Орнықтырылған туынды қҰралдарды қайта анықтау




Скачать 50.42 Kb.
НазваниеОрнықтырылған туынды қҰралдарды қайта анықтау
Дата конвертации31.12.2012
Размер50.42 Kb.
ТипДокументы


(IFRIC) ХҚЕСТК (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9

ОРНЫҚТЫРЫЛҒАН ТУЫНДЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚАЙТА АНЫҚТАУ


СІЛТЕМЕЛЕР__________________________________________________________________

  • IAS 39 Қаржы құралдары: тану және бағалау

  • IFRS 1 Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын бастапқы қолдану

  • IFRS 3 Бизнес бірлестіктері

БАСТАПҚЫ АҚПАРАТ ________________________________________________________


  1. 39 (IAS) ХҚЕС-ының 10 тармағында бекітілген туынды құрал ретінде «құрамына туынды емес негізгі келісімшарты да кіретін – нәтижесінде біріктірілген құралдың ақша қозғалыстарының кейбірі автономды туынды құралға ұқсас болып өзгеруіне алып келетін аралас (біріктірілген) құралдың компоненті» - деп сипатталған.

  2. 39 (IAS) ХҚЕС-ының 11 тармағында орнықтырылған туынды құралды, негізгі келісімшарттан бөлектеуді және туынды ретінде, төмендегі шарттар сақталғанда, және тек сонда ғана, есепке алуды талап етіледі:

    1. орнықтырылған туынды құралдың экономикалық сипаттамалары және тәуекелдіктері негізгі келісімшарттың экономикалық сипаттамалары және тәуекелдіктерімен тығыз байланысты емес;

    2. туынды құрал анықтамасына сай келетін орнықтырылған туынды құралдың шарттарымен бірдей шарттары бар жеке құрал; және

    3. аралас (біріктірілген) құрал, пайда немесе шығын арқылы танылған әділ құнының өзгерістерімен бірге әділ құны бойынша бағаланбаған (яғни, қаржылық активке немесе қаржылық міндеттемеге әділ құны бойынша пайда немесе шығын арқылы орнықтырылған туынды бөлектенбейді).

ҚОЛДАНУ АЯСЫ______________________________________________________________


  1. Төмендегі 4 және 5 тармақтарға сәйкес, осы Түсіндірме 39 (IAS) ХҚЕС-ының шегіндегі барлық орнықтырылған туынды құралдарға қолданылады.

  2. Осы Түсіндірме орнықтырылған туынды құралдарды қайта бағалаудан туындайтын қайта бағалау мәселелерін қарастырмайды.

  3. Осы Түсіндірме келісімшартты орнықтырылған туынды құралдарды қарастырмайд:

(а) бизнес бірлестіктерде (2008 жылғы редакция) 3 (IFRS) ХҚЕС берілгендей));

(b) 3 (IFRS) ХҚЕС-тің B1–B4 тармақтарында үсынылғандай бірегей басқару негізінде ұйымдар немесе бизнес бірлестіктерінде (2008 жылғы редакция); немесе

(c) Бірлескен Ұйымдардағы Үлестер 31 (IAS) ХҚЕС-ында берілгендей бірлескен ұйым құруда немесе оларды алу күнінде мүмкін қайта бағалауда.

_________________________

3 (IFRS) ХҚЕС (2008 жылғы редакция) келісімшарттардың жүзеге асырылуын бизнес бірлестіктерінде орнықтырылған туынды құралдармен қарастырады.

МӘСЕЛЕЛЕР___________________________________________________________________


  1. 39 (IAS) ХҚЕС ұйымның, ол бірінші рет келісімшарттың тарабына айналғанда, келісімшарттағы орнықтырылған туынды құралдарды негізгі келісімшарттан бөлектеу қажеттілігін және осы Стандарт бойынша, туынды құралдар ретінде есепке алынуын анықтауды талап етеді. Осы Түсіндірме, төмендегі мәселелерді қарастырады:

    1. 39 (IAS) ХҚЕС осындай анықтаудың тек ұйым бірінші рет келісімшарт тарабына айналғанда ғана жасалуын талап ете ме, немесе осы анықтау келісімнің пайдалану мерзімі ішінде танылуы тиіс пе?

    2. Стандарттарды бірінші рет қолданушы анықтауларды ұйым бірінші рет келісімшарт тарабына айналғанда орын алған жағдайлардың негізінде жасауы тиіс пе, немесе ұйым ХҚЕС-тарын бірінші рет қолданғанда басымдылық көрсеткен жағдайларға негіздеуі тиіс пе?

КОНСЕНСУС___________________________________________________________________


  1. Ұйым келісімшарттағы келісуші жақ болып саналғанда қойылған туындының көптеген келіімшарттардан бөлініп шыққан жағдайда солайша қойылған туынды болып қалуына баға береді. Қойылған туындыларды қайта бағалауға мынадай жағдайларға дейін тыйым салынады: (a) келісімшартқа сай керекті ақша ағымын өзгертетін келісімшартта қойылған міндеттер өзгермейінше; (б)баға керек болған жағдайдағы қаржылық активтердің кіріс пен шығыс құны арқылы қайта тараптандырылуы. Ұйым болашақ ақшалай активтер мен қойылған туындылар бірігетін көлемді есепке ала отырып, ақшалай активтердің өзгеруін анықтайды. Келісімшарт пен көлемнің өзгеруі қайткен жағдайда да келісімшартта болжамды түрде көрсетілген ақшалай активтерге сай келеді.

7А. кірістер мен шығыстардың нағыз құны негізінде қаржылық активтерді қайта тараптандыру кезінде қойылған туындылар көптеген келісімшарттар арасынан анықталып, туынды деп саналуы тиіс. 7-тақырыпқа сай бағалау мынадай жағдайларда жүргізіледі:

(a) ұйым келісімшартта алғаш рет келісім жасаушы болған жағдайда;

(b) келісімшартта қойылған міндеттерінде болған өзгертулер ақшалай ағымдарды да біршама өзгертеді.

ХҚЕС 39 тарауының 11(c) тақырыбы қолданылмайды(яғни, гибридтық(біріккен) келісімшарт кіріс пен шығыста анықталған нақты бағадағы өзгертулермен бағаланбаса ). Ал егер ұйым баға бере алмаса гибридтық(біріккен) келісімшарт кіріс пен шығыстың жалпы құнында қайта тараптандырылуы керек.

  1. Стандарттарды бірінші рет қолданушы орнықтырылған туынды құралдың негізгі келісімшарттан бөлектеу қажеттілігін және туынды құралдар ретінде есепке алынуын оның бірінші рет келісімшарттың тарабына айналған күні мен 7 тармақ бойынша, қайта анықтау қажет болған күннің соңында, орын алған жағдайлардың негізінде анықтауы тиіс.

КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢІ ШАРТТАРЫ________________________

  1. Осы түсіндірмені ұйым 2006 жылдың 1 маусымында немесе бұдан кейінгі күннен басталатын жылдық кезеңдер ішінде қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер кәсіпорын, осы түсіндірмені 2006 жылдың 1 маусымына дейін басталатын мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс. Осы Түсіндірме ретроспективті түрде қолданылуы тиіс.

КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ ЕСЕПТІҢ ЖАҢА ТӘРТІБІНЕ ӨТУ

  1. Қойылған туындылар (ХҚЕС 39 және ХҚЕСТК 9 арналған өзгертулер) 2009 жылдың наурыз айында жарық көрген. 7 – тақырып өзгертілген және 7A- тақырып қосылған. Ұйым бұл өзгертулерді 2009 жылдың маусым айының 30-ыншы жұлдызына қолдану керек.

  2. 5- тармақ 2009 жылдың сәуірінде шығарылған IFRS ХҚЕС-тарына Жетілдірулермен өзгертілген. Ұйым бұл өзгертуді 2009 жылдың 1-ші шілдесінде немесе содан кейін басталытын жылдық мерзімдерге қатысты қолдануы тиіс. Егер де ұйым IFRS 3 ХҚЕС-н (2008 жылғы редакциясы) ертерек кезең үшін қолданатын болса, ол осы өзгертуді аталған ертерек мерзімге қатысты қолдану тиіс және осы фактіні ашып көрсетуі тиіс.

Тану және өлшеу

ҚоЙЫЛҒАН ТУЫНДЫЛАР

12. егер ұйымнан стандарт бойынша қойылған туындыны бөліп алуды талап етсе, ол кіріс пен шығыс негізінде жасалған гибридтық(біріккен) келісімшарттың нақты бағасын анықтау керек. Бірақ қолға алынған және кейінгі есеп беру кезеңінде қойылған туындыны жеке бағалау мүмкін емес. Сондай-ақ ұйым кіріс пен шығыс негізіндегі нақты баға арқылы гибридтық(біріккен) келісімшартты қайта тараптандыру кезінде қойылған туындыны жеке бағалай алмаса, қайта тараптандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұндай жағдайда гибридтық(біріккен) келісімшарт жалпы алғанда кіріс пен шығыс негізіндегі нақты баға сияқты жіктеледі.

EСЕПТІҢ ЖАҢА ТӘРТІБІНЕ ӨТУ

13. Ұйым 2009 жылы жарық көрген, маусым айының 30-ыншы жұлдызында дейін Қойылған Туынды енгізген өзгертулерді(ХҚЕС 39 және ХҚЕСТК 9 арналған өзгертулер), 12- тақырыпты қолдану керек.

___________

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-ына авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.




Похожие:

Орнықтырылған туынды қҰралдарды қайта анықтау iconҚондырылған туынды құралдарды қайта анықтау
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
Орнықтырылған туынды қҰралдарды қайта анықтау icon«Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі...
Орнықтырылған туынды қҰралдарды қайта анықтау icon«Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу...
Орнықтырылған туынды қҰралдарды қайта анықтау iconМатериалдық айналым құралдары қорларының өзгеруін есепке алу әдістемесі
«Статистикалық әдіснаманы және құралдарды жетілдіру» міндеті «Ұжш-де және сапалық статистика бойынша жаңа әдістемелерді әзірлеу және...
Орнықтырылған туынды қҰралдарды қайта анықтау iconЕкінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының базалық активтерін сатып алу тізбесін және тәртібін
...
Орнықтырылған туынды қҰралдарды қайта анықтау iconҚазақстан экономикасы
Сайып келгенде 80-ші жылдардағы қайта құру дегеніміз 1965ж. қайта құрудың жалғасы болып шықты, тек бұл қайта құру тереңдей түмті....
Орнықтырылған туынды қҰралдарды қайта анықтау iconҚмму ф 4/3-06/01 2007 ж. 14 маусымдағы
Тақырыбы: Антибиотиктер. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдылығын анықтау. Қан, зәр, тіннен антибиотиктерді анықтау
Орнықтырылған туынды қҰралдарды қайта анықтау iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс
Мақсаты: Организм үшін гипертермияның маңызын бағалау. Гипертермия кезінде жылу реттеудің қайта құрылу механизімін және гипертермияның...
Орнықтырылған туынды қҰралдарды қайта анықтау icon6М071700 – жылуэнергетика мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихандарының бағдарламасы «Жылумассаалмасу»
Жылу және электр ағындарының тәріздігі. Геометриялық кедергі мен жылуалмасу бетті анықтау. Жылуөткізгіштік еселеуішінің орташа мәнін...
Орнықтырылған туынды қҰралдарды қайта анықтау iconМұқашева, Ж. Бөкетов жайлы бөлек туынды [Текст] / Ж. Мұқашева // Орталық Қазақстан. 2008. 29 наурыз (№49-50)
Бөкетов жайлы бөлек туынды [Текст] / Ж. Мұқашева // Орталық Қазақстан. 2008. 29 наурыз (№49-50)
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница