Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы




НазваниеФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
страница5/9
Дата конвертации31.12.2012
Размер1.41 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге импорттық карантиндiк рұқсат беруге

      Өтiнiм

Импорттаушы және оның мекенжайы_____________________________________
Алушы және оның мекенжайы___________________________________________
Карантинге жатқызылған өнiмнiң атауы және оның саны (кг, тонна, м3, м2 қума м, дана)___________________________________________________
Ағаштың тегi (ағаш өнiмдерi үшiн), сортиментi_____________________
Өсiмдiктердiң ботаникалық атауы_____________________________________
Орнының саны және буып-түю сипаттамасы______________________________
Карантинге жатқызылған өнiмнiң айырма белгiлерi (таңбасы)___________
____________________________________________________________________
Экспорттаушы ел ____________________________________________________
Карантинге жатқызылған өнiмнiң шыққан елi мен орны__________________
Транзит елдерi______________________________________________________
Карантинге жатқызылған өнiмнiң шығу тегi туралы құжат_______________
Әкелу мақсаты_______________________________________________________
Карантинге жатқызылған өнiмдi тасымалдау тәсiлi (автомобиль, теңiз, өзен, әуе, темiржол)________________________________________________
Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
шекарасы арқылы өткiзу пункт(тер)iнiң атауы_________________________
Карантинге жаткызылған өнiмнiң өткiзу пунктiне келуiнiң жоспарланып
отырған мерзiмдерi__________________________________________________
Жеткiзу (қайтадан тексеру) орны_____________________________________
Карантинге жатқызылған өнiмдi алушының өкiлi (Т.А.Ә.)_______________
Байланыс телефоны, факс, электрондық поштасының мекенжайы___________
____________________________________________________________________
Басшы_______________________________    ____________________________
              (қолы)                              (Т.А.Ә.)

М.О.             20___жылғы «___»___________

«Импорттық карантиндiк рұқсаттар беру»
мемлекеттiк қызмет стандартына
3-қосымша      

Кесте.Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi 

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)

 

 

 

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

      
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң   
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 485 қаулысымен
бекiтiлген  

«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы орган) көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет: «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабының 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң мiндетiн атқарушының 2008 жылғы 12 қыркүйектегi № 575 бұйрығымен бекiтiлген Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау ережесi негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minаgri.kz интернет-ресурсында және осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген жергiлiктi атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысанда қағаз тасығышта аттестаттау туралы куәлiк беру немесе жазбаша дәлелдi бас тарту болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет тұқым шаруашылығы саласында қызметiн жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауы тиiс;
      2) тұтынушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алу кезiнде күтудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызметтi осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген жергiлiктi атқарушы органдар демалыс және мереке күндерiнен басқа жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз көрсетедi.
      10. Мемлекеттiк қызмет жергiлiктi атқарушы органдардың имараттарында көрсетiледi, оларда күтуге және қажеттi құжаттарды айқындауға қолайлы жағдай жасалады (құжаттарды толтыру орындары қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жабдықталады).
      Мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн пандустар көзделедi.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы жергiлiктi атқарушы органға мынадай құжаттарды:
      1) осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгiленген үлгiдегi өтiнiштi (бұдан әрi - өтiнiш);
      2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
      3) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (тұқым өткiзушiлер бермейдi). Бұл ретте жер учаскесiн жалдау шарты бойынша жалдау мерзiмi он жылдан кем болмауы тиiс.
      4) жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (заңды тұлғалар үшiн);
      5) жеке және заңды тұлғаның осы Стандарттың 4-қосымшасында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;
      6) тұқым өндiрумен тiкелей айналысатын мамандар туралы мәлiметтердi (тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi, жұмыс өтiлi) тапсырады.
      12. Өтiнiш бланкi жергiлiктi атқарушы органның кеңсесiнде берiледi, оның нысаны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.kz интернет-ресурсында, «нормативтiк құқықтық актiлер» бөлiмiнде, «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы» кiшi бөлiмiнде және осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген жергiлiктi атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi құжаттар осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның кеңсесiне тапсырылады.
      14. Тұтынушыға:
      1) құжаттарды қабылдау нөмiрi мен күнi;
      2) сұратылып отырған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлiп отырған құжаттардың саны мен аттары;
      4) мемлекеттiк қызметтi алатын күнi (уақыты) және құжаттар берiлетiн орын;
      5) жергiлiктi атқарушы органның құжаттарды қабылдаған жауапты лауазымды адамының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
      15. Аттестаттау туралы куәлiк тұтынушы өзi келгенде қолма-қол тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатты немесе оны алуға арналған сенiмхатты көрсеткенде берiледi.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға:
      1) тұтынушының осы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды тапсырмауы;
      2) тұтынушының осы Стандарттың 4-қосымшасында көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сай келмеуi негiз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде жергiлiктi атқарушы органның жауапты уәкiлеттi лауазымды адамдары мынадай қағидаттарды басшылыққа алуы тиiс:
      1) кiшiпейiлдiлiк таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;
      4) тұтынушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      5) тұтынушы белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағым беру тәртiбi

      20. Жергiлiктi атқарушы органның әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн тұтынушыға мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген жергiлiктi атқарушы органның заң қызметiнiң маманы түсiндiредi.
      21. Егер тұтынушы мемлекеттiк қызмет нәтижесiне қанағаттанбаған жағдайда, тұтынушы шағымды жазбаша түрде облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiнiң атына жiбере алады.
      Шағымдар осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың кеңселерiнде жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол қабылданады.
      22. Дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда шағым осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша жергiлiктi атқарушы орган басшысы орынбасарының атына демалыс және мереке күндерiнен басқа жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн берiледi.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Шағымдар жазбаша түрде жергiлiктi атқарушы органның жазбаша дәлелдi бас тартуының көшiрмесiмен немесе өзге құжаттармен бiрге қабылданады.
      25. Қабылданған шағым осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген жергiлiктi атқарушы органдардың кеңселерiнде ақпаратты есепке алу журналында тiркеледi. Шағым берген тұтынушыға тiркелген күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген жергiлiктi атқарушы органдардың кеңселерiнiң қызметкерлерiнен алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
      26. Жергiлiктi атқарушы органдардың байланыс телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында және жергiлiктi атқарушы органдарда орналасқан стендтерде көрсетiледi.

«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi,
екiншi және үшiншi репродукциядағы
тұқым өндiрушiлердi және тұқым
өткiзушiлердi аттестаттау»
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша         

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының мекенжайы мен телефондары

Астана қаласы
«Астана қаласының әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесi, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 11; тел: 8(7172) 55-64-08; факс. 55-72-75
E-mail: ushastana@mail.ru

Алматы қаласы
«Алматы қаласының әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесi, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4; тел/факс 8(7272) 72-02-85
E-mail: otdelselhoz@mail.ru

Ақмола облысы
«Ақмола облысы әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесi, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 85; тел/факс 8(716-2) 25-07-72, 25-55-11;
E-mail: akm_shu_disp@mail.ru, kanz_akim@akmo.kz

Алматы облысы
«Алматы облысы әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесi, Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 38 тел.8(7282) 27-08-18
E-mail: ob_dsh@almaty-reg.kz, tkoblakimat@global.kz

Атырау облысы
«Атырау облысы әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесi, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесi, 77; тел. 8(7122) 35-45-03
E-mail: atirauagro@mail.ru

Ақтөбе облысы
«Ақтөбе облысы әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесi, Ақтөбе қаласы, Әбiлхайыр хан даңғылы, 40; тел: 8(7132) 56-03-07, факс 54-17-39 E-mail: ush_zemledelie@mail.ru, do.aktobe@minagri.kz

Шығыс Қазақстан облысы
«Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесi, Өскемен қаласы, М. Горький көшесi, 40; тел. 8(7232) 26-42-48
E-mail: ispaevt@yandex.ru

Жамбыл облысы
«Жамбыл облысы әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесi, Тараз қаласы, Абай көшесi, 125; тел: 8(7262) 43-28-94

Батыс Қазақстан облысы
«Батыс Қазақстан облысы әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесi, Орал қаласы, Достық көшесi, 179; тел/факс 8(7112) 51-35-41, 45-29-27
E-mail: dshzko-zemotdel@rambler.ru, dshko-zemotdel@rambler.ru

Қарағанды облысы
«Қарағанды облысы әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесi, Қарағанды қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 39; тел/факс 8(7212) 42-10-80
E-mail: dsh_canc@krg.gov.kz

Қостанай облысы
«Қостанай облысы әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесi, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66; тел/факс 8(7142) 57-50-03
E-mail: dsh-zem@kostanay.kz, www.kostanay.kz; e.kostanay.kz

Қызылорда облысы
«Қызылорда облысы әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесi, Қызылорда қаласы, Жақай көшесi, 76; тел. 8(7242) 26-26-44
E-mail: sh_kyzyl@mail.ru

Маңғыстау облысы
«Маңғыстау облысы әкiмдiгi» мемлекеттiк мекемесi, Ақтау қаласы, 14-шағын аудан, 1-үй.; тел: 8(7292) 31-17-77
E-mail: so.mangistau@rambler.ru
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconФитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconФитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconОблыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №396 «Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы»
«Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру...
Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы icon"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын
Республикасы Үкiметiнiң "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегi №845 және "Жеке және...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница