Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы




НазваниеФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
страница4/9
Дата конвертации31.12.2012
Размер1.41 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Кесте.Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi 

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)

 

 

 

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң   
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 435 қаулысымен
бекiтiлген  

«Импорттық карантиндiк рұқсаттар беру»
мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Импорттық карантиндiк рұқсаттар беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық инспекциялары (бұдан әрi - аумақтық инспекция) ұсынады.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Өсiмдiктер карантинi туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 13-бабының 2-тармағы, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi ережесiнiң 7-тармағы негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет стандарты мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген аумақтық инспекциялардың стендтерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк)  www.minagri.kz, интернет-ресурсында, «нормативтiк құқықтық актiлер» бөлiмiнде, «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы» кiшi бөлiмiнде орналасқан.
      5. Импорттық карантиндiк рұқсатты қағаз тасығышта немесе жазбаша түрде оны беруден дәлелдi бас тартуды беру мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмде ұсынылады:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi тұтынушы тиiстi құжаттарды тапсырған күннен бастап - бес жұмыс күнi iшiнде;
      2) импорттық карантиндiк рұқсатты алғанға дейiн күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды;
      3) тұтынушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты 40 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiнен басқа жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн көрсетiледi. Қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн орындарда күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға, сондай-ақ физикалық мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн қолайлы жағдай жасалады. Құжаттарды толтыру орындары тиiстi құжаттар тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi келтiрiлген стендтермен жабдықталады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы:
      1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысанда екi данадағы өтiнiмдi;
      2) жеке тұлғалар үшiн - салыстырып тексеруге түпнұсқасын берген жағдайда тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;
      3) салыстырып тексеруге түпнұсқасын берген жағдайда заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесiн немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;
      4) карантинге жатқызылған өнiмдi жеткiзу туралы шарттың және (немесе) келiсiмшарттың көшiрмесiн;
      5) қойманы жалға алу шартының (тұтынушының қолымен және мөрiмен расталған) немесе қоймаға меншiк құқығын растайтын құжаттың көшiрмесiн;
      6) карантинге жатқызылған өнiмдi қоймаға орналастыру жоспарланған жағдайда қойма үй-жайларына профилактикалық зарарсыздандыру жүргiзiлгенiн растайтын құжаттарды ұсынады.
      12. Өтiнiм бланкiсiн аумақтық инспекцияның кеңсесi бередi сондай-ақ оны нысаны Министрлiктiң www.minagri.kz,  интернет-ресурсында, «нормативтiк құқықтық актiлер» бөлiмiнде, «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы» кiшi бөлiмiнде орналастырылады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша тиiстi аумақтық инспекцияның кеңсесiне тапсырылады, сондай-ақ өтiнiм электрондық түрде тиiстi аумақтық инспекцияның электрондық мекенжайына және бiр мезгiлде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiне (бұдан әрi  - Комитет) quarantine@minagri.kz. электрондық мекенжайына жiберiледi.
      14. Тұтынушыға:
      1) құжаттарды қабылдау нөмiрi мен күнi;
      2) сұратылып отырған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлiп отырған құжаттардың саны мен аттары;
      4) мемлекеттiк қызметтi алатын күнi (уақыты) және құжаттар беру орны;
      5) аумақтық инспекцияның құжаттарды қабылдаған жауапты лауазымды адамының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
      15. Импорттық карантиндiк рұқсат мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген тиiстi аумақтық инспекцияда берiлген импорттық карантиндiк рұқсаттар журналына жеке келiп қол қою арқылы қолма-қол берiледi.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға:
      1) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды толық бермеуi;
      2) өтiнiмде шынайы емес мәлiметтер беру;
      3) өтiнiмде тұтынушы қолының болмауы;
      4) карантинге жатқызылған өнiмдi әкелуге белгiленген тәртiппен енгiзiлген шектеу қоюдың (тыйым салудың) болуы негiз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде аумақтық инспекцияның лауазымды адамдары:
      1) кiшiпейiлдiлiк таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;
      4) тұтынушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      5) тұтынушы белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарын басшылыққа алады.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету жұмысының нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Аумақтық инспекцияның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн лауазымды тұлғалардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген аумақтық инспекцияның заң қызметiнiң маманы түсiндiредi.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiне келiспеген жағдайда шағым жазбаша түрде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетi (бұдан әрi - Комитет) төрағасының немесе оның орынбасарының атына мына мекенжайы бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 703-кабинет, телефон 555961, электрондық мекенжай: fsb_grpest@minagri.kz, демалыс және мереке күндерiнен басқа жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн пошта арқылы немесе қолма қол берiледi.
      22. Дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда шағым осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша тиiстi аумақтық инспекцияның басшысының атына жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма- қол, демалыс және мереке күндерiнен басқа жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн берiледi.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Шағымдар жазбаша дәлелдi жауаппен немесе өзге құжаттармен қоса жазбаша түрде қабылданады.
      25. Қабылданған шағым тиiстi аумақтық инспекцияда немесе Комитеттiң кеңсесiнде тiркеледi. Шағым берген тұтынушыға тiркелген күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген тиiстi аумақтық инспекция кеңсесiнiң, (8-7172) 555813 телефон арқылы Комитет кеңсесiнiң лауазымды адамдарынан алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
      26. Аумақтық инспекцияның және Комитеттiң байланыс телефондары сондай-ақ ресми ақпарат кездерiнде және аумақтық инспекцияларда орналасқан стендтерде көрсетiледi.

«Импорттық карантиндiк рұқсаттар беру»
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң облыстық, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық инспекцияларының байланыс деректерi

Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы, Алматы ауданы, Жиенқұлов көшесi, 2; тел: 8 (7172) 34-54-92; факс. 8 (7172) 34-68-68, 48-92-57.
Е-mail: fitokontrol.Ast@mail.ru

Алматы қаласы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы, Мақатаев көшесi, 15; тел. 8 (7272) 30-26-50; факс 8 (72723) 97-50-36. E-mail: Almatukarantin@rambler.ru

Ақмола облысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы, Көкшетау қ., Абай көшесi, 89; тел/факс 8 (716-2) 25-08-16. E-mail: akmola_C-OTU@minagri.kz

Ақтөбе облысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы, Ақтөбе қ., Смағұл көшесi, 11; тел: 8 (7132) 21-53-23, 40-03-01 E-mail: aktobe_D-OTU@minagri.kz

Алматы облысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Алматы облыстық аумақтық инспекциясы, Талдықорған қ., Лесная көшесi, 1; тел. 8 (7282) 26-83-37; факс 26-83-38 E-mail: almaty_B-OTU@minagri.kz

Атырау облысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Атырау облыстық аумақтық инспекциясы, Атырау қ., Лесхоз ш/а, 49а; тел. 8 (7122) 28-29-41 E-mail: atyrau_E-OTU@minagri.kz

Шығыс Қазақстан облысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы, Өскемен қ., Крылов көшесi, 40; тел. 8 (7232) 25-99-20, факс 25-40-08 E-mail: vko_F-OTU@minagri.kz; otkar@mail.ru

Жамбыл облысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы, Тараз қ., Пушкин көшесi, 140 б; тел: 8 (7262) 43-29-63 E-mail: zhambyl_H-OTU@minagri.kz; serijan62@mail.ru

Батыс Қазақстан облысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы, Орал қ., Қ. Аманжолов көшесi, 75; тел. (8-7112)51-54-46 E-mail: zko_L-OTU@minagri.kz

Қарағанды облысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы, Қарағанды қ., Лобода көшесi, 20; тел. 8(7212) 56-35-95; факс 56-78-19. E-mail: karagandy_M-OTU@minagri.kz

Қостанай облысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы, Қостанай қ., Гоголь көшесi, 79 а; тел. 8 (7142) 50-11-99 E-mail: kostanai_P-OTU@ minagri.kz

Қызылорда облысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы, Қызылорда қ., Мостовая көшесi, 2; тел. 8(7242) 21-25-62; факс 21-25-68 E-mail: kyzylorda_N-OTU@minagri.kz

Маңғыстау облысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы, Ақтау қ., 23-ш/а, 39; тел: 8 (7292) 605040 E-mail: mangystau_R-OTU@ minagri.kz

Павлодар облысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы, Павлодар қ., Крупская көшесi, 71; тел. 8 (7182) 51-30-70, факс. 51-20-78. E-mail: potu_msh@mail.online.kz

Солтүстiк Қазақстан облысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы, Петропавловск қ., Жамбыл көшесi, 241; тел. 8(7152)42-55-58 E-mail: sko_T-OTU@minagri.kz, sko_t-oti@mail.ru

Оңтүстiк Қазақстан облысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы, Шымкент қ., Қабанбай батыр көшесi, тел. 8(7252)55-14-17 E-mail: uko_X-OTU@minagri.kz; uko_msx_rk@mail.ru

«Импорттық карантиндiк рұқсаттар беру»
мемлекеттiк қызмет стандартына
2-қосымша      

_____________________________________________________________________
   (өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi органның атауы)
_____________________________________________________________________
  (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconФитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconФитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconОблыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №396 «Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы»
«Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру...
Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы icon"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын
Республикасы Үкiметiнiң "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегi №845 және "Жеке және...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница