Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2009




Скачать 469.95 Kb.
НазваниеАвтореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2009
страница1/3
Дата конвертации31.12.2012
Размер469.95 Kb.
ТипАвтореферат
  1   2   3


ӘОЖ 37.013.2:004.92:[373.1+378 Қолжазба құқығында

Төлбаев Әбдікерім Әбеуұлы
Негізгі орта, орта және жоғары білім жүйесінде

графикалық даярлаудағы сабақтастық

13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,

этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның

А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Жұмыс Қазақ ұлттық аграрлық университетінде орындалған
Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы

Ы.А.Наби

Ресми оппонентер: педагогика ғылымдарының докторы

К.Ө.Өстеміров


педагогика ғылымдарының кандидаты

Ұ.Б.Төлешова
Жетекші ұйым: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан

мемлекеттік университеті

Диссертация 2009 жылы 13 мамыр күні сағат 10.00 Абай атындағы Қазақ

ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы дәрежесін беру жөніндегі Д.14.05.01 диссертациялық кеңесінде қорғалады. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2-қабат, мәжіліс залы.


Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазбек би көшесі 30, 3-қабат


Автореферат 2009 жылы « 11 » сәуірде таратылды.
Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы Көшербаева Ә.Н.
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде тұтынушыларға ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасы қай елдің болсын білім беру жүйесі қызметінің бағасын анықтаушы фактор болып табылады. Сондықтан, Қазақстан Республикасында қабылданған білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасында басым маңыздылық отандық білім берудің жоғары сапасына жетуге, оны бағалаудың ұлттық жүйесін құруға бөлінген.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жылдағы жолдауында білім беру саласына ерекше мән беріледі: "Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз" деген орамды ойларды атап көрсетті. Біздің алдымызда күтіп тұрған сындарлы даму процесі ол - бүкіл жер шарындағы жаһандану дәуірі. Жаһандану дәуірінде қатаң бәсекеге төтеп бере алатын мемлекет қана өркениет көшіне ілесе алады. Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білімділік сипатымен айқындалатынын ескере келе, білім мен тәрбие беру саласын реформалаумен жаңа технологияларды меңгерудің маңызы ерекше екенін мойындауымыз керек.

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі болып табылады.

Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз. Бізге халықаралық стандарттар деңгейінде оқу орындарын тіркеумен аттестациялаудың пәрменді жүйесін жасау керек. Жоғары білім беру саласынада дәл және инженерлік ғылымдарды басымдықпен дамыту – бұл экономикалық дамудың жаңа кезеңінің міндетті шарты.

Әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне белсене кіріккен осы заманғы белді мемлекеттердің барлығы дерлік «парасатты эканомикаға» сүйенген болатын. Ал ондай экономика жасақтау үшін, ең алдымен, өз қарауымыздағы адами капиталымызды дамытқанымыз жөн» деп атап көрсетті.

Астанада өткен мемлекет басшысының жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 16-шы мәжілісінде (08.12.2006) «біз техникалық, кәсіби білім берудің бейімделгіш, ашық үздіксіз дамушы қолжетімді жүйесін құруымыз керек. Бұл мемлекет пен жекеменшік сектордың серіктестігіне негізделген жүйе Қазақстанның болашақта дамуы үшін халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті кадрларды дайындауға жұмылуы керек», «Қазір біз шығарған мамандар қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сәйкес емес, әсіресе, біз құруды көздеген инновациялық экономиканың талаптарына сәйкес келмейді» деген ой пікірлері заманауи талаптармен астасып жатыр.

Бұл дегеніміз – білім беру білімнің қайнар көзі ретінде аса маңызды басым-дық әрі қоғамды дамытудың негізі болып отырғанын көрсетеді. Сондықтан бүкіл қазақстандықтардың толыққанды білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналып отыр. Мұндай мәселенің шешімін табу бүкіл ел аумағындағы білім беру қызметінің құқықтық негізін жасауды қажет етеді.

Сонымен бірге заманауи үдерістер негізінде Қазақстанды құру жеке адамдардың, қоғамның және еңбек рыногының талаптарын қанағаттандыра алатын бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыруды талап етіп отыр. Демек, жалпы дамуда білімнің алда жүруі - қоғамның дұрыс дамуының заңдылығы және негізгі шарты. Өйткені қоғамның дамуын білім тоқырауға ұшыратады немесе оған жаңа мүмкіндіктер ашады, атап айтқанда, бірінші кезекте, қоғам менталитетінің өзгеруін, ескірген стеротиптерді жоюды қамта-масыз етеді. Ол жаңа демократиялық қоғамдық санаға, жаңа саяси мәдениетке жол ашуы, қоғамның сапалық қалпын өзгертуі тиіс – оны жабық, бірпішінді, бірыңғай емес, ашық, көпөлшемді, баршаның қолы жетерлік ету қажет.

Сондықтан білім алушыны оқу үдерісінің нысаны ретінде ғана санамай, оны сол үдерістің тең құқықты мүшесі ретінде қабылдап, білім алушыға түбегейлі көңіл бөлу - қазіргі мектеп дамуының негізгі тенденцияларының бірі болып отыр. Білім беру саласының ең алғашқы қайнар көзі, ол - мектеп, себебі мектеп бүкіл білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы, білімділіктің іргетасы қаланар сынақ алаңы. Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге деген талпынысы, қызығушылығы бар, озық ойлы, өнер тапқыштығы басым маман даярлау мектепте басталып, адамның бүкіл өмірі барысында жүреді деген көзқарастар дәлелді болды. Сол себептен негізгі орта, орта және жоғары оқу орнында өтетін оқу үдерісі арасында сабақтастық сақталу керек.

Үздіксіз білім беру қызметіне, оның даму динамикасына жасалған талдау, үздіксіздікті формальды анықтау, үздіксіз білім беруді ықшамды түрде қарапайым түсіну, проблеманы жетік сезінуге кедергі болатынын көрсетті. Кейбір жағдайда ол үзілісі жоқ үдеріс ретінде «соңы бар» білім беру типіне қарсы қойылады. Сонда білім беру іс-әрекетіне деген жаңа көзқарас болуы идеясын қарапайым қағидалармен алмастыруға себеп табылады да, «бүкіл өмір бойы білім алу», «ұзақтығы өмір бойы болатын оқу» тәрізді формулаларды қолданумен шектелуге мүмкіндік пайда болады. Осыдан үздіксіздікті басқаша анықтау қажеттігі туады. Оның мәнісі білім беру үдерісінің біртұтастығында, оның кезеңдерінің, сатыларының интеграциялануында, бұл кезең-сатылардың білім берудің ең маңызды басымдығы - тұлғаға бағытталуында болып тұрғанын айқындайды.

Графикалық даярлау проблемасына Кеңес, кейін Ресей және Қазақстан педагогикасында көп көңіл бөлінді. Сондықтан бұл салада айтарлықтай табыстар бар, атап айтқанда, оқушыларда графикалық білім, білік, дағдылар қалыптастырудың ғылыми негіздері А.Д.Ботвинников, Б.Ф.Ломов, мектепте сызу пәнін оқыту әдістемесінің түрлі аспектілері В.Н.Виноградов, Г.Д.Глейзер, М.М.Хасенов, Ж.Есмұхан, Ы.А.Нәби, Ч.А.Рустамов, Б.А.Тұрғынбаева, В.Ф. Шаталов, А.М.Пышалко, М.Ф.Морозов, М.И.Махмутов, К.Жүнісқызы, П.Р.Атутов, П.Р.Гордон және басқалар, ЖОО-да студенттердің графикалық даярлығын жетілдіру жолдары А.Я.Блаус, В.П.Верхола, Ы.А.Нәби, Г.Г.Шапрова, Б.К.Момынбаев, Ж.Ж.Жаңабаев, Т.К.Мусалимов сынды ғалым-дардың еңбектерінде қарастырылды.

Графикалық үздіксіз білім беру проблемасы күрделі, көпжақты проблемалар санатына жататын болғандықтан оның бір аспектісін, атап айтқанда, графикалық даярлаудағы сабақтастық мәселесін қарастыратын боламыз. Графикалық ұғымдардың дамуын зерттей отырып, олар тек бұрын пайда болған ұғымдар негізінде ғана игерілуі мүмкін деп тұжырымдауға болады. Олай болса, олардың арасында міндетті түрде байланыс болуы қажет, ал, графикалық даярлау барысында сабақтастық ұстанымы қатаң түрде сақталу керек. Бұл ұстаным зерттеуіміздің әдіснамалық негізінің бір элементі болмақ.

Сабақтастық - күрделі және көпжақты мәселе. Оны ғалымдар төмендегідей бағытта қарастырады: жастарға бастауыш кәсіби және технологиялық білім беру мазмұнындағы сабақтастықты (К.Ө.Өстеміров); әртүрлі оқыту кезеңіндегі политехникалық білім беру сабақтастығы мәселесін (К.Р.Исаева); әртүрлі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін дамытудағы сабақтастық мәселесін (Л.Г.Дирксен); оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудағы сабақтастық мәселесін (Ұ.Б.Төлешова); жастарды кәсібіи дамыту-дағы сабақтастық мәселесін (Т.П.Досанова); студенттердің оқу белсенділігін қалыптастырудағы сабақтастық мәселесін (М.А.Кененбаева); мектеп пен техникалық ЖОО-ның оқу үдерісіндегі сабақтастықты (С.Смайлов). Жоғарыда аталған зерттеу жұмыстарының педагогика ғылымы үшін маңызы өте зор.

Дегенмен, аталған жұмыстардың ешқайсысында графикалық даярлаудағы сабақтастық мәселесін зерттеудің арнайы пәні болмаған. Демек, негізгі орта, орта және жоғары білім беру жүйесінде графикалық даярлаудағы сабақтастықты қамтамасыз ету қажеттілігі мен бұл мәселенің теориялық және практикалық тұрғыдан шешілмегені арасында қарама-қайшылық анық байқалады. Осыған орай негізгі орта, орта және жоғары оқу орнында графикалық пәндерді оқытудағы сабақтастық проблемасын зерттеу қажеттілігі туындайды. Бұл проблеманың орын алуы зерттеу тақырыбын «Негізгі орта, орта және жоғары білім беру жүйесінде графикалық даярлаудағы сабақтастық» деп алуға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты - негізгі орта, орта және жоғары білім беру жүйесінде графикалық даярлаудағы сабақтастықты теориялық тұрғыдан негіздеп, оны іс жүзінде асыру жолдарын анықтау болып табылады.

Зерттеу нысаны – орта мектепте, кәсіптік техникалық және жоғары оқу орнындағы білім беру жүйесі.

Зерттеу пәні – негізгі орта, орта және жоғары білім беру жүйесінде графикалық даярлаудағы сабақтастық проблемасы.

Зерттеудің болжамы:

егер графикалық даярлаудағы сабақтастықтың негізі ретінде графикалық пәндердің зерттеу нысаны немесе графикалық іс-әрекет амалдарының күрделенуі қабылданса, онда графикалық пәндерді оқытуда жүйелілік пайда болады, себебі, зерттеу нысандары оқытудың сатыдан сатыға өтудегі білім алушының дамуын білдіреді, ал оқыту мақсаты тиісті іс-әрекетті меңгеру болып табылады.

Зерттеудің міндеттері:

1) графикалық ұғымдардың оқу үдерісінде сатылап қалыптасуын дәлелдеу;

2) графикалық даярлаудағы сабақтастықтың педагогикалық аспектілерін қарастырып, бұл ұғымға авторлық анықтама беру;

3) графикалық даярлаудағы сабақтастық моделін түзу;

4) негізгі орта, орта және жоғары білім беру жүйесінде графикалық даярлаудағы сабақтастықты іске асыру жолдарын анықтау.

Зерттеу көздері: философтардың, психологтардың, педагогтардың ғылыми зерттеу еңбектері, Қазақстан Республикасының білім туралы ресми құжаттары, оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдары, жалпы және кәсіби білім беру стандарттары, зерттеу тақырыбына қатысты басқа материалдар.

Зерттеудің жетекші идеясы: графикалық ұғымдардың оқу үдерісінде сатылап қалыптасу ұстанымы графикалық даярлаудағы сабақтастықтың негізі болады.

Зерттеудің әдістері: мәселеге байланысты философиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді талдау, сараптау әдісі, модельдеу, педагогикалық эксперимент.

Зерттеу базасы: зерттеулер Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық орта мектебінде, Талғар ауданындағы Белбұлақ ауылдық орта мектебінде, Талғар қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №2 орта мектепте, №4 кәсіптік техникалық мектепте, Қарасай ауданындағы Каменка ауылдық орта мектебінде, Талғар қаласындағы М. Бейсебаев атындағы «Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде», Алматы аграрлық колледжінде, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жүргізілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- графикалық ұғымдардың оқу үдерісінде сатылап қалыптасуы дәлелденді;

- графикалық даярлаудағы сабақтастық ұғымына авторлық анықтама берілді;

- графикалық даярлаудағы сабақтастық моделі жасалды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: негізгі орта, орта және жоғары білім беру жүйесінде графикалық даярлаудағы сабақтастықты іске асыру жолдары анықталды, практикалық ұсыныстар жасалды.

Қорғауға ұсынылған қағидалар:

- графикалық ұғымдардың оқу үдерісінде сатылап қалыптасуы графикалық даярлаудағы негізгі ұстанымдардың бірі;

- графикалық даярлаудағы сабақтастық - графикалық ұғымдардың оқу үдерісінде сатылап қалыптасуы ұстанымына негізделген, графикалық пәндердің зерттеу нысанында айқын білінетін жүйелілік;

-графикалық даярлаудағы сабақтастықтың негізгі нышаны ретінде графикалық іс-әрекет амалдарының дамуын алуға болмайды.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі зерттеудің әдіснамалық тұрғыдан дәйектілігімен, теориялық және тәжірибелік материалдардың талдануымен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, зерттеу болжамының эксперимент нәтижесінде дұрыс болып шыққанымен қамтамасыз етілген.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

І-ші кезеңде (1999-2001) зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды, ғылыми аппарат айқындалып, материалдар жинастырылды.

ІІ-ші кезеңде (2002-2004) қойылған мақсат, талаптарға сай мектеп, арнайы орта және жоғары оқу орнының оқулықтарында білім мазмұнының берілуіндегі сабақтастық анықталып, графикалық даярлаудағы сабақтастықтың теориялық аспектілері қарастырылды.

ІІІ-ші кезеңде (2005-2007) жиналған материалдарды талдау, өңдеу, жүйеге келтіру жұмыстары атқарылды; алынған теориялық және практикалық нәтижелер қорытылып, зерттеу нәтижелері басылымдарға жариялауға ұсынылды.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру.

Зерттеудің негізгі қағидалары жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми әдістемелік конференцияларда баяндалып, бірнеше ғылыми мақалада жарияланып, сынақтан өтті, автор жазған оқу құралдары, бастауыш кәсіби білімнің 0638001- «Сызушы» мамандығы бойынша білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарты арқылы іс-тәжірибеге ендірілді.

Диссертацияның құрылымы

Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, 26 суреттен, 6 кестеден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, зерттелу дәрежесі, мақсаты, нысаны мен пәні айқындалып, зерттеудің болжамы, міндеттері мен әдістері, теориялық және практикалық маңызы, ғылыми жаңалығы негізделді және қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалды.

«Негізгі орта, орта және жоғары білім беру жүйесінде графикалық даярлаудағы сабақтастықтың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда зерттеу мәселесіне байланысты ғылыми әдебиеттерге, үздіксіз білім берудегі сабақтастықты қалыптастыру, оқу үдерісінде қолдану мәселесі бойынша жинақталған тәжірибеге талдау жасалып, білім берудегі сабақтастық, графикалық пәндердегі ғылыми ұғымның сатылап қалыптасуы дәлелденіп, графикалық даярлаудағы сабақтастық моделі жасалды.

«Негізгі орта, орта және жоғары білім беру жүйесінде графикалық даярлаудағы сабақтастықты іске асыру жолдары» атты екінші тарауда графикалық іс-әрекет амалдары қалыптасуын эксперимент арқылы зерттеу әдістемесі мен нәтижелері баяндалып, графикалық пәндердің зерттеу нысаны графикалық даярлаудағы сабақтастықтың негізі ретінде қарастырылады.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстарының нәтижелеріне негізделді, тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

Қосымшада эксперименттік - тәжірибелік жұмыстар мамандарды дайындау практикасында өзінің сапалық бағасын тапқаны ашып көрсетіледі. Сонымен қатар экспериментті жүргізу үшін қолданылған тапсырмалар үлгісі, сызба және аксонометриялық проекциялар салу мысалдары (студенттік жұмыстар), сауалнамалар, мектептегі бастауыш сыныптың «Бейнелеу өнері», «Дүниетану», «Технология» пәндерінен көріністер, ҚР БМЖМС 2.003-2006 негізінде дайындалған “Сызу” пәні бойынша білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарты арқылы берілді.
  1   2   3

Похожие:

Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвтореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Жалпы білім беретін мектептердің оқу орыс тілінде жүретін 1-4 сыныптарына арналған
Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвтореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2010

Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвтореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2010

Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2009 icon5 қосымша Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы «06» 08. 2009 ж
Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) Қазақстан Республикасы конститутциясы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі,...
Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвтореферат ғылыми жетекші педагогика ғылымдарының докторы, проф. С. Ж пірәлиев Қазақстан Республикасы Алматы 2010

Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвтореферат ы Қазақстан Республикасы Алматы, 2010
Түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеяларының қалыптасуы мен дамуы (IX-XII ғ.ғ.)
Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвтореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2010
Болашақ туризм мамандарын қазақ этнопедагогика материалдарын кәсіби іс-әрекетте пайдалануға даярлау
Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвтореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2010
Бастауыш сыныпта қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconДиссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
...
Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвтореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында орындалды
Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың теориялық және практикалық негіздері
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница