Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі




НазваниеҚазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
страница1/29
Дата конвертации10.11.2012
Размер3.09 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29



Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы

3 шығарылым

Бөлімдер:

«Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары»

Астана, 2008 жыл

Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА), 3 шығарылым, «Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары» бөлімдері Қазақстан Республика Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы «___» _________» № ___-ө бұйрығымен бекітілген.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары жұмыстарды тарифтеу және ерекше айтылған жағдайларды қоспағанда, осы бөлімде (дерде) көрсетілген өндірістер мен жұмыстар бар ұйымдарда, меншік нысаны мен ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

КІРІСПЕ
Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген, КСРО Мемеңбеккомитеті мен ВЦСПС Секретариатының 1985 жылғы 17 шілдедегі № 226/125/15-88 қаулысымен бекітілген БТБА негізінде әзірленді. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарылататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді.

Бөлімдер бойынша жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары: «Жұмыс сипаттамалары», «Білуге тиіс», «Жұмыс үлгілері» үш бөлімнен тұрады.

«Жұмыс сипаттамасы», «Білуге тиіс» бөлімдерінде орындалатын жұмыстың суреттемесі мен жұмысшының біліктілігіне қойылатын талаптар жеткілікті толық жазылған жағдайларда «Жұмыс үлгілері» бөлімі болмайды.

«Жұмыс үлгілері» бөлімі осы кәсіп пен осы тарифтік разряд үшін анағұрлым үйреншікті, солармен салыстырғанда жұмысшы атқаратын басқа жұмыстардың разрядтарын анықтауға болатын жұмыстардың тізбесін қамтиды.

«Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай алуға тиісті жұмыстардың сипаттамасын қамтиды.

«Білуге тиіс» бөлімі жұмысшыға арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды, әдістер мен құралдарды білуіне қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды.

Тарифтік-біліктілік сипаттамаларында жұмысшы кәсібінің осы разрядына тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиіс барлық жұмыстарды қамтымайды. Жұмыс беруші сайланбалы кәсіптік органның немесе қызметкерлердің өзге де өкілдікті органының пікірін ескере отырып, орындалу күрделілігі бойынша тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылғандарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмысты орындауға тиіс.

«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін,; орындалатын жұмыстың (қызметтің) сапасына, жұмыс орнында еңбекті тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды; брак түрлерін және оның алдын алу мен жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатуды білуге тиіс.

Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, анағұрлым біліктілігі төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай алуға, сондай-ақ осы кәсіптегі анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разрядтар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары разрядтар кәсіптерінің сипаттамасында әдетте, көрсетілмейді.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалары сегіз разрядты тарифтік кестеге лайықталып әзірленді.

Қызметкердің еңбек қызметін растаушы құжаттарды толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.


Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
3 шығарылым

«Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары»
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары


  1. АРМАТУРАШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арматура болатын тоттан тазарту және оны маркасы мен диаметріне қарай стеллаждар мен штабелдерге сала отырып сұрыптау. Арматураны және армоқұрылымдарды тасымалдау. Пәшкелер мен арматура болаты бухталарын сым орамаларынан босату. Арматура болатын қол шығырымен тарқату және тарту. Арматура болатын түзету. Арматура стержендерін қол қабырғаларда кесу және майыстыру. Қарапайым тегіс қаңқаларды өру. Арматура болатын механикалық және электромеханикалық тәсілдермен нығайту. Арматура стержендері мен кестелерін түрлері мен маркалары бойынша пәшкеге байлай отырып жиынтықтау. Арматура құрылымдарын инвентарлық ілмектермен іліп алу. Дайындамаларды тұтыну орындарына жеткізу арбасымен немесе тельфермен тасымалдау.

Білуге тиіс. Қолданылатын арматура болаттарының түрлері, сыныптары мен маркалары және олардың негізгі физикалық-механикалық қасиеттері; болаттың орауын жазу мен кесудің ережесі мен әдістері; дайын қаңқаларды тасымалдау мен жинау ережелері; арматураны орауын жазу, түзеу және кесуге арналған қол лебедкалары мен станоктарының құрылғысы; арматура құрылымдарын монтаждау кезіндегі дабылдату ережесі, дайындамаларды ілмектеу және орнын ауыстыру.


  1. АРМАТУРАШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арматура болатын электр шығырлармен тарқату және тарту. Арматура болатын жетекті және жартылай автоматты станоктарда кесу. Арматура болатын механикалық және электромеханикалық тәсілдермен сүйрету және жапыру, күш калибровкасы, тарту немесе контактілік электрмен жылыту жолымен нығайту. Бір стерженде төртке дейін қайырмасы бар арматура болатын механикалық станоктарда майыстыру. Ұш салу немесе шайба, втулка мен гильза престеу жолымен, алдын ала қуаттандырылған бұйымдарға арналған арматура стержендерінің ұштарын анкерлеу. Созылмалы стенділер пен арнайы жүйелерде ішекпакеттерін жасау. Қарапайым құрылымдар қорамаларында стержденьдер мен қаңқалардың орналасуын белгілеу. Қарапайым торлар мен массасы 100 кг. дейінгі тегіс қарапайым қаңқаларды жинастыру және орнату. Қарапайым және орташа күрделі кеңістікті қаңқаларды дайын торлар мен бөлшектерден өру жолымен құрастыру. Белгілі бір үлгілер бойынша сымнан каптарға арналған арматураны жасау. Қарапайым төсем бөлшектерін орнату және бекіту. Іргетастар мен плиталардағы жекелеген стержендерден арматура орнату. Арматураны қолмен өру арқылы бекіту.

Білуге тиіс. Арматура дайындамасына арналған жабдықтардың қолданылу қағидаты; арматура дайындау ережесі; қарапайым арматура мен армоқұрылымдарды жинау, орнату және бекіту тәсілдері; дайындалатын арматураға арналған сызбалар мен чертеждерді жасау және оқу ережесі; арматураны ілмектеу және орнын ауыстыру тәсілдері.

Жұмыс үлгілері.

Қаңқа бұйымдарды жасау:

1. Тірек, тіреу және колонналар табандары, қада ұштары, қоршау іргетастары.

2. Іргетас блоктары мен плиталары

3. Құдық мойны сақиналары, қонышсыз арынсыз құбырлар.

4. Маңдайшалар, бағандар.

5. Балкон, ернеу, трамвай жолына арналған, арна аражабын плиталары.

6. Коллекторлар мен жерасты өту жолдарының тегіс және қырлы плиталары, жабындар мен аражабын плиталары

7. Қарапайым қима жүгіртпелері мен беларқалары

8. Қадалар, тіреулер мен консольсіз ұстындар.


  1. АРМАТУРАШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бір стерженде төртке дейін қайырмасы бар арматура болатын механикалық станоктарда майыстыру. Массасы 100 кг. дейінгі қарапайым торлар мен тегіс қаңқаларды және массасы 100 кг. дейінгі қос торшаларды жинастыру және орнату. Қарапайым және орташа күрделі кеңістікті қаңқаларды фиксатор орнату және дайын торлар мен бөлшектерден өру жолымен құрастыру. Арматураны автоматты станоктарда жасау. Массивтерде, ұстын төсемдерінде, ұстындарда, қабырғалар мен арақабырғаларда жекелеген стержендерден арматура орнату. Арматура стержендерін, ішекпакеттер мен аса мықты сым байламдарын алдын ала тарту. Орташа күрделі құрылымдарда анкерлік болттар мен төсем бөлшектерін орнату. Орнатылған торлар мен қаңқаларды өлшеп тексеру. Ванналық және ванна-жіктерін дәнекерлеу үшін арматура шығындыларын бөлу.

Білуге тиіс. Арматураны алдын ала кернеуге және монтаждауға арналған такелажды айлабұйымдар мен механизмдерді қолдану ережесі; шаблондағы немесе стержень кондукторларындағы торлардың, қаңқалардың орналасуын белгілеу және оларды чертеждер мен сызбалар бойынша тексеру әдістері; арматураны дәнекерлеуге дайындау ережесі; қолданылатын электрмен дәнекерлеу аппараттарының құрылысы мен оларға қызмет көрсету ережесі; болаттың маркасына қарай электродтарды іріктеу әдісі; дайындалатын бұйымдарға арналған ерекшеліктерді, сызбалар мен чертеждерді жасау және оқу ережесі.

Жұмыс үлгілері.

Қаңқа бұйымдарды жасау:

1. Орама, ілмекті және іргетас арқалықтары.

2. Коллекторлар мен жерасты өту жолдары – бөлшектері Р- және П-үлгісіндегі, ауқымды коллекторлар

3. Канализация, су ағызу, су құбыры, газ, жаңбыр қабылдау және телефон құдықтары; телефон қораптары.

4. Консольді және таяқты ұстындар.

5. Түйісу жүйесі, электржеткізу торабы және көше жарықтары бағандары.

6. Сыртқы және ішкі көтергіш қабырға панельдері

7. Сыртқы және ішкі көтергіш құрылымдар ригельдері

8. Арынсыз қонышты және тегіс табанды құбырлар.


  1. АРМАТУРАШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дайын торлар мен бөлшектерден жауапты құрылымдарға арналған массасы 100 кг. дейінгі күрделі торлар мен тегіс қаңқаларды (массасына қарамастан) және қос торшаларды, жинастыру және монтаждау. Арматураны бетонға тарта отырып жинастыру-блок элементтерін ірілеп жинастыру. Беріктігі жоғары сымдардың, стержендер мен арматуралық ішекті-пакеттер байламдарын тарту станцияларымен тарту. Жылжымалы қорамада бетондалатын құрылымдар үшін арматура жинастыру. Плиталы негіздерде, арқалықсыз және қырлы жабындарда, баспалдақ марштарында, көпірлердің аралық құрылыстарында, кері тоғыспалар мен жерасты дайындамаларының, штольнялардың, градирен мұнараларының, құбырлардың және т.б. қисық сызықты қабырғаларында сызбалар бойынша орналасу белгілерімен жекелеген стерженьдерден арматура монтаждау. Арматуралық стерженьдер мен плиталы көпірлердің аралық құрылыстарының байламдарын алдын ала тарту. Күрделі құрылымдарда массасы 600 кг. дейінгі анкерлік болттар мен төсем бөлшектерін орнату.

Білуге тиіс. Қызмет көрсетілетін тарту станцияларының, механизмдері мен айлабұйымдарының құрылымы мен қолданылу принципі; кеңістікті қаңқаларды, армо-қорамалы блоктар мен фермопакеттерді чертеждер мен сызбалар бойынша жинастыру кезінде стерженьдердің орналасуын белгілеу ережесі; жинастыру-блокты элементтерді жинау тәсілдері; төсемдік бөлшектер мен анкерлік болттарды орнату ережесі; орнатылған арматура мен армоқұрылымдарды тексеріп өлшеу тәртібі; арматура болаттарының физикалық-математикалық қасиеттері; арматуралық қаңқалар мен блоктарды қабылдап алу ережесі.

Жұмыс үлгілері.

Қаңқа бұйымдарды жасау:

1. 500-800 т. жүктеме астындағы стерженді ұстындар.

2. Машина орынжайлары секциялар мен ауқымды лифт шахталары

3. Силостар мен элеваторлар (ауқымды элементтер)

4. Аралық көпір және жол сымдары құрылыстары

5. Ұзындығы 12 м. дейінгі ілмектік және ісмекастылық фермалар.


  1. АРМАТУРАШЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жауапты темір-бетон бұйымдар мен құрылымдарға арналған күрделі арматура қаңқалардың бас үлгілерін чертеждер бойынша дайындау. Ерекше күрделі кеңістікті арматура қаңқаларды, армоқорамалы блоктар мен фермопакеттерді құрастыру және монтаждау. Сору құбырларындағы, спиральді камералардағы, тіреулердегі, генератор асты құрылымдардағы, түпкі және жеткізу құбырларындағы, ауа жолдарындағы, турбогенераторлар іргетастарындағы, бункерлердегі, бункер галереяларындағы, тоғыспалар мен жұқа қабырғалық қабықтардағы, арка үстілік құрылыс ұстындарындағы, аркалар мен аркалар арасындағы байланыстардағы қақпаларға арналған төсемді бөлшектері бар шлюз басының жекелеген стержендерінен арматура монтаждау. Қырлы және қорапты аралық құрылыс байламдарын алдын ала тарту. Массасы 600 кг. асатын төсемді бөлшектерді күрделі және аса күрделі құрылымдарда орнату.

Білуге тиіс. Жекелеген сымдар мен өрмелерден арматура байламдарын дайындау технологиясы; аса күрделі кеңістікті қаңқаларды, армоқорамалы блоктар мен фермопакеттерді дайындау және монтаждау технологиясы; дайындалатын арматура элементтері мен құрылымдарына қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері.

Бұйымдардың басқы үлгілерінің қаңқаларын дайындау:

1. Бөлмелер, тор қаңқалары, лифтілердің машина орындары-ауқымды элементтер.

2. Көпірлер мен жол құбырларының аралық құрылыстары.

3. Ұзындығы 12 м. асатын итарқа фермалары.

Игерілген бұйым қаңқаларын жасау:

Стерженді арматуралары 800 т асатын жүктемелі тіреу пластиналары бар ұстындар.

  1. АРМАТУРАШЫ

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аса күрделі кеңістікті арматура қаңқалары гидротехникалық құрылымдарға құрастыру және монтаждау. АЭС реакторының қорғаныс қабығының купонды және цилиндрлік бөлшектерінің арматуралы байламдарын орнату және алдын ала тарту.

Білуге тиіс. Аса күрделі кеңістікті арматура қаңқалары жасау және монтаждау технологиясы; құрылымдардағы арматура және арматура байламдарын алдын ала тарту тәсілдері; гидравликалық домкраттар мен арматура тартуды жүзеге асыратын басқа да механизмдердің құрылымы мен жұмыс ережесі.


  1. АСФАЛЬТБЕТОНШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Асфальтбетоннан және өңделетін қара тұтқырғыш материалдардан жол жабындарын орнату және жөндеу кезінде қосалқы жұмыстарды орындау. Негіздемені шаңнан және ластан қолмен және сығымдалған ауамен тазарту. Жабындарды бөлшектегеннен және кескеннен кейін материалдарды жинау. Автомашина кораптарын асфальтбетон қоспасы қалдықтарынан тазарту.

Білуге тиіс. Жол жабындары негіздемелерін дайындау сапасына қойылатын талаптар.


  1. АСФАЛЬТБЕТОНШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жол жабындарын орнату және жөндеу кезінде негіздемелер дайындау. Негіздемені түсіру балғасымен тазалау. Инертті тығыздағыштарды елеу. Ағаш жару. Қара тұтқырғышты қайта айдау. Жол материалдарын тегістеу және кенерлеу.

Білуге тиіс. Жабындарды орнатуға арналған негіздемелерді дайындау тәсілдері; тұтқырғыш материалдарды тарқату, тасымалдау және сақтау ережесі; жабын дайындауға арналған компоненттер құрамы.


  1. АСФАЛЬТБЕТОНШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қара тұтқырғыш материалдарды пісіру қазандарында жылыту. Компоненттерді қазанға толтыру. Жабын негіздемелерінің құрылымы. Негіздемелерді қолмен таратушының көмегімен қара тұтқырғыш материалдармен өңдеу. Тірек білеушелерді орнату. Ыстық және суық қалпындағы қара тұтқырғыш материалдармен өңделетін асфальтбетон қоспалары мен материалдарын қолмен беру және салу. Үлгілерді кесу және кесу орындарын бітеу. Асфальтбетон жабындары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындарды қолмен және асфальтжылытқыш немесе ремонтерді қолдана отырып ұсақ жөндеу. Механикаландырылған құрал көмегімен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған асфальтбетон жабындарын бөлшектеу және кесу. Пісіру қазандарын, шығару қазандарын, шығару астаушалары мен араластыру қондырғыларын тазалау.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Похожие:

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі iconБiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы...
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі iconҚазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдарының тізбесі
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдарының...
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі iconҚазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдарының тізбесі
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдарының...
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі icon«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет стандарты
Емлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тізбесі, мекенжайы мен жұмыс кестесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген...
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі iconТауар, жұмыс, қызметті мемлекеттік сатып алулар жөніндегі конкурсқа қатысу өтінімдер конвертын ашу хаттамасы
Скемен қаласы Белинский көшесі 32 үйде орналасқан «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бақылау...
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі iconАтырау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті
Комитет еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік...
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі iconҚазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі iconҚазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі icon2012 жылғы 25 маусым №252-ө-м Астана қаласы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (12-шығарылым) бекіту туралы
Еңбек кодексінің 125-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы №1132 қаулысымен бекітілген Қазақстан...
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі iconУәкілетті ұйымның құрылымдық бөлімшелері мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдарының тізбесі
Уәкілетті ұйым бөлімшесінің орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №),электронды поштаның мекенжайы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница