Филология факультеті қазақ тілі және қазақ Әдебиеті, ОРЫС тілі және әлем әдебиеті кафедралары




Скачать 90.97 Kb.
НазваниеФилология факультеті қазақ тілі және қазақ Әдебиеті, ОРЫС тілі және әлем әдебиеті кафедралары
Дата конвертации31.12.2012
Размер90.97 Kb.
ТипДокументы
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ, ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАЛАРЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Мектеп оқушылары арасынан өз елін, ұлтын сүйетін, тілін, әдебиетін, тарихын құрметтейтін, шығармашылық ой-өрісі жоғары, болашақта туған тілі мен әдебиетін мәдени мұраларды зерттеп қазақ елін әлемге танытатын «филолог» боламын деген дарынды жастарды анықтау, сонымен бірге жастарға қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті салалары арқылы өзара рухани баю, бір-бірімен араласу мүмкіндігін туғызу және еліміздің келешегі үшін филолог мамандығын насихаттау мақсатында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты (ОҚМПИ) 2012 жылы сәуір айының 21 күні қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша 11-сынып оқушылары арасында облыстық олимпиада өткізеді. Басталуы 9-00 да

Олимпиада екі кезеңнен тұрады:

І кезең - тест тапсырмаларын орындау

ІІ кезең шығарма жазу.

Олимпиадаға қатысушылардың өтініштері Олимпиаданың ұйымдастыру алқасына жазбаша түрде/факспен 8(7252)21-40-06 немесе jazira.ilesovna@mail.ru/ электрондық поштасына 2012 жылдың 19 сәуірінен кешіктірілмей, төмендегі нұсқада жіберіледі:


1. Ауданы, қаласы, мектептің, лицей-гимназияның аты, номері, мекен-жайы, байланыс телефоны.

2. Қатысушының аты-жөні, сыныбы, үйінің мекен-жайы, байланыс телефоны.

3. Пән мұғалімінің аты-жөні, байланыс телефоны.




Олимпиадаға қатысушылардың жол шығыны, түскі асы жіберуші жағынан қаржыландырылады. Олимпиаданы даярлау, өткізу шығындары, марапаттау өткізуші жоғары оқу орнының тарапынан қаржыландырылады.

Байқау жеңімпазы:

І орын – 2012-2013 оқу жылының төлемақысына 50 % жеңілдік.

ІІ, ІІІ орын – 2012-2013 оқу жылының төлемақысына 25 % жеңілдік

Байқауға қатысушыларды дайындаған оқытушыларға сертификаттар табысталады.

Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер қаралмайды. Олимпиаданың ережелері www. okmpi. kz сайтында көрсетілген.

Олимпиада Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының «А» ғимаратында өткізіледі. Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, А. Байтұрсынов көшесі 13.

Анықтаманы төмендегі байланыс телефондарынан алуға болады: Факс: 8(7252) 21-40-06 және Филология факультетінің деканы Айнабекова Т.А., тел. 87027468968, 87012310844, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Бегалиева Р.Н. тел. 87053725310, үй тел. 8/7252/ 54-00-77, орыс тілі және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Калгинбаева Ж.С. тел. 87013194873 E-mail: zhanar sakimbek@mail.ru.

БЕКlТЕМlН”

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

педагогикалық институтының

ректоры,п.ғ.д., профессор

О.Аяшев ________________

«_ _» ________2012ж.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының

Филология факультетінде өткізілетін ОҚО оқушыларының пәндік олимпиадасының ұйымдастырылу

ЕРЕЖЕСІ

  1. Олимпиаданың ұйымдастырылуы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультеті қазақ тілі және қазақ әдебиеті, орыс тілі және әлем әдебиеті кафедраларының негізінде ОҚО мектеп оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен Олимпиада өткізілгелі отыр. Олимпиаданы даярлау және өткізу үшін ұйымдастыру алқасы құрылды.

  1. Олимпиаданың мақсаты

Мектеп оқушылары арасынан өз елін, ұлтын сүйетін, тілін, әдебиетін, тарихын құрметтейтін, шығармашылық ой-өрісі жоғары, болашақта туған тілі мен әдебиетін мәдени мұраларды зерттеп қазақ елін әлемге танытатын «филолог» боламын деген дарынды жастарды анықтау, сонымен бірге жастарға қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті салалары арқылы өзара рухани баю, бір-бірімен араласу мүмкіндігін туғызу және еліміздің келешегі үшін филолог мамандығын насихаттау

  1. Жалпы ережелер

    1. Олимпиадаға Оңтүстік Қазақстан облысы аудандары мен қалаларының 10-11 сынып оқушылары қатыса алады

    2. Олимпиада жылда белгіленген мерзімде өткізіледі

4. Олимпиадаға басшылық жасау

    1. Олимпиадаға дайындық пен оны өткізу кафедра меңгерушісіне, олимпиаданы өткізуші оқытушыға жүктеліп, мектеп оқушыларының олимпиадасын өткізу кестесіне сәйкес институт ректоры бекітеді

4.2. Олимпиада өткізушінің міндеттері:

  • оқушылардың келуін ОҚО мектептеріне арнайы шақыру жіберу арқылы қамтамасыз етеді

  • олимпиадаға тікелей басшылықты және оны өткізуді Ережеге сәйкес қамтамасыз етеді

  • олимпиада үшін жоғары деңгейдегі күрделі тапсырмаларды іріктейді

  • олимпиада тапсырмаларының деңгейін келіседі

  • олимпиаданың өткізілу мерзімін анықтайды, олимпиада тапсырмалары жасалып, іріктеледі

  • мәтіндерді тексеру жөніндегі қазалар алқасы анықталады

  • бағалау бағамдары талқыға ұсынылады

  • пәндік олимпиадалардың қорытындыларын қазылар алқасы бірлесе шығарады

  • олимпиада қорытындылары жөніндегі ақпаратты дер кезінде хабарлайды


  1. Қазылар алқасының құрамы мен қызметі

    1. Қазылар алқасының құрамына кафедраның тәжірибелі оқытушылары кіреді

    2. Қазылар алқасының мүшелері жазбаша жұмыстар мен тест тапсырмаларын тексеріп, талдап, жеңімпаздарды анықтайды




  1. Олимпиаданы өткізудің тәртібі

    1. Олимпиада оқу кезінде немесе оқудан тыс мезгілде өтеді

    2. Олимпиадаға қатысушы әрбір оқушының тексеруден кейін өз жұмысымен танысуға құқығы бар

    3. Олимпиада екі кезеңнен тұрады:

  • 1-кезең. Тест тапсыру. Қазақ(орыс) тілінен – 25 сұрақ, қазақ(орыс) әдебиетінен – 25 сұрақ беріледі. Ең жоғарғы ұпай – 50 (1,5сағат), келесі турға өту үшін 35 ұпай.

  • 2-кезең. Шығарма (эссе) жазу, сөйлем талдау (өз шығармасы бойынша сөйлемге морфологиялық, синтаксистік талдау жасау). Ең жоғарғы ұпай – 50 (2сағат).

  1. Олимпиаданы өткізудің мерзімі

    1. Олимпиада 2012 жылы 21 сәуір күні институттың бас ғимаратының 221 дәрісханасында өткізіледі.

Олимпиаданың ашылуы – 9.00-9.30.

Бірінші кезең – 9.30-10.30

Екінші кезең – 11.30-14.30

Олимпиаданың қорытындысын шығару – 16.00-17.00

  1. Қорытындылау және марапаттау

    1. Пәндік олимпиада жеңімпаздары жинаған балдарының жоғарылығына байланысты анықталады.

    2. Жеңімпаздар дипломмен, грамоталармен марапатталады.

    3. Жоғары балды барлық талаптар бойынша жинаған жеңімпаздар «Жан-жақты жетілген және олимпиаданың жоғары дәрежеде өтуіне ат салысқаны үшін»

    4. Олимпиада жеңімпазы болған І орын иегеріне 2012-2013 оқу-жылының төлемақысына 50% жеңілдік, ІІ,ІІІ орын иегеріне 2012-2013 оқу жылының төлемақысына 25 % жеңілдік жасалады.

    5. Кейінгі оқу жылдары студенттің үлгерімі үздік болған жағдайда институт грантын иелену құқығына ие болады.

    6. Олимпиадаға қатысушыларды дайындаған оқытушыларға сертификаттар табысталады.



Ұйымдастыру алқасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ КАФЕДРАСЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қазақстан Республикасы тіл саясатын Жоғары оқу орындарына кезең-кезеңімен ендіру, оқушылардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру және елдің келешегі үшін ағылшын тілі мамандығын насихаттау мақсатында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты (ОҚМПИ) 2012 жылы сәуір айының 21 күні ағылшын тілі пәні бойынша 10-11-сынып оқушылары арасында облыстық олимпиада өткізеді.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады: І кезең - тест тапсырмаларын орындау

ІІ кезең ағылшын тілінде сұхбат

Олимпиадаға қатысушылардың өтініштері Олимпиаданың ұйымдастыру алқасына жазбаша түрде/факспен 8(7252)21-40-06 немесе dinaramutali@mail.ru электрондық поштасына 2012 жылдың 19 сәуірінен кешіктірілмей, төмендегі нұсқада жіберіледі:


1. Ауданы, қаласы, мектептің, лицей-гимназияның аты, номері, мекен-жайы, байланыс телефоны.

2. Қатысушының аты-жөні, сыныбы, үйінің мекен-жайы, байланыс телефоны.

3. Пән мұғалімінің аты-жөні, байланыс телефоны.




Олимпиадаға қатысушылардың жол шығыны, түскі асы жіберуші жағынан қаржыландырылады. Олимпиаданы даярлау, өткізу шығындары, марапаттау өткізуші жоғары оқу орнының тарапынан қаржыландырылады.

Байқау жеңімпазы:

І орын – 2012-2013 оқу жылының төлемақысына 50 % жеңілдік.

ІІ, ІІІ орын – 2012-2013 оқу жылының төлемақысына 25 % жеңілдік

Байқауға қатысушыларды дайындаған оқытушыларға сертификаттар табысталады.

Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер қаралмайды. Олимпиаданың ережелері www. okmpi. kz сайтында көрсетілген.

Олимпиада Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының «А» ғимаратында өткізіледі. Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі 13 (Ғ.Ілияев қиылысы),.

Анықтаманы төмендегі байланыс телефондарынан алуға болады: Факс: 8(7252) 21-40-06 және Филология факультетінің деканы Айнабекова Т.А., тел. 87027468968, 87012310544, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Шохахов И.С. тел. 87016057238, үй тел. 8/7252/ 50-10-36.



"Бекітемін"







Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының

ректоры, п.ғ.д., профессор

О.Аяшев




"............"....................................2012 ж.


Ағылшын тілі пәнінен оқушылар арасында өткізілетін облыстық Олимпиаданың

ЕРЕЖЕСІ

Олимпиаданың ұйымдастырылуы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты филология факультеті шетел тілдері кафедрасының негізінде мектеп оқушылары арасында ағылшын тілі пәнінен Олимпиада өткізіледі. Олимпиаданы даярлау және өткізу үшін ұйымдастыру алқасы құрылды.

Олимпиаданың мақсаты

Олимпиаданың басты мақсаты - мектеп оқушыларының арасынан ағылшын тілін жетік меңгерген, шығармашылық ой-өрісі жоғары, болашақта Қазақстан Республикасының көптілділік саясатын жүзеге асыра алатын дарынды балаларды іріктеу; шетел тілі: екі шетел тілі мамандығын таңдаған оқушылардың ағылшын тілі және әдебиеті саласы бойынша қызығушылығын арттыру.

Қатысушылар

Олимпиадаға Оңтүстік Қазақстан облысы аудандары мен қалаларының орта мектептерінің, лицей, гимназияларының шетел тілі: екі шетел тілі мамандығын және ҰБТ-да төртінші пән ретінде ағылшын тілі пәнін таңдаған 11-сынып оқушылары қатыса алады.

Мерзімі

Олимпиада 2012 жылы 21 сәуір күні өткізіледі.

Олимпиаданың ашылуы - 09.00-09.30

Бірінші тур - 10.00-11.00

Екінші тур - 11.30 –13.30

Олимпиаданың қорытындысын шығару - 15.00-16.00

Өтініш беру ережесі

Олимпиадаға қатысу өтініші жазбаша түрде/факспен 8(7252)21-40-06 немесе dinaramutali@mail.ru электрондық пошта арқылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыру алқасына 2012 жылдың 19-сәуірінен кешіктірілмей өткізілуі тиіс.

Өтініште қатысушының аты-жөні, фамилиясы, мектептің аты, нөмірі, мекен-жайы, телефоны, сонымен қатар пән оқытушысы туралы мәліметтер (аты-жөні, байланыс телефоны) енгізілуі қажет.

Қаржыландыру

Олимпиадаға қатысушылардың жол шығыны, түскі асы жіберуші жағынан қаржыландырылады.

Ағылшын тілі пәнінен оқушылар арасында облыстық Олимпиаданы өткізу ережесі

1-тур. Тест тапсыру. Ағылшын тілінен лексико-грамматикалық тапсырмалар – 40 сұрақ. Ең жоғары ұпай – 40 (1 сағат), келесі турға өту үшін 35 ұпай.

2-тур. Тыңдап түсіну бойынша тапсырмалар: ағылшын тілінде диалог түрінде сұхбат. Ең жоғары ұпай – 40 (2 сағат).

Марапаттау

1-орын иегері ОҚМПИ 5В011900 шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша 2012-2013 оқу жылының төлемақысынан 50 пайызға босатылады. Кейінгі оқу жылдары студенттің үлгерімі үздік болған жағдайда институт грантын иелену құқына ие болады.

2-3 орын иегерлері ОҚМПИ 5В011900 шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша 2012-2013 оқу жылының төлемақысынан 25 пайызға босатылады.

Институт профессор-оқытушылары олимпиадаға қатысушыларды

  • Ағылшын, неміс тілдері пәндерінен пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар жарысы бойынша тегін кеңестер алуға;

  • ОҚМПИ студенттерінің ғылыми конференциясына қатысып, ғылыми жұмыстары бойынша баяндамалар жасауға;

  • ғылыми жұмыстарына жетекшілік етуге шақырады.



Ұйымдастыру алқасы

Похожие:

Филология факультеті қазақ тілі және қазақ Әдебиеті, ОРЫС тілі және әлем әдебиеті кафедралары icon«6D020500 – филология» (Қазақ тілі мен әдебиеті) мамандығы бойынша докторантурағА Қабылдау емтиханының
Бағдарлама қазақ филологиясы, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедраларының мәжілісінде қаралды
Филология факультеті қазақ тілі және қазақ Әдебиеті, ОРЫС тілі және әлем әдебиеті кафедралары icon104 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Филология факультеті қазақ тілі және қазақ Әдебиеті, ОРЫС тілі және әлем әдебиеті кафедралары icon103 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Филология факультеті қазақ тілі және қазақ Әдебиеті, ОРЫС тілі және әлем әдебиеті кафедралары icon102 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Филология факультеті қазақ тілі және қазақ Әдебиеті, ОРЫС тілі және әлем әдебиеті кафедралары icon105 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Филология факультеті қазақ тілі және қазақ Әдебиеті, ОРЫС тілі және әлем әдебиеті кафедралары iconМагистратура
М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті ( қазақ әдебиеті траекториясы), 6М020500-Филология: Қазақ филологиясы (қазақ әдебиеттануы траекториясы)...
Филология факультеті қазақ тілі және қазақ Әдебиеті, ОРЫС тілі және әлем әдебиеті кафедралары icon6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 6М012100 – Қазақ тілін оқытпайтын мектепте қазақ тілі мен әдебиеті және
Грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық ұғымдардың бірлігі, арақатысы
Филология факультеті қазақ тілі және қазақ Әдебиеті, ОРЫС тілі және әлем әдебиеті кафедралары icon28. 08. 06 ж. Мектеп басшыларына!
Ескерту: Осындай үлгіде барлық пәндер бойынша қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын,неміс, химия,биология, география,...
Филология факультеті қазақ тілі және қазақ Әдебиеті, ОРЫС тілі және әлем әдебиеті кафедралары icon«Филология: Қазақ филологиясы. Қазақ тіл білімі», «Қазақ тілі мен әдебиеті: Қазақ тілі» траекториялары бойынша магистратураға түсушілерге арналған бағдарлама
«Филология: Қазақ филологиясы. Қазақ тіл білімі», «Қазақ тілі мен әдебиеті: Қазақ тілі» траекториялары бойынша магистратураға түсушілерге...
Филология факультеті қазақ тілі және қазақ Әдебиеті, ОРЫС тілі және әлем әдебиеті кафедралары iconОқытушы туралы мәлімет
Пререквизиттер – ХІХ ғ. қазақ әдебиеті пәніне қажетті пәндер: шетел әдебиеті, түркі халықтары әдебиеті, орыс әдебиеті, әдебиеттануға...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница