мен қайта даярлау курсынан 11 мемлекеттік қызметші білім алды, оның 4-еуі мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандар, 7-еуі басқа мемлекеттік қызметшілер.

Мемлекеттік тілде және орыс тілінде ар-намыс Кодексі жазылған, ҚР мемлекеттік қызмет Агенттігінің Тәртіптік Кеңесінің сенім телефондары көрсетілген тақта дайындалды. Сенім телефондарына қоңыраулар түспеді. Мемлекеттік қызметшілердің этикасын бақылау кітабы жасалды.

Тексеру барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың мынадай бұзылғандығы анықталды:

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары дайындалған жоқ;

әкімнің орынбасары А.Оспанов пен бөлім бастығы Ш.Байқожаеваның жеке құжаттарының қатарында 2009-2010 жылдардағы жеке мүлік туралы декларация жөніндегі анықтамалары жоқ.

Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза беру ережесі бұзылған, тәртіптік жауапкершілікке тартуда 17 мемлекеттік қызметшіге түсініктеме талап етілмеген күйінде тәртіптік жаза қолданылған, тәртіптік жауапкершілікке тартылған 36 қызметшінің 29-ы қабылданған шешіммен таныстырылмаған.

11 әкімшілік мемлекеттік қызметші қызметке түскен күннен бастап ант қабылдамаған, 12 әкімшілік мемлекеттік қызметшіні ауыстыру тәртібімен тағайындаған уақытта өкілетті органдарға сауал хат жолданбаған.

әкімшілік мемлекеттік бос қызмет орындарына конкурс өткізу ережелері бұзылған, 29 үміткермен әңгімелесу хаттамамен бекітілмеген, барлық конкурстар бойынша конкурс комиссиясының оң шешімін алған үміткерлер тізімі белгіленген уақытта ақпараттық стендке ілінбеген.

Аттестациядан өткізілетін Коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы – Г.Д.Қартбаев, қаржы шаруашылық бөлімінің бастығы – Ш.Т.Байғожаева уақытында берілген қызметтік мінездемелермен таныстырылмаған. Мемлекеттік қызметшілердің жеке құжаттарында қызметтік тізімдер жоқ.

«ҚР орган қызметшілерінің қызметтік айлықақысына үстеме және материалдық көмек көрсету, сыйақы тағайындау Ережесі» бұзылған, тәртіптік жазасы өтелмеген қызметшілерге 60 000 теңге көлемінде сыйақы беру фактісі анықталды, 11 жағдайда сыйақы тікелей басшылардың жазбаша ұсынысынсыз төленген.

ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның 7 бабының 6 тармағы бұзылған, аппарат қызметшілері: бөлім бастығы Е.Жұрынов, бас мамандар – А.Орынбеков, М.Мұхамеджанұлы, Н.Мырзабеков, Д.Имановалар азаматтардың өтініштерін қарау үшін басқа мемлекеттік органдарға жібермеген, оның орнына азаматтарға сол немесе басқа мемлекеттік органға бару құқығы туралы жауаптар берілген.

Бұдан басқа, 3 жұмыс күндік мерзімнің бұзылуымен азаматтардың өтініштері басқа мемлекеттік органдарға жіберілген: В.Кұрбанова, Т.Каскаев, Р.С.Гордеев, Б.Г.Ягудин (орындаушы А.Орынбеков), Г.Д.Нұрманбетова, С.С.Заеленцова (орындаушы М.Мұхамеджанұлы), Сергей (орындаушы Е.Жұрынов), аппаратқа 26.02.2010 жылы түскен АҚ «АЖК» өтініші бойынша осы күнге дейін нақты жауап берілмеген (орындаушы бөлім бастығы Е.Жұрынов);

Алматы қаласы аудандарының рейтингісі бойынша әкімшілік 2009 жылы соңғы 5 орынды алса, 6 айда соңғы 6 орында.

Жергілікті бюджетті орындауды тексеру мемлекеттік сатып алуда және 48,4 миллион теңге сомасындағы қаржыны игеруде қателіктердің барын анықтады.

Есеп беру кезеңінде аппараттан 24 қызметші өз еркімен жұмыстан шыққан, қызметшілердің жұмыстан кетуі 50% құрайды.

Тексеру барысында анықталған қателіктер аудан басшысының, көріктендіру бөлімінің, қаржылық-шаруашылық бөлімінің басшыларының, әкім аппаратының бас мамандарының мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың дұрыс орындамайтындықтарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы жеткілікті деңгейде білмейтіндіктерін көрсетеді.

ҚР Президентінің «ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы Тәртіптік Кеңесі туралы» жарлығымен бекітілген ереженің 6 тармағының 2 тармақшасын басшылыққа ала отырып,
Тәртіптік Кеңес

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


  1. Алматы қаласы Жетісу ауданы Әкімі Е.Ш.Әліқұловтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексін орындау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын орындауы бойынша есебі назарға алынсын.

  2. Алматы қаласы Жетісу ауданының әкіміне:

  • Алматы қаласы Тәртіптік Кеңес комиссиясының тексеру барысында анықтаған ескертулерін ретке келтіру үші іс-шаралар әзірлесін;

  • ҚР «мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 28 бабына сәйкес қателіктер жіберген кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарасын;

  • Мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың нормаларын түсіндіру бойынша семинар-жиналыстар өткізсін;

  • Жұмыс жасауда АГФ-ның «Нұр Отан» ХДП-мен, үкіметтік емес ұйымдармен және құқық қорғау органдарымен байланысын күшейтсін;

  • Әкімшілік тарапынан денсаулық сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша бақылауды күшейтсін;

  • Ауданның шағын және орта бизнесінің индустриалды-инновациялық дамуы бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын;

  • Жергілікті бюджетті орындауда қаржылық қателіктерді реттеудің іс-шараларының жоспарын әзірлесін;

  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орталықтан тіркеуді енгізсін;

  • қызметшілердің ҚР мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауы және тәртіпті күшейтуі бойынша қосымша шаралар қабылдасын;

  1. Аталған қаулының орындалуы туралы ақпаратты Алматы қаласының Тәртіптік Кеңесіне 2010 жылдың 30 қарашасында берсін;

  2. Аталған қаулының орындалуын бақылау Алматы қала Тәртіптік Кеңесінің Хатшылығына жүктелсін.



Төраға М.Қасымов

90-п 26.10.2010ж.

Похожие:

Қазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің алматы қаласы бойынша тәртіптік кеңес отырысының КҮНТӘртібі iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
«Холдинг Алматы Су» мкк бас директорының Қр мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қалалық Тәртіптік Кеңесінің 2008...
Қазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің алматы қаласы бойынша тәртіптік кеңес отырысының КҮНТӘртібі iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Митеті Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі Алматы қаласы бойынша департаментінің Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет...
Қазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің алматы қаласы бойынша тәртіптік кеңес отырысының КҮНТӘртібі iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»,...
Қазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің алматы қаласы бойынша тәртіптік кеңес отырысының КҮНТӘртібі iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Азақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын орындау және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін...
Қазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің алматы қаласы бойынша тәртіптік кеңес отырысының КҮНТӘртібі iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын және Қазақстан Республикасының мемлекет қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін орындау бойынша...
Қазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің алматы қаласы бойынша тәртіптік кеңес отырысының КҮНТӘртібі iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма басшысы – Тәртіптік кеңес төрағасының
Тәртіптік кеңес хатшылығымен Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және...
Қазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің алматы қаласы бойынша тәртіптік кеңес отырысының КҮНТӘртібі iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Азақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын орындау және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін...
Қазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің алматы қаласы бойынша тәртіптік кеңес отырысының КҮНТӘртібі iconБасты міндет – мемлекеттік қызмет саласындағы құқықбұзушылыққа жол бермеу
Көкпекті ауданына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің ШҚО бойынша тәртіптік кеңес төрағасы Тоқтамыс...
Қазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің алматы қаласы бойынша тәртіптік кеңес отырысының КҮНТӘртібі iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша басқармасының бастығы Алматы қаласы тәртіптік кеңесінің төрағасы М. Е
Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясында» Қр президентінің «ҚР қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және...
Қазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің алматы қаласы бойынша тәртіптік кеңес отырысының КҮНТӘртібі icon25 қаңтарда облыстық "Индустриальная Караганда" басылымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқарма бастығы-Тәртіптік кеңестің төрағасы Е
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасымен жергілікті атқарушы органдардың кадр қызметкерлерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница