Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы




НазваниеФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
страница1/9
Дата конвертации31.12.2012
Размер1.41 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысы
"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 13 қазан № 493 (26885); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 37, 451-құжат


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына және «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасы аумағында алып өтуге карантиндiк сертификаттар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      4) «Импорттық карантиндiк рұқсаттар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      5) «Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      6) «Байқаудан өткiзушiлердi және тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      7) «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң патент қабiлеттiлiгiн мемлекеттiк сынау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      8) «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттiк сынау» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:
      реттiк нөмiрi 150-жолда:
      2-бағанда «және шаруашылыққа жарамдылығын» деген сөздер алынып тасталсын;
      4, 5-бағандарда «АШМ» деген аббревиатура «Әдiлетминi, АШМ» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әдiлетминiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi»;
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 150-1-жолмен толықтырылсын:
«

150-1

 

 

Ауыл шаруашылығы өсiмдiктердiң шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттiк сынау

Жеке және заңды тұлғалар

АШМ

 

 

АШМ

 

 

Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия

Алушының қызмет берушi тұлғамен тiкелей өзара iс-қимылы арқылы

».

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                              К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 485 қаулысымен
бекiтiлген  

«Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеу»
мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) мына мекенжайда: Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 707-кабинет, телефон 555786, электрондық мекенжайы fsb_grpest@minagri.kz. орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетi (бұдан әрi — Комитет) ұсынады.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Өсiмдiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңының 14-6-бабы, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысы және «Қазақстан Республикасында пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеулiк, өндiрiстiк сынақтарын және мемлекеттiк тiркеуiн жүргiзудiң ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 432 бұйрығы негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет стандарты Комитеттiң стендтерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрi — Министрлiк) www.minagri.kz, интернет-ресурсында, «нормативтiк құқықтық актiлер»  бөлiмiнде, «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы» кiшi бөлiмiнде орналасқан.
      5. Тiркеу куәлiгiн (бұдан әрi - куәлiк) қағаз тасығышта немесе пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттiк тiркеуден жазбаша түрде дәлелдi бас тарту мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмде ұсынылады:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi тұтынушы тиiстi құжаттарды тапсырған күннен бастап - үш жылдан көп емес;
      пестицидтi (улы химихатты) тiркеулiк сынау жүргiзу - екi жылдан аспайды;
      пестицидтi (улы химикатты) өндiрiстiк сынау жүргiзу - бiр жыл; пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттiк тiркеуге әзiрленген материалдарды қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсу - 30 жұмыс күнi;
      2) куәлiктi алғанға дейiн күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды;
      3) тұтынушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты - 60 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет (құжаттарды қабылдау және беру бөлiгiнде) демалыс және мереке күндерiнен басқа жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн көрсетiледi. Қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн орындарда күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға, сондай-ақ физикалық мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн қолайлы жағдай жасалады. Құжаттарды толтыру орындары тиiстi құжаттар тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi келтiрiлген стендтермен жабдықталады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi құжаттар мен талаптардың тiзбесi:
      1) тiркеулiк сынау жүргiзу үшiн:
      тiркеулiк сынау жүргiзуге еркiн нысандағы өтiнiш;
      пестицидке (улы химикатқа) қысқаша дерек;
      өтiнiм берiлген пестицидтiң (улы химикаттың) өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң және қоршаған орта объектiлерiнiң құрамындағы нормативтер;
      өтiнiм берiлген пестицидтiң (улы химикаттың) өсiмдiк шаруашылығы өнiмiндегi және қоршаған орта объектiлерiндегi қалдық көлемiн анықтау әдiстерi;
      пестицидтiң (улы химикаттың) тәжiрибелiк үлгiсi;
      эталондық пестицид (улы химикат);
      пестицидтiң (улы химикаттың) әсерлi заттарының талдау стандарттары және қажетiне қарай метаболиттердiң, оның iшiнде далалық және зертханалық тәжiрибелер жүргiзуге жетерлiктi мөлшердегi талдау стандарттары;
      2) өндiрiстiк сынау жүргiзу үшiн:
      өндiрiстiк сынау жүргiзуге еркiн нысандағы өтiнiш:
      пестицидтiң (улы химикаттың) тәжiрибелiк үлгiсi;
      эталондық пестицид (улы химикат);
      3) пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттiк тiркеу үшiн:
      пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттiк тiркеуге еркiн нысандағы өтiнiш 2 данада;
      пестицидтi (улы химикатты) тiркеулiк сынау нәтижелерi 2 данада;
      пестицидтi (улы химикатты) өндiрiстiк сынау нәтижелерi 2 данада;
      тiркеу өтiнiмiне қоса берiлетiн материалдар;
      пестицидтiң (улы химикаттың) өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң және қоршаған орта объектiлерiнiң қалдық көлемдерiн анықтау әдiстерi;
      пестицидтiң (улы химикаттың) өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң және қоршаған орта объектiлерiнiң құрамындағы нормативтер (пестицидтiң (улы химикаттың) өсiмдiк шаруашылығы өнiмiндегi ең жоғары жол берiлетiн деңгейi, пестицидтiң (улы химикаттың) санитарлық-тұрмыстық маңыздағы су қоймалары суларындағы ең жоғары жол берiлетiн құрамы, пестицидтiң (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы және атмосфералық ауадағы шамамен қауiпсiз әсер ету деңгейi, пестицидтiң (улы химикаттың) топырақтағы ең жоғары жол берiлетiн құрамы);
      мемлекеттiк және орыс тiлiнде ақпарат берiлген ыдыс заттаңбасының үлгiсi;
      пестицидтi (улы химикатты) қолдану жөнiндегi ұсыныстар.
      12. Тiркеу өтiнiм бланкiсiнiң нысанын Комитет бередi, ол сондай-ақ Министрлiктiң www.minagri.kz, интернет-ресурсында, «нормативтiк құқықтық актiлер» бөлiмiнде, «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы» кiшi бөлiмiнде орналастырылады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi құжаттар мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 702-кабинет, телефон 555961, Комитеттiң құжаттық қамтамасыз ету қызметiне тапсырылады.
      14. Тұтынушыға:
      1) құжаттарды қабылдау нөмiрi мен күнi;
      2) сұратылып отырған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлiп отырған құжаттардың саны мен аттары;
      4) мемлекеттiк қызметтi алатын күнi (уақыты) және құжаттар беру орны;
      5) Комитеттiң құжаттарды қабылдаған жауапты лауазымды адамының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
      15. Куәлiк мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 707-кабинет, телефон 555786 берiлген куәлiктер журналына жеке келiп қол қою арқылы қолма-қол берiледi.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар толық берiлмеген;
      2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасында пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеулiк, өндiрiстiк сынақтарын және мемлекеттiк тiркеуiң жүргiзудiң ереженiң талаптары бұзыла отырып ресiмделген;
      3) пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттiк тiркеуге әзiрленген материалдарды қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың келiсулерi болмаған;
      4)  пестицидтiң (улы химикаттың) адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауiптiлiгi туралы бұрын белгiсiз мәлiметтер алынған;
      5) пестицидтi (улы химикатты) тiркеулiк және өндiрiстiк сынау жүргiзу әдiстемелерi бұзылған;
      6) тiркеуге ұсынылған жұмсау нормасының топырақ-климаттық жағдайлары ұқсас елдерде ұқсас дақылдарда және тура сондай зиянды организмдерге қарсы тiркелген пестицидтердi (улы химикаттарды) жұмсау нормаларынан айтарлықтай өзгеше болған;
      7) пестицидтiң (улы химикаттың) рецептурасы мен өндiру технологиясы өзгерген, қолданыстағы затты өндiрушi (Қазақстанда және басқа елдерде келiсiм бойынша өндiрiлетiн пестицидтер (улы химикаттар) үшiн) ауысқан жағдайларда бас тартылуы мүмкiн.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде Комитеттiң лауазымды адамдары:
      1) кiшiпейiлдiлiк таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;
      4) тұтынушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      5) тұтынушы белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарын басшылыққа алады.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету жұмысының нәтижелерi осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Комитеттiң лауазымды тұлғаларының жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа мен қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн лауазымды тұлғалардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн мына мекенжайы бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 703-кабинет, телефон 555961, Комитеттiң заң қызметiнiң маманы түсiндiредi.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiне келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң атына жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжайы бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, телефон 555763, демалыс және мереке күндерiнен басқа жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн берiледi.
      22. Дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда шағым Комитет төрағасының немесе оның орынбасарының атына мына мекенжайы бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 703-кабинет, телефон 555961, электрондық мекенжай: fsb_grpest@minagri.kz, демалыс және мереке күндерiнен басқа жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн берiледi.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Шағымдар жазбаша дәлелдi жауаппен немесе өзге құжаттармен қоса жазбаша түрде қабылданады.
      25. Қабылданған шағым Комитеттiң кеңсесiнде немесе Министрлiктiң кеңсесiнде тiркеледi. Шағым берген тұтынушыға тiркелген күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты (8-7172) 555813 телефон арқылы Комитет кеңсесiнiң лауазымды адамдарынан, (8-7172) 555763, 555995 телефондары арқылы Министрлiктiң Бақылау және құжаттық қамтамасыз ету басқармасы қызметкерлерiнен алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
      26. Комитеттiң байланыс телефондары сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және Министрлiкте орналасқан стендтерде көрсетiледi.

«Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк
тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандартына
қосымша

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi 

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)

 

 

 

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 485 қаулысымен
бекiтiлген  
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconФитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconФитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconОблыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №396 «Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы»
«Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру...
Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы icon"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын
Республикасы Үкiметiнiң "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегi №845 және "Жеке және...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница