Қондырылған туынды құралдарды қайта анықтау




Скачать 32.52 Kb.
НазваниеҚондырылған туынды құралдарды қайта анықтау
Дата конвертации31.12.2012
Размер32.52 Kb.
ТипДокументы
(IFRIC) ХҚЕСТК (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9

Қондырылған туынды құралдарды қайта анықтау


Сілтемелер_____________________________________________________________________

  • IAS 39 Қаржы құралдары: тану және бағалау

  • IFRS 1 Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын бастапқы қолдану

  • IFRS 3 Бизнес бірлестіктері

Бастапқы ақпарат______________________________________________________________


  1. 39 (IAS) ХҚЕС-ының 10 тармағында бекітілген туынды құрал ретінде «құрамына туынды емес негізгі келісімшарты да кіретін – нәтижесінде біріктірілген құралдың ақша қозғалыстарының кейбірі автономды туынды құралға ұқсас болып өзгеруіне алып келетін аралас (біріктірілген) құралдың компоненті» - деп сипатталған.

  2. 39 (IAS) ХҚЕС-ының 11 тармағында қондырылған туынды құралды, негізгі келісімшарттан бөлектеуді және туынды ретінде, төмендегі шарттар сақталғанда, және тек сонда ғана, есепке алуды талап етіледі:

    1. қондырылған туынды құралдың экономикалық сипаттамалары және тәуекелдері негізгі келісімшарттың экономикалық сипаттамалары және тәуекелдерімен тығыз байланысты емес;

    2. туынды құрал анықтамасына сай келетін қондырылған туынды құралдың шарттарымен бірдей шарттары бар жеке құрал; және

    3. аралас (біріктірілген) құрал, пайда немесе шығын арқылы танылған әділ құнының өзгерістерімен бірге әділ құны бойынша бағаланбаған (яғни, қаржылық активке немесе қаржылық міндеттемеге әділ құны бойынша пайда немесе шығын арқылы қондырылған туынды бөлектенбейді).

Қолдану аясы___________________________________________________________________


  1. Төмендегі 4 және 5 тармақтарға сәйкес, осы Түсіндірме 39 (IAS) ХҚЕС-ының шегіндегі барлық қондырылған туынды құралдарға қолданылады.

  2. Осы Түсіндірме қондырылған туынды құралдарды қайта бағалаудан туындайтын қайта бағалау мәселелерін қарастырмайды.

  3. Осы Түсіндірме ұйымдар бірігуінде қондырылған туынды құралдары бар келісімшартты алуды немесе олардың мүмкін болатын сатып алу күнінде қайта бағалануын қарастырмайды.1

Мәселелер______________________________________________________________________


  1. 39 (IAS) ХҚЕС ұйымның, ол бірінші рет келісімшарттың тарабына айналғанда, келісімшарттағы қондырылған туынды құралдарды негізгі келісімшарттан бөлектеу қажеттілігін және осы Стандарт бойынша, туынды құралдар ретінде есепке алынуын анықтауды талап етеді. Осы Түсіндірме, төмендегі мәселелерді қарастырады:

    1. 39 (IAS) ХҚЕС осындай анықтаудың тек ұйым бірінші рет келісімшарт тарабына айналғанда ғана жасалуын талап ете ме, немесе осы анықтау келісімнің пайдалану мерзімі ішінде танылуы тиіс пе?

    2. Стандарттарды бірінші рет қолданушы анықтауларды ұйым бірінші рет келісімшарт тарабына айналғанда орын алған жағдайлардың негізінде жасауы тиіс пе, немесе ұйым ХҚЕС-тарын бірінші рет қолданғанда басымдылық көрсеткен жағдайларға негіздеуі тиіс пе?

Консенсус_______________________________________________________________________


  1. Ұйым қондырылған туынды құралдың ретінде, ұйым бірінші келісімшарттың тарабына айналғанда, негізгі келісімшарттан бөлектеу қажеттілігін және туынды құралдар ретінде есепке алынуын анықтауы тиіс. Кейінгі қайта анықтауға егер келісімшарт бойынша талап етілетін келісімшарттың шарттарының ақша қозғалыстарын елеулі түрлендіретін өзгерісі болмаса тыйым салынады, бұндай өзгерістер болса, қайта анықтауға талап етіледі. Ұйым күтілетін болашақ ақша қозғалыстарының, қондырылған туынды құралмен байланысу дәрежесін ойластыру арқылы, осы ақша қоғалыстарының түрленуі елеулі ме екендігін, негізгі келісімшарт немесе екеуі де өзгерген-өзгермегендігін және осы өзгерістің келісімшарт бойынша алдыңғы күтілген ақша қозғалыстарымен салыстырғанда елеулі ме екендігін анықтайды.

  2. Стандарттарды бірінші рет қолданушы қондырылған туынды құралдың негізгі келісімшарттан бөлектеу қажеттілігін және туынды құралдар ретінде есепке алынуын оның бірінші рет келісімшарттың тарабына айналған күні мен 7 тармақ бойынша, қайта анықтау қажет болған күннің соңында, орын алған жағдайлардың негізінде анықтауы тиіс.

Күшіне ену күні және өтпелі кезеңі шарттары______________________________________

  1. Осы түсіндірмені ұйым 2006 жылдың 1 маусымында немесе бұдан кейінгі күннен басталатын жылдық кезеңдер ішінде қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер кәсіпорын, осы түсіндірмені 2006 жылдың 1 маусымына дейін басталатын мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс. Осы Түсіндірме ретроспективті түрде қолданылуы тиіс.

___________

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-ына авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.

1 3 (IFRS) ХҚЕС (2008 жылы қайта қаралған) ұйымдар бірігуінде қондырылған туынды құралдары бар келісімшарттарды алуды қарастырады.




Похожие:

Қондырылған туынды құралдарды қайта анықтау iconОрнықтырылған туынды қҰралдарды қайта анықтау
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
Қондырылған туынды құралдарды қайта анықтау icon«Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі...
Қондырылған туынды құралдарды қайта анықтау icon«Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу...
Қондырылған туынды құралдарды қайта анықтау iconМатериалдық айналым құралдары қорларының өзгеруін есепке алу әдістемесі
«Статистикалық әдіснаманы және құралдарды жетілдіру» міндеті «Ұжш-де және сапалық статистика бойынша жаңа әдістемелерді әзірлеу және...
Қондырылған туынды құралдарды қайта анықтау iconЕкінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының базалық активтерін сатып алу тізбесін және тәртібін
...
Қондырылған туынды құралдарды қайта анықтау iconҚазақстан экономикасы
Сайып келгенде 80-ші жылдардағы қайта құру дегеніміз 1965ж. қайта құрудың жалғасы болып шықты, тек бұл қайта құру тереңдей түмті....
Қондырылған туынды құралдарды қайта анықтау iconАҚ «атф банк» pos- терминал қондырылған сауда, сервис көрсету ұйымдарының тізімі

Қондырылған туынды құралдарды қайта анықтау iconАтырау к. "Альянс Банкі" АҚ филиалы pos-терминал қондырылған сауда, сервис көрсету ұйымдарының тізімі

Қондырылған туынды құралдарды қайта анықтау iconҚмму ф 4/3-06/01 2007 ж. 14 маусымдағы
Тақырыбы: Антибиотиктер. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдылығын анықтау. Қан, зәр, тіннен антибиотиктерді анықтау
Қондырылған туынды құралдарды қайта анықтау iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс
Мақсаты: Организм үшін гипертермияның маңызын бағалау. Гипертермия кезінде жылу реттеудің қайта құрылу механизімін және гипертермияның...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница