Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы




НазваниеФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
страница8/9
Дата конвертации31.12.2012
Размер1.41 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Байқаудан өткiзушiлерге және тұқым сарапшыларына қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      1. Байқаудан өткiзушiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналарды қамтиды:
      1) аграрлық бейiндегi немесе өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн сақтау және қайта өңдеу жөнiндегi мамандықтар бойынша жоғары немесе орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi болуы;
      2) арнайы даярлығы туралы құжаттың болуы (байқаудан өткiзушi курстары).
      2. Тұқым сарапшыларына қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналарды қамтиды:
      1) аграрлық бейiндегi немесе өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн сақтау және қайта өңдеу жөнiндегi мамандықтар бойынша жоғары немесе орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi болуы;
      2) тұқым мен отырғызу материалының сапасын сараптау бойынша зертханада жұмыс iстеуi немесе тағылымдамадан өтуi туралы (2 айдан кем емес) құжаттың болуы.

«Байқаудан өткiзушiлердi және
тұқым сарапшыларын аттестаттау»
мемлекеттiк қызмет стандартына
5-қосымша

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi  

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Кейiнгi жылы көрсеткiштiң нысаналы мәнi

Есептi жылдағы көрсеткiштiң ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты өткiзген сәттен бастап қызметтi белгiленген мерзiмде көрсету жағдайларының % (үлесi)

 

 

 

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң 1 сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесi)










3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтiң көрсету тәртiбi туралы сапа мен ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылар % (үлесi)

 

 

 

3.2. Электронды форматта қол жетiмдi ақпарат қызметiнiң % (үлесi)

 

 

 

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесi)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесi)

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 435 қаулысымен
бекiтiлген  

«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң патент қабiлеттiлiгiн мемлекеттiк сынау» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң патент қабiлеттiлiгiн мемлекеттiк сынау» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, 13 А блок мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi (бұдан әрi - Комитет) және Астана қаласы, Орынбор көшесi. 8, 13 Б блок мекенжайы бойынша «Ұлттық зияткерлiк меншiк институты» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - сараптау ұйымы) көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасы, «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 4-бабының 8) тармақшасы, «Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысы және «Сорттың патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығы мемлекеттiк сынақтың немесе өтiнiш берушiнiң деректерi бойынша бағаланатын өсiмдiктердiң тектерi мен түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 22 сәуiрдегi № 337 қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi туралы толық ақпарат Комитеттiң www.intellkaz.kz интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.kz. интернет-ресурсында орналасады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi Комитеттiң селекциялық жетiстiкке патент (бұдан әрi - патент) беруi немесе патент беруден жазбаша дәлелдi бас тарту болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет патент алуға өтiнiш берген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiледi (бұдан әрi - тұтынушы).
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
      1) Комитет пен сараптау ұйымы мемлекеттiк қызметтi мынадай мерзiмде көрсетедi:
      - ауыл шаруашылығы өсiмдiктердiң сорттарын сынау мен бағалауды тұтынушының деректерi бойынша жүргiзген кезде - бiр жылға дейiн;
      - ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын сынау мен бағалауды мемлекеттiк сортсынау деректерi бойынша жүргiзген кезде - үш жылдан кем емес;
      2) өтiнiш берушi жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат етiлетiн ең көп уақыты — 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алу кезiнде қызмет көрсетудiң ең көп рұқсат етiлетiн уақыты - 30 минуттан аспайды.
      8. Сараптау ұйымы селекциялық жетiстiкке алдын-ала сараптама жүргiзгенi және патент беруге құжаттарды дайындағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен төлемақы алады.
      Сараптау ұйымы монополиялық көрсететiн жұмыстар мен қызметтер үшiн тарифтер Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi төрағасының 2004 жылғы 27 мамырдағы № 37-п бұйрығымен бекiтiлiп, 2004 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау агенттiгiмен келiсiлген.
      Патент беруге құжаттарды дайындау үшiн төленетiн ақы патент алған сәтте жүзеге асырылады.
      Ақы төлеу екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүргiзiледi.
      Тұтынушы мемлекеттiк қызметке ақы төлеу кезiнде құжаттардың мынадай нысандарын толтырады:
      1) қолма-қол ақшамен төлеу тәсiлi кезiнде - төлем туралы түбiртек;
      2) қолма-қол ақшасыз ақы төлеу тәсiлi кезiнде «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуiрдегi № 179 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiне сәйкес - төлем тапсырмасы.
      Қолма-қол ақшасыз ақы төлеу тәсiлi кезiнде мемлекеттiк қызмет үшiн бенефициарға жүзеге асырылады: Тұтынушы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқығы комитетiнiң «Ұлттық зияткерлiк меншiк институты» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны. Мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрлiктер үйi, Орынбор к-сi, 8-үй, 13-кiреберiс, 4-корпус, «В» блогы, СТН: 620300220118. Банктiң атауы: «Нұрбанк» АҚ, ИИК ККZ0, БИК NURSKZKX, КБЕ: 16.
      Комитет заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн патент беру кезiнде мемлекеттiк баж алады.
      2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық Кодексi)» Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес бекiтiлген мемлекеттiк баж патент беру орны бойынша төлем мөлшерi мен күнiн растайтын төлем құжаттарын беретiн Қазақстан Республикасының банктiк мекемелерi арқылы төленедi.
      Патент беру үшiн мемлекеттiк баж төлеу бенефициарға жүзеге асырылады: Тұтынушы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi, Астана қаласы бойынша Салық департаментi, Салық комитетiнiң Есiл ауданы бойынша салық басқармасы, СТН - 620200336381, ИИК - К24070105КSN0000000. Банктiң атауы: «ҚР Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi» мемлекеттiк мекемесi, БИК - КKМFК 2А, КБЕ - 108118.
      9. Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiнен басқа жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз көрсетiледi.
      10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға қолайлы жағдай жасалады (құжаттарды толтыру орындары қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жабдықталады).
      Мүмкiндiгi шектеулi тұтынушылар үшiн пандустар мен лифтер
қарастырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Патент алу үшiн тұтынушы Комитетке және (немесе) сараптау ұйымына мына құжаттардан тұратын өтiнiмдi ұсынады:
      1) осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша патент беру туралы өтiнiштi (бұдан әрi - өтiнiш);
      2) селекциялық жетiстiктiң сауалнамасын;
      3) сенiмхат (iс жүргiзу өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда);
      4) селекциялық жетiстiкке алдын-ала сараптама жүргiзгенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжат.
      12. Өтiнiш бланкi Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, 13 А блок мекенжайы бойынша Комитеттiң және Астана қаласы, Орынбор көшесi. 8, 13 Б блок мекенжайы бойынша сараптау ұйымының холында орналастырылады.
      13. Құжаттарды қабылдауды Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, 13 А блок мекенжайы бойынша орналасқан Комитет кеңсесiнiң немесе Астана қаласы, Орынбор көшесi. 8, 13 Б блок мекенжайы бойынша сараптау ұйымының лауазымды адамы жүзеге асырады.
      14. Тұтынушыға:
      1) құжаттарды қабылдау нөмiрi мен күнi;
      2) сұратылып отырған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлiп отырған құжаттардың саны мен аттары;
      4) мемлекеттiк қызметтi алатын күнi (уақыты) және құжаттар берiлетiн орын;
      5) өтiнiштi қабылдаған Комитеттiң немесе сараптау ұйымының жауапты лауазымды адамының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
      15. Патент беру немесе патент беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама тұтынушыға пошта арқылы жiберiледi (тұтынушыда интернет-ресурстар болған жағдайда - электронды пошта арқылы).
      16. Осы стандарттың 11-тармағында көзделген барлық материалдар тапсырылмаған жағдайда мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде Комитеттiң және сараптау ұйымының уәкiлеттi лауазымды адамдары мына қағидаларды басшылыққа алуы тиiс:
      1) кiшiпейiлдiлiк таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;
      4) тұтынушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      5) тұтынушы белгiленген мерзiмде ала алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Комитет пен сараптау ұйымының жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Комитеттiң немесе сараптау ұйымының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты тұтынушыға Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, 13 А блок, байланыс телефондары: 8 (7172) 74-06-64 мекенжайы бойынша Комитеттiң заң қызметiнiң маманы түсiндiредi.
      21. Егер тұтынушы қолданылған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған инстанцияның қарауын талап етсе, тұтынушы шағымды жазбаша түрде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң атына жiбере алады.
      Шағым Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, 13 А блок мекенжайы бойынша жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол қабылданады.
      22. Дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына демалыс және мереке күндерiнен басқа жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн берiледi.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электронды пошта арқылы немесе қолма-қол Комитеттiң кеңсесiнде патент беру немесе патент беруден бас тарту туралы жазбаша хабарламалардың көшiрмелерiмен немесе басқа құжаттармен қоса қабылданады.
      25. Қабылданған шағым мына мекенжайы бойынша Комитет кеңсесiнiң ақпаратты есепке алу журналында тiркеледi: Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, 13 А блок, байланыс телефондары: 8 (7172) 74-06-64. Шағым берген тұтынушыға күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты мына мекенжай бойынша Комитет кеңсесiнiң лауазымды адамынан алуға болады: Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, 13 А блок, байланыс телефондары: 8 (7172) 74-06-64.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
      26. Байланыс деректерi:
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi. 8, 13 А блок, интернет-ресурс: www.intellkaz.kz, байланыс телефондары: 8 (7172) 74-06-64.

«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң
патент қабiлеттiлiгiн мемлекеттiк сынау»
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша

Келiп түскен күнi

(21) Мемлекеттiк тiркеу №

(22) Берген күнi

Басымдық

Селекциялық жетiстiкке Қазақстан Республикасының патентiн беру туралы ӨТIНIШ

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқығы комитетiнiң "Ұлттық зияткерлiк меншiк институты» РМҚК-на

010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрлiктер үйi, Орынбор к-сi, 8 үй
13-кiреберiс, 4-корпус, «В» блогы

Төменде көрсетiлген құжаттарды ұсына отырып, өтiнiш берушiнiң (өтiнiш берушiлердiң) атына Қазақстан Республикасының патентiн берудi өтiнемiн (өтiнемiз (71) Өтiнiш берушi (лер):
(толық аты немесе атауы және тұратын жерi немесе орналасқан орны көрсетiледi. Өтiнiш берушi авторлардың тұратын жерi туралы деректер (72) коды бар бағанмен қатар бағанда келтiрiледi.

ДЗМҮ SТ.3 стандарты бойынша елдiң коды (егер ол белгiленген болса)

ҰЗМИ-ға өтiнiш берген күнге қарағанда ерте болатын күн бойынша басымдылық уақыты сұратылған кезде ғана толтырылады.
Селекциялық жетiстiк басымдығын мынадай күн бойынша белгiлеудi өтiнемiн (өтiнемiз):
- Халықаралық конвенцияға қатысушы елде бiрiншi өтiнiш(тер) берiлген күн бойынша (Заңның 7-бабының 2-тармағы)
- Мемкомиссияға пайдалануға рұқсат беруге өтiнiщтiң түсуi (Заңның 4-бабының 2-тармағы)




Бiрiншi өтiнiштiң немесе пайдалануға рұқсат беру өтiнiшiнiң №

Сұратылатын басымдық күнi

ДЗМҮ SТ.3 беру елiнiң коды

Өтiнiштi қарау сатысы

Селекциялық жетiстiк қандай атаумен тiркелдi

Мен (бiз) бiрiншi өтiнiшпен берiлген материал осы сортты (тұқымды) бiлдiретiнiн және осы өтiнiшке сәйкес келетiнiн мәлiмдеймiн (мiз)
Тегi, түрi_____________________________________________________________________
                    мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi атауы)
______________________________________________________________________________
                                      (латынша атауы)

Ұсынылатын атау

Селекциялық нөмiр

Селекциялық жетiстiктер мына елде (дерде) шығарылды




Сорт (тұқым) сатуға ұсынылды ма немесе сатылды ма
Өтiнiш берiлген елде: - жоқ - иә алғашқы рет мынадай атаумен

Сорт (тұқым) сатуға ұсынылды ма
немесе сатылды ма:
Басқа елдерде: - жоқ - иә
- алғашқы рет мынадай атаумен -

(98) Хат-хабар алмасу үшiн мекен-жай (толық пошталық мекен-жай) Телефон: факс:

(74) Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл (толық аты, уәкiлеттi органда тiркелген нөмiрi) немесе өтiнiш берушiнiң (берушiлердiң) өкiлi (толық аты немесе атауы)

Қоса тiркелетiн құжаттардың тiзбесi

1 дана. дағы п. саны

Дана саны

Өтiнiштi беру және патенттi алу (құжатты ұсынбай) құқығының пайда болуына негiз:
Өтiнiш берушi жұмыс берушi болып - табылады және Заңның 5-бабының 1-тармағының шарттары сақталады
жұмыс берушiнiң немесе оның
- құқықтық мираскорының құқықтарды басқаға беруi
- автордың немесе оның құқықтық мираскорының құқықтарды басқаға беруi
- мұрагерлiк құқығы

- өтiнiшке қосымша







(ҰЗМИ мөр қоятын жер)

- селекциялық жетiстiк сауалнамасы







- фотосурет







- түрлi-түстi слайдтар







- бұрын жасалған сату туралы ақпарат







- өтiнiш бергенi үшiн ақы төлегенi туралы







- ақының мөлшерiн азайту үшiн негiздеме бар екенiн растайтын құжат







- бiрiншi өтiнiштiң(тердiң) көшiрмесi (конвенциялық басымдық сұратқан кезде)







- өтiнiштi мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудару







патенттiк сенiм бiлдiрiлген адамның немесе өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын сенiмхат







- басқа құжат (көрсету керек)







(72) Автор(лар) (толық Т.А.Ә. көрсетiледi

Ел атауын және белгiлi болса, оның ДЗМҮ SТ.3 стандарты бойынша кодымен қоса тұратын жерiнiң толық пошталық мекен-жайы

Өтiнiш берушi(лер) автордың(лардың) және/немесе патент алу құқығын басқаға берген автордың (лардың) қолы (дары)

Мен(бiз)_______________________________________________________________________
                                         (Т.А.Ә.)
Өтiнiш материалдарын және патенттi жариялау кезiнде менi (бiздi) автор(лар) ретiнде атамауды өтiнемiн (өтiнемiз)
Автордың (лардың) қолы (дары):

Патенттi алуға құқықты басқаға берген автордың құқықтық мирасқоры (толық аты немесе атауы, тұратын жерi немесе орналасқан орны, қолы, күнi (заңды тұлға атынан қол қою кезiнде басшының қолы мөрмен бекiтiледi):

Мен (бiз) менде (бiзде) бар мәлiметтер бойынша өтiнiштi қарау үшiн қажеттi және осы өтiнiш пен қосымшаларға енгiзiлген ақпарат түпкiлiктi және дұрыс болып табылатынын мәлiмдеймiн (мiз). Мен (бiз) үлгiлер тиiстi жолмен алынғандығын және селекциялық жетiстiктiң көрнекi iрiктелуi болып табылатынын растаймын (мыз)

Қолы
өтiнiш берушiнiң (лердiң) немесе патенттiк сенiм бiлдiрiлген адамның қолы (дары), қол қойылған күн (заңды тұлға атынан қол қою кезiнде басшының қолы мөрмен бекiтiледi)

«Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң
патент қабiлеттiлiгiн мемлекеттiк сынау»
мемлекеттiк қызмет стандартына
2-қосымша
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconФитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconФитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconОблыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №396 «Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы»
«Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру...
Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы icon"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын
Республикасы Үкiметiнiң "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегi №845 және "Жеке және...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница